Шаруашылықтың топырақты-климаттық жағдайы. Астықжан ЖШС-нің қызмет нәтижелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстанның өзгеше топырақты климат жағдайы және географиялық орналасуына қарай жайылып жатқан кең аймағында ауылшаруашылық дәнді-дақылдардың аса құнды сорттарын өндіруге мүмкіндігі бар.
Дәнді-дақылды шаруашылық - тұрғындарды азық-түлікпен, мал шаруашылығын - азықпен, өндірісті - шикізатпен қамтамасыз ететін жер шаруашылығының басты саласы. Сондықтан дәнді-дақыл өндірудің одан әрі ілгері басуы - Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығын жетілдірудің негізгі мәселесі болып табылады.
Соңғы екі жылда қараусыз қалған егістік алқаптарының артуына байланысты шегірткелер санының артуы ерекше сақтануды туғызады. Бірақ, қазіргі ауылшаруашылық өндірістің барлық теріс жақтарына қарамастан шаруалар дәнді-дақылдарды өндірумен айналысып келеді.
Нарықтық экономика, егістік алқаптарының азаюы, бұрынғы совхоздар мен колхоздар базасында тыңайтқыштардың және өсімдіктерді қорғау құралдарының қымбатшылығы кезеңдерінде бидай дәнді-дақылдарын сатып алумен (нарықтық) өздері айналысатын ірі ассоциациялар, ұсақ шаруалар және фермерлік шаруашылықтар ұйымдастырылды.
Біздің елімізде астық өнімділігін арттырудың сан жағынан көбею жолы әлдеқашан қарқынды технологияға орын берді, бірақ жоғарыда тізілген факторлар аталған технология бойынша ауылшаруашылық дәнді-дақылдарды өндіруді кешеуілдетеді. Ендеше, аз меңгерілген, бірақ зерттеліп жатқан бір жол бар - ол жоғары репродуктылы және жаңа сортты тұқымды дәстүрлі емес тыңайтқыштар түрін қолдану арқылы қысқартылған ауыспалы жиынтықты дәнді-дақылдарды егу болып табылады.
Соңғы жылдары біздің дәнді-дақылдық өндірісте тиімді өзгерістер пайда болды. Диқаншылар тұрақты астық алудың тиімді жолдарына қол жеткізді және толықтай ішкі нарықтық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде. Табиғаттың құбылуына қарамастан, еліміз жыл сайын экспортқа бес миллион тонна шамасында астық қояды. Енді, ВТО-ға кіруді жоспарлау есебінен қатаң бәсекелестік жағдайындағы жұмысқа дайындалу қажет. Бәсекелестікке қабілетті астықты өндіру мәселесіне соңғы жылдары ғана ерекше назар аударыла бастады. Бірі буды арттыру жолымен, басқасы бумен өңдеуді гербицидтермен алмастырды, үшіншісі жоғары өнімді техниканы пайдалануды дұрыс деп тапты [2] .
Жасалынған зерттеулердің нәтижесі астықты күтіп-баптаудың нөлдік және минималды нөлдік технологиясының артықшылығын көрсетті. Сондықтан арамшөптермен тиімді күрес тек механикалық өңдеулердің көмегімен ғана емес, олардың химиялық бөліктерін және толықтай алмастыру жүргізіледі. Қазақстанның көп ғалымдарының пікірі бойынша, егіншіліктегі экологиялық маңызы қолайсыз салдарды жете бағаламау пайдаланылған топырақ сапасының айтарлықтай нашарлауына, ондағы қарашірік мөлшерінің 20-30 %-ға төмендеуіне, агрохимиялық және агрофизикалық жағдайының нашарлауына, аса тығыздануына, эрозияның өршуіне, сондай-ақ шектес аймақтардағы тұтастай топырақ экологиясының бұзылуына және де ең маңыздысы егістіктердің арамшөппен ластануына әкеп соқтырды [3] . Жоғары дәрежелі астық алу үшін қажетті жағдайларды жасау қажет. Бұл әдістер Солтүстік Қазақстан аймағы шаруашылығында сынаудан өтіп, оң нәтижелер берді. Дегенмен топырақты нөлдік және ең аз мөлшерін өңдеу әзірше кең қанат жайған жоқ. Былтырғы жылғы қатты құрғақшылық жағдайында олар біршама тиімді болып шықты. Біздің осы жылдардағы тәжірибе интенсивті, егу технологиялары кезінде жазғы егістік бидайы мен арпаны өсіруде тек жеті жылда бір рет топыраққа гербицидтер енгізу қажет екендігін көрсетті. Сондықтан осыдан он жыл бұрын интенсивті технологияның құны гектарына 120-150 долларды құраса, ал қазір, оның көп жылдық қолдануына шамасына қарай 90-110доллардан аспайды.
Демек, көп жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесі астық өндірісінің жағдайын ғылыми-негізді интенсивті технологияға көшу арқылы ғана өзгертуге болатынын көрсетті. Жаңа технологияны меңгеру астықты өндірісті дамытуда сапалы серпіліс үшін нақты жағдайлар жасайды. Егер үш-төрт жыл бұрын көптеген шаруашылықтар жоғары өндірісті техниканы сатып алу мүмкіндіктері болмаса және жоғарғы жер шаруашылығы туралы ойламаса, ал қазір олар біршама мықты тракторлар, егістік жиынтықтарын, комбайндар сатып алады.
Шаруашылықты жүргізудің озық әдістеріне масштабты көшу бүгінгі күннің шындығын ескере отыра ойластырлып, кезең-кезеңмен өтуі қажет. Жыртылған жерді пайдалану құрылымында түбегейлі өзгерістерді осы және басқа өндірісті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырусыз енгізу мүмкін емес. Нарықтық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезінде дәстүрлі түрде дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенеміз.
Арпа дәнді-дақылдардың түрлі сорттарын әртараптандыру жолдарына «жарма-сыра» схемасы бойынша әр жақты қолдануға болатын сорттарын шығару жатады.
Қазақстандық астыққа деген ішкі сұраныс бойынша (бидай, арпа) алдымен БҰҰ елдерінің қажеттілік сұранысы қызығушылық тудыруда, өйткені олар еліміз үшін негізгі нарықтық өткізу көзі болып қала береді. Қазақстандық астықтың экспортына белгілі бір қызығушылықты Орта Азия мемлекеттері, ЕЭС елдері танытып отыр.
1992 жылдан бастап және осы уақытқа дейін қоғамдық формациядан дербестікке көшу арқылы Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық өндірісінде кенеттен малдың басы төмендеді, соның салдарынан арпа, сұлы секілді мал азығы дақылдарының алқабы азая бастады.
Қазіргі кездегі көптеген ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін жеке шаруашылықтар мал азығы дақылдарын сатып алушылардың болмауына байланысты арпа дақылдарын өндірумен айналыспайды.
Дегенмен ауылшаруашылығы өндірісінің маңызды бір саласы ретінде мал шаруашылығы саласын біртіндеп қалпына келтіруде жемшөп дақылдарын егетін алқаптарды арттыру басты себеп болып табылады. Ендеше, қазіргі ірі ауылшаруашылық корпорациялары мал азығы дақылдарын өндіруге үлкен қызығушылық танытты.
Жобаның мақсаты - топырақты өңдеудің біршама энерго-ылғалды-сақтаушы технологиясы анықтау және Солтүстік Қазақстан облысы Ш. Уәлиханов ауданындағы «Астықжан» ЖШС үшін арпаның жаңа сорттарын өңдеу технологиясы элементтерін жетілдіру.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
- Егістік арпаның сорты және биологиялық ерекшеліктері мен ботаникалық сипаттамасы
Егістік арпа - Hordeum sativum (L) .
Арпа өсімдіктерінің фотосинтетикалық қызметін сипаттайтын басты көрсеткіштердің бірі - жапырақ алаңы және оның өсу кезеңіндегі бірыңғай үйлесімді қалыптасуы. Соңғы жылдары аудандастырылған интенсивті сорттардың үлкен жапырақ бетін қалыптастырып, топырақтағы ылғал мен қоректік заттарға ерекше жоғары талап қоятын қасиеттері бар.
Арпаның өсу және даму процесінде келесі фенологиялық фазалар өтеді: дәннің бөртуі, оның көктеуі, түптенуі, түтікке шығуы, үшінші жапырағының көрінуі, сабақтануы, масақтануы (шашақ шығаруы), гүлдеуі, сүтті, балауызды және толықтай дәннің жетілуі. Дәнді-дақылдар өсіп-даму фазасына байланысты сыртқы ортаның факторларына әр түрлі талаптар қояды.
Дәннің бөртуі. Топыраққа сіңірілген тұқым өну үшін алдымен бөртеді. Бөртуге негізінен ылғал, жылу және ауа қажет. Дәннің құрамындағы ақуыз, май, көмірсутегінің мөлшеріне байланысты олардың бөртуіне әр түрлі мөлшерде ылғал қажет. Арпа тұқымы өсуі үшін оның құрғақ ауа салмағының 48-57 пайызына тең ылғал қажет. Бұл шама қоршаған ортаның температурасына, тұқымның қарқынды тыныс алуына, топырақтың құнарлылығына және басқа да факторларға байланысты айтарлықтай дәрежеде өзгеріп тұрады.
Арпа дәнінің бөрту қарқыны температураның жоғарлауымен өседі. Судың негізгі массасы алғашқы 4 сағат ішінде жұтылады.
Егер бөрткен дән топырақтың ылғалды қабатында орналасып, жақсы желдетілсе, суда жұтқанға қарағанда ылғалды қарқынды жұтады.
Тыныс алуға қолайлы жағдай жасау шарттары дәннің бөрту жылдамдығын арттырады. Дәннің құрамдық бөліктері судың мөлшерін әр түрлі жұтады. Ұрық эндоспермаға қарағанда суды қатты жұтады. Қолайсыз жағдайда дәннің бөрту ұзақтығы 2-3 тәулікке дейін жоғарылайды. Дәннің бөртуі басталғанда арпада баптау сатысы және органогенездің І - кезеңі басталады. Арпаны баптау сатысының жақсы өтуі үшін келесі жағдайлар жиынтығы қажет: температура ( ең аз 5-10°С), топырақтың жеткілікті түрде ылғалдығы, (құрғақ дәнді-дақылда баптау сатысы жүрмейді) және жеткілікті түрде оттегімен жабдықтау (анаэробты жағдайларда баптау жүрмейді) .
Органогенездің І кезеңінде меристеманың бастапқы дифференцияциясы басталады және жасушалардың арнайы тобы және жер үстіндегі ағза тіндері пайда болады. Бұл кезеңдегі жетекші процесі конустың өсу дифференциациясы болып табылады.
Тұқымның өнуі. Топыраққа сіңірілген тұқым өну үшін алдымен бөртеді. Бөртуге негізінен ылғал, жылу және ауа қажет. Дәннің құрамындағы ақуыз, май, көмірсутегінің мөлшеріне байланысты олардың бөртуіне әр түрлі мөлшерде ылғал қажет.
Тұқымның өсуіне ең төменгі 1-2°С температура қажет. Дегенмен, жылудың жетіспеушілігі кезінде тұқым өте баяу көктейді. Ол үшін ең тиімді температура 20-25 С. жоғарғы температура жеткілікті ылғалмен қамтамасыз етілгенде ғана арпа ұрығының көктеуіне оң әсерін тигізеді. Ылғал жетіспеген жағдайда топырақта және жоғары температурада бөрту жылдамдығы баяулайды да, дақыл ылғалды жоғалтады. Бөрткен және көктеген тұқымды алқапты жағдайда өсіре бастағанда жоғары температураның және ауаның төменгі салыстырмалы ылғалдығының сәйкес келмеуіне байланысты өспей қалады.
Топырақтың ылғалдығы артқан сайын тұқымның өну жылдамдығы өседі және 70 - 90 % кезінде ПВ дейін жетеді. Тұқым мұндай қамтамасыз етілген ылғал кезінде оңтайлы температураға жақындаған сайын жылдам өседі.
Тұқымның өнуі үшін жақсы қамтамасыз етілген ылғал мен оңтайлы температурадан басқа оттегі де қажет. Сондықтан топырақтың аэрациясы оның тығыздығына, ылғалдығына, қабығының болуына және т. б. байланысты аса маңызды рөл атқарады. Арпа тұқымының көктеуі көмір қышқылының мөлшері 17% шамасы кезінде біршама кешеуілдейді, ал оның 35% шамасында шоғырлануы кезінде тұқым мүлде өліп қалады.
Көктеуі. Жеткілікті мөлшерде ылғал, қолайлы температура болса, бөрткен дәннен алдымен тұқым тамыршалары, одан кейін ұрықтың сабағы өседі. Ұрық сабағының ұшында оны бүлінуден сақтайтын жұқа мөлдір қынап (колеоптиль) болады. Жер бетіне шыққаннан кейін, күн сәулесінен колеоптиль жарылып, оның ішінен бірінші жасыл жапырақ пайда болады. Мұны өсімдіктің көктеу сатысы дейді. Арпа өсімдігінің алғашқы жапырақтарының орналасуы вертикалды, олар жалаңаш немесе әлсіз көтерілген.
Астықтың өнуі және көктеуі пайда болған кезеңде алғашқы тамырлану жүйесі қарқынды дами бастайды. Ұрықтың ұшар басы шыққан сәтте топырақтың үстінде арпаның тамыры 30-35 см ұзындықта болады.
Тұқымның көктеу жылдамдығы топырақтың температурасы мен ылғалдығына, тұқымның орналасу тереңдігіне байланысты болады. 16-18°С температура және топырақтың жоғарғы бөлігінің жақсы дымқылдануы дәннің 7-10 күн ішінде шығуына, ал жеке жылдарда тіпті тез пайда болуына септігін тигізеді. Арпаның үшінші жапырағы шыққан кездегі фазада органогенездің 1-кезеңі аяқталып, ІІ кезеңі басталады да түптену уақыты жалғасады. Егер топырақтың температурасы мен ылғалдығы жеткілікті болса, онда әлсіз жарықтың қарқындылығы кезінде жүзеге асырылады.
Түптенуі. Топырақтың 2-3 см тереңдігінде түптену түйіні пайда болып, одан жанама сабақ пен екінші тамыр тараған шақ түптену сатысы басталады. Тәжірибеде бұл кезеңді түптену деп атайды. Мұндай сапа өзгерісі органогенездің 3 кезеңіне сәйкес келеді де гүл шоғырының білігі дифференцияланады, масақшалардың негізі қаланады. Түптену нәтижесінде бір тұқымнан бірнеше сабақ өсіп шығады.
Түптену дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне, себілген тұқым сапасына, топырақтағы ылғалдың мөлшеріне, себілу тереңдігне байланысты әр түрлі болады. Түптену сатысы әр сорттың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты 12-30 күнге созылады. Арпа дақылының толықтай түптену фазасы көктегеннен кейін 14-18 және 18-20 күнде басталады.
Арпаның түптену қарқыны мен ұзақтығы көптеген факторларға байланысты айқындалады: ылғалдығы (65-70 % ПВ), температурасы (12-14°С орташа температурада түптілік артады), топырақтың құнарлы заттармен қамтамасыз етілуі (жақсы қамтамасыз етілсе түптілік жоғарылайды), сорттық ерекшеліктері (ерте пісетін сорттарда орташа пісетін және кеш пісетін сорттарға қарағанда жанама бұтақтар саны аз пайда болады), егістің жарықтануы (жарық аз болған кезінде өсімдіктер ашығады, сол себепті түптену процесі нашарлайды), түптену түйіндерін отырғызу тереңдігі, егу мерзімі т. б.
Түптену уақытында бастапқы тамырлық жүйенің (ұрықтануы) өсуі жалғасады да, екінші тамырлық жүйе (түйіндік) қалыптаса бастайды.
Түптенуден соң жапырақтың ассимиляциялық көлемі артып, бұл кезде арпа 4-6 мың г/га жетеді.
Түптену кезеңінде органогенездің ІІ сатысы өтеді. Бұл сатыда арпа конусының негізгі өсуі 5-6 ұрықталған түйіндермен сараланады, бір уақытта жапырақтың жұмыр-ұрықталған қынабымен бітеледі.
Болашақта астықтың деңгейінің жақсы болуы көбіне осы түптену фазасының өту кезеңімен байланысты екенін айта кеткен жөн. Түптенудің жоғарғы қарқындылығы аудан өлшемінде егін сабағының қалыңдығын анықтайды. Дегенмен шамадан тыс тартылған түптену шабындықтың мол өсуіне әкеледі. Түптену фазасы кезінде жоғары астықты алудың шешуші факторы болып табылатын алдағы гүл шоғыры пайда болады.
Түптенудің соңында арпада баптау сатысы аяқталады, оның өтуі үшін температуралық жағдайдың шешуші мәні зор, кейін өсімдік жарықтағы сатыға көшеді.
Түтік шығару. Түптенуден 10-15 күн өткен соң, түтік шығару сатысы басталады. Оны топырақтың беткі қабатынан 5 см биіктікте бірінші сабақ буынының пайда болуы арқылы анықтауға болады. Өсімдіктің қарқынды өсуінің арқасында оның буын аралықтары ұзара бастайды. Көптеген зерттеулердің нәтижесі дәнді дақылдарда 8-10см-ге дейін жетуі мүмкін екендігін көрсетті.
Түтік шығару фазасы оң. Бұл фаза ағымында өсімдік қарқынды дамып, құрғақ заттарды бойына сіңіреді, ал олай болса, топырақтан көптеген қоректік заттар мөлшерін тұтынады. Топырақтың құнарлы қоректенуі бұл уақытта жоғары арпа өнімін алу үшін аса маңызды мәнге ие.
Түтікке шығу кезінде жапырақтың ассимияциялық ауданы артады да жақсы ылғалдықта бұл фаза арпаның ең жоғарғы дәрежесіне жетеді.
Түтікке шығу кезінде және арпа өсімдік сабағының өсуі дәйекті түрде органогенездің III-VII кезеңіне көшеді.
Масақтану (шашақтану) . Масақтану сатысының басталуы сабақтың жоғарғы жапырақ қынабынан гүл шоғырының жартысының шығуына сәйкес келеді. Тары тәріздес дәнді дақылдарда бұл саты шашақ бас шығару деп аталады. Бұс сатыда өсімдіктер топырақта ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың және жарықтың мол болуын қажет етеді.
Жапырақ ішіндегі қынап сабағының өсуіне қарай масақ қалыптасады да, осыдан сыртқа шығады (масақталады) . Оның негізгі қылтанағы (өзегі) -иректелген, тіс тәрізді ол бірқатар қысқарған буындар мен буын аралықтарынан тұрады.
Масақтану кезінде өсімдік ассимиляциялы жапырақты жазықтығының мықты дамуымен сипатталады. Тек ең төменгі жапырақтар пайда болады. Мұнда тамырлық жүйе алдыңғы фазаларға қарағанда біршама дамыған.
Арпа өсімдігінің масақтану (шашақтану) кезінде органогенездің VIII кезеңі өтеді. Ол гаметогенез процесінің аяқтауымен, өсімдіктің жыныстық аппараты тозаң мен аналық жазуша қалыптасуымен сипатталады. Сондай-ақ бұл кезеңде көзге көрінетін бүрлену, гүл тәжінің гүл тостағанының сыртына шығуы, гүл шоғы бар түйіндер арасындағы өсімнің күшею фазасына тыйым салынады.
Түптенуден кейінгі жанама өркендер әр түрлі уақытта дамуына байланысты астық жинау кезінде барлық сабақтар дамыған генеративті органдар қалыптастырмайды. Осыған байланысты жалпы және өнімді түптіліктік түрлері ажыратылады.
Гүлдену. Арпа өздігінен тозаңданатын дақылдарға жатады. Дегенмен оның алмасып тозаңдануы да аса ерекшеленеді. Арпа дәнді дақылдар масақтанған соң 2-3 күннен кейін гүлдейді, содан кейін тозаңданады. Құрғақ жағдайда гүлдену жапырақ қынабы ішінде өтеді. Ол көбіне таңертең ерте басталады да күні бойы жалғасады. Алғашқы болып масақтың орта бөлігінің масақшалары гүлдейді, кейін жоғарғы және төменгі жақтары гүлдей бастайды. Ал ұрықтану кезеңі таңертеңгілік уақытта өтеді.
Гүлдену кезеңінде органогенездің гүлденуінің пайда болуымен, ұрықтанумен сипатталатын IX кезеңі жүреді. Бұл процестердің қарқындылығы соңғы сәті масақтың түйіршіктенуімен анықталады. Гүлдену және тұқымның қалыптасуы кезеңінде өсімдік қажеттілігі мен биологиялық ерекшеліктері, әрі сыртқы орта жағдайлары арасындағы байланысты бұзу - тұқым өнімділігін темендетеді.
Дәннің толысуы және пісуі. Аналық жазуша ұрықтанғаннан кейін түйінде физиологиялық қасиеті мен морфологиялық белгілерін өзгертуге себеп болатын биохимиялық процесс өтеді. Дән пайда болу процесінде арпаның дәнінде тамырлық биохимиялық өзгерістер болады. Толысу кезеңінде дәнді-дақылға қоректік заттар түседі, ал пісіп жетілуінде олардың сапалы түрге айналу процесі өтеді. Бұл өзгерістер алдымен дәнді-дақылда азоттық заттардың, көміртегі, өзегі және т. б. шоғырлануымен байланысты болады. Ақуыздың фрактиялық және аминқышқыл құрамы өзгереді (№1-кесте) .
Толысу және пісіп жетілу процесінде дәнді- дақылда ақуызды емес азот, альбуминдер мөлшері азаяды, бірақ глобулиндер, проломиндер және глютелиндер үлесі артады.
1-кесте
Арпа дәнді-дақылының әр түрлі жетілген фазасында ақуыздың фракционды құрамы
Дәнді -дақылдың қалыптасу кезеңінде жемістің, ұрықтың және тұқымның эндоспермасының бірқалыпты өсуін сипаттайтын органогенездің X кезеңі өтеді. Дәннің пісіп-жетілуін үш кезеңге бөледі: Сүттеніп пісу кезеңінде дән жұмсақ, түсі жасыл, іші сүт тәрізді қоймалжың затқа толы, дәннің ылғалдылығы 50% болады; Қамырланып пісу - дәннің эндоспермасы балауызданады, оған тырнақпен із қалдыруға болады, дәннің ылғалдылығы 30%-ға дейін; Толық пісу кезінде дән эндоспермасы қатты, оны бөлгенде іші ұн тәріздес немесе шыны түсті. Дәннің ылғалдылығы ауа райына байланысты 14-22% аралығында болады.
Жылуға қатынасы . Арпа - жылуды біршама аз талап ететін дәнді-дақылдардың бірі. Егер топырақта жеткілікті түрде қажетті ылғал болса оның тұқымы 1-2 0 С кезінде өсе бастайды. Бұл өсіп-өнуге қажетті ең төменгі температура мөлшері, ал оның көктеуі мен вегативтік органның дамуы үшін 3-4 0 С жоғары температураны қажет етеді. Вегативтік өсудің биологиялық минимумы 4-5 0 С құрайды. 1-2°С температура кезінде тұқым өте баяу өседі (18-20 күн), көктеу процесі әлсірейді. Температураны 10 0 С дейін жоғарылатса, топырақтың салыстырмалы ылғалдығының ұзақтық кезеңі егуден көктеуге дейін 10-12 күнге дейін қысқарады. Одан әрі 15-20 0 С дейін жылумен қамтамасыз етуді жақсартса көрсетілген кезең сәйкесінше 7-9 және 5 күнге дейін төмендейді.
Арпа дақылын қалыптастыру кезеңінде тиімді температура 12-16°С деңгейінде болады.
30°С температура кезінде дақылдың өсу процесі ақырындайды, ал 35-40°С болса тоқталып қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz