Есіл ЖШС-нің қаржылық-экономикалық жағдайын талдау. Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау мен болжау бойынша ұсыныстар


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
І Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудың теориялық және методологиялық негіздері
1. 1 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері . . . 5
1. 2 Жоспарлау мен болжаудың методологиясы . . . 7
1. 3 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын шетелдік тәжірибесі . . . 14
2 « Есіл» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық жағдайын талдау
2. 1 «Есіл» ЖШС- нің қысқаша сипаттамасы . . . 22
2. 2 «Есіл» ЖШС- нің қаржылық- экономикалық жағдайын талдау . . . 26
2. 3 «Есіл» ЖШС- нің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін
талдау . . . 30
3 Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау мен болжау бойынша ұсыныстар
3. 1 Кәсіпорын жұмысын жоспарлау бойынша әдістемелік ұсыныстар . . . 40
3. 1 «Есіл» ЖШС-нің даму жоспарының SWOT-талдауы . . . 45
3. 2 «Есіл» ЖШС-нің әлеуметтік дамуын жоспарлау мен оның тиімділігін есептеу . . . 54
Қорытынды . . . 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 59
Кіріспе
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан анық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек. Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Халық шаруашылығы салаларының даму барысын стратегиялык жағынан болжау-жоспарлау керек екендігін өмір айқындап берді, және осы дипломдық жұмыстың жоғарыдағы бөлімдерінде олардың экономиканы баскаруда алатын рөлі, маңызы дәлелденді. Экономика дамуын болжау және жалпы мемлекеттік жоспарларды жасау үшін, 1997 жылдың наурыз айында Қазақстан Республика Президентіне тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі құрылды. Агенттікке экономиканың дамуын болжау негізінде оның
басынқы багыттарын аныктау және стратегиялык жоспарлар жасау аркылы оған қол жеткізу жолдарын белгілеу тапсырылған.
Ал индикативті жоспарды әзірлеу алғашында Экономика министрлігіне, кейін ол таратылған соң жаңа кұрылған Экономикалық жоспарлау агенттігіне тапсырылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 13 казанында кол койылған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік огандарының жүйесін жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы" Жарлығына сәйкес жоғарыда аталған функцияны қайтадан кұрылған Экономика және сауда министрлігі аткаратын, бұл министрлік Экономика және бюджеттік жоспарлау болып қайта аталып, индикативтік жоспарды жасау аталған органға жүктелді . . .
Әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары Қазақстан Республикасыыың Конституциясына, Қазақстан Республика Үкіметінің жыл сайын шығатын "Әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы" Қаулысына және "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы" Заңына сәйкес негізделеді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы Қазақстан Республика Үкіметінің Қаулысы әр жыл сайын шығады және онда Қазақстан, облыстар және ұлттық компаниялар, мекемелердің жоспарланған мерзімге мақсаты, міндеттері және әлеуметтік-экономикалық саясатынын басымдылықтары бойынша Үкіметтің көрінісі беріледі . . .
Аумақтың индикативтік жоспары Қазақстан Республикасының жоспарланған мерзімге арналған даму индикаторларына (1 кесте) және Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатыньщ басымдылыктарына негізделеді . . .
Дипломдық жұмыстың мақсаты- кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуынын жоспарлау мен болжаудың теориялық мазмұнын ашу, ұсыныстар жасау . . .
Осы мақсатқа сай, жұмыстың алдында мынадай міндеттер қойылды:
- қазіргі экономикалық ғылым тұрғысынан кәсіпорындағы жоспарлау мен болжаудың теориясын зерделеу;
- «Есіл» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық қызметін талдау;
- Кәсіпорын қызметін жоспарлау мен болжауға бағытталған ұсыныстар беру.
Зерттеу объектісі ретінде «Есіл» ЖШС алынды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі мен эмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Мұнан өзге, жұмыс барысында ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу әдістемелерін жинақтай келіп, экономикалық талдаудың сенімділігін және тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.
Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде экономиканың постиндустриалық дамуы процесінде экономикалық ынталандыру мәселесіне арнаулы қазіргі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде кәсіпорындағы экономикалық және әлеуметтік жоспарлау мен болжаудың мәселесін шешуге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстарды атауға болады.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелер, теориялық зерттемелер және практикалық ұсыныстар экономика ғылымында өндіріс тиімділігін арттыруы экономикалық ынталандырудың теориялық және әдістемелік жақтарын кеңейтумен қатар, аталған мәселелерге қатысты салалық және республикалық экономикалық бағдарламалардың негізін жасауға қолданылуы мүмкін.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудың теориялық және методологиялық негіздері
- Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі . . .
Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз . . .
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды . . .
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.
Жоспарлау көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:
Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының) ; аумақтық (облыстық, аудандық) ; ұйым ішінде (ішкі жоспарлау) ; микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау) .
Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге) ; орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін) ; ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін) . Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы) ; әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы) ; ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы) ; экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау) .
Сонымен, жоспарлаудың негізігі мақсаттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- мемлекеттік экономика саясатын және экономиканы мемлекеттік реттеу шараларын жасау;
- экономиканың өсу қарқынын, қажетті сапасын қамту және қолдау;
- ұлттық экономиканың циклдік тепе-теңдігін орнату және қолдау;
- барлық экономикалық шешімдердің үйлестілігін қамту;
- ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамту.
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.
Стратегия - ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында «генерал шеберлігін» береді.
Стратегиялык жоспарлау - Үкіметтің, аумақ әкімшіліктерінің, мекеме және фирма басшыларының өндіріс сұрактары бойынша, кіріс және шығыс, бюджет. салық, баға және әлеуметтік қорғау бойынша ұзақ мерзімді жобалары.
Стратегиялық жоспарлау - ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді.
Индикативті жоспарлау - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары және индикаторлары, соны іске асыру бойынша жоспарланған мерзімге іс шаралары және мемлекеттік экономикалық реттеуіш тізімі бар құжат.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты - ұлттық эконоімиканың бір қалыпты дамуын, оның кұрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын-алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәулсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, индикативті жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт:
- республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
- нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;
- әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
- аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін камтамасыз ету.
- Жоспарлау мен болжаудың методологиясы
Экономиканың обьетивті түрде өсуі өндірушілер мен еңбек күшінің бөлінісін толық, әрі жоспарлы түрде зерттеуден басталады. «Анти-Дюринг» еңбегінде Ф. Энгельс дамыған қоғам туралы: «Өндірістегі анархия енді қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін және қоғамның әр мүшесінің қажеттіліктерін қамтитын жүйемен алмасады» деп жазды. Өз заманында К. Маркс та қоғамдық жүйені өзгертуді, соның ішінде еңбек бөлінісін дұрыс ұйымдастыруға шақырды.
Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық, әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Олар экономиканың өсу қарқынын, тұрақтылығын, қоғамдық еңбек бөлінісі мен өнімділікті анықтайтын, экономиканың өсу қарқынын көрсететін, белгілі бір уақытта жоспарланған жоспардың орындалуын көрсетеді. Сонымен жоспарлау мен болжау адамдардың саналы түрде, белгілі бір экономикалық заңдарға бағына отырып, бір-бірімен тығыз байланысты өндіруші жүйелерді ұйымдастыруы мен қолдану қызметін атқарады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығында үлкен маңызға ие. Мақсаты, экономиканың өсу кезеңіндегі жағымсыз және белгісіз әсер етуші факторлардың алдын алу болып табылады.
Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден нарыққа ауысуынан жоспарлау жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.
Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өніиділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.
Нарықтық бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:
Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтежиесін жоспарлау мен болжау қажет,
Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.
Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтежиеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.
Жоспарлау - атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және басқарушылық болжау.
Жоспарлау мен болжау - бұл, Экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтежиесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.
Зерттелетін процеске қарамастан болжаудың үш сатысы болады:
Сурет 1. Болжаудың үш сатысы
Алға қойған мақсаттың орындалуында жоспарлау мен болжау келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
- Экономиканың даму бағытын анықтау;
- Мақсатқа жету үшін ұтымды жолдар мен шешімдер табу;
- Нәтежеге қажетті ресурстарды анықтау;
Жоспардың өзіне тән қасиеттері:
Біріншіден, жоспарда нақты мәліметтер, өндіріс құрамы мен қызметі, мақсатты тапсырмалары және оларды шешу тәсілдері толығымен жазылады;
Екіншіден, экономиканың даму инфрақұрылымын қарастыра отырып, жоспарларда еңбек күші, материялдық және қаржылық ресурстары толығымен көрсетіледі.
Үшіншіден, жоспар - бұл нарық субьектілерінің арасындағы келісім жасайтын тиімді құрал және ол қоғамға мемлекеттің экономикалық саясаты туралы ақпарат беру қызметін атқарады.
Төртіншіден, экономиканың дамуы үшін жоспарларда экономикалық болжау жасалынады.
Осының нәтежиесінде, мемлекет жоспар көрсеткіштері арқылы экономикалық өзгерістерді және жеке кәсіпкерлік фирмалардың даму қарқыны туралы мәліметтер алып отырады.
Болжау мен жоспарлаудың әдістеріне негізінен экономикалық заңдардың толық есебі, ғылыми тұжырымдар, әртүрлі жағдайлар, жоспарлау мен болжаудың мақсатқа сай жасалуы, жүйелер, құрылымдар, логика және ұйымдастыру жатады.
Болжаудың негізгі принципі - жоспарлық есептің ғылыми негізделуі және нақты шама болуы. Бұл барлық экономикалық заңдылықтарды, ғылымның жаңа жетістіктерін қолдануды, техника мен технологиялық жетістіктерді меңгеруді өнімділікті ұйымдастыра білу мен басқарудан құралады.
Экономикалық тепе теңдікті сактау және талдау жасай білу керек. Яғни, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың көрсеткіштерін толық зерттеу. Соған сай жоспар мен болжамды икемдеу керек.
Жоспарлаудың тағы да бір маңызды принципі бұл - мемлекеттің, қоғамның, шаруашылық субьектілерінің, салааралық, аймақтық ұйымдардың көзқарастары мен мүдделерін де қарастыру.
Жоспар жасауда ең бірінші айналысатын саладағы тиімді және ұтымды шешімдерді қарастыру керек. Бұл болашақта әр кәсіпорынның, әр саланың, шаруашылықтың дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.
Жоспар жасалу барысында, тексеріле отырып, түзетулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бүгінгі таңда ғалымдардың есептеуі бойынша жоспарлау мен болжау жасаудың 150-ден астам әдісі бар. Бірақ тәжерибе жүзінде негізінен соның ішінде 15-20 әдісі қолданылып келеді.
Сурет 2. Болжаудың негізгі әдістері
Сонымен қатар, болжамдау мен жоспарлауда келесідей әдістер де қолданылады:
- Экономикалық-статистикалық әдістер
- экономикалық салыстыру әдісі
- орташа шамалар әдісі
- динамикалық қатарлар
- тотау әдісі
- Математикалық-статистикалық әдістер
- корреляциялық әдіс
- регрессиялық әдіс
- Баланстық әдіс
- Нормативтік әдіс
- Монографиялық әдіс
- Эксперттік бағалау әдісі
- Эксперементалдық әдісі
- Экономикалық математикалық модельдеу
- Абстрактылы-логикалық әдіс
- Әлеуметтік
Болжау мен жоспар жасағанда бірнеше әдісті бірден қолдана аламыз. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырылып, байланыстырылып тұруы керек.
Кең қолданылатын маңызды әдістердің бірі болып баланстық әдісті қарастырамыз.
Бұл әдісте материялдық және ақшалай ресурстардың қорлары мен қажеттіліктері және жоспар элементтерімен байланыстары қарастырылады. Баланстық әдісті дұрыс қолдана білу республикалық, кәсіпорындық әртүрлі салалармен қарым қатынасты, ресурстардың тиімді жұмсалуын, дамуды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте көбінесе материалдық ресурстар балансы, жұмыс күші, жер көлемі, т. б, баланстық өлшемдер есепке толығымен алынады.
Жеке баланстық есептерді және халық шаруашылық балансын есемтеуде экономикалық математикалық модельдеу әдісі мен есептеуіш техника кеңінен қолданылуда.
Жоспарлауда қолданылатын нормалар мен нормативтерді келесідей топтарға бөлеміз:
- Қоғамдық еңбек өнімділігінің нормасы
- Отын-энергия және еңбек ресурстарының нормасы
- Өнімділік қарқынының нормасы
- Инвестиция және капитал салымдарының нормасы
- Қаржылық нормалар
Сурет 3. Болжау және жоспарлау жүйесі
Кәсіпорын өзінің даму жоспарын жасамас бұрын өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызмет түрлеріне сұранысты, кәсіпорынның экономикалық-әлеуметтік қамтамасыз етілуін, жұмыспен қамтылуын, еңбек өнімділігі мен күшін толық есепке алуы керек.
Теорияда және практикада жоспардың құрамына, құрылымына, құрылу уақытына және де т. с. с. көрсеткіштеріне байланысты өте көп түрлерге бөлінеді:
- Мазмұнындағы экономикалық-саяси кәсіпкелікке байланысты:
- Стратегиялық жоспарлау;
- Тактикалық жоспарлау;
- Оперативтік жоспарлау;
- Қолданылу аясына байланысты:
- Барлық қарастырылатын аумақты қамтитын жоспарлау (комплекстік немесе халықшаруашылық) ;
- Бөліктік жоспарлау (Белгілі-бір аймақ, аудандық-ауылдық)
- Кәсіпорын щеңберінде (фирмалар)
- Орындалу уақытына байланысты:
- Қысқамерзімді (оперативті) жоспарлау (жартыжылдық, квартал, мезгіл, ай, апта) ;
- Орташамерзімді (тактикалық) жоспарлау (1-5 жыл) ;
- Ұзақмерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5 жылдан жоғары қарай) ;
- Жоспарлау мазмұнына байланысты:
- глобальды
- Контурлы
- Шектеулі
- Детальді
- Жоспардың қызметтік аясына байланысты:
- Өндірісте
- Қызметкерлерде
- Қаржы
- Инновациондық
- Дайындық кезеңінде
- Мәліметтердің өзгеру есебі бойынша:
- Қатаң (өзгермейтін)
- Икемді (өзгермелі)
- Уақыт кезеңіне байланысты:
- Өтпелі (уақыт өткесін жаңа жоспар жасалынады)
- Созылмалы (уақыт өтсе - созылады)
- Кезеңсіз жоспарлау
- Уақыт ағымына байланысты:
- реактивті (өткен уақытқа бағытталған)
- инактивное (осы шаққа арналған)
- преактивное (болашаққа бағытталған)
- интерактивное (жоспардың тек жақсы жақтарына бағытталған)
- Жоспарлаудың тәсілі бойынша:
- «төменнен жоғары» прогрессивті
- «жоғарыдан төмен»
- Айналмалы тәсіл
Мемлекеттік жоспарлау саласында көбінесе индекативтік жоспарлау түрі қолданылады. Индекативтік жоспарлау мемлекеттің экономикалық-әлеуметтіксаясатын, экономиканың өсуін, қоғамға қажетті нәтежиелерге жету үшін мемлекеттің мүдделерін қарасытырады.
Мақсаты:
- Әлемдік және ішкі нарықтағы құрылым туралы ақпараттар жүйесін қалыптастыру, бұған бюджеттік және инвестициялық ақпараттар да кіреді.
- Нарық субьектілерінің мемлекетің өзінің мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы
- Өнімөндірушілерінің жаңа технологиялар мен инновациондық жобаларға жете назар аудауы, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдану.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz