Фермерлік шаруашылық Дархан шаруашылықтың қаржылық- экономикалық көрсеткіштерінің талдауы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . . 3

1 Еңбекті төлеу есебі және аудитінің теориялық негіздері.

1. 1 Еңбекақы есебі және оны нормативтік реттеу . . . 4

1. 2 Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі . . . 14

1. 3 Еңбекті төлеу аудиті . . . 23

2 Фермерлік шаруашылық «Дархан» шаруашылықтың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы.

2. 1 Фермерлік шаруашылық «Дархан» шаруашылықтын қысқа сипаттамасы және техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы . . . 25

2. 2 Фермерлік шаруашылық «Дархан» шаруашылықтың қаржылық жағдайын

талдау . . . 28

2. 3 Еңбекақы бойынша шығындар есебін талдау . . . 35

.

3 Шаруашылыктың еңбекті төлеу шығындары есебін және аудитін жетілдіру.

3. 1 Еңбекті төлеу шығындар есебін жетілдіру . . . 43

3. 2 Еңбекті төлеу бойынша есеп айырысу аудитін жүргізу . . . 50

3. 3 Еңбекті төлеу бойынша ұсталатын ұсталымдар аудиті . . . 54

Қорытынды . . . 60

Қолданылған әдебиет тізім . . . 62

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еңбек және еңбекақы деректері өңдірістік процесті оперативтік басқару үшін қажетті «Еңбек Кодексіне» сәйкес жұмыс берушімен жұмысшының арасындағы еңбек қатынасы нормативтік құқықтық актілермен, заңға сәйкес бекітілген ұжымдық келісім шартпен реттеледі. Кәсіпорын дербес болғанымен еңбек заңына сәйкес штат кестесі формалары және еңбекақы, сыйақы жүйелері белгіленеді. Әр бір қызметкердің еңбекақы табысы кәсіпорын қызметкерлердің қортындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша аңықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғарғы көлеміне шектеу қойылмайды. Еңбек - адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі делінген. Егер осы анықтаманы талдай келсек, еңбек - адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталатын мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек процесі басталуы үшін өндіріс құрал-жабдықтарын жұмыс күшімен қосу керек. Жұмыс күші дегеніміз - адамның еңбекке қабілеті және рухани күштерінің жиынтығы, адам соның арқасында материалдық және рухани игіліктерін өндіреді. Әр еңбектің қорытынды жиынтығы болуы керек және ол қоғамға белгілі болып танылуы тиіс.

Тәжірибелік маңызы. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ең басты бөлігінің бірі - еңбекақыны есептеу, ұйымдастыру және тарату болып табылады.

Еңбекті ұйымдастыру және жалақыландырудың экономикалық құрал ретінде маңызы өте зор. Қалыптасқан нарықтық қатынастар жағдайында еңбекті ұйымдастырумен ақы төлеу мәселесіне қойылатын талаптар төмендетілген емес. Жұмыс күшіне деген бағаның нарықтық реттелуіне сүйене отырып, үкімет мемлекттің реттеуші функцияларын азайтуда. Қазіргі таңда шаруашылық құрылымдарды еңбек ұйымдастыру мен жалакыландыру саласында тәуелсіз.

Зерттеу дәрежесі. Бұл тақырыптың өзіндік маңыздылығы кез-келген кәсіпорын мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу, қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселесінің бірі. Белгілі уақыттағы ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу, еңбекақы есебін маңызды элементі болып табылады. Еңбектің күрделілігіне, мамандық дәрежесіне қарай еңбекақы төленеді. Маңызды элементтің бірі тиісті еңбекақымен қатар қосымша төлемдер жүргізіледі. Сол қосымша ақылар құрамына жас өспірімдерге еңбекақы төлеу. Әрине, белгіленген заңға сәйкес қысқартылған жұмыс күніне байланысты еңбекақы төленеді. Ең маңыздысы күндізгі ақыға қарағанда тарифтік мөлшері жоғары болады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі ретінде Ф/Х «Дархан» алынды.

Мақсаты -жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айрысу есебін және аудитінің ұйымдастырылуын зерттей отырып, жетілдіру жолдарын анықтау. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей мәселелер қойылып шешіледі:

1. Еңбекақыны зерттеудің теориялық негізін қарастыру;

2. Еңбекақы есебін жүргізу тәртібін зерттеу;

3. Еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебін көрсету;

4. Еңбекақыдан ұсталымдарды қарастыру;

5. Еңбекақы қорын талдау;

6. Еңбекақыға жүргізілген аудит;

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті - еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - жұмысшылар мен қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айрысу және оқып -үйрену, бухгалтерлік есеп әдістемелерін дамыту және тәжірибелік жұмыс барысында қолдану.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеті істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін, еңбек өнімділігін дұрыс бағалау, сонымен қатар жұмсалған еңбектің саны мен сапасын, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қорытындыдан тұрады.

1 Еңбекті төлеу есебі және аудитінің теориялық негіздері

1. 1 Еңбекақы есебі және оны нормативтік реттеу

Еңбек пен еңбекақы есебі жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өңдірістік шығын сияқты мәліметтерді түгел қамтитын операциялық деректерді талап ететін маңызды және күрделі жұмыстың бірі болып табылады.

Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:

  1. Еңбекақы қоры және жұмыс уақытының пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
  2. Бастапқы құжаттарды уақытымен, дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны есептеу;
  3. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорынның әр бір жұмысшыларына жалақыны уақытымен және дұрыс есептеу;
  4. Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
  5. Жалақы бойынша шығындарды өңімнің, жұмысшылардың және қызметкерлердің өзіндік құнына дұрыс және уақытымен қосып отыру.

Еңбек және еңбекақы деректері өңдірістік процесті оперативтік басқару үшін қажетті «Еңбек Кодексіне» сәйкес жұмыс берушімен жұмысшының арасындағы еңбек қатынасы нормативтік құқықтық актілермен, заңға сәйкес бекітілген ұжымдық келісім шартпен реттеледі. Кәсіпорын дербес болғанымен еңбек заңына сәйкес штат кестесі формалары және еңбекақы, сыйақы жүйелері белгіленеді. Әр бір қызметкердің еңбекақы табысы кәсіпорын қызметкерлердің қортындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша аңықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғарғы көлеміне шектеу қойылмайды. Еңбекақы мөлшерін жұмыс беруші өзі белгілейді және оның белгіленген еңбекақы мөлшері ҚР-ң заңында белгіленген ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмау керек. «Еңбек Кодексіне» сәйкес қызметкерлердің мына құқықтары бар:

  1. Қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайда жұмыс істеу;
  2. Қандай да бір келістушіліксіз тең еңбекақы алуға;

Кепілдік және өтем ақы алуға т. б. жұмыс берушінің құқықтары:

  1. Қызметкерлерді көтермелеуге, олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет ететін тәртіп бойынша материалдық жауапкерлікті талап етуге;
  2. Қызметкерлер келтірілген зиянның орнын толтыруға т. б.

Жұмыс берушінің міндеттері:

  1. Еңбек туралы заңындағы ұжымдық келісім шарттағы талаптарды сақтау;
  2. ҚР-ң нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек келісім шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде қарастырылған еңбекақыны және басқа төлем ақыларды уақытымен және толық төлеп отыру;
  3. ҚР-ң нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған шарттар мен тәртіптер бойынша зиян шеккен қызметкерлерге жәрдем беру;
  4. Қызметкерлерге қалыпты және зиянды жұмыс жағдайларды, болуы мүмкін кәсіби ауруларды ескерту т. б.

Жеке еңбек келісім шарттарда келесі тармақтар қарастырылу керек: еңбек жағадайдың сипаты, қауіпті және зиянды жұмыс жағдайы үшін немесе еңбек үшін кепілдік және өтем ақы төлеу тәртібі, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі еңбекті қорғау жағдайы, еңбекақы мөлшері және төлеу тәртібі және т. б.

Кез-келген қызметтің бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын қарастырылған жеке келісім шарттарға отыру құқығы бар. Қызметтің еңбек ететінін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы, жеке еңбек келісім шарты, жұмысқа қабылдағаны немесе шығарғаны туралы бұйрықтар көшірмесі.

Ұйым басқа жұмысшыларына немесе ұйыммен бірге басқа орынға көшіру қызметтің жазбаша келісім бойынша және еңбек келісім шартына, соған сәйкес өзгерістер еңгізумен ғана іске асырылады. Қызметкерлердің сол ұйымда басқа орынға, сол орынның басқа құрылымның бөлімшесіне көшіру мамандығы, біліктілігі және лауазымы бойынша жұмысты тапсыру үшін қызметкерлердің келісімі талап етілмейді. Қызметкерлерге еңбек жағдайының өзгеретінің бір ай бұрын хабарлау керек. Еңбек жағдайы өзгерегенде еңбек келісім шартында толықтырулар және өзгертулер еңгізіледі. Егер қызметкер бұл жағдайда жұмыс істеуге келісім бермесе, онда заңға сәйкес онымен келісім шарт бұзылады. Өңдірістік қажеттілік пайда болғанда жұмыс беруші қызметкердерді бір айға дейін оның келісімінсіз жеке келісім еңбек шартында қарастырылған және денсаулығына қауіп төңдірмейтін, сол ұйымдағы басқа жұмысқа бұрыңғы жұмыстағы айлық ақысынан кем емес еңбекақы ауыстыруға құқығы бар. Бұл ауыстыру стихиялық апаттың, өңдірістік апаттың алдын алу немесе жою қажет болған жағдайда ғана іске асырылады. Жұмыс болмай қалған жағдайда жұмыс беруші қызметкерлерді мамандығына және біліктілігіне қарай оның келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.

Егер қызметкерлер ұсынылған жұмысқа келісім бермесе онымен жеке еңбек келісім шарты бұзылады. Қызметкерлерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру еңбек туралы заңда қарастырылған шарттар мен тәртіптер жүзеге асырылады.

Жеке еңбек келісім шарты мына жағдайда бұзылады:

  1. Ұйым таратқанда, жұмыс берушінің қызметі тоқталғанда;
  2. Қызметкерлердің штаты немесе саны қысқартылғанда;
  3. Әскери қызметке шақырылған растайтын құжаттар негізінде босатқанда;
  4. Келісім шарттың орындалмауынан т. б.

«Еңбек Кодексіне» сәйкес жеке еңбек, ұжымды келісім шарттарда өтем ақының мөлшері және басқа да төлемдер белгіленеді. Қызметкерлер жұмыс берушіге өзінің жұмыстан кететінің 1 ай бұрын жазбаша ескертіп, жеке еңбек келісім шартын тоқтатуға құқылы. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісім шарт ескертілген мерзім біткенше тоқтату мүмкін.

Еңбек пен еңбекақы есебінің маңызы мен мағынасы.

  1. Еңбекақы есебін жүргізу үшін төмендегідей негізгі міндеттер мен мақсаттар орындалу керек:
  1. Көрсетілген қызметпен, атқарылған жұмысқа кететін еңбекпен, оған төленген еңбекақы мөлшерін дұрыс аңықтау.
  2. Еңбек өнімділігінің өнімін бақылау
  3. Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.
  4. Жұмысшылар мен қызметкерлермен уақытымен дұрыс есеп айырысу.
  5. Өңдіріске жедел басқарушылық жасау үшін қажетті мәліметтерді алу.
  6. Еңбек пен еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қортынды есеп беру.

Сонымен бірге еңбек пен еңбекақы есебін қоғамда ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мына жағдайлар қажет:

  1. Еңбекақы төлеудің сыйақы беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
  2. Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сәйкес есептеу мен ұйымдастыру технологиясын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру және жеңілдету.

2) Еңбек өңімділігінің өсуіне және өңімнің өзіндік құны төмендетіп, оның сапасын арттыруға еңбек тәртібін нығайтуға есеп біршама септігін тигізеді. Ұжымның шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа қабылдап, олардың саны өзгеріп отырады. Қызметкерлер құрамының есебін кадр бөлімі жүргізеді, ол барлық ұйымдағы, құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлер санын оның өзгеру себептері, жас мөлшері, категориялары, мамандықтары, жұмыс стажы және т. б. белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Жұмысқа жаңадан қабылдағанадарды «жұмысқа қабылдау туралы» бұйрықпен құжаттайды. Бұрық кадр бөлімі қызметімен барлығына толтырады. Бұйрықтың жобасы қажетті жағдайда келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайымен танысу үшін құрылымдық бөлімшеге жіберілген рұсат қағазы болып табылады. Құрылымдық бөлімше басшысы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырымдау жасайды. Бұйрықтың сыртқы жағында қызметтің қандай разряд бойынша немесе қандай жұмысқа қабылдауға болатындығы көрсетеді. Осындай сынақ мерзімінің ұзақтығы көрсетілуі мүмкін. Қызметтің жұмыс жағдайлары мен келісім, дәрігерлік тексеріс нәтижелері, техникалық қауіпсіздігі, өртін алдын алу шараларының минимумы бойынша нұсқалар берілгені туралы бұрықтың сыртқы жағына белгі қойылады.

Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған қызмет орнын және штат кестесі бойынша белгіленген айлық ақыны растау үшін ұйымның тиісті қызметкерлері бұрыштама қояды. Кадр бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточканы толтырады. Жұмысқа қабылдағаны туралы еңбек кітабына белгі қойылады, ал бухгалтерияда дербес шот ашылады. Жеке карточканы кадр бөлімінің қызметкерлері, қызметкерлерінің тапсырылған құжаттар негізінде толтырылады: жеке куәлік көшірмесі, еңбек кітапшасы, әскери билет, оқу орнын біргені туралы диплом, медициналық кітапша, салық төлеушінің нөмірі, зейнетақы қорының нөмірі және т. б.

Кәсіп пен мамандық кодтары жұмысшының кәсіпкердің жұмыс орынның, тарифтік разрядтың, білімі бойынша алған мамандығының классификациясы бойынша аңықтайды. Қызметкерлер туралы деректердің әрі қарай барлық өзгерістері жеке карточкада жүйелі түрде көрініс тауып, отырады. Жұмысқа қабылдауы, басқа жұмысқа ауысуы және жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың негізінде еңбек кітабына еңгізілген әр бір жазбаны әкімшілік қызметкерлермен таныстырып, карточканың тиісті жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті. Қызметкерлерді бір цехтан екінші цехқа ауыстырғанда «басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық жазылады. Ол бір данада толтырылады, оның негізінде кадр бөлімі жеке карточкаға еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгі қояды. Еңбек туралы заң актілері мен ережелеріне, ұжымдық шарттар мен демалыс кестесіне сәйкес қызметкерлерге берілген жыл сайынғы демалысты құжаттау үшін демалыс беру туралы бұйрық шығарылады. Ол 2 данада толтырылады. 1-ші данасы кадр бөлімінде, жеке карточкаға белгі қою үшін қалады, 2-ші данасы бухгалтерияға демалыс төлемін есептеу үшін беріледі.

Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда «еңбек шартының тоқтатылуы туралы» бұйрық қойылады. Ол 2 данада толтырылады. 1 данасы кадр бөлімінде, жеке карточканы жабу үшін қалады. 2-ші данасы бухгалтерияға толық есеп бері үшін беріледі. Жұмысшылыр мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу үшін, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сонымен қатар еңбек жөніндег статистикалық есеп беру үшін жұмыс уақытының есебінің табелі қолданылады. Яғни жұмыс істеп жүргеннің барлық категорясының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізеді. Табель өкілдік алған тұлғамен 1 данадан жасалады, құжатынан кейін бухгалтерияға тапсырады. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмеген туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайына ауытқулар жөнінде. Дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсыздық парағы, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындалғаны туралы аңықтамалар және т. б. ) негізінде ғана табельге белгі қоюға болады. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельде қызметкердің жұмысқа келген, келмегендер жаппай тіркеу немесе тек қана ауытқушылықтарды тіркеу әдісімен жүзеге асырылады. Табельдің реквизиттеріне жататындар: ұйымның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлердің аты-жөні, қызметі, табельдік номері т. б.

Реквизиттер толтырылған табель бланкілері компьютерлік техникалық құралдары көмегімен жасауы мүмкін.

3) Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағандарына қарай қызметкерлер тұрақты, уақытша, маусымдық болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей қабылданғандар тұрақты қызметкерге, екі ай мөлшеріндегі белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімнен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа, сондай-ақ заңдарға сәйкес қызмет орны сақталатын, жұмыста жоқ қызметкерлердің орындарына қою үшін төрт айдан аспайтын мерзімге жұмысқа қабылданғандар уақытша қызметкерлерге, маусымдық жұмыстар істеу кезеңінде қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады. Соңғы топтағы қызметкерлер үшін жұмыс мерзімі екі аймен шектелмейді, бірақ жалпы ереже бойынша алты айдан аспау керек.

Қызметкерлердің өңдірістік-шаруашылық қызметке қатысуына қарай, ұйым қызметкерлері өнеркәсіптік-өңдірістік және өнеркәсіптік емес болып бөлінеді.

Өнеркәсіптік-өңдірістік қызметкерлерге негізінен өнеркәсіптік-өңдірістік қызметпен айналысатын қызметкерлерді жатқызады. Өнеркәсіптік емес қызметкерлерге тұрғын үй коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын, ұйымға қарасты мәдени тұрмыстық және оқу орындарында еңбек ететін қызметкерлер, көлік, сауда т. б. қызметкерлер жатқызылады.

Ұйымға жұмыс істеп жүргендерді тізімдік және тізімдік емес қызметкерлер болып бөлінеді. Тізімдік қызметкерлерге ұйымның негізгі қызметі бойынша бір күннен артық мерзімге, ал қызметтің қалған түрлері бойынша кем дегенде бес күн мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, маусымдық және уақытша қызметкерлерді еңгізеді.

Ұйымдағы атқарған функциялары бойынша жұмыс істеп жүргендерді жұмысшылар мен қызметкерлер деп екі топқа бөлінеді. Қызметшілер тобынан мынадай категориялар бөлінеді: басшылар мамандар, және осы топқа жататын басқа да қызметкерлер.

Жұмысшылар - заттай материалдық құндылықтар жасауға жұмыстарға және қызмет көрсетуге тікелей қатынасатын адам.

Басшылар - ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылық қызмет орындарында отырған қызметкерлер, сондай-ақ бас мамандар және жоғарыдағы аталған қызмет орындары бойынша орынбасарлар.

Мамандар - инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа жұмыстармен шұғылданған қызметкерлер.

Қызметшілерге жататын басқа да қызметкерлер - құжаттар әзірлеп толтыратын, есеп жүргізіп, бақылау жасайтын, шаруашылық қызмет көрсететін қызметкерлер.

Жұмысшыларды өңдіріс процесіне қатысуларына қарай, өнім дайындаумен, жұмыс істеумен және негізгі цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын немесе қосалқы өңдірістерде жұмыс істейтін жұмысшылар деп бөледі.

Еңбек және оның тәртібінің есебінің негізгі міндеттері еңбек шығындарын дұрыс аңықтау және төлемақыны дұрыс есептеу, белгіленген қызметкерлер саны бойынша жоспардың орындалуын, еңбек тәртібінің сақталуын және жалақының қорын дұрыс пайдалануын бақылау болып табылады. Бұдан басқа есептің көмегімен нормативтік тапсырмалардың орындалуын, кесімді бағаларды, тарифтік төлем мөлшері мен айлық ақыларды, есептелген ақы сомасының жұмысшылардан қабылданған, өңдірім жөніндегі құжаттарда көрсетілген өнімнің саны мен сапасына сәйкестігін және прогрессивтік қосымша төлемдерінің дұрыс есептелуін бақылайды.

Еңбек төлемі өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауына септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек төлемі жұмыстың соңғы нәтижелерімен, қызметкерлердің жеке өзінің қосқан үлестерімен аңықталуға тиіс және ең көп мөлшерімен шектелмейді.

Еңбектің төлемі негізгі және қосымша төлем болып бөлінеді. Негізгі төлем - қызметкерлерге нақты жұмыс істемеген уақыты үшін, істелінген жұмыстардың немесе белгіленген баға не айлық ақы бойынша өңдірілген өнімнің саны мен сапасы үшін есептелінетін еңбек төлемі.

Қосымша төлем - еңбек құралы заңдарға сәйкес қызметкерлерге ұйымда жұмыс істемеген уақыты үшін есептелетін еңбек төлемі. Оған кезекті демалыстар төлемін, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді т. б. орындағаны үшін берілетін төлемдерді жатқызады.

Экономиканың барлық салаларындағы және меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдарда еңбек төлемінің негізгі тарифтік төлем мөлшеріне алынады. Олар қызметкерлердің мамандық топтары бойынша сараланған экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің бірыңғай тарифтік кестесін құруға, тарифтік төлем мөлшерін және қызмет орындарының айлық ақыларын есептеуге тұтастай республика бойынша заң жүзінде белгіленген жалақының ең аз мөлшері негіз болып табылады.

Еңбек төлемі ақшалай немесе заттай есептеліп, төленуге тиіс. Ақшалай еңбек төлемінің қолданыстағы жүйесіне сәйкес есептелген салалар. Негізгі және қосымша еңбек төлемімен тұрады.

Еңбекақы нысандары мен жүйелері. Бухгалтерлік есеп еңбекақының есебін дұрыс жүргізу үшін еңбек төлемін әр түрлі нысандар мен жүйелерге ұйымның бірнеше тәртібі қолданылады, еңбекақының негізгі 2 нысаны болады:

  1. Мерзімдік еңбекақы.
  2. Кесімді еңбекақы.

Мерзімді еңбекақы төлемін сағаттық, күндік, айлық тарифтік төлем мөлшері немесе айлық ақы бойынша есептеледі. Оның көлемін жұмыс істеген уақыт санын белгілеген тарифтік төлем мөлшеріне көбейту арқылы аңықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайындағы шаруа қожалықтар
Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру жұмыс жобасы
Ауыл шаруашылықты өндiрiсiндегі фермерлік шаруа қожалықтары
Кооперацияның ғылыми негіздері
Банк операциялары бойынша шот корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру
Дағдарыс шартында ауылшаруашылығы кәсіпорнын басқаруды жетілдірудің ойтұжырымдық тәсілі
Шаруа қожалықтарының даму концепциялары
Бәсеке артықшылығына жетудегі баламалы стратегияны
Бюджетпен есеп айырысу жайлы
Бизнес-жоспардың мақсаты және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz