ОБСЕ ұйымының 1975-2010 дамуы және қызметі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. ОБСЕ ұйымының құрылу тарихы және эволюциясы . . . 5
1. 1 ОБСЕ ұйымы құрлымдық жүйесі . . . 5
1. 2 ОБСЕ ұйымының бітімгершілік миссиялары . . . 10
2. ОБСЕ ұйымының 1975-2010 жж дамуы және қызметі . . . 18
2. 1 ОБСЕ 1975- 2010 жылдардағы эволюциясы . . . 18
2. 2 Қазақстанның ОБСЕ төрағалығына сайлануы . . . 23
Қорытынды . . . 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 45
Қосымшалар . . . 48
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) тарихында тұңғыш рет посткеңестік республика, яғни, Қазақстан Респуб-ликасы 2010 жылы төрағалық етуге дайындалуда. Мұндай шешім 2007 жылдың 30 қарашасында Испанияның астанасы Мадрид қаласында ЕҚЫҰ-ның Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысында қабылданған еді. Қазақстан кандидатурасын Ұйымға мүше 56 елдің өкілдері бірауыздан қолдап, сенім білдірді. Халықаралық қауымдастықтың мемлекетіміздің төрағалық етуіне қолдау көрсетіп, шешім қабылдаула-ры Қазақстанның демократияпық қоғам құрудағы және либералды нарықтық экономика қалыптастырудағы жеткен нақты жетістіктерінің нәтижесін мойындаулары болды. Сонымен қатар, Қазақстанның ЕҚЫҰ ға төрағалық етуіне Елбасы Н. Э. Назарбаевтың белсенді халықаралық, реформаторлық және бітімгерлік қызметі арқылы жинақталған беделі мен оған деген халықаралық қауымдастықтың үлкен сенімі әсер еткені және Қазақстан кандидатурасын қарастыруда оның аса бағалы активі болтаны белгілі. [1]
Өткен адамзат тарихында ең қантөгісті, сұрапыл соғыстар мен ұлтаралық, мемлекетаралық жанжалдарға толы болған, екі бірдей жаһандық соғыс өртінен кейін бұдан былай халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің әмбебап құралын жасау қажеттілігі туындады. 1945 жылы дүниеге келген БҰҰ - мы барлық әлемдік істерге жауапты боғандықтан әсіресе екі қоғамдық - экономикалық, өркениеттік жүйеге бөлінген Европада қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді механизмі бола алмауы түсінікті де.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Европада ерекше халықаралық жағдай қалыптасты соғыстың аяқталар тұсында шақырылған Ялта және Потсдам конференцияларының шешімдеріне сәйкес жаңа шекаралар мен саяси- экономикалық ықпалдардың аудандардың кеңістіктері анықталынды. [2] . Алайда өткен ғасырдың 70 - ші жылдарына дейін екі жүйе елдері арасындағы шиеленісті мәселелерді реттеудің механизмі табылмады. Оған дейін ондаған халықаралық саяси дағдарыстарды басынан кешіруге тиісті болды оның ең ірлері 1956 жылғы Венгрия мен 1968 жылғы Чехословакия, 1961 жылғы Батыс Берлин және әйгілі Кариб дағдарысы. Әлем бірнеше рет термоядролық соғыс табалдырығында тұрды. Әзірге жарты ғасырға жетер - жетпес ғана тарихы бар халықаралық ұйымның тарихы толыққанды түрде тарих ғылымының зерттеу нысанасына айнала қойған жоқ, дегенмен ЕҚЫҰ - ның тныс - тіршілігі мен әрбір әрекеті журналистердің, қоғамтанушы - саясаттанушылардың назарынан тыс қалып көрген емес. Осы ұйымға тұңғыш рет бұрын өзі басқа елдің шылауында болып келген, ядролық соғыс құралдарынан аса зор жапа шеккен елдің төрағалыққа сайлануы бұл ұйымның шығу мен қалыптасуына деген Қазақстан жұртшылығының қызығушылығын тудырған себепті де аса маңызды, өзекті тақырып болып табылады.
Қазақстан халықаралық аренаға жаңа ғана жеке халықаралық қатынастар субъектісі ретінде шыға бастаған кезде еліміздің Президенті Н. Назарбаев былай деген болатын : «Ол кезде (екінші дүниежүзілік соғыстан кейін) мемлекеттер әлемдік қатынастардың приципальды түрде жаңа негіздерін қалауға тиісті ұйымдар БҰҰ және ЕҚҚҰ (ЕҚЫҰ) жаңа қалыптасып келе жаттты. Алайда бұл ұйымдардың бейбітшілікті қамтамасыз етудегі қызметін толық іске асыруға идеологиялық теке - тірестер кедергі болған еді енді бұл істі жүзеге асырыға қалыптасқан мемлекеттер мен қатар жас мемлекеттер де ат салыса алады» [3] Бүгінгі күнде сол заманда айтылған сөздің іске асып Қазақстан сияқты дамушы елдің реальды түрде жаңа әлемді қалыптастыруға ат салысып жатқанының куәсі болып отырмыз.
Зерттеудің нысанасы ЕҚЫҰ ның шығуы мен дамуы оның халықаралық қатынастардағы орны мен ролі, Қазақстанның осы ұйымға төраға болуы мәселесі.
Ғылыми жаңалығы. Халықаралық ұйымның бүгінгі күнге дейінгі қызметін талдауға әрекет жасау.
Зерттеу мақсаттары :
- ХХ ғасырдың 70 - ші жж. қарай қалыптасқан халықаралық жағдай, және оның ЕҚҚҰ (ЕҚЫҰ) құрылуына әсері.
- (ЕҚЫҰ) - ның ұйымдық және құрлымдық жүйесінің қалыптасу.
- (ЕҚЫҰ) - ның ХХ ғ 90 - шы жж. трансформациясы.
- ЕҚЫҰ - ның халықаралық бітімгершілік миссиясы.
- Қазақстанның ЕЫҚҰ - ын жаңғыртудағы бастамалары.
Зерттелу деңгейі. Осы тақырып қа байланысты әртүрлі бағыттағы ғылыми мақақалалар мен жекелеген зерттеулер бар. Оардың көпшіліг бөлегі орыс және шет тілдерінде. Зерттеулердің басым бөлегі ұйымның құрылыуы тарихына арналып, кейінгі әсіресе 90 жылдардан кеінгі қызметі жете зерттелінбеген тақырып болып табылады. Оның басты себебі ұйым тарихы әзірге тарих тұрғыснан емес тарихи үрдіс тұрғыснан қарастырылады.
Деректемелік негіздері. Диплом жұмысн жазу барысында негізгі деректемелік материалдар ретінде көбінесе күнделікті баспасөз материалдары пайдаланылды олар: «Егемен Қазақстан», «Саясат - Политика», «Ақиқат», «Отан тарихы», « Евразийская сообщество», «Аналитик», Н. Назарбаевтың, Қ. Тоқаевтың, т. б. еңбектері пайдаланылды, сондай - ақ интернет ресурстарынан ресми - қөұжаттық материалдар алынды.
Зерттеудің хронологиялық ауқымы. ХХ ғ. 70 - ші жылдарынан бастап бүгінге дейінгі яғни 2010 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Диплом жұмысының қолданбалық маңызы. Диплом жұмысы нәтижелерін мкетепте және ЖОО - да халықаралық қатынастар немесе халықаралық ұймдарға байланысты тақыраптарды өткенде қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
1 ОБСЕ ұйымының құрылу тарихы және эволюциясы
11 ОБСЕ ұйымы құрлымдық жүйесі
ОБСЕ (ЕҚЫҰ) ұйымының халықаралық қатынастар жүйесінде пайда болуы өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы халықаралық қатынас тар реальды шындығынан шықты сол кезеңдегі қос полюсті әлемдегі теке -тірестік кез келген уақытта жаңа масштабтағы соғыс өртін тұтатып жіберуі мүмкін еді, екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде Европаның жаңа шекаралары анықталды кейбір шекаралық даулар консервацияланған күйінде қала берді. ХХ ғасырдағы екі бірдей дүниежүзілік соғыс осы Европалық дүниеде тұтанған еді 1970 жылдардың басында Шығыс пен Батыс арасындағы үнқатысуды жолға қою үшін көпжақты форум - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) шақырылған болатын. 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісі ЕҚЫК-ға қатысушы мемлекеттердің өз азаматтарына қатысты, сондай-ақ өз араларындағы қатынастардың негізгі қағидаттарын бекітті. Сол кездегі АҚШ Президеті Джеральд Форд пен КСРО - ның Бас хатшысы Л. Брежнев және Европаның жетекші мемлекеттерінің басшылары осы бір тарихи құжатқа қол қойды. [4]
1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер тұжырымдалатын кездесулер мен конференциялар түрінде жұмыс істеді, мерзім-мерзім олардың орындалуы туралы ақпарат тыңдалып отырды. Форум қызметіндегі бетбұрыс жасалған сәт - 1990 жылғы жоғары деңгейде өткен Париж кездесуі болды. Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясында Еуропадағы тарихи өзгерістер үдерісін басқаруға үлес қосу және «қырғи-қабақ соғыс» біткен соң туындаған жаңа сын-талаптарға жауап беру міндеті қойылды.
Осы міндеттерді шешу үшін бірнеше мекемелер мен институттар құрылды, кездесулерді тұрақты негізде өткізу жолға қойылып, Кеңестің жұмысына жүйелі сипат берілді. 1990 жылғы қарашада ЕҚЫК үдерісі шеңберіндегі келіссөздерде қарулануға бақылау саласындағы маңызды келісім - Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт (ЕӘҚКШ) әзірленді. 1994 жылғы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуінде ЕҚЫК-ні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) деп қайта атау туралы шешім қабылданды.
Бұл Ұйым жұмысына жаңа саяси серпін берді және бір мезгілде оның институционалдық даму жолының көрінісіне айналды. 1996 жылғы жоғары деңгейдегі Лиссабондағы кездесуінде «XXI ғасырдың Еуропасы үшін жалпы және бәрін қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы декларация қабылданды, «Қару-жараққа бақылаудың негіздері» және «Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тәртібін дамыту» бекітілді. Дәл сол кезде ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік пен тұрақтылықты барлық өлшемдерде нығайту ісіндегі шешуші рөлі туралы тезис одан әрі дамытыла бастады.
Бұл кездесудің қорытындысы 1999 жылы Стамбұлда Ұйымның жедел мүмкіндіктерін жетілдіруді көздейтін Еуропалық қауіпсіздік хартиясын қабылдауға себепші болды.
Осы кезде ЕҚЫҰ-ға қатысушы 30 мемлекет Стамбұл декларациясын қабылдады және Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы бейімделген шартқа қол қойды. ОБСЕ - ұйымы жалпыевропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұйымы болып табылады. Ол әуелі 33 европалық мемлекеттер мен АҚШ пен Канаданы біріктірді және ол БҰҰ жарғысының 8 - ші тарауына сәйкес құрылды. Постқақтығыстық кезең екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі ұйымның функциональдық қызметінің басты мақсаты түрлі жанжалдардың алдын алу және күні бұрын реттеумен айналысуға тиісті болды. Ұйым ауқымды мәселелермен айналысады, оның құзырында : қарулануды бақылау, шұғыл дипломатиялық іс - шаралар, адам құқтарының сақталуын, сайлаулардың әділ өтуін, экономикалық және экологиялық мәселелерді бақылау болып саналады.
Қауіпсіздік мәселесін ОБСЕ ( ЕҚЫҰ) - мы кешенді ұғым ретінде, яғни үш « өлшемде» - әскери -саяси, экономикалық және адам тұрғысынан қарастырады Жоғары деңгейдегі кездесулер - ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекет және үкімет Басшылары ЕҚЫҰ өңіріндегі жағдайға бағалау жүргізеді және қызметтің жаңа негізгі бағыттарын әзірлейді. Соңғы кездесу 1999 жылы Стамбұлда өтті.
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) - аса маңызды мәселелерді қарайтын және тиісті шешімдерді қабылдайтын орталық директивалық және басшылық етуші орган болып табылады. СІМК кездесулері жылына кемінде бір рет әрбір Төрағаның өкілеттік мерзімінің аяқталуына таяу өткізіледі.
Тұрақты Кеңес (ТК) - ЕҚЫҰ-ның күнделікті жедел қызметі үшін жауап береді. Оның жұмысына Іс жүргізуші төрағаның өкілі басшылық етеді. ТК мүшелері, қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдері апта сайын (бейсенбі күндері) Венадағы Хофбург сарайында жиналады. Тұрақты Кеңес ЕҚЫҰ-ға қатысты барлық мәселелер бойынша консультациялар өткізеді және шешімдер қабылдайды. Арнайы жағдайлар бойынша да шақырыла алады.
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы (ҚЫФ) - ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер делегацияларының тұрақты өкілдерінен құрылған және Венадағы ЕҚЫҰ штаб-пәтерінде апта сайын ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың нақты шаралары бойынша келіссөздер мен консультацияларға арналған отырыстар өткізеді. Сондай-ақ Форум міндетіне қару-жараққа бақылау жасау, қарусыздану мен сенім шаралары, жанжалдың туындау қаупін азайту жөніндегі келіссөздерді; қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрақты консультацияларды; сенім және қауіпсіздік шараларын орындауды бағалау жөніндегі жылсайынғы отырыстарды; әскери доктриналар бойынша семинарларды ұйымдастыру кіреді.
Парламенттік Ассамблея (ПА) - 1991 жылы құрылған. Хатшылық Копенгагенде орналасқан. ЕҚЫҰ ПА-ның 2007 жылғы шілдеде Астанада өткен сессиясында Португалия өкілі Ж. Соареш бір жыл мерзімге Президент болып сайланды. Іс жүргізуші төраға (ІТ) - жедел қызметке жалпы басшылықты жүзеге асырады, ол ЕҚЫҰ-да төрағалық етуші мемлекеттің сыртқы істер миинистрі. 2009 жылы ЕҚЫҰ-ның Іс жүргізуші төрағасы Грекия сыртқы істер министрі Дора Бакоянни болып табылады. Төраға бір жылға тағайындалады және өз қызметінде: құрамына алдыңғы, қазіргі және келесі төрағалар кіретін «Үштіктің» ( 2009 ж. Үштікті Финляндия, Грекия және Қазақстан құрайды) ; Қосымша көмек көрсету үшін, атап айтқанда, жанжалдардың алдын алу және дағдарыстарды реттеу саласында құрылуы мүмкін арнайы топтардың; ІТ нақты мандатпен тағайындайтын жеке өкілдердің көмегіне сүйенеді. Бас Хатшы - СІМК үш жыл мерзімге тағайындайды, Іс жүргізуші төрағаның өкілі және Ұйымның бас әкімшілік лауазым иесі ретінде әрекет етеді. БХ-ның міндетіне ЕҚЫҰ құрылымдарына және операцияларына басшылық жасау кіреді. 2005 жылдан бастап бұл лауазымда Марк Перрен де Бришамбо (Франция) отыр. Хатшылық - Бас Хатшының басшылығымен жұмыс істейді және мынадай бөлімшелерден құралады:
- Бас Хатшының офисі;
- Жанжалдардың алдын алу орталығы;
- Стратегиялық полициялық мәселелер бөлімі;
- ЕҚЫҰ-ның антитеррорлық бөлімшесі;
- Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкіл мен үйлестірушінің бюросы;
-ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және экологиялық қызметін үйлестірушісінің бюросы;
- Басқару және қаржы департаменті;
- Прагадағы бөлімше (ЕҚЫҰ-ның мұрағаттары мен оның құжаттамасын тарату) .
Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) - адам құқықтарын қамтамасыз ету, демократияның дамуын және заң үстемдігін орнықтыруды қамтамасыз ету мәселелеріне жәрдемдесу үшін жауап береді.
Штаб-пәтері Варшавада орналасқан. 2008 жылдан бастап ДИАҚБ-ның Басшысы Елші Янеш Ленарчич (Словения) болып табылады. БАҚ бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі - қатысушы мемлекеттер үкіметтеріне ЕҚЫҰ қағидаттарының негізінде еркін және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға көмекті жүзеге асырады. 2004 жылғы 10 наурыздан бастап бұл лауазымды Миклош Харасти (Венгрия) иеленді. Аз ұлттар жөніндегі Жоғарғы Комиссар - этникааралық шиеленіс жағдайларын анықтайды және олардың тез арада шешілуіне жәрдемдеседі. Штаб-пәтері Гаагада орналасқан. 2007 жылғы 4 шілдеден бастап бұл лауазымда Кнут Воллебек (Норвегия) отыр. ЕҚЫҰ-ның тыстағы миссиялары - жанжалдардың алдын алу, дағдарыстарды реттеу, сондай-ақ нақты бағыттар бойынша дамуға көмек көрсету мақсаттарына қызмет етеді. Олардың мандаты орналасқан жерлердегі мүдделі тараптармен байланыстарды жолға қоюды және үнқатысуды дамытуды көздейді. Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ-ның тыстағы 19 миссиясы: Балқанда (Албания, Босния және Герцеговина, Черногория, Хорватия, Сербия, Косово, БЮР Македония) ;
Шығыс Еуропа елдерінде (Беларусь, Молдова, Украина) ;
Кавказда (Әзірбайжан, Армения, Грузия*, ЕҚЫҰ-ның Минск конференциясының тақырыбы болып табылған жанжал жөніндегі ІТ Жеке өкілінің офисі) ; Орталық Азияда (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) жұмыс істеуде. ЕҚЫҰ-ның Грузиядағы миссиясының мандаты 2008 ж. 31 желтоқсанда аяқталды.
Жоғары деңгейдегі жоспарлау тобы Таулы Қарабақтағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі ЕҚЫҰ күштерін құруға дайындықпен айналысады.
Сондай-ақ Әскери зейнеткерлер бойынша ресейлік-латвиялық бірлескен комиссиядағы ЕҚЫҰ өкілі де әрекет етуде. ЕҚЫҰ-мен байланысты органдар. Сондай-ақ ЕҚЫҰ шеңберінде:
- Татуластыру және төрелік соты - (татуластыру арқылы дауларды реттеу, Женева) ;
- Бірлескен кеңесу тобы (ЕӘҚКШ-ны орындауға жәрдемдеседі) ;
- Ашық аспан жөніндегі кеңесу комиссиясы (1992 ж. Ашық аспан жөніндегі шартты орындауға жәрдемдесу) әрекет етеді.
Бұл ұйым - Еуропа қурлығы, Кавказ, Орта Азия және Солтустік Америка аймак, -тарындағы қауіпсіздік жөніндеп ең ірі өңірлік ұйымдардың бірі. Осылайша, ЕҚЫҮ бүгінде Еуроатлантика және Еуразия кеңістігін біріктіріп отыр. Сонымен қатар, бұрынғы КСРО территориясында құрылған жаңа тәуелсіз мемлекет-терде 19 миссиясы жумыс істеуде. Оның 14-ін НАТО елдерінің өкілдері басқарады, тек біреуін Ресей азаматы (Ереванда) басқаруда. ТМД елдерінен өкілдер жоқ. Сол себептен де елімізді уйымға төрағалық етуге бірауыздан сайлаулары аталған жалпыеуропалық уйымның Қазақстанд жаңару бағытында журіп жатқан реформалардың шынайылығына сенімдерінің артқандығының белгісі.
ЕҚЫ¥-ның іс-қызметіне қатысушы елдердің мәртебелері тең және олар ешқан-дай да шарттық міндеттемелермен байланысты емес. ЕҚЫҮ-ның шеңберіндеп шешімдер қуқықтық міндетке ие емес, саяси сипатта жә-не консенсус арқылы қабылданады. ЕҚЫҰ-ның институттарын саяси шешімдерді қабылдайтын саяси органдар және жедел қызмет органда-ры деп екі негізгі топқа бөлуге болады. ЕҚЫҰ-ның саяси институттарының қатарына Саммит-тер, Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, Же-текші Кеңес (ЕҚЫ¥-ның Экономикалық форумы), Тұрақты Кеңес, Қауіпсіздік ынтымақтас-тығы саласындағы форум жатады.
Жедел қызмет ететін уйымның жалпы бас-шылығын қазірп Төраға жүзеге асырады. ЕҚЫ¥-ға төрағалық ететін мемлекеттің сыртқы істер министрі болып қызмет атқаратын Төраға 1 жыл мерзімге тағайындалады. ЕҚЫ¥-ның Вена қаласындағы хатшылығын Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі үш жыл мерзімге тағайындаған Бас хатшы басқарады. Бүпнде ЕҚЫ¥-ның ең басты әкімшілік лауазымды түлғасы қазіргі Төрағаның өкілі болып табылады. Оның функцияларына ЕҚЫ¥-ның қүрылымдары мен операцияларына басшылық жасау кіреді. ЕҚЫ¥-ның аз үлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары, ЕҚЫ¥-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі, Парламенттік ассамблея, ЕҚЫ¥-ның ымырашылдық және арбитраждық соты, сондай-ақ, ЕҚЫ¥-ның жедел шешім қабылдайтын органдары бопып табылады.
¥йымның жедел қызмет құралының бірі -қақтығыстарды болдырмау және дағдарыс-тарды реттеу мақсатында қызмет ететін ЕҚЫҮ-ның миссиялары болып табылады. Олардың ең басты қызметі қабылдаушы жаққа миссия ман-датымен қабылданған міндеттерді шешуде жәрдемдесуге негізделген. Бүгінгі таңда ЕҚЫ¥-ның 18 миссиясы немесе 16 мемлекет-те басқалай өкілдері бар.
Демократиялық институттар және адам қүқықтары жөніндеп бюро (ДИАҚБ) - ЕҚЫ¥-ның ең танымал институттарының бірі. Бұл бюро - демократияны дамытуға заң үстемдіпн бекітуге, адам қүқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін жауап беретін қүрылым. Бюро сайлау барысын қадағалауда, адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың қалыптасуында белсенді рөл атқарады, адам-зат өлшемдері саласындағы міндеттемелерді орындау жөнінде сарапшылардың кеңестері мен семинарларын өткізетін форум қызметін атқарады.
ЕҚЫ¥/ДИАҚБ өз қызметінің аясында ЕҚЫ¥-ға мүше елдердің демократияпық сай-лауларды өткізу және үйымдастыру жөніндеп міндеттемелерін орындау барысы туралы ау-қымды және қунды деректерді жинақтады, талдады және қорытып, әлем жүртшылығының назарына үсынды. ЕҚЫ¥/ДИАҚБ-ның штаб-пәтері Варшавада орналасқан. Тәуелсіз Қа-зақстанның жалпы әлемдік. оның ішінде еуро-палық үдерістердің бағытындағы даму мүд-делерін ескере келіп, 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісінде және ұйымның басқа да қүжаттарында непзі салынған қағидаттарды іске асыруға белсене қатысуға талпына оты-рып, Қазақстан Республикасы 1992 жылдың қаңтарында ЕҚЫ¥-ға мүшелікке өткен еді. Соңғы бірнеше жыл бойында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бірқатар ірі шараларын өткізді, олардың арасында:
«Адам саудасына қарсы күрес - өңірлік жауап» атты өңірлік Орталықазиялық конференция (Астана, 2006 ж. 18-19 мамыр) ;
Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт бойынша ІІІ шолу конференциясында Қазақстанның төрағалық етуі (Вена, 2006 ж. 29 мамыр 2 маусым) ; ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі «Мәдениетаралық, дінаралық және этникааралық түсінік» атты Кеңесі - Толеранттық жөніндегі кеңес (Алматы, 2006ж. 12-13 маусым) ; «Минасыздандыру саласындағы сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық» атты өңірлік семинар (Алматы, 2007ж. 26-27 наурыз) ; ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының 17-ші жылсайынғы сессиясы (Астана, 2008 ж. 29 маусым - 3 шілде) . Осылайша Қазақстан ОБСЕ төрағалығына жүйелі дайындықпен келді.
1. 2 ОБСЕ ұйымының бітімгершілік миссиялары
ЕҚЫҰ-ның тыстағы миссиялары - жанжалдардың алдын алу, дағдарыстарды реттеу, сондай-ақ нақты бағыттар бойынша дамуға көмек көрсету мақсаттарына қызмет етеді. Олардың мандаты орналасқан жерлердегі мүдделі тараптармен байланыстарды жолға қоюды және үнқатысуды дамытуды көздейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz