Көшпенділер тарихи трилогиясындағы жалқы есімдердің ағылшын тіліндегі аудармасында берулі жолдарына талдау жүргізу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І Жалқы есімдер - ұлттың лингвомәдени сипаттамаларының бір көрінісі.

1. 1 Ономастика ғылымының кешегісі мен бүгінгісі.

1. 2 Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктері.

Негізгі бөлім.

ІІ Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал - тәсілдері.

2. 1 «Көшпенділер» трилогиясың тарихи кезеңдері.

2. 2 Трилогияның ономастикалық кеңістігі.

ІІІ Трилогиядағы жалқы атаулардың аудармада берілуі.

3. 1 Топонимдерді аудару ерекшеліктері

3. 2 Кісі есімдері, лақап және әлеуметтік дәрижені білдіретін

атауларды ағылшын тілінде беру ерекшеліктері.

3. 3 Ұлттық Зоонимдердің аудармадағы сипаты.

Қорытынды.

Картотека

Жұмыстың дереккөздері

Кіріспе

Қай халық болсын дүниежүзілік өркениеттен оқшау өмір сүре алмайды. Бұл - халықтың халық болып, ұлт болып өмір сүруі үшін біден - бір керекті шарт. Аударманы, оның заңдылықтарын білудің маңызыын осы тұрғыдан қарастырған жөн.

Аударма бар да оны зерттейтін ғылым бар. Бұның біріншісін екіншісінен бөліп алып қарауға болмайды. Аударма қисыны аударманың жүйесіне сүйенеді.

Тілде ұлттық діл болатыны өз - өзінен түсінікті, дегенмен әлемдік өркениетке қосылу үшін кез келген ұлт өз рухын басқа бір ұлтқа жеткізуге, түсіндіруге мүдделі болады. Сондай - ақ бір ұлт басқа ұлттың жетістік - кемістіктерін өзін дамыта түсу үшін білуге тырысып отырады. Осы тұрғыдан қарасақ, аударманың, оның теориясының қоғамдық мән - маңызы да ашыла түседі.

Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір - бірінен тілінің бөлектігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құрылысымен - ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын «қостілді» адамдар - тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу - сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылады. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап - ақ тәржіма халықтың мәдени - қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.

Аударма - халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте - мөте белсенділік танытып отыр, еуропалық зиялы қауымның бүгінгі дәуірді «аударма ғасыры» деп атуында мән бар, себебі нақ сол ой - санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлтар мен ұлыстардың келісім - татулығын, бейбіт қарым - қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.

Демек, аударма ісі - қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз. Сөз жоқ, бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап - мақсаттарына сай әрқилы болды. Қазіргі заман деңгейінен қарағанда, рғы - бергі тарихта, бастапқыда ауызша кейіннен біріңғай жазбаша қалып қалған тәржіма шаруасының қазақ халқы үшін мәдени - танымдық, қоғамдық - әлеуметтік сан түрлі қызметінің екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады: оның бірі - білім - ғылымды, оқу - оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни ағартушылық қызметі; екіншісі - қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің сөздік қорының, ғылыми аталымдар жүйесінің қосқан үлесі: жазба әдебиет нұсқасы ретіндегі тілді байыту қызметі.

Бір тілден екінші тілге аудару процесіндегі ортақ заңдылықтарды танытатын белгілердің бірі - әр халықтың лингвомәдени ерекшеліктері. Лингвомәдени ерекшеліктер, ең алдымен аудармашының лингвоэтикалық құзыретін талап етеді.

Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық мәдени сипаттардың тілдік құралдар арқылы белгіленуі қазақ ғылымында ретроспективалық ыңғайда этнолингвистика аясында қарастырылып келгені белгілі. Сонымен қатар ғасыр соңындағы жаңа ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамның қоғамдағы мінез - құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи орта, өсімдік, жан - жануар ерекшеліктері, сондай - ақ адамның антропологиялық келбеті, ішкі жан - дүниесі белгіленетін, осыларды концептуалды немесе образды түрде атайтын тілдік құралдардың қай - қайсысында да лингвомәдени сипат, мәдениет пен тілдің қарым - қатынасы көрінетінін дәлелдеуге ұмтылыс бар.

Аударма біздің ана тіліміздің өткірлігін, икемділігін, үйлесімділігін, бейнелеу қабылетін арттырады. Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытты. Аударма біздің өзіміздің жалпы дүние тану өрісімізді ұлғайтты.

Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасы аударылып - төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде, тіпті, ұмытылып бара жатқан атулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді.

Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы тілдік қорымыздағы бар сөздер мағына жағынан сараланып, ұғымдық шектері айырыла түседі.

Бұның негізі мынада: «… каждый язык национально специфичен. При этом в языке отражаются не только особенности природных условий или культуры, но и своеобразие национального характера его носителей» [1. 21] . Бұған мазмұндас пікірді орыс ғалымы Я. И. Рецкеров та айтқан болатын «… каждый язык прежде всего национальное средство общения»[2. 89] .

Аудару үстінде түпнұсқада берілген ойды дәл жеткізу үшін тілдік құралдардың түр - түрін іздеуге, таңдап, табуға тура келеді. Бұл - аударманың шығармашылық сипаты бар еңбек екенін көрсетеді. Шығармашылдық сипат көркем аудармаға ғана тән емес, сол сияқты аударма қоғамдық - саяси, публицистикалық, ғылыми шығармаларда да, тіпті, қарапайым құжаттың өзіне де, ауызекі сөйлеуде де шеберлікті қажет етеді.

Ұсынылып отырған еңбегімізде біз «Көшпенділер» тарихи трилогиясындағы жалқы есімдер аудару жолдарын талдаймыз. Көркем шығарма нақты тарихи оқиғалармен байланыста болғандықтан оның бойында міндетті түрде нақты жалқы атаулар, әсіресе халық тарихында елеулі рөл атқарған тұлғалар есімдері, жер - су атаулары беріледі. Жалқы есімдерсіз адамзат қарым - қатынасы болуы мүмкін емес.

Жалқы есімдер - ұлттық мәдениеттің көрінісі ьолып табылады, яғни оларды ауылдары алыс орналысқан басқа ұлт оқырмандарына жеткізу аса үлкен біліктілікті қажет етеді.

Еңбекіміздің өзектілігі; зерттеу нысаны, мақсаты, міндеті, теориялық маңызы, практикалық маңызы.

Аудармашы арқылы қарым - қатынас жасау лингвоэтникалық кетергі арқылы қарым - қатынас жасаудың бірден - бір жалқы әдісі, жолы емес (Лингвоэтникалық кетергі ұғымы тілдік кетергі ұғымымен бірдей емес. Лингвоэтникалық кедергінің құрамына тілден басқа ұлттық, этностық, мәдени, салт - дәстүрлік, тарихи, психологиялық тағы да сол сияқты факторлар кіреді) .

І Жалқы есімдер - ұлттың лингвомәдени сипаттамаларының бір көрінісі.

Кез келген тілдің лексикалық қорының негізгі қабатын жалқы есімдер құрайды. Жалқы есімдерсіз адамзат қарым - қатынасы болуы мүмкін емес. Белгілі ғалым - топонимист Э. М. Мурзаев былай деп жазған: «Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, ұшақтар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме тоқтайтын жерлерде тұрып қалған болар еді. Ал газеттер жер шарының әр жерінде болып жатқан оқиғаларды қалай жеткізер еді?» Бұл ойды ары қарай дамытып, кісі аттары, жануарлар, ғарыш, планеталар, әдеби және басқа ғылыми, өнер шығармалары, тағам т. б. атауларын қатыстырып айтуға болады.

Ономастика - заттарды жекелеп атайтын жалқы есімді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Ономастика термині сонымен бірге жалқы есім жиынтығын - қазіргі ғылымда « онимия » ретінде белгілі онимдерді (гр. unoma, unuma « есім, атау ») атау үшін қолданады. Жеке ел, аймақ немесе мәтіндегі жалқы есімдердің тізбегі « ономастикон » (лексикон сөзіне сай) деп аталады. XXғ. 60 жылдарындағы жеке алғанда ономастикалық еңбектерде ономастика термині антропонимика , яғни адамның есімдер жиынтығы мағынасында қолданылған.

Жалқы есімнің табиғатын зерттеу, олардың ерекшеліктерін анықтау, семантикасы мен этимологиясын ашу, әр халықтың, әр аймақтың жалқы есімін сөзжасамдық құрылымын талдау зерттеушілерді жалқы есімді тарихи ғана емес, ұлттық та деген тұжырым жасауға итермелейді. «Ұлттық ономастиконның ерекшеліктері олардың белгілі бір ұлттық тілге қатыстылығында ғана емес, сонымен қатар ұлттық онимия жасалып, қалыптасқан ұлттық мәдениетке де байланысты» деп онамастика ғылымын зерттеуші Керімбаев айтқан [3. 25] . Сол себептен жалқы есімнің ұлттық ерекшелігі жөніндегі деректі халықтың ұлттық мәдениетінен іздеу керек. Бұл тұрғыдан жалқы есімге қатысты «ұлттық - мәдени ерекшелік» дегеніміз, халықтың біртұтас әлемге деген көзқарасы, әлеуметтік және материалды мәдениетті, сонымен бірге олардың жалқы есімнің семантикасында көрініс табуы.

Ұлттық ономастиконды қарастыру үшін, этимология тұрғысынан әр түрлі онимдерден тұратын разрядтар барын ескере отырып, жалқы есімнің қай ұлтқа қатысты екендігін анықтау керек. Ономастикада бұл мәселе бір жақты шешімді таппай талас тудырып келеді. М. В. Горбаневскийдің пікірі бойынша, «Ресейде жүргізілген ономастикалық зерттеулерде «орыс фамилиясы», «орысталған фамилия», «орыстарда қолдынылатын фамилия» терминдері бойынша пікірталас тууы заңды, ал топонимдерге арналған еңбектерде «орыс топонимі» терминіне кеңінен ұғымды - терминологиялық анықтама берудің қажеті жоқ. Орыс топонимі және орыс топонимиясы терминдеріне анықтама бергенде тарихи - мәдени, функционалды - қолданыс және әлеуметтік - географиялық басты критерийлері болып табылады. М. В. Горбаневский орыс топонимдік кеңістігі ұғымына орыс социумінде қазіргі кезеңдегі қалыптасу (синхрония) және қызмет атқарудың жалпы критерийлерін жатқызады.

Сонымен көптеген зерттеушілер этимологиясына қарамастан орыс тілінде қолданылушы және барлық бейімделу сатыларынан өткен топонимдерді орыс тілдік деп санайды. Бұл мәселе бойынша барлық пікірлерді талдай отырып, әр кезеңде және әр тілде қалыптасқан, белгілі бір территорияда, мысалы, Қазақстанда қолданылатын және белгілі тілдік социумда қолданылатын топонимдер нақты лингвомәдени қоғамдастыққа қызмет атқарады және оның топонимдік жүйесін құрайды. Сонымен қатар Қазақстан территориясында қазақ лингвомәдени қоғамда қызмет атқаратын берлық жалқы есімдер шығу тегіне (монғол, араб, орыс, парсы т. б. тілдерден енген) қарамастан қазақ ономастиконына енеді.

А. А. Беленцкий шығыс славян антропонимдерін этимология тұрғысынан талдап, олар славян және скандинав тілдерінен шыққан кейбір есімдер ( Владимир, Всеволод, Глеб, Ярослав т. б . ) есептемегенде, тарихи византия дәуіріндегі грек антропонимдерінен шыққан деген тұжырым жасайды. Қазіргі шығыс славян антропонимиясы славяндарға жатпайды, тіл туралы емес, есімдерді тіл иелерінің мәдениеті туралы дерек береді. Демек, А. А. Белецкийдің пікірі бойынша, «анторпонимдер және жалпы лексикадағы мұндай алшақтық негізінен мәдени араластық нәтижесі және күрделі мәдени эвалюцияның көрсеткіші болып саналады» [4, 78] .

Жалқы есімдердің ұлттық - мәдени ерекшелігі туралы сөз қозғау үшін нақты негіз болу керек. Нақты денотат атуында бейне, лексикалық я осындай негіз болып табылады, яғни аталмыш объектіге қатысты білім мен ақпарат жиынтығы болу керек. Жалқы есімдер адам таққан белгілер (белгі, символ, мифологемалар т. б. ) оның санасында туындайды және ойлау қабілетімен негізделген, адам тұрмысына байланысты болады. Әсіресе, Н. А. Бердяевтің пікірі бойынша, адам жеке - ұлт және ұлт ретінде адамзат тобына кіретіндігін естен шығармау керек.

В. Г. Костомаров пен Е. М. Верещагин «Ұлттық - мәдени компонент апеллятивтерден гөрі жалқы есімдерге тән» деп тұжырымдайды [5, 56] . Жалқы есімдердің мәдени - ұлттық табиғатына әр түрлі көзқарасты талдай отырып, Е. А. Керімбаев мынадай пікірге келеді: «Әр халықтың онимиясында мәдени - тарихи ақпарат жинақталған, қоғамның мәдени тарихына байланысты жалқы есімнің ерекшеліктеріне және типологиялық ұлттық мәдени ерекшеліктерін зерттеу ономастикадағы түбегейлі өзгеріс әкелетін бағыт болу керек».

Сонда ұлттық мәдениеттің көрінісі не? Негізінен жалқы есімдер атау таңбалары болып табылады, яғни олар жаңадан жасалмай, тілдегі бар құралдар арқылы пайда болады. Демек, ең алдымен, жалқы есім жасауға қатысатын және мәдени ақпаратты сақтайтын лексемаларды, сөзжасам модельдерін т. б. бөліп шығару керек. Оларды жасауға қатысатын сөздерге байланысты белгеле бір мағыналар жалқы есімге берілген. Дегенмен атау тағылған объекттің болмысымен тікелей байланыспаған мағына тек атау беруші үшін кей жақтарынан ғана дерек береді және халықтың мәдени реливантты концептерімен байланысты болады. Сонымен адам өміріне қандай да бір объектінің қатысуына қарай оны нақты жекелеу үшін ол туралы әр түрлі дерек жиналады. Мәселен, ұзақ уақыт көшпелі өмір кешкен қазақ халқы географиялық объектілерді атау үшін төмендегіні білдіруші лексикалық бірліктер қолданылған:

  • Табиғи объектілерді жекелеуші (батпақ жерлер -саз, томар, былқылдақ, батпақ, ми; топырақ түрлері -ащы, тұщы, сортаң, кейбір жайлау түрлері -Сарыжайлау, Жетіқоңыр) ;
  • әр түрлі дене бөліктері - анатомдық терминология (жал, бұғаз, қабырға, көз) ;
  • этнос атаулары - этнонимдер, ірі ру атаулары (мысалы, қалмақ, қазақ) және ішкі ру атаулары (мысалы, керей, уақ, матай, байыс) ;
  • тұрмыс заттары (мысалы, кереге, қазан, шүмек, сандық, қоржын) ;
  • діни - мифологиялық кейіпкерлер мен бейнелер (мысалы, шайтан, әулие, баба, ата) ;
  • тарихи және тұрмыстық оқиғалар (мысалы, Қалмаққырған, Қалмаққұлаңған, Ордақонған, Тақиякеткен, Жындықатынбұлағы) т. б.

ХХ ғасырдың 60 - жылдары қазақ ономастикасында бұл белгілер анықталып қойылған, бірақ қалыптасып келе жатқан лингвомәдени және этнолингвистикалық бағыттарға қатысты арнайы талданбаған. Топонимдік зерттеулерінде А. Әбдрахманов қазақ топонимдерінің жасалу ерекшеліктерін көрсеткен:

  • геоморфологиялық құрылымды, рельефті және қазақ шаруашылығымен (мал шаруашылығы) байланысты жерлердің айрықша белгілерін нақты көрсетуі;
  • өсімдік әлемімен байланысты топонимдердің көп болуы (малшыға жайлауды таңдауда оңай болады) ;
  • жануар әлеміне байланысты топонимдер (сол жердегі жабайы аңдар туралы мәлімет береді) ;
  • басқа заттарға ұқсатып, солармен салыстыра аталған бейнелік топонимдер, сонымен қатар географиялық объектілердің сыртқы белгілері, ерекшеліктерін көрсететін топонимдердің болуы. Белгілі бір оқиғаларға байланысты аталған топонимдерді де осы топқа жатқызуға болады.

Сонымен жалқы есімдердің семантикасында ұлттық - мәдени компоненттің қатысы, В. Г. Костомаров пен Е. М. Верещагиннің пікірі бойынша, «бұл компоненттер атау формасынан шығарылуы мүмкін (айталық - Новгород - новый город, Ленинград - город ленина ), дегенмен тарихи - әлеуметтік тұрғысынан коннотация көбірек байқалады (мысалы, Киев - орыс қалаларының анасы, Хиросима - жай ғана Жапон қаласы емес, ядролық жарылыстан жапа шеккендер символы) .

Қазақ халқының тарихында да мұндай атаулар баршылық, мәселен, Түркістан - түркілердің киелі бесігі, кеңес өкіметі кезінде ғарыш қаласы символына айналған Байқоңыр қаласы, ядролық жарылыс құрбаны болған, «Невада - Семей» қозғалысының басты себепкері - Семей қаласы т. б.

Демек жалқы есім мәдени этностың вербалды белгілері және символдары болып табылады. «Дәстүрлі халықтық (яғни ұлттық) мәдениеттің тілдік кодының белгісі ретінде жалқы есімдер жеке ономастикалық кодты құрып, тілде ерекше орын алады» [Толстой, 6, 597] . Аталмыш еңбектің авторлары мәдениет ономастиконы мен жалпы тілдік ономастиконды бөліп қарастырады. Соңғысы, біздің пікірімізше, тіл иесі тұрғысынан талданбайтын жалқы есім, тілдегі кірме және шет тілді жалқы есім қатысымен ерекшеленеді.

Мәдени ономастиконы, яғни көне тілдік материал негізінде жасалған және белгілі бір этностың өміріндегі ұлттық - мәдени ерекшелікті көрсететін жалқы есім. Дегенмен, мәдени құндылықтардың қалыптасуын және олардың жалқы есім жасауына ықпалын анықтау үшін белгілі бір синхронды кезеңдегі мәдениет пен жалқы есімдер өзара байланысын қалыптастыру керек. Фразеологиялық бірліктерді зерттей отырып, Н. В. Телия «Тілдік белгілердің мәдени интерпритациясы ментальдық бағыттарға қарай өзгереді» деген тұжырым жасайды [9. 7, 3-12] . Бұл тұжырым жалқы есімге де қатысты, яғни әр кезеңде ономастикалық номинацияға сол кезеңге тән мәдени реалийлер кіреді. Халық ғұрпында әр кезеңдерде мәдениет сәйкестігі сақталса, мәдени интерпритация да сақталады.

Қазіргі ономастикада жалқы есімнің ұлттық - мәдени ерекшеліктерін зерттеу ең алдымен топоним мен антропоним материалдары негізінде жасалады, ал жалқы есімнің басқа түрлері лингвомәдениеттаным, этнолингвистика тұрғысынан зерттелмеген. Дегенмен, олардың мәдениеттің өтпелі кезеңдері туралы қосымша дерек берері сөзсіз. «Барлық онмастика этнографиялы - кісі атынан бастап құдай атына дейін, қала атауынан бастап елді мекен немесе ғарыш объекті атауына дейін» деген тұжырымның тууы да заңды [8, 5] .

1. 1 Ономастика ғылымының кешегісі мен бүгінгісі.

Ежелгі дәуірден жалқы есімдердің тілдегі ерекше орны мен олардың мәніне назар аударылған. Көне дәуір ойшылдары жалпы есімдер мен жалқы есімдерді бөліп қарастырып, атаулардың ақиқаттығы мен қажеттігі, зат пен атаудың тығыз байланысы, атаулардың мағынасы, атаулардың жекелік тұлғалығы т. б. жөнінде ережелер жасады. Бірақ атаулар әр разрядтарға бөлініп алынбаған, жалқы есім мен жалпы есімге нақты бөлінбеген, олар біртұтас категория ретінде зерттелген, яғни жалқы есімдерді қарастырған көне дәуір ойшылдарынан Хрисипп, Дионисий Фракинский, Апполоний Дискон, Диомед, Донат, Консентий, Демокрит, Платон, Аммоний Диодор Крон, Секст Эмпирик т. б. есімдерін атауға болады. Олардың ой-тұжырымдары, өткен дәуірлерде өмір сүрген ойшылдар, философтар және лингвистердің ізденістерінің негізіне сүйенген. Алайда, олардың ізденістері бойынша жалқы есімдер жүйе ретінде емес, жеке сөздер ретінде қарастырылған. Кейбір ғалымдар өздігінше талпынып, біраз жалқы есімдерді сөздіктерге енгізген.

Ономастиканың қазіргі теориялық жағдайы XIII - XVIII ғғ. ғалымдардың атаулар жөніндегі философияның ой - толғамдарына негізделеді (Фома Аквинский, Томас Гобсс, Дж. Локк, Г. Лейбниц т. б. ), кеиінірек XIX мен XXғ. басында Еуропада жалқы есімдер туралы, жеке тұлғаларға тағылған белгі, таңба ретінде ерекшелігін зерттеу дамыған, лексиканың басқа қабаттарымен салыстырмалы түрде жалқы есімдердің ерекшеліктері анықталған, жеке алғанда терминдер мен жалқы есімдердің мағынасы мен мазмұны қаралған (Дж. Стюарт Милл, Х. Джозеф, Б. Рассел, Л. Сьюсан Стеббинг, А. Нурен, М. Бреаль т. б. )

Тек XXғ. 30-жылдары ономаастика ғылым ретінде дәрежеге ие болды. 1930 жылы Альбер Дозаның нұсқауы бойынша әр елде жыл сайын екі рет өтетін 1-ші Халықаралық ономастикалық конгресс Францияда шақырылды. 1949 жылы Бельгияда 1950 жылдан ономастика бойынша библиография жасайтын «Онома» журналын шығарушы ЮНЕСКО шеңберіндегі Халықаралық ономастикалық комитет құрылды.

Ғылыми пән ретінде құрылғанға дейін ономастика үш кезеңді басынан өткізеді:

  • ғылымға дейінгі (ХІХ ғасырға дейін) ;
  • ономастиканың ғылым ретінде қалыптасуындағы алдыңғы кезең (ХІХ - ХХғғ. Басы) ;
  • ғылыми (ХХғ. 30 - жылдарынан бастап қазірге дейін) .

Казақ ономастикасы. Қазақ ономастикасы өз кезегінде әлемдік еңбектерге, соның ішінде орыс, түркі ономастикасының еңбектеріне сүйене отырып, Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзақов, А. Әбдірахманов, Ә. Т. Қайдаров, В. Н. Попов, О. А. Сұтаньяев жүйелі зерттеулерінің арқасында дамыды. Ономастикалық материалдарды апеллятив лексикамен бірге қолданып, қазақ тілін айқындау XXғ. 30 - 50 - жылдары белгілі қазақ лингвистері А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Ж. Досқараев, С. А. Аманжолов, А. Ысқақов, Г. Ғ. Мұсабаев т. б. еңбектерінде жасалған; олар жеке топонимдер мен антропонимдерге этимологиялық этюдтер жазды.

Сөзде фонетикалық өзгерістерді анықтау, қазақ тлінің тарихын және оның диалекті ерекшеліктерін зерттеу, қазақ қоғамын, рулық құрамының иерархиялық құрылуына тарихи сәйкес ру - тектік атаулардың шығу тегін, этимон және сөз мағынасын анықтау мақсатында этимологиялық принціпті қолдану жеке ономастикалық фактілерге сүйеніп жүргізілді.

Ең алғашқы кандидаттық диссертация түрінде «Қазақ халықтық географиялық терминдер» тақырыбына топонимикалық зерттеуді мамандыңғы бойынша географ Ғ. Қ. Қоңқашпаев жасады. Ғалым Қазақстан топонимдерінің әр түрлі шығу тегіне және олардың құрамындағы географиялық терминдерге терең талдау жүргізді. Ол ең алғашқы «Қазақ географиялық атаулар сөздігі» атты топонимикалық еңбекті жарыққа шығарды (1963 ж. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын және қазақ тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерді баламасыз лексика ретінде қарастыру және олардың аудару кезіндегі ерекшеліктерді анықтау
Қазақ тілінен ағылшын тіліне реалиялардың аудару мәселелері және реалийлердің жіктелуі
Oнoмастика және аударма
Реалиялар - лингвистикалық құбылыс ретінде
Қазақ, орыс, ағылшын әдеби шығармаларындағы реалийлердің аударылу жолдары
Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары
Ағылшын тілінде зат есімдердің жекеше түрлерінің мағынасы
Неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздері
Аударма теориясы және аударма түрлері
Қазақтың тұрмыстық болмыстарының аудармасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz