Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар беру


- МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ЕТУ ӘРЕКЕТТЕРІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
І. 1. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің психологиялық
тұрғыдан теориялық алғы шарттары
І. 2. Ересек адамдар мен балалардың психологиялық
ерекшеліктері
І. 3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуді психологиялық
жағынан қалыптастыру және оның әдістері
II. ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Қазіргі мектептердегі тәрбиенің мазмұны
- Тәрбие спецификасы және ерекшеліктері
1. 3 К. Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесі
1. 4 Тәрбиелеудің жалпы сипаттамасы
ІІI. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДЛАГОГИКАДАҒЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ
2. 1 Әл-Фарабидің тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы
2. 2 Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы
(1499-1551)
2. 3 Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық теориясы
2. 4 Ұлы адамдардың тәрбие жайлы пікірлері
2. 5 Қазақ мәдениетіндегі еңбек құндылығы
2. 6 Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
ІV. ОҚУШЫЛАРҒА ЕҢБЕК ПРОЦЕСІНІҢ БАРЫСЫНДА АЗАМАТТЫҚ, ҚҰЛЫҚТЫЛЫҚ, ЭСТЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚҰРЫЛЫМДАР БОЙЫНША КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
3. 1 Еңбек сабақтарында дамуында балаларды еңбекке тәрбиелеудің
маңызы
3. 2 Жастар еңбек тәрбиесі
3. 3 Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша (бала құқықтары туралы Конвенция)
КОРЫТЫНДЫ
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- КІРІСПЕ
Мектептер қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлгісін қосары мол. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі заманның сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, ауыл және қала жағдайына жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.
Солардың бірі мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. Мектептерде сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны-оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамытады.
Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасында байланысты қамтамасыз етуге, оқу - тәрбие процесін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімділікке жетуге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Мектептерде оқу және тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегідей жұмыстар арқылы жүзеге асырылады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мұражайларда, мәдени мекемелерде мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
- ауылдық гимназияларда, лицейлерде оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;
- таңдауы бойынша, еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша олимпиадалар жүргізу;
- кәсіптік бағдар бойынша соған сәйкес бағдарламаларын оқыту кезінде арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пән аралық оқу сабақтарын жүргізу;
Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттерін кіріктіру бірыңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, онда әрбір құралдар тәрбиелік және білімдік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі.
Мектептің басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни, ауылдық және қалалық мектепжағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сабақтан тыс жұмыстың мазмұның, мақсат - міндеттерін кіріктіре алатын болады. Бұған мектеп ұжымының және сыныптардың аздығы, оқу процесін икемді құру мүмкіндігі, қоршаған ортамен неғұрлым терең байланыстар септік етеді.
Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие процестерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттары:
- ұлттық және жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, мектептің тәрбие қызметінің қала істерімен, қала тіршілігімен байланыстырылуын (мектеп пен қаланың мерекелерді бірлесіп өткізуді, қоршаған ортаны қорғау және оған қамқорлық жасау) қамтамасыз ету;
- оқушылардың қызығушылығы мен сұраныстарына қарай шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер, секциялар ұйымдастыру;
- оқушылардың мектепте демалыс уақытын (шығармашылық байқаулар, пікір сайыстар, тақырыптық кештер, көңілділер мен тапқырлар клубы, спорттық жарыстар және т. б. ) ұйымдастыру;
- оқушылардың клубтық бірлестіктерін, үлкендер мен балалардың шығармашылық ұжымдарын ұйымдастыру үшін жергілікті мамандар мен мұғалімдерді тарту;
- оқушыларды саналы түрде кәсіп таңдауға, экономикалық білімдерді, ауылдағы өндірістік технологияларды меңгеруге дайындау;
- оқушылар ұжымында өзіндік басқаруды дамыту: оқушылар арасынан үлкен оқушылар мен кішкене оқушылардың ынтымақтастық қатынастарына негізделетін әртүрлі жастағы топтардың әрекеттерін ұйымдастьруға ықпал етуге қабілетті үздіктерді анықтау;
- мектептің қоршаған ортамен байланысын кеңейту, қала оқушыларының қарым - қатынасқа зәрулігін болдырмау.
Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы ақыл - ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін кеңейту - пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығу бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдары желісін құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады.
Жалпы алғанда, сабақтан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан - жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс - әрекеттердің қорытындысы шығады және сабақтан тыс жұмыстар арқылы балалар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.
Қазіргі қоғамда мектеп оқушыларының тәрбиесі мәселелі жағдайда. Әр бала тәрбиені ауадай қажет етеді. Бала тәрбиесіне педагогтар мен ата - аналар көп көңіл бөлу керек. Тәрбиені тек мектепте ғана емес, сыныптан тыс уақыттарда жүргізу керек. Бұл дипомдық жұмыста жалпы тәрбие шаралары өте жақсы көрсетіліп, талданған.
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде партия Төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз баяндамасының төртінші бөлімін қазіргі қазақ қоғамындағы құндылықтарды қайта қарау қажеттігіне арнап, көшбасшы партияның қоғамдағы құндылықтардың оң жүйесін қалыптастырудағы орнын көрсетіп берген болатын. Сонда асқан сарабдалдықпен көтерілген еңбекқорлық пен кәсібилікті дәріптеу керектігі өз өзектілігін ешқашан жоғалтпақ емес, ол жаңа мақсаттар биігін межелеген 2010 жылдағы Елбасы Жолдауын жүзеге асыру тұрғысынан да өте маңызды. Себебі адал еңбекті биік құндылық деп білмеген жерде, адал еңбекпен сый-құрметке бөленбеген елде іскерлікке тірек болар еңбек мәдениеті қалыптаспайды. Ендеше, Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын экономикалық өрлеуге жол бастаймыз десек еңбек адамына деген құрметті арттыруымыз, таза еңбекпен байлыққа кенелу мүмкін деген сенім қалыптастыруымыз қажет.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және қүндылығы
артады.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болды.
Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да баланы еңбекке тәрбиелеу үйелменнің қасиетті борышы. Жас ұрпақтың еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырланды.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, "он саусағынан өнері тамған" нақты кәсіп иесі болуын көздеді. Бұл жерде еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады.
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды енбекке психологиялық және практикалық тұрғы-дан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдарын қарастыру.
Бұл істе әр түрлі әдебиеттер, бұқаралық-ақпарат құралдарының хабарлар, халық даналығы - мақалдар мен мәтелдер пайдаланған.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектептегі еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттерін қарастыру. Еңбекке үйрету және оған байланысты оқуды ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу.
- Оқушыларға еңбек процесінің барысында азаматтық, құлықтылық, эстетикалық аспектілер мен құрылымдар бойынша кәсіптік бағдар берудегі оқытушының рөлі.
Зерттеу объектісі: Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар беру.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат тәжірибеден.
Дипломық жұмыс: Кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу тапсырмалары:
- Тәрбие әдістері мен теориясының дамуын талдау.
- Сабақта және сабақтан тыс тәртіпті құру, негізгі түсінігін құрастыру.
- Сыныптан тыс тәрбие жұмысының психологиялық себебін талдау.
- Сынып оқушыларының жеке бас ерекшеліктерінің көрінуі бойынша диагностикалық жұмысты көрсету.
- Тәрбие әсері мен педагогикалық әдістерді сынып оқушыларына тәртіпті жақсарту үшін кешенді өндеу жүргізу.
- Сынып оқушыларының индивидуалдық жұмыстарын жүргізу.
- Сынып оқушыларының сыныптан тыс жүргізілген жұмыстарда көрінген ерекшеліктерін талдау.
І. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ЕТУ ӘРЕКЕТТЕРІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
І. 1. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің психологиялық
тұрғыдан теориялық алғы шарттары.
Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап, әрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт бағдар таңдауға қабілетті, яғни белсенділік көрсете алды. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы белсенділік көрінісі ісәрекет деп аталады. Адам ісәрекеті күрделі құбылыс. Оның қыртараптарын әртүрлі ғылымдар зерттейді: әлеуметтік мағынасын қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механизмдерін физиология пәні; ал психология ісәрекеттің психикалық болмысын танумен шұғылданады. Ісәркет психологиясын зерттеуде, әдетте, назарға жеке дара адамның ісәрекеті алынады, ал кейінгі уақыттары психологиялық зерттеулердің объектісіне бірлікті, ұжымдық ісәрекет те алынып жүр.
Адам ісәрекетінің нәтижесі нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсады. Тіпті адам бір нәрсені тек өз қажеттігіне жасап жатқаннын өзінде, ол өз еңбегінеде басқалардан алған білімдерін қолданып, олардың тәжірибесін пайдаланады.
Ісәрекет қоғамдықтарихи категория. Шынында да, қалаған жеке ісәрекет қоғам қызметімен тығыз байланыста, әрбір тұлға басқа адамдармен қарымқатынаста. Жеке ісәрекет қоғамдық ісәрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарастырылады. Қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс жеке, дара ісәрекет жасалмайды. Жеке ісәрекет қоғамдық ісәрекеттің құрылымды бөлігі болғандықтан, оны зертеп талдау да осы жеке әрекеттің қоғам өміріндегі рөлін білуден басталғаны жөн. Сондықтан жеке ісәрекет белгілі қоғамның кезеңдік тарихи даму сатысындағы қалыптасқан нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.
Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың ісәрекетінен тыс болуы мүмкін емес. Керісінше, ісәрекеттің қайсысы болмасын қоғамдық қатынастардың іске ауысуын байқататын негізгі формалардың бірі. Белгілі қоғамдағы ісәрекет түрлері сол қоғамдағы өндірістік күштердің даму деңгейі және қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Ісәрекетте ғана адам қоғамдық тұлға, азамат болып танылады.
Ісәрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектінің обьектімен байланысы. Қандай да бір ісәрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңілкүй шарпулары туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниетұстамдары мен қатынастары т. б. қалыптасады. бұларсыз ешбір ісәрекет болуы мүмкін емес. Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердің бәрі осы ісәрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді.
Ісәрекет қырларының ішінде психологияның зерттейтіні ісәрекеттің субьективтік жоспары, яғни әрекетшең адамның дүние шындығын өзінше бейнелеу деңгейі, түрі және формалары. Бұл бағытта психологияны қызықтыратын факторлар: түрткі, мақсат қою, ерік жұмсауғ эмоциялар білдіру т. б. қоғамдық қатынастарды субъектив бейнелеудің арнайы формалары. Субьективке байланыссыз ісәрекет ешқандай психологиялық сипатқа ие емес. Ондай қасиет тек әрекет иесі субьективте ғана болады.
Белгілі жағдайда адамды, нақты ісәрекетке бағыттайтын ықпал қандай нәрсе? Адамды барша тіршілік иесі сияқты белсенді ісәрекетке келтіретін күш бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік және дамуының қажетті жағдайларына тәуелділігінің көрсеткіші.
Хайуанаттар әлемінде қажеттілікті қамтамасыз ету белсенділікке мәжбүр ететін қандайда бір табиғи затқа байланысы (қорек, ін, қарсы жынысты түр, т. б. ) . Ал адам қажеттіктері өндіріс пен мәдениеттің даму салдарынан туындайды. Егер жануарлар қажетсінуін табиғи (органикалық) деп есептесек, онда адам қажеттігі табиғи қажеттікке үстеме, тікелей заттық мәні мен әрекетінен алшақтап, жанама түрге келген құбылыс. Мысалы, сәбидің стол басында отырып, қасықпен тағам қабылдауы оның жалғызақ тамаққа деген қажетсінунен емес. Столдың да, қасықтың да тіпті керегі жоқ. Бірақ қоғамда қабылданған тәрбие талаптарына орай аталған заттар негізгі табиғи қажеттілікті қамтамасыз ету үшін керек болған қосымша қоғамдық қажеттіліктер. Адамның қылықәрекетінің формасы тікелей қажеттіліктен емес, ал сол қажеттілікті қанағаттандыру үшін қоғам тарапынан қабылданған әдістерге тәуелді.
Адамның өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуде нақты қоғамда тарихи қалыптасқан тәсілдерді пайдалануы осы қажеттілікті орындаудағы жеке және қоғамдық әрекеттің бірігуінен айқын көруге болады. Бұл сондайақ әрбір жеке адамның өзінің ең қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижелерін пайдаланады (шаһарлықтар ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруде, жинауда қатыспайды, бірақ өз өнімдерін айырбастау арқылы ауыл өнімдерін қажеттігіне пайдаланады) . Қажетсінудегі жеке және қоғамдық мүдделердің байланысты болуын әрбір адамның жеке көптеген қажеттіліктерінің өзі араласқан қоғам, ұжым, топ қажеттіліктерімен тығыз байланыста болуынан деп түсіндірген орынды. Сондықтан да бір топқа саналы біріккен адамдардың қажеттіліктері де бірыңғай келеді (мысалы, отбасында, сыныпта, бригадада) .
Қажеттіліктерді келіп шығу көзі және мазмұны бойынша бөлуге болады. Өз туындауына орай қажетсінулер табиғи және мәдени сипатқа ие. Табиғи қажеттілік адамға өз тіршілігін сақтау мен қуаттау және ұрпақ жалғасы үшін керек (тағам, ұйқы, суыұтан және ыстықтан сақтану т. б. ) . Табиғи қажеттіліктер қамтамасыз етілмесе, адам тіршілігі күйзеліске түседі, не жойылады. Ал мәдени қажеттіліктер объектісіне қандай да табиғи қажеттіліктерді іске асыру үшін қолданылатын заттар (шанышқы, қасық т. б. ), сондайақ басқа адамдармен қатынас үшін, қоғамдық өмірге араласу үшін керекті мүліктер. Мәдени қажеттіліктердің қамтамасыз етілмеуінен адам өлмейді, бірақ оның әлеуметтік болмысы жойылады.
Қоғамдық талаптар да мәдени қажеттіліктердің сан алуандығына бастау береді. Әр топтарға араласа жүріп, жастар кең ауқымдағы мәдени қажетсінулерге ұшырайды; сәнді, заманына сай киімнн, кино кейіпкерлерінің суретінен бастап, мәнді әрі қызықты кітапқа дейін. Ал енді осы қажеттіктерінің ішкі, субъектив бағасы адамның құндылық талғамы мен көзқарасына тәуелді болса, олардың сыртқы, объектив құны қажеттіктердің адам өмір сүріп атқан қоғам талаптарына сай келуіне байланысты.
Мазмұндық сипаты бойынша құндылық (тағам, киім, баспана, тұрмыстық мүліктер т. б. ) және рухани құндылық қоғамдық сана өнімдеріне тәуелдіктен шығатын (ой, пікір алмасу қажеттігі, ақпарат қажетсіну, әнкүй тыңдап, сұлулықты сезіну керектігі т. б. ) құндылықтар болып бөлінеді. Адам қажеттіліктерінің бәрі өзара тығыз байланысты. Заттық қажетсінулер орнына келмей, рухани қажеттілік қанағатын таппайды.
Алайда, қажеттілік өздігінен саналы әрекет туындата алмайды, болған күнде де инстинктік не ойсыз қылықа себеп болуы мүмкін. Мақсат бағдарлы ісәрекет түзілуі үшін қажеттілік қамтамасыз етуге керек болған затпен сәйкестендірілуі тйіс. Саналы танылған және қабылданған қажеттілік әрекетқылықтың түрткісіне айналады. Ісәрекеттің психологиялық тұрғыдан түрткі және мақсат түсініктеріне үлкен мін беріледі. Түрткісі сондайақ мақсат бағдарсыз әрект тіпті болуы мүмкін емес. Түрткі мен мақсат ісәректтің бағдарын анқтайтын сілтеукөрсеткіш қызыметін атқарып, сол әрекетті орындауда субъектіге керек болған күшқуат мөлшеріне де айқындауға жәрдемін береді. Осы түрткі мақсатты ісәрекетбарысында өрістейтін, қалыптасатын психикалық процестер мен қалып, қасиеттердің бәрін жүйелестіріп, ұйымдастырады.
Адам ісәрекеті, қылығы жөнінде сөз қозғалғанда, алдымен назарға алынатын нәрсеәрекетке итермелеуші субъектив толғаныс ықпалдары. Осы түрткі ықпалдар адам әрекетқылығының қозғаушы күші, себебі. Жалпыланған түрде түрткіобъектив заңдылықты қажетсінудің психикалық бейнесі. Қажетсінуден адам әрекетқылығы белгілі түрге, формаға енеді.
Бірақ, әрекетке келтіруші ішкі субъектив ықпал бола тұрып, түрткі ісәрекеттің нақты сипатынанықтап бере алмайды. Бір түрткінің әрқилы ісәрекетте жүзеге асуы мүмкін емес. Қажеттілік пен оны қнағаттандыру әдістерінің арасында бір жақты, қатып қалған байланыс жоқ. Қандай да бір белгілі түрткіге орай туындаған ісәрекеттің қандай күйде болатын мақсат анықтайды. Естен шығармайтын жәйт; бір түрткі негізінде әрқилы мақсаттар қойылуы мүмкін. Түрткі жалпы әркетке итермелесе, мақсат нақты қызметті белгілейді. Түрткі әрекетке келтіруші қажеттілікке байланысты, ал мақсат әрекет бағытталған әрекет бағытталған және сол әрекет барысында өнімге айналатын затқа байланысты.
Ісәрекеттің мақсаты дегеніміз сол іс әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын санада болжау. Осы болжау, яғыни мақсат, заң ретінде адам әрекетінің сипаты мен әдісін анықтап береді. Мақсат, сонымен, алдын ала бейнелеудің құралы. Мақсат жеке орындалтын қызметке тыстан келіп қосылмайды, оны сол әрекетті іске асыраушы адамның өзі белгілейді. Бұл процеске нақты адамның оқу, тәрбие барысында игерген қоғамдық тәжірибесі қосылады. Белгіленген мақсат қызмет барысында іске асады. Сонымен бірге ісәрекеттің күрделілігі мақсат пен ісәрекет мақсат пен ісәрекет объектінің арасындағы жақын сәйкестікке, әрекетті орындауға қажет құралжабдықтың болуына байланысты.
Әдетте, адам ісәрекет процесінде бір емес, ал бір топ өзара тәуелді мақсаттар жүйесін негіздеуі мүмкін. Мысалы, оқушы алгебрадан нақты бір ееп шығарады, мұндағы ең жақын мақсаттапсырманы дұрыс орындау, ал енді мұнан былайғы мақсаттардың бәрі қашық, жанама, бірақ қажетті: алгебраны үйрену, математиканы игеру сауатты адам болу, білгір маман болып жетісу. Осыдан мақсаттар жақын арада іске асатын не ұзаққа көзделген сипатымен бөлінеді. Егер адам тек жақын мақсаттарды басшылыққа алса, оның іс әрекетінің келешегі болмайды. Мұндай адамдар тар өрісті, үлкен қиындықтарға төзімсіз келеді. Ал үлкен, ауқымды себептерді жетекшілікке алған адам өз жұмысының ізгі, басты мақсатына керекті саты, кезеңдік міндет деп қарастырады. Мұндай адамдарды қиыншылықтар жұмыстан бездіре алмайды, керісінше, белгіленген міндеттерді іске асыру жолында ынтасын күшейте түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz