ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7
1. 1 Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейін бағалау. 7
1. 2 Еңбек нарығының мониторингісі мен талдауды жетілдіру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты реттеу механизмі . . . 9
1. 3 Еңбек нарығының негізгі ұғымдары . . . 13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЛАРЫ . . . 21
2. 1. Еңбек нарығында қалыптасқан жалпы жағдай . . . 21
2. 2. Еңбек күшін экономика салалары бойынша талдау . . . 30
2. 3. Қазақстан Республикасының аймақтары арасында еңбек ресурстарының таратылу ерекшеліктері . . . 35
3 ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ . . . 41
3. 1. Қазақстандағы жұмыспен қамту саясаты және экономикалық . . . 41
өсу
3. 2 Халықтың жұмыспен қамтылуы: мәселелері мен болашағы . . . 47
3. 3 Жұмыспен қамтамасыз ету шаралары . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Жоспарлы экономикаға үйренген ел жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсызданып, инфляция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, халық өз уақытында төлемдер мен зейнетақысын ала алмайтын халге түсті. Ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі құраушы бөлшегі, мемлекеттің негізгі мақсаты-адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлшегінің бірі еңбек нарығы болып табылады.
Кәсіпорындардың жекешеленуі, тәуелсізденуі және өз бетінше кеңеюі кезінде көптеген экономикалық мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек болды, соның ішінде еңбек күшіне деген сұрақтар көбеймесе, азаймады.
Еңбек нарығы, әлеуметтік еңбек қатынастарының жүйесі, ол нарық шарттарының негізінде тұрғызылған. Қазіргі уақытқа сай негізгі екі әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам ресурстарын бөлу (мамандығына, саласына, кәсіпорындарға, территориясына қарай) және табысты, еңбекақы мөлшерінде еңбегін ынталандыру үшін бағалау арқылы бөлу. Осы функцияларды іске асыруда өндірістің жоғарылауы мен тиімділік адам ресурстарының қайтарымдылығы мен табыстың жоғары болуы, мемлекеттің экономикалық өсуі мен әлеуметтік әділеттілік бірлесе отырып, біршама баршаға бірдей қамтамасыз етілуі керек. Бірақ осы мақсаттарға жету мемлекеттің қатысуымен реттелуі қажет.
Еңбек нарығын реттеудің мақсатты функциясы, жұмысшы күшіне деген сұранымды күшейтуге ат салысу мен жұмысшы күшінің тиімді ұсыныстарын мақұлдап отыру болып табылады. Сұранымды қалыптастыру саясаты келесі шараларды қамтиды: жұмысшы орнын-кәсіпкерлікті дамыту негізінде сақтау мен қалыптастыру, ақылы қоғамдық жұмыс ұйымын сақтау, еңбек потенциалын қолданудың шектеулі ғана мүмкіндігі бар жұмысшылар тобына жұмыс орнын құру. Ал, ұсыныс саясатына келесілер жатады: жұмысшыларды оқыту мен қайта оқыту, жұмыспен қамтуды дамыту, жұмыс күнінің ұзақтығын реттеу, миграциялық процестерді реттеу. Ауылда жұмыс көзі болып табылатын мекемелер жабылып, халықтың үштен екі бөлігі көшіп, тек жұмысқа жарамсыз тобы күн көруде. Ал жұмыс көзін іздеген халық, қалаға бет бұрды, бұдан қалада жұмыссыздар саны көбеймесе, азаймайды.
Осы екі саясатты іске асыру мемлекеттік, аймақтық, кәсіпорын деңгейінде экономикалық механизмдерді қажет етеді.
Нарық - бұл әлеуметтік- экономикалық айырбас сферасы қарым -қатынасының мәні тауарларды жүзеге асыралатын құралдар және қоғаммен олардың еңбектерінің іске асырылуын нақты мойындауы. Бұл анықтамада екі аспектіге көңіл бөлінеді. Біріншіден, нарық - бұл тек қана сату- сатып алу және орын емес қайда үрдіс дәйеге жүзеге асыралатын, бірақ бәрінен бұрын ол сатушылар мен сатып алушылар, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы айырбастан туындайтын қарым-қатынас жүйесі. Мұндай қарым - қатынас қоғамдық (әлеуметтік) мінезді алып жүреді, және сондықтан оны әлеуметтік - экономикалық деп атайды. Екіншіден, бұл пайдалық, немесе маңыздылық, яғни тауар біреумен сатылынып алынса және оған ақша төленсе ( және ол басқа тауармен айырбасталынса), тек сонда ғана өндірушінің еңбегі құрталды деп есептелінеді. Егер мұндай болмаса сондай тауар және еңбек, оны өндіруге жұмсалғанды пайдасың ( қажетсіз) деп аталады. [1, 18]
Нарық тауар өндірушілердің шаруашылық ортасы мен салалар ісінің жағдайын ақпараттандырып, өндірістің мінезін өзгерту мен бағытын көрсетеді. Өндірілген тауарлар құрылымы нарық арқылы іске асады.
Нарықта қандай шартта өнімнің қоғамға керекті екнін және тауарлардың құнының анықтай, нарықтық бағаны қалыптастырып айқындайды. Нарық арқылы өндірістің ұстап қалуының өтелуін және әрбір қалыпты жұмыс істейтін тауар өндірушінің кіріс алуын қамтамасыз етіп, өз құнының төмендеу ынтасын жасап, шығарылатын, өнімдердің сапаларын жақсартуды іске асырады.
Зерттеу маңыздылығы: Қазіргі уақытта, біздегі еңбек нарығы өте төменгі сатыда тұр. Оған себеп: мемлекет ең бірінші мәселелер қатарына халықты еңбекпен қамтамасыз етуді қойса, онда көптеген мәселелер шешімін табар еді.
Қоғамның негізгі өндірістік күші-еңбек ресурстары болып табылады. Елдің экономикалық қуаты, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы еңбек ресурстарын тиімді және үнемді пайдалануға тікелей байланысты.
Алайда еңбек ресурстарын тиімді пайдалану туралы өте көп айтылса да экономикалық әдебиеттерде, қазіргі уақытқа дейін еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың біртұтас теоретикалық концепциясы жасалмаған.
Ғылыми жаңалығы: Еңбек нарығының теориялық негізін батыс ғалым-экономистері өз еңбектерінде терең қарастырған. К. Маркс - еңбек нарығының теориялық-әдіснамалық негізін терең зерттеді; Дж. Кейнс - еңбек нарығын мемлекеттік жанама реттеу жағынан қарастырды; М. Фридмен - жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттік қатаң ақша-несие саясатын жүргізу қажеттілігін негіздеді. Дамыған елдердің тәжірибесін үйренудегі жүйелік және нақты тарихи көзқарас ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығының қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңаша қарастыруға мүмкіндік береді және оны реттеудің үлгісін жасауға негіз болады.
Ауыл шаруашылығы саласында меншік және шаруашылық нысындарының қалыптасып дамуын, олардың тиімділігін арттыру мәселелерін қазақстандық ғалымдар: А. А. Аймен, Р. Р. Аутов, Я. Ә. Әубәкіров, Е. Б. Байбарақов, В. В. Григорук, Т. А. Есіркепов, Т. И. Есполов, Б. Ж. Иманбердиев, Ж. О. Ихданов, Ғ. А. Қалиев, С. М. Қасымов, М. Р. Қасенов, Ш. К. Көпешов, Р. Ю. Куватов, Ғ. Ж. Нұрышев, Т. Ж. Нұрымбетов, А. К. Отаров, К. А. Сағадиев, Ә. Ә. Сатыбалдин, Ж. Ж. Сүлейменов, С. Д. Тәжібаев, Ө. Қ. Шеденов және т. б. өз еңбектерінде қарастырды.
Еңбек нарығы мен оны реттеудің экономикалық негізін, жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты әлеуметтік-экономикалық мәселелер ретінде отандық ғалым-экономистерТ. Ә. Әшімбаев, С. Х. Берешев, А. К. Қошанов, М. Б. Кенжеғозин, Ж. К. Қорғасбаев, А. М. Курасова, Н. К. Мамыров, К. Мельдаханова, Л. С. Тимошенко, сонымен қатар аграрлық еңбек нарығына қатысты мәселелер Қ. Б. Жарекешов, А. Б. Молдашев, Н. А. Омаров, С. Қ. Сұрағанова, Б. П. Тәтибеков еңбектерінде талданған.
Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту теорияларын дамытуға Н. Т. Вишневская, А. З. Дадашев, И. И. Заславский, И. С. Маслова, А. Я. Котляр, А. Кашепов, Б. Г. Рофе және т. б. ресейлік ғалымдардың қосқан үлесі жоғары.
Дегенмен, республика аймақтарының табиғи, экономикалық және т. б. ерекшеліктеріне байланысты ауыл шаруашылығында еңбек нарығын қалыптастыру және оны реттеу тетіктері, жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуға ықпал ететін шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық негіздерін анықтау әрі қарай теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Еңбек нарығы туралы әртүрлі экономикалық мектептердің білімдері мен жинақталған бірнеше тәжірибелік материалдары өзіндік ғылыми зерттеу жұмысын іске асыруға жағдай туғызды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi: жұмыстың мақсаты - ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек нарығын зерттеу және оны реттеудің тетіктерін жетiлдiруде ғылыми негізделген ұсыныстар беру. Бұл мақсатқа жету үшiн жұмыста төмендегідей мiндеттер қойылды:
- Қазақстандағы еңбек нарығын реттеудің теориялық негіздерін зерттеу;
- еңбек нарығын реттеу тетiктерiн қарастыру және ауыл шаруашылығына қатысты оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
- Қазақстан республикасындағы еңбек ресурстарының даму жағдайларына ұсыныстар беру;
- еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды жүзеге асыру мүмкіндігін негіздеу.
Зерттеудiң пәнi болып қазіргі кездегі еңбек нарығын реттеу тетіктері таңдалды.
Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика Агенттiгiнiң, Ақмола облыстық статистика басқармасының, Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiнiң, Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің материалдары зерттеу жұмысының негiзгi ақпараттық базасын құрады.
Зерттеу құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі.
Бірінші бөлімде Қазақстандағы еңбек нарығын реттеудің теориялық негіздері, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейін бағалау, еңбек нарығының мониторингісі мен талдауды жетілдіру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты реттеу механизмі, еңбек нарығының негізгі ұғымдары қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан республикасындағы еңбек ресурстарының даму жағдайлары, еңбек нарығында қалыптасқан жалпы жағдай, еңбек күшін экономика салалары бойынша талдау, Қазақстан Республикасының аймақтары арасында еңбек ресурстарының таратылу ерекшеліктері мәселелеріне тоқталдық.
Үшінші бөлімде еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды жүзеге асыру, Қазақстандағы жұмыспен қамту саясаты және экономикалық өсу, халықтың жұмыспен қамтылуы: мәселелері мен болашағы және жұмыспен қамтамасыз ету шаралары қарастырылды. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН СИПАТТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейін бағалау
Нарықтық түрлендірулердің әсерінен, соңғы он жылда жұмыспен қамтылғандардың кәсіби-квалификациялық құрылымы өте қатты өзгерген. Еңбек нарығының конфигурациясына әсер ететін, бірнеше тенденцияны бөліп көрсетуге болады:
- қызмет көрсету саласындағы және ақпараттық түрдегі еңбекке сұраныс өсті;
-актуалды нарықтық кәсіпті жұмысшыларға қажеттілік өсті;
-бәсекелестікке түсуге қабілетті өнім өндіре алатын, дәстүрлі кәсіптердің жоғары квалификациялы жұмысшыларына сұранысы көбейді;
-квалификациясы жоқ жұмысшыларға деген қажеттіліктің төмендеуі (олардың арасында жұмыссыздық экономиканың жандануы кезінде де өсуде) ;
Жұмысшылардың кәсіби құрамындағы қозғалыс еңбек күшіне деген сұраныстың көлемі мен салалық құрылымындағы өзгерістерді көрсетеді. Бұл, біріншіден, барлық профильді инженер-техникалық мамандықтардың барлық профильдері мен индустриалдық кәсіп жұмыскерлері (метал өңдеушілердің, текстильшілердің, құрылысшылардың жеке топтары) үлесі өндірісінің құлдырауы нәтижесіндегі төмендеумен, екіншіден, қаржыгерлер, басқарушылар, қызмет көрсету саласы мен нарықтық инфрақұрылымдағы жаңа мамандыққа ие жұмысшылар санының өсуімен байланысты.
Кәсіби құрамның құрылымының өзгеруі, қалыптасқан жоспарлы-орталықтандырылған экономикада жұмыспен қамтамасыз етудің жоғары индустриялды түрін жоюға көмектеседі.
Нарықтық реформалар мен экономикалық тоқырау жұмыспен қамтамасыз етуге тән екі ірі кәсіби топтардың: инженерлер мен станок басындағылар -жұмысшылардың еңбек күшіне қажеттіліктің қысқаруына қатты әсер етеді.
Күштеп кәсіби оңтайландыруды, сонымен қатар ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласынан да көруге болады. Объективтік жағдайлар ( бұл сектордың жөнді қаржыландырылмауы, еңбекақының төмен болуы) бұл сала өкілдерінің өзінің кәсібін және қызметінің түрін неғұрлым белсенді түрде мүлдем өзгертуге итермелейді (келесі мәселе елдің ғылыми-техникалық және творчестволық қуатына қалай әсер ететіні) .
Индустриалдық түрдегі мамандықтағы жұмысшылардың ең алдымен олардың ең ірі тобы - метал өңдеу мен машина жасау жұмысымен қамтылғандардың еңбекке мобильділігі басқаша сипатқа ие. Нақты сектордың салаларындағы өндірістің біраз құлдырауынан жұмысын жоғалтқан кезде олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері азайды. Еңбек сипаты мен білімнің салыстырмалы төмен деңгейіне қарай кең таралған мамандықтардағы жұмысшылардың еңбектік мобильділік қағидасы бойынша, олар үшін үйреншікті қызмет турлерінде, жүзеге асады. Бір кәсіпорыннан босаса, сол немесе соған ұқсас мамандық бойынша басқасына орналасады. Алайда, мұндай өзін-өзі ұстау жобасы құрылымдық қайта құру жағдайында жұмыссыздық қауыпын төндіреді.
Кәсіби білім берудің отандық жүйесі, әрине еңбек күшіне сұраныстың ауытқуларына әсер етті. Бұл негізінен жоғарғы және орта арнайы оқыту мекемелеріне қатысты: білім беру мекемелерінің құрылымы (мысалы, екісатылы жоғарғы білім, мемлекеттік емес оқыту нысандары пайда болды), оқыту мерзімдері, бағдарламалары мен оқыту әдістері өзгертілді.
Өнеркәсіпте жұмысшыларға сұраныстың төмендеуі кәсіби-техникалық оқыту жүйесін қиын жағдайға ұшыратты. 90-шы жылдардың ортасында жұмысшы кадрларды кәсіби даярлау жүйесін кешіктіріп қайта құру еңбек нарығының сәйкесінше кәсіби сегменттеріндегі жағдайды қиындатты. Соңғы жылдары, жоғары квалификациялы жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі неғұрлым айқындала бастады. Ол экономикалық өсуге бағыт алған кезде күшейюі мумкін. [2, 25]
Осылайша Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің деректері бойынша кәсіби мектептер (лицейлер) және колледждер саны 1995 жыл мен 2005 жыл аралығында орташа алғанда 44, 0 %-ға, кәсіби мектептерде оқитындар мөлшері-2, 5 есеге, коледждерде-2 есеге азайған.
Елдің кәсіби оқыту мекемелерінде оқитындарды қабылдау туралы 2002 жылғы деректер, 2005 жылы еңбек нарығына неше және қандай мамандар шығатыны туралы болжам жасауға мүмкіндік береді.
Бұл ақпарат, 2010 жылға дейінгі даму стратегияның басымдықтарына сәйкес, жұмыспен қамтылғандардың кәсіби - квалификациялық құрамындағы, құрылымдық өзгерістермен салыстыру, еңбек күшінің сұранысы мен ұсынысының айқын баланстық еместігін көрсетеді.
1995 жылдан бері, жоғарғы оқу орындарын бітірушілер санының тұрақты өсу тенденциясы бақыланады. Олардың саны 2005 жылы базалық жылмен салыстырғанда 2 есеге артқан.
Қазақстанның азаматтарының көбі жоғары білім алғаны, әрине, оң құбылыс. Алайда, дипломы бар мамандардың еңбегін тиімсіз пайдалану қауыпі туындайды. Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі, игеру үшін бір-екі жылдық білім жететін, көптеген мамандықтар бар екенін көрсетеді (медбикелер, техниктер мен технологтар, туристтік, жарнамалық, рекреациялық қызмет көрсетуді ұйымдастырушылар және т. б. ) . Оларды дайындау жоғары квалификациялы мамандарды даярлауға қарағанда, әлдеқайда арзанға түседі, сонымен қатар жұмысшылардың бұл категориясының еңбегі тұрақты қажеттілікке ие.
Мамандықтар арасындағы жоғары білімді мамандар шығару динамикасын талдау 1999-2000 жылдармен салыстырғанда 2004-2005 ж. ж. табиғи-ғылыми мамандықтарын бітірушілер саны-20, 1%-ға, медициналық-26, 3%-ға, ветеринарлық-19, 9%-ға, машина жасаушы технологиялар мен жабдықтар жасау -19, 0%-ға, құрылыс-31, 7%-ға қысқарғанын көрсетеді. Сонымен қатар, бітірушілер саны гуманитарлы-әлеуметтік мамандығы бойынша-2 есеге, экономика және басқару мамандығы бойынша-2 есе, өмір сүру қауыпсіздігі мамандығы бойынша-3 есеге өскен.
Бұл тенденция, жоғары білімді кадрлардың бір мамандық бойынша артықшылығын және басқа мамандық бойынша жетіспеушілігін туғыза отырып, еңбек нарығындағы жағдайға кері әсерін тигізеді.
Еңбектен алынатын салыстырмалы жоғары табыс салааралық және кәсіпаралық орын ауыстыру ынталандырушысына айналды. Ол еңбектің сипаты мен мазмұнына, алынып жатқан кәсіби біліміне сәйкес келу деңгейіне қанағаттанушылық сияқты, жұмыс таңдау себептерін екінші орынға жылжытты. Перспективалы нарықтық мамандықтар жұмысшыларының салыстырмалы кішігірім топтарын қоспағандағы, еңбек күшінің ағымы жиі кәсіби квалификациясын жоғалтумен жүзеге асырылады. Нәтижесінде, еңбек нарығы кәсіби-квалификациялық жағынан қатты өзгеріске ұшыраған. Әсіресе, қандай-да болмасын жұмысты атқару үшін объективті қажетті, квалификация деңгейінің сәйкестігі жағынан, тұлғаның нақты кәсіби дайындығы.
Жұмысқа қабылдау туралы сансыз жарнамалар көптеген жұмыс берушілердің (ең алдымен жеке секторда) тартылатын еңбек күшінің кәсіби дайындық деңгейіне жоғары талаптарының жоғарылығын көрсетеді. Жоғары білімнің болуы тіпті салыстырмалы жеңіл еңбек функциялары бар жұмыс орындарына орналасу кезінде міндетті шарт боп табылады. Бұл мұндай білімді алуға халықтың қажеттілік деңгейіне де айтарлықтай әсер етеді. Жоғары білімі бар тұлға хатшы, сатушы, күзетші және т. б. жұмыстарды орындап жатуы үйреншікті жағдайға айналды.
Алайда, орта және әсіресе, жоғары кәсіби білімді жұмысшылар неғұрлым мобильді болып, қысқа уақыт ішінде еңбек нарығына бейімделе алуға қабілетті болғанын ескермейге болмайды. Жоғары білімі бар экономикалық белсенді азаматтардың жұмыссыздық деңгейі- халықтың басқа топтарымен салыстырғанда ең төменгі боп табылады. Бірақ, халық шаруашылықтық көзқарас бойынша, мұндай мамандарды дайындауға жұмсалған шығындарды ескерсек, олардың еңбек потенциалы тиімсіз пайдаланылуда. [3, 21]
Салыстырмалы, қажетті деңгейде еңбекақы төлей алатын жұмыс берушілер кадрларды кәсіби даярлауға шығындалмай-ақ «дайын» мамандарды іріктеп алады. Бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың жоғары және арнайы орта білімді жұмысшыларға деген қажеттілігі қалыптасқан жағдайда, жоғары болатындығын тағы да дәлелдейді, яғни кәсіби білім беру жүйесінде дайындық ауқымы мен құрылымын анықтау үшін негіз бола алмайды.
- Еңбек нарығының мониторингісі мен талдауды жетілдіру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты реттеу механизмі
Еңбек нарығы оны реттеудің әлеуметтік-экономикалық механизмі тұрғысынан алып қарасақ нарықтың басқа типтерінен біраз ерекшеленеді. Маңызды ерекшеліктерінің бірі бұл нарықтағы тепе-теңдіктің мүмкіндігі мен тұрақтылығына қатысты. Нарықтық экономика жағдайында нақты тауарлық нарықтар, қағида бойынша тепе-теңдікке ұмтылатын динамикалық жағдайда болады. Керісінше, еңбек нарығындағы теңсіздік норма болып табылады, ал сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін сирек кездесетін, ұзаққа бармайтын және тұрақсыз жағдай ретінде қарастыруға тура келеді. Көптеген елдерде ондаған проценттерге жететін, жұмыссыздық, ұзақ уақыт бойына, ұдайы өндіріледі, кейде жұмыс күші жетіспеушілігі сондай-ақ тұрақты болып шығады. Көптеген дамыған елдерде жұмыссыздықтың ұзаққа созылмалуы, «толық жұмысбастылық» және «тепе-теңдік» ұғымдарының модернизациясына алып келді.
Халықтың жұмысбастылығы неғұрлым жоғары болса, қосымша еңбек күші көлемі соғұрлым аз және оның құрылу процесі күрделенеді. Аймақтың жұмыс күшімен қамтамасыз етілу жағдайы- еңбек күшінің құрылу процесін қиындататын және жеңілдететін фактор. Мұнда, ең қолайлысы-еңбекжеткіліктілігі боп табылады. Жеткіліксіз болған жағдайда басқа елдерден еңбек күшін тартуды қарқындатуға тура келеді. Артық болған жағдайда аймақтардың өндіргіш күштерінің қызмет етуі қиындайды. Еңбек нарығында жұмыссыздық сияқты ұзақ уақыттық сипатқа ие болатын, құбылысы пайда болады. Республиканың кейбір аймақтарында, ауылды құраушы кәсіорындардың жабылуы кезінде еңбек ресурстарының артықшылығы пайда болды. Халықтың жеткілікті мобильділігі кезінде облыстар ішінде ғана емес, аймақтар арасында да, қарқынды миграция пайда болады. [4, 37]
Нарықтың конъюктурасына (сұраныс пен ұсыныс сәйкестігі және тепе-теңдік тенденциясы) сұраныс пен ұсыныс параметрлерін өзгерте отырып, еңбек нарығына ықпал ететін, әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстар әсерін тигізеді.
Еңбек нарығының конъюктурасының факторларын талдау кезінде олардың еңбек нарығына әсерлерінің деңгейі мен механизмдерін (сандық тәуелділіктен ) анықтау үлкен мәнге ие.
Еңбек нарығы құрылымы жүйесінде, әсері статистика көмегімен бағаланатын, бақыланатын эмпирикалық дәлелдәрі жоқ факторларды гипотетикалық деп қарастыруға болады. Жалпы жұмыссыздық-еңбек нарығы теңсіздігінің көрінісі ретінде Қазақстанда нарықтық экономикаға тән салыстырмалы қайта өндіру, өндіріс факторларын соңына дейін тұтынбау тенденциясы негізінде құралады.
Еңбекке деген жеткіліксіз сұраныс және оның салдарлары-жасырын жұмыссыздық, толық емес жұмысбастылықтың, жалпы жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейде болуы мәселелерін кезең-кезеңімен шешу арқылы реттеудің жұмыс істей алатын механизмін жасауды жорамалдайды.
Еңбек күшіне сұраныс пен ұсынысты реттеу механизмі жалпымемлекеттік масштабта реттеудің заңдық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық шаралары қосылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz