Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық ерекшеліктер ( Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл- Aтрак ескеркіші бойынша)



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

Сағындықова Қадиша Нұрымқызы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық
ерекшеліктер (Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл-Aтрак ескеркіші бойынша)

050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытудың түрі: күндізгі

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к.
Е.Ж.Өмірбаев
Ғылыми
сарапшысы: ф.ғ.к., доц. Қ.К.Молғаждаров

Диплом жұмысының қорғауға
жіберілген күні:
Кафедра меңгерушісі:
Қорғайтын күні:
Бағасы:

Көкшетау, 2008
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3
1 Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. 8
1.2 Китаб әл-Идрак ли-лисан әл-Атрак ескерткіші ... ... ... ... ... .15
2 Сөзжасам жұрнақтарының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Есім сөз жасайтын
жұрнақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..27
2.1.1 Есімдерден есім жасайтын
жұрнақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..28
2.1.2 Етістіктерден есім сөз жасайтын
жұрнақтар ... ... ... ... ... ... .. 33
2.2 Етістік жасайтын
жұрнақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 37
2.2.1 Есімдіктерден етістік жасайтын
жұрнақтар ... ... ... ... ... ... .. .37
2.2.2 Етістіктен етістік жасайтын
жұрнақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... 39
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

Қысқартулар мен белгілер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақ мемлекеттігінің тәуелсіздікке
жетуіне байланысты қазақ ұлтының мәдениеті тарихын, ұлт, мемлекет болып
қалыптасу бағытындағы даму жолдарын зерттеу үнемі назарда тұратын мәселе
болып табылады. Осы мәселелердің бастыларының бірі - қазақ тілінің
қалыптасу жолдары. Ал, қазақ тілінің қалыптасу жолдарын қазақ фольклорынан,
диалектілік құбылыстарға жатқызылып жүрген тілдік ерекшеліктерден
іздестіру, айқындау - заңды құбылыс. Сондай-ақ, азаматтық тарихымызға,
өткен дәуірлердегі түркі тілдерінің ерекшеліктеріне арналып жазылған жазба
ескерткіштер материалдарын зерттеу осы саладағы кейбір түйіні анықталмаған
мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді.
Қазіргі тілінің қалыптасу тарихын зерттеу қоғамымыздың күнделікті алға
қазақ қойып отырған, келешекте де кешенді талаптар тұрғысынан қаралып
отыратын іс-шаралары қатарына жатады. Қазіргі уақытта қазақ тілінің тарихын
көне түркі, орта ғасыр жазба ескерткіштері материалдары негізінде зерттеу
үрдісі қалыптасты. Мұның басты себебі дәстүр жалғастығында жатыр. Қазақ
халқы, оның тілі көршілес, туыстас өзге түркі халықтары мен этностары
тарихы сияқты көне түркі, орта түркі дәуірлерінен, сол тілдер мен сол
дәстүрлерден бастау алады, өзінің тарихи жалғастығын солардан табады.
Сондықтан болар, қазақ тіл білімінің алғашқы қалыптасу жылдарынан бастап-
ақ, бұл мәселе назардан тыс қалмай, үнемі жаңарып, жаңғырып, толығып
келеді. Қазақ тілінің тарихына, халқымыздың мәдениетіне қатысты бірқатар
жазба ескерткіштер ғылыми сарапқа түсті, талданды, қазақ тілінде баспадан
шығарылды.
Дегенмен, қазақ тілінің тарихи тамырларының бірі, әрі бастысы болып
табылатын ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің барлығы бірдей толығынан
ғылыми айналысқа түсті, олардың тілдік ерекшеліктеріне қатысты мэселелердің
барлығы толығымен шешімін тапты деп айтуға әлі ертерек. Ескі қыпшақ
тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін айқындау да осы уақытқа
дейін шешімін таба алмай келе жатқан мәселелердің қатарына
жатады. Кейінгі орта ғасырларда Алтай таулары, Еуразия, Жерорта теңізі,
Египет, Сирия, Ұлы Моғолдар империясы аймақтарында түркі бірлестіктерінің
қарым-қатынас, ресми іс-құжат, халықаралық қатынас тілі ретінде
қолданылған, сол дәуірдің өзінде қыпшақ тілі деп танылған түркі тілдерінің
үлкен бір тобына қатысты мәселелердің ара-жігін айқындау мүдделі
қажеттіліктер қатарына жатады. Ортағасырлық қолжазбаларда қыпшақ тілі деп
аталынған бұл тіл – қазіргі қыпшақ тілдері тобына жатқызылып жүрген татар,
қарақалпақ, құмық, башқұрт, қырғыз тілдерінің, оның ішінде қазақ тілі де
бар. Өз алдына жеке ұлт, халық тілі болып қалыптасуына негізгі ұйытқы
болды, - деп есептелінеді.
Аймақтық таралым өрісі үлкен аумақты қамтыған және күрделі тарихи-
қоғамдық, әлеуметтік құбылыстардың куәсі болып табылатын ескі қыпшақ тілі
бүгінгі дәуірде өлі тіл болып қалды. Ал осы өлі тілдің тарихи
мұрагерлерінің бірі, әрі негізгісі – қазақ тілі. Қазақ тілі өзінің
қалыптасу, даму, жетілу жолдарында бір сәтте, бір мезетте пайда бола салған
жоқ. Алғашқы және кейінгі орта ғасырлардағы түркі тілдерінің арасында
қалыптасып, қазіргі қазақ тілі деңгейіне көтерілгенше түрлі даму
сатыларынан өтті, фонетикалық жүйесі, синтаксистік қүрылымы, лексикалық
қоры қалыптасты. Тарихи даму ерекшеліктеріне байланысты ортағасырлық ескі
қыпшақ тілінің сөзжасам құрамы қалай қалыптасты, дамыды, қазіргі қазақ
тілімен қандай ұқсастықтары бар деген мәселелер әлі де ғылыми түрде
тиянақталуда. Ұсынылып отырған жұмыста Түркілер тілінің інжу-маржандары
кітабы жазба ескерткішінің грамматикалық мәтінін және ондағы ескі қыпшақ
сөз жасау, лексикасын ғылыми аяға тарту барысында, осы бір үлкен мәселенің
шешіміне аз да болса септігі тиер нәтижелер қарастырылады.
Аталмыш ескерткіш атауы қазақ филологиясында Түркі тілі туралы жазылған
түсіндірме кітап деген баламалық аударма арқылы беріліп жүр [1,54]. Бірақ
ескерткіштің араб тіліндегі атауын қайта қарай отырып, оны Түркілер
тілінің інжу-маржандары кітабы деп атау қажет деген қорытындыға келдік.
Орта ғасыр жазба ескерткіштері соның ішінде, Әл-Идрак
ескерткішіндегі сөзжасам мәселесіне тоқталатын болсақ, мұндағы сөз жасайтын
жұрнақтарды: есім жасайтын және етістік жасайтын жұрнақтар деп бөліп,
оларды өзара іштей жіктестірдік.
Зерттеудің нысаны. XIV ғасырда Мәмлүк қыпшақтары тілі туралы жазылған,
бірақ әлі күнге қазақ тіліне аударылмаған, жарияланбаған Түркілер тілінің
інжу-маржандары кітабы (ар.: Kitab al-idrak li-lisan al-Atrak) жазба
ескерткішіндегі сөздердің тұлғалық ерекшеліктерін, олардың лексикалық
мағыналарын және сөздердің жасалуы мен қолданымын талдау, аталған жазба
ескерткіштің тілдік ортақ заңдылықтарын анықтау, сол арқылы жазба
жәдігерліктің басқадай ескі қыпшақ ескерткіштері арасындағы қазақ тілі
тарихына қатысты орнын айқындау болды.
Түркілер тілінің інжу-маржандары кітабы жазба ескерткіші мәмлүк
қыпшақтарының тілі және кейбір ерекшеліктері туралы кейінгі орта ғасырдағы
классикалық араб тілінде түзілген шығарма, авторы - Асир ад-Дин Абий (Абу)
Хаийан әл-Андалуси. Абу Хайиан араб халифатының Андалузиядағы (Испания)
мәдени орталығы Гарнат қаласында 1265 жылы туылды және 1344 жылы Мәмлүктер
Египетінде қайтыс болды.
Шығарма мәселелер мазмұнына қарай орындалған, шартты түрде екі топқа
жіктелетін үлкен екі бөлімнен тұрады: I) ескі қыпшақ тілінің грамматикасы
туралы трактат; II) ескі қыпшақ тілінің сөздігі. Мұндағы Ескі қыпшақ
тілінің грамматикасы бөлімі іштей 1) Сөзжасам дыбыстары және 2)
Сөйлеудің құрылымдық заңдылықтары деген екі бөлімге жіктелінеді [2, 102-
103]. Біздің жұмысымызда осы соңғы екі бөлімнің тілдік ерекшеліктері
қарастырылады.
Зерттеудің өзектілігі. Абу Хайианның Китаб әл-Идра ли-лисан әл-Әтрак
атты жазба ескерткіштегі тарихи мәтіндер сол кезеңдегі, яғни ХIII-ХІV
ғасырлардағы ескі қыпшақ жазба тілінің болмысынан, тілдік құрылысынан
жалпылама және нақты мәліметтер береді. Бұл жазба ескерткіш түркі
халықтарының ортағасырлық құнды мұрасы ретінде үнемі назарда тұтылып
келеді. Ескі қыпшақ жазба тілінің ғасырлар бойы қолданылып келген
заңдылықтары, оның ішінде сөзжасам жүйесі айтарлықтай өзгеріске ұшырамай,
қазіргі уақытқа дейін жеткендігі аңғарылады. Ескі қыпшақ тілі мен қазіргі
қазақ тілінің сабақтастығын, әсіресе ортағасыр ширегіндегі жай-күйін,
қалыптасуы мен даму жолдарын анықтаудың басты бір әдісі – ескі жазба
ескерткіштерді терең талқылап, ғылыми зердеден өткізу. Сол арқылы өз
мәдениетіміз бен тарихымызды, рухани құндылықтар мен нақты мұраларымызды
тану мен танытуға байланысты қазіргі заман талабынан туындап отырған,
зәрулігі, өзектілігі жоғары деңгейлі мәселе болып саналады. Осы тұрғыдан
зерттеудің өзектілігі дау тудырмайды
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ескі қыпшақ
жазба ескерткіштеріндегі жұрнақтардың қолданыс ерекшеліктерін айқындап,
қазақ тілі филологиясы аясында ғылыми айналысқа тарту болды.
Зерттеудің негізгі мақсаты – ХIII-ХІV ғасырлардағы Түркілер тілінің
інжу-маржандары кітабы жазба ескерткішіндегі лексика-семантикалық және
сөзжасамдық жүйе ерекшеліктерін анықтай отырып, олардың ескі қыпшақ жазба
тіліне тән екендігін дәлелдеу, сондай-ақ, ескі қыпшақ жазба тілінің аталған
үлгідегі тілдік заңдылықтардың қазіргі қазақ тілімен дәстүрлі сабақтастығын
көрсету.
Осыған байланысты зерттеу жұмысында төмендегі міндеттерді шешу көзделді:

- жазба ескерткіштің сөзжасамдық жүйесін зерттей отырып, оған тән
негізгі ерекшеліктерді анықтау;
- жазба ескерткіштегі сөзжасам жұрнақтарының қазіргі қазақ тіліндегі
жұрнақтармен сәйкестігі мен сабақтастығын айқындау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Ескі қыпшақ, түрікмен және жалпы түркі тілдеріне араб грамматикасы
тұрғысынан анықтамалар, талдаулар берген Абу Хайиан лексикалық,
морфологиялық материалдарды флективті тілдер грамматикасына сай берген.
Сондықтан қолжазба мәтіндегі сөз түбірлерін, олардың морфологиялық
өзгерістерін дыбыс алмасуы, дыбыстың түсіп қалуы тұрғысында көрсеткен
Жұмыстың басты ғылыми жаңалықтары ретінде мыналарды атауға болады:
- ескі қыпшақ тілінің аталған жазба үлгісіндегі сөзжасам ерекшеліктері
салғастырмалы, салыстырмалы тұрғыда айқындалды;
- ескі қыпшақ жазба тіліндегі сөзжасамдық үлгі мен қазіргі қазақ тілі
сөзжасам үлгісінің сәйкестігі нақты дәйектелді.
Зерттеудің әдістері. Ескі қыпшақ жазба тілінің үлгілеріндегі тілдік
материалды зерттеу барысында басқа да ескерткіштермен салыстырмалы-тарихи
тәсіл, салғастыру, баяндау әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңызы. Зерттеу барысында анықталған
ескі қыпшақ жазба тіліндегі сөзжасамдық модельдер мен қазіргі қазақ
тіліндегі сөзжасамдық модельдер базасының ортақтығы, ескі қыпшақ жазба
үлгілеріндегі сөзжасам жүйесінің қолданымы мен жұмсалымындағы кейбір
ареалдық-тілдік ерекшеліктеріне қатысты зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары,
ескерткіштер тілі, тарихи сөзжасам салаларының нақты деректік және
теориялық әдістанымдық тұрғыдан толығып дәйектелуіне өзіндік деңгейінде
үлес қоса алады.
Дегенмен, бүгінгі уақытқа дейін аталмыш жазба ескерткіштің мәтіні,
мазмұны, сондай-ақ тілдік материалдары қазақ тілінде сөйлеп, қазақ
оқырманының, ізденушісінің қолына толығымен жете қоймағандығы байқалып
отыр.

1ЕСКІ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері – қыпшақ рулары мен тайпалары, сол
тайпалар одағына біріккен басқа да түркі халықтарының тілінде XI-XYI
ғасырларда жазылған шығармалар[3, 5]. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері,
жалпы алып қарағанда, 4 түрлі әліпбимен жазылған: ескі араб, ескі армян,
ескі орыс және ескі готикалық әліпби. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің
материалдары негізінен М.Қашғаридың Диуани луғат-ат-түрік сөздігіне
қарасты зерттелуде, Еуропа ғалымдарының қумандар туралы жазылған тарихи,
лингвистикалық еңбектерінде, орыс хроникаларының, жылнамалары мен
деректерінің половецтер туралы мәліметтері мен жер-су, адам аттарына
байланысты сақталған еңбектерде, араб авторларының мәмүлк қыпшақтарының тіл
матералдары бойынша жазылған насихаттар мен филологиялық зерттеулерінде
(грамматика, қыпшақша-арабша сөздік, анықтағыш т.б.) армян авторларының
хроникалары мен іс қағаздарында, трактаттар мен сөздіктерінде, қыпшақ
тілдерінде жазылған дастандар мен прозалық көркем туындыларда сақталған
[4,22-23]. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері екі түрлі тілде жазылған: жалпы
түркі жазушыларына ортақ әдеби тілде және қарапайым халықтың ауызекі
сөйлеу тілінде. Бірінші топқа жататын көркем шығармаларды ішінара екі топқа
бөлуге болады; дәстүрлі – тарихи әдиби тілде жазылған еңбектер және
жергілікті халық тілі негізінде жазылған Орта Азия мен Еділ бойларының
(Алтын Орда) ескерткіштері. Олар: Рабғузидің Қиса сул-әнбиясі, Құтыбтың
Хусрау мен Шырын, Рауанидің Мухаббатнамасы, Әлидің Нахджул-Фарадисі,
С.Сараидың Гүлистан бит-түркиі, Сади Ахмедтің Ташшұқнамасы, Хорезмидің
Тәржіма Шаһнамасы, Ахмет Йүгінекидің Һибату-л-хақайығы, авторлары
белгісіз Қорқыт ата кітабы, Сираж-әл-кулуб, Оғызнама, Рахат-әл-
кулуб, Миражнама, Дастан-и Жұмжұма Сұлтан, Мифтаһ әділ, Тефсир
т.б. шығармалар. Ал жергілікті халық тілінін негізінде жасалған әдеби
тілде Қожа Ахмет Йассаудің Хикметі және осы ғұламалардың жолын қуған
көптеген друәш ғұламалардың шығармалары тараған [5,22]. Қыпшақ тайпаларын
ауызекі сөйлеу тілінін материалдары негізінде жазылғандар; Диуани лұғат ат-
түрк (М.Қашғари) Кодекс куманикус, Китаб әлидрак ли-лисан әл-атрак
(Абу Хайан) Китаб булағат әл- мүштақ фи-л-лұғат ит-түрки (Жамаладдин-ат-
Түрки), Аттуһфат аз-закия фи-л-луғат-ит түркийа, Китаб ад-дурра
әлмудийа фи-л-луғат ит-туркийа әл ат-тамам уал-камал, Әл-кауанийна-әл-
куллийа лидабт әл-лұғат-ти-түркийа, Аш-шудур әд-даһабия уа-л-хита
әлахадия фил-лұғати-ат-түркийа,(Ибн М.Салих), Хуласа, Мани-ул-фузат,
Китаб муқаддима (А.Самарканди), Китабу ад-дағуа т.б. нықтамалар,
армянша-қыпшақша сөздіктер, кеңсе қағаздары,тарихи жазбалар т.б. осы топқа
жатады. Бұлардың ішінде әр тілге (түрік, неміс, француз, венгр, поляк)
аударылып, басылып шыққандары бар, әлі де болса жарық көрмей, қолжазба
күйінде сақталғандары да кездеседі (Санкт-Петербург, Москва, Киев, Ереван,
Вена, Париж, Краков, Варшава, Берлин, Стамбул, Анкара, Венеция, т.б.
кітапханаларында), Мәмлүк қыпшақтарының тілінде 10 шақты грамматикалық,
лексикалық, лексико-грамматикалық еңбектері туған (онда 11 мың реестірлік
сөз бар) [6, 145]. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің басым көшілігі
қыпшақ тілінің негізінде жазылып, кейбіреулері оғыз тілінің әсеріне
ұшыраған Мәмлүк мемлекеті мен Орта Азия аймағында жазылған мұралар немесе
оғыз тілінің негізінде, қыпшақ тілінің ықпалына түскен (Хорезм өлкесінде
жазылған нұсқалар). Қайсыбір жазбалар аталған тілдерге бірдей ортақ. Енді
бір топ ескерткіштер қарлұқ тобындағы тілдермен астарлас. Ескі қыпшақ жазба
ескерткіштері тілінің бірнеше диалектикалық ерекшеліктерге бөлінуі де
мүмкін, олар әлі зерттеліп, анықталмаған. Орта ғасырда жасаған қыпшақ
тайпаларының сөйлеу тілі мен әдеби тіл нұсқасын, олардың тарихи тамырын
және қазақ тілін жалпы халықтың тілі болып қалыптасу тарихын танытуда ескі
қыпшақ жазба ескерткіштерінің маңызы зор.

1.1 Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің зерттелуі

Ескі түркі тілі дәуірі ретінде қарастырылатын Көктүрік пен Ұйғыр
кезеңімен жалғасатын Қарахан кезеңі көне түрік тіліне тиісті болса керек.
Хорезм дәуірінде, яғни ХIII-ХIV ғғ. әртүрлі топтарға бөліне бастады
[7,24].Сол ғасырларда Хорезм орталық болғанда, солтүстігінде Хорезм–Алтын
Орда, Алтын Орда–Қыпшақ, Куман–Қыпшақ деген аттармен даму жүріп жатты. Ал
оңтүстігінде Мәмлүк қыпшақшасы, оғыз-қыпшақ аралас тілі және оғыз тілі
ерекшеліктері көріне бастады. Осы кезде шығыста қыпшақ және шағатай тілі
қалыптаса бастағанда, оғыз-түркімен тіліне негізделген Батыс түрікшесі де
дамуын жалғастырды. Дегенмен қыпшақ тілі баяу дамыды. Бұл тілдің шығу
мәселесіне орай нақты олардың уақытымен географиялық аймағын шектеп айту
мүмкін емес [8, 1-3].
Негізінен ескі қыпшақ жазба ескерткішткерін сөз еткенде, біз Хорезм және
Алтын Орда әдебиеті; Мәмлүк қыпшақ әдебиеті деп қарастырамыз.
Жошының үлкен баласы Батый ХIII ғасырдың 30 жылдарында әкесінің үлесіне
тиген территорияда Алтын Орда мемлекетін құрды. Астанасы Еділдің төменгі
жағында орналасқан Сарай қаласы болды. Археологиялық қазба жұмыстары
кезінде табылған тұрмыстық заттармен жазу ескерткіштері Сарай қаласының
негізгі халқы қыпшақтар болғанын көрсетіп отыр. Мысалы, 1961 жылы Жаңа
Сарай қаласының орнын қазу үстінде арабша жазуы бар өгіздің жауырыны
табылған. Ғалымдар бұл жазуы оқып шығып, қыпшақ тілінде жазылғандығын
анықтады [8, 24].
ХIV ғасырда өмір сүрген итальян қаржыгері Франческо Пегалотти сауда
мәселесімен Алтын Орда мемлекетіне жүргелі жатқан көпестерге коман тілін
білетін тілмаш алу керектігін айтып кеңес береді [9, 164]. Міне, осындай
қажеттіліктерден барып туса керек, ХIII ғасырдың аяғында Қара теңіздің
маңындағы Алтын Орда қалаларының бірінде Кодекс Куманикус (Кумандардың
кітабы) жазылды. Екі бөлімнен тұратын бұл ескерткіштің көлемі – 82 парақ.
Бұл жазба ескерткішті итальяндық саудагерлермен францис ағымындағы
немістер жазған деген болжам бар. Бірінші бөлімінде латынша-парсыша және
куманша сөздік берілген. Екінші бөлімінде куманша жазылған текстер, куманша-
немісше-латынша сөздік, куман тілінің қысқаша грамматикалық очеркі бар.
Кодекс шетелдерде бірнеше рет басылды. В.В.Радловтың бастыруымен 1887
жылы Петербургте жарық көрді. Сонымен қатар В.В.Родлов бұл сөздіктің тілі
туралы да көлемді зерттеу жұмысын жазып, О языке куманов деген атпен
жарияланды [9, 134].
Қазақ тілі тарихы үшін аса құнды материал болып табылатын Кодекстің
тілін зерттеумен Ә.Құрышжанов көптен бері айналысып келеді. Соның
нәтижесінде бірнеше мақалалар жазып жариялады. Кандидаттық, кейін докторлық
диссертация қорғады [10]. А.Жұбанов А.Белботаевпен бірлесіп, 1978 жылы
жиілік сөздігін де шығарды.
Алтын Орда халқы этникалық құрамы жағынан ала-құла болды. Монғол
шапқыншылығынан бұрын, Еділдің төменгі сағасын қыпшақтар жайласа, олардың
терістігінде бұлғарлар, хазарлар және печенегтер өмір сүрді. Ал Солтүстік
Хорезмде түркіленген иран тілдес жергілікті халықтармен бірге, оғыз және
қыпшақ тайпалары аралас отырды [10, 205].
1245 жылы Хорезмде болған Плано Карпини: Из земли Кангитов съехали в
землю Биссерминов (Хорезмийцев). Эти люди говорили и доселе еще говорят
команским языком, - дейді Л.А.Семенова. Бұдан біз Х ғасырдың орта шенінде
тек Алтын Орда мемлекетінде емес, онымен көрші Хорезмде де қыпшақ тілі
ықпалының күшті болғанын көреміз.
Өзара қырқысқан соғыс кезінде қолға түскендері итальян көпестері құл
есебінде сатып алып, Қара теңіз арқылы Египет және Сирия мемлекеттеріне
алып келтіп жатты. Олардың құрамында қыпшақ даласын мекендеген әр түрлі
тайпалары болғанымен, негізгі көпшілігі қыпшақтар мен оғыздар еді. Бұл
процесс монғол шапқыншылығына дейін де, кейін де үздіксіз болып тұрған. Ал
монғол шапқыншылығы кезінде бұрынғыдан да күшейе түседі. Взятые в плен из
этих народов были отвезены в земли Сирийские и Египетские. От них-то (и
произошли) мамлюки адилийские, камийлиские, ашрафийские, муззамийские,
насирийские да азийские, оставившие прекрасные следы в государствах
мусульманских, - деп жазады әл-Айни.
Араб елдеріне құл есебінде әкелінген қыпшақтар жалдамалы әскери сақшы
қызметін атқарған. Орта ғасыр авторлары қалдырған деректерде, Египет
армиясының басым көпшілігі қыпшақтар болғандығы және олардың арасынан
талантты қолбасшылар өсіп шыққандығы айтылды. Мәмлүктер күшейе келе 1250
жылы Айюбидтер династиясын құлатып, 250 жылдан астам уақыт өкімет билігін
өз қолдарына ұстап тұрады. Қыпшақтардан шыққан сұлтандардың ішіндегі
көрнекілері Айбек, Бейбарыс және Калаун болды. Қыпшақтар өкімет басына
келген соң Алтын Орда мемлекетіне келген мәмлүктердің саны бұрынғыдан да
көбейе түседі. Олардың біразы құл есебінде сатылып алынса, енді бір бөлігі
өз еріктерімен келіп Каирде қалып қойған. Оның үстіне, Алтын Орда
территориясынан қыпшақтарды көбірек тартуға Египет сұлтандарының өздері де
құштар болғанға ұқсайды. Мысалы, әл-Холидың келтірген деректеріне
қарағанда, Калаунның 12 мың мәмлүгі болған. Ал оның баласы ан-Насыр да
осынша мәмлүк сатып алған.
Египет жеріне келген қыпшақтар өздерімен бірге тілін, дінін, әдет-ғұрпын
ала келді. Қыпшақтардан шыққан Египет сұлтандары өз ана тілінде сөйлеген.
Хан сарайында отандастарының тілін, әдет-ғұрпын, заңын білетін айрықша
чиновниктер болған [9, 125]. Мысалы, осыған байланысты әл-Холи былай деп
жазады: Калаун, ставший султаном после многолетнего пребывания Египте и
Сирии, не знал арабского языка [12]. Керісінше, көптеген араб білімпаздары
қыпшақ тілін үйреніп, аудармашылар қоғамда көрнекті орынға ие болған. Міне,
осы кезде мәмлүктік Египтте көптеген грамматикалық оқулықтар жазылып,
қыпшақша- арабша сөздіктер түзілді.
Көрнекті түрколог Ә.Н.Нәжіп Алтын Орда мен мәмлүк Египет территориясында
жазылған ескерткіштердің тілін зерттей келе, XIV ғасырда мынадай төрт түрлі
әдеби тілдің болғанын көрсетеді: Старотуркменский письменный язык,
сложившийся еще в XIII в., в мамлюкском Египете достигает заметного
развития; 2. Смешанный огузко-кыпчакский письменный язык, отражающий
особенности языка огузких племен, пришедших сюда вместе с огузкими; 3.
Смешанный кыпчаско-огузкий письменный язык. Сложившийся в XII в. в низовьях
Сыр-Дарьи, находит дальнейшее свое развитие распростронение в мамлютском
Египите; 4. В низовьях Волги и северном Хорезме на основе языка огузко-
туркменских племен сложился своеобразный письменный язык 3 группы тюркских
языков, который испытал влияние языка кыпчакских племен и уйгурской
литературной традиции периода правления Караханов [6, 3-4].

Сонымен XIV ғасырда Египет территориясында көне түркімен және аралас
оғыз-қыпшақ әдеби тілі қатар өмір сүрсе, Алтын Орда мемлекетінде де
қалыптасқан екі әдеби тілдің болғанын көреміз. Олардың бірі – Еділдің
төменгі сағасы мен Хорезм аймағына жайылған 3-тілде де, екіншісі –
мамлүктер билеп тұрған кездегі Египет Алтын Ордаға ортақ й – тілі.
Ә.Н.Нәжіп бұлардың біріншісін алтынорда-хорезмдік, екіншісін алтынорда-
египеттік тіл деп атайды. Бұл екеуі де аралас тілдер. З-тобындағы
тілдерде оғыз элементтері басым болса, й тобындағы тілдерде керісінше
қыпшақ элементтері басым болады да, сонымен қатар лексикасында,
грамматикасында да оғыз тілдерінің әсері бәрі байқалады. Сондықтан
Ә.Н.Нәжіп алдыңғысын оғыз-қыпшақ әдеби тілі деп те атайды [9, 18]. Осы
тілдерде жазылған ескерткіштер туралы сөз еткенімізде біз де осы
терминдерді қолданамыз.
Түркі тілдерінің з –тобындағы ескерткіштеріне Неһж ул – Ферадис,
Қисас ул – анбия, Хұсырау мен Шырын, т.б. туындылар жатады.Ал Гүлстан
мен Мухаббат-наме ескерткіштері й – тілде жазылған.[8, 27].
Алтын Орданың құлауымен байланысты көптеген өнер иелерінің Кіші
Азия, Сирия, Египет жерлеріне кеткендері белгілі. Яғни әдеби – мәдени
орталық ХIV ғасырдың аяғына қарай Египетке ауысады. Сарайдан шыққан
көптеген ақын – жазушылар, ғалымдар өздерінің еңбектерін сонда барып
жалғастырады [9, 32]. Поскольку мамлюки правили страной, многие арабы,
стремясь заслужить их расположение учились говорить по кыпчакский.
Переводчики заняли видное положение в обществе, - деп жазады әл-Хали
[13, 31]. Оның айтуынша, Египетте ғасырлар бойы тұрған қыпшақтар
артықшылықпен пайдаланған және өмірдің барлық саласына ықпал
жасаған. Олар өздеріне кейін Египетте әдебиет пен өнер саласынан да
мол мұралар қалдырған. Көптеген араб ғалымдары қыпшақ тілін үйреніп,
қыпшақша – арабша сөздіктер түзген, грамматикалық оқулықтар жазған.
Мәселен, Китаб әл-Идрак ли-лисан әл-Әтрак, Китаб ад-дурра ал-мудийа
фил- лұғат ат-туркия, Китаб мұққадима, Китаб ул – Айни, Терджуман
түрки уа араби, Китаб ат-туһфат фил-луғат ат-түркия атты т.б.
еңбектер жарық көрген. Осы жазылған еңбектердің негізіне сүйене
отырып, енді солардың баты-бастыларына қысқаша тоқталып өтейік.
Египетте түрікше-арабша сөздіктердің жасалуын өкімет басынан
қыпшақтардың келуімен ғана байланыстыруға болмайды, - дейді Ә.Н.Нәжіп.
Өйткені ғылымда көптеген әйгілі Терджуман түрки уа араби (Түрікше-
арабша тәржіма) атты сөздік 1245 жылы жазылып біткен. Бұдан біз
қыпшақтар өкімет басына келгенге дейін де бұл елде түрікше-арабша
сөздіктің қажет болғандығын көреміз. Қолжазбаның көлемі 76 бет. Оның 62
беті түрікше-арабша сөздікке берілген де, қалған бөлігіне монғолша-
парсыша және арабша-монғолша сөздіктер орналастырылған. Қолжазба Лейден
(Голландия) кітапханасында сақтаулы [14,12]. Еңбектің авторы кім екені
белгісіз. Ал түрік ғалымы А.Инан сөздікті көшіруші кониялық Халил бин
Мухаммед бин Юсуф деген кісі деп біледі. Сөздік қыпшақ тілінің негізінде
жазылған, оғыз элементттері де аралас келіп отырады [9, 40]. Бұл
ескеркіштің лексикасын арнайы зерттеп, монография жазған Ә.Құрышжанов
та осы пікірдің дұрыстығын қуаттайды. Кодекс Куманикус, Аттухфат-
уззакия т.б. қыпшақ тілінің негізінде жазылған ескерткіштерімен қатар
аталған сөздік те қазақ тілінің тарихы үшін аса құнды источник
болып табылатындығын кезінде С.Малов та, кейіннен Э.В.Севортян да
арнайы атап көрсетті.
Қолжазбаны алғаш рет 1894 жылы Голандия ғалымы М.Т.Хоутсма неміс тіліне
аударды. Ал біздің елімізде Ә.Құрышжановтың бастыруымен 1970 жылы
Алматыда жарық көрді. Бұл басылымда қолжазбадағы сөздер орыс
графикасымен транскрипцияланған және орыс тіліне аударылған [14].
Осы дәуірде жазылған Китаб ат-туһфат фил- лұғат ат-түркия атты
ескеркіш Ә.Құрышжановтың бағалауынша, өзінің тарихтық, ғылымдық мәні
жағынан түркология әлемінде аты әйгілі М.Қашқари мен А.Хайиан
еңбектерінен кейінгі үшінші орынға ие.
Қолжазба бір-ақ дана. Көлемі-91 парақ. Ол екі бөлімнен тұрады. Сөздік
бөлімі, граммматика бөлімі [15,172]. Бұл ескерткіштің қай жерде, қашан
және кім жазғаны дәл анық емес. Алғаш рет баспа бетінде 1922 жылы
түрік ғалымы Фуат Көпрүлү хабарлады. Ал Бесим Аталай оны түрік тіліне
аударып, 1945 жылы Ыстамбулда бастырып шығарады. 1968 жылы С.Муталлибовтың
аударуымен бұл сөздік өзбек тілінде де жарық көрді [16]. Соңғы басылымның
жетістіктерімен қатар, сыншылар атап көрсеткендей, кемшіліктеріде болды.
Мысалы, А.Шүкүрлү көрсеткен ол кемшіліктердің кейбіреулері мыналар:
1. Аудармадағы араб әрпімен берілген көптеген сөздер оригиналдағы
жазылуымен сәйкес келмейді; 2. Кейбір сөздердің түркіше аудармасы
ғана беріледі де, арабшасы қалып қояды; 3. Көптеген түркі сөздері қалып
қойған; 4. Кейбір түркі сөздері дұрыс транскрипцияланбаған. Міне осындай
кемшіліктерін ескере отырып, Ә.Құрышжанов: Екі баспаның екеуін де Т.Х.Кун
бастырған түпнұсқасымен салыстыра тексеру осы салада істелетін игілікті
жұмыстардың басы болмақ, - деп өте орынды ескертеді.
Араб филологы Ибн Мухананың Китаб тарджуман фарси уа түрки уа моғоли
(Парсы, түркі және монғол тілдерінің тәржімәсі) атты сөздігі де осы
дәуірдің жемісі болып табылады. Бұл еңбектің қазіргі кезде алты түрлі
көшірмесі бар. Оның үшеуі Оксфордта, біреуі Берлинде, біреуі Парижде,
кейіннен табылған біреуі Ыстамбулда сақтаулы [9, 46].
Алғашқы бес көшірмесі негізінде И.М.Мелиорански докторлық диссертация
жазып, кейіннен жеке кітап етіп басстырды.[16]. Соңғы көшірме де түрік
ғалымы К.Рифаттың бастыруымен 1921 жылы Ыстамбулда жарық көрді.
Ескерткіштің қашан және қай жерде жазылғаны белгісіз. И.М.Мелиоранский
сөздікте кездесетін жанама деректерге сүйене отырып, ХIII ғасырдың аяғы мен
ХIV ғасырдың бас кезінде солтүстік-батыс Персияда жазылған болуы керек деп
жорамалдайды. Ал тілдік ерекшелігі жағынан әзірбайжан тіліне жатқызады.
С.Е.Малов алтыншы көшірмесін И.М.Мелиоранский бастырған вариантымен
салыстыра зерттеп шығып, соңғы табылған нұсқада шығыс түркі тілдеріне ғана
тән көптеген грамматикалық формалар мен лексикалық единицалардың бар екенін
анықтады.
Ә.Нәжіптің пікірінше, бұл сөздік XIV ғ. қыпшақ-оғыз әдеби тілінің
негізінде жазылған. Ал шығыстық элементтерге келетін болсақ, бұрыннан келе
жатқан әдеби дәстүр бойынша, кітаби тіл арқылы енген. Шығарма авторы Ибн
Муханна сөздікті түзу барысында ауызекі сөйлеу тілінің материалдарымен
қатар, жазба источниктерді де пайдаланғандығын айтады. Сөздікке енген
материалдарды ол мынадай үш түрлі диалектіге бөліп қарайды; Түркістан
диалектісі, түркімен диалектісі және автордың өз ауылының диалектісі.
Осы өз ауылы диалектісі деген терминді И.М.Мелиоранский көне азербайжан
тілі деп түсінсе, Ә.Құрышжанов: автордың айтып отврған өз ауылы
диалектісі де осы кездегі түрік қауымдарының арасында көбірек көзге түсіп
жүрген қыпшақтар тілі болу керек, - дейді.
Сонымен, XIII-XIV ғғ. Алтын Орда және оның одақтасы болған мәмлүктік
Египетте жазылған көркем шығармалардың, грамматикалық оқулықтардың аралас
тілде жазылғанын көреміз. Біреуінің негізінде қыпшақ тілі жатады,, да оғыз
тілі элементтері аралас жүреді. Ал екіншісі, керісінше оғыз тілінің
негізінде жазылып, сонымен қыпшақ элементтерін де қабылдап отырған. Бұл
құбылысты тарихи фактілер де растайды. Шығыс авторлары қалдырған деректерге
қарағанда, қыпшақ және оғыз тайпаларының әуел бастан-ақ территориялары
ортақ, әдет-ғұрыптары ұқсас болған. Олар ежелден-ақ бір-бірімен тығыз қарым-
қатынас жасасып, аралас-құралас отырған. Бұл жөнінде Худдуд ал-
әлемніңавторы былай деп жазады: Андараз-Хиифчак. Оласть, принадлежащая
кимакам. Люди ее некоторыми обычаями похожи на гузов. Всякий раз между
ними (кимаками) и гузами бывает мир, зимою идут к гузам [17, 211]
Сырдарияның төменгі жағына орналасқан оғыздардың Дженд, Хувара және
Янгикент қалаларының әрқайсысынан Ертіс бойындағы қимақтар еліне қарай
керуен жолдары кетіп жатқанын В.В.Бартольд та айтады. Яғни территория
жақындығы тілдердің жақындасуына, араласуына да күшті ықпалын тигізген.

2. Китаб әл- Идрак ли—лисан әл-Атракескерткіші

Зерттеудің нысаны ретінде алынған ХIV ғасырда Мәмлүк қыпшақтарының тілі
туралы жазылған, Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап жазба
ескерткіші [15, 171] немесе Түркілер тілінің інжу-маржандары кітабы [18,
4]. Авторы-Асиф ад-Дин Абу Хаийан Мухаммед ибн Али ибн Юсуф ал-Гарнати
(Андалузский) (1256-1344 ж.).Араб халифатының Испаниядағы мәдени әкімшілік
орталығы Гренада қаласынданда туған (шыққан тегі жағынан-африкалық бербер
жұртынан). Каир қаласынданда филология мен Құраннан бірнеше жыл сабақ
берген. Заманамыздың дүниежүзілік имамы деген атақ алған. Қыпшақ тілінің
Мысыр елінде қаншалықты үлкен маңызы бар екендігін түсініп, осы тіл туралы
бірнеше кітап жазған (Түркі тілі грамматикасының гүлін жинаған кітап,
Түркі тіліндегі етістіктер, Түркі тілі грамматикасының жарқын інжу-
маржаны, Түркі тілі туралы түсіндірме кітап). Біздің заманымызға дейін
жеткен еңбегі осылардың соңғысы ғана (ол 1312 ж. желтоқсанның 18-де Каир
қаласынданда жазылып біткен).
Түрік зерттеушісі Джафароғлы былай дейді (1931 ж.); Абу Хайианның бір
еңбегінің өзі-ақ – түркітанудың даму тарихындағы келелі кезең, өз алдына
жеке жасалған дәуір, дара дүние. Автор өз жұмысын қалай жазғандығы туралы
былай дейді: Сөздерді мен біріндеп тілді жақсы білетін әр адамның аузынан
жазып алдым. Оларды өзімше бір тәртіпке келтірдім. Грамматика туралы
жазылған қағидаларды басқа бір еңбектен емес, өз ойым, өз түсініктерімнен
ғана шығарып жаздым. Онда мен абзал мақсат пен ізгі ниет қана көздедім.
Сөздерді жинау үстінде мен жұпар иісі аңқып тұрған сәнді бақшаның әр алуан
ағаштарынан шырынды жеміс теріп жүргендей болып қатты рахаттандым, жаным
жай тауып, үлкен пайда көрдім. Көп сөздің қотарылған алып теңізінен інжу-
маржан тастарын талмай іздеп, тауыса тердім де, белгілі бір тілдің өзіндік
табиғатын білуде бірінші орынға ие болдым. Сондықтан мен кітабімді Китаб
әл-Идрак ли-лисан әл-Атрак деп атадым. Бұл кітаптың түп нұсқасы
(факсимелесі) жоқ, екі түрлі көшірмесі бар. Оның біреуін 1335 ж. аты
белгісіз бір кісі жасаған [3, 26].
Хижра жыл есебі бойынша 712 жылдың, 20 рамаданында, бейсенбі күні жазып
бітірген түпнұсқа шығармасынан 23 жыл кейін, яғни 735 жылдың 15 ақпанында
жасалған көшірмесі [18, 8]. Көлемі 132 бет. Шамасы, көшірменің оқушылары
көп болған болу керек, оның бетіне, шет-шетіне, жол-жолдың арасына қосымша
жазылған сөздермен сөйлемдер,әріптер мен харакаттар толып жатыр (олардың
жалпы саны 1000 шамалы, бұларды В.Избудак өз алдына бастырып шығарады,
1936ж.). Екінші көшірмесін 1402 ж. Ахмет ибн әл-Шафиғ жасаған. Көлемі - 194
бет. Екі көшерменің арасында азды- көпті айырмашылық бар. Екеуі де Туркияда
сақтаулы.Қолжазба ең алғаш 1891 ж. жарияланды (Ыстамбул, Мустафа бей).
Екінші рет осы қалада 1931 ж. басылды (Ахмет Джафароғлы). Ол екі бөлімнен
тұрады: 1) сөздік бөлімі (қыпшақша-арабша, есімдер мен етістіктер, 7-100
б., бас аяғы 3500-де сөз бар; 2) Грамматика бөлімі, сөзжасам дыбыстары мен
сөйлеудің граммат. құрылымдары (78 бөліктен құралған, 101-155 б.) [18, 8-
9].
Бұл жазба ескерткіш түркі халықтарының ортағасырлық құнды мұрасы ретінде
үнемі назарда тұтылып келеді. Соған орай, жазба ерскерткіші тілі
материлдарын А.Жафероғлы, Ә.Құрышжанұлы, З.Б.Мухамедова, А.И.Чайковская,
С.Р.Боранбаев, Б.М.Сүйерқұл және т.б. Зерттеушілер ғылыми айналымға тартты,
осы жазба ескерткіштін түрлі тілдік ерекшеліктері туралы әртүрлі
тақырыптарымен байланысты мақалалар жариялады. Сонымен қатар, Қазақстанда
1969 жылы М. А. Маженова Абу-Хайиан – исследователь кипчакского языка,
Өзбекстанда 1969 жылы Н.А.Расулова Исследования языка Китаб аль-Идрак ли-
лисан аль-Атрак деген тақырыпта кандидаттық, ал Түркияда 2001 жылы А.Мелек
осы негізде докторлық диссертацияларын қорғады. Осы соңғы зерттеушінің
хабарламаларына қарағанда Египеттің Каир қаласындағы бас кітапханасында
(Дарул – фунунда) әл-Идрак...-тың III қолжазба нұсқасы табылған
көрінеді. Бірақ әзірше қолға түспеген.
Дегенмен, бүгінгі уақытқа дейін аталмыш жазба ескерткіштің мәтіні,
мазмұны, сондай-ақ тілдік материалдары қазақ тілінде сөйлеп, қазақ
оқырманының, ізденушісінің қолына толығымен жете қоймағандығы байқалып
отыр.

2 Сөзжасам жұрнақтарының зерттелу тарихы

Қазақ тіл білімі тарихында тіліміздің сөзжасамы бірінші рет өз алдына
жеке дербес сала ретінде зерттеліп,арнайы монография ретінде жазылып,
жұртшылықтың назарына ұсынылып отыр.Қазақ тіл білімінде сөз жасау жүйесіне
байланысты мәселелер бұрын-сонды жеке сала ретінде зерттелген де емес және
ол тіл білімінің жеке саласы ретінде ғылымда танылғанда жоқ.Бірақ бұдан сөз
тудыру, сөз жасау, жаңа сөз мәселелері ғылымда мүлдем зерттелмеген деген
ұғым шықпайды.Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік құбылысқа
жататыны белгілі. Бұл мәселелер әр сөз табымен байланысты зерттеліп, жеке
сөз таптарының сөз жасалымы ретінде арнайы еңбектер жарияланып келді. Осы
тұрғыдан алғанда, қазақ тілінде зат есімнің, сын есімнің, етістіктің сөз
тудырымдары арнайы зерттелді,еңбектер де жарияланды. Ал оқулықтарда, түркі
тілінде шыққан грамматикаларда тілдің сөзжасам мәселелері грамматиканың
морфология саласында әр сөз табына байланысты қарастырылып келді. Сондықтан
оны ертеден келе жатқан құбылыс деуге де болады.
Түркі тілдеріндегі сөз тудыратын жұрнақтар жөнінде жазылған әдебиеттерге
шолу жасай бастасақ, ауызға ең алдымен, бірінші түркітанушы Махмуд
Қашқаридың XI ғасырда жазылған Диуани лұғат ат-түрк деп аталатын әйгілі
сөздігі ілінеді. Олай болуы заңды да. Түркі тілдерін салыстырмалы түрғыдан
зерттеудің пионері (Н.А.Баскаков) саналатын Махмуд Қашқари бұл тілдердегі
сөздердің жасалу жолдары туралы да бірінші болып пікір айтқан ғалым. Жаңа
сөздердің жасалуы жөнінде ол былай дейді: Есімдер екі түрлі болады: түбір
есімдер, туынды түбір есімдер. Туынды есімдер етістік түбірлеріне төменгі
он екі әріптің бірінің қосылуы арқылы жасалады. Олар мыналар: а, т, ч, ш,
г, к, к, г, л, м, н, у. Махмуд Қашқаридың көрсетуінше, етістік тудыратын
жұрнақтардың саны он. Олар мыналар: а, т, с, ш, қ, к. л, н, м, и.
Махмуд Қашқари есімдердің жасалуына өзек болатын түбір сөз есебінде
етістіктің жедел өткен шақ формасын көрсетеді. Мысалы, Өрмә сач сөзі өрді
етістігінен, сәвінч сөзі сәвінді етістігінен, біліш сөзі білді етістігінен
жасалған.
Махмуд Қашқари Сөздігінің өн бойында есім және етістік түбірлеріне
жалғанып, жаңа сөздер тудыратын басқа да бірнеше жұрнақтарға тоқталып
өтеді. Егер ол жұрнақ көп мағыналы болса, нақтылы мысалдар келтіре отырып,
әр түрлі мағыналарын ашады. Кейбір жұрнақтарды өзге туыстас тілдердегі
формаларымен салыстыра көрсетеді. Автордың жекелеген жұрнақтарға байланысты
айтқан бұл сияқты пікірлерін жұмысымыздың ішінде келтіріп отырдық.
Түркі тілдеріндегі сөз тудыратын жұрнақтар жөнінде берілген кейбір
алғашқы мәліметтерді орта ғасырда өмір сүрген Әбу Хайианның Китаб әл-Идрак
ли-лисан әл-Атрак еңбегінен кездестіреміз. Автор қосымшаларды араб тілінің
морфологиясы аясында қарастырғандықтан ескі қыпшақ тіліндегі қосымшалардың
барлығын жеке-жеке араб тілінің терминдерімен атаған. Мысалы, ескі қыпшақ
тіліндегі кейбір қосымшалардың жұмсалу және олардың қолдану жолдары
қарастырылған, тарауша атауы – Қатыстық есім (Әл-Қаули фи-н-нисиби).
Қолжазба авторы бұл тарауда ескі қыпшақ тілінде жаңа сөз жасау үшін зат
есімнің соңына -cı жұрнағын жалғау қажет дей отырып,мына мысалдарды атап
көрсетеді: ascı – аспаз, jacı – садақшы. Ал түбірге басқа мағына беру
үшін –lug қосымшасы жалғанады, мыс.,rumlug (румдық, Румдық кісі), şamlug
(шамдық, Шамдық кісі).Түркімендер –g таңбасын –u таңбасына (уауға)
ауыстырып, rumlu (румдық) және samlu (шамдық) деп айтады. -lug және -lu
қосымшаларының бірінші таңбасы көбінесе касра (бұл аффикстер қолжазбада
дамма, яғни u дыбысы арқылы жазылған) арқылы дыбысталады; -lug
қосымшасы кейбір жағдайларда меншік иесі мағынасын да береді, мыс.,
mallugdur (дәулетті, қалталы, қаржылы). Бірақ мұндайда -lug екі функция
атқарады: біріншісі жұрнақ болса, екіншісі жіктік жалғауы қызметінде.Ал осы
екеуінің қайсы екндігін анықтау үшін осы қосымша жалғанған сөздің өзіне
(яғни түбіріне) қарауымыз қажет [18, 16-17].
М.Маженова ескерткіш тіліндегі бұл аффикстер есім және етістік
түбірлерден жаңа туынды есімдер жасайды деген пікірге келген [19, 20]. Орта
ғасырлық поэтикалық шығармалар тілін зерттеуші Ә.Керімұлы –cı аффиксін
өнімді жұрнақтар қатарына жатқыза отырып, -lug аффиксін мынадай аллофондық
варианттары бар екндігін көрсеттеді: -лық, -лик-луқ-лүк, -лығ, -лиг,
-луғ, -лүг: ачлық аштық, беклик бектік, көрлүк көрікті
-луқ, -луғ, -лұқ, -лүк, -лүг, -лық, -лығ, -лік. Бұл жұрнақтың
фонологиялық варианттары негізінен, есім түбірге үстемелененді: 1) дерексіз
мәнді атауыштық ұғымды; 2) қатыстық сындық ұғымды; 3) іс-әрекет атауын,
кәсіп иесін; 4) белгілі бір жерге, мекенге қатыстылықты; 5) заттың неге
арналғанын білдіреді. мысалы: йарлық, игітлік, достлық, бұзұқлұқ, йаманлық
(жарлық, жігіттік, достық, бұзықтық, жамандық) және т.б. Э.В.Севортянның
көрсетуінше, бұл пікірді алғаш рет өзінің Ұйғыр тілінің грамматикасы
деген еңбегінде А.К.Боровков ұсынады да, кейін Башқұрт тілінің
грамматикасы деген еңбегінде Н.К.Дмитриев қайталайды. Э.В.Севортян: Дәл
осы толы мағынасында армян тілінде де -лық тұлғалы сын есімнің болуы
мәселені қиындата түседі және -лық сөзінің сөз тудырушы -лиг жұрнағына
қатысын ашу үшін әлі де болса қосымша деректер керек сияқты, – деп жазады
Түкологиялық еңбектерде бұл жұрнақтардың шығу төркіні туралы әр түрлі
пікірлер бар.Ол жайында А.Кононовтың Қазіргі өзбек тіліндегі
грамматикасында толық айтылған. Н.А.Баскаков -лы жұрнағы -лығ, -ліг
жұрнағымен төркіндес, соның фонетикалық жағынан ықшамдалған түрі дегенді
айтады [17, 30].
Сын есім тудыратын -лы, -лі жұрнағы туралы Ибн Муханна Китаб тарджуман
фарси уа түрки уа моғоли атты еңбегінде былай деп жазады: -Луғ, -лүг
жұрнагы бір нәрсеге иелікті білдіреді. Кейбір жағдайда соңғы -ғ, -г
дыбыстары у дыбысына өзгереді. Мысалы, тонлуг немесе тонлуқ тоны бар.
Алтунлыг-алтыны бар. Кейде бұл жұрнақтың орнына -ан формасы қолданылады.
Мысалы, тон-киім, тонан-киімді. Кун - бақыт, кунан - бақытты. Кейде осы
мағынаны -муқ жұрнағы білдіреді. Мысалы, Атмуқ - атты, аты бар. Тонмуқ -
тонды, тоны бар [20, 13].
Автордың этно-географиялық тәндікті білдіретін зат есімнің -лы жұрнағы
мен заттың барлығын, молдығын білдіретін сын есімнің -лы жұрнағының
арақатысы жайлы айтқан пікірі де назар аударарлық. Бұл жөнінде былай дейді:
Относительные имена бывают различные, например, принадлежность к племени
или стране (выражается) л с кэсрою и - и, напр. Багдадлы - багдадец. То же
(наращение употребляется) для образования относительных внешнего вида,
или наименования. Напр., атлы-всадник. Қара сачлы - черноволосый [20,14].
Яғни Ибн Муханнаның пікірінше, этно-географиялық тәндікті білдіретін -лы
жұрнағы (бағдадлы) мен заттың барлығын білдіретін -лы жұрнағы (қара сачлы)
бір. Бұл мәселеге біз төменде арнайы тоқталамыз.
Түркі тілдерінің грамматикалық құрылысын тереңірек зерттеу Россияда XIX
ғасырдан басталады. Толыққанды ғылыми грамматикалар да осы кезде жарық көре
бастайды. Алғаш баспа бетін көрген сондай грамматикалардың бірі 1801 жылы
Петербургте басылған И.Гигановтың Татар тілінің грамматикасы деген еңбегі
болды [21].
И.Гиганов жаңа сөздердің жасалу жолдарына еңбегінің IX тарауында арнайы
токталады. Автор есім сөздерді негізгі түбір (первообразные) туынды түбір
(производные) деп екіге бөледі. Туынды сөздер есімдерге, етістікке,
есімшеге және көсемшеге жұрнақтардың (наращение) жалгануы арқылы жасалады.
Автор бұл жұрнақтардың кейбіреулеріне арнайы тоқталып, мысалдар келтреді,
мағыналарын ашады [ 21, 33-45].
XIX ғасырдың бірінші жартысында жазылып, Общая грамматика турецко-
татарского языка деген атпен жарық көрген екінші бір көлемді еңбектің
авторы М.А.Казем-Бек те И.Гигановтың ізімен сөздерді негізгі түбір
(первообразные), туынды түбір (производные) деп екіге бөледі. Туынды
түбірлер етістіктен және есімдерден жасалады. Етістіктен жасалған есімдер:
а) қимыл иесін білдіретін есімдер (имя действующего), ә) қимылдың атын
білдіретін есімдер (имя действия) болып өзара тағы іштей екіге бөлінеді.
Автордың пікірінше, қимыл иесін білдіретін сатучы, язучы сөздері cam, йаз
деген етстіктен емес, сату, йазу деген есім сөздерден жасалған. М.Казем-Бек
жұрнақтарды кейде наращение, кейде частица деген терминдермен атайды.
Алтай тілі грамматикасы авторлары: Между частями речи в тюркских
языках нет строгих формальных различий, - деп жазды [22,19]. Олар барлық
сөз таптарын өзгеретін сөздер, өзгермейтін сөздер деп екіге бөліп қарайды.
Өзгеретін, яғни грамматикалық тұрғыдан түрленетін сөздерге есімдер мен
етістіктерді жатқызады да өзгермейтін сөздерге шылауларды жатқызады.
Есімдерді септелетін сөздер, етістіктерді жіктелетін сөздер деп атайды.
Сөздердің жасалуы жөніндегі көзқарастары мынадай: Производство бывает или
общее, т.е. такое, которое возможно в каждом слове, сохраняет везде свое
основное значение, и частное, которое встречается только в некоторых словах
и придает иногда разные значения [22,20]. Әрі карай есім және етістік
тудыратын бірнеше жұрнақтардың тізімін келтіріп, кейбіреулершің
мағыналарына тоқталады.
В.В.Радлов Введение к установлению морфологии тюркских языков деп
аталатын көлемді мақаласында түркі тілдеріндегі сөздердің морфологиялық
кұрылысына терең талдау жасайды. Мұнда автор сөз тудырушы жұрнақтарды өлі
және тірі жұрнақтар деп екіге бөліп көрсетіп, олардың пайда болу, даму,
қалыптасу жолдарына тоқталады. В.В.Радлов Күл-Тегін ескерткішін аудару
барысында, бірінші болып, бұл ескерткіштегі сөз тудыратын жұрнақтарды да
талдап берген болатын [ 8, 40-41].
Аса талантты лингвист-ғалым П.М.Мелиоранский өз өмірінің ішінде көне
түркі тіліне арналған бірнеше құнды зерттеулерімен қатар, екі бөлімнен
тұратын Қазақ тілінің қысқаша грамматикасын да жазып қалдырды [16].
П.М.Мелиоранский де қазақ тіліндегі барлық сөздерді семантикалык және
морфологиялык белгілеріне карай сегіз түрлі сөз таптарына жіктейді. Есім
және етістік тудыратын бірнеше жұрнақтарға тоқталып, нақтылы мысалдар
арқылы мағыналарын ашады. Есім жасайтын жұрнақтарды: а) есімнен есім
тудыратын жұрнақтар, ә) етістіктен есім тудыратын жұрнақтар деп бөледі.
Неге екені белгісіз, етістіктен есім жасайтын жүрнақтарды есімдерге
арналған тарауда емес, етістікке арналған тарауда береді.
Қазіргі кезде: Өзі жалғанатын зат есімдерге қомсыну, кекету, олқы санау
тәрізді салыстыру үғымын үстейді делініп жүрген -сымақ (ақынсымақ)
жұрнағын П.М.Мелиоранский зат есімнің кішірейту мәнін білдіретін
жұрнақтарының бірі ретінде көрсетеді. Сондай-ақ қазіргі кезде сын есімнің
шырай формасы деп танылып жүрген -лау қосымшасын да кішірейту мәнін
білдіретін жұрнақтардың қатарына жатқызған [16,30-36]. П.М.Мелиоранскийдің
тепкіле дегендегі -кіле қосымшасын етістік түбірлеріне жалғанып,
дүркінділікті, қимылдың жиілігін білдіретін форма,-деуі тек қазақ тілі
үшін емес, қазіргі түркі тілдерінің көпшілігі үшін дұрыс айтылған пікір
болып табылады [16].
Түркі халықтарының этнографиясы, фольклоры және тілі жөнінде артында мол
мұра қалдырған Н.Ф.Катановтың отандық түркологияның тарихында алатын орны
айрықша. Оның Опыт исследования урянхайского языка... деген грамматикасы
түркі тілдерін салыстыра зерттеуде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған аса
құнды, әрі материалды қамтуы жағынан өте көлемді еңбек болып саналады.
Алдыңғы кіріспе, соңындағы қосымша бөліктерін есептемегенде, еңбек 1539
беттен тұрады. Бұл шығарманы жазу үстінде автор көп тер төккен. Мысалы,
еңбектің кіріспе бөлімінде: Я сопоставлю звуки и формы урянхайского языка
со звуками и формами других тюркских, или турецко-татарских наречий: 42
современных и 5 древних, - дейді.
Н.Ф.Катанов барлық сөз таптарын септелетін сөздер, жіктелетін сөздер
деп екіге бөліп қарайды. Септелетін сөздерге есімдер кіреді де, жіктелетін
сөздерге етістіктер жатқызылады. Н.Ф.Катановтың пікірінше, түбір сөздер екі
түрлі болады: негізгі түбір (неразлагаемые) және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Китап Ад-дурра Ал-мудийа фил-луғат ат-туркийа уал-камал”
Ғүн дәуірі
Ескі қыпшақ тілі
Түркі жазба ескерткіштері тіліндегі үстеу сөздердің даму ерекшеліктері
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі шылау сөздердің қолданысы
Алтын Орда әдебиеті
Ғылыми еңбектерін араб және парсы тілінде жазған түркі ғұламалары (X—XII ғ.)
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. 2.Салыстырмалы-тарихи зерттеу (XYIII-XIX ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Пәндер