Еңбекақы есебі мен экономикалық көрсеткіштері және Бұлақ-Астық шаруашылығына кеткен шығын есебін талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Еңбекақы есебін ұйымдастырудың теориялық негізі . . . 6

1. 1 Еңбекақы есебі және нормативтік реттеу . . . 6

1. 2 Еңбекақы бойынша қызметкерледің құрамы мен жұмыс уақытының eceбi . . . 13

1. 3 Аудиторлық тексеруді ұйымдастыру мақсаты . . . 15

2. Еңбекақы есебі мен экономикалық көрсеткіштері және «Бұлақ-Астық» шаруашылығына кеткен шығын есебін талдау . . . 25

2. 1 «Бұлақ-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы сипаттама және экономикалық көрсеткіштері . . . 25

2. 2Қаржылық шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау . . . 31

2. 3 Еңбекақы бойынша есебін талдау . . . 44

3. Еңбекақы есебі мен аудитін жетілдіру . . . 50

3. 1 Еңбекақы шығындарына ұсынылып отырған жоспарлы әдістеме . . . 50

3. 2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебінің аудитін жетілдіру . . . 60

Қорытынды . . . 74

Қолданылған әдебиеттер . . . 76

Қосымшалар . . . 79

Кіріспе

Еліміз тәуелсіз мемлекет болып кеңінен танылған уақытта оның өткен тарихын жан жақты терең зерттеудің маңыздылығы ерекше орын алып отыр. Әсіресе, ел экономикасының негіздерінің бірі болып табылатын аграрлық саланың өзгерістерін зерделеуге баса назар аударылуда. Себебі жаңа қоғамға бет бұрған өтпелі кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығында, әсіресе оны басқару мен ұйымдастыру жүйесінде көптеген қайта құрулар мен өзгерістер орын алады. Айта кететін жайт, бұл істе жетістіктер де қиыншылықтар мен кемшіліктер де болмай қалған жоқ. Міне, осы үрдісті жан-жақты талдау, зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы болып отыр.

Тақырыптың өзекті мәселелері. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында «Қазақстан-2030», біздің еліміздің даму мақсаты болып - экономикалық өсу, «бүгінгі күннің де, ертеңгі күннің де және келесі отыз жыл ішінде де ең басты мәселесі» болады делінген. Бұл мақсатқа жетудің ең бастысы - ақпарат, оның дамуы «тек қана экономикалық өсуге ғана әсер етпейді, сондай-ақ, әлеуметтік сфераға және Қазақстанның Халықаралық бірлестік интеграциясына әсері тиеді».

Халықаралық байланыстардың кеңеюі және Қазақстан Республикасының әлмдік қауымдастыққа енуі есеп әдістемесін жетілдірудің, бухгалтерлік есеп пен аудит тұжырымдамаларын дамытудың объективті қажеттілігін туындатты. Аталмыш тұжырымдамаларға бухгалтерлік есеп және есепті компьютерлендіру сұрақтары, ішкі бақылау мен тәуелсіз аудиттің даму мәселелері кіреді. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы үрдісінде ауыл шаруашылығы бірқатар қиындылықтарды бастан кешіп отыр. Бұл жағдай өзіндік құнға кіретін шығындар құрамын; өндірісті басқару, өндіріс шығындарын, өнім көлемін талдау, табыстылық деңгейін бақылау үшін қолдану мақсатында шығындар жіктемесін қайта қарауға, өндірістік үрдістерін басқарудың жаңа тәсілдерін дамыуға ықпал етеді.

Бухгалтерлік есеп - экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны болашақ мамандық ретінде таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметінің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті:

Зерттеу негізінде ұйымның өзара әртүрлі байланыс көрсеткіштеріне өндірістік, коммерциялық, және қаржы қызметіне қаржы жағдайын жақсарту жағынан қаржы ресурстарының және олардың қолдану жоспардың орындалуына баға беретін көрсеткіш;

Қазіргі заман бухгалтері - бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеру, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара білуі тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.

Осы тақырыпты таңдап алудағы негізгі талабы:

  • еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
  • Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
  • Кәсіпорынның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:
  • Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
  • Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5 -бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ал еңбекақы мөлшері «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71 -бабына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен аз болмауы керек.

Зерттеу пәні болып еңбек ақы бойынша есеп айырысуды бухгалтерлік есебінің жүргізілуінің ұйымдастырылуының әдістемелік және тәжірибелік сұрақтары табылады.

Зерттеу әдістемелік негізі болып отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері мен басқадай әдебиет көздерінен, қаржылық және бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы заңды және нормативті құжаттармен қарастырылған.

Зерттеу объектісі ретінде алынған ұйымның еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып, талдап, оның есебі мен аудитін жетілдіру және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың көлемі дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері және зерттеу объектісі негізделеді.

Бірінші тарауда еңбекақы есебінің теориялық негіздері қарастырылған.

Екінші тарауда кәсіпорынның еңбекақы есебіне және аудитіне түсінік берілген және талдау жасалынған.

Үшінші тарауда кәсіпорынның еңбекақы есебі мен аудитінің жетілдіру қарастырылған.

Ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңызы. Көптеген экономист ғалымдарымыз ауыл шаруашылығы нарығы аса күрделі әрі өзгеше, ал нарық механизімінің өзі ауыл шаруашылығының ерекшеліктеріне байланысты толық жетілмегенін және қарама-қайшылықтың көп екенін дәлелдеді. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар есеп жүйесіне күрделі өзгерістер енгізіп, орталық басқару мен қатаң жоспарлау жағдайларында қалыптасқан бухгалтерлік есеп нарықтық экономикаға тиімсіз болуда. Осыған орай нарықтық экономикаға ену бір жағынан, аграрлық және азық-түлік саясатының тұжырымдамасын талдауды, екінші жағынан ауыл шаруашылығы ерекшеліктеріне, оның материалды-өндірістік ресурстарына негізделетін салада жан-жақты зерттеу негіздерін талап етеді.

Қазіргі кезеңде бүкіл экономика саласында ірі өзгерістер болып жатқан тұста ауыл шаруашылығы субъектілерінде, оның ішінде бидай дақылын өндірумен айналысатын агроқұрылымдарда бухгалтерлік есеп заңы мен стандарттарына сай жүргізілмеуі бұл саладағы басты мәселе болып отыр.

Шын мәнінде, есеп жүргізу тәжірибесінде бидай өндірісіне кекен еңбекақы шығындар есебі, аудитті ұйымдастыру мәселелерінің ортақ шешімін таппауы оларды жетілдіруді қажет етеді.

Сондықтан келешекте өндіріс көлемін ұлғайту мен жоғары сапалы өнім өндіру, шаруашылық басқару жүйесінің әрі қарай дамуын талап етуде. Ал осы жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда қажетті алғы шарттар жасау үшін бидай шаруашылықтарында бухгалтерлік есеп пән аудитті жетілдіруде өнім өндірісіне кеткен еңбекақы шығындар есебі өзекті болып табылады.

1. Еңбекақы есебін ұйымдастырудың теориялық негізі

1. 1 Еңбек ақы есебі және нормативтік реттеу

Еңбек пен еңбекақы есебі - жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.

Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар: еңбек ақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау; бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбек ақы қорынан жалақыны ұстап қалу; шаруашылық жүргізуші кәсіпорынның әрбәр жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу; белгіленген мерзімде еңбек ақы бойынша есеп айырысу; жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметінің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.

Еңбек және еңбек ақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы еңбек туралы» заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілерімен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісімшартпен реттеледі.

Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйлық ақы жүйесі белгіленеді.

Әрбір қызметкердің еңбек ақылық табысы кәсіпорын қызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды.

Еңбек ақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбек ақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71-бабы) ең аз шамадағы еңбек ақы мөлшурінен төмен болмауы керек.

«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 7, 8 - бабына сәйкес қызметкердің мынадай құқысы бар: қандай-да бір кемсітушіліксіз (дискриминация) тең еңбекке еңбек ақы алуға; қауіпсіздік және тазалық (гигиена) талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге; кепілдік және өтем ақы алуға және т. б

Жұмыс берушінің құқықтары: қызметкерлерді көтермелеуге олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет ететін тәртіп бойынша материалдық және жауапкершілікті талап етуге; қызметкер келтірген зиянның орнын толтыруға және т. б.

Жұмыс берушінің міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде, жеке еңбек келісім-шарттарында, ұжымдық келісім-шартта, жұмыс берушінің актісінде қарастырылған еңбек ақыны және басқа төлем ақыларды уақытылы және толық төлеу; еңбек туралы заңдағы, ұжымдық келісім-шарттағы талаптарды сақтау; Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде қарастырылған шарттар мен тәртіптер бойынша зиян шеккен қызметкерге жәрдем беру; Қызметкерге қауіпті және зиянды жұмыс жағдайын, болуы мүмкін кәсіби ауруды ескерту және т. б.

Жеке еңбек келісім-шарттарында негізгі тармақтар қамтылуы керек: еңбек жағдайының сипаты, жұмысшыға жұмыстың қауіпті және зиянды жағдайы үшін немесе көп күш жұмсауды керек ететін ауыр еңбек үшін кепілдік беру және өтемақы төлеу; жұмыс уақыты және демалыс уақытының режимі; өтемақы мен еңбекті қорғау жағдайы; өтемақы төлеу және кепілдік беру тәртібі т. б(«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 9-бабы) .

Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын қарастыратын жеке еңбек келісім-шарттарына отыруға құқығы бар.

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 13-бабына сәйкес қызметкердің еңбек ететінін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісім-шарты немесе жұмысқа қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі.

Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйым мен бірге басқа орынға көшіру қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша, жеке еңбек келісім-шарттарына соған сәйкес өзгертулер енгізумен ғана іске асырылады.

Қызметкерді сол ұйымда басқа орынға, сол орынның басқа құрылымның бөлімшесіне көшіру үшін мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру үшін (егер бұл жеке еңбек келісім-шарттарында өзгерістер тудырмайтын болса) қызметкердің келісімі талап етілмейді («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 17, 18-бабы) .

Қызметкерге еңбек жағдайының өзгеретінін бір ай бұрын (одан кем болмауы керек) хабарлау керек.

Еңбек жағдайы өзгерген жағдайда жеке еңбек келісім-шарттарына сәйкес толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Егер қызметкер жаңа жағдайда жұмыс істеуге келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 26-бабының 7-тармағына сәйкес онымен келісім-шарт бұзылады.

Өндірістік қажеттілік пайда болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді бір айға дейін оның келісімінсіз жеке еңбек келісім-шартында қарастырылмаған және денсаулығына қауіп төндірмейтін сол ұйымдағы, сол орындағы басқа жұмысқа бұрынғы жұмыстағы айлық еңбек ақысынан кем болмайтын еңбек ақымен ауыстыруға құқығы бар.

Мұндай ауыстыру стихиялық апаттың, өндірістік апаттың алдын алу немесе жою немесе салдарын дереу залалсыздандыру қажет болған жағдайда ғана іске асырылады («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 20-бабы) .

Жұмыс болмай қалған жағдайда (жұмыс беруші қызметкерді мамандығына, біліктілігіне сай, денсаулығына қатер төндірмейтін, оның келісімінсіз бір айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар. Егер қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 7-тармағына сәйкесонымен жеке еңбек келісім шарты бұзылады. Жұмыс болмай қалған және қызметкердің болмауына байланысты жағдайда оның орнына бір білікті қызметкерді біліктілігіне сай келмейтін жұмысқа уақытша ауыстыруға оның жазбаша келісімінсіз ауыстыруға рұқсат етілмейді. («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 21, 22- баптары) .

Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 23-бабындағы қарастырылған шарттары мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады.

Жеке еңбек келісім-шарты мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін: ұйым таратылғанда (заңды тұлғаның), жұмыс берушінің қызметі тоқтағанда (жеке тұлғаның) («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 1-тармағы) ; қызметкерлердің штаты немесе саны қысқартылғанда («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 2-тармағы) ; әскери қызметке шақырылғанын растайтын құжат негізінде қызметкерді үш күндік мерзімге босатқанда («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 30-бабы, 1-тармағы) .

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 27-бабы, 3-тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттарында өтемақының мөлшері және басқа негіздері белгіленеді.

Қызметкер жұмыс берушіге өзінің жұмыстан кететінін бір ай бұрын жазбаша ескертіп, жеке еңбек келісім-шартын тоқтатуға құқылы.

Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісім-шарты ескетілген мерзім біткенше тоқтатылуы мүмкін.

Қызметкердің бастамасы бойынша жеке еңбек келісім-шартын бұзу негіздері «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 28-бабында қарастырылған.

Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысандары еңбекақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Жалақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады.

Кесімді еңбекақы - жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.

Жеке кесімді еңбекақы жүйесі- Мұндай жүйеде еңбекақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты. Оны белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.

Бригадалық кесімді еңбекақы жүйесі - Жұмысшылардың еңбекақысын біржүйеде бригада учаске жұмысшының нәтижелері бойынша анықтайды.

Еңбекақы жөніндегі бағалар жекелей (әрбір жеке кәсіп үшін) және кешенді (бригаданың бүкіл ұжымы үшін) болуы мүмкін. Жекелеген бағаларды қолданғанда әрбір жұмысшы еңбекақысының жұмыс үшін белгіленген бағаларды бүкіл бригада (учаске, цех) болып дайындалған бұйымдардың санына көбейту арқылы табылады. Кешенді бағаларды қолданғанда жұмысшы еңбекақыны былай анықтайды. Алдымен кешенді бағаны бүкіл ұжым болып дайындаған бұйымдардың санына көбейту арқылы бүкіл ұжымға (бригадаға, учаскеге) тиісті еңбекақысын есептеп шығарады.

Есептеп шығарған еңбекақыны әрбір жұмысшының жұмыс істеген уақытына және оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес «Бұлақ - Астық» ЖШС - ы мүшелеріне бөлінеді. Оны бөлгенде қосымша еңбек ақының коэффициенттері, коэффициент сағаттар немесе коэффициент күндер пайдаланылады. Қосымша еңбекақы коэффициентін анықтағанда «Бұлақ - Астық» ЖШС - ы құрамына енетін әрбір жұмысшының сағаттық немесе күндік төлем мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де оның тарифтік мөлшері бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін бүкіл «Бұлақ - Астық» ЖШС -ның кесімді еңбекақысын тарифтік төлем мөлшеріне бөліп, бригаданың еңбекақысының орташа коэффициентін табады. Әрбір жұмысшының тарифтік еңбекақысын еңбек төлемін қосымша еңбекақы коэффициентіне көбейту арқылы әрбір жұмысшының нақты кесімді еңбек ақысы анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік коэффициенттерді қолданғанда да еңбекақысын бөлу жөніндегі есеп айырысуды осылай жасайды. Жанама кесімді еңбекақы жүйесі-мұнда көмекші және басқа жұмысшылардың еңбекақысын қызмет көрсетіп отырған учаскенің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлеміне шаққан пайызбен анықталады.

Еңбекақының кесімді-сыйлықтық жүйесі - өндірілген өнімнің (жұмыстың) санына төленетін төлемнен өзгеде жұмысшыға белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін (өндірістік жоспарларды, нормаланған тапсырмаларды өндірім нормаларын орындағаны үшін және асыра орындағаны өнім сапасын арттырғаны үшін шикізаттарды, материалдарды, отындарды үнемдегені үшін жабдықтың техникалық жұмыс режимін сақтағаны үшін) сыйлық төлейді.

Үдемелі кесімді еңбекақы жүйесі бойынша-еңбекақының бұл жүйесінде кесімді жұмысшылардың белгіленген нормалардан артық өндірген өнімі үшін көтермелеу көзделеді. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін проогрессивті үдемелі бағалар бойынша есептейді.

Еңбекақының аккордтық жүйесі - бұл жүйеде жұмысшылардың еңбекақысын жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды, онда нормаланған тапсырма (уақыт, өндірім нормалары) және баға алдын-ала анықталған. Еңбекақының бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригаданы, бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімін қысқартуда олардың материалдық ынталылығын күшейту мақсатымен қолданылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт өндірім нормалары) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда осындай жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалармен бағаларды шығарып белгілейді.

Еңбекақының бұл жүйесі бойынша тапсырма мерзімдерінің қысқартылғаны үшін сыйлық беру тәртібін енгізуге болады.

Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың даму, жұмысшылардың мамандықтары жетіліп еңбекақысында нақты сараланудың кемуі нәтижесінде кесімді жүйенің қолданыс аясы қысқарады да, ал жұмысшылардың еңбекақысының мерзімдік-ұжымдық және мерзімдік -сыйлықтық жүйесімен алмастыратын болады.

Қарапайым мерзімді еңбекақы . Еңбек төлемін сағаттық, күндік, айлық, тарифтік төлем мөлшері немес айлық еңбекақы бойынша есептейді. Оның көлемін жұмыс істеген уақыт санына белгіленген тарифтік төлем мөлшеріне көбейту арқылы анықтайды. Бұл жүйені негізінен басшы қызметкерлердің, мамандардың, кіші қызмет көрсететін адамдардың еңбек төлемі үшін қолданылады.

Еңбекақының мерзімдік - сыйлықтық жүйесі - бұл жүйеде еңбек төлемін еңбекақының қарапайым мерзімдік жүйесіндегідей жасайды, бірақ жұмыс істеп жүргендер сыйлықты белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін алады.

Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру еңбекақы қорынан мынадай және тұтыну қорынан мынадай көрсеткіштер (ережелер) бойынша жүзеге асырылады: өндірістік тапсырмалар және жеке тапсырмалардың, техникалық тұрғыдан негізделген өндірім нормаларының, нормаланған тапсырмалардың орындалуы және асыра орындалуы, еңбек өнімділігінің, өндірімнің өсуі, бұйымдардың нормаланатын көп жұмыстылығының төмендеуі өндірім (уақыттың және қызмет көрсетудің) жаңа нормаларының игерілуі өндіріс бригадасының учаскесінің, цехының шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелерінің жақсартылуы және т. б. Сыйлықтардың мөлшері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері мен топтары бойынша сараланып белгілейді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленілетін қаражат мөлшеріне бригаданың әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі.

Еңбекақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне өнімнің өзіндік құнын төмендеуіне және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек ақысы жұмыстың соңғы нәтижелерімен қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестерімен анықталуға тиіс және ең көп мөлшерімен шектелмейді .

Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі төлем - қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін істелген жұмыстардың немесе берілген баға немесе айлық еңбекақы бойынша өндірілген өнімнің саны мен сапасы үшін есептелген еңбекақысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнірістік жұмысшылардың еңбекақысы
Фермерлік шаруашылық Дархан шаруашылықтың қаржылық- экономикалық көрсеткіштерінің талдауы
«Приречное» ЖШС-тің кәсіпорнының қысқаша сипаттамасы
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру
Астық өндірісінің бухгалтерлік есебі
Шаған агрофирмасының шаруашылық операциясына бухгалтерлік жазулар шығындар
Нарық жағдайындағы шаруа қожалықтар
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚР ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz