Жазба жұмыстары арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың жолдары мен өткізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесі


Мазмұны
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3 бет
1-бөлім Қазіргі оқу-тәрбие жүйесіндегі оқытудың
педагогикалық- психологиялық негіздері _ _ _ _ _ _ _ _ _11 бет
1. 1. Сабақ жүйесінде оқушылардың ойлау
қабілетін дамытудың алғы шарттары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14 бет
1. 2. Оқыту барысындағы жаңа педагогикалық
психологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері_ _ _ _ _ _ 23 бет
1. 3. Жазба және дамыта оқыту негізінде оқушылардың
ойлау қабілетін дамытудың жолдары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _34 бет
2-бөлім Жазба жұмыстары арқылы оқушылардың
ойлау қабілетін дамытудың жолдары мен өткізілген
эксперимент жұмыстарының нәтижесі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _37 бет
2. 1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыта отырып, қызығушылықтарын
арттырудың жолдары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 39 бет
2. 2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
барысындағы эксперименттік-тәжірибе
жұмыстарының қорытындылары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _54 бет
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 74 бет
Пайданылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 79 бет
Қосымша
Кіріспе
Жаңа оқыту технологияларының мәні шығармашылық қаблет, дербестік, іздемпаздықтың дамуы үшін жағдай жасау.
Баланың білімін тереңдетуде шығармашылығын, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарлату барысында жаңа оқыту технологияларының алатын орны ерекше.
Жаңа технологиялар баланы үйретуі ғана емес, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне дейін тәрбиелеуді мұрат тұтады. Сабақтың тиімділігін арттыру үшін, қазіргі заман талабына сай
міндеттерді орындау керек. әрбір сабақта білім беру және тәбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы қажет.
Белгілі білімді баяндай отырып, оқушылардың ойлау қабілетін және қоршаған ортамен қарым-қатынасын, мінез-құлық дағдыларын, тұлғалық қабілетін дамыту керек. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдылық сәйкестігі болып табылады. Әрбір кезеңдерінде оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану оқушылардың танымдық қабілетін, логикалық ойлауын, қиялын, есте сақтау, өздік жұмысын, белсенділігін және оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беру керек.
Жазба жұмыстары арқылы оқушылардың ойын айқын жеткізе білуі, біліктерін, каллиграфиялық дағдыларын тиімді меңгеруге үйренеді. Сөздің құдіретін, сөйлеудегі және жазудағы керемет сезім тіршілігін сезініп, ана тілінің жұмбақ сырларын біліп, сөйлеу өнерін игеруге талпынады.
Осы мақсатта мен өзімнің бастауыш сыныпта қазігі өмір талабы - оқушыларды іздендіру, сол арқылы өз беттерімен еңбектенуге дағдыландырамын.
Оқушылардың тіл байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді, сапалы, тиянақты болады.
Мен осы орайда сабақтарымда қолданып жүрген дидактикалық материалдарыма тоқталғым келеді.
Жазба жұмысы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытудағы жұмыс түрлері:
1. Оқушыларға кейбір сөздер қалдырылып кеткен мәтін беріледі.
Біздің үй . . . жақын. Тау аласалау. Таудың бетіне ну . . . өскен. Ағаш арасында неше түрлі . . . болады. Олар . . . жәндіктерді теріп жейді. Құстарға тимеу керек. Құстар . . . пайдалы.
Сол сөздерді мағынасы бойынша тауып, орнына қойып, жазу керек.
2. Тыныс белгілері қойылмаған мәтін даярлап, оқушыларға ұсыну. Олар жігін ажыратып тыныс белгісін қояды. Мәтіндер әр түрлі жанрда болады ( қара сөз, өлең, мақал-мәтел т. б. )
Мысалы: Арман орманнан саңырауқұлақ теріп жүр еді кенет бұта түбіндегі жапырақтар қозғалғандай болды бала қорқып кетті бұл кірпі еді.
3. Бір шумақ өлеңнің жолдарын ауыстырып қоямын, мазмұнына қарай әр жолды орнына қойып, өлеңді дұрыс құрастыру керек.
Жонып, қырнап, сүргілеп,
Қараторғай келер деп,
Ұңғылайды, қашайды!
Ұяны өзі жасайды.
4. Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын.
Сол сұрақтарға жауап беру арқылы әңгіме құрастырады және ат қояды.
5. Тиісті тақырыбқа байланысты әңгіменің 2-3 сөйлемін бастап жазып қоямын. Сол әңгімені жалғастырып аяқтау қажет.
6. Мәтін беріледі. Сол мәтіннің жанрын айырып, басты кейіпкерлерді тауып, мінездеме беруге, жоспар құруға үйретемін.
7. Тақтаға әріптердің орындарын ауыстырылыпберілген сөздерді жазамын. Олардан мағыналы сөздер құрастыру керек.
Мысалы: Тано - Отан, қақаз - қазақ, Атанас - Астана, т. б.
8. Буын ұйқасын тап:
Қа - қа - алтын сақа,
Ра - ра - шашыңды тара,
У - у - көгілдір ту,
Ба - са - қара маса.
9. Сөз ұйқасы бойынша өлең құрастырамыз:
жайнаймыз,
ойнаймыз,
сайраймыз,
қайнаймыз.
10. «Сөз құрау» Берілген ұзын сөзден мағыналы бірнеше сөздер құрастыру. Мысалы: қолшатыр - қол, ат, шар, шал, шатыр, лақ. т. б.
11. «Баспалдақтан түсу». Бұл әдісте берілген сөзден бір әріп аша отырып, (немесе қоса отырып) жаңа мағыналы сөздер жасау.
Мысалы: шотан орақ су
отан ора асу
тан ор тасу
ан атасу
- Оқушылардың сауатты қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру
мақсатында сабақта орфографиялық үлестірмелермен жұмыс
істеу қолға қойылған.
Үлестірмеде сөздің дұрыс жазылуының бірнеше нұсқасы беріледі. Оқушылар дұрысын таңдап алып, жазу керек.
Мысалы: шоф (о/е) р
Тұ (йа/я) қ
Аспа (з/с) шы
Ж (ый/и) налыс
Клу (п/б) т. б.
Жоғарыда баяндалған дидактикалық тапсырмаларды орындау негізінде оқушылар ізденгіштікке, тапқырлыққа, қысқасы, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Тақырыбы. Сүт қалай ұйықтады? (Оспанхан Әубәкіров)
Сабақтың мақсаттары. а) Білімділігі . Оқушыларды мысал мазмұнымен таныстыру. Мысалдағы негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өз ойына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
ә) Дамытушылығы. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Мысал ертедегі «сүт ұйып қапты», «сүт іріп қапты», «айран ашыпты», «айран бықырапты» т. б. сөз тіркестерін пайдалана отырып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
б) Тәрбилігі. Ұлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, асты қадірлеу, дұрыс тамақтану мәдениеттілігіне үйрету. Жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі. Сұрақ-жауап, ой қозғау, бес жолды өлең құрастыру, топпен жұмыс, Венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі. Сюжетті суреттер, үнтаспа, сөзжұмбақ, танымдық тапсырмалар.
Сабақтың барысы.
а) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
ә) Оқушыларды топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын төрт топқа, төрт түрлі тапсырма беру арқылы тексеремін.
1 топ а ) Ш. Смаханұлы кім?
ә) Мысалдың басқа көркем шығармалардан қандай айырмашылығы бар?
б) Мысал неліктен «Тәкаппар» деп аталған?
в) Мысалды оқиға желісіне қарай қандай бөліктерге бөлуге болады?
2топ «Балықтың мақтануы»бөлімін мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелейді.
3топ «Балықтың құрылыққа» тап болуы бөлімін оқып, мазмұнын әңгімелейді.
4топ «Өкініш» бөлімін оқып, мазмұнын әңгімелейді.
Негізгі бөлім-жаңа сабақ
Ассоциация әдісі. -Балалар, біздер өткен сабақтан қандай жаман әдеттерден аулақ болу керектігін білдік және қандай жаман әдеттерді білеміз?
Еріншек тәкаппар мақтаншақ
өркөкiрек өсек
Жалқаулық ұйқышылдық тәртіпсіз
Ой қозғау әдісі. Жаман әдеттің бірі- ұйқышылдық екен, неге? (жұптасып жұмыс жасатамын)
Талапсыз Сабақтан кешігеді
Жігерсіз Жұмысы өнбейді
Балалардың пікірін білемін, сөйлетемін.
Бүгінгі оқитын ертегі осы кереғар қасиеттің төңірегінде құрылғаны туралы жаңа сабаққа дайындық әңгімесін жүргіземін.
- Автор туралы әңгімелеу. Оспанхан Әубәкіров-сықықшы, оның шығармаларында қоғамға жат қылықтар өткір тілмен сыналады.
- Үнтаспадан ертегіні тыңдату.
- Өз беттерінше мысалды оқыту.
- Топтарды орталықтарға бөлу
1топ «Оқу-жазу» орталығы. Бірінші тапсырма бойынша әр оқушыға топ жетекшісі жеке тапсырмаларды бөліп береді.
а) Ертегіні мәнерлеп оқы.
ә) Ертегідегі негізгі ойды білдіретін жолды тап.
б) Шығарма жаз
в) Өлең құрастыр
2топ «Математика» орталығы. Бірінші тапсырма бойынша әр оқушыға топ жетекшісі жеке тапсырмаларды бөліп береді.
а) Ертегідегі тыныс белгілерді анықтау (,, ”, !?)
ә) Ертегіде қанша сөз, сөйлем бар?
б) Венн диагроммасы.
Тәкаппар Сүт қалай ұйықтады?
в) Ертегіден елдің сөзін тауып, әуеніне сай оқы.
г) Есепті шығар. Бірінші ыдыста 15 литр сүт бар, екінші ыдыста 6 литр кем. Екі ыдыста неше литр бар?
3 топ «Ғылыми» орталық. Бірінші тапсырма бойынша әр оқушыға топ жетекшісі жеке тапсырмаларды бөліп береді.
а) Ертегідегі сүттің әрекетін әңгімеле.
ә) Тақырыптағы кейіпкерлерді ата, мінездеме бер.
б) «Ұйықтады» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
4 топ «Өнер»орталығы. Бірінші тапсырма бойынша әр оқушыға топ жетекшісі жеке тапсырмаларды бөліп береді.
а) Сюжетті сурет бойынша әңгімеле
ә) Тақырыптың ішінен мақалды тауып, мәнін аш.
б) Көрініс көрсету.
в) Ермек сазбен жұмыс.
г) Сергіту сәтін ұйымдастыру.
Ақ сиырдың сүтін іш,
Ақ сүт бередi саған күш
Шым-шым мөлдір суға түс,
Тұмау тисе қуа түс.
(Түрлі қимылдық жаттығулар жасату. )
Әр топ тптаса отырып №2 тапсырмаларын орындайды.
1-топ тапсырмасы. Тақырыпқа қатысты ырым-тыйым сөздерді тап.
А) малды басқа ұрма
ә) ақты жерге төкпе
б) құрықты аттама
в) малды теппе
г) сауылған сүттің бетін ашық қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді.
2 - топ тапсырмасы . Сиыр амлын жасына қарай қалай атайды?
3-топ тапсырмасы. Сызба арқылы белгіле?
1. Мал атасы.
2. Мал төлдері
3. Сүттің қасиеті
4. Малдың сүйікті асы
5. Мал кеселі
6. Малдың пайдасы
7. Кім бағады?
Сұйық, ақ түсті, тәтті, ұйыйтын қасиеті бар
Шопан ата, Зеңгі баба, Шекшек ата, Қамбар ата, Ойсыл қара
Жоңышқа, жаңқа, жусан
Шопан, жылқышы. бақташы, түйеші
Қозы, бұзау, лақ, бота, құлын
Аусыл, қарасан, сары ауру, өкпе
Еті, сүті, терісі, жүні
Сөз жұмбақ шешу көлденеңінен.
1. Сөреге кептіріп жайған не? (құрт)
2. Кілегей шайқап алған не? (май)
3. Күбіге күйіп піскен не? (қымыз)
4. Ұйытып қойып ішкен не? (айран)
5. Сүт бетінен алған не? (қаймақ)
Осы тағамдардың адам денсаулығына келтіретін пайдасы туралы, тамақ ішкенде дастарқан басындағы әдептілік «Кісіге қарап есінеме, есіней қалсаң, аузыңды қолыңмен қалқала» т. б. Әдептілік жайлы әңгімелету арқылы сабақты қорыту.
Топтарды өзара бір-біріне бағалату.
Үй тапсырмасы. Сүттен әзірленетін тағамдардың атын жазып келу, ертегіден оқиға желісін байқап, дұрыс сапалы түрде мәнерлеп оқу.
Оқушылардың болашақта жан -жақты дамыған, іскер білімді, мәдениетті, еңбек сүйгішазамат болып дамуына ең басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Сондықтан осы міндетті дұрыстап атқару жолында маңдай терін аямай төгу-әр ұстаздың міндеті.
Зерттеудің тақырыбы: Жазба жұмыстары аркылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Өзектілігі. Тәрбие-педагогикалық процесте өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі мәлім. Олай болса оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе.
Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Зерттеудің объектісі . Бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесіндегі бағалануларының психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу пәні. Оқыту процесін оқушының танымдық біріккен диалогтық (оқытушы - оқушы) белсенді оқыту әдістері мен мотивацияны қалыптастыру арқылы бағалау.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш білім мазмұнын жаңартудағы міндеттердің бірі жас баланың оқуға қызығушылығын, ынтасын арттыру, мектепке деген сенімін нығайту, яғни оның психо-физиологиялық ерекшелігін ескере отырып, тәрбиелеу және жазба жұмыстары арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Психология ғылымының докторы, профессор Ш. А. Аманашвили былай деген «Балалар қиялдауды сүюі және білуі тиіс. Ал біз үлкендер, мұғалім-тәрбиешілер олардың қиялдау қабілетін және жазба жұмыстары арқылы ойлау қабілетін дамыта білуіміз керек».
Жаңа оқыту технологиялары заман талабына сай оқушылардың ақыл-ойын, еркін-жігерін, шығармашылық қабілетін дамытып, білімге деген қызығушылығын арттыру жолдарын ұйымдастыруға көмектеседі.
Зерттеудің міндеттері.
1. Оқыту процесіндегі бағалауды арнайы бағдарлама арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тиімділік әсерін анықтау.
2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекетін бағалау әдістері келесі әдістемелер көмегімен анықталады: Л. Н. Засоринаның жазбаша
тіл шеберлігін анықтау әдістемесі және жазбаша сөйлеудің психографологиялық сипаттамасының әдістемесі.
Зерттеу болжамы. Барлық оқушыларды жазба жұмыстары арқылы ойлау қабілетін дамыту, яғни барлық оқушылардың жалпы дамуына бағытталған жүйелі жұмыс істеу керек. Соның ішінде нашар оқитын оқушылармен қосымша жұмыс жүргізгенде жаттығулардың санын көбейту арқылы, жаттандылықпен белгілі бір нәтижеге жетуге тырысады. Ал бірі олардың дамуын тежеп, тек үлгермеушілігін көбейтеді.
Оқыту барысында дәстүрлі оқулықтармен де, оқушыларға еркіндік беру арқылы, шығармашылық жұмыстар арқылы жалпы дамыта оқытуға болады. Жазба жұмыстары арқылы ойлау қабілетін дамыту нәтижесінде тек орындаушы ғана емес, ерік-жігері бар, ақыл-ойы дамыған, шығармашылық тұлға пайда болады.
Еліміздің болашағы жас ұрпақтардың қалымда екенін, бүгінгі ұстаздар, осы мәселені еске сақтауымыз керек.
1. Қазіргі оқу-тәрбие жүйесіндегі оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Қазіргі заманда білім беру әлеументтік құрылымның маңызды элементтеріне айналды. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып отыр. Қазір әр елдің өзіндік білім беру жүйесі бар. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістер білім беру саласында қамтуы маңызды іс шара болып табылады.
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдымашыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспей отыр. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа модемін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген».
Тұжырымдама мақсаты әлемдегі білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық модемін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.
Білім берудің деңгейлері мен мазмұны Қазақстанның білім беру жүйесінде жүйелі өзгерістер әкелмек. Тұжырымдамада білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру деңгейлері әлемдік білім беру кеңістігінің тәжірибелеріне сай жүйеленген. Бұл жүйелердің толық жүйеге асуы үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға зор мүмкіндік туғызады.
Білім беруді дамыту тұжырымдамасының орта білім беруге байланысты кейбір міндеттеріне азаматтық, адамның құқықтары, бостандықтарына құрметпен қарау, білім сапасын түпкілікті бағалаудың субъективтік факторларының әсерін азайту, оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға деген уәндемелерін арттыру, денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологияларды енгізу т. б.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
1) білім берудің мазмұнын орталық білімнен біліктілік мазмұнына
қарай (нәтижеге бағдарланған білім беру) өзгерту;
2) білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз
ететін: тіл мен әдебиет, адамтану, математика, информатика,
жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі сияқты білім
беру салалары арқылы іске асыру;
3) оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес
жоғарғы сатыдағы бейімділік және кәсіптік бағдарлы оқыту
жүйесін құру;
4) білікті жұмысшы кадрларын, техникалық қызмет көрсету
еңбегінің және мамандардың даярлануы кәсіптік білім беру
бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
5) техникалық және кәсіптік білім беруді сапалы ұйымдастыру
үшін ынталандырудың және жұмыс берушілердің қаражаттарын тартудың нормативтік және құқықтық тетіктерін әзірлеу.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қалапованың, Ж. Қараевтің, Ш. Таубаеваның, М. Жанпеисованың т. б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030»Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.
қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: I кезкең-оқып үйрену; II кезең - меңгеру; III кезең -өмірге ендіру; IY кезең - дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі таңдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Өйткені оқыту - тәрбиенің негізі.
Сондықтан оқыту да қоғамдыққұбылысқа жатады. Оқытудың екі түрлі мағынасын қарауға болады. Бірінші -мектепте арнайы пәндерді оқыту, екінші - өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту - егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту - тәбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты.
Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осыекі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
Оқу-тәрбие үрдісіне қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков, В. Давыдов, Репин, Левин) ; оза отырып оқыту (С. Лысенкова) ; іс-әрекетті бағалау (Шаталов) ; саралап оқыту ; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту тезнологиясы, мәселелік оқыту және дистанциялық технологиясы
Оқытудың, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Солардың бірі - педагогикалық үрдісті технологияландыру.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастыруды, білімді еңбекпен ұштастырып, іс-әрекеттің саналылығын дамытады, мақсатты өмірсүруге ұмтылуға әсер етеді
Оқыту технологиясы-оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ол қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімның педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Қазіргі заманғы оқыту техналогиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жассалынған дамытушы, жеке бағдарлы мақсатты технология болып табылады.
Педагогикалық технология-оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әректтің жүйелі дамып отыратын жобасы.
Сабақтарда оқытудың әр түлі технологиясын қолдануға болады. Әсірісе, оқытудың компьютерлік технологиясын, программалап оқыту технологиясын, дамыта оқыту технологиясын, оқытудың ынтымақтастық технологиясын қолдану пайдалы екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Дамыта оқыту технологиясының (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б Эльконин т. б) пікірінше, бұл технология жеке тұлағаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz