Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесін қалыптастырудың ерекшеліктері


КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих - педагогикалық институты
«ПЕДАГОГИКА » кафедрасы
Қорғауға жіберілген күні: « » 2007 ж.
Кафедра меңгерушісі : Г. Т. Тасболатова.
ИСКАКОВА БИЖАМАЛ ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесін қалыптастырудың ерекшеліктері
Ғылыми жетекші:
П. ғ. к. Т. С. Сеңкібаев
Көкшетау 2007ж.
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
І. Бастауыш сынып оқушысын оқытудың педагогикалық - психологиялық негіздері
- 1. 1 Педагогикалық - психологияның зерттеу әдістері . . . 9
1. 2. Бастауыш сынып оқушысына еңбек тәрбиесімен сабақтастыра отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру . . . 21
1. 3. Мұғалім - бірінші сынып оқушысының мектеп өміріндегі ең негізгі
тұлға . . . 29
1. 4. Бірінші сынып оқушыларын сабаққа дайындау мен жүргізу әдіс тәсілдері . . . 34
1. 5. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің өзара байланыстылығын қалыптастыру . . . 44
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесін қалыптастырудың ерекшеліктері
2. 1. Еңбек тәрбиесінің сипаттамасы . . . 48
2. 2. Еңбектің негізі - үй шаруашылығына көмектесуде қалыптасады . . . 54
2. 3. Мектеп алды даярлық топ балаларын еңбекке баулу және қарым-қатынас ерекшеліктері . . . 58
2. 4. Балаларды еңбекке баулуды қалыптастырудың жолдары . . . 63
Тәжірибелік жұмыстар . . . 66
Қорытынды . . . 82
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Өзектілігі. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы-жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысы болмақ. Ендеше саналы, сауатты, ұғымды, халқымыздың барлық дәстүріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылып отыр.
Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына мензеп жүргізу бүгінгі қүннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі екендігін байқатады. Қaзipri кезенде біздің елімізде еңбек тек ересек адамдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеуден маңызы төмендеп кеткені белгілі. Бұл баланың санасында еңбекке деген немқұрайдылық көзқарас тудырып, еңбекке икемсіздігін, төзім аздығын байқатуда. Дегенмен, мектепке дейінгі бала еңбектене ала ма деген сұрақ, кез келген ата-ананы, тәрбиешіні мазалайды. Мұның ceбeбi бүгінгі таңда мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудың өзекті мәселелері баспа беттерінде өте сирек кездесетіндгінен де болар. Бipaқ, аталған тенденңия тек зерттелуді қажет етумен қатар, дер кезінде мән бермеу баланың жеқе тұлға ретінде дамуына қауіп төндіреді.
Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалылық, жөні бөлек көзғарастарды, жұмыстың жоғарғы сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Ертеден қазақ халқы балаларын дәстүр бойынша бес-алты жасында аузы дуалы шешендердің, ел бастаған көсемдердің, даналардың, мергендердің, батырлардың соңынан ерте білген.
Онысы балам халық дәстүрін, жол-жоралғысын көңілге тоқып өссін дегені болу керек. Сондықтан да мектепте балаларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу- басты міндет
Мағжан Жұмабаевтың педагогикасында « жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы туғанда өте әлсіз, зағип, осал болып туады. Малдың төлі туа сала сақталады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам туғанда іңгәләған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ, денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінекей, адам баласы, осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей . яғни оны тәрбие қылмай болмайды » деп, тәрбиені дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық һам құлық тәрбиесі деп төртке бөледі.
Мектепте сабақты қызықты етіп өткізу үшін халық педагогикасына сүйенген дұрыс. Халықта « Баланды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме» деген мақал бар. Сабақтың қызық, әсерлі өтуіне дамыта оқыту жүйесі көмектеседі.
Қазақ бәйгеге шауып, ат қосарда алдымен атын баптайды емес пе? Соған орй жетіге толған бала күзде мектепке баратын болғандықтан, бала бақшаның соңғы жылы, негізінен, мектепке әзірлік жұмысын жүргізеді. Болашақ оқушыларды кез-келген тақырыпта ойларын еркін айта алатындай етіп үйрету қажет. Баланың ойын дамытып, болашақта армандауға, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу жүзеге асырылады.
Қазақстан президентінің 2030-шы жылға арналған бағдарламасында барлық саланың жаңаруы туралы мәселелер, оның ішінде білім саласы барысындағы жағдайлар атап көрсеткен.
Мектепалды дайындық, баланың оқу мәселесінің жақсы жағдайда болуына байланысты. Жаңа ұлттық білім үлгісі, мектепке дейінгі жастағы баланың, жеке басын тәрбиелеуде, тәрбиенің мазмұны, ізгілендіру, жекелендіру және жаңа педагогикалық дамудың әлеуметтік бағытының түбегейлі өзгеруін талап етеді.
Баланың жеке басының рухани- бай мүмкіндіктерін, отандық және дүниежүзілік мәдениет арқылы, қазақ халқының дәстүрімен, қол өнерімен және әдеп-ғұрыптарымен тыныстыруда баланың еліне, отанына сүйіспеншілігін дамыту.
Қазіргі уақытта "жеке бағдарлы оқу" түсінігі кең тараған, бұл түсінік баланың жеке-тұлғалық дамуы, оның пеихикасының қалыптасып, даму ерекшелігіне негізделіп айтылған. "Жеке бағдарлы оқыта отырып-тәрбиелеу" түсінігі мынаған негізделген: жеке-тұлға адамдар қоғамында өмір сүретіндіктен ол өзін-өзі танып-білуі қажет, бұл өмірдө өз орнын дұрыс таба білуі қажет, бұл жағдайдағы негізгі нәрсе өз өмірін дұрыс қалыптастыра білу.
Дұрыс сөзбен айтқанда, педагогика негізін саясатқа немесе идеологияға байланыстырмай, тек қана психология ғылымына сүйену қажет. Педагогиканың негізгі объектісі -баланың ішкі дүниесін түсіну. Ал практикалық әрекеттегі мақсат - әлеуметтік - психологиялық талаптарды қанағаттандыру.
Баланың жақсы дамып-жетілуі мынандай жағдайда: жоғары эффектілік оқыту, баланың мектепке психологиялық жағынан дұрыс дамып келе жатқанын маман ретінде анықтау, "жеті жастағы дағдарыс" кезеңін дұрыс шешу.
Баланың мектепке дайындығы қаншалықты дәрежеде екенін анықтау, балалар психологиясының негізгі мөселесі, Соңғы уақытта бұл мәселеге көп көңіл бөлінуде, Бұл мәселені шешудің жолы баланың жеке-тұлғалық, жас ерөкшелігін дұрыс ескеруден басталады. Мұндай жағдайда психологиялық диагностика негізгі роль атқарады.
Алаңда теориялық тұрғыдан алсақ баланың мектепке оқуға дайындығы мәселесін шешуде, 20 жылдан астам психологтар, педагогтар, гигиенистер, балалар дәрігері айналысып келеді. Дегенмен "мектепке дайындық" түсінігіне нақты анықтама жоқ, сондай-ақ мектепке оқуға толық дайын деген нақты пікір болмайды.
Бұл мәселені мынандай сандармен бекітуге болады. Осыдан 15 жыл бастауыш сынып оқушыларында жүйке-жүйелерінің кемшілігі 5-7 (процент) пайыз ғана болса, ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 40-70 пайызға жеткен (Аргумент и факты 13 наурыз 1998 ж) мүмкін, бұл қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайға байланысты болар, сондай-ақ мектеп жасына дейнгілерді мектепке білім алуға дұрыс болар.
Еске алатын жағдай мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуы үлкендерді зерттеуде қолданылатын методтардан мүлде басқа болып келеді. Диагностикалық методтың негізгі принципі баланың табиғи мінез-құлқы, күнделікті өмірдегі табиғи іс-әрекеті.
Мектепке білім алуға дайындау мәселесі-балалар психологиясының өзекті мәселесі. Бұл мәселені белсенді зерттеушілердің пікірі өте ауқымды, бұл түсінікке әр жағынан ауқымды түсіндіреді.
Баланың даму барысында шкалалар кең түрде қолданылады және баланы стандартты бақылаулар арқылы баланың дамуын жас ерекшелік нормасына сәйкестендіру. Диагностиканы жүргізу барысында баланың сөйлей алуы, экспериментаторға тұлға ретінде қарауы нәтижесі баламен дұрыс қарым қатынас жасаудың негізі. Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры әлі де дамып, қалыптасатындықтан толқымалы тестерді қолдану мүмкіншіліктері шектеледі. Сондықтан зерттеушілер орнықты методикалар қолдануды ұсынады. И. Шванцар (1972) мен А. Анастази (1982) пікірлер бойынша диагностика үшін баланың моторлық-танымдық сферадағы дамуы, сөйлеуі мен әлеуметтік мінез-құлқы маңызды орын алады. Мектепке білім алуда компонентті сапа бөлу үшін И. Шванцар мектепке білім алу үшін міндетті түрде ақыл-ойының дамуы деңгейлі, концентрацияға қабілеттілігі, шыдамдылық, жетістікке жетуге деген талап, қызығушылығының дамуы, білім алуға қабілеттігі, сондай-ақ әлеуметтік мінез-құлқы қалыптасу керек деп есептейді.
Кеңес оқымыстыларының зерттеулері бойынша мектепке дайындық көп компонентті жүйелік білім. Бұл ойды қолдаушылардың бірі Л. И. Божович 1960-шы жылдардың өзінде-ақмынаны көрсеткен болатын. Оның ойынша мектепке білім алуға дайындық негізі-ойлау әрекетінің даму деңгейі, танымдың қызығушылары, оқушылық өмірдегі әлеуметтік позицияның болуы деп санайды.
А. Запорожецтің пікірінше мектепке білім алуға дайындық баланың мінез-құлқының өзара байланысы, танымдың даму деңгейі; аналитикалық-синтетикалық әрекеттер, ерік механизмнің қалыптасу деңгейі анықтайды деп есептейді. Бұл мәселені Л. А. Венгер мен оның әріптестері теориялық аспекті тұрғыдан өзара жуыңтатады. Барлық психологиялық ңасиеттер адаңда оның өс-өрекеті арқылы қалыптасады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балада таза «мектептік қасиеттер болуы мүмкін емес, өйткені олар да кез келген психикалық процесстер сияқты іс-әрекөтте дамиды. Бұдан шығатын қорытынды мектепке психологиялық дайындық оның «мектептік қасиеттерінің қалыптасуында емес, оның қалай оқып, үйреніп кетуінде.
Қазіргі уақытта ақпарат беттерінде баланы мектепке дайындау мәселесі бойынша әр түрлі даулы пікірлер айтылуда. Бастауыш сынып пен мектепке дейінгі мекемелердің дәстүрлі талаптары мен іс-әрекеттері ешқандай талаптанушылықты ақтамайды: баланы кішкене кезінен бастап оқыту мен жаздыру. Бастауыш сынып пен бала-бақша арасындағы байланыс жоғалған, мектепке дейінгі мекемелердің спецификасы жоғалған. Өйткені баланың дамуы оқыту әрекеті көп мән берілгендіктен бұл мәселе екінші жолға ысырылған. Сондықтан да біз мектеп жасына дейінгі жеке-тұлғалы модельді тәрбиелеу концепциясына түсіністікпен қарастырдық.
Соңғы жылдары мектепке психологиялық дайындық ТМД елдерінде психодиагностикалық методикалармен толықтырылуда. Жоғарыда көрсетілгендей білім алуға дайындық - көп факторлы феномен, бұл көп психологиялық зерттеулер комплексін талап етеді. Дәлел ретінде білім алуға психологиялық дайындығын анықтау бір-ақ тестпен шектелмеуі тиіс.
Мектепте білім алу - бала өміріндегі маңызды этаптардың бірі. Сондықтан да үлкендердің, балалардың мектепке бару кезеңі жақындаған сайын қобалжулары түсінікті жағдай. Көптеген бірінші сыныптар үшін мектеп талаптарын орындау оңай емес. Сондықтан да оқу кезеңі басталмай тұрып, мектеп талаптарына баланың психикалық мүмкіншілігі қанша мықты дәрежеде екенін анықтап алған дұрыс.
Баламен жұмыс істеу барысында еске алар жағдай бала психологиясын зерттеудің өзіне тән ерекшелігі бар екенін түсіну. Мектепке дейінгі балалық-шақ адам өміріндегі өте қысқа кезеңі, бар болғаны жеті-ақ жыл. Бұл кезеңде даму деңгейі жылдам тез қалыптасады. Ештемеден хабарсыз өмірге жаңа келген нәресте тез арада-ақ белсенді, өзінше жеке тұлғаға айналады. Бала психикасы барлық жағынан қалыптаса бастайды, оның одан әрі дамып жетілуінің негізі қаланады.
Осындай жағдайлар негізінде диломдық жұмыстың тақырыбы «Бастауыш сынып оқушысына еңбек тәрбиесін қалыптастырудың ерекшеліктері. »
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын оқытып, еңбекке тәрбиелеуде олардың психологиялық - педагогикалық ерекшелігін есепке ала отырып, жұмыстар өткізу.
Міндеттері: 1 Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесін қалыптастырудың ерекшеліктерін зерделеу.
2. Еңбек тәрбиесінің сипаттамасына бағдарлы шолу жасау.
3. Еңбектің негізі - үй шаруашылығына көмектесуден қалыптасатынын жеткізу.
2. 3. Мектеп алды даярлық топ балаларын еңбекке баулу және қарым-қатынас ерекшеліктерін айқындау.
Ғылыми болжам: Егер баланың мектепте оқуға психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек тәрбиесі жұмыстарын жүргізсе, онда балаға дұрыс тәрбие беріп, оқытуға болады.
Зерттеу әдістері : түрлі педагогикалық әдістемелер қатары.
І. Бастауыш сынып оқушысын оқытудың педагогикалық - психологиялық негіздері
1. 1. Педагогикалық - психологияның зерттеу әдістері
Адамның дамуы ең алдымен, әлеуметтік тәжірибені игеруден басталады. Бұл процесс, адамның дүниеге келген күнінен бастап өмір бойы жалғасады. Мектепке дейінгі бала ойын түрлері тағы басқа көп нәрсені игереді. Мұндай игеру ойын әрекеттерін игерумен қатар жүреді.
Бала мектепке келген кезде, ол әр түрлі әрекеттерді үйренеді, өйткені бұл әрекеттер әлеуметтік тәжірибені меңгерудің мақсаты болады. Бұл әрекеттің ерекшелігі, мұғалімдердің көмегімен іске асады. Бұл әдістің түрі-оқыту деп аталады.
Педагогикалық психология оқыту процесінің құрылымын, мінездемесін, заңдылығын оқытады. Педагогикалық психология жас еркшелігімен жеке тұлғалық ерекшелігін зерттейді. Дамыта оқутудың шарты негізгі орын алады. Оқыту процесінде адам немесе жеке тұлға тек қана интеллектуалды тәжірибені алып қоймайды, сонымен қатар: адамгершілік, эстетикалық т. б. түрлерін меңгереді. Меңгерудуң бұл түрлері айтылған кездерде процесс тәрбие деп аталады.
Педагогика -психологияның негізгі бақылау орны бір ғана тұлға болады. Бірақ оқытудың орны, яғни зерттеу пәні теорияға бағынышты. Бихевиоризм оқыту пәнінің стимулы реакцияларын шектейді, яғни оқыту әрекеттері жеке элементтерден тұрады.
Мектепке алғаш келген балалар ұстазы не айтса, соны орындауға әзір тұрады. Мектептің ішкі және сыртқы көріністері оларға өте қызық болып көрінеді. Мектепішілік экскурсиялардың өзінен балдырғандардың бойында белгілі бір тәртіп қалыптаса бастайды. Осылайша, шәкірттерді саналы тәртіпке тәрбиелеудің, мінез-құлық мәдениетіне жетелеудің ірге тасы бастауыш кластарда қаланады.
Сондықтан әр бір ұстаз өз білімін, мәдени дәрежесін үнемі жетілдіріп, шәкірттерінің ерешектерін ескеріп, оларды жан-жақты бақылап, белгілі ережелердің қалай орын алатынын қадағалауы керек.
Бұл орайда оқушыларға берілетін педагогикалық мінездемелер олармен көп көмек береді. Мұғалім әр уақытта қандай бағытта жұмыс істеуді ойланады.
Жас ұландарды саналы тәртіпке тәрбиелеу ісі оларға жүйелі және сапалы білім берумен ұштастырылады. Бұл жұмыс процессінде өрістетіледі. Шәкірттердің сабаққа белсене қатысуы, оған ден қоюы мұғалімнің методикалық әдістерді түрлендіріп, қолдана білуіне байланысты. Сабақты бүгінгі өмірмен, тұрмыспен, тәжірибемен сабақтастырып өткізсе нұр үстіне нұр.
Жас ұрпақты саналы тәртіпке тәрбиелеуде және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.
Жас ұрпақтың мінез-құлқын, тәртібін дұрыс қалыптастыру- ұстаздар коллективі үшін ең басты міндет. Сондықтан, бала тәрбиесіне сергек қарадық.
Адам өз ісінің нәтижесін көру үшін алдына бір мақсат қойып, тиімді әдістерді пайдалана білу керек. Балаларды да өз істерінің нәтижесін сезіне білуге үйреткен жөн. Осы тұста еңбектің негізгі элементтерін қамтитын ойын ойнаудың маңызы зор. Себебі ойын- баланы еңбекке тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы. Ойын арқылы еңбектену балаларды қызықтырады, көңілін шарықтатады.
Егемен еліміздің тірегі -білімді ұрпақ. Білім бастауы- бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр-түрлі дамытып, келбетін сомдауға үлесқосады. Баламен тіл табысып, шәкірттер нағыз тіршіліктің тынысын сезіне алады.
Ұлы Абай айтқандай, біліммен теңесе алады. Біздің егеменді еліміздің мәртебесін көкке көтеретін, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамытатын тек қана жастар. Жан-жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін кең мүмкіндіктер беріледі. Мектеп өмірі балаларға жаңа әлемді ашып береді. Бұл тұрғыда бастауыш мектептің негізгі міндеттері- баланың жеке басының ағашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту. Оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру.
Оқу - мектепжасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Баланың оқу әрекеті- күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақы-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т. б. психикалық үрдістермен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуы жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыруы керек. Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әрбір жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысы мақсат -міндеттеріне сай болса, онда бала өз жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өзін-өзі басқаруға дағдыланады.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлардың жалпы амал-тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу-әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.
Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz