1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОКШЕТАУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ
УНИВЕРСИТЕТ имени Ш. Ш. УАЛИХАНОВА
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТ ИСТОРИИ
050114 «Тарих», «История»
Жалпы тарих және ПОӘ кафедрасы
Кафедра Всеобщей истории и МПД
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы
На тему : «1990 ЖЫЛДАРДАН КЕЙІНГІ БІРТҰТАС ЕВРОПАНЫҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ»
Орындаған Бердалин Нияз
Выполнил
Ғылыми жетекші :аға оқытушы Шаймерденова Ж. Қ.
Научный руководитель
Қорғауға жіберілді
Допускается к защите хаттама №6 12. 01. 09
Кафедра меңгерушісі т. ғ. к. Күшпаева А. Б.
Зав. кафедрой
КӨКШЕТАУ - 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БӨЛІМ 1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Кеңес Одағының әлсіреуі. Батыс елдерінің Еуропадағы жаңа саясаты . . . 6
- Еуропадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту жолдары және қоғамдық-саяси үрдістер . . . 13
ІІ БӨЛІМ ЕУРОПАДАҒЫ ДЕЗИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ, ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР
2. 1 Еуропадағы дезинтеграциялық үрдістер . . . 29
2. 2 Интеграциялық үрдістер. Біріккен Еуропаның құрылуы . . . 34
2. 3 Қазіргі біртұтас Еуропаның проблемалары мен қайшылықтары . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысымен жаңа мыңжылдықтың алғашқы онжылдығы жаңа Еуропаның қалыбын қалыптастырды. Еуропаның әлемдегі саяси рөлі мен экономикалық ықпалын арттыру жолында атқарған іс-шаралары мен Еуропаның беделін арттырып, даңқын асыру кезінде қолданылған тың тәсілдері, тәжірибелерін қолдану маңыздылығынан туындайды. Еуропаны гүлдендіру үшін оның экономикасын, әлеуметтік ахуалын арттыратын елдерді тарту, қаржылай көмек жасайтын донорларды дүниеге әкелу ісі, осыған орай бұрыннан келе жатқан ірі саяси және қоғамдық ұйымдардың рөлін арттырып, жаңадан осы заманға бейімделген тың қауымдастықтарды құру тәсілдері және осы ұйымдар арқылы қол жеткізілген жетістіктерді саралау. Атап айтар болсақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы, НАТО, Еуропалық Одақ сияқты ірі ұйымдардың құрылу мақсаты, олардың атқаратын міндеті мен функциялары жайлы мағлұматтар Еуропа елдерінің саясаты, оның даму үрдістері Қазақстан үшін де қазіргі таңда, әсіресе, біздің еліміз Еуропадағы ең сүбелі ұйымдардың бірі - Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымында төрағалық еткелі отырған шақта зерттеу өте маңызды.
Жұмыстың зерттелу деңгейі:
Осы тақырыпқа байланысты түрлі ақпарат агенттіктері мен газет-журналдарда жарияланған мақалалар, ғылыми зерттеулер зерделенді.
Белгілі орыс саясаттанушы ғалымы А. Игнтенконың «Либералды империя» атты еңбегінде Еуропадағы саяси құбылыстар және сондай-ақ Еуропа аумағындағы демократия принциптеріне сүйенген азаматтық қоғамның қалыптасуы кеңінен баяндалады. Тарих ғылымдарының докторы, профессор А. М. Родригес пен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Пономаревтің «ХХ ғасырдағы Еуропа мен Американың тарихы»туындысында Еуропа мен Солтүстік Америкадағы саяси жағдайлар жайлы толыққанды мағлұматтар беріліп өтеді. Әр елге тоқталып. Саяси құрылыстары, экономикалық ахуалы мейілінше ашып көрсетіледі. ХХ ғасыр соңындағы Еуропадағы либералды бағытты ұстанған саяси күштердің жеңіске жетулерін қорытындылай келе, Еуропадағы консерватизмнің тоқырау кезеңі басталды деген пікір айтылған. Әрине, бұл тұжырымдаманың шындыққа жанаса бермейтінін соңғы кездегі саяси оқиғалар айқындап берді. Бұның дәлелі- Германиядағы консервативтік ұстанымдағы христиан-демократиялық партиясының билікке келуі, Англиядағы лейбористердің парламенттегі саяси арасалмағының төмендеуі.
Ағылшын саясаттанушысы Хелфорд Макиндер «Геополитика» атты еңбегінде Еуропаның өткен уақытын саралай келе, интеграциялық жоспарлар жүзеге асқанның өзінде ол Америка Құрама Штаттарына белгілі бір дәрежеде саяси тәуелді болып қала беретінін жазады. Бұл еңбекте Еуропадағы державалардың саяси іс-қимылдары көрсетілген. Пекин университетінің профессоры, тарихшы Чзан Цзылян «Еуразиялық кеңістік және Қытай» деген еңбегінде Еуропаның әлемдік аренада Мәскеу және Пекинмен саяси бақталастығы жайында өз зерттеулерін жазады. ., Орта Азияны зерттеу орталығының сарапшысы, пәкстандық Имтияз Шах «Энергетикалық дағдарыс» деген айдармен «Шпигель»журналындағы мақаласында Еуропа Одағы мұнай қорларына бақылау орнату үшін Қытаймен және Америка Құрама Штаттарымен бәсекесі күшейеді деген пікір айтады, оны ол «әл- Жазира» телеарнасына берген сұхбатында да атап өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары тарататын күнделікті саяси оқиғалар, жоғарыда аталған авторлар, сондай-ақ белгілі саясаткер З. Бжезинский сынды басқа да тарихшылар мен сарапшылардың, саясаткерлердің әр кездердегі мәлімдемелері мен пайымдаулары мысалға келтірілді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: бұл жұмыстың негізгі мақсаты бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі дүниежүзілік интеграциялық үрдіске байланысты әлемдегі ұлы держава яғни, алпауыт мемлекеттердің бірі - Кеңес Одағы ықпалының әлсіреген шағында Батыс елдерінің Еуропада жүргізген саясаттары, сол кездегі жаңа саяси жүйенің белең алуы мен оның қалыптасу үрдісін, дамып, өрбуін қарастыру. Сондай-ақ Еуропадағы қоғамдық саяси үрдістердің жүзеге асырылған жолдарына, жалпы 1990 жылдан осы уақытқа дейін Еуропада болған тарихи және саяси өзгерістерге, жаңа шешімдерді қабылдау кезінде туған қайшылықтар мен кедергілерге талдау жасау.
Тақырыптың құндылығы : Жалпы адам құндылықтарын жоғары бағалайтын Еуропа елдерінің бүкіл әлемді үнемі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шақыратыны жасырын емес. Бұл ретте соңғы жылдары Орталық Азиядағы бейбітшілік пен келісімнің алтын бесігіне айналған Қазақстан республикасы жайлы еуропалықтар оң пікірде. Еуропа мен Азия елдері арасында алтын көпір болып отырған Қазақстанның саясатын Еуропаның көптеген елдері қолдап отыр.
Мәселен, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Ян Кубиш 2003 жылы 8 маусымда Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның Трансазиялық парламенттік форумында сөйлеген сөзінде:
«Мен Қазақстан Президентінің Азиядағы қауіпсіздіктің ұтымды жүйесі - АӨСШК мен ШЫҰ құру жөніндегі мәлімдемесін барынша сындарлы бағалаймын. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Осындай жұмыс жүргізу ниеті мен ЕҚЫҰ-ның тарапынан түсіп жатқан ұсыныстарды қабылдауға ықыластылық-жақсылық нышаны». - деді[8] .
Қазақстан Президентінің өлім жазасына мараторий енгізу жөніндегі шешімі елдегі адам құқығын қорғау ісінде жасалған елеулі ілгері қадам, өлім жазасынан жаппай бас тартуға қосылған маңызды үлес болып табылады. Өлім жазасынан бас тарту адамның қадір-қасиетінің құндылығын арттыруға және адам құқығын біртіндеп дамытуға жәрдемдеседі.
Еуропалық Одақ пен Қазақстанның алдағы ынтымақтастығының келешегі өте жақсы. Мұның өзі, ең алдымен, Қазақстан экономикасының қауырт өсуімен байланысты. Біз бүгін Еуропалық Одақ пен Қазақстанның серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімінің шеңберінде кез келген мәселені ашықтан-ашық талқылай алатынымызды барынша бағалаймыз. Біздің бір-бірімізді сынауға, ашық пікір сайысын жүргізуге мүмкіндігіміз бар. Біз өзіміздің ынтымақтастығымыз бен байланыстарымызды кеңейту үшін әлі де көп мүмкіндіктеріміз бар деп санаймыз. Бұл ынтымақтастық соңғы жылдары таңданарлықтай даму қарқынын көрсетіп отырған Қазақстан экономикасының өсуіне қарай нығая беретін болады. Еуроодақ республиканың осы ұйымға кіруін барынша қолдайды және мәселе бойынша көмек көрсетудің қосымша бағдарламаларын беруге әзір екендігі мәлімделді. [8]
Еуроодақ-дамыған мемлекеттердің одағы. Еуроодақ дегеніміз - адамның азаматтық құқығы қорғалатын, кәсіпкерлікке жол ашылған, еркіндік пен бостандыққа шектеу қойылмайтын, азаматтардың қауіпсіздігі жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген өркениеттің, толеранттықтың ошағы.
Жұмыстың тәжірбиелік маңызы: тарих пәндерінен сабақ беру үрдісінде бұл ғылыми жұмыстың тәжірбиелік маңызы қазіргі заман талабына сай оқыту туралы ақпарат бергендіктен мұғалімдерге өте үлкен көмекші құралы болады. Саяси құбылыстар, геосаяси жайттар еңбекті жазу барысында сараланып, ой елегінен өткізілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы- кіріспеден және екі бөлімнен, қорытындыдан құралады. Соңында сілтеме жасала отырып, пайдаланылған ғылыми еңбектер тізімі берілген. Зерттеу барысында сипаттама, тарихи-салыстырмалы және талдау- жинақтау әдістері қолданылды.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, маңыздылығы, зерттеу деңгейлігі, мақсат, міндеттері қарастырылған.
Бірінші тарауда Шығыс Еуропадағы социалистік жүйенің күйреуі, бұл аймақта демократияның салтанат құруы баяндалады. Еуроплық Одақтың шығысқа кеңейюі және одақтың даму процесі, Еуропадағы ХХ ғасырдың 90 жылдары орын алған хал-ахуал жайлы айтылады.
Екінші тарауда Еуропадағы дезинтеграциялық және интеграциялық үрдістер туралы ойлар ортаға салынды. Бұл тарауда біріккен Еуропаның құрылуы және қазіргі біртұтас Еуропаның проблемалары мен қайшылықтары сараланды. Бұл ретте айтылған ойлар мен пікірлер салыстырмалы түрде келтіріліп отырды. бағалау беріледі.
Қорытынды бөлімі осы жұмыстың зерттеулерінің нәтижесіндегі жасалған қорытындылармен аяқталады.
І БӨЛІМ. 1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
- Кеңес Одағының әлсіреуі. Батыс елдерінің Еуропадағы жаңа саясаты
1985 жылы Кеңес Одағында билікке келген Михаил Горбачев өзінің «Қайта құру» деп атаған экономика мен саяси өмірдегі реформаларды жүзеге асыра бастады. Коммунистік партияның сьезінде демократияландыру бағыты жарияланды. Осындай жағдайларда Шығыс Еуропада да демократия үшін қозғалыстар өрістеді. Румынияда - Чаушеску, Шығыс Германияда - Эрик Хоннекердің жеке дара билік режимі орнаған еді. Шығыс Германияда «штази» барлау қызметі көп жылдар бойы әлемдегі ең таңдаулы қауіпсіздік қызметтерінің бірі болып есептеліп келді. Шығыс Германиядан Батыс Германияға халықтың қашуы күшейді. Социалистік жүйелердің құрдымға апаратынын әшкерелеуде Лех Валенса бастаған Польшадағы және Воцлав Гавел бастаған Чехословакиядағы демократиялық қозғалыстар көзге түсті. Социалистік елдер құрған «Экономикалық өзара көмек Кеңесі» ұйымы көп ұзамай өмір сүруін тоқтатты. ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында мұнай бағасының құлдырауы Кеңес Одағының экономикасына ауыр соққы болып тиді. Себебі мұнайдан түскен табыс тиімсіз социалистік құрылыстың негізгі сүйеніші еді[4. 14-15] . Шығыс Еуропа елдерінде де әкімшіл-әміршіл режимдерге қарсы наразылықтар өсті. Экономикадағы хал-ахуал да мәз емес еді. Социалистік жүйелердің экономикасы тек Кеңес Одағынан келетін арзан мұнайы мен газдың, металдың есебінен ғана ұсталынып тұрды. Бірақ бұл жағдайда да тұрақтылықтың созыла берілуі мүмкін емес болатын. Ең алдымен дағдарыс Польшаны шарпып, кейін барша Шығыс Еуропа аумағына тарады.
Кеңес Одағындағы экономикалық дағдарыстың күшеюіне байланысты оның Еуропадағы ықпалы да әлсірей берді. Есесіне, Шығыс Еуропада Америка Құрама Штаттары мен Батыс Еуропалық державалардың ықпалы өсе берді. Батыстық ұйымдар Шығыс Еуропадағы демократиялық үрдістерге қолдау көрсетіп, бұл аймақтағы социалистік жүйелердің күйреуін тездетті. Бұл істе әсіресе Америка Құрама Штаттарының Орталық барлау басқармасы өзіне тән түрде белсенділік танытты. Кеңес Одағы Шығыс Еуропаға ықпал жүргізу түгілі, өзінің ішкі қиыншылықтарымен арпалысуда еді. Михаил Горбачев тұсында Кеңес Одағы Батыс Еуропадан 100 миллиард американ доллары көлемінде қарыз алып, іс жүзінде батыстық қаржы институттарына тәуелділікке түсті. Сонымен қатар, Шығыс Еуропадағы мемлекеттер де батыс қаржы орталықтары мен «Еуропалық қайта құру және даму банкінен», «Халықаралық валюта Қорынан» мол көлемде несие алып, қаржылық саясатында да батыспен жақындаса түсті. Ал бұл кезде Еуропаның шығыс бөлігінде демократиялық процестер жүріп жатты. Кеңес Одағымен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарусыздану мәселесіне қатысты Рейкьявиктегі келісімі және сондай-ақ, Германия Федеративті Республикасымен келіссөздер нәтижесінде Еуропадағы саяси хал-ахуал жақсара түсті[6. 3] . Вашингтон мен Мәскеу ядролық қаруларын қысқарту жайлы келісті. 1985 жылы Шығыс Германия, Венгрия, Чехословакия аумағында Кеңес Одағы әскерлері тұрды. Батыс Еуропада 500 мың адамдық американ әскерлері орналасқан еді. Кеңес Одағының социалистік елдердің әскери ұйымы болып табылатын «Варшава Шарты Ұйымына» кіретін мемлекеттердің аумағына ядролық қару орналастырғаны жөнінде деректер жоқ. Америка Құрама Штаттары Батыс Германия, Италия, Испания, Ұлыбритания территорияларына өзінің ядролық қаруын орналастырды. Жерорта теңізінде Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз флотының «Трайдент» атом сүңгуір қайықтары, ірі әскери кемелері жүзіп жүрді[3. 92] . Жанталаса қарулану барысында Кеңес Одағы экономикалық дағдарысқа ұрынды. Ел бюджетінің үлкен бөлігі қарулануға жұмсалды. Өндіріс орындары тиімсіз жұмыс істеп жатты. Әкімшіл-әміршіл жүйемен жоспарланған экономика шынайы нарықтағы жағдайды көп ретте ескерусіз қалдырып жатты. Осындай жайттар Шығыс Еуропалық мемлекеттерде де орын алып тұрған уақытта дағдарыстың күшейе түсуі табиғи заңдылық еді.
1988-89 жылдар аралығында «Барқыт төңкерістері» деп аталған жалпыхалықтық төңкерістер нәтижесінде Шығыс Еуропадағы социалистік режимдер күйретілді. Шығыс Германиядағы «Берлин қабырғасы» қиратылды. Кеңес Одағымен келіссөздерден кейін Германияның бірігуі жүзеге асырылды. Кеңес әскерлері 1990 жылдың аяғына қарай Шығыс Еуропалық мемлекеттердің аумағынан шығарылды. Шығыс Еуропада сөйтіп, демократия салтанат құрған уақыт еді бұл жылдар. Осы жағдайға байланысты ол аймақта нарықтық экономикаға көше салысымен батыстық елдердегідей тұрмыстық жағдайымыз тез көтеріледі деген сенім үстемдік құрған еді. Бұл жағдайда жалпыеуропалық демократиялық эйфория белең алды. Алайда бұдан кейін олар экономикалық жағынан қиыншылықтарға ұшырады. Бұрынғыдай Кеңес Одағынан алынып келген табиғи қазба байлықтар тасқыны күрт тиылды. Шығыс Еуропалық өндірістік бұйымдар әлемдік нарықтағы бәсекеге төтеп бере алмайтын еді. Оларды бұрын тұтынып келген Кеңес Одағы аумағында енді батыс елдерінің бұйымдарына сұраныс артты[10. 27-28] . Батыстық үлгідегі қаруға көшу барысында Польша өзінің әскери өндірісінен айырылды. Миллиондаған адам жұмыс іздеп, батыс елдеріне кетті. Тек 1995 жылдан ғана экономикадағы жағдай реттеле бастады. Кеңес Одағының күйреуі нәтижесінде Америка Құрама Штаттары әлемдегі ең мықты елге айналды. Вашингтон дүниежүзінде жеке үстемдік құрсам деген Вудро Вильсон заманынан келе жатқан, бірақ толыққанды орындай алмаған амбицияларына жетті. Американдықтар енді ешқандай мемлекеттің пікірімен санаспай, не істеймін десе де орындай алатын болды[4. 102] .
Ресейде әлеуметтік-саяси аласапыран заман басталып, әлемдік держава болудан қалды. Батыс Еуропаның үрейін ұшырып, Америка Құрама Штаттарының қанатының астында болуға итермелеген «Кеңестік әскери қауіп» келмеске кетті. Еуропалық ірі державалар - Германия, Италия, Франция американдықтарға қарамай, дербес сыртқы саясат жүргізуге көшті[1. 67] .
Осы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы жоғарыда көрсетілген тарихи оқиғалардың нәтижесі ретінде 1990 жылы Гельмут Коль мен Михаил Горбачевтің жүргізген келіссөздерден кейін Кеңес Одағы Германияның бірігу фактісімен келісті. Германия өз армиясын үш жүз мыңнан асырмауға міндеттеме алды. Шығыс Германияның құлдыраған өндіріс орындарына батыс германдық және француз инвестициялары салынды. Сөйтіп жарты ғасырдан астам уақыттан соң Германия қайта бірікті[10. 66] .
Шығыс Еуропада коммунистік режимдердің күйреуінен кейін көп ұзамай бірден бір федерация негізінде құрылған Чехословакия мен Югославия территорияларында жаппай тәртіпсіздіктер мен заң бұзушылық, орталық өкіметке бағынбау секілді әрекеттер орын алды. Молдовада негізінен славяндар қоныстанған Днестр жағалауында Кишиневке бағынбайтын жеке мемлекеттік құрылым пайда болды. Днестр жағалауы өлкесінің басшысы Смирнов пен Кишинев Үкіметі арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталды. 1992 жылы Днестр өлкесіне Молдова әскерлері және Кишиневке одақтас Румыния әскерлері басып кірді. Олар аз уақытта Днестр жағалауының орталығы болып табылатын Тирасполь қаласына кірді. Осы уақытта бауырластарын қорғау, бітімгершілік күштер деген мандатпен Ресейдің 52-ші армиясы Днестр жағалауына аттандырылды. Орыс әскерлерін кейін белгілі саясаткер болған генерал Александр Лебедь басқарды. Тираспольге шабуыл жасаған румын және молдова әскерлерінің алғы шептеріне орыстар зымыранмен атқылап оларды шегінуге мәжбүр етті. Қайта шабуылға шығуға әрекеттенген румындардың соғыс жоспарларын сезіп қалған Александр Лебедь егер олар соғыс қимылдарын қайта жандандыратын болса, Ресей әскері «Таңғы асты Кишиневте, кешкі асын Бухаресте ішетін болады»-деп бейресми түрде мәлімдеген еді. Осындай жағдайларда Молдова мен Румыния соғыс қимылдарын тоқтатуға мәжбүр болды. Келіссөздер ешбір нәтижеге жеткізбеді. [15. 68-70] 90 жылдардың бас кезінде Югославиядағы жағдай ушықты. Босния мен Герцеговинада Босниялық мұсылмандар мен сербтердің соғысы басталып кетті. Тәуелсіздігін жариялаған Босния территориясындағы сербтер Сараевоға бағынудан бас тартты. Серб анклавтары өзерінің Президенті қылып серб әсіре ұлтшыл Радован Караджичті сайлады. Серб генералы Радко Младичтің басшылығымен серб жасақтары Босниядағы мұсылмандарды қырғынға ұшыратты. Оларға Сербия әскери көмек көрсетіп, Босниядағы сербтерді жаппай қаруландыра бастады. Сербияны қолдаған тек Ресей ғана болды. Босниядағы босқындарға көмек беру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық іс-шаралар ұйымдастырды.
1995 жылы американ қаруымен жақсылап қаруланған Хорват әскері Босниядағы серб анклавтарына қатты соққы берді. Американдықтар қолбасшылық жасаған хорват әскерлері бір аптаның ішінде Радко Младичтің жасақтарын қирата жеңді. Сербия мемлекеті Хорватияға ашық соғыс ашуға жүректері дауаламады, өйткені бұл қадам сөз жоқ, Америка Құрама Штаттарымен соғысқа әкелетін еді. Босниядан мыңдаған сербтер босып кетті. Боснияға Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық Одақ әскерлері орналастырылды. Осы кезде серб провинциясы - Косовода албандардың толқулары басталды. Косово серб провинциясы болғанымен негізгі халқы- албандар еді. Олар Косовоның тәуелсіздігі жайлы мәселе көтерді. 1996 жылы серб әскерлері Косовода жазалау іс-шараларын бастады. Сербтер де, албандар да бір-бірлеріне аяусыз қаталдық көрсетті. Сербия президенті Слободан Милошевичтің бұйрығымен серб әскерлері албандарды қырып, ел территориясынан қууға кірісті. Бұл жағдай Біріккен Ұлттар Ұйымының, сондай-ақ жалпыеуропалық ұйымдардың ерекше назарын аудартты. 1999 жылы Солтүстік Атлантика ұйымы Сербияға әскери соққы беру операциясын бастады. Жерорта теңізіндегі америкалық теңіз күштері ауыр соққылар берді. Американдықтар Сербияға қарсы өзінің қаһарлы қаруы-«Стелс» ұшақтарын, «Томагавк» қанатты баллистикалық зымырандарын кеңінен пайдаланды. Әуеден берілген соққылардан соң Белград тізе бүгуге мәжбүр болды[14. 87-90] . Сол уақыттан Сербия іс жүзінде Косоводан айырылды. Косовада Ибрагим Ругова басқарған үкіметті Еуропалық Одақ Косово Үкіметі ретінде таныды. Ал Слободан Милошевич қолға түсіп, Гаагадағы Халықаралық трибуналда жауапқа тартылды. Бұл оқиғалар Ресейдің наразылығын туғызып жатты. Ресейдегі экономикалық дағдарыстардың туындағанын пайдаланып, Америка Құрама Штаттары онымен санасуды қойды. Ресейде 1996 жылы Президент сайлауынан кейін, іс жүзінде Борис Березовский бастаған олигархтардың билігі орнады. Ресейде билік қылмыстық топтармен етене араласып кетті. Шешенстандағы соғыс тұсында жүз мыңнан аса адам опат болды. Орыс әскерлері үлкен шығындарға ұшырады. Джохар Дудаев бастаған шешендер 1996 жылғы Хасавюрт келісімінен кейін іс жүзінде тәуелсіздікке жеткен болатын. Шешенстандағы соғыстағы сәтсіздік Ресей басшысы Борис Ельциннің беделін түсірді. Американдық белгілі саясаттанушы, Джимми Картердің әкімшілігінде жұмыс істеген Збигнев Бжезинский «Бүгінгі таңда Ресейден гөрі Швейцарияның беделі көп»-деп жазған еді сол кезде[16] .
Ресей мен Украина арасында Қара теңізге және оның флотына байланысты кикілжіңдер жиі шиеленістерге әкелді. Украина Қара теңіз Флотын Ресейдің бөліспейтініне көзі жеткен соң, орыс флотын Севастопольден әкеті талабын қойды. Ресей билік орындары бұл талаптарды қабылдамай тастады. Украина осы жылдары ірі қару экспортшысына айналды. Кеңестік кезеңнен қалған зымыран қондырғыларын, ұшақтарды Қытайға және Африка мемлекеттеріне сатып жатты. Тіпті, олар Саддам Хусейнге де қару сатқаны белгілі болды. Ресей қару сатуда Америка Құрама Штаттарын басып озды. Қытай орыс қаруының арқасында өз армиясының қару-жарағын модернизациялауды жүзеге асырды. Қару жеткізіп беруде орыс кәсіпкері Бут көзге түсті[20] .
90-шы жылдардың соңына қарай Еуропаның саяси картасында Югославия, Чехословакия секілді федеративтік мемлекеттер тарих сахнасынан шығып қалды. Олардың орнында Хорватия, Словакия, Босния, Македония, Словения сынды мемлекеттер пайда болды. Балтық жағалауындағы Литва, Латвия, Эстония жалпыеуропалық интеграция үрдістеріне араласты. Ұлыбританияның Еуропадағы саяси салмағы төмендеді. Есесіне, еуропалық интеграциялық іс-шараларда Германияның беделі өсті. Германия мен Франция Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттері. Германия мен Франция Босниядағы операцияларға белсене араласты. 1998 жылы орыс-шешен соғысы қайта басталды. Ресейде саяси аренаға Владимир Путин шығып, 2000 жылғы Ресейдегі Президент сайлауында жеңіске жетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz