Әкім Таразидің Қорқау жұлдыз романы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3-4

Негізгі бөлім

  1. Етістіктің лексика-семантикалық топтарының

зерттелуі……… . . . … . . . 5-8

  1. Тіліміздегі лексика-семантикалық топ құбылысы… . . . …9-18
  2. Қазақ тіл біліміндегі етістіктердің лексика-семантикалық

топтарға жүйеленуі . . . 19-27

  1. Ә. Тарази шығармасында қолданылған етістіктердің

лексика-семантикалық топтары . . . 28-74

  1. Амал-әрекет етістіктері . . . 28-35
  2. Қозғалу етістіктері . . . 36-39
  3. Сөйлеу етістіктері. 40-45
  4. Қалып сапа етістіктері. . 46-49
  5. Сезіну етістіктері. . 50-54
  6. Ойлау етістіктері . . . 55-62
  7. Көңіл-күй етістіктері. 63-67
  8. Дыбыс - сес және бейнелеу етістіктері . . . 68-70
  9. Өсіп-өну етістіктері . . . 71
  10. Табиғаттың түрлі құбылыстарына байланысты

қолданылатын етістіктер . . . 72

  1. Субьектив реңді білдіретін етістіктер. . 73-74

Қорытынды. . 76-78

Пайдаланылған әдебиеттер тізмі . . . 79-80

Кіріспе

Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы және грамматикалық құрлысында етістік ерекше орын алатын сөз табы екені белгілі. Өйткені есімдер тобы іштей зат есім, сын есім, сан есім, есімді болып жүйеленгенімен, оларды біріктіріп қарауға мүмкіндік беретін көптеген лексика-семантикалық та, фонетика-морфологиялық та, синтаксис- стилистикалық та тұтастықтар бар, ал етістік өзінің жаратылысы жағынан бұлардан мүлдем өзгеше.

Етістік қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы. Яғни заттың қимылын, күйін, белгісін, көңіл- күйдің, қарым - қатынастың қимыл түрінде өзгеру процесін білдіретін сөздер етістік деп аталады. Етістік сөз таптарының ішіндегі ең көлемді де күрделісі болып саналады. Себебі етістік өзгергіш, сөйлем құруда, сөз тіркесін жасауда өте икемді түрде үлкен қызмет атқарады. Етістіктердің грамматикалық құбылыстары әр алуан және олардың орамды қолданылуы оның ерекше белгісі болып табылады. Етістік есім сөздердің септік формаларын меңгереді, сөйтіп, басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түседі.

Зерттеудің өзектілігі . Сөздің семантикалық жағын зерттеу қазіргі кезде тіл білімінің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Етістіктің лексикада алатын орыны өзгеше. Әсіресе, етістіктің семантикасы, оның лексика-семантикалық топтары қазіргі таңда ғалымдарымыздың назарын аудартып отыр. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы аз да болса зерттеліп келеді. Алайда, бұл ғылыми жарық көрген еңбектер мен мақалаларда етістіктердің лексика -семантикалық топтары жайында толық талдау кездеспеді. Лингвистикада лексика-семантикалық топ бірлі - жарым зерттелген мәселелердің бірі болса да, оның ашылмаған қыр -сырлары да жоқ емес. Мәселен, ғалымдарымыз лексика - семантикалық топ құбылысы жайында сөз еткенде есім сөздерге ғана тоқталады, ал етістіктердің лексика - семантикалық топтары болатындығы ескерілмейді. Сондықтан негізгі мақсатымыз- Ә. Тарази шығармасында қолданылған етістіктердің лексика-семантикалық топтарын көрсетіп, оларды жүйелеп, толықтырып, ғалым - тілшілер назарын аударту.

Көркем туынды белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі етіп жеткізетін болса, етістіктердің лексика --семантикалық топтары бұл орайда үлкен қызмет атқарады. Осы орайда қазақтың қазіргі бай, мейлінше жетілген көркем шығармаларында етістіктердің лексика-семантикалық топтарын қолданудағы орны айрықша екендігін нақты фактілермен жүйелеп көрсету қажеттілігі туындайды. Осы мәселелердің барлығы етсітіктердің лексика - семантикалық топтарын зерттеудің өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеудің нысаны . Зерттеуміздің нысаны ретінде Әкім Таразидің «Қорқау жұлдыз» романы алынып отыр. Біз осы аталған еңбекте кездесетін етістіктерді талдап, олардың лексика-семантикалық топ бола алатындығына, бұл топтардың бір-бірінен ерекше екендігіне тоқтала отырып, мынадай мәселелерді қарастырмақшымыз:

  • тілдегі лексика-семантикалық топ құбылысы;
  • етістіктің лексика - семантикалық топтары;
  • етістікті семантикасына қарай топтасуындағы семалардың рөлін көрсету;
  • шығарма тілінде қолданылған етістіктердің лексика-семантикалық топтарын анықтау;
  • шығармалар тілінде қоданылған етістіктердің лексика-семантикалық топтарын жаңа топтармен толықтыру.

Зерттеу материалы . Ә. Таразидің «Қорқау жұлдыз» романынан алынған мысалдырдан 504 етістік топтастырылған.

Зерттеу жұмысының құрылысы . Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі беріледі.

1. 1. 1. Етістіктің лексика-семантикалық топтарының зерттелуі

Түркі тілдерін зерттеген алғашқы ғалымдар ХІ ғасырда етістіктерді жеке бөліп алса, одан кейінгі кезеңде және қазіргі тіл білімінде олардың сан түрлі категориялардан тұратын лексика-грамматикалық жүйе екендігін, әр категорияның өзіндік ерекшелігі, белгісі бар екендігі негізінде қарастырылады. Қазіргі күнде жарық көрген оқулықтар мен зерттеулерде де етістікті күрделі де жүйелі нысана етіп, оның өзіндік түрлі белгілері мен заңдылықтары кешенді түрде жан-жақты қарастырылып, табиғаты анықталуда. Уақыт өтілуімен байланысты зерттеу әдістерінің жетіліп, методолгиялық негізі айқындала түсетіні белгілі. Сондай зерттеуді қажет ететін мәселенің бірі - етістіктердің мағыналық дамуы, лекстка-семантикалық топтары, зерттелуі. Себебі тіл білімінде лексика-семантикалық топ құбылысы біршама зерттелген мәселелердің бірі болса да, оның ашылмаған сырлары да баршылық. Мәселен, көбінесе есім сөздің мағыналық топтары жайлы көп айтылады да, ал етістіктердің лексика-семантикалық топтары ескерілмейді. Сондықтан да етістіктердің лексика-семантикалық топтары арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі деп ойлаймыз.

Лексиканың элементтері белгілі бір заңдылықтар бойынша өзара байланысып жататындығы дау туғызбайды. Бірақ тюркологияда, жалпы тіл білімінде сөздерді байланыстыратын заңдылықтарды ашу, байланысу тәсілін анықтау оңай міндет емес. Қиыншылық көзін тіл мамандары сөздердің дербестігінен іздейді. Сөздер белгілі бір жүйе аясында шектелгенімен, дербестігін сақтайды. Сондықтан да көп уақытқа дейін тіл мамандары лексиканы жүйелеуге болмайды деп келді [1; 3] .

Қазақ тіл білімінде зерттеуді керек ететін мәселелердің бірі- ірі жазушылардың еңбектеріндегі я олардың жеке шығармаларындағы сөз қолдану дағдысын, үлгісін талдау болатыны даусыз. Егер қазақ тіл білімінде лексикологияны жас ғылым деп танысақ, оның семасиология (семантика) тарауын одан да жас, әлі де барланбаған өте кенже сала деуге болады. Соңғы жылдарда синонимика категориясының мәселелері тюрклогияда да, қазақ тіл білімінде де арнайы тақырып етіліп, тексеріле басталды. Сөздің мағынасы туралы жалпы топшылаулар жеке еңбектерде, мақалаларда, граммтиканың тиісті бөлімдерінде жол-жөнекей сөз етіледі, бірақ арнайы зерттеу болмағандықтан, етістіктердің лексика-семантикалық топтары зерттеуді керек ететін мәселелердің бірі екендігі байқалады.

Атақты ғалымдар Бодуэн де Куртэнэ, Ф. Де Сосюр - тілдің барлық салалары белгілі бір жүйеге бағынады деген болатын. Ал тюркологияда лексиканың элементтерін белгілі бір жүйеге бағынады деп, түркі тілдеріндегі сөздердің лексика-семантикалық жүйесін, оның ерекшеліктерін ескере отырып, алғаш пікір айтып, үлгі көрсеткен ғалым Н. К. Дмитртев болатын [2; 596] . Ол 1953 жылы «Грамматика башкирского языка» деген еңбегінде түркі тілдеріндегі етістіктерге (татар тілінің материалы негізінде) бірінші болып семантикалық талдау жасап, оларды сөйлеу етістіктері (глаголы речи), ойлау етістіктері (глаголы мышления), қозғалу етістіктері (глаголы движения) деп бөле отырып, олардың әрқайсысын жеке-жеке топ ретінде зерттеп, мақала жазды.

«Н. К. Дмитриев алғаш рет етістіктерді сөйлеу, ойлау, қозғалу етістіктері деп бөлгенде ертеден келе жатқан дәстүрге сүйенген, солардың үлгісі бойынша топтастырған; семантикалық топтарға бөлудің ғылыми негізін, принципін жасамаған, әр топтың жекеленетін белгісін көрсетпеген, оны автор мақсат тұтпаған», -дейді М. Оразов [1; 4], бірақ ғалым етістіктерді жеке семантикалық топтарға топтастырудың өзі үлкен табыс екендігін де мойындайды.

Ғалымның үлгісінен кейін бірқатар ғылыми еңбектер жарық көрді. Н. С. Сауранбаев «Қазақ тілі» еңбегінде етістіктер мағынасына қарай мынадай топқа бөлінген: қозғалыс етістіктері, іс-әрекет етістіктері, сөйлеу етістіктері, қабылдау, сезіну етістіктері, қалып-күй етістіктері.

Н. К. Дмитртев еңбегінен кейін түркі тілдернің етістіктерін лексика-семантикалық топтар бойынша қарастырған еңбектер, түрлі грамматикалық категорияларды зерттеген монографиялық еңбектер мен кейбір грамматикалық очерктерде (Лебедев Л. И. Глагольные управления в киргизском языке. КДМ, 1954; Вещилова В. Ф. Глагольные движения в турецком языке. М., 1962) ғана қаралды.

Якут тілінің маманы Л. Н. Харитонов лексика-семантикалық табиғатына, грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктеріне орай, етістіктерді 3 топқа саралаған:

  1. Қалып-күй етістіктері
  2. Еліктеуіш етістіктер
  3. Бейнелі етістіктер [3; 15]

Г. К. Багиров азербайжан тіліндегі етістіктерді жоғарыдағы үлгіге сүйене отырып бөлген, ал ғалым М. Садықов өзбек тіліндегі етістіктерді үлкен 4 топқа бөлген.

Ғалым Г. К. Кулиев өз еңбегінде әзербайжан тіліндегі етістіктерді 9 топқа және түрікмен тіліндегі етістіктерді 10 топқа жіктесе, әзербайжан тілінің маманы С. А. Рзаев «Семантические разряды глаголов в современнном азербайджанском литературном языке» деген дисссертациясында етістіктерді 8 топқа бөлген. С. А. Рзаев көру және есту етістіктерін жеке-жеке топ етіп алса, Г. К. Кулиев оларды бір топ етіп көрсеткен [4; 11], [1; 5] .

Сондай-ақ ғалым Г. К. Кулиев өзінің 1975 жылғы «Семантические группы глаголов» атты еңбегінде түркі тілдерінің оңтүстік-батыс тобындағы түбір және синтаксистік етістіктерді семантикалық бөліністерге топтастыруға талпыныс жасайды.

  1. Қимыл-әрект етістігі
  2. Сезіну етістіктері (көру және есту)
  3. Сөйлеу етістіктері
  4. Ойлау етістігі
  5. Қозғалу етістігі
  6. Қалып етістіктері
  7. Бейнелеуіш етістіктері
  8. Табиғи құбылыстырды білдіретін етістіктер

Сөйтіп, автор оңтүстік-батыс тобындағы етістіктер 9 семантикалық бөлімге бөлінетіндігін айтады [5; 59] .

Орыс тіл білімінде ғалым Л. М. Васильев «Семантика русского глагола» атты еңбегінде етістіктің лексика-семантикалық топтарының классификациясын 3 принципке негіздейді:

  1. денотативный (или тематический)
  2. парадигматический
  3. синтагматический [17; 39] .

Л. М. Васильев етістікті мынадай 10 лексика- семантикалық топқа жіктейді.

Глаголы психической деятельности:

  1. Глаголы ощущения
  2. Глаголы желания
  3. Глаголы восприятия
  1. Глаголы с общим значением восприятия
  2. Глаголы зрительного восприятия
  3. Глаголы слухового восприятия
  4. Глаголы обоняния
  5. Глаголы осязания
  1. Глаголы внимания
  2. Глаголы эмоционального состояния (настроения)
  3. Глаголы эмоционального переживания
  4. Глаголы эмоционального отношения
  5. Глаголы мышления
  1. Гаголы со значением мыслительного процесса
  2. Глаголы со значением результата мыслительного акта
  3. Глаголы с ядерным значением «представлять»
  4. Глаголы с ядерным значением «полагать»
  5. Глаголы с ядерным значением «решать»
  6. Глаголы с ядерным значением «верить»
  7. Глаголы с ядерным значением «понимать»
  8. Глаголы с ядерным значением «ошибаться»
  1. Глаголы знания
  2. Глаголы памяти

Ғалым сезіну етістіктері мен ойлау етісітктерін өз ішінен тағы да топшылайды [17; 3] .

Өзге тілдердегі сияқты, қазақ тіл білімінде етістіктің лексика-семантикалық топтары жайында пікір айтқан Н. Т. Сауранбав, И. Е. Маманов, А. Қалыбаева, А. С. Аманжолов, Н. Оралбаева, Ә. Болғанбаев, М. Оразов, А. Ысқақов сынды ғалымдарды атауға болады.

Мәселен, етістіктерді мағынасына қарай бөлу мәселесі «Современный казахский язык» атты еңбекте 7 топқа сараланған [6; 239] .

Ал ғалым Б. Б. Құлмамбетова түбір етістіктерді(первообразных) 6 семантикалық топқа бөліп қарастыруды ұсынады [5; 59] .

И. Е. Маманов «Қазіргі қазақ тілі» деген еңбегінде етістіктерді мағыналық ерекшелігіне қарай 8 топқа жіктеген [9; 32-33] .

Ғалым А. Хасенова етістіктерді 6 лексика-семантикалық бөлсе, ғалым А. С. Аманжолов етістіктерді негізгі 5 лексика-семантикалық топқа топтайды [11; 97-98] .

«Қазақ тілінің грамматикасында» түбір етістіктерді 5 лексика-семантикалық топқа бөліп қарастырған [14; 127] .

Н. Оралбаева өзінің еңбегінде етістітерді 6 топқа бөліп көрсеткен [12, 85] .

Ал ғалым А. Ысқақов 11 етістіктің лексика-семантикалық тобын атап, топшылаған [13; 224] болса, ғалым Қ. Қасабек бір буынды негізгі түбір салт етістіктерін 7 мағыналық топқа бөлген [5; 61] .

Етістіктің лексика-семантикалық топтары жайлы мәселеге арналған еңбектер өте аз. Соңғы зерттеудің ішінен М. Оразовтың 1983 жылы жарық көрген «Қазақ етістіктерінің мағынасы» деген еңбегін атауға болады Бұл еңбекте автор қазақ тіліндегі етістктерді 12 топқа бөледі [15; 17] . Сонымен қоса М. Оразов 1981 жылы қорғаған «Семантика казахского глагола» атты кандидаттық диссертациясында етістіктің лексика-семантикалық топтарын 12 разрядтарға бөлген. Ал 1980 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері» деген еңбегінде М. Оразов етстіктің 11 лексика-семантикалық тобын көрсетеді [1; 18] .

Кейінгі кездерде етістікке тән кейбір лексика-семантикалық топтың өздерін жеке-жеке бөлп, сөз етіп жазылған еңбектер жарық көруде.

Мәселен, М. Оразовтың «Қазақ тіліндегі көңіл-күй дыбыс етістіктері» деген мақаласы, 1977 жылғы «Қазақ филологиясы» жинағында жарияланған ғалым А. А. Қияшеваның «Из историй изучения глаголов эмоций в русистике и тюркологии» мақаласы, З. Е. Сүлейменованың «Семантическая структура глаголов «радоваться» деген авторефераты, Т. Капесованың «Сөйлеу етістіктерінің семантика-грамматикалық ерекшеліетері», Р. Ж. Қияқованың «Де» көмекші етістігінің қолданылу аясы», Г. М. Сыбанқұлованың «Көңіл-күй етістіктерінің тюркологияда және қазақ тіл білімінде зерттелу», Д. А. Қарағойшиеваның «Қазақ тіліндегі кес(у) мағынасындағы етістіктің семнатикалық валенттілігі», Р. Д. Ашимбетованың «Глаголы физического восприятия в русской и казахской картинах мира», И. Лозенконың «Лексико-семантическое поле «мыслить» в немецком языке» деген мақалалар жарық көрген.

Шолудан байқағанымыз Ә. Тарази шығармаларында қолданылған етістіктің лексика-семантикалық топтары зерттелінбеген. Сондықтан біз осы тақырыпты жан-жақты зерттеуді көздеп отырмыз.

1. 1. 2. Тілдегі лексика -семантикалық топ құбылысы

Сөздерді белгілі бір лексика -семнатикалық топқа топтастырудан бұрын жалпы терминның өзіне бере кеткен жөн. Ф. П. Филин «Лексика -сематикалық топ деп екі не бірнеше сөздердің лексикалық мағынасына қарай бірігуін айтамыз», -деп анықтама берген [25; 525] . Осыған жақын анықтаманы басқа тілшілерден де кездестіруге болады. Демек, лексика -семантикалық топ жасалу үшін кемінде екі не одан да көп сөздерді лексикалық мағынасына қарай топтау керек. Лексика -семантикалық топ теориясын шешу үшін сөздердің лексикалық мағынасын, олардың семантикалық құрылымын анық білу керек.

Лексика -семантикалық топтың екінші жағы да бар. Қазіргі қазақ тіл біліміне байланысты жазылған еңбектерде лексика -семантикалық топ түсінігімен бірге тематикалық түсінігі де қатар қолданады. Тематикалық топ термині лексика -семантикалық топ терминіне бұрынырақ қолданылған. Дегенмен кейде бұл екі терминның ара жігі алынып, бірін екіншісімен салыстыра үйренуге мүмкіндік туса, кейде бұл екі терминді ажырату мүмкін болмай қалады. Бұл, әсіресе, есім сөздерді топтастырған кезде анық байқалады. Сонда да мұның айырмашылығы аңғаруға болады. Мысалы, «Орысша -өзбекше тематикалық сөздікте» «явление, природа» деген тематикалық топқа «природа, климат, погода» сияқты сөздермен бірге «термометр, градус, град, снег, туман, роса, свет, луч, темнота» сияқты сөздерді де енгізген [26; 23-30] . Бұл сөздерді бірнеше лексика -семантикалық топтарға бөлуге болады. Жалпы тематикалық топ лексика -семантикалық топқа қарағанда кең түсінік, тіпті лексика -семантикалық топтар осы тематикалық топтардың аясына еніп кетеді. Идеографиялық сөздік жасаушылардың тәжірибесіне ой жүгіртсек, тематикалық топқа түрлі сөз табына жататын сөздер ене береді, ал лексика -семантикалық топтарға тек бір сөз тобына енетін сөздер ғана енеді. Сөздердің белгілі бір лексика -семантикалық топқа енгізу үшін әр топтың басқа семантикалық топтардан ажырайтын белгісін, сөздерді топтастырудың критериясын жасап алу керек. Бұл үшін әр лесика -семантикалық топтың құрамына енетін жеке сөздердің өзара қарым -қатынасын анықтаудан бастау керек. Мысалы, кел, кет, өт, қаш, түс, шық, сырғы жорғала, ұш т. б. сөздер бір лексика -семантикалық топқа неліктен енеді? «Кел» сөзімен «сырғы» сөзінің арасында мағыналық байланыс бар ма? «Кел» етістігі қимылдың айтушыға не басқа бір нүктеге бағытталғандығын білдірсе, «сырғы» сөзі бағытсыз қозғалысты білдірмейді ме? Жоғарыда мысал ретінде келтірілген сөздердің барлығы да қозғалысқа түскен заттың бір орнынан екінші орынға өткендігін білдіретін мағыналық реңкке ие. Сондықтан да олар қозғалу етістіктерінің қатарына қосамыз. Әр сөзді екінші бір сөзден ажырататын мағыналық реңк барлығын да шығармауы керек. Салыстырсақ «шық» етістігі қимылдың төменнен жоғарыға қарай бағытталғандығын, «қаш» етістігі қимылдың бір нүктеден басталғандығын, одан ұзақтағандығын және тез, жылдам қарқынмен өтетіндігін білдіретіндігі белгілі. Екінші мәселе әр лексика -семантикалық топтың екінші бір семантикалық топтарымен арақатынасын ашу. Мысалы, қозғалу етістігі мен көру етістігінің арасында қандай байланыс бар? «Көру» етістіктері сезіну етістіктерінің құрамына енеді ( киноны көр) . Ал «мына мақаланы көріп шық» дейтін болсақ. «Көр» етістігі сезіну етістіктерінің мағынасында қолданылмай амал -әрекет етістігінің мағынасында қолданып тұр. Бұл сияқты етістіктердің бір лексика -семантикалық топтың аясынан шығып, екінші бір лексика -семантикалық топтың құрамында жүретінін жиі кездестіруге болады.

Ю. Н. Караулов орыс тіліндегі лексика -семантикалық топтарға тоқталып, бұл мәселенің дұрыс шешілуі үшін мына екі мәселенің басын дұрыс ашып алу керек дейді. Біріншісі, сөздердің жеке өз алдына дербестігі, басқа сөздерден бөлініп тұратындығы тән алынады ма; екіншісі, контекстің қызметінде қандай роль беріледі [27; 5] . Бұл екі мәселенің екеуі де лексикологияның өзекті мәселелері. Кеңес тіл мамандары бұл мәселені түрліше шешіп жүр. Мысалы, кеңес мамандарының көбі сөздің дербестігін мойындайды. Дегенмен кейбір ғалымдарымыз сөздердің дербестігін жоққа шығарады. Мысалы, М. Д. Шмелев «үлкен, жақсы» сияқты сөздердің мағынасы тек «кіші» және «жаман» сөздері болғандықтан ғана өмір сүреді дейді [28; 134] .

Идеалистік методологияны өз еңбегіне арқау еткен тіл біліміндегі өріс(поле) теориясының негізін қалаған И. Трир «жеке сөздер түсінікті болу үшін олар бір бүтін болып сөз таңбалардың өрісінде болуы керек және сөз сол сөздік өріс құрамында, сонымен бірге ғана түсінікті болады. Бір бүтін өрістен тыс сөз мағына білдірмейді», - деп жазған болатын [25; 6] . Нақ осындай пікір Прага тіл үйірмесінің тезистерінде де бар. Негізінде бұл пікірдің өмірге келуінде Ф. де Соссюрдың қызметі бар. Ол 1933 жылы жарық көрген «Курс общей лингвистики»деген еңбегінде: «…тілдік системаның мүшелеріне тек кез келген дыбысталу мен ұғымның жай бірлігі деп қарау үлкен жаңылысушылық болып табылады. Жүйе мүшелерін бұлай анықтау - оны өзі мүше болған жүйеден ажырату болады, бұл қате пікірге алып келеді» [1; 10] . Не «Тіл системасы болғандықтан олардың элементтері бір бүтін болады, ал жеке элементтердің мағынасы (значимость-О. М. ) оның басқа элементтерімен байланыста болады», - деген болатын [1; 10] . Бұл пікірді қазіргі структуралды тіл білімінің өкілдері белсене қолдап жүр.

Бір лексика-семнатикалық топ құрамындағы бірнеше сөздер мағына жағынан бірі екіншісімен ұштасып, бірін екіншісі толықтырып жататындығы анық. Айталық, сөйледі айтты, міңгірледі, сыбырлады, жеткізді, аузынан ақ ит кіріп көк ит шықты, оттау дегендердің барлығына ортақ мағына бір пікірді екінші біреуге жеткізу, баяндау. Бірақ бұл «айт» етістігі болғандығы үшін ғана «міңгірледі» етістігі мағынаға ие болып тұр деген, керіснше «міңгірлеу» етістігі болғандығы үшін «айт» етістігі мағынаға ие болып тұр деген қорытынды шығаруға құқық бермейді. Шындығында адам сөйлеу процесін түрлі жағдайда, түрлі дауыста орындайды. Сондықтан да жазушы не айтушы сол жағдайларды нақтылы етіп беру үшін, кейде субьектив көзқарасын, эмоциясын білдіру үшін сөздерді талғап қолданады. «Сөйле» етістігінің лексикалық мағына құрамында ешқандай эмоциялық мән беретін мағыналық реңк жоқ. Ал «міңгірлеу» дегенде, біріншіден, сөйлеуші адамды жақтырмау эмоциясы бар; екіншіден, сөйлеу процесінің анық болмағандығын білдіреді. Егер бұлар болмаса, біз көрсеткендей мағыналық айырмашылық болмас еді. Немесе сөздер аралығындағы оппозициялық қатынастың барлығы шарт дейтін болсақ, лексика-семантикалық топ құрамындағы сөздердің дербестігін мойындауымыз шарт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкім Тарази прозасының поэтикасы
Төрт деп қой
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы
Әкім Тарази повестеріндегі кейіпкерлердің адамгершілік әлемі
1950-1960 жылдардағы қазақ прозасындағы кейіпкер сомдау дәстүрі
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры
Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
Ғабит Мүсірепов
Т. Әбдіковтің прозасын жанрлық, тақырыптық тұрғыдан кең көлемде қарастыру, қазақ прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz