Жалған құжат жасағаны үшін жаза қолдану


Мазмұны
Кіріспе 3
I-тарау. Қылмыстық құқық бойынша жалған құжаттың түсінігі мен мәні . . . 6
1. 1 Жалған құжатпен күресуді реттейтін қылмыстық заңдардың дамуы . . . 6
1. 2 Жалған құжат жасау қылмыстық жолмен жазаланатын алдаудың түрлерінің бірі . . . 9
1. 3 Жалған құжат жасаудың түрлері . . . 11
II-тарау. Құжатты қолдан жасау құрамының сипаттамасы . . . 16
2. 1 Жалған құжат жасаудың обьектісін сипаттайтын белгілер . . . 16
2. 2 Жалған құжат жасаудың обьективтік жағын сипаттайтын белгілер . . . 25
2. 3 Қылмыс субьектісін сипаттайтын белгілер . . . 29
2. 4 Жалған құжат жасаудың субьективтік жағын сипаттайтын белгілер . . . 31
III-тарау. Жалған құжат жасаудың алдын алу мәселелері . . . 35
3. 1 Жалған құжат жасауға байланысты қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар . . . 35
3. 2 Жалған құжат жасаудың алдын алу шаралары . . . 39
3. 3 Жалған құжат жасағаны үшін жаза қолдану . . . 41
3. 4 Жартылай өзгертілген құжаттарды зерттеу . . . 45
Қорытынды . . . 47
Библиография . . . 50
Кіріспе
Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныњ 1-бабында Ќазаќстан Республикасы µзін демократиялыќ, зайырлы, ќ±ќыќтыќ жєне єлеуметтік мемлекет ретінде орныќтырады, оныњ ењ ќымбат ќазынасы - адам жєне адамныњ µмірі, ќ±ќыќтары мен бостандыќтары деп кµрсетілген. Осы келелі мендеттерді ж‰зеге асыру ‰шін елімізде зањ шыѓару процессін жетілдіру, ќабылданѓан зањдардыњ м‰лтіксіз орындалуын ќамтамасыз ету, µмірдіњ барлыќ салаларында ќ±ќыќ ережелерін ќатан саќтап, тєртіп б±зушылыќпен ќылмысќа ќарсы пєрменді к‰рес ж‰ргізу ќажет.
Ќылмыспен ќарсы к‰рес саласында, ќ±ќыќ ѓылымы, оныњ ішінде ќылмыстыќ ќ±ќыќ ѓылымыныњ ролі ерекше. ¤йткені, еліміздіњ µмірінде болып жатќан сан - салалы єлеуметтік - экономикалыќ, саяси µзгерістерге сєйкес келетін ќылмыстыќ ќ±ќыќ нормаларын дер кеенде осы µзгерістерге сєйкес єзірлеуде осы ѓылым саласыныњ міндетті. ¤йткені, елімізде орын алѓан єр т‰рлі µзгерістерге сєйкес орын алатын ќылмыстардын саны, дењгейі, ерекшелігі де болады. Еліміз бойынша тіркелген ќылмыстардын саны жылма жыл арта т‰суде. Б±л мєселеге байланысты Республика Президенті Н. Є. Назарбаев 1999 жылы мамыр айында облыс єкімдерініњ республикалыќ жиынында ерекше мєн беріп, ±лѓайып келе жатќан ±ймдасќан жемќорлыќ ќылмыстарына, экономика саласындаѓы ќылмысќа ќарсы пєрменді к‰рес ж‰ргізу міндеттеріњ алѓа ќойды. Осы мєселеге байланысты елімізде 1992 жылы 7 наурызда Республика Президентініњ «Жемќорлыќпен ±йымдасќан ќылмыстыњ нысандарына к‰ресті к‰шейту шаралары туралы», 1998 жылы 2 маусымда «Жемќорлыќпен ќарсы к‰рес туралы», 1999 жылы 23 шілдеде «Мемлекеттік ќызмет туралы» зањдар ќабылдады. Осы аталѓан нормативтік-ќ±ќыќтыќ актілердіњ негізгі баѓыты ќылмыстыњ сан алуан т‰рлерімен т‰бегейлі к‰рес ж‰ргізу, олардыњ ќарќынын тежеу, ќоѓамѓа ќауіпті іс-єрекеттерге жол бермеу болып табылады. Кµпшілікке аян болып отырѓандай кµптеген ќылмыстар ресми ќ±жаттарды пайдалану, оны ќолдан жасау, оѓан тиісінше µзгерістер енгізу арќылы алдау жолымен ж‰зеге асырылады. М±ндай ќылмыстарды лауазымды адамдарды да, жеке т±лѓаларда істейтіні белгілі.
Криминалистік сараптамалық зерттеу ХХ - ғасырдың ІІ жартысында ғана тапты. Оларды жүргізу үшін күрделі әдістер мен құрал жабдықтар пайдаланып, физикалық, химиялық әдістердің бірі немесе екі түрлерін ғана қолданып қоймай, сонымен қатар заттардың морфологиялық, физикалық қасиеттерін, объектілердің химиялық элемент құрамын және т. б. зерттеуге мүмкіндік туғызатын кешенді сараптама түрлері қолданылады.
Беріліп отырған әдістеме бұрыңғы Кеңес Үкіметі (СССР) Әділет Министрлігі мен Қазақ ССР Әділет Министрлігі Сот сараптама институтының жан - жақты әрі жеке зерттеген сараптама түрлері қарастырылады.
Қылмысты ашу және оған тергеу жүргізу кезінде қылмыс қастандық әрекетінің объектісі болатын, қылмысты дайындау, істеу немесе жасыру құралдары болатын құжаттардың әр түрлі түрін, тектігін криминалистикалық зерттеу әрқашанда қажетті болып келеді. Құжаттар әр түрлі қылмыстарды жасаған кезде ғана қолданылады: алдау әрекеттерін, қылмыстарды, ұрлықтарды жасыру мақсаттарында қолданылады.
Заң ғылымында «Құжат» ұғымы үлкен мағынаны білдіреді. Осы кезде бірінші жоспар ретінде, оның мақсаттық маңызын сипаттайтын нысандар қатысып келеді. «Құжат» деген сөздің заңды керекті фактілер туралы адамның материалдық жазылып бекітілген, көрсетілген хабарлау әрекеттері деп түсінеді.
Процессуалдық көзқарасына қарай құжаттарды үш топқа бөледі:
- құжаттар - заттай дәлелдемелер;
- құжаттар - жазбаша дәлелдемелер;
- құжаттар - салыстырмалы зерттеулерге пайдаланатын үлгілер;
Қылмыс процесінің шеңберінде криминалистік зерттеуге негізінде - заттай дәлелдемелердің маңызы зор. Бұл топ басқа топтардан көрі қылмыстың материалдық нысандарын өз құрамында ұстайды, сондықтан да іс бойынша ауыспайды.
Криминалистік зерттеу объектісі ретінде қалай құжаттардың өзі болса - заттай дәлелдемелер, дәл солай барлық материалдар заттар және оның дайындауына байланысты заттар болады.
Құжат - бұл қандайда болсын материалды объект және де ондағы оқиғаны тергеу туралы ақпараттар болып келеді.
Өзінің көптігіне қарамастан құжаттар оқиғаны тергеу қатысына байланысын, заттай дәлелдемелер сияқты келесі категорияларға бөлінеді:
- Құжаттар қылмысты істеудің құралы болып келеді: жалған есепшоттар, жасалған тізімдемелер, жалған ауруханалық парақтар және т. б.
- Құжаттар қылмысты жасырудың құралы болып келеді, мысалы өзін - өзі өлтіру туралы хаттар, өлген кісінің атынан жазылған хаттар сияқты және т. б.
- Құжаттар қастандық әрекеттерін тікелей объектілері болып келеді: ұрланған, жағылған немесе жыртылған құжаттар және т. б.
- Құжаттар, қылмысты ашу және тергеуге қабілет беретін, сонымен қатар істің елеулі мән - жайын анықтайтын құралдары болып келеді.
Орындалу негізгісінің мәтінің ақпаратты керектігінің материал қасиеттерінің және құжат мазмұнының ризашылықтарына қарай құжаттар дәлелдемелердің керекті көздері болып келеді. Осы дәлелдемелер криминалистік зерттеу жолдарымен жиналады.
Ресми құжаттарды пайдаланып қылмыс істеу қоғамға қауіпті алдаудың бір түрі болып табылады. Жалған құжаттарды қолдан жасау, пайдалану, оған өзгерістер еңгізу-қылмыс. Ресми құжаттарды заңсыз қолданып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағандарға жаңа қылмыстық кодексте бірнеше баптар белгіленген. Бірақта бұл заң нормалары әлі күнге дейін Республикамызда ғылыми жолмен талданбаған. Осы орайда бұл жұмыстың мақсаты - осы өзекті мәселеге жан-жақты талдау жасап ғалымдардың ой-пікірлері мен көзқарастарына баға беріп зерделеу болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлім: Қылмыстық құқық бойынша жалған құжаттың түсінігі мен мәніне жалпы сипаттама беріліп, оның түрлері мен жалған құжатқа байланысты қылмыстық заңдардың дауына кеңінен тоқталдық;
Екінші бөлімде: Құжатты қолдан жасау құрамының сипаттамасын ашып, құрамдарға жеке-жеке тоқталынды;
Үшінші бөлімде: Жалған құжат жасаудың алдын алу мәселелеріне көңіл бөлініп, жазалау шаралары мен олардың мәні мен маңызы сараланды.
Соңынан қорытынды жасалып, пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
І-тарау. Қылмыстық құқық бойынша жалған құжаттың түсінігі мен мәні.
1. 1 Жалған құжатпен күресуді реттейтін қылмыстық заңдардың дамуы
Бұрынғы Кеңес мемлекетінің алғашқы заң актілерінде қауіпті екендігі атап көрсетілген қылмыстың бірі - құжатты қолдан жасау. Бұл кездейсоқ емес болатын. Кеңес мемлекетінің қалыптасуы кезеңінде қолдан жасалған құжат көбінесе революцияға қарсы қылмыстарға, алаяқтық арқылы бөтеннің мүлкін тонауға және сол сияқты бірқатар айла әрекеттер үшін пайдаланылады.
Жалаған құжат жасау түсінігі туралы алғашқы нормативтік актлердің құрамында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1918 жылғы 4 мамырдағы «Революциялық трибуналдар» және 1918 жылғы 22 маусымдағы «Алыпсатарлық туралы» декреттері болды 1 .
Жалған құжат жасауға жалпы сипаттама ВЦИК (К) кассациялық бөлімінің 1918 ж. 6 қазандағы қаулысында келтіріледі. Онда жалған құжат (ордер, мандат, куәлік, рұқсат қағаз) болып табылатын құжаттардың шамамен алғанда тізбесі, сондай-ақ жалған құжатты пайдаланғандық үшін қолданылатын қылмыстық жаза туралы нұсқау берілген 2 .
Заң шығарушы қылмыстық ниетің неге бағытталғандығын, не мақсат үшін құжаттың пайдаланылғандығын ескере отырып, оның іс-әрекетіне тиісті баға береді.
Келтірілген заң актілері сияқты оден кейінгілері де ресми құжаттарды қолдан жасаған үшін ғана жауапкершілікті көздеді. Бұл кезңдегі жеке тұлғалар арасындағы мүліктік қатынастар көңіл бөлерліктей, оншалықты дәрежеде кең таралған жоқ, осыған орай соттарда да жеке құжаттарды қолдан жасау қылмыстық іс ретінде өте сирек қаралған. Алайды, қылмыстық заңды жеке құжаттарды қолдан жасау салдарынан мемлекет мүддесіне зиян келтіру қаупін
тудырғаны үшін жауапкершілік көзделген.
Халық Комиссарлар Кеңесінің 1919 жылғы 21 қазандағы деректерінде лауазымды жалған құжат үшін жауапкершілік көзделді 1 .
Кейінірек, жалған деректерде кейбір мемлекеттік міндеттілік борышын орындаудан жалтаруға бағытталған құжатты қолдан жасаудың арнайы түрлері үшін жауапкершілік қарастырылды. Сонымен, 1920 жылғы 29 қаңтардағы
Халық Комиссарлар Кеңесінің «Жалпыға бірдей еңбекке міндеттілік
1 СУ 1918 г. №54, 605 б.
2 История законодательства СССР и РСФСР по уголовному процессу и организации суда и прокуратуры. Сборник документов. -М., Госюриздат, 1955, 60 б.
тәртібі туралы» декреті жалған құжатты пайдаланғаны үшін, сол сияқты мұндай құжатты еңбекке міндеттіліктен жалтару мақсатында жасағаны үшін жауапкершілікті көздеді 1 .
1921 жылғы 2 ақпандағы Халық Комиссарлар Кеңесінің «Дезертирлікпен күрес жөніндегі» декретінде жалған әскери құжаттарды әзірлеуші және таратушы топтарға қатысқаны үшін жауаптылық белгіленеді 2 . міне, осылайша, 1922 ж. РСФСР Қылмыстық кодексін әзірлеу мен қабылдау қарсаныңдағы кезеңде заң актілерінде құжаттардың жекелеген түрлерін қолдан жасағандық үшін жауапкершілік бірте-бірте нақтылана түсті.
Жалған құжат жасаудың кез келгені және оларды пайдалану шындықты бұрмалау, басқаша түсіндіретін болсақ жалған құжат жасау алдаудың бір түрі болып табылады.
1922 ж. 24 мамырда РСФСР-дің бірінші Қылмыстық кодексі қабылданды. Бұл кодексте жалған құжат және оның жекелеген түрлерінің құрамы жан-жақты сипатталып жазылды. Сонымен бірге жалған құжат жасау өз алдына қылмыс ретінде ғана емес, басқа құрамдарды қарастырушы немесе қылмыстың басқа құрамдарын саралаушы элемент ретінде де көрінеді. Бұған қатысты - әскери міндеттіліктен жалтаруды атауға болады (81-бап), билікті теріс мақсатта пайдалану мен әрекетсіздік және ауырлататын жағдайлардағы лауазымдық міндеттеріне немқұрайды салақтықпен қарау (110 - бап), сондай-ақ әскери қызметшінің әскери қызметтен жалтаруын айтуға болады.
Өз алдына дербес қылмыстық іс-әрекет ретінде жалған құжат жасау қылмыстық кодексте 1922 ж. 85-бап, 2-бөлігі, 198-б. және 116-баптарда көзделген, сонымен қатар соңғысы (116 б. ) ресми құжаттарды лауазымдық жағдайын пайдаланып жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті айқындады.
Лауазымдық және қызметтік жалған құжат жасау «лауазымды тұлғаның ресми құжатқа біле тұра жалған мәліметтер еңгізу, құжатты қолдан жасау, өшіру немесе өткен күнмен белгілер соғу, сол сияқты олардың көре-тұра жалған құжат жасауы немесе беруі немесе кітапқа жалған жазбалар еңгізу ретінде» анықталады.
Жеке адамдардың ресми және жеке құжаттарды қолдан жасауы РСФСР қылмыстық кодексінің 189-бабында қаралған. Сонымен, 1922жылғы РСФСР қылмыстық кодексі бойынша ресми құжаттарды қолдан жасау мынадай үш түрде қарастырылды:
- Қызметтік жалған құжат жасау (ҚК 116-б) ;
1 История законодательства СССР и РСФСР по уголовному процессу и организации суда и прокуратуры. Сборник документов. -М., Госюриздат, 1955, 60 б.
2 Су 1919 г. №58
- Жеке адамдардың пайда табу мақсатпен көздемеген жалған құжат жасау (ҚК 85-б)
- Жеке адамның пайда табу мақсатында жалған құжат жасауы (ҚК 189-б)
РСФСР - дің 1922ж. Қылмыстық кодексіндегі сияқты 1926ж. Қылмыстық кодексінде жалған құжат жасағаны үшін жауаптылық белгілейтін нормалар болды.
Жалған құжат жасау құрамы өз алдына қылмыс ретінде субьектінің белгілеріне байланысты лауазымдық (қызметтік) және жеке тұлғалар жасаған болып, ал субьективтік тұрғыдағы мазмұны бойынша, пайда табу мақсатындажәне осындай мақсатты көздемей жасалған деп бөлінеді. Заңда сонымен қатар жалған құжаттардың сипаты да ескеріледі. Ресми және сол сияқты жеке құжаттарды да қолдан жасағандық үшін жеке адамдардың жауапкершілігі қылмыстық кодекстің 72 б. (1 б. ) және 170 баптарында белгіленеді. Лауазымдық жалған құжат жасау құрамының заты тек ғана ресми құжат болуы мүмкін делінді (ҚК-тің 120 б. ) .
Жалған құжат жасаудың сараланған белгісі ретінде әскери қызметшінің әскери қызмет өткеруден жалтаруы, іс жүзіндегі әскериқызметке міндетті шақырылудан жалтару секілді қылмыстарды жасау кезіндегі әрекеттерді атауға болады.
Одақтас республикалардан 1959-1961 жылдардағы қылмыстық кодекстерін қабылдау кездеріне дейін жалған құжатжасау және оны пайдалану әрекетіне қарсы қылмыстық заңдарды дамытудың негізгі бағыттары біртіндеп лауазымдық жалған құжатты, жеке тұлғалардың жасайтын жалған құжаттарын, оның ішінде лауазымдық тұлғаға жатпайтын адамдардың пайдакүнемдік мақсатпен жасайтын қылмыстары үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық-құқық нормаларын нақтылай түсу көрністерімен сипатталады. Пайдакүнемдік ниет лауазымдық тұрғыдан жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылды.
Сонымен бірге 1947 жылғы 4 шілдедегі «Мемлекеттік және қоғамдық меншікті талан-таражға салу үшін жауаптылық туралы» жарлыққа сәйкес жалған құжатты пайдалану талан-таражды немесе жетіспеушілікті жасыру құралы ретінде қарастырылмайтын болады.
Қазақ КССР-нің 1959 ж. Қабылданған қылмыстық кодексі дұрыстығы мен мақсатқа сай келетіндігі көп жыл бойығы тәжірибемен расталған жалған құжат үшін жауапкершілік туралы РСФСР Қылмыстық кодекісінде (1926 ж. ) көзделген нормалар жүйесін негізінен сақтай отырып, сонымен қатар заңның осы бөлігін бұдан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар өзгерістер еңгізідлі. Құжаттарды қолдан жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты қарастырған Қазақстан Республикасындағы қолданылып жүрген заңдарға төмендегі осы қылмыстардың жеке түрлерін зерттеу арқылы береміз.
1. 2 Жалған құжат жасау қылмыстық жолмен жазаланатын алдаудың түрлерінің бірі
Жалған құжат жасаудың кез келгені және оларды пайдалану шындықты бұрмалау, басқаша түсіндіретін болсақ жалған құжат жасау алдаудың бір түрі болып табылады.
Кез келген алдау қоғам мүшелері тарапынан адамгершілікке жат құбылыс ретінде моралдық талқылауға жатқызылады. Дегенмен, қылмыстық құқық тұрғысынан келгенде алдаудың бәрі бірдей қылмыс болып табылмайды. Алдау адамгершілікке жат қылық болып тұрса да, егер ол қылмыстық заңдармен арнайы қорғалатын қоғамдық қатынастарды бұзбаса, қылмыстық жазаланатын әрекет болмайды.
Алдау қылмысын- көптеген басқа қылмыс болмайтын алдаулардан теориялық тұрғыдан айыруға мүмкіндік беретін өлшем- іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі болып табылады. Профессор Б. Никифоров ол туралы былай деп
жазды:
«…егер ол әрекет қылмыстық заң нормасымен қорғалатын қоғамдық қатынасқа елеулі зиян келтірсе, немесе осындай зиян келтіру қаупін төндіретін болса, соның салдарынан қылмыс обьектісі болуы ықтимал, яғни мұндай ретте алдау-неғұрлым нақтырақ және «айқындалған» түсінікке ие болады» 1 .
Мұндай жағдайда алдаудың қоғамдық қауіптілігінің соншалықты жоғары болуына байланысты заң шығарушы оған қарсы қылмыстық жазалау шарасын қолдану көмегімен күрес жүргізуді қажет деп санайды. Соған сәйкес, қылмыстық заңдарда алдаудың қандай түріне болса да қылмыстық жазалаушылықты айқындайтын арнайы нормалар белгіленді.
ҚР қылмыстық кодексі қылмыстық-құқықтық мәні бар бірқатар алдау түрлерін жасағаны үшін жауапкершілікті көздейді. Мысалы бөтеннің мүлкін ұрлағаны немесе бөтен адамның мүлкіне құқықты алдау жолмен алғаны немесе сенімге қиянат жасағаны үшін (ҚК 177-б. ) сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау құқығының жұмысына алдау жолмен кедергі жасағаны үшін (146-б. ) ; тұтынушыларды алдау (223-б. ), қылмыс туралы көрнеу жалған сөз жткізу (351-б. ) ; көрнеу жалған куәлік ету; сарапшының жалған қорытындысы немесе қате алдау (352-б. ) ; қызметтік жалғандық жасау (314-б. ) ) ; жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау (325-б. ) .
Республиканың қылмыстық кодексінде алдауға заңдық айқындама
берілмеген. Тек қана 1922 ж. РСФСР қылмыстық кодексінде 187-бапқа ескертуде алдауды былайша айқындаған: «жалған мәліметтерді хабарлау, сондай-ақ хабарлануы міндетті болған жағдайды жасыру»- делінген.
1 Никифоров Б. С. Обьект преступления по советскому уголовному праву. -М., Госюриздат, 1960,
В. Дальдің түсіндірме сөздігінде: «алдау дегеніміз - бұл . . . кез келген өтірік . . . әрекет немесе іс; шындыққа балаған өтірік, қулық, зымияндық,
138 б.
екіжүзділік» 1 . немесе «жаңсақ пікір, болжам, елес» 2 . Алдау - бұл «басқа адамды біле тұра адастыру 3 .
Алдау дегеннің өтірік мәлімет екенідігін біздіңқолданып жүрген қылмыстық заңдарымыз алдаудың жекелеген түрлері үшін жауапкершілік белгілейтін нормаларда да, мысалы, ҚР ҚК 314, 315-баптарында атап көрсетілген.
Дүние жүзінің бірқатар елдерінің қылмыстық заңдарында басқа адамды
белсенді әрекет ету арқылы шатастыру қылмыстық жаза қолданылатын алдау деп танылады. Францияның қылмыстық кодексі (405-б. ) 4 , Индияның ҚК-нің 415 5 , Англияның Қылмыстық заңы 6 алаяқтықпен айналысуды осылай түсіндіреді. Адамның хабарлай міндетті болған фактісі туралы әрекетсіздігі, біле тұра айытпау сияқты әрекеттер арқылы алдағаны үшін жауапкершілікті жоққа шығаратын қылмыстық-құқықтық алдаудың түсінігі революцияға дейінгі орыс заңгерлерінің еңбектерінде де зерттеледі. И. Я. Фойницкий « . . . Өзіне тиесілі мүліктің кемшілігі бар екенін білмеген субьекті ол туралы хабарлауға міндетті емес, өйткені білмегенді хабарлау оның міндетіне жатпайды» 7 деген.
Профессор Б. С. Никифоров мұндай қорытындылармен ымыраға келмей, кінәлінің қатысы болмаған бөтен біреудің адасуын пайдалану қылмыстық
жазалау болып табылатынын атап көрсетеді 8 . Қылмыстық құқық нормалары басқа адамды адастыру жолымен, сол сияқты кінәлнің әрекетіне қарамастан, олардың адасуын пайдалану жолымен заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғушылықты қоғамдық қауіпті және қылмыстық жазалануы тиіс деп танитындықтан Б. С. Никифоровтың пікірімен келісуге тура келеді.
Міне, осы тұрғыдан келгенде, қылмыстық жазаланатын адам белсенді әрекет жасау арқылы да, салғырттық мінез-құлықпен (әрекетсіздік) арқылы да жалғандық жасауы мүмкін.
1 Толковый солварь В. Даля. Т. 2, 1914, 1583 б.
2 Толковый солварь русского языка. Под редакацией Н. Д. Ушакова. Т. 2. 1938. 663 б.
3 Энциклопендичесий солварь Брокгауза и Эфрона. Т. XXI-а, 1897, 521 б.
4 Французский Уголовный кодекс 1810 г. -М., Юриздат, 1947, 224 б.
5 Уголовный Кодекс Индии. -М., изд-во «Иностранная литература», 1958, 193-194 беттер.
6 Английское уголовное право. -М., изд-во «Иностранная литература» 1961, 331-332 беттер
7 Фойницкий И. Я Мошенничество по русскому праву, ч. 2-СПБ, 1871, 205, 209 беттер.
8 Никифоров Б. С. Борьба с мошенническими посягательствами на социалистическую и личную собственность по уголовному праву. - М., изд-во АН СССР, 1952, 103 б.
Жалған құжат жасау әрекет етудің құралы ғана болуы да мүмкін, осы қылмысты жасау әдісінен көрніс табады. құжатты қолдан жасау жалған құжат жасау жолымен де, немесе түпнұсқа құжатты өзгерту жолымен жасалуы мүмкін. әрине, аталған әдістер субьектінің белсенді әрекетіне негізделеді.
Құжат жасау жолында салғырттық жасау мүмкін емес. Бұл қолданылып жүрген қылмыстық заңда растала түсіде. Мысалы, ҚР ҚК-нің 314-бабы қызметтік жалған құжат жасау лауазымды тұлғаның сол сияқты мемлекеттік қызметшінің (лауазымды тұлға болып табылмайтын) ресми құжатқа біле тұра жалған мәлімет еңгізуі, сондай-ақ, егер осы әрекет пайда табу мақсатында немесе өзге де жеке мүдде үшін жасалса, аталған құжатқа нақты мазмұнын бұрмалайтын өзгертулер еңгізумен, немесе көре тұра жалған немесе қолдан жасалған құжат біреумен бара-бар деп саналатындығын айқындайды. Сонымен қылмыстық заңмен қорғалатын белгілі бір обьектіге, яғни қоғамдық қатынасқа қол сұғу әрекетіғана қылмыстық-жазаланатын жалған құжат жасау болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz