Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың лингвистикалық негізі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
І. ЕТІСТІКТІҢ АУЫСПАЛЫ ШАҒЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
- Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың лингвистикалық негізі 6
- Қазақ тілін оқыту методикасы ғылымында етістіктің ауыспалы шығын оқытудың зерттелуі 10
ІІ. ЕТІСТІКТІҢ АУЫСПАЛЫ ШАҒЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2. 1 Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың ұстанымдары 12
2. 2 Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың методтары 14
ҚОРЫТЫНДЫ 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету - негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі - морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала - морфология. Морфологияның ең өзекті, ең басты мәселесі - етістік, етістіктің шақтары, оның ішінде етістіктің ауыспалы шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің ауыспалы шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық, сонымен қатар мектептерде ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы өткен шақ формаларын оқытудың жолдарын көрсету, аталған тақырыптарға пысықтау жаттығуларын жүргізе отырып, оқушылар өз бетінше жұмыс істеуіне, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасау. Түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырма-лар арқылы ақпараттық құзіреттілігін арттыра отырып, жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту.
Зерттеу пәні: Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы, морфология саласының ең өзекті мәселесі - шақ категориясы, оның ішінде ауыспалы шақ категориясы. Осы етістіктің ауыспалы шағын оқытуда оқушы шығармашылығын қалыптастыру жолдары.
Зерттеу нысаны: етістіктің ауыспалы шағының қалыптасуын, дамуын теориялық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу әдістері: Қазақ тіл біліміндегі етістіктің ауыспалы шағының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы, мағыналық ерекшеліктерін анықтау. Етістіктің ауыспалы шағын оқыту арқылы оқушы шығармашылығын қалыптастыру жолдарын көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болуын, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, мағыналық ерекшеліктерін ашу, шақ категориясының бүгінгі жай-күйін зерделеу - қазақ тіл біліміндегі морфология саласының өзекті мәселесінің дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Етістіктің ауыспалы шағын оқытуды, етістіктің ауыспалы шағын оқыту арқылы оқушы шығармашылығын қалыптастыру жолдарын болашық филогог маман меңгерсе, оны өмірде қажеттілігіне жаратса, білім беру жүйесінде өзгерістер болады.
Зерттеудің міндеттері: Қазақ тіл біліміндегі етістіктің ауыспалы шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің ауыспалы шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау.
- Етістіктің өткен шақ категориясының өзіндік топтарға бөлу барысында болған бағыттарды, олардың идеясын анықтау.
- Шақ категориясының етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория екенін анықтау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: етістіктің ауыспалы шағын оқыту жайындағы ғылыми кітаптар, мақалалар, баспасөз материалдары, ғылыми зерттеулер.
Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, әр тарау бірнеше тақырыптардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
« Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың лингвистикалық негізі»
атты тармақта етістіктің ауыспалы (ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы өткен шақ) шақтарының жасалу жолдары жайлы мәлімет берілді.
« Қазақ тілін оқыту методикасы ғылымында етістіктің ауыспалы
шағын оқытудың зерттелуі» атты тармақта етістік саласын, оның ішінде етістіктің шақтарын оқытуды кімдер зерттеді? Етістіктің ауыспалы шағын қалай оқыту керек? деген мәселелер төңірегінде сөз қозғалды.
« Етістіктің ауыспалы шығын оқытудың ұстанымдары» атты тармақта етістіктің шақтарын оқытудың ұстамымдары жайлы ақпарат беріледі.
«Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың методикалары» атты
тармақта Д. Әлімжанов., Ы. Маманов, Б. Кәтенбаева., М. Нұрғалиева, Б. Құлмағанбетовалардың еңбектерінде етістіктің шақтарын оқытудың қандай жолдармен берілген? Етістіктің ауыспалы шақтарын оқытуға қандай әдіс-тәсіл қолайлы? Етістіктің ауыспалы шақтарын оқытуда қандай көрнекі және техникалық құралдарды пайдалануға болады? деген сұрақтарға жауап іздеп, оны нақты фактілермен дәлелдеп көрсеттік.
Қорытынды бөлімде болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
І. ЕТІСТІКТІҢ АУЫСПАЛЫ ШАҒЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ
НЕГІЗІ
- Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың лингвистикалық негізі
Етістіктің қимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Шақ, кез, сәт, уақыт, мерзім сөздері -мезгілдің синонимдері.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Сен кітапханаға қашан баратын едің? Бірінші сөйлемде бару қимылының болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірақ болуға тиісті екенін аңғарамыз.
Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.
Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі:
көретінмін, қарайтынмын, баратын едім
көретінсің, қарайтынсың, баратын едің
көретінсіз, қарайтынсыз баратын едіңіз
көретін, қарайтын, баратын еді
көретінбіз, қарайтынбыз, баратын едік
көретінсіңдер, қарайтынсыңдар, баратын едіңдер
көретінсіздер, қарайтынсыздар баратын едіңіздер
көретін, қарайтын, баратын еді
Ескерту: Есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін түрінде тіркесіп, жіктеліп қолданылған еді көмекші етістігінен жасалған етістіктің күрделі түрі бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ мәнінде жұмсала береді. Оның шақтық мағынасы көбінесе ол етістікпен тіркескен басқа сөзден айқындалып тұрады. Мысалы: Ол ауылға жиі баратын еді. Ол ауылға бүгін (ертең) баратын еді. Бірінші сөйлемде жиі деген сөздің арқасында бару қимылының болып кеткендігін байқаймыз (ауыспалы өткен шақ) . Екінші сөйлемде бүгін (ертең) сөздері арқылы бару қимылының әлі болмағандығын аңғарамыз (ауыспалы келер шақ) [1, 329] .
Ауыспалы өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істелмекші болған,
жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Ауыспалы өткен шақ формалары төмендегі көрсеткіштер арқылы жасалады:
-мақ еді (-мек еді, -бақ еді, -пақ еді, -пек еді) фортамы (алмақ еді, бермек еді, жаөбаөқ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді) .
Әр шақтың сыр-сипатын алдын ала қарағанда, шаққа қатысы бар етістік формаларының жалаң түрі де, күрделі түрлері де түгел қамтылып, олардың жалпы сипаттары қадағалануға тиіс. Шақ категориясын жасауға қатысатын формалардың ішінен әсіресе етістік негіздері, есімше, рай категориялары жайында айтылған қағидалар есте болғаны жөн [1, 331] .
Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Сен кітапханаға қашан баратын едің? Бірінші сөйлемде бару қимылдың болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірақ болуға тиісті екенін аңғарамыз.
Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.
Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі
І
ІІ
ІІІ
көретемін, қарайтынмын, баратын едім
көретенсің, қарайтынсың,
баратын едің
көретенсіз, қарайтынсыз,
баратын едіңіз
көретін, қарайтын, баратын еді
көретебіз, қарайтынбыз, баратын едік
көретенсіңдер, қарайтынсыңдар, баратын едіңдер
көретенсіздер, қарайтынсыздар, баратын едіңіздер
көретін, қарайтын, баратын еді
Ескерту: Есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін түрінде тіркесіп, жіктеліп қолданылған еді көмекші етістігінен жасалған етістіктің күрделі түрі бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ мәнінде жұмсала береді. Оның шақтық мағынасы көбіне ол етістікпен тіркескен басқа сөзден айқындалып тұрады. Мысалы: Ол ауылға жиі баратын еді. Ол ауылға бүгін (ертең) баратын еді. Бірінші сөйлемдегі жиі деген сөздің арқасында бару қимылының болып кеткендігін байқаймыз (ауыспалы өткен шақ) . Екінші сөйлемде бүгін (ертең) сөздері арқылы бару қимылының әлі болмағандығын аңғарамыз (ауыспалы келер шақ) [2, 93-94] .
Ауыспалы осы шақ. Осы шақтың бұл түрі аналитикалық формат арқылы жасалады. Оның біріншісі - көсемшенің келер шақ (-ғалы, -гелі, -ғалы,
-келі) формасындағы етістікке (барғалы, келгелі, айтқалы, жүргелі) жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік жалғау тікелей жалғанып жасалады. (Мысалы: барғалы отырмын, жүргелі отырмысың? Аттанғалы жатырмыз; келгелі тұрмыз; оқуға түскелі жүрсіңдер ме?) ; екіншісі -йын деп (-йін деп) форматы жалғанған етістікке сол төрт (жатыр, жүр, тұр, отыр) етістіктің бірі тіркеседі де, оған жіктік жалғау тікелей қосылау арқылы жасалынады (мысалы: алыс аймақтардағы туыс-туғаныма барайын деп отырмын; Алматыға іссапарға жүрейіндеп тұрмын; асығыс жиналып жөнелейіндеп жатырсың ба? Институтқа түсейін деп жүрмін) .
Бұл амал келешекте істелмекші болған амал туралы ойды сөйлеп тұрған кезде (осы шақта) жүзеге асырылатындай етіп көрсетеді. Бірақ бұл форма да, қажеттігіне қарай, есімше, көсемше, рай, шақ қосымшаларын қабылдап, осы шақтан басқа да қызмет атқарады (келіп қалайық деп отыр едік; жүріп кеткелі отырғанда, олар келе қалды; сәті түсейін деп тұрған іс екен; жұмысты бітіріп тастайын деп отырып қалыпын т. б. ) [3, 331-332] .
Ғалым С. М. Исаев ауыспалы шаққа төмендегідей анықтама береді: «Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді». Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жектелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен кел-е-мін, Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.
Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі:
І.
ІІ.
ІІІ.
айтамын, келемін, сөйлеймін
айтасың, келесің, сөйлейсің
айтады, келеді, сөйлейді
айтамыз, келеміз, сөйлейміз
айтасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер
айтамын, келемін, сөйлеймін
Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемше түрінің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, енді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да шықтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады [4, 88] .
Ауыспалы келер шақ. А уыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде түнделетіп… деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы осы шақ мағынасын білдіріп тұр. Ол ертең тұрады. Ауылға мен кешке келемін деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы келер шақ мағынасын беріп тұр.
Ауыспалы келер шақтық ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнін білдіретін басқа сөзден де байқалып отырады. Жоғарыдағы мысалдағы ертең және кешке сөздері осындай мән беріп, қызмет атқарып тұр.
Мына мысалдарды салыстырып көрейік [5, 332] .
Осы шақ келер шақ
Ол мектепте оқиды. Ол сабағын кешке оқиды.
Бұл жерде ағаш өседі. Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі.
Мен ылғи ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын.
Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады.
Ескерту: Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта I жақ жіктік жалғауы (-мын, -мін) кейде ықшамдалып, -м түрінде жалғанады: айт-а-мын - айт-а-м, кел-е-мін - кел-е-м, сөйле-й-м.
Бірінші жақтың мұндай ықшамдалып қолданылуы көбіне ауызекі сөйлеу тіліне тән.
♦ Ауыспалы осы шақтың жіктелуі.
Мен жаз + а + мын. Біз жаз + а +мыз
Сен жаз + а +сың Сендер жаз + а +сың+дар
Сіз жаз + а +сыз Сіздер жаз + а +сыз+дар
Ол жаз + а + ды Олар жаз + а + ды
♦ Ауыспалы келер шақтың жіктелуі:
Мен ертең кел + е + мін Біз ертең кел + е + міз
Сен ертең кел + е + сің Сендер ертең кел + е + сің + дер
Сіз ертең кел + е + сіз Сіздер ертең кел + е + сіз + дер
Ол ертең кел + е + ді Олар ертең кел + е + ді
Барамын
Ертең барамын
Баратын едім
Ауыспалы осы шақ
Ауыспалы келер шақ
Ауыспалы өткен шақ
Барамыз Ауыспалы осы шақ
Айтып отырмын Ауыспалы келер шақ
Бармаспын Ауыспалы өткен шақ
Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы, Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде түнделетіп . . . деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы осы шақ мағынасын білдіріп тұр. Ол ертең тұрады. Ауылға мен кешке келемін деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы келер шақ мағынасын беріп тұр [5, 115] .
Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнін білдіретін басқа сөзден де байқалып отырады. Жоғарыдағы мысалдағы ертең және кешке сөздері осындай мән беріп, қызмет атқарыптұр.
Мына мысалдарды салыстырып көріңдер.
Осы шақ
Ол мектепте оқиды.
Бұл жерде ағаш өседі.
Мен ылғи ерте тұрамын.
Ол өлең жазады.
Келер шақ
Ол сабағын кешке оқиды.
Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі.
Мен ертең ерте тұрамын.
Өлеңді ол есейгенде жазады.
Ауыспалы келер шақтың (-а, -е, -й тұлғалы) жіктелуі өзгеше, -ды, -ді жіктік жалғауы бар. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы етістік тікелей жіктелмейді, ал есімше тұлғалы келер шақ былай жіктеледі [5, 118] :
І
ІІ
ІІІ
барамын, сөйлеймін, жүрермін, келетінмін, айтпақпын
барасың, сөйлейсің, жүрерсің, келетінсің, айтпақсың
барасыз, сөйлейсіз, жүрерсіз, келетінсіз, айтпақсыз
барады, сөйлейді, жүрер, келетін, айтпақ
барамыз, сөйлейміз, жүрерміз, келетінміз, айтпақпыз
барасыңдар, сөйлейсіңдер, жүрерсіңдер, келетінсіңдер, айтпақсыңдар
барасыздар, сөйлейсіздер, жүрерсіздер, келетінсіздер, айтпақсыздар
барады, сөйлейді, жүрер, келетін, айтпақ
Ескерту: ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ І жақ жіктік жалғауы
(-мын, -мін) кейде ышамдалып, -м түрінде жалғанады: айт-а-мын - айт-а-м, кел-е-мін - кел-е-м, сөйле-й-мін - сөйле-й-м. Бірінші жақтың мұндай ықшамдалып қолданылуы көбіне ауызекі сөйлеу тіліне тән [5, 119] .
- Қазақ тілін оқыту методикасы ғылымында етістіктің ауыспалы шағын оқытудың зерттелуі
Елімізде қазақ тілін оқыту жұмысы, оның әдістемесін жасау тарихы
жиырмасыншы жылдардан басталады. Бұл кезде жұртшылыққа бастауыш білім беру мақсаты көзделді. Соған орай оқу бағдарламасын жасау, оқулық құрастыру істері қолға алынды.
Қазақ тілі пәні мен оны оқыту әдістемесінің негізін қалағандардың бірі - А. Байтұрсынов. Ол алғаш мұғалім болған күннен-ақ ұлтжандылық мәселесіне көңіл бөліп, қазақ балаларын таза ана тілінде оқытып, жедел сауаттандыруды нысана тұтты. Бұл үлкен жұмысты ол, ең алдымен, «Ахаң жазуы» атанып кеткен Әліп-би түзу ісінен бастап, соған лайық «Оқу құралы» (әліппе) оқулығын жасады. Ол еңбек 1912 жылдан 1929 жылға дейін қолданылып, жеті рет баспадан шығарылды. Сонымен қатар А. Байтұрсынов «Баяншы», «Әліп-би астары» атты әдістемелік кітаптар жазып шығарды. «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілі әдістемесі мәселесі бойынша біраз мақалалар жариялады [6, 55] .
Қазақстандық Халық Ағарту Комиссариаты бағдарламалар жасау,
әдістемелік құралдар жазу мәселелерін 1922 жылғы 22 маусымда қолға алды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жақсарту жөнінде Қазақстан Орталық Комитетінің 1957 жылы 22 мамырда «Республика мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетті оқытуды жақсарту туралы» қаулысы жарияланды. Осы қаулы негізінде Қазақстан Оқу министрлігі 1957 жылы 28 маусымда «Қазақ тілі мен әдебиетті оқытуды жақсарту туралы» бұйрықты қабылдап, нақты шаралар белгіледі. Осы қаулыға орай Алматы қаласында 1957 жылы тамыз айында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің республикалық кеңесі шақырылды.
1960-1970 жылдар арасында қазақ тілін оқыту мәселесі жаңа кезеңдерге аяқ басты.
1967 жылғы «Жалпы білім беретін мектептің жұмысын онан әрі жақсарту шаралары туралы» қаулысына орай қазақ тілін оқытудың мазмұны мен оқыту принциптерін жетілдіру мақсаты көзделді. Яғни, қазақ тілі пәнінің ғылыми-техникалық дәрежесін көтеру, оқушыларға кең көлемді білім беру жолдарын қарастыру, оқу-тәрбие үдерісін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді.
Мектепті өмір талабына сай қайта құру, оқытудың жаңа мазмұнына көшу қазақ тілін оқытудың мынадай негізгі мәселелерін шешуге тиіс болды: мектепте оқытылатын қазақ тілі пәні мен тіл ғылымы арасындағы алшақтықты болдырмауды ескере келіп, мына мәселелерді іске асыру қажет болды: грамматика және лексика бөлімдеріне байланысты қазақ тілі пәнін ғылыми-теориялық жақтан жетілдіру керектігі атап айтылды. Мысалы, кейбір ереже, анықтамалар, тілдік категорияны топтау, қайтадан қарастыру, жинақтау. Сондай-ақ оқушылар түсінігіне ауыр келетін кейбір ескірген материалдарды алып тастау т. б. Міне, оқыту мазмұнына осындай жаңалықтар енгізілді.
Әдіскер-ғалымдар қазақ тілінің салаларын оқытуды жан-жақты зерттеп, қазақ тілін оқытуды жақсарту мәселелері біртіндеп шешімін таба бастады. Осы бағытта 1957 жылы Б. Құлмағанбетованың «Қазақ тіліндегі етістік категориясын оқыту» атты еңбегі, 1961 жылы Ж. Байжұмановтың «Етістікті оқыту мәселелері» атты мақалалар жинағы, С. Қазыбаыұлының «Есімшені оқыту жөнінде» тақырыбымен мақалалар жинағы, 1997 жылы С. Қазыбайұлының «Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері» атты жарық көрді [7, 33] .
Зерттеу еңбектерде көрсетілгендей, етістіктің шақтары, оның ішінде етістіктің ауыспалы шақтары 7-сыныпта оқыту қарастырылды.
Етістіктің ауыспалы шағын оқыту барысында, ең алдымен, оқушылардың бұрын меңгерген біліміне негізделіп оқыту жүйесі қатаң ескеріледі. Оқушының біліміне, дербес белсенділігіне сүйеніп, жаңа тақырыптың ұқсас ұғымы ашылады. Одан әрі зерттеліп отырған материалдың өзіндік мәні, ерекшелігі кеңейтіле әрі оқушы мағлұматы толықтырыла түседі.
ІІ ЕТІСТІКТІҢ АУЫСПАЛЫ ШАҒЫН ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2. 1 Етістіктің ауыспалы шығын оқытудың ұстанымдары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz