4 сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамытудағы жүргізілетін жұмыстар
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамыту
(4 сынып)
1. Ес туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..6
2. Есте сақтауды дамыту және есті
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ..20
ІІ тарау.
4 сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамытудағы жүргізілетін
жұмыстар
2.1. Ес қабілетін дамытуға байланысты жасалатын әрекеттер ... ... ...29
2.2. Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 33
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар.
Кіріспе.
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында
сақталып,қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Сонымен қатар ес- бір- бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған
күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Ол
айналамыздағы бізге әсер ететін дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды
жүйкемізде сәулелендірудің бір формасы. Сыртқы дүниенің әсері арқылы мида
бұрын пайда болған бейнелер із-түссіз жоғалып кетпейді, көп уақытқа дейін
мида сақталып тұрады.
Ес - күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта
жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И. П. Павловтың нерв
жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Нерв жүйесінің
пластикалылығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан
уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей
тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы онда бұрынғы
байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар.
Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі
нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші
ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса, енді
бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы
бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын бір сыдырғы зерттегенмен естің
бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені еске сақтау - оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің
негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.
Егер бұрын бірнеше обьектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін
елестетсек, не ойласақ, бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін
обьектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегін тудыруға
себеп болады.
Ассоцияциялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы
Аристотель болды. Аристотель ассоцияцияларды тек тікелей елестетумен
байланыстырып, психикалық әрекеттің қалған түрлерін түсіндіруге бұл
принципті қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс
дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге
болатындығын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И. П. Павлов болды. И.П. Павлов
психологияда ассоцияциялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екі қозу
процесінің қабаттасып келуі себепті пайда болып, сан рет қайталаудың
нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді. Ұлы ғалым
бұл туралы былай деп жазды Уақытша нервтік байланыс жануарлар дүниесінде
де, біздің өзімізде де байқалатын жан - жақты физиологиялық құбылыс.
Сонымен қатар ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден құрылса да немесе әріп,
сөз, әлде ойдан құрылса да психикалық құбылыс болып табылады, оны
психологтар ассоциация деп атайды Ассоцияциялардың Аристотель заманынан
белгілі үш түрі бар. Олар; іргелестік, ұқсастық және қарама - қарсылық
ассоцияциялар. Бұл ассоцияциялар жөнінде И.П.Павлов былай дейді; Шартты
байланыс бұл, сірә, біздің бір мезгілдік ассоцияция дейтініміз болса керек.
Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге сәйкес
келеді. Шартты рефлекстің анализі мен синтезі, сайып келгенде, ой
әрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей нәрсе 10
Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоцияциялардың табиғатын былайша түсінуге
болады;
1) Іргелестік ассоцияциясы бойынша бір зат жөніндегі епес өзімен бірге оған
қатысы бар екінші затты қоса туғызады. Мәселен, Кремль ұғымы Қызыл алаң
ұғымын, көктем туралы ұғым шөп туралы ұғымды туғызуы мүмкін.
2) Ұқсастық ассоцияциясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне
ұқсас образдарды ілестіріп еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол
затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді. Мәселен
толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзін, жапырақтың сыбдыры адамның
жайлап сөйлеуін т.б
3) Қарама - қарсылық ассоцияциясы бір зат туралы елес оған қарама -
қарсы екінші затты не құбылысты еске түсіреді. Мысалы, ақ пен қара, айқай -
шу, тым - тырыс т.б.
Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын,
қалағанынша меңгере де, жан - жақты жетіле де алмас еді. Егер біздің
есімізде өткенде қабылданған нәрселер сақталмаса, бізге өмірді әр кез қайта
жасап отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегі заттардың барлығы да әр
уақытта белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді.
Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де тығыз байланысып жатады. Ол
әсіресе ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дұрыс сақталмаса, бұл жәйт ойлауға
қиындық келтіреді. Ж. Аймауытов еске түсіру өнері дегеніміз - ойлау
өнері. Байланыстардың мәнісі - ойлау деген сөз , - дейді. 16 .
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын
алады. Мектептегі оқу - тәрбие процесінің негізгі мақсаттарының бірі -
баланың есін үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша
дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олардың
біразы заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу
материалдарын ұмытпай есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау - әрбір
мұғалімнің міндеті. Сондықтан менің зерттеу жұмысымның тақырыбы
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамыту. ( 4 – сынып ).
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін
дамытуды зерттеп, айқындау.
Зерттеудің міндеті: 4 – сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін
анықтау.
Зерттеу пәні: 4 – сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті.
Зерттеу обьектісі: 4 – сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін
дамыту үрдістері.
Зерттеу әдістері: 1. Логикалық және механикалық есті анықтау әдісі.
2. Есте сақтау диагностикасы.
3. Жедел есті дамытуға арналған әдіс.
4. Есту есін дамытуға арналған әдіс.
5. Қысқа уақытта есте сақтауды дамытуға арналған әдіс.
Ғылыми болжам: Егер мұғалім оқушылардың есте сақтау қабілетін
жаттығулар арқылы дамытса, оқушының оқуға деген қызығуы оянып, белсенділігі
арта түседі.
1-тарау.
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамыту.
1. Ес туралы жалпы ұғым.
Жантану ғылымы, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді:
санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін? Есте
қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен, ес іздері қандай
өзгерістерге түсуі мүмкін?;
Осы сұрақтарға жауап іздеуде психология өзінің алғашқы эксперименттерін
осы ес проблемасын зерттеумен байланыстырды.
Өткен ғасырдың 80- жылдары неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен
байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буындарын
жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал
психиатр Э, Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың
есте қалдыру жаттату әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің дамуы
бекуі және қайта жаңыруымен байланысты негізгі заңдар Г.Э. Мюллер
еңбектерінде жария етілді.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен
байланыстырылды, ал ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында ғылыми іздену шеңбері
кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да,
жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген
американ психологі Торндайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу
заңдылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға
жаттықтырып,одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процесін
байқастырды. ХХ ғ. алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми
формаға еніп, ол И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты
болды.Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы
мен олардың сақталуы осы И.П. Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл
кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен
ғана шектелген еді.
Естің жоғары формаларының жұйелі зерттелуі орыс ғылыми Л.С. Выготский
есімімен байланысты. Ол 20- жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірігіп естің
жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың
әлеуметтік негізге ие психикалық іс- әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы
рет дәлелдеді.
Ұлы ғалымның ізбасарлары А.А. Смирнов және П.И. Зинченко естің саналы
іс- әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа әрі мәнді заңдарын ашып, жадта
қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп,әрі күрделі
материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп,
ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан,
естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр
болып, философтар мен психологтар есті материяның жалпы қасиеті деуден
аспады. Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар
көрініс берді.Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау
және жаңғырту тереңде жатқан өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның
РНК құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық
жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.
Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте
қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер
жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық
және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде.
Осыдан,адам есі - біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып
отыр. Оның құрамы сан алуан.
П. Линдсей мен Д. Норман естің бір- біріне ұқсамас , типі болатынын
алға тартады:
1. Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі;
2. Қысқа мерзімді ес;
3. Ұзақ мерзімді ес;
1. Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі.Бұл ес жүйесі біздің сезім
мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық, әрі дәл сақтауға жәрдем
береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызда
өте қысқа мерзімге ғана орнығып,0,1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.
Қолыңызды саусағыңызбен қағып, кейін одан келген сезімнің қалайша
өшетініне мән беріңіз; қағу тоқтағаннан соң да, болған қаққылау сезімі
біршама уақыт сақталып барып, одан соң жойылады да, кейін тек қаққы әрекеті
болғаны ғана есіңізде қалады.
Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сол мезетте ашумен, қайта жұмыңыз.
Ашып-жұму арасында қас-қағымда көрген заттарыңыздың бейнесі нақ күйінде көз
алдыңызда біраз сақталып, кейін жайымен жойыла бастайды. Қалам не
сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оңды-солды жүргізсеңіз, қозғалған затқа оның
бұлдыр сағымы ергенін байқайсыз.
2. Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда
материал басқаша тұрақтайды.Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік
деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын
баламасына сәйкес келеді, саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік
материалды бірнеше рет қайталай отырып, есте біршама ұзақ мерзімге сақтауға
болады. Ал сезімдік естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундқа жетпей,
жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.
3 Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған
оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың
арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Ұзақ мерзімді ес- жадта сақтау
жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі.
. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген;
біріншісі- шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі- материалдың кіші бір
бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да,
қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ
мерзімді еске кіреді.
Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық- бұл санадағы ақпаратты
іздестіріп, таңдап,қажеттісін таба білу.
Ұзақ мерзімді естің аймақ көлемінің шегі барын мойындамасқа
болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты.
Ғылымда дәлелденгендей, ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ол әрбір
нейрон аса көп санды ақпаратты сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам
миының есте қалдырып,сақтау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметтік дамуына
тәуелді.
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп-жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше
тоқтала келе,өзінің 19-қара сөзінде Адам баласы туа сала есті болмайды.
Естіп, көріп,ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер
қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті
етеді деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда
дәлелдеп берді. 14
Есті арнайы тәжірибе жинай тұңғыш рет зерттеген неміс психологі Э.
Эббингауз 1850-1909. Ана тілімізде Ес деген сөздің екі мағынасы бар.
Біріншіден, ақыл -ой дегенді білдіреді. Екіншіден, жады деген
мағынаны білдіреді. Мәселен, жаттау, жаттығу деген сөздердің түбірлері
осы жады сөзінен шыққан.
Мұны жақсы білген Эббингауз – естің бірінші мағынасы,естің дәл өзі
емес, ақыл- ойға байланысты. Өйткені,соңғы жағдайда еске ақыл- ой әсер
етеді деген. Есті таза, сол күйінде зерттеу үшін оны жады мағынасында
жүргізу қажет. Бұл пікірін дәлелдеу үшін Эббингауз және оның шәкірттері
зерттеуге тағайындалған пәк, дек, лоб, тоф, мын деген сияқты
мағынасыз сөздерді, кейде буындар мен бөлек сандар ұсынған.Эббингауздың
айтуынша мағынасыз сөздерді жаттау механикалық естің өзіндік өлшеуіші
болып саналады.
Ал оқу материалын есте қалдыру, не еске түсіру сезім мүшелеріндегі
рецепторлардың түріне қарай әр түрлі келетінін тұңғыш зерттеген орыс
психологі А.П.Нечаев 1830-1948 Оның айтуынша, біреулер көзімен көргенін
не оқығанын, екіншілері құлағымен естігенін, ал үшіншілері қолымен ұстап-
тұтқандарын, ал басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қолданғанда
ғана тиісті мағлұматты есте қалдырады. Осыған орай, адамдар көргендерін
есте қалдырғыш, естігенін есте қалдырғыш және мағлұматтарды есітіп
қозғалыс жасау арқылы есте қалдыратын типтер деп бөлінеді.Сонымен қатар
адамдардың осы аталған типтердің бірде-біреуіне де икемсіз, осы
талдағыштардың бәрін біріктіріп қабылдағанда ғана тиісті мағлұматтарды
есте қалдыратындары кездеседі.
Физиолог Г. Уолтердің сөзімен айтқанда, есте қалған із деген Столда
жатқан теңге емес, ол шіркеудің төрінде жанып тұрған шырақ екенін ғана
білеміз. Әзіл ретінде болса да француз жазушысы Ларошфуконың: Жұрттың бәрі
де өздерінің есте сақтау қабілеті кемістеу екеніне налиды, ал дұрыс
мағына шығара алмағанына ешкім де налымайды- деген сөзін еске түсіре
кетейік.
Ес, еске сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі
Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады; ақпаратты қабылдау,
оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру. Бұл үшеуін
еске сақтаудың 3 кезеңі. Олар бір - бірімен тығыз байланысты қызметтер.
Естің физиологиялық негізіне келсек, ол өте күрделі қызметтің бірі. Сыртқы
ортаның мәліметтері адам миына жан - жақтан келеді; көру, есту, сөз, тері,
иіс, дәм сезімдері және ішкі түйсіктер арқылы. Олардың бәрі қабылданып,
талданып, талқыланып, қажеттісі ғана еске сақталады, керек кезінде
пайдаланылады.
Мәліметтердің келу жолына байланысты ақпаратты қабылдау белсенді
қызметтің күрделі түрі. Мәліметтерді қабылдап, талдасымен қажеттісін еске
сақтау басталады.
Бұл кезеңді ғалымдар консолидация ( латынша консолидация - бітелу, бекіту,
нығайту, нықтау) кезеңі деп атайды. Онсыз ақпарат тұрақты ес іздеріне
айналмайды. Ғалымдардың зерттеулерінің негізінде мәліметтің ізі ми
қыртысында пайда болып сақталатыны, ал оларды қабылдап, консолидациялауға
торлы құрылым мен мидың лимбика жүйесі қатысатыны белгілі болды.
Мәліметтердің іздерінің қалыптасуы нерв клеткаларындағы биохимиялық және
биоэлектірлік өзгерістерге негізделеді. Қазіргі түсініктер бойынша естің
негізгі элементі нейрондардың бір - бірімен байланысының орны - синапстар.
Бұған дәлел баланың өсіп - дамуына қарай нерв клеткаларының денесі мен
дендриттеріндегі синапстық байланыстардың көбеюі.
Нейрондар арасындағы байланыс бала жетілген сайын күрделеніп, көбейіп, дами
береді. Қазіргі электрофизиологиялық әдістерді қолдану арқылы нейронаралық
байланыстар мен контактілерде өте көп түрлер болатыны анықталып отыр. Бұған
қоса көп жаттықтырылған нейрондарда РНК - ның мөлшері көбейетіндігі
табылды.
Соңғы кезде мәліметтерді сақтауға мидың глиялық клеткаларының қатынасы
бар екені ашылды. Америкалық ғалым Р.Галамбостың зерттеуі бойынша глия
клеткалары тек тірек және қоректендіру әрекеттерін атқар-ып қана қоймай,
нейрондарда мәліметтерді сақтау үшін олардың қызметін жөнге келтіріп,
бағыттап отырады. Сондықтан да глия клеткалары көбейіп және белоктың
синтезделуін арттырып тұрады. Бұл жаңалық мидың глия клеткаларының
қызметі жайындағы түсінікті мүлде өзгертті.
Жалпы алғанда, сақталған мәліметті еске түсіру, яғни қайта жаңартып
пайдаланудың физиологиялық негізі толық зерттелмеген.
Еске сақтау қабілетінің физиологиялық негізі түралы академик
М.Н.Ливанов пен оның шәкірттері зерттеулерін қорыта келе, естің дамуы
баланы оқыту, үйрету барысында пайда болатын нейрондардың қозуды өткізуі ми
қыртысындағы жағдайларды өзгертуіне байланысты- деген шешімге келді.
Белгілі ақын Абай Құнанбаевтың ес туралы пікірілері қызғылықты.Абай
естің мәнін ашу үшін ерекше ұмытпастық себептер деген психологиялық
термин енгізген. Ол осыған орай Отыз бірінші сөзінде: Естілген нәрсені
ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар; әуелі- көкірегі байлаулы берік болмақ
керек; екінші –сол нәрсені естігенде я көргенде гибраттану керек,
көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше
уақыт қайтарып ойланып,көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді
нәрселерден қашық болу керек. Бұл төрт нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды
тоздыратұғын нәрселер- деп жазды. Бір нәрсені есте сақтау, ренішті,
қуанышты көңіл–күйлерін тану барысындағы естің маңызы жайлы айта келіп:
адам сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып, не молбырап, солғырттанып
есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп ұмтылмаса,не сол
жерде сөздің расына көзі жетсе,шыға беріп қайта қалпына кетсе,естіп-
есітпей не керек -деп түйіндейді. 15
М. Мұқанов жүргізген ендігі бір экспериментінде оқымаған, сауатсыз
адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығы анықталған. Мысалы,
көшпенді ата- бабаларымыздың тыныс-тіршілігінде жазба деректің болмауы
түрлі ақпарат–хабар мөлшерінің аздығы,сезім мүшелерін қосарлап пайдалану
қазақтардың суырып салма, шешендік қабілетінің күшті болуына себеп болған.
М.Мұқанов пікірінше, ауызекі сөз әлдеқайда көп сақталады,өйткені ол жиі
пайдаланылады және жұрт бұған бар ықыласын салады, ал жазба сөздің есті
онша өсірмейтіндігі-оқыған адамның білгендерін қағазға, койып дәптеріне
жазып алуға әдеттенгеніне байлынысты екен 18
И.М. Сеченов ес туралы былай деген; ес болмаса, біздің түйсіктеріміз
бен қабылдауларымыз пайда болған бетте із –түссіз жоғалып, адам мәңгі бақи
жас нәресте калпында қалар еді.
Т.Тәжібаев: Егер адамда ес болмаса ол өмір бойы жиналған рухани байлық
пен мұраны меңгере алмай ғылымның, тарихтың, өнердің, барлық мәдениет
атаулының ешбір өсіп- даму прогресі де болмс еді- дейді. 14 Өзінің
есін дамытқысы келетін әрбір адам жүйелі және ұйымдасқан түрде есте
қалдыруға және қайта жаңғыртуға өзін үйретуі керек – деген Б.М. Теплов. 7
.
Ақыл-естің дәрменсіздігі, жақындасудан беті қайтып қалған белсіз
еркек секілді- деп жазады американдық ғалым Р. Раун – Үрейге берілмеңіз.
Ес теориялары.
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық
құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған
естің ассоциативтік теориясы.
Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен
қайта жаңғыруы бір-бірінен бөлектенген күйде емес, өзара байлыныста
топталған не тізбектелген қалыпта жүреді Сеченов
Осы процеске тәуелді мида жадта қалдыру мен қайта жаңғыртудың
физиологиялық негізі – уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай
байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған.
Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас
бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі – олардың ұқсастығынан туған
бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі – қарама-қарсылыққа
негізделеді контрастық ассоциациясы, төртінші–себеп *- салдарлы
қатынастардан туындайды қаузальдық ассоциациясы
Бұл бағыттағы теорияны ұсынып дамытқандар : Аристотель, Юм, Д Джеймс,
Спенсер, И.М. Сеченов, И.П. Павлов.
Естің нейрондық теориясы.Адам миының құпиялары көп жағынан әлі
ашылар емес.Ол өте құрылымды.Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте
қалдыру мидың электрлік белсенділігімен, яғни мидағы не құрылымдық
белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады.
Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт.
Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон қозуды
жеткізуші арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен
тоғысқан жері синапс деп аталады.Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың
саны мыңдаған.
Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі-қоздырушы,екіншісі-
тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей
қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды.
Айырмасы –қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік
белсенділігінен болады да, ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты
құрылымынан келіп шығады,
Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізде жатқан химиялық
процестер ашылуымен ғылымда мол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па
деген ой пайда болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК
дезоксирибинуклейн қышқылы. Молекуларында шоғырланады, ал оны тасымалдау
басқа РНК нуклейн қышқылының молекуласымен орындалады.ДНК ағзаға тән әр
жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНК игерілген
тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды.
Эксперименттер нәтижесінде тәнді құрайтын молекуланың химиялық құрылымы
тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бұл
мынадай сұрақты туындатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа
пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма?, не сақтамай ма?.
Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді,
Оның жүйке жүйесінің бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды, кейін
ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзағы егілді.
Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар жалпақ
құрт алғашқысының дағдысын қайталап берді. Аталған эксперимент тәжірибеден
естің ерекше дене молекуларындағы химиялық бірікпелерде таңбаланып,
организмде екрік қозғалыста болатыны және олардың бір жануардан екіншісіне
ауысатыны толық дәлелденді.
Ес түрлері.
Ойда қалдырылатын не қайта жаңғыртылатын нәрсенің сипатына қарай ес
төртке бөлінеді. Олар: қозғалыс, образдық, сөз- логикалық және эмоциялық
естер.
1. Қозғалыс есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын
қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады.
Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын мысалы жазу, оқу, самолет
жүргізу, турникке ойнау қалыптастырудың негізі болып табылады.
Мәселен, әріп таңбаларын жаңадан үйренген кезде бала жазуға
қатысатын қолының қозғалыстарын есінде сақтайды.
2. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда
қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды.
Суретшілер мен архитекторлардың, музыканттар мен актерлердің есі
көбінесе нақты, көрнекті болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан
кітабының мазмұнын есіне түсіргенде ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін
көз алдына жақсы келтіре алады.
3. Адам ойының түрлі формаларын ұғым, пікір еске қалдыра алу
қабілеті сөз-логикалық ес деп аталады.Сөз жүйесін есте сақтау- ойлау
жұмысына байланысты.Естің осы түрі көбінесе философтар мен
математиктерде жиі кездеседі. Сөз- логикалық естің оқу процесінде
маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту
есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.
4. Сөзімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді: Мәселен, жас
кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер
қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп- оңай түседі. Өткендегі
оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді.
Эмоциялық ес жөнінде орыс сахнасының шебері К.С. Станиславский жақсы
айтқан: егер сіз бастан кешіргеңізді есіңізге түсіргенде бозарып
және қызаратын болсаңыз, сіз ертеде басыңыздан өткен бақытсыздық
туралы ойлауға қорқатын болсаңыз- сізде сезіну есі немесе эмоциялық
естің болғаны. Естің жоғарыда аталған түрлері екі сигнал
жүйелерінің мидағы қызметімен түсіндіріледі.
Мәселен, бірінші сигнал жүйесінің қызметі есте қалдыруда басыңқы рөл
атқаратын болса, онда естің образдық түрі болғаны, ол ес екінші сигнал
жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз- логикалық түрі болып табылады.
Соңғы кездегі ғылыми зертеулер адамда естің басқа түрлері де
болатындығын көрсетіп отыр. Мәселен, адамның материалды қанша мерзімге
сақтай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ уақыттық болып екіге
бөлінеді. Қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға
байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Мәселен, оқушы
тексті көшіріп жазғанда, мұны түрліше жолдармен орындайтын болса, бұл оның
оперативтік есі болып табылады . Мәліметті сақтау мерзіміне байланысты, ес-
қысқа және ұзақ мерзімдік боп бөлінеді.
Қысқа мерзімді ес. Ұзақ мерзімді ес.
ТАБЛИЦА
Мәліметті сақтау мерзіміне байланысты, ес-қысқа және ұзақ мерзімдік боп
бөлінеді.
Қысқа мерзімді ес. Ұзақ мерзімді ес.
Бұл еске сақтаудың 2 түрі.
Қысқа мерзімдік ес жүйке импульстерінің нейрондар тізбегі бойымен
өтіп, біраз уақыттан ке!ін ұзақ мерзімдік еске айналып, яғни мәлімет
сақталып, нығаяды.
Ұзақ мерзімдік ес нуклеотидтерде синтезделіп, нуклейн қышықылдарында
РНК мен ДНК программаланады.
Ал абстрактылы, түсініктеме ес тілдің дамуына негізделген.
Бастауыш сынып оқушыларында көрнекті бейнелі ес, яғни абстрактылы ойлау
дамымаған, оларда сөздерді жаттап алуға байланысты ес бірінші орында
болады. Баланың жасы ұлғая келе, абстрактылы ес, яғни түсініктер мен
ұғымдардың пайда болуы орын алады.
Қысқа мерзімдік ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы
ұлғайған сайын еске сақтау мерзімі артады: 2 жаста- бірнеше айға, 4 жаста –
бір жылдан аса,5 жаста -өмір бойына еске сақтай алады.
7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске
айналады.Оның дамуында жыныстық айырмашылық байқалады: ер балалардың есі
10 жастан бастап жақсы дами бастайды, ал қыз балаларда 11-14 жастар
арасында жоғары болады.
14 жастан әрі қарай еске сақтау қабілеті ер балалар мен қыз балаларда
бірдей дәрежеде қалыптасады.
Адамның есі 20 - 25 жасқа дейін қалыптасып, дамиды.
Оның дұрыс дамуы үшін жаттықтырудың маңызы зор. Бұл осы мезгілдегі естің
дамуына байланысты аса маңызды жағдай; жаттықтырған сайын ес жақсарады,
қабілеті артып, одан әрі дами береді. Мидағы ес іздері немесе энграмма
(грекше Эн - ішкі + грамма - жазба таңба, сызық) пайдаланған сайын
нығайып, күшейеді. Сондықтан неғұрлым көп оқып, естіп білуге ынталанған
жастардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал
еріншектікке салынған жастардың ісіне лайық ақыл - ойының дамуы да нашар
болады.
Адам баласы жануарлардан өзінің сөйлеуге байланысты логикалық
абстрактылы есімен ерекшеленеді деп айтқан болатынбыз. Естің мұндай түрі
жануарларда болмайды.
Сөйлеуге байланысты логикалық абстрактылы ес бастауыш сынып
оқушыларында көлемі жағынан ұлғайғанымен, еске сақтау жылдамдығы төменірек
болады. Баланың еске сақтау жылдамдығы жеткіншек мерзімінде артады.
Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады.
Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту,ұмыту.
Ол арнайы есте қалдыру және еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
Есте қалдыру. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат
қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы
өмірдің түрлі көріністері сол әрекеттің ағымына қарай есте қалып отырады.
Ал есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті
мотивтер болады. Қандай объектіні болмасын әдейлеп есте қалдыру үшін мына
төмендегі шарттарды орындап отыру қажет болады;
1. Есте қалдыруда әркез мақст қойып отыру зор маңызды. Оқу материалын
жақсы меңгеру үшін, оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға айқын,
оның мақсат қою керек. Мәселен, оқушаларға бір әңгіме айтып, оны үш- төрт
күннен кейін қайта сұраса, балалардың біразы әңгіменің негізгі бөлімдерін
қайта жаңғырта алмай қиналады. Ал енді осы оқушыларға екінші бір әңгіме
айтып, үш- төрт күннен кейін қайтып айтып бересіңдер десе, балалардың
біразы сол әңгімені ұмытпай жадында ұстай алады.
Бұл екі тәжірибенің арасындағы айырма: соңғыда материалды есте берік
сақтау мақсат етіп қойылған, ал бірініші жағдайда мұндай анық мақсат
қойылмаған еді.
2. Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәні адамның қажетіне де
байланысты болады. Мәселен, оқушылар қандай бір шығарманы оқымасын, бір
қажетіме керек болар деп оқитын болса, оны есте қалдыру қиынға соқпайды.
3. Оқылатын шығарманы жоспарлай алу- есте қалдыруға көп жеңілдік келтіреді.
Жоспар мүмкін болғанша анық, айқын, дәл болуы керек. Қалай болса солай
құрыла салған жоспар есте берік сақтауға негіз бола алмайды. Оқитын
шығармаларының ішінен тірек боларлық жерлерін іздестіріп, оны бірнеше
мағыналы бөлшектерге бөлу, бөлшектің әрқайсының мағынасына лайықты ат
ойлау –еске қалдыруды нәтижелі етеді.
4. Мағыналы есте қалдыру дегеніміз –нәрсенің мәніне түсіну. Сондықтан
мағыналы түсіну ойлау процесімен тығыз байланысты ,Материалды жақсы
ұғынып, терең түсініп, мағыналы байланыстар жасау, маңызды белгілерін
анықтай алу- оны анализдей, синтездей, салыстыра, жүелей білуді керек
етеді.
5. Оқып отырған шығарманың байланысын,жүйелерін елестетуге,еске тірек
боларлық ой- желісін табуда схема, чертеж, таблицалармен қатар, арнаулы
шартты белгілер қолданылып отырса, есте қалдырудың сапасы арта түседі.
В. И. Ленин қандай болмасын бір кітапты оқығанда, әсіресе, Маркс пен
Энгельстің еңбектерін оқып үйренгенде кітапқа, не жазған конспектісіне
арнаулы белгілер қойып отыратын болған. Мәселен, ол кітаптың не дәптердің
жиектеріне өте нәзік және терең , әбден дұрыс , әсем айтылған ,
тамаша , жақсы айтылған . тағы басқа сөздерді жазып, автордың
пікірлерін мақұлдаса, өз дұшпандарының кітаптарына Шатпақ - өтірік жала
, шатастырып отыр , дұрыс емес - дегендей сөз тіркестерін жазады
екен.
В. И. Ленин өте маңызды кітаптарды оқуға бірнеше рет оралатын,
сонымен бірге, өзінің сол кітаптардан жасаған конспектілерін жақсартып,
толықтырып, редакциялап та отырған. Мұндайда ол
қайта оралу керек
тағы да, тағы да оралу керек деген сөздерді жиі жазып отырады екен.
Сондай - ақ оқып отырған нәрсесіне арнаулы белгілер қоюға үлкен мән берген.
Туысынан аса зерек, оқығанын қалай да ұмытпайтын данышпан адам бола тұра,
оқығанын есіне берік сақтау үшін осындай қосалқы әдістерді өте көп
қолданған.
6. Есте қалдырылуға тиіс шығарманы адам мүмкіндігінше өз
сөзіменқүрастырған сөйлемдермен айтып бергені абзал.Егер бала мұғалімнің
айтқанын, не өзінің кітаптан оқығанын сөзбе- сөз айтып беретін болса,
мұндай жағдайда оның есте қалдыру қабілеті жақсармайды.
7. Оқылатын шығарманы жақсылап есте қалдыру адамның өзін-
өзі тәрбиелей алуына да байланысты. Мәселен, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан
болса,есте қалдыру дәрежесі де жоғары болады. Күндік режимге мән бермейтін,
өзін көлденеңнен кез- келген нәрселер билеп кететін адамдардың есте
қалдыру дәрежесі айтарлықтай болмайды.
8 Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да
байланысты Әдетте оқу материалын бір қайтара оқып жаттап алуға болмайды.
Аз уақыт ішінде жиі-жиі қайталап жаттаудың да қажеті жоқ.
Мәселен, өлеңді бірден жаттап алса, ол тез ұмытылады, сондықтан оны бірнеше
уақытқа бөліп жаттау қажет, бірақ арадағы үзілістер тым ұзақ болмасын. Тек
көлемі шағын шығарманы тұтас күйінде жаттауға болады. Егер шығарма көлемді
болса, оны бөлшектеу қажет. Бірақ қалай болса солай бөлшектемей, логикалық
ой сақталатындай етіп бөлген пайдалы. Мұндайда қайталаудың саны азырақ
болады және есте ұзақ сақталады
Қайта жаңғырту және тану.
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп екіге бөлінеді:
Еріксіз қайта жаңғыртудың осы түрі көбінесе адамның үнемі айналысатын
әрекетімен мазмұндас болады. Мәселен, музыкант мелодияларды қалай болса
солай жаңғырта береді. Еріксіз қайта жаңғырту кездейсоқ туып отырғанмен, ол
белгілі жүйеде жүріп жатады.Мәселен, мұғалім жаңа сабақты түсіндіргенде
мүмкіндігінше балаға бұрын өткен шығармаларды көбірек беретін болса,
мұндайда оқушының білетін шығармалары өзінен-өзі қайта жаңғырып, ол
білгеннің үстіне біле түседі.
Арнайы қайта жаңғырту мақсат қоюмен, ерік күшін жұмсаумен, арнаулы
әдіс , тәсілдер қолданумен жүзеге асады. Арнайы қайта жаңғырту- әдейілеп
еске түсіру, ойлаумен тығыз байланысты,өте белсенді процесс. Қайта
жаңғыртудың да көптеген әдістері бар. Олардың кейбірі мына төмендегілер:
1. Көлемі үлкен шығармалрды қайта жаңғырту үшін жазбаша немесе ойша оның
жоспарын жасау қажет болады. Жоспар жасаудың өзі қажетті шығарманы
жинақты, белгілі арнаға жүйелейді.Мұның өзі қайта жаңғыртудың сапалы
болуына көп жәрдемін тигізеді.
2. Қайта жаңғыртуда бұрын оқылған, қабылданған объектілерді бір- бірімен
салыстырып отыру да аса пайдалы. Мұндайда нәрселердің бір- бірінен
ұқсастықтары не айырмашылықтары тез ажыратылады.
3. Қайта жаңғыртуда ассациацияларды, бұлардың мағыналы байланыстарын
пайдаланған жөн. Мұндайда адам бір мағыналы нәрсені қазық қылып,
ұмытқанын соның төңірегінде есіне түсіреді. Ал қалай болса кездейсоқ
нәрсемен байланыстырса, ондай қайта жаңғырту адамды шығарманың негізгі
қазығынан адастырады.
4. Оқыған нәрсеге жауапкершілікпен қарау, мұнда табандылық, тұрақты
қызығудың болуы да қайта жаңғыртудың нәтижелі болуының қажетті шарттары
болып есептелінеді.
Қайта жаңғыртудан тану процессін ажырату керек.
Тану-қайта жаңғыртудың қарапайым түрі.
Тану-бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес
процесі.
Объектіні дұрыс тану үшін адамның көзі төселіп үйренген, өмір
тәжірибесі мол, бақылағыш болуы шарт. Ес процесінде болатын қатерлердің
көбі дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың өзі алғашқыда зер
салып, жөнді қабылдай алмаудан болады.
Қайта жаңғырту процесі елеспен тығыз байланысты. Өйткені
өткендегіні қайта жаңғырту түрлі елестермен негізделе жарыққа шығып
отырады.
Елесті түйсікпен қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуге болады.
Елес арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай бейнелей
алуға мүмкіндік алады. И. М. Сеченов оны заттық ойлау деп өте дұрыс
анықтаған.
Елес - заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типтік,
басты белгілерін көрсететін ой - тәсілдеріне ( анализ, синтез, салыстыру
т.б ) көшуге, оның мәнін танып, білуге көмектеседі.
Демек, белгілі бір зат жөнінде елесіміз болса ғана, оның ерекшелігін не
үшін қажеттігін тезірек ұғынамыз да, еске жақсы сақтай аламыз.
Елестердің түрлері де түйсіктер мен қабылдаудың бөлінісіне
ұқсас. Мәселен, адам заттың түсін, пішінін, көлемін көру елестері арқылы;
музыкалық шығармаларды, таныс адамның даусын, иттің үргенін есту елестері
арқылы; ал жусан, әтір, сабынды иіс елестері арқылы, мақпалды, тасты сипай
сезу елестері арқылы ажыратамыз. Біздің елестеріміз - жеке қабылдаулардың
жалпылауының нәтижесі. Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болатындығына
қарай жалпы, жеке болып екіге бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді жалпы
елестер дейді. Мәселен, адамның өзен туралы елесі - жалпы елес. Сырдария
өзені - жеке елес болады.
Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі.
Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз мүмкін емес.
Егер оқушыда әріптердің жазылуы жөнінде анық елес болмаса, ол дұрыстап
жаза алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат
жөніндегі елестері анық болса ғана, ол суреттерді соған сәйкес етіп сала
алады. Елестер қабылдаулардың негізінде қалыптасып отырады. Сондықтан
баланың қабылдауы толық болса ғана елестері де толық болады. Оқушы өзі
байқап отырған нәрсенің кейін қажет болатындығын сезінетін болса, оның
елесі де тиянақты қалыптасады. Мәселен, оқушы табиғаттану сабағында үй
қояндары туралы мәлімет алғанда, кейін мұны жатқа салатыны ескертілсе,
баланың байқауы тереңірек болып, елесіне жақсы тірек болады. Баланың
елестерін дамытуда арнаулы жаттығулар жасап отыру қажет.
Төменгі сынып оқушыларының өмір тәжірибесі аз, ой - өрісі әлі
жетілмегендіктен, затты жалпылай алу қабілеті нашар болады. Мұғалім осы
жағдайды ескере отырып, балада нақтылы елестердің мол болуын ойластыруы
тиіс. Мұнсыз жоғары сыныпқа барғанда балаға оқу материалдарын ұғыну қиынға
түседі. Мекткп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру, оларды
оқу әрекетіне дайындаудың негізгі бір элементі екендігі ата - аналардың
естерінде болуы тиіс.
Ұмыту процесі - есте қалдыру процесіне қарама - қарсы процесс.
Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру - адамның рухани дамуына көп
көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай
беретін болса, онда кез - келген ұсақ - түйектер мидың бірқалыпты жұмысын
қиындатар еді. Эксперименттік тексерулерге қарағанда қайта жаңғыртылған
материалдардың дәл болып келуі өте сирек кездеседі. Материалды қайтадан
құрастыру кезінде оның көлемі кемиді, онша маңызы жоқ ұсақ жерлері шығып
қалады да, негізгі түпкі мағынасы ғана қорытылып естс қалады. Қабылдаған
материалдың тіршілік қажетімізге жарайтындары ғана көбінде ұмытылмайды. Ал
біздің тіршілігімізге тікелей байланысы жоқтары өзінен - өзі ұмытылып
отырылады.
Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту обьектіні әдейілеп
еске түсіруге, не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде
обьектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Материалды
оқыған бойда бірден қайта жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмұны толық
берілмей қалатын кездер болады. Бірақ бұлар екі - үш күннен кейін тым
тәуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кешігіп еске түсіруді психологияда
реминисценция құбылысы деп атайды. Кешігіп еске түсіру, көбінесе,
мектепке дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі.
Өйткені олар көлемі үлкен, күрделі материалдарды бірден толық айтып беруге
шамалары келмейді де, ойларына келген жерін айта береді. Ой әрекетінің
біртіндеп күрделенуіне және есте қалдырудың жолдарын меңгере білуге
байланысты ересек адамдарда реминисценция құбылысы көп кездеспейді.
Ұмыту процесінде байқалатын екінші бір құбылыс төмендегіше
сипатталады; өткен материалға ұқсас екінші бір материал оқылса, бұл қайта
жаңғыртудың сапасының төмендеуіне әсер етеді. Бұл құбылыс -
Ретроактивтік тежелу деп аталса, бұрын есте сақталған материалдың
екіншісіне бөгет жасауы проактивтік тежелу деп аталады.
Айтылған құбылыстардың табиғатын білудің үлкен педагогикалық
мәні бар. Өткен шығармадан көлемді, мазмұны ұқсас шығарманы жаттағанда,
олардың басы мен аяғы есте жақсы сақталып, орта жері тежелуге
ұшырайтындығы көрініп отыр.
Мұғалімдер мұндай тежелулерді оқушыларда болдырмау үшін, сабақ
кестелерінде ұқсас пәндердің қатар тұрмауын қадағалап, әр жастағы
оқушылардың үй тапсырмаларының нормасы қатаң сақталынып, оқу әрекетін
үнемі түрлендіріп отырулары керек.
1.2.Есте сақтауды дамыту және есті тәрбиелеу.
Өмірге келген күннен бастап әрбір адамның бойына біткен көптеген
қабілеттердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі қажет кезінде алған
әсерлерін есте сақтау мен қайтадан айтып бере алу мүмкіндігі болып
табылады. Бұл қабілет есте сақтаудың қызметін құрайды. Есте сақтау
қабілетінен айырылған адамның кім болып шығатынын білу үшін,есте
сақтаудың орасан зор,еш нәрсемен салыстыруға болмайтын мәнін елестетсек те
жеткілікті. Себебі, есте сақтау қабілеті жоқ адам өзіне басқа адамдар
арқылы берілген, кітаптарда,өнер мен мәдениет туындыларында жинақталған
қоғамдық тәжірибені игере аламаған болар еді. Ол өзінің жеке тәжірибесін
де жинақтай алмас еді.
Ол әрбір жаңа күнді ақ қағаздай мөлдір жанымен қарсы алған болар
еді. Ол ешнәрсеге үйрене де, еш нәрсені игере де алмаған болар еді.
Ол күнделікті кездесетін заттарды, айтылған сөздерді, табиғат
құбылыстарын, жаңа туған нәрестеге тән бейқамдықпен, ешқандай әсерленіп,
ойланбастан қабылдап, оларға көңіл қоймаған болар еді.
Ойда сақтап қалудың, қабылданған материалды сақтау мен қайтадан
қалпына келтіру процестері есте сақтап қалу процесінің үш бөлімін
құрайды. Адамның есінде нені және қалай сақтап қолуы мен нені айтып
бере алуы нені және қалай есте ұстап қалуына байланысты болғандықтан,
бұл бөлімдер өзара байланысты және өзара шарттас болады.
Есте сақтаудың табиғаты мен механизмнін білуге құштарлық өте ерте
кезде пайда болған. Ежелгі Грецияның біздің әрамыздан 4 ғасыр бұрын өмір
сүрген ұлы философы- Аристотель естің жұмысы туралы арнайы еңбек жазған
болатын.
Содан бері ғалымдар адамның осы бір таңғажайып қабілетін түсіндіруге
сан рет ат салысты.Алайда оны нағыз ғылыми тұрғыдан түсіндірудің
мүмкіндігі басқа ғалымдардың, атап айтқанда нерв қызметі физиологиясының-
адам миы мен оның қызметі туралы ілімнің дамуына байланысты туды. Бірақ
біз жауап бере алмайтын сұрақтар күні бүгінге дейін көп.
Өзімізге белгілі тілдің ұшында тұрып, кенеттен жоғалып кеткен,
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz