Ескі қазақ жазба үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер ( ХV-ХVІІ ғғ )


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 136 бет
Таңдаулыға:   

Ескі қазақ жазба үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер

(ХV-ХVІІ ғғ. )

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1 ХV-ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілін зерттеу мәселелері . . . 10

1. 1 Ескі қазақ жазба тілі ұғымы туралы . . . 10

1. 1. 1 Ескі қазақ тілі туралы . . . 10

1. 1. 2 Қазақ тілін дәуірлеу мәселесі . . . 14

1. 2 Ескі қазақ тілінің бастау көздері . . . 17

1. 2. 1 Өтеміс қажының «Шыңғыснама» қолжазбасы - ескі қазақ жазба тілі туын-

дысы . . . 25

1. 2. 2 «Әділ сұлтан» эпикалық жыры - ескі қазақ жазба тілі туындысы . . . 25

1. 2. 3 Қадырғали би Қосымұлының «Жамиғат-тауарих» атты еңбегінің ескі қа-

зақ жазба тілі тарихындағы орны . . . 27

1. 2. 4 Әбілғазы Бахадүр ханның «Шежіре-и түрки» атты еңбегінің ескі қазақ жаз-

ба тілі тарихындағы орны . . . 30

Бірінші тараудың тұжырымдамасы . . . 35

2 Жазба ескерткіштер тіліндегі лексика-семантикалық ерекшеліктер . . . 37

2. 1 ХV-ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі көнетүркілік лек-

сика қабаты . . . 37

2. 2 ХV-ХVІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштер тіліндегі кірме сөздер құрамы . . 43

2. 2. 1 Ескі қазақ жазба ескерткіштер тілінде кездесетін араб және парсы негізді

лексика құрамы . . . 43

2. 2. 2 Ескі қазақ жазба ескерткіштер тіліндегі өзге тілдерден енген сөздердің

қолданымы . . . 49

2. 3 Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі қауымдастық, әкімшілік, туыстық қаты-

настар және әскери лауазым атауларының берілуі . . . 51

2. 3. 1 Қауымдастық, әкімшілік бөлініске және туыстық қатынастарға байланыс-

ты атаулар . . . 52

2. 3. 2 Лауазым және әскери атақ-дәрежеге байланысты атаулар . . . 55

Екінші тараудың тұжырымдамасы . . . 57

3 Ескі қазақ жазба ескерткіштер тіліндегі сөзжасам жүйесі . . . 58

3. 1 Есім сөзжасам жүйесі . . . 58

3. 1. 1 Есім сөздерден есім сөз жасайтын жұрнақтар . . . 59

3. 1. 2 Етістіктен есім сөз жасайтын жұрнақтар . . . 67

3. 2 Етістік сөзжасам жүйесі . . . 74

3. 2. 1 Есім сөздерден етістік жасайтын жұрнақтар . . . 74

3. 2. 2 Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар . . . 79

3. 3 ХV-ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі аналитикалық сөз-

жасам жүйесі . . . 83

3. 3. 1 Бірігу, қосарлану және қайталама тәсілімен жасалған сөздер . . . 83

3. 3. 2 Жазба үлгілердегі сөз тіркесі түрінде кездесетін қолданыстар . . . 86

Үшінші тараудың тұжырымдамасы . . . 104

Қорытынды . . . 107

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 112

К І Р І С П Е

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тілінің қазіргі өркениетіміз бен мәдениетіміздің және ұлтымыздың қалыптасуында негізгі ұйыстырушы, ұйтқы болғандығы белгілі. Осымен байланысты қазіргі қазақ тілінің қалыптасу тарихын, даму жолдарын зерделеу - ұлттық, мемлекеттік мүддеге сәйкес мәдениетіміздің келешектегі даму бағдарларын анықтауға септігін тигізер мүдделі қажеттілік. Сондықтан бабаларымыздың өткен тарихтағы асыл мұраларын танып білу, ескі қазақ тілінің жазба үлгілеріндегі материалдардың қолдағы барын игеру, жоғын іздестіріп ғылыми айналысқа тартуға байланысты іс-шаралардың маңызы өте зор. Өкінішке орай, ескі қазақ жазба тілінің ХV-ХVІІ ғасырлардағы жай-күйін танытатын жазба нұсқалардың көпшілігі бізге жетпеген, ал басым бөлігі түрлі объективті, ішінара субъективті жағдайларға байланысты шетелдік мұражайлар мен кітапханалар қорында жатыр.

Болашағымыздың түп төркіні өткен тарихымызда жатқанын ескерсек, сол мұралардың заман талабына сай жаңаша бажайлануы - бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Соңғы жылдары Елбасымыздың тікелей басшылығымен «Мәдени мұра» деген бағдарлама қолға алынып, соның нәтижесінде бүгінгі ғылым мен білімге берері мол біраз жұмыс атқарылып жатыр. Онда көнеден жеткен жазба жәдігерлер мен бабалар мұрасы ұлттық дүниетаным тұрғысынан жаңаша зерделеніп, тың деректермен баюда. Әсіресе, қазақ халқының өз алдына ел болып, ұлттық мемлекеттің іргетасы қаланып жатқан тұста дүниеге келген жазба жәдігерлерді тілдік тұрғыдан зерттеу, сол арқылы бүгінгі қазақ тілінің тарихын, даму ерекшелігін өз деңгейінде қарастыра білу кезек күттірмейтін мәселе.

Қазақ хандығы өз алдына шаңырақ көтеріп, қазақ мемлекеттігін жариялағанымен, олардың өмір-тіршілігі көбінесе тарихи-саяси тартыс, күрес үстінде болды. Қазақ жұрты талай шабуылға ұшырап, қоныс аударып, әсіресе, отырықшы халық пен отырықшы елдің мекен-жайы болған қалалардың өзі жиі-жиі, бір қолдан екінші қолға өтіп отырғаны тарихтан мәлім. Бұл жағдай қазақ халқының тарихи жазба мұраларын толығымен сақтауға, келешек ұрпаққа жеткізу мүмкіндігіне, сөз жоқ, кері әсерін тигізді.

Түркі тайпаларының, оның ішінде қазақ халқының құрамына енген тайпалардың тілдік ерекшеліктері V-VІІІ ғасырлардағы Орхон-Енисей, одан кейінгі көне түркі, ұйғыр, араб жазулы және т. б. жазба ескерткіштерде сақталған. Көптеген түркі тілдес халықтарға ортақ болған «шағатай тілінде орындалған» деп танылып жүрген жазба ескеркіштерге қазақ халқы да ортақ. Қазақ ру-тайпалары дербес мемлекет құрып, өмір сүре бастаған ХV-ХVІ ғасырларда жазба дүниелердің қажеттілігі туды. Ол қажеттілік, біріншіден, қазақтың хан-сұлтандарының өзге елдермен қарым-қатынас жасау саласында бой көрсетсе, екіншіден, сол кезеңде жеке адамдардың немесе әулеттердің кейінгі ұрпақтарына ата-бабаларын танытатын шежірелер жазу және жазба түрде өсиетнама қалдыру сияқты дәстүрлерімен байланысты туындады. Шежірелердің құрылысы, баяндау стилі, көлемі, орындалу мақсаты жағынан әр түрлі болып келген. Атап айтқанда, олардың ата-бабалардың аттарын хронологиялық тәртіппен түзген сызба тәріздес қысқа түрлері де, тарихи шығарма түрінде келетін күрделі түрлері де болған. Алдыңғы топтағы түпнұсқалары сақталмаған, ал тарихи жылнама түрінде жазылған жазба ескерткіштердің бізге жеткені өте аз. Тіліміздің тарихын зерттеу саласында қазақ тіл білімінде көптеген еңбектер жазылып, қазақ тілінің қалыптасу кезеңдерін дәуірлеу мәселесі өз шешімін тапса да, бүкіл кезеңдері түбегейлі зерттелді деп айтуға болмайды. Қазақ жазба тілінің бастауының негізі Қазақ хандығының құрылу кезеңімен қарастырылуы заңды. Өйткені сол кезеңде жазылған ескерткіштер тіліндегі грамматикалық ерекшеліктер, оның ішінде лексика-семантикалық, сөзжасамдық ерекшеліктерін анықтау арқылы «шағатай тілі», «ескі қыпшақ тілі», «ескі қазақ тілі» ұғымдарының ара-жігін ажырату күн тәртібінде қойылған мәселе болуы тиіс.

Қазақ тілінің орта ғасырдың соңғы ширегіндегі жай-күйіне, тілдік ерекшеліктеріне тілші-ғалымдар, мәдениет қайраткерлері үнемі назар салып, түрлі жанрларда орындалған ізденіс жұмыстарына арқау етіп келеді. Осы бағытта зерттеулер жүргізіп, зерттеу нысандарына қатысты келелі пікірлері мен тұжырымдарын ұсынған Ш. Ш. Уәлихановтың, А. Байтұрсынұлының, С. Исаевтың, М. Тынышпаевтың, Қ. Жұбановтың, Ә. Х. Марғұланның, А. Есенқұловтың, Н. Т. Сауранбаевтың, Ә. М. Ибатовтың, А. Ысқақовтың, Ә. Т. Қайдардың, М. Оразовтың, Б. Сағындықұлының, С. Аманжоловтың, Р. Сыздықованың, Ғ. Қалиевтің, Ә. Құрышжанұлының, Б. Әбілқасымовтың, М. Маженованың, Ә. Керімұлының, Т. Жанұзақтың, Е. Жанпейісовтың, М. Малбақовтың, Н. Оралбаеваның, А. Хасенованың, С. Боранбаевтың, Ә. Төлеуовтың, М. Жүнісованың, К. Құрманалиевтің, Ш. Жалмахановтың, К. Шаяхметовтың, М. Сабырдың, М. Жаңабекованың, Ұ. Қайырбекованың, Г. Боранбаеваның, Ә. Ташауовтың, Г. Әзімжанованың, Е. Мергенбаевтың, Ж. Тектіғұлдың, Ж. Отарбекованың, С. Дүйсеннің, Р. Әбенованың, Е. Есбосыновтың арнайы орындалған еңбектерінде, сондай-ақ осы мәселеге қызығушы мамандардың түрлі басылымдар арқылы білдірген пікірлерінде мәселенің өткір де өзекті тұстары туралы келелі пікірлер ұсынылып жүр. Оларды бір арнаға, бір аяға топтастыру, жүйелеу арқылы мүмкіндігінше мәселенің нақты шешімін табудың қажеттілігі күнбе-күн артып келеді. Осындай қажеттіліктің шешімін іздестірудің бір жолы - ХV-ХVІІ ғасырлар арасында орындалған, тілдік материалдары ескі қыпшақ және ескі қазақ тілдеріне өте жақын болып келетін жазба ескерткіштерді өзара салғастыра, салыстыра отырып зерттеу. ХІV ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың басында жазылған Өтеміс қажының «Шыңғыснамасы» да ескі қазақ тілі тарихы үшін өте маңызды еңбек болып табылады. Бұл жазба ескерткіш мәтіндерін алғаш рет қазақстандық шығыстанушы-ғалым В. П. Юдин тарихи тұрғыдан зерттеп, транскрипциясын жасады. Тағы бір ескерткіш - Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында сақталған, ХVІ ғасырда жазылған «Әділ сұлтан» эпикалық жыры. Бұл жазба ескерткішті тарихи тұрғыдан зерттеп, қолжазба факсимилесін және транскрипциясын жасаған - тарихшы-ғалым А. И. Исин. Біз осы ғалымдар транскрипциялаған мәтіндерді негізге ала отырып, оларды сөзжасам тұрғысынан өзара салыстыра отырып қарастырдық. Соңғы аталған жазба ескерткіш бұрын-соңды тілдік тұрғыдан зерттелмеген. Қадырғали Жалайыридің ХVІ ғасырда жазылған «Жамиғат-Тауарих» (Жылнамалар жинағы) атты еңбегі де осы қатарға жатады. Оның ортағасырлық қазақ тарихы мен ескі қазақ тілін зерттеуде алатын орны ерекше. Сондықтан бұл ескерткіш - ескі қазақ тілі, әдебиеті, қазақ мәдениеті және тарихына байланысты арнайы зерттелініп, үнемі назарға ілігіп келеді. Бұл ескеркішті арнайы зерттеген ғалымдар Р. Сыздықова және М. Қойгелдиев «Қадырғали би Қосымұлы және оның Жылнамалар жинағы» атты кітабында бұл еңбектің толық нұсқасының қолға тимегенін, сондықтан зерттеудің Ленинград университеті ғылыми кітапханасының Шығыс бөлімінде сақтаулы тізімі мен Қазан университеті ғылыми кітапханасының Шығыс бөліміндегі тізімі негізінде жасалғанын атап көрсетеді. ХVІІ ғасырда жазылған Әбілғазы Бахадүр ханның «Шежіре-и Түрки» шежіресі өз тұсындағы шағатай тілінен өзгешелеу тілде, өз сөзімен айтсақ, түркі халықтарына ортақ «нағыз түрік тілінде» жазылғанын көреміз. Бұл шығарма түркі ғылым әлеміне екі ғасырдан астам уақыт белгілі болса да, ол туралы жазылған мақалалар, кейбір зерттеулер жарияланса да, қазақ оқырмандарына тек ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана кеңірек мәлім бола бастады. Қазақ ғалымдарының арасынан «Түркі Шежіресінің» тілін жіті зерттеген - профессор Б. Әбілқасымов. Ғалым ескерткіш материалдарына жасаған талдауларында «Түркі Шежіресінің» тілін қыпшақ тобына, оның ішінде қазақ тіліне жақын деп тануға толық негіз бар екендігін нақты фактілер жиынтығы арқылы айқындап көрсеткен. Қазақ тілінің тарихының әрбір кезеңінде зерттей түсуді қажет ететін тұстар қөп-ақ. Соның бірі - ескі қазақ жазба ескерткіштерінің тілі, сол себепті де аталмыш зерттеу құнды саналады.

Зерттеудің өзектілігі. Осы кезге дейін ескі қазақ тілінің мәселелері арнайы зертттеу обьектісіне айналған емес. Сондықтан да ескі қазақ жазба тілі үлгілері бір жақты қарастырылып, «шағатайша» деген жалпылама атаумен өзге халықтардың мұрасына айналып жатыр. Соның салдарынан ортағасырлық әдеби, тарихи қолжазбаларымыздың тілдік ерекшеліктері қыпшақ тілі тобына, оның ішінде қазіргі қазақ тілінің сөзжасам үлгілеріне жақын тұрғанына қарамастан, қазақта ауыз әдебиетінен басқа жазба әдебиеті болмаған деген біржақты көзқараспен Алтын Орда тұсында туған шығарма болса татарға, кейінгі дәуірдегі шығармалар өзбектің еншісіне беріліп келді.

«Әділ сұлтан» эпикалық жыры, Өтеміс қажының «Шыңғыснама», Қадырғали Жалайыридің «Жамиғат-Тауарих» және Әбілғазы Бахадүр ханның «Түркі Шежіресі» атты жазба ескерткіштеріндегі тарихи мәтіндер сол кезеңдегі, яғни ХV-ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілінің болмысынан, тілдік құрылысынан жалпылама және нақты мәліметтер береді. Бұл шығармалардан ескі қазақ жазба тілінің ғасырлар бойы қолданылып келген заңдылықтары, оның ішінде сөзжасам жүйесі айтарлықтай өзгеріске ұшырамай, қазіргі уақытқа дейін жеткендігі аңғарылады. Ескі қазақ тілі мен қазіргі қазақ тілінің сабақтастығын, әсіресе кейінгі ортағасырдың соңғы ширегіндегі жай-күйін, қалыптасуы мен даму жолдарын анықтаудың басты бір әдісі - көне мұрағаттарды терең талқылап, ғылыми зердеден өткізу. Сол арқылы қазақ мемлекеттігінің, қазақ ұлтының алғашқы қалыптасу кезеңіндегі тіліміздің статикалық және динамикалық даму үрдісін анықтау - өз мәдениетіміз бен тарихымызды, рухани құндылықтар мен нақты мұраларымызды тану мен танытуға байланысты қазіргі заман талабынан туындап отырған, зәрулігі, өзектілігі жоғары деңгейлі мәселе болып саналады. Осы тұрғыдан зерттеудің өзектілігі дау тудырмайды.

Зерттеудің нысаны. ХV-ХVІІ ғасырларда жазылған ескі қазақ жазба ескерткіштеріндегі сөздердің тұлғалық ерекшеліктерін, олардың лексикалық мағыналарын және сөздердің жасалуы мен қолданымын талдау, аталған жазба ескерткіштердің тілдік ортақ заңдылықтарын анықтау үшін «Әділ сұлтан» эпикалық жыры, Өтеміс қажының «Шыңғыснама», Қадырғали Жалайыридің «Жамиғат-Тауарих» және Әбілғазы Бахадүр ханның «Түркі Шежіресі» атты жазба ескерткіштерінде берілген тілдік материалдар негізгі нысан ретінде алынды. Олар иіні мен ретіне орай өзгедей материалдармен де салыстырыла қарастырылады. Бұл талдауларды жасауда жазба ескерткіштердің бұрынғы транскрипциялары («Шыңғыснаманың» В. П. Юдин дайындаған транскрипциясы, «Әділ сұлтан» эпикалық жырының А. И. Исин жасаған транскрипциясы), сондай-ақ, Р. Сыздықова мен М. Қойгелдиевтің «Қадырғали би Қосымұлы және оның Жылнамалар жинағы» атты еңбегі және «Түркі Шежіресінің» Б. Әбілқасымов зерттеулеріндегі нұсқасының мәтіндері сарапқа салынды. Жазба ескерткіштердегі грамматикалық категориялардың қолданымын және лексикалық тұлғалардың өзара тарихи мағыналық байланысын ашып көрсету үшін мәтіндердегі анықтамалық және иллюстрациялық материалдар пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - ХV-ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ тілі жазба үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық жүйе ерекшеліктерін анықтай отырып, олардың ескі қазақ жазба тіліне тән екендігін дәлелдеу, сондай-ақ, ескі қазақ жазба тілінің аталған үлгілеріндегі тілдік заңдылықтардың қазіргі қазақ тілімен дәстүрлі сабақтастығын көрсету.

Осыған байланысты зерттеу жұмысында төмендегі міндеттерді шешу көзделді:

- жазба ескерткіштерде берілген тілдік материалдар арқылы ескі қазақ жазба тілін дәуірлеу мәселесінің шешімін табу;

- ескі қазақ жазба тілі ұғымы туралы ғылыми пікірлерге талдау жасау;

- аталған жазба ескерткіштердегі негізгі лексика-семантикалық топтардың құрамы мен құрылымын талдау;

- жазба ескерткіштердегі кірме лексиканың құрамы мен семантикалық құрылымын айқындау;

- жазба ескерткіштердің сөзжасамдық жүйесін зерттей отырып, оларға тән негізгі ерекшеліктерді анықтау;

- жазба ескерткіштердегі сөзжасам жұрнақтарының қазіргі қазақ тіліндегі жұрнақтармен сәйкестігі мен сабақтастығын айқындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың басты ғылыми жаңалықтары ретінде мыналарды атауға болады:

- жазба ескерткіштер материалдарын бір аяға жинақтап қарастыру арқылы тақырыптың өзектілігі айқындалып, ескі қазақ жазба тілін зерттеу проблемасы күн тәртібіне қойылды;

- ескі қазақ тілінің аталған жазба үлгілеріндегі сөзжасам ерекшеліктері салғастырмалы, салыстырмалы тұрғыда айқындалды;

- ескі қазақ тілінің жазба үлгілеріндегі сөздік қорының лексика-семантикалық топтары, өзара ерекшеліктері анықталды;

- ескі қазақ жазба тілінің қалыптасу, даму барысына сөзжасам процесінің тигізген әсері нақтыланды;

- ескі қазақ тілінің жазба үлгілеріндегі сөзжасамның синтетикалық және аналитикалық деңгейлері арасындағы жұмсалым ерекшеліктері қарастырылды.

- ескі қазақ жазба тіліндегі сөзжасамдық үлгі мен қазіргі қазақ тілі сөзжасам үлгісінің сәйкестігі нақты дәйектелді.

Зерттеудің әдістері. Ескі қазақ тілінің жазба үлгілеріндегі тілдік материалдарды зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи тәсіл, салғастыру, баяндау әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері қазақ филологиясының және түркологияның соңғы жетістіктеріне негізделді. Ескі қазақ жазба тілінің лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктерін анықтау барысында мүмкіндігінше қазіргі заман талаптары ескерілді. Осы уақытқа дейін ғылымға нақты түрде белгісіз болып келген кейбір жазба ескерткіштер мәтіндері мазмұнының құрылымдық жүйесі, онда қаралған мәселелердің өзара ішкі байланыстары, тілдік ерекшеліктері анықталды.

Зерттеу барысында анықталған ескі қазақ жазба тіліндегі сөзжасамдық модельдер мен қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық модельдер базасының ортақтығы, ескі қазақ жазба үлгілеріндегі сөзжасам жүйесінің қолданым мен жұмсалымдағы кейбір ареалдық-тілдік ерекшеліктеріне қатысты зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары қазақ тілі тарихы, ескерткіштер тілі, тарихи сөзжасам салаларының нақты деректік және теориялық әдістанымдық тұрғыдан толығып дәйектелуіне өзіндік деңгейінде үлес қоса алады. Сонымен бірге зерттеу жұмысы « ескі қазақ жазба тілі » ұғымын нақты ғылыми-зерттеу нысаны ретінде өз алдына арнайы қарастырудың қажеттілігін дәйектеп, келешекте осы тақырыптағы ауқымды ізденіс жұмыстарының атқарылуы тиіс бағыттарын белгілеуге де септігін тигізеді.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық мәні. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында алынған нәтижелерді ескі қазақ жазба тілінің сөзжасам ерекшеліктеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазу мен түрлі сөздіктер түзу барысында, жоғары және арнайы орта оқу орындарында жүргізілетін «Түркология», «Қазақ тілінің тарихы», «Қазіргі қазақ тілі», «Тарихи морфология», «Жалпы тіл білімі» пәндерін оқыту барысында, «Ескі қазақ жазба тілі» пәніне қатысты семинар сабақтары немесе арнайы курс жүргізуде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- ХV-ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ тілінің жазба үлгілеріндегі сөзжасам жүйесі мен қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі арасындағы дәстүрлі сабақтастықтың тарихи-тілдік негізі бар;

- ескі қазақ жазба тілі Орта Азиялық түркі және ортағасырлық қыпшақ жазба тілі дәстүрі негізінде қалыптасқан;

- «Әділ сұлтан» эпикалық жыры, Өтеміс қажының «Шыңғыснамасы», Қадырғали Жалайыридің «Жамиғат-Тауарих» атты еңбегі, Әбілғазы Бахадүр ханның «Түркі Шежіресі» - ескі қазақ жазба тілінің ескерткіштері болып табылады;

- ескі қазақ жазба тілінің сөзжасам жүйесінде байырғы түркі және ескі қыпшақ тілінің әсері басым;

- ескі қазақ жазба тілінің үлгілерінде ішінара ареалдық-стильдік ерекшеліктер орын алған.

Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жарияланымы. Зерттеу жұмысының нәтижелері және негізгі мәселелері бойынша «Көне түркі жазба ескерткіштері: жазу мәдениетінің бастаулары, тілдің даму құбылыстары» атты халықаралық конференцияда (Астана, 2005) ; 2002 және 2004 жылдары Түркістан қаласында өткізілген Халықаралық Түркологиялық конгресте; ҚР БжҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен «Академик Ш. Ш. Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференцияда баяндамалар жасалынып, арнаулы секцияларында талқылаулардан өткізілді, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы «Лингвистикалық жұма» атты семинарда (2006, мамыр) хабарлама жасалды. Республикалық басылымдарда жұмыстың өзекті мәселелері бойынша 11 мақала, 1 оқу құралы жарияланды.

Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ХV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЕСКІ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ТІЛІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Ескі қазақ жазба тілі ұғымы туралы

1. 1. 1 Ескі қазақ әдеби тілі туралы

Қазақ әдеби тілінің бастау алған кезеңдерін жүйелеу қазақтың төл әдебиетінің алғашқы нұсқаларын айқындаумен тығыз байланысты. Ғалым Р. Сыздықова ХV-ХVІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулардың тілін арнайы талдай келе, « . . . олардың шығармаларын қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгілері», - деп таниды. Сөйтіп, бұл кезеңде қызмет еткен тілді жазба дәуірге дейінгі ауыз әдеби тілі деп атайды. Алайда кейбір зерттеушілер жазба дәуірге дейін қолданылған тілді әдеби тіл деп есептемейді. Олар белгілі бір тілді «әдеби тіл» деп тану үшін жазудың болуы шарт екенін, яғни «хатқа түскен нұсқалары жоқ немесе өте аз болған жерде әдеби тіл де жоқ» дегенді кесіп айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер
Ескі қазақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасам
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық ерекшеліктер ( Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл- Aтрак ескеркіші бойынша)
Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің жасалуы («Мұқаддимат әл Әдаб», XIV ғасыр)
Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері
І. Есенберлин шығармаларындағы туынды бірліктер және олардың жасалу жолдары
Мұнай және газ саласындағы терминологиялық өрістің ерекшелігі
Сөзжасамды оқыту тәсілдері
Сөз жасау тәсілі
«Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz