Қазақ халқының ағаш оюы туралы мағлұмат
Жоспар
Кіріспе
І Бөлім
1.1 Қазақ халқының ұлттық қолөнері.
1.2 Қазақ халқының ағаш ою өнері.
1.3 Мектептегі ағаш ою өнері.
ІІ Бөлім
2.1 Қазақ халқының ағаш оюы туралы мағлұмат.
2.2 Ағаштың түрлері.
2.3 Ағаш ою әдістері.
ІІІ Бөлім
3.1 Ер тұрманды жасау әдісітері
3.2 Тақырып туралы мағлұмат.
3.3 Есеп (шығын) құрал жабдықтар, уақыт.
3.4 Қолданылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер
жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай
ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-
кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды
күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланып, әсем бұйымдар жасап,
өмірде сән-салтанат та қүра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай
түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн
көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
"Халықтың қолөнеріне әдет-ғүрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал
өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің
сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі
бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс,
таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, алдыбақан, асадал, бесік,
және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен
жасап, түрлі нақыштарымен әшекейлейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды
мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып
келеді". Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен
ескерткіштердегі, діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен
мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған
діңгектер — халық қолөнерінің тамаша туыңдылары.
Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шақпаққа қу жасап, оны
тұтанғыш ету, бейіт, қорған, мешіт және т. с. с. салуда қолданылған
балшықты қыл, жүн, шөп-шалам араластырып илеу тәсілдері де ете ертеден-ақ
халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла-тәсілдер.
Батырлық пен саяхатшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар,
сойыл мен босмойын, аңшыларға қажетті құстың түғыры мен томағасы, балдағы
мен аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс салтына,
кәсібіне байланысты туғандығы сөзсіз.
Мал шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық,
бұғалық, түсамыс, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандарды да халық даналығы
ойлап тапты. Зергерлік, кестешілік және оюшылық өнерді дамытты. Халық
өнерпаздары құмнан, тастан, саздан құмыра, ыдыс-аяқтар; мүйізден, сүйектен,
мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз,
сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады.
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса,
екінші тобы — қайыс өру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп
өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шүғылданады. Сондықтан қолөнер
"еркектерге тән іс", "әйелдерге тән іс" деп екіге бөлініп келеді. Мысалы,
тастан, балшықтан; сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап,
оны әсемдеу сияқты ауыр жүмысты еркектер атқарады. Кесте тігу, жиек
жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмак сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім
тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарды. Тері илеу, киіз басу, ши тарту,
шом, жазы жасау жұмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп істеді. Бірақ
еркектер киім пішу, үлгі жасау, киім тігу, жүн сабау, арқан тарту, тері
ыстау жүмыстарынан да шет қалған емес.
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері
ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу,
өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен
белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап,
оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. Қазақ
халқының "Қарыс қазы — балықта, қалың қазына — халықта" деген мақалды да
осы өнер молшылығынан туған еді.
Әрине, жоғарыда аталған қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді
керек етті. Бертін келе, адамзат коғамы дамыған сайын қолөнердің біразы
жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды, кейбіреулері түрмыс қажетіне жарамсыз
болғандықтан тіпті қолданылмады. Күйген кірпіш пен темір бетон, цемент пен
шлак сияқты және басқа да сапалы материалдар бүрынғы материалдарды ығыстыра
берді. Енді илегеи балшыққа май салу, жылқы қылын, түйенің жабағысын қосу
керексіз болып қалды. Аяқ киім молшылығы жасалғаннан кейін қолдан тері
илеу, қайыстан, көннен етік тігу, шәрке байлап, шабата кию мүлдем жойылды.
Ел салтанат құрды, ерлер даңққа бөленді, азаматтар сән түзеді.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың
сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады.
.Еңбек үстіндегі творчестволық ізденудің нәтижесіңде тұрмысқа керекті
заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың ою-
өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендірілу және
жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Фарфордан,
тоттанбайтын металдан, эмаль жалатқан темірден, пласмассадан, жасанды
талшықтардан жасалған жарасымды жаңа жиһаздар көбейді. Халық әлі де болса
түтынып келе жатқан үлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды.
Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдерінде кілем
тоқылып, шифоньер, кітап сөрелері жасалды. тігу ісі мен кестелеу өнері де
машинамен орындалды. тастан қашап, сүйектен оюлап, құмнан құйып жасайтын
бұйымдар енді заводтарда көптеп шығарылды.
Бұл айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды,
ендігі жерде онымен шүғылданудың керегі жоқ деген үғым әсте тумайды. Қайта
халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты
сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы, жеңіл
күпі, қаптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ, жүн қолғап, бөкебай, шарф
сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін казір де кажет. Киіз үйдің
сүйегі, үзік-туырлық, қымыз саба, тері қауға мен ер-тоқым тұрмандары
керексіз деп ешкім де айта қоймайды. Осыған байланысты осы еңбекте қазақ
халқының қолөнері саласының біраз түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.
Олар: ою-өрнектердің түрлері, олардың атаулары мен қолданылатын орындары.
Өрнектердің түрленіп даму тарихы мен кейбір өрнек элементтерінің үлгісі;
жүн және одан ұқсатылатын заттар. Қой, түйе жүндері, ешкінің түбіті
мен қылы, олардың түрлері мен атаулары. Жылқы қылы мен қоянның, құстың
жүңдері, олардан жасалатын заттар. Жүндерді іске әзірлеу: жуу, қайнату,
сабау, түту, шүйкелеу, иіру, басу, бояу және т. б. Бүл тарауда түрлі
жіптер, жиектер, өрмектер, бау-шулар, басқұрлар, арқандар туралы айтыла
келіп, өрмек өнері туралы (кілем, алаша, шекпен, қоржын т. б.) егжей-
тегжейлі мағлүмат беріледі. Бізбен, сыммен шұлық, қолғап, шәлі тоқу
жолдары;
Киіз басу. Мұнда жүн сабау, киіз басу, текемет, сырмақ сияқты заттарды
өрнектеу әдістері мен жұмыс процесі айтылады, кейбір істердің үлгі-
суреттері келтіріледі;
кестешілік пен көркем тігіс өнері, олардың түрлері, атаулары, кестелеу
әдістері, керекті кұрал-жабдықтары, өрнек түрлері мен қазақ қол тігісі;
зергерлік өнері, зергерлер жасайтын сәнді бұйымдардың түрлері мен
атаулары, зергерлік ісінің өзгешелігі, оған керек жабдықтар мен істеу
әдістері. Ат-түрман, теңге, моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы
жасаудағы зергерлер ісінің мәнерлері және т. б. жайлардан деректер
келтіріледі;
сүйек пен мүйізден істелген әдемі заттар — жүк-аяқ, асадал, кебеже,
ожау, піспек, адалбақан т. б. Олардың түрлері, әшекей жасау әдістері;
ағаш шеберлерініқ жасаған әдемі заттары, оларды жасау, өрнектеу
әдістері, киіз үйдің сүйегін басу, олардың түрлері мен атаулары, ағаштарды
құрастыру, бояу, сүйектеу, күмістеу және т. б.;
мал мен ақ терілерін үқсату, олардың түрлері мен атаулары, ұқсату
әдістері, іи салу, қайыс илеу, көн қатыру, тері ыстау, көн тілу, өрімшілік,
ат-тұрман жасау өнері;
былғары ұқсату, етікшілік, тігіншілік, етік, кебіс, мәсілдердің
түрлері мен атаулары, кіселер, күмісті белдіктер, олардың істелу әдістері;
ши орау өнері, шиді әзірлеу, тоқу, өрнектеу, шидің түрлері мен
атаулары. Сондай-ақ бояу түстерін орналастыру туралы тарихи мағлүматтар да
беріледі.
І БӨЛІМ
1.1 Қазақ халқының ұлттық қолөнері
КИІЗ БАСУ ЖӘНЕ КИІЗДЕН ЖАСАЛАТЫН ЗАТТАР
Бірнеше рет тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып қырқылған қойдың
күзем жүнінен киіз басылады. Киіз басылатын жүнді шаңтозаңнан, шөп-шөгірден
тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды. Жүн
сабау ісіне әйелдер мен бірге еркектер де қатысады. Жүн сабау маусымды және
кепке ортақ жұмыс болып саналады. Жүн сабау жұмысы қазақ ғұрпында ойын-
сауықпен көңілді өтетін-ді. Жүн сабалып болған соң "тулақ шашу" деген ырым
бойынша жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.
Жүн сабау жұмысына керекті заттар — сабау мен тулақ. Сабауды бұтақсыз
түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан июнь-июль
айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығын 1 метр 20
сантиметрдей етіп, екі ұшын тегістеп, тұжырады. Оның диаметрі 2
сантиметрдей, бас аяғы бірдей. Сабау жүн сабаушылардың санына қарай әр
кісіде екі-екіден болады. Жүңді екі сабаумен қос қолдап сабайды. Сабайтын
жүннің астына тулақ төселеді.
Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірген шикі терісін
айтады. Жүн сабау алдында тулақты аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсеп
жібітеді. Олай істемесе, кеуіп түрған тулақ сабауға шыдамай сынып кетуі
мүмкін. Киізді осы сабалған дайын жүннен басады. Ол үшін оралмаған ақ ши,
ыстық су, шелек, шөміш қажет. 4 қанат шиді екі қатар жарастыра көктейді
немесе шидің шет бауырларын байластырып қояды да үстіне екі қабат жүннен
беттестіріле киіз төселеді. Киіздің екі бетін киіздің асты мен үсті немесе
киіздің өңі мен теріскейі дейді.
Әуелі шидің үстіне (киіздің ішкі бетіне) арналған жүн шабақталады,
яғни бұрын сабалған үлпілдек жүнді шиге салып, екі адам шыбықпен көпсіте
шабақтайды. (Шабақтау — шыбықтап жаймалау деген сөз). Мүны жаб-дықтау да
дейді. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің өң жағына арналған неғүрлым
таза, әдемі жүнді сол қолымен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне
салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып үзіп қалдырады. Үзілген жүн
бірімен бірі жалғаса, бір тегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан бет
тартып машықталған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана
орындайды. Себебі екі-үш адам болса, жүн ала-қүла тартылады да киіз
біркелкі шықпайды. Ал әбден машықтанған адам киіздің я қалың, я жүқа екенін
бір қолымен-ак сезіп отырады. Мұны халық "жүн тартушының қолының көзі бар"
деп дәріптейді.
Егер басқалы отырған киіз сырмаққа арналса, онда оның астыңғы бетіне
бозғылт, қызыл түсті жүндер шабақталады, бетіне ең әдемі жүн тартылады.
сырмаққа арналған киіз жүқа басылады, егер қалың басылса, сырмақ астарланып
сырыла келе өте ауырлап, ыңғайсызданып кетуі мүмкін. Сөйтіп киіздің үстіңгі
беті тартылған соң, жүннің біркелкілігін байқау үшін тағы да бір-бір рет
жүріп өтіп, киізді алақанмен басып көреді. Жүқа жеріне жүн қосады, қалың
жерін жаймалап жұқартады. Содан кейін қайнап түрған ыстық суды шелекпен
әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ
шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен
жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып
жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара
кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды.
Су себіле бастасымен қатар отырған 3—4 әйел басылып жатқан жүнді
қабаттай шиыршықтап, ескен тәріздендіріп, жинап отырады. Шиді ширатып орап
жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су қүйылады. Осы тәртіппен жүн
тартылған ши түгел жиналған соң, оны сыртынан жіппен шандып, жұмырлап
байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп
алып, екі басын тұйықтап бос салып қояды. Бұл шиыр-шықталып жатқан шиді
домалатып сүйрету үшін қажет.
Осыдан соң бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай 10—12 адам қатар
жүріп келе жатып шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға
қарама-қарсы бір адам тұрады, оны қой бастар дейді. Ол бүктеліп әзір жатқан
киізді алға қарай (өзіне қарай) домалата сүйрейді. Үнемі домалап жылжып
бара жатқан киіз- тепкіленіп әбден төселеді. Мүндағы бір шартты нәрсе —
киіз бойында тепкі тимеген жер қалмауы тиіс. Әйтпесе киіздің бір жері
кірігіп, бір жері кірікпей босап, жүн қалпында қалып қоюы мүмкін. Ондай жер
кейін тесік боп шығады.
Киізге ою салынған болса, яғни текемет болса 1 сағат тепкеннен кейін
шиді тарқатып, киіз бетіндегі өрнекті түзетіп алып, оны қайта орап, тағы да
тебеді. Жалпы киізді тебу уақыты 2 сағаттан 3 сағатқа дейін созылады. Киіз
неғүрлым көп тебілсе, соғүрлым шымыр, тегіс, әдемі шығады да, ондай киіз
көп уақытқа дейін қопсып, түтеленбейді.
Қазақ ғүрпында киіз тебу бір ауылға түгел ортақ көпшіліктің ісі
саналған. Сондықтан киіз тебушілер домалатқан киіздерін қадірлес отаулардың
сыртына апарып "қой басты, қой басты"деп әзілдейді. Үй иесі, қой сойып, не
қымыз сапырып, не болмаса құрт-май алып шығып, киіз тебушілерді қонақ
етеді. Мүндай әзіл, еркелік үнемі ән, би, ойын-сауықтармен өтеді және өте
жарасымды базына боп кеткен.
Киіздің тебуі жетті-ау деген кезде, шидің шандуларын шешіп,
шиыршықталған киізді жазып босатады. Содан кейін киіздің асты-үстін
ауыстырып отырып, 3—4 рет шиыршықтап, бүктейді де, екі басын түйістіріп
шұжыққа ұқсатып кектеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдап, үстін
күпімен, тонмен жылылап жауып тастап булайды. Мұны булау немесе кірлеу
дейді. Бүл әдіс арқылы кіріккен киіз буланып, бөрттірген дән сияқты біраз
ісінеді. Солай жабулы бетінде бір, бір жарым сағат жатады. Бүл уақытта
киізшілер дем алып тамақтанады. Болашақ киіздің сапасы туралы әркім өз
байқағанын ортаға салады, киіз иесіне жақсы сөз, жылы лебіздер айтылады.
Ыстық буымен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң шешіп
алып, қайыра ширатып, тағы да жіппен шандып байлайды. Қатарласа отырған
киізшілер шидің үстіңде көлденең жатқан киізді өздеріне қарай жұла тартып
алып, тізесіне соғады, білегімен ұрып басады. Мүны білектеу немесе киіз
басу дейді. Киізді әрлі-берлі домалатып білектегенде үнемі бір жердегі
жіптен ұстай бермей, ауыстырып отырып білектейді. Осы тәртіппен 3—4 рет
ауыстырып білектеп болған соң, оны шандуынан жазып алып, әрі-бері
созғылайды да, қарпуға кіріседі.
Білектеліп болған киізді үзыннан екі қабаттап бүктеп, оның екі басын
бір-біріне түйістіре шуда жіппен көктейді. Киіздің шет-шетін жымқыра ұзына
бойын да кектейді. Сонда киіз шұжық сияқты қалыпқа түседі. киіз басушылар
осы дөңгелек киізді ақ шидің үстіне салып, айнала отырады. Қусырылған
киіздің әр жерінен қамти ұстап, оңды-солды қарпиды. Яғни киізді алдымен
бірыңғай оңға қарай жүла серпіп, екінші кезекте солға қарай серпиді. Қарпу
үстінде киіздің шетін қымтап ұстап отырғандардың қолдары оңнан солға қарай
жылжи береді. Қарпылған киіздің шет-шеті жиналып тегістеледі де, екі жақ
бетіндегі кірікпей қалған бос қылшықтары түседі.
Білектеу мен қарпудан кейін кірігіп, ширай түскен киіз біраз
қуырылғандай болып көлемі шағындалады. Еңді оны ұзындау қажет. Киізді
ұзындау білектеуге ұқсас, бірақ оны жіппен шаңдымайды, тек үзынын шығара
созғылай есіп шиыршықтайды да әуелі бір жақ шетін жұмырлай білектеп есе
отырып екі басына жеткізеді. Одан кейін екінші басын тағы да соза білектей
отырып бірінші басына дейін апарады. Сонда киіз молығып, созыла түседі. Бұл
жұмыс барлығы 10—20 минутқа созылады. Киізді білектегеңде және ұзындағанда
оның екі жақ басына жуан ағаш, жинаулы ши сияқты нәрселерден тиянақ қойып
отырады. Сонда киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы болмай,
тегістеліп шығады.
Ұзындаудан кейін киіз басу ісі бітті деп саналады да, оны желге қойып
кептіреді. Кепкен киізді тобылғы, қараған сияқты бұталардан буылған
сыпыртқымен соғып, сыпырып, бос жүрген қыл-қыбырынан арылтады. Осыдан кейін
киізді тұрмыс қажетіне тұтына береді.
Киізді кейде пісіреді, яғни пысықтайды. Бос басылған немесе бірсыпыра
уақыт кесек киіз күйінде пайдалануда болып созылған киізді үйге жабарда,
одан аяққап, киіз есік, сырмақ жасарда шидің үстіне салады да, ыстық су
құйып білектейді. Бұл уақытта киіз кірігіп, шымырлана түседі. Киіз басудағы
жұмыстың бұл жүйесін "киіз пісіру" деп атайды.
Аттың кежіміндегі, сондай-ақ қалпақ, кебенек, жайна-маз сияқты жұқалаң
келетін киіздерді, әр түрлі өрнек жасау үшін кейін қайшымен оюлап
кесілетіндей етіп жасайды, мұны талдырма дейді. Ондай арнаулы киіздерді бір
бет етіп жұқалап басады, яғни тек ши бетіне шыбықпен шабақтап алады да,
ыстық су құйып басады. Киіздің ақ, қара, бозғылт, кейде қызғылт түсті болып
шығуы әдейі таңдап алып, бөлек сабалған қой жүндерінің түсіне бай-ланысты.
Дайын болған киізді өзінің арналып басылуына қарай өре, киіз, кесек киіз,
текемет киіз, сырмақ киіз, талдырма, сатымсақ киіз, қозы жүнді киіз деп
бірнеше түрге бөліп атайды.
ҚАЙЫС ӨРУ ӨНЕРІ
Мал өсіруші қауымға малдың жүнінен, терісінен өндірілетін үй мүліктері
мен киім-кешектер қандай қажет болса, ат саймандар — ер-түрман, қайыс
таспалар да сондай қажет еді. Бұл мүліктердің көпшілігі колхоз ауыл-дары
мен мал жайылым отарларының жағдайында әлі де ел керегіне жарап жүр. Жүген,
айыл-тұрман, құлақбау, шілия мен делбе, қамшы және қайыс бел көтермелер әлі
де тұтынудан қалған жоқ. Сондықтан да біздің республика көлемінде көптеген
еңбекшілер қайыс ұқсату ісімен, олардың ішінде 47 шебер өздерінің ғажайып
өрім өнерлерімен жұртқа әйгілі. Қарағандылық Абылаев А., Беков Ә.,
Алматылық Гражданов П., Ақтөбелік Көшенов К., Досалин Қ., Акмолалық
Мейірманов Ж., Қызылордалық Айтжанов С. және тағы басқалары осындай атақты
өнерпаздар. Қазақ қолөнеріне, оның ішінде қайыс өрім өнеріне кезінде Ш.
Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин, А. Қүнанбаев, сондай-ақ академик П. Паллас та
ерекше назар аударған. Кейде бір өте әдемі және берік қаланған тасты,
кірпішті, өрнектеліп соғылған мүнараларды өрілген деп бейнелеп айтуымыздың
өзі өрім өнерінің ерекшелігінің дәлелі іспеттес емес пе.
Қайыстың сапалы болуы оның жақсы иленуі мен мейлінше жүмсақ,
сынбайтын, қатпайтын болуына байланысты. Сондықтан оларды иі қануын
қадағалап, құрыстырыссыз жұмсақ етіп шығару сөз жоқ асқан шеберлікті талап
етеді. Қайыстың бар ерекшелігін мүқият ескерген шеберлер иден шыққан
қайысты балықтың, сүйектің, өсімдіктің майын жағып кептіреді. Кепкен теріні
қысқыға, созғыға салып уқалайды. Бүған қажетті аспаптарды да шеберлер
өздері әзірлейді. Мәселен, теріні бабына келтіру үшін әуелі созғыға салады.
Созгы былай жасалады: тақтайдың үстіне биіктігі жарты метрдей екі қалың
тақтайды арасына адамның тізесі сиярлықтай етіп тігінен бекітеді де,
жоғарғы басын сүйірлеп, әр жерін кертіп тіс шығарады. Содан кейін шебер бір
шетін әлгі екі тақтайдың үстінен жабады да, екі жағын мықтап басып үстап
отырып, аралығына тізесін салып нығырлап басады. Мүны иректеу дейді. Осыдан
кейін талқыга салады. Талқы дегеніміз ішкі жағы иректелген, қатар
бекітілген екі жақтаулы ағаш станок. Оның аралығына әрең сиятын, ирек жүзді
бастырық ағаш қойылады, оның бір басы жақтауға бекітіліп, бір басы бос
түрады. Теріні әбден жүмсартып уқалау үшін осы жақтаудың арасына салып,
бастырықпен езгілеп басады. Терінің иіне қарай, кейде бір сағат, кейде 40-
50 минут уақыт басады.
Қысқы — тігетін қайыстардын шетін бір тегіс үстап түру, бекітіп қойып
тілу, өру, оюлау үпгін керек аспап. Оны жуан және кепкен ағаштан жасайды.
Иленген қайыстарды өңіне кіргізіп алып, керек затқа арнап таспалап тіледі
де қажетінше пайдаланады. Аттың шілиясы, жүген, қүйысқан, өмілдірік, жырым,
қамшы сияқты әр түрлі өрме заттарды түю және өру әдісімен жасалады.
Қайыс түюдің бірнеше өрнекті түрлері мен атаулары бар. Олар төрт
таспадаң түю, қалмақша түю, түйемүрын-дық, өткерме, тастүйін т. б. Жүген,
ноқта, делбе, шілияларды осы түю әдісімен де жасайды. "Ағаштан түйме
түйген" дейтін бейнелі сөз осыдан қалған. Қазақ кейде түйме, тиек, бүршақ,
бүдырларды да қайыстан, таспадан түйген. Жүгеңді қайыстан, былғарыдан
тігеді, не түйеді, әшекейлейді. Соған қарай қайыс жүген, былғары жүген,
түйме жүген, өрме жүген деп түр-түрге бөледі. Алғашқы екеуін тігіп,
күмістеп, үзбелеп әрлейді. Соңғы екеуін түю, өру мәнерлерімен әдемілейді.
Ал түйме жүгенді екі шетін ішіне бүгіп бүктеген екі-үш қайыс лентаны
жарыстыра отырып, сағалдырық, кекілдік, кеңсіріктерін әр түрлі әдіспен
өткермелеп түйіп шыгарады. Ауыздық, сулық, шекелік темірлер де осы түйіндер
арқылы жалғасады. Өрме жүгеңдер таспаның санына қарай әр алуан мәнердё
өріледі. Жүген өрілетін таспалардың ортасынан 20-25 см алақан қайыс
қалдырылады. Сол жерден ауыздық шығарып, қайысты бүктеп, таспаларды (екі
жақтау ауыздықтың екі шығырынан бастап екі бөлек өріледі) өре бастайды.
Кеңсіріктік, кекілдік, сағалдырық та осы таспалармен түтас өріледі.
Жақтаушалардың желкелік қоспасын кекілдік, кеңсіріктік, сағалдырықтардың
түйіскен жерінде не өрім, не түю мәнерінің түрлерімен шашақтап, түймелеп
бекітеді. Бүл әдіс шілия, қүйысқан, өмілдірік, ноқта өрімдерінде де
қолданылады. Өрімдерді жалпақтап өріп, оның кей жерлерін жүмырлап, қырлап,
қуыстап қүбылта-ды.
Қолөнерінде ескіден келе жатқан әдемі де күрделі істердің бірі — таспа
өру. Оның да үш таспа, төрт таспа, бестемше, алты таспа, бүзау тіс, дырау,
жылан бауыр, қос бүрым, сегіз қырлы егеуқүйрық, айыл жырым өрімі, қабырға,
таңдай сияқты алуан-алуан түрлері бар.
Өрімдер 3, 4, 5, б, 7, 12, 36 таспалардан бастап, 83, кейде одан да
көп таспадан өріледі. Өрім өрнектері сан алуан. Кейде қүйысқан, шілиялардың
үстіңгі беті төрт бүрым, алты бүрым болып, асты бір түтас "жыланбауыр"
өрнегін жасайды. Ал ішіне әзек салып, алақанын тоқыма өрімімен жалпақтап
келтірген дойыр, дырау, бүзау тіс, дембел қамшылар үрған жерін кесіп
түсетін өткір, сабы, алақаны, айдары алтын, күміс талшықтарымен бүралып,
бунақталып өте сәнді келеді. Осьпшіа кеп таспалы өрімдердің үштары жай
байлана салмайды, олар әр түрлі мәнермен түйіліп шашақталады.
Өте шебер өрімшілер таспадан қылыш, найза өтпейтін қаттауық тонды да,
су ақпайтын торсықты да, көнек те, кеукерін де өрген. Түрлі шыны қагітар,
шзмадан, қоржындар да өретін.
Қазақ шеберлері өрім өнерін зергерлік, тоқымашылық, шабаташылық және
шарбақ, шыпта жасау, сымнан түрлі бүйымдар тоқу өнерімен үштастырып, таспа
өрудё, арқау өткізу, жөргемдеп ілу, торлап тоқу, топшылап тоқу әдістері мен
көркемдік мәнерлерін тиімді пайдалана білген. Өрілген заттардың әр жерін
күміспен жауып, тас орнатып, кавказ өрнегін жүргізіп әшекейлеген. Сондықтан
да бүрын өрім өнері өте жоғары бзғаланатын, Өрмелі бір шідердің бағасы бір
бестіге татитын.
Былғарыдан жасалатын ат түрмандардың ішіндегі ең бір сәндісі — былғары
тоқым. Қазақ ішінде көп тараған оның екі түрі бар: түтас былғары тоқым,
оймалы былғары тоқым. Түтас былғары тоқым көбінесе әйелдерге арналады.
Сондай-ақ сал, сері жігіттер мен ел агасы атанған ерлер де былғары тоқым
тіктіріп алатын. Былғары тоқымдардың қай түрі болса да, оны киіз тоқымды
қаптап әшекейлеу арқылы жасайды.
Түтас былғары тоқым киіз тоқымға өлшеніп пішіледі. Содан кейін
былғарыны жібітіп, сыртынан сүйек бізбен сызып әр түрлі "мүйіз" және
геометриялық фигуралар тектее өрнек жүргізіледі. Бүл өрнектерді бірнеше
қайталап ысып, бедерлеп кептіреді. Кейде оны тарамыспен қайып тігіпнемесе
күміс жүргізіп әшекейлейді. Былғары тоқымға өрнектерді ауыр басқылармен
бедерлі үрғылармен оюлап та салады. Тоқымның былғарысын күміспен әшекейлеу
ісі оны киізге қаптамай түрып істеледі. Күміс оюлар шағын-шағын үшкіл,
қазтабан, жапырақ тәрізді қара темірлердің бетіне қапталады да, өңделіп
ыспаланып болған соң былғары тоқымға шегелешп бекітіледі. Кейде күміс
өрнектер жеке-жеке мықтардың бүркеншіктерінен жасалып, оның кей жерлеріне
қызыл, көк, сары түсті асыл тастар орнатылады. Тоқымның төсайыл, керайыл
өткізетін тесіктерін де күміс қақтаған темірлермен оюлап көмкереді.
Былғары тоқымдардың өрнектері ашық көрініп түру үшін, кейде былғарының
бетіне көксауыр, қызыл шегірмен, сарғыш опайкелер төселіп қайылады. Ердің
алды, арты келетін жерлері мен тоқымның төрт бүрышы былғары шашақтармен
шоқталады.
Былғары тоқымдардың сырттық ішпегінің алды-арты қызыл, күрең
былғарымен немесе көксауыр, шегірен, көзелдермен көмкеріледі. Күнге күйіп,
суға жарылмау үшін былғары тоқымдарды оқтын-оқтын мал етінің майы-мен
майлайды.
Оймалы былғары тоқымның былғарысын тебінгінің үстінен, кейде алдыңғы,
артқы етек бүрыштарынан басты-ра оюлап тігеді. Оған да түтас былғары
тоқымға жасалған әшекейлер жүргізіледі.
Былғары жүген, қүйысқан; өмілдірік, таралғы екі-үш қабатталып немесе
кайыспен астарланып жасалады. Үзбелер мен таралғы доғабастарды (доғабас деп
те айтады) бетіне күміс қақтаған қара темірден істейді.
Ғалымдардың айтуы бойыюпа, ат-түрмандар тарихында ең алдымен жүгенсіз
тізгін, тоқым, төсайыл шыққан. Кеп жылдер өткеннен кейін ершік, ер
пайдаланыла бастаған. Алғашқыда үзеңгі болмаған. Арада көп жылдар өткен соң
ғана әуелі мінер жақтың сыңар үзеңгілері, содан кейін екі жақтың да
үзеңгілері шыққан. Одан соң қүйысқан, өмілдірік, керайыддар да қолданылған.
Ат-түрмандардың бәрі де әуел баста жіптен, қүрдан жасалып бірте-бірте қайыс
пен былғарыдан істелетін болған. Осыған қарағанда, үзеңгі — өзінга — өзіқ
ыңғайыңға, яғни өзінің мінер жағындағы деген сөздерден қалыптасты деген
пікір жөн сияқты.
Мал шаруашылығы алып адыммен алға басып, өркендей түсуіне байланысты,
совхозды, колхозды ауылдарда малды қыс отарлап, жаз жайлауға шығарып, өріс
сонарлап бағудың маңызы артты. Мүңдайда жоғарыда айтылған мал өнімдерін
қолмақол үқсатып, пайдаланудың тиімді екенінде сөз жоқ. Қазір киіз үй, жылы
тон, саптама етік, ер-түрман сияқты заттардың қажеттілігі артып отыр.
Кейбір ірі шаруашылықтар мүндай қажетті заттарды өздері-ақ өндіреді. Ендеше
қолөнер істерімен шүғылдана-тын өндіріс орындарының жүмысын дүрыс жолға
қойып қолөнер ісі саңлақтарының іс-тәжірибелерімен ақыл, кеңестерін молынан
жинақтап, ең пайдалы тиімді деген-дерін өндіріске негізу керек.
ОЮ-ӨРНЕК
Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері де,
атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына кебірек тарағаны — ою-
өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне
бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Ою деген сөзбен өрнек деген сездің мағынасы бір. Бүл создің үғымында
бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп киюласшрып
жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ
көбінесе бір ернекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмактың
қиыгын, сондайақ барлық қошқар мүйіз ернектерін де ою дейді. Ал ернек
дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып,
қалыптап істеген керкемдік түрлердің, әшекей-лердің ортақ атауы іспеттес.
Сондықтан кебінесе ою-ернек деп қосарланып айтыла береді.
Ою-ернектің біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бүрынғы халықтарда да
соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан, халықтық енердің бір түрінен
саналады. Біз осы еңбегімізде бүрын-соңды әдебиеттерде жазылып, емірде күні
бүгінге дейін жиі кездесетін мүралар мен қазіргі шеберлердің іс үлгілерін
зерттеу нәтижесінде анықталған ою-ернектердің 200-ден астам түрімен
таныстырамыз. Бірак осынша кене әрі тың да жауапты мәселені әңгімелемес
бүрын кейбір ғылыми деректерге біраз тоқталып етейік.
Халықтың қоленері мен ою-ернек творчествосын ғылыми негізде арнайы
жекелеп зерттеу ісі басталғалы 100 жылдан астам уақыт етті. Бүл іс ең
алдымен біздің Отанымыздың ғалымдары, олармен қатар Батыс Европа мен
Америка ғалымдары да кезінде қызыға кірісті. XIX ғасырдың басынан бастап-
ақ халықтың қоленері туралы байыпты зерттеулер мен кітаптар шығарылды.
Мысалы, австриялық ғалым В. Куррердің бояу және бояушылык өнері жайында, Ф.
Т. Куглердің, советтік галым С. В. Ивановтың', В. В. Стасовтың , Ф. К.
Волковтың, С. А. Давыдовтын, Н. Ф. Сумцовтың, А. А. Боголюбовтың, В.
Чепелевтың, А. Н. Бернштамның және казак ғалымдары Ә. Марғүланның, Т.
Бәсеновтың, Э. Масанов-тың, М. Мүқановтың және тағы баскаларының зерттеу
материалдарын айтса да жеткілікті. Бүлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің
түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген қүнды деректерді келтіреді.
Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-
ернектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық түлғаларға
үқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай
үғымдар негізінде қалыптасқаньш ерекше қызыга қараған. Мысалы, геометриялық
түлғаларға үқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бүрышты
сызықтар (үш бүрыш, төрт бүрыш, ромба тәрізді өрнектер) т. б. қайдан шықты
екен дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес қүрылыстардан шықса
керек десе, кейбіреулері жан-жану-арлардың ішкі-тыскы көріністерінен, сүйек
бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулер өсімдіктердің әр түрлі
көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бүталар-дың, сүйеулі түрған
сырықтардың бүрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер
геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өне-рлерінің
өрістей түсуіне байланысты, рлардың ойлап, қиялдауынан туған дейді. Демек
ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмүны мен атаулары туралы
мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол ою-
өрнектердің 200 шамалы түрлерімен жүртшы-лықты кеңірек таныстырып және ою-
өрнектердің кейбір заттық үғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшін
де түсінікті болу жағын қарастырдық.
...Ғасырлар бойы үрпақтан үрпаққа, бір шебердің үсталық, іскерлік
мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күні кейбір
облыстардагы қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен.
"Ырғақ", "сағат бау", "түйе табан", "жүрекше", "қаз табан" деп аталатын
әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында олпы-солпы болып
шығып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мүраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең
алдымен осындай бүрмалаушылықтан арылтып, оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр,
жаңа мазмүн бере дамыту-ымыз керек.
Қазақтың үлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде Т. К.
Бәсеновтің "Орңамент Казахстана в архитектуре" деген кітабы көптеген қүнды
материалдарға толы. Кітапта халық ою-өрнек өнерінің шығуы, оның қандай
үғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі,
кәсібі мен әдет-ғүрпы жайында өте толық айтылған.
Автор ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр-
түрге ажыратады. Мысалы, "арқар мүйіз", "қырық мүйіз", "сыңар мүйіз",
"қармақ", "ырғақ", "қошқар мүйіз", "күлте", "жапырақ", "гүл" т. б.
Т. Бәсеновтің осы кітабында архитектуралық өрнектер де көрсетілген.
Омардың, Айшабүбінің мазарларындағы өрнектер — өз заманында жасалған сәулет
өнеріндегі асқан шеберліктің тамаша үлгісі. Сонымен қатар ауыз әдебиетінде
сақталып келген өлең-жырларда, археология-лық қазындыларда, ескі
кітаптардың мүкабаларында, та-рауларында және бөлім аралықтарында
кездесетін өрнектер мен суреттер, жүлдызшалар мен айшықтар, батырлардың
қару-жарақтарында кездесетін кейбір жеке белгілер, таңбалар, әшекей әріптер
де халықтық тарихи этнографи-ялық мүралар. Мүндай халықтың ою-өрнектердің
ішіңде, олардың экспозиция қүрамында әр түрлі ендер мен таңбалардың, ру
таңбаларының элементтері жиі үшырай-ды. Осыларды егжей-тегжейлі зерттей
келіп қазақтын үлттық ою-өрнегі үш түрлі үғым негізінде туған деген
қорытындының дүрыс екеніне көз жеткізуге әбден болады.
Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды.
Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқын үлттық оюлары.
Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан жаңа, интернационалдык ою-өрнектер.
Біздіңше бүл топшылау да орынды сиякты. Шынында да осы күнгі көп жапырақты
гүлдер мен геометриялық өрнектер, жазусызуды бейнелеген өрнектеу, крестеп
тігу әдісі, өрнектеп шілтер тоқу, өрнектеп тескен үлгі бойынша торлай тігіп
әсемдеу сияқты қолөнердің көптеген жаксы үлгілері Октябрь революциясынан
кейінгі халықтар достығының нәтижесінде ғана сіңісіп, казақтың ою-өрнек
өнерін байыта түскендігі белгілі. Сонымен қатар қазақ халқының әлеуметтік
салт-санасы өсіп, мәдени-түрмыс дәрежесі, дүниеге көзқарасы, ойлау, үғыну
қабілеті де бүрын-соңды болып көрмеген дәрежеде дамыды. Осындай тарихи
өзгерістің нәтижесінде халық шеберлерінің творчестволық ізденуі мен
қабілеті де шыңдалып жетілді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмүны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі
үғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен, аңшылықты, екіншіден,
жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр
түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың үлттық ою-өрнегіндегі бір
ерекшелік — осы түрлі үғымның қай-сысын бейнелегенде де, үлттық ою-өрнектің
негізі болған мүйіз оюы үнемі араласьш отырады. Қазақ халкының
этнографиялық әдет-ғүрыптарының кейбір элементтері де ою, сызу, бедерлеу,
бейнелеу, өрнектерінің де белгілі орын алғандығы байқалады. Мысалы, бүрынғы
ру танбалары, малдардың ен-таңбалары, діни сенімдер негізіндегі ай, жүлдыз,
аспан әлемін түспалдау және тағы басқалары.
Оюшы. Шеберлер іске беріліп, жүмыс әдісіне төселе келе өздерінің
көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу
дәрежесіне жетті. Халық мүңдай адамдарды "оюшы" деп атады. Оюшылықты өз
дәуіріңде суретшілік өнердей, күрделі өнер деп санады. Әрбір елде, әрбір
руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Оңдайлар өз өнерінің тамаша
үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр
түрлі ою-орнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және
т. с. с. "арғын үлгісі", "керей "үлгісі" немесе "үлы жүздің үлгісі", "орта
жүздің үлгісі", кіші жүздің үлгісі" деген мәнерлер пайда болды. Мүндай ою-
өрнектердің, үлгілердің негізінде туған әңгіме, ертек, аңыздардың әр алуан
қызықты сюжеттерін қазақ ауылда-рының қарт шеберлерінен жиі естисіз. Соған
қарағанда кейбір оюлардың шығуында да бір тарихи оқиғаға байла-ныстылық бар
тәрізді! "Найман ер", "арғын тымақ", "адай бөрік", "дулат тымақ", "қыздай
қамзол", "семейлік беш-пет" деген атаулар сол елдің үлгісімен істелген
заттарды, тігілген киімдерді білдіреді. Тіпті сол үлгілегадің өздерін де,
өрнек мәнерін де, кейде осылай аймаққа, руға бөліп атай береді. Мәселен
"жетісу үлгісі", "жетісу мәнері", "алтай үлгісі", "алтай мәнері" деу осыдан
шыккан.
Шеберлер халықтық ою-өрнектерден өздері керіп, көңілдеріне үнағандарын
не қағазға, не жарғақ теріге, не матаға түсіріп, ойып алатын. Оюдың
қиындысын "үлгі" дейді. Үлгі қиюмен көп айналыскан және сол үлгі бойын-ша
ою ойып, іс істеуді сүйген шеберлер қолындағы ою үлгілеріне өз бетінше жаңа
түр, жаңа буын қосып, рны өзінше жөндеп, дамытып отырды. Қай кезде болса да
ер өнері еліне ортақ. Қарапайым әдістің өзімен неше түрлі сурет жасап
үнасым мен әдемілік жағынан көздің жауын алгандай ою-өрнектердің үлгісін
беріп жүрген халық ше-берлері қазір де көп. Солардың бірі Ленин орденді,
пен-сиядағы мүғалім, Сәрсембин Рахым аксакалдың оюлары бірнеше рет одақтық
көрмелерде жүлде алды. Оның ою-ернектері республикада, одақта шығып жатқан
халык творчествосы туралы жинактарға енді. Рахаң салған ернек-тердің бір
тамашасы олардың кепшілігі архитектуралық қүрылыстарды ажарлауға, керамика
мен ағаш, мүйіз, сүйек заттарын әшекейлеуге арналған. Оның қыл қаламыиан
туған үй сыртынын ішкі кәрнездері мен дінгектердің әдемі ернектерін казір
Алматы кешелеріндегі үйлердің кебінен кездестіреміз.
Шымкенттік шебер Ғани Идяев кілем, алаша, баскүр, сырмақ сияқты
заттарға арнап таза казак мәнерімен 400-ден астам мүйіз ернегін жасады. Ол
езі ернек жасаумен қатар бүкіл оңтүстіктегі қазақтардын оюларын жинаумен де
көп шүғылданып келеді. Қазір Ғ. Иляев те, Р. Сәрсембин де республикада
Суретшілер одағына мүшелікке қабылданып отыр. Сол сияқты жамбылдық
Қоқымбаева, Керімбаева, ақтебелік Қаракүшіков, семейлік Ыскақова,
павлодарлық Темірболатова, Шалғымбаева шығыс казақстандык Молдаханова,
Рүстемовалардың оюлары мен кесте ернектері халықка жақсы үнады.
Қолда бар бүрын-соңды жазылған деректер мен ел арасындағы қоленер
шеберлерінің айтуынша қазақ ою-ернектерінің ете жиі колданылатын 200-ден
астам түрі бар.
Бүлардан басқа кұйып, илеп, кептеп, батырып жасай-тын өрнектер
кездеседі. Мысалы, "атбас", "койбас", "бесік", "тайтүяк", "крйтүяқ",
"ботакөз" т. б.
Қазақтың қоленерінде ерімшіліктің неше түрлі әдемі өрнектері бар.
Біздің бүл көрсетіп отырғандарымыз тек әзірше ізі табылған, әдебиет
беттерінде жүртшылыққа та-ныс болған, екі үйдің бірінен кездесетін
ернектер гана.
Оньщ әлі де болса бізге кездеспеген, не көнілден какас калған түрлері
және әр жерде әр түрлі айтылатын атау-лары ете кеп екені байқалады. Бүл
пікірді зерттеуші этнографтар да ертеден-ақ айтып келеді. Жалпы өрнек
атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге
болар еді.
I. Ай, Күн, жүлдыздарға — көк әлеміне байланысты
өрнектер.
II. Малға, малдың денесіне, ізіне байланыстылары.
III. Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
IV. Қүрт-қүмырскаларға байланысты өрнектер.
V. Қүстарға байланысты өрнектер.
VI. Жер, су, өсімдік, гүл, жапырак, бүтақ бейнелі
әрнектер.
VII. Қару-қүралдарға байланысты өрнектер.
VIII. Геометриялық фигуралар тектес өрнектер. Со-ндықтан біз қазак
ернектері малшылық, көші-кон, жо,-рыкшылық заманындағы түрмысты,
айналасындағы табиғатты, аңшылыкты, геометриялық түсініктердің сырт
түрпатын байқаудан туған үғым негізінде дамыған деген болжамға толық
қосыламыз.
Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу (суретші) өнерінің бір түрі,
Бірақ бір есте боларлық жай, маман - суретшілер көбінесе заттың сырт
формасын дәлдеп, су-реттің неғүрлым сол ззтқа аумай үқсап түру жағыйа
көбірек наззр аударады. Ал ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз
өрнектерінде ойлаған затының не сюжетінің сыр-сипатын өзінше танып, оның
дәлме-дәлдігінен гөрі көркем, әшекейлі болу жагына баса назар аударады.
Ескі замандағы ел әдетін, шаруашылық ғүрпын, этно-графиясын білген
адамға мүндай өрнектердін заттық үғымын және олардың неліктен бүлай
аталатындығын пай-ымдау қиын емес. Қазақтың шиге, алашаға, кілемге са-латын
"омыртқа" өрнегін алып карайық. Бүл Шымкент қаласында түратын колөнер
ісінің өрнекшісі Қазак ССР суретшілер одағының мүшесі Ғани Иляевтің кілем,
түскиіз, терме-күралга арнап жасаған өрнегі. Өрнектің аты "омыртқа", ол
кілең "сынық мүйіз" өрнегінің элемент-терінен қүрылған. Сонымен қатар,
өрнекте үлы жүз қазақтарының рулык белгісі болған "тарақтаңба"
да
көрініп түр.
Ал осыны мал етін мүшелеп, омыртқа омырып көрме-ген яки кепкен жалпак
омыртканын с-үресін есіне түсіре алмаган кісінің түсінуі киын. Сол сиякты
жалпы атауы мүйіз (қойдыңарқардьщ, бүғының) үғымынан алынған әр түрлі
және көп тармакты. ернектер де неше иіріліп, ар түрлі тармакталып, бір
сюжетті түспалдап түрады. Мыса-лы, осетиндерде "кошқар мүйіз" өрнегі ерте
заманда бір түрде жасалып, бара-бара әдемілене келіп екінші түрге ауысқан
(2-сурет). Бірақ оның бастапқы затка үқсастығынан гөрі әдемілігі,
әшекейлігі басымдана түскен. Мысал ретінде кене заманның айбалталарын
а^айық. Айбалтадағы екі мүйіз тек әдемілік үшін ғана жасалған өрнек. Ал
балта жүзінің өзі де жарты ай бейнесін мезгеп түр. Айта кетерлік бір жай
осы сияқты мүйіздеп әшекейлеу арқылы жасалатын өрнектер қазактан басқа
елдерде де көп кездесе береді. Қырғыз, өзбек, армян, әзербайжан, түрікмен,
украин, молдавандарда және тағы басқа да елдерде кездеседі. Әрине, әр елдің
салттық үғымдарына, дәстүрлеріне байланысты Олар әр алуан бо-лып келеді.
Демек, халықтар арасыяда бірінен бірі үлгі алу, өнеге ауысу ертеден-ақ
жаксы дәстүр болған деген ойымызды бүл жайлар тағы да дәлелдей түседі. Ал
шыр-мауық, шійтырман, гүл, жапырақ және геометриялық фи-гуралар тектес
ернектер барлық халықтарға ортақ және мүйіз өриегіне қарагавда бүлар бір
ізге әжептәуір түскен сияқты.
Енді осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, со-ндықтан да халық
шеберлерінің кепшілігіне белгілі атау-ларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап
өтейік.
Ай , "жартыай" ернектері шынында да аспандағы айды мезгеп жасалынган.
Бүлар көбінесе діни орындардың архитектуралык безендіруіиде, мешіт-
медреселердің мүна-раларында, мазараттарда, жайнамаз сиякты заттарда
кебірек кездеседі. "Ай" өрнегінің ислам діні келуден көптеген жылдар бүрын
шыкқаны анық. Мүның себебі де жоқ емес Бір замандарда көптеген қауымдар ай
мен күнге, от пен жүлдызға табынған, Жаратылыс күбылыста-рынан мағлүматсыз
замаңда ,ай да, күн де, жүлдыз да тәңірі болып керінген. Осыған байланысты
аспан әлеміндегі денелердің ең кернектісі және күбылысы кеп айды олар
тәнірі түтып жалбарынған, оған қүрбандыктар шалған. Қазақтың тілек тілер,
бата қылар жиындарда кек қаска малды айтып союы да осы ескілік нанымнан
калған әдет, Кек дегенде, түсіне карай аспанды түспалдаса, қасқа дегенде
сол кектегі (аспандағы) айды түспалдаған.
Қазірде "ай", "жарты ай"', "айшық" ернектері, әрине, бүл үғымнан
әлдеқашан тазарыи, тек ернек, әдеміліктің бір түрі ғана болып қалған.
Кейбір ернектердегі деңгелене келіп түйіскен жарты айлардың қосындылары
"табақ", "тана" ернектері сияқты әдемі түрлер жасайды. "Ай" ернегі қазақтан
басқа елдерде де кездеседі.
"Айбалта"— ай сияқты қүдіретті балта деген үғымнан туған. Мүндай ернек
кебінесе ат-түрмандарда, батырлар-дың қару-жарақтарыңда, кестелі киімдерде,
кежімдерде, архитектуралык ернектерде, әр түрлі мәнерлерде кездеседі. Бүл
ернек көп халықтарға ортақ, әсіресе олардың зер-герлік, үсталық ағаш
оюларында кездесетін түрлері кеп.
"Айыр"— айыр (екі) еркешті түйе, айыр түяқты мал-дардың бақайы, сондай-
ақ айыр қой-ешкі, сиыр малдары-ның бақай арасынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz