Жазалау және оның мақсаты


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
__ Саркенов Рауан Сакенович__
(Студенттің аты-жөні/ФИО студента)
_ _Жазалау және оның мақсаты
(Тақырыбы / Тема)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Мамандығы / Специальность __050301__Заңтану
(код и наименование специальности)
Көкшетау 2012
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы: Жазалау және оның мақсаты
На тему:
Мамандығы Заңтану
Специальность
Орындады:
Выполнил : Саркенов Р. С.
(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Жетекші
Руководитель Омаров А. Ж.
(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
«Қорғауға жіберілді»
«Допускается к защите»
Кафедра меңгерушісі
Зав. Кафедрой Кулмаханова Л. Ш. (қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Көкшетау 2012
Ф. 5. 03-01
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
факультетікафедрасы
Мамандығы
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
з. ғ. к Л. Ш Кулмаханова
2012_ж.
Студент
/тегі, аты, әкесінің аты/
дипломдық жобасы /жұмысы /бойынша
ТАПСЫРМАСЫ
1. жоба /жұмыс/тақырыбы
«___» ж. университет бойынша № бұйрықпен бекітілген
2. Студенттің аяқталған жобаны/жұмысты/ тапсыру мерзімі
3. Жоба /жұмысқа/ берілген бастапқы мәліметтер
4. Есептеу-түсіндірмелік жазбахаттың мазмұны/өндеуге жататын сұрақтар тізбесі
5. Графикалық материал тізбесі
6. Жоба /жұмыс, оған кіретін жоба бөлімдері көрсетілген бойынша кеңесшілер
7. Тапсырманың берілген күні
Жетекшісі
Тапсырманы орындауға қабылдады
/студенттің қолы/
Ф. 5. 03-02
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР
Дипломдық жобаның /жұмыстың /кезеңдерін орындау мерзімі
Срок выполнения этапов проекта (работы)
Студент-дипломшы
Студент-дипломник
Студент аты жөні, қолы, ф. и. о, подпись студента
Жобының/жұмыстың/жетекшісі
Руководитель проекта (работы)
/аты-жөні, қолы, ф. и. о., подпись
Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Жазаны жеке даралау мәселелері . . . 6
1. 1 Жазаны жеке даралау кезінде қылмыстың сипаты, қоғамға қауіптілігі
дәрежесін есепке алу мәселелері мен сотталушының түзелуіне және
оның отбасының тіршілік жағдайына ықпал ететін мән-
жайлар . . . 6
1. 2 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар . . . 10
1. 3 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар . . . 24
2. Ерекше жағдайларда және қылмыстардың көптігі
жағдайында жаза тағайындау . . . 37
2. 1 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан неғұрлым
жеңіл жаза тағайындау . . . 44
2. 2 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . . 52
2. 3 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . . 56
Қорытынды . . . 56
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Кіріспе
Адам адам болғалы, өркениет әлемі өз көшін түзегелі бері қылмыс пен жаза атты телі ұғым қаншалықты сөз болып, сынға түсіп келе жатқанына қарамастан адамзат тарихындағы ең ұлы, ең қилы-қиямет оқиғаларға толы ғасыр болып өткен XX-ғасырдың басында айтылған осынау пікірдің, қойылған осыну сауалдың күні бүгінге дейін бір жақты жауабын таппай, маңызын жоймай келе жатқандығы таңдандырмай қоймайды.
Жаза шарасын сот заң санкцияларының кең көлемде «әділдік сана-сезімінің» субьективтік негізінде тағайындайды. Бірақ осының барлығын шешетін сана-сезім мейілінші тұрақсыз және барынша бұлдыр өлшем болып табылады.
Жаза тағайындау институтының қазіргі заманғы халахуалына баға беріле отырып, зерттеу тақырыбының өзектілігі көрсетілген. Сонымен қоса зерттеудің мақсаттары, міндеттері, әдіснамалық негіздері мен әдістері, эмпитикалық негізі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу тәсілдері көрсетілген. Зерттеудің ғылыми жаңалығы, қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар жан-жақты жүйенген.
Қылмыстық - құқықтық саясаттың ең өзекті саласы ретінде жаза тағайындау институтын зерттеудің ең алдымен оның қалыптасуы мен дамуының ратихы кезеңдерінен бастаудың мән-маңызы ерекше. Осы ретте жаза тағайындау институтының тарихы қалыптасуы кезеңдерін жіктеп өту мәселесі алға шығады. Заңды ғылыми әдебиеттерде негізінен кеңес заңдары дамуының кезеңдері айтылып кеткен. Қазақстандық қылмыстық құқыққа қатысты тарихи кезеңдерге жіктеледі, олар:
- қазақтың әдеп-ғұрып заңдары;
- отаршылық кезеңіндегі қылмыстық заңдар;
- социализм құру кезеңіндегі заңдар;
- егемен Қазақстанның заңдары.
Қазақ елі тарихының тамаша бір тармағы - қазақтың ата жолы, қазіргі құқық деп аталатын ұғымға толық сәйкес келетін әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері және қоғамдық өмірдегі қатынастары. Бұл қастерлі қазынамызды баға жетпес байлық ретінде зерек көңілмен зерделейтін әр еңбек-халқымыздың рухани мұрасын молайтатын жүйелі жұмыс нәтижесі.
Қазақ құқығының әлемдік өркениетте алатын орны жайлы академик С. З. Зимановтың: “Қазақ құқығы-қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихының ерекшелігі және өміршендігімен, адам еркендігін жақтаған сипаттары мен әлем назарына ілінді. Ұлы далада көшпелі өркениеттің негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақстан құқықтық мәдениетінің беділі мен рөлінің құлдырауына соқтырмағандығы таң қалдырарлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың еркіндік қабілетінің сақталуымен, оқшау орналасуымен түсіндіруге болады”, - деп атап өткен[1] .
Бүгінде әлем бойынша, әлбетте әр елдің ұлттық, мемлекеттік, құрылымдық ерекшеліктеріне негізделген қылмыстық құқық жүйесі берік қалыптасқан. Ғылым қашанда тоқтап тоқырап қалмақ емес. Осы үрдісте қылмыстық құқық саласы да үздіксіз даму, жетілу үстінде. Әсіресе, оның толғақты бір буыны-жаза, жаза тағайындау мәселесінің, жоғарыда айтылғандай, әлі күнге нақтылы жауабын таппай, талқыдан түспей келе жатқаны ақиқат.
Қылмыстық құқықтың қазіргі заманғы тәжірибесінде бір барынша осал тұсы бар, сол жерге барлық жаза тарттыру жүйесі мен оған басшылық жасаушы барлық жаза тағайындауға бағытталған қатты соққы беруі мүмкін. Осы осал орынды анықтау үшін тек бір сауалға жауап табу талап етілуі керек: жасалған әрбір қылмыс үшін жаза шарасы қандай негізде белгіленеді?
Осынау шын мәнінде нағыз маңызды, нағыз өзекті сауалға қазіргі заманғы қылмыстық құқық теориясында да, тәжірибесінде де тыңғылықты, байсалды жауап күні бүгінге дейін берілмей келеді. Соған қарамастан бұл сауалдың басы ашық: мақсаты белгісіз үкім шығарған мазасыз түнде судья ар-иманына салмақ сала отырып, өзіне тынымсыз жауап іздейді. Бұл сауал еңсені езерлік түрме қабырғаларында отты әріптермен жазылып тұрғандай, ол өзінің бостандыққа шығар уақытын сағат-минутына дейін есептеп, тағатсыздана күткен бақыттсыз тұтқынның көзін қарып жанын ауыртады. Бұл сауал тұғырында отырған тоқ қарғаның тарғыл дауысымен, неліктен және не үшін екеніне ден қоймастан бір-бірін аяусыз қинап азаптап жатқан адамзат баласын келеке еткендей қайта-қайта жаңғырады.
Бұл сауалға орай қолданыстағы «жазалар туралы заңнаманың» кез келген бабын, мәселен 146-бабын алып қарайық. Бұл бап қажетті жеке қорғаныс кезінде төнген қауіптің беті қайтқаннан кейін де кісі өлтіргені үшін себеп-салдардың әсері бойынша және істің басқа мән-жайларына орай үш жақты жаза қарастырады:
- немесе 4 айдан 8 айға дейін түрмеге қамау;
- немесе 3 күннен 7 күнге дейін қамауға алу;
- соттың алдында тек қатаң сөгіс беру.
Енді осы бап бойынша айыпталушы және соттың үкімін тағатсыздана күтіп отырған тұлғаны көз алдыңызға елестетіп көріңіз.
Қажетті қорғаныс кезінде шамадан тыс қызу қандылық көрсеткен жаңағы тұлға жоғарыда аталған жазалардың қайсысы қолданатынын мүлдем білмейді. Оның қорғаушысы, тәжірибелі криминалист-ол да, сот заңда көзделген жаза шараларының қайсына тоқтарын тап басып айта алмайды.
Ал соттың өзі ше?! Сол тұлғаға қандай жаза шарасын қолдану қажеттігін біле ме? «Себеп-салдардың әсерімен» және «істің мән-жайы бойынша» тұлғаның қылмысының көптеген басқа әрекеттерден айырмашылығы жоқ. «Соттың ар-намысы» ол тұлғаны барынша қатаң жазалауға себеп таппай тұр, дегенмен оған мейілінше кешіріммен қарауға да негіз жоқ.
Міне, содан келіп судьялар прокурордың өте жеңіл ойлылықтың нәтижесінде келтірілген өлім үшін қатаң жазалау қажеттігі жөніндегі талап сөзінің әсерімен әлгі тұлғаны, айталық бес ай түрмеде жабуға соттады делік.
Егер сіз артынан судьялардан неге дәл осы бес айға соттағаны жөнінде, 4 немесе 3 аймен шектелуге болмады ма, неліктен олар сол тұлғаға 7 немесе 5 күнге қамауға алу шарасын немесе жай сөгіс жариялау шарасын тағайындау мүмкін емес деп есептеді-осы мәселелер жөнінде сұрасаңыз-сауалыңызға бір жақты, тыңғылықты жауап ала алмасыңыз сөзсіз. Олар тағылған шара өздеріне «барынша әділетті» болып көрінгенін айтады немесе сіздің сауалыңызға ештеңе деп жауап беру мүмкін еместігін мойындайды.
Жаза шарасы сот заң санкциясының кең көлемінде, «әділдік сана- сезімнің» субьективтік негізінде тағайындайды. Бірақ осы барлығын шешетін сана-сезім мейілінше тұрақсыз және барынша бұлдыр өлшем болып табылады.
Заңгер-зерттеушілердің осы жаза тағайындау мәселесін басты тақырып етіп алып, тұрақты түрде зерделеп жазып келе жатқанына біраз жылдардың жүзі болды. Жаза тағайындау проблемасын зерттеуде көптеген қылмыстық істер қарастырылып, ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік сауалнамалар жүргізілген.
Сөз жоқ, жаза тағайындау-қылмыстық құқықты қолдану барысындағы ең жауапты кезең. ҚР ҚК 52-бабында: «Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға . . . әділ жаза тағайындалады. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс»- деп атап көрсетілген. Осы орайда заң әдебиеттеріндегі: «Қылмысты дұрыс санаттау қаншалықты маңызды болса да, қылмыстық заңнаманың нақтылы тиімділігі ең алдымен қылмыс жасауға айыпты болып танылған адамға тағайындалған жазадан көрніс береді», -деген барынша негізді пікірге еріксіз ден қоясыз. [1]
Тақырыптың маңыздылығы жоғарыда айтылғандай, осынау адамзат өркениетінің сан ғасырлық даму жолындағы маңызын жоймай келе жатқан жаза тағайындау мәселесінің мән-маңызын ашып көрсету.
Бұл тақырыпты қарастырудағы негізгі мақсаттар;
Біріншіден - жаза тағайындау мәселесіне тарихи тұрғыда, тарихтың қалаулы бір қайнар көзі болып табылатын әдет-ғұрып заңдарындағы жаза тағайындау мәселесінен бастап сол жібек желі, алтын арқауды үзбей, одан кейінгі қилы заман, дүбірлі кезеңдердегі жаза тағайындау институтының даму-қалыптасу дәстүрлерімен берік сабақтастырып, бір ізбен, бір жүйемен қысқаша баяндап көрсету.
Екіншіден - жаза тағайындаудың жалпы негіздері, қағидалары, жазаны жеке даралаудың аспектілері, сонымен қоса Қылмыстық кодекстің 4 тарауында көзделген іргелі мәселелер мәселенің желісі ретінде қарастырылды.
Үшіншіден - жаза тағайындау мәселесіне байланысты бұрын соңды айтылған, білікті мамандар, ғалымдар тарапынан лайықты бағасын алған ой-пікірлерді саралау, даулы мәселелерге қатысты екі жақты пікірлерді алдыға тарта отырып, батыл байламдарды негіздеу. Бұл үшін сот тәжірибесінен алынған дерек-дәйектерге ерекше көңіл бөлінді.
Дипломдық жұмысы екі бөлімнен тұрады:
Біріші бөлім - Жазаны жеке даралау мәселелері.
Екінші бөлім - Ерекше жағдайларда және қылмыстардың көптігі жағдайында жаза тағайындау мәселелері қарастырылды.
1. Жазаны жеке даралау мәселелері
- Жазаны жеке даралау кезінде қылмыстың сипаты, қоғамға қауіптілігі дәрежесін есепке алу мәселелері мен сотталушының түзелуіне және оның отбасының тіршілік жағдайына ықпал ететін мән-жайлар
Жеке адам мәселесі қашанда болсын философтардың, социологтардың, психологтардың, педогогтардың, зерттеулерінде ауқымды орын алып келеді. Жеке адамның қалыптасуы бізді қоршаған қоғамдық ортамен, адамдар арасындағы қарым-қатынастармен тығыз байланысты болып сабақтасып жатады. Сондықтан «Жеке адам-қоғамдық қатынастар» арасындағы бұл байланыс тек жалпы социологиялық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге басқа ғылым салалары арқылы да терең, әрі түбегейлі зерттелуі қажет. Қоғамдық ғылымдардың оның ішінде заң ғылымдарының бір саласы-қылмыстық құқық және адам мәселесін қылмыстық заң, қылмыстың ұғымы, қылмыстық жауапқа тарту, қылмыстық жаза тағайындау, одан босату тағы басқа институттарды зерттеу кезінде жіті қарап, қадағалап отырады.
Жоғарыда айтылғандай, ҚР ҚК-нің 52-бабының 3-тармағына сәйкес жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі. [1]
Осы бапта жаза тағйындау кезінде заң ең алдымен айыптының жеке басын, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды емес, қылмыстың сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін бірінші кезекте есепке алу керектігін көрсеткен. Қылмыстарға жаза тағайындау тәжірибесін зертеу барысында соттар айыптау үкімінде жасалған қылмыс сипаты немен мазмұндалатындығы, жазаны жеке даралау кеіндегі оның орны туралы өте сирек айтатындығына куә болдық. Негізгі заң-Конституцияның қағидасы - «әрбір адамның заң алдындағы теңдігін» есепке ала отырып, соттар қылмыстың қауіптілігін әрқашанда үкімде ашып көрсетуге міндетті екендігін ұмытпағыны дұрыс. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипатын ескерумен қоса, оның сандық қасиетін, қылмыстың қауіптілік дәрежесін ескерудің маңызы зор. Заң әдебиеттеріндегі қылмыстың қауіптілік дәрежесі қалай түсініледі, соған тоқтала кетсек.
Н. А. Беляев, Л. А. Прохоров еңбектерінде бұл мәселе терең зерттелмей, тек қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілерді тізіп берумен шектелген.
Қайсыбір қылмыстық істі алсақ та, олардың сипаттары бірегей болғанымен, қоғамдық қауіптілік дәрежесі әрдайым әртүрлі болады.
Сондықтан соттар жаза тағайындау кезінде бұл мәселелерге мұқият қарауы керек.
1999 жылғы сәуірдің 30 жұлдызы болып өткен ҚР Жоғарғы Сотының Пленумының қаулысында «Үкімде істелген әрбір қылмыстардың сипатын, оның қауіптілік мөлшерін заңға сәйкес шешу керек» деп атап көрсетілген. Өкінішке орай, бұл айтылған талаптар көпшілік соттардың үкімінде өз орнын таппай отыр. Соттар көбіне істегі мән-жайды көрсетпей, үкімде тек қана оларды есептегендігін көрсетумен ғана щектеліп жүр.
Негізінде, сот үкімінде қылмыстың сипатын ескеретіндігін жай ғана сөз етіп, содан кейін барып оның қауіптілік деңгейінің дәрежесін түгел түстеуі керек. Тура осы мәселеге жоғарыда аталған ҚР Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірде өткен Пленумының қаулысында баса назар аударылған.
Қылмыстың қауіптілік дәрежесіне ықпал ететін тағы бір нәрсе - қылмыскердің іс-әрекетінің субьективтік жағы сипаттайтын кінә, оның түрлері. Адам өміріне қарсы бағытталған қылмыстар абайсыздықпен де, қасақана да жасалынатындықтан, олардың қауіптілік дәрежесінде зор айырмашылық бар. Соттар олардың түрлеріне, қауіптілік дәрежесіне көп ден қойғаны дұрыс. Егер әрекет қасақаналықпен жасалса, ол тікелей қасақаналықпен жасалынды ма, жоқ жанама қасақаналықпен жасалды ма, соны анықтап, керісінше, қылмыс абайсызда жасалынса бұл жерде кінә қылмыстық сипаттағы менмендіктің әсерінен бе, жоқ қылмыстық зардаптар болмас деген немқұрайдылықпен жасалынды ма, осыны ерекше ескеруі керек.
Қылмыстық құқық ілімі қасақана пайда болған қылмыстарды кінәлінің ойында туу уақытына байланысты бұрыннан ойланылып істелінген қасақана қылық, кездейсоқ пайда болған қасақана қылық деп бөлшектейді. Уақыт мерзімімен дараланатын қасақаналық қылықтың осы бір түрлерінің өзара айырмашылығын зерттеп қарасақ, олардың қауіптілік дәрежесіндегі зор айырмашылықтарды байқаймыз. Бірінші жағдайда қылмыс жасаған адамның (қылмыс жасаудағы) пиғылының тұрақтылығы, жеке басының қауіптілігі кездейсоқ қылықпен жасаған адамнан көп артық екенін білеміз.
Бұл жазаны жеке даралау процесінде еске аларлық жай. Р. Т. Нұртаев бұл бағыттағы ойлардан әрі асып, кінәнің түрін есептеу тек жаза тағайындау процесінде емес, сол жазаны өтеу кезінде ескерілуі керек дейді 1 .
Қылмыстың субьективтік жағы кінәмен бітпейді, қылмысты саралау, жаза тағайындау кезінде қылмыскердің ниеті және сол қылмысты жасаудағы алдына қойған мақсат ерекше орын алады. Бұл-ежелден белгілі қағида. Жазаны жеке даралау кезінде қылмыстық ниетті есепке алу тек жауаптылықты жеңілдететін, не ауырлататын мән-жайлардағы көрсетілген ниеттерді есептеумен шектелмейді.
Адам өміріне қарсы бағытталған қылмыстардың ниеті заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін не ауырлататын мән-жайлардағы ниеттерден ауқымы жағынан әлде қайда кең. Олардың кейбіреулері Т. Д. Устинова келтірген деректерде де бар. Қасақана кісі өлтірудің 59 пайызы жеке қарам-қатынастағы араздықтан, 24, 8 пайызы қызғаншақтықтан, 7, 8 пайызы төбелес кезіндегі бұзақылық ниетсіз, 6, 6 пайызы жәбірленушінің
жөнсіз қылығынан, 2, 2 пайызы жаңа туған өз баласынан құтылу ниетімен жасалғандығын көрсеткен.
Адам өміріне қарсы бағытталған қылмыстарға жаза тағайындау тәжірибесін зерттеу аясында ғалымдардың қарастырған, сотталушылардың, қорғаушылардың 100-ден астам апелляциялық 100 шағымын келтіруге болады. Сол зерттеулер біраз көңіл аударарлық жайыттарды байқатты.
Төмендегі кесте соны көрсететі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz