Адам анатомиясы пәнін заманға сай оқыту үшін электрондық оқулық құрастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері . . . 5

1. 2 Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын биология

сабақтарына еңгізу жолдары . . . 6

1. 3 Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру . . . 7

1. 4 Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшеліктер және модульдік

технологияның тиімділігі . . . 9

1. 5 Электрондық оқулықтарды пайдалану ерекшеліктері… . . . 11

2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

2. 1 Электрондық оқулық жасайтын бағдарлама . . . 16

2. 2 Электрондық оқулыққа пайдаланылатын материалдар . . . 18

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛҚЫЛАУ

3. 1 Адам анатомиясы пәні бойынша электрондық оқулықтың

құрылымы мен қолдану тиімділігі . . . 19

3. 2 Адам анатомиясы ғылымының даму тарихы . . . 19

3. 3 Сүйектер туралы ілім - OSTEOLOGIA . . . 24

3. 4 Сүйектердің байланысуы туралы ілім- SYNDESMOLOGIA . . . 26

3. 5 Адамның қанқасы . . . 28

3. 6 Бұлшықеттер туралы ілім - MYOLOGIA . . . 39

3. 7 Ішкі мүшелер туралы ілім - SPLANCHNOLOGIA . . . 43

3. 8 Ас қорыту жүйесі - SYSTEMA DIGESTORIUM . . . 45

3. 9 Тынысалу жүйесі- SYSTEMA GESPIGATOGIUM . . . 53

3. 10 Несеп - жыныс жүйесі- SYSTEMA UROGENITALE . . . 56

3. 11 Ішкі секреция мүшелері туралы ілім . . . 61

3. 12 Жүйке жүйесіне жалпы шолу . . . 63

3. 13 Жүрек - тамыр мүшелер жүйесі . . . 67

3. 14 Анализаторлар туралы жалпы түсінік . . . 73

3. 15 Адам анатомиясы пәні бойынша тест тапсырмалары . . . 81

3. 16 Адам анатомиясы пәні бойынша глоссарий . . . 86

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 89

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 90

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманға сай оқыту процесінде адам анатомиясын терең түсіндіру үшін электрондық оқыту құралдарының алар орны ерекше. Бірақ қазіргі кезде қазақ тілінде құрастырылған электрондық оқулықтар аз болғандықтан оқу жүйесін электрондандыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр [1] .

Жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты бөліктерінің бірі -дамыта оқыту. Осы талаптарды орындау үшін:

  1. студенттердің оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуына әрекет ету;
  2. оқытудың дербес және топтық түрлері арқылы студентке сенім арту, мұғалім- ұйымдастырушы, бағыт беруші;
  3. жаңа технологияның мақсаты - оқытуды ізгілендіру [2] .

Қазіргі заманда педагогикалық ой - тұжырымдардан студенттерге еркін білім беру, студенттің жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігін дамыту басты рөл атқарып отыр. Олай болса қазіргі ұстаздардың алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан- жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Қазіргі оқу процесін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектелмейді, студенттің жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдеріне үйрету, дағдыландыру [1] .

Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану жас өспірімдердің танымдық белсенділігін артырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Адам ағзасы, мүшелер жүйесімен байланысын, сонымен бірге біртұтас жүйе екендігі жөнінде студенттерде дұрыс түсінік қалыптастыру. Адам анатомиясының оқыту процесі кезінде жас өспірімдер адам ағзасының қоршаған ортамен байланысы бар екендігіне көз жеткізу [3] .

Электрондық оқулық дегеніміз - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы. Электронды оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, студенттің өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады [4] .

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту».

Зерттеу жұмысының мақсаты.

- Білім берудің жаңа технологияларын «Адам анатомиясы» пәнін оқыту процесінде қолданудың жолдарын анықтау;

- «Адам анатомиясы» пәнін заманға сай оқыту үшін электрондық оқулық құрастыру.

Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер

  • «Адам анатомиясы» тарауы бойынша электрондық оқулық жасау.
  • Электрондық оқытудың маңыздылығына шолу жасау;
  • «Адам анатомиясы» пәнінің тарауларын талдау;
  • Тест тапсырмалары мен глоссарий құрастыру;

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Қазақ тілінде электрондық оқулықтардың жетіспеушілігі негізінде құрастырылған

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін мектепте, лицейде биология пәні бойынша қолдануға болады. Мектеп оқушыларына қосымша материал ретінде ұсынуға болады. Сонымен қатар жоғарғы оқу орнының биология және денешынықтыру мамандығының студенттерін адам анатомиясы пәнін оқыту барысында пайдалануға мүмкіндік береді.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдері

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді [1] .

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірибиелеріңізде қолданудан өзіңіздің біліктілігініздің арта түскендігін аңғарасыз. Сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады [5] .

Студенттердің қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, студенттерге жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға студенттерге мүмкіндік жасалынады [3] .

Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқа сөйлейтін студент да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде студенттер әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге студенттердің пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым- қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Студенттердің жазған пікірі басқа студенттердер пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады [2] .

Эссе - өз ойын білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мен эссе жаздыруға көп көңіл бөліп, өсімдіктану тіл сабақтарымен интегративті қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде студенттерге «Тамырдың маңызы», «Өсімдік пайдасы», «Гүлді өсімдіктер» тақырыптарында үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге болады [2] .

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде оқытушы мына нәтижеге жетеді.

- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

- студентті басқа жақтарынан таниды;

- өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды;

- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;

- студенттің жұмысын бағалайды.

Осы міңдеттерді орындауды оқытушы өзінің тақырыбы мен сабақ үрдісінде стратегияларды ұтымды пайдаланып, студенттер арасында жеке, топтық іс әрекеттерді ұйымдастырады [2] .

«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:

- студент пен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына;

- студенттерге өз пікірін айта білуіне;

- оқыту процесіне барлық студенттерді қамтуға;

- шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды [1] .

Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы студенттердің жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған студенттердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады [4] .

1. 2 Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын биология сабақтарына еңгізу жолдары

Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол - оқыту процесіне педагогикалық технологияларды кеңінен еңгізу [4] .

Саралап деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны «модульге» бөлінеді. Модуль дегеніміз - мазмұны, талабы ортақ бірнеше тақырыптардан тұратын, күнтізбелік жоспардағы әрі бақылау жұмысының арасында өтілетін оқу материалдары. Әр сабақ соңында үш сабақ ерекше болады:

  • қорытынды өздік жұмыс сабағы;
  • қатемен жұмыс сабағы;
  • бақылау жұмыс сабағы.

Деңгейлеп саралап оқыту нәтижесінде төмендегідей табыстарға қол жеткізуге болады:

  • әр тақырыптың 1 -деңгейінің тапсырмаларын міңдетті түрде және дұрыс орындаған үшін «сыңақ алу арқылы, әр оқушы пән бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік алады»;
  • әр тақырып бойынша қорытынды баға оның әлі келгенше еңбектеніп жинап алған ұпайына сәйкес қойылады;
  • әр оқушы үй тапсырмасы мүмкіндігіне қарай саралап беріледі,
  • оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететін саласынан дарының ашуға жағдай жасалынады [6] .

Рейтинг жүйе бойынша бағалау.

Деңгейлеп саралап оқыту оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы бағалап отыру көзделеді. Аталған жүйе оқушылардың оқу сапасын, білімді игеру дәрежесін барынша толыққанды көрсетеді. Рейтингтік жүйе оқушының тапсырманы өз бетінше орындауына мүмкіндік жасайды. Рейтингтің арқасында ұстаз бен шәкірттің арасында оқушының ақыл - ой әрекетінің басқа да сипаттамалары, атап айтсақ, орындау тездігі, түсінігінің тереңдігі арқылы оқу мотивін арттырып көрсететін кері байланыс үзілмейді [5] .

Рейтинг жүйесінің артықшылықтары оқушы қызметінде:

1. Оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді;

2. Пәнді оқытуды ізгілендіру ұстамына жәрдемдеседі;

3. Оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастырады;

4. Рейтингті бақылау қызметі тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы рөл де атқарады.

5. Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл - ой әрекетінің сипаттамаларын, тапсырманы орындау тездігі, түсіну тереңдігі т. б. көрсететін жүйелі байланыс сапасы артады;

6. Жұмыс нәтижесі мен өз мінез құлқын дұрыс бақылап - бағалау дағдысын қалыптастырады;

7. Ырықты зейінін тәрбиелеп, жетілдіруге ықпал етеді [5] .

Мұғалім қызметінде:

1. Оқушының оқуындағы кемшіліктерді анықтап, түзетудің әдістері мен тәсілдері алдын ала белгілі жүйеге келтіру мүмкіндігі бар;

2. Бақылау үлгілерін, бағалаудың қалыпты критерийін жасау;

3. Оқу қызметін тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәсілдерін меңгеру;

4. Сыныптағы әр оқушы үшін жаңа көңіл - күй ахуалын қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастыру [1] .

Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқыту - оқушының жеке бас ерекшелігі, рухани дүниесі, қабілеті, бейімділігін ескере отырып, оқу процесі арқылы әр оқушының өз бетінше танымдық қызметін, белсенділігін дамытуды көздейді

1. 3 Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру

Модульдік оқыту технологиясының мәні: студентті модульмен жұмыс істеу процесінде нақты мақсаттарға өздігінен (немесе белгілі көмек нәтижесінде) қол жеткізеді. Модуль бұл - оқу мазмұны мен оны меңгерудің технологиясы біріктіріліп берілген мақсаттық функционалдық түйін [4] .

Модульдің құрамы:

- әрекеттің мақсатты жоспары;

- аппарат банкі;

- дидактикалық мақсаттарға жетуге арналған әдістемелік нұсқау.

Бұл технологияны оқыту мазмұны аяқталған дербес аппарат блоктары түрінде ұсынылады. Оларды меңгеру дидактикалық мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаны құру үшін курстың негізгі ғылыми идеялары бөлініп алынып, оқыту мазмұны солардың төңірегінде белгілі бір блоктарға топтастырылады. Содан кейін екі деңгейден тұратын кешенді дидактикалық мақсаттар анықталады. Оның біріншісі - оқу мазмұның меңгеру деңгейі, екіншісі-оны практикада және оқуды әрі қарай жалғастыруда қолдануына бағдарлау деңгейі. Кешенді дидактикалық мақсаттардан кіріктірілген дидактикалық мақсаттар бөлініп алынады да, модульдер соған сәйкес дайындалады [4] .

Модульдер үш типке бөлінеді:

- танымдылық, ғылым негіздерін оқытуда қолданылады;

- операциялық, іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және дамыту үшін қолданылады;

- аралас, алғашқы екеуін қамтиды [2] .

Модульдік оқыту барысында өзіндік жұмысқа барынша көп уақыт бөлінеді. Студент мақсат қоюға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауға үйренеді. Бұл оған оқу әрекетіндегі өз күшін байқап, сезінуге, өзінің білім, білік, дағдыларындағы кемшіліктерін табуына мүмкіндік береді. Модульдік оқыту технологиясын қолдану оқытуды субъект қатынасына негіздеп құруға көмектеседі [2] .

Модульдерді кез келген оқыту жүйелерінде қолдануға болады. Ол оқытудың сапасын жақсартып, тиімділігін арттырады. Сондай-ақ дәстүрлі оқытумен үйлестіру өте нәтижелі [1] .

Модульдерді жасаудағы мақсат курс немесе курстың әрбір тақырыбының мазмұның педагогикалық, дидактикалық және кәсіптік міңдеттерге сәйкес құрамдас бөліктерге бөлу болып табылады. Одан кейінгі мақсат-барлық құрамдас бөліктер үшін оқытудың ең тиімді түрлері мен формаларын анықтап, оларды уақыт жағынан үйлестіру және бір кешенге біріктіру, кіріктіру [6] .

Оқу материалдарын модуль бойынша құру - міңдетті және маңызды процесс, себебі ол:

- пән мазмұнын дамыту логикасын нақты айқындауға;

- осы мазмұнның бөліктері мен байланыстарын белгілеуге;

- олардың автономдылығының деңгейін анықтауға,

- олардың арасындағы логикалық байланыстарды тек мұғалімнің ғана емес, студенттің да толық түсінуіне жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.

Модульдің оқу материалдарының мазмұнын анық, дәл құру студенттердің жетекші идеяларды, оқу пәнінің даму логикасын, жалпыланған білім жүйесін саналы меңгеруіне көмектеседі [1; 4] .

Оқу материалдарының мазмұның құру барысында оқу пәнін мұғалім белгілі бір жүйе ретінде қабылдауы тиіс. Логикалық құрылымды талдау графасы мұғалімге аталған модульді меңгерту кезіңде студенттерде қандай арнайы пәндік білік, дағдылар қалыптасуы керек және оны игеру процесін жеңілдету үшін қандай жалпы білік, дағдылар қолданылатының анықтауға көмектеседі. Қажетті біліктер мен дағдылар жүйесі студенттердің жаңадан иергендерімен қоса, бұрынғы білік, дағдыларына сүйеніп қалыптасады. Студентте бұрыннан бар білік дағдылар танымдық іс әрекеттің жаңа тәсілдерін меңгеру үшін негіз болып табылады. Оқу материалдарын модульде орналастыру, баяндау жүйесі оқушыларда іс әрекеттің жалпылама тәсілдерін құрастыру үшін жағдай туғызады. Нақтылы бір бала үшін жаңа болып табылатын маңызды білік, дағдылар туралы ақпараттар модульдің мазмұнына еңгізіледі. Бұл мағлұматтар әр түрлі әрекеттеріне арналған бағдарлық негіз түрінде беріледі. Ол оқу іс әрекетін күтілетін нәтижеге ғана бағдарлап қоймай, осы нәтижеге қол жеткізетін тиімді әдістерді іздеуге де көмектеседі. Бұл оқушылардың іс әрекетте шығармашылықпен қарауын дамытып, модульдік оқыту процесінде өздігінен жұмыс істеу, білім алу деңгейін жоғарылатады. Мұны іске асыру модуль мазмұның құру кезінде белгілі бір шарттар ескерілген жағдайда мүмкін болады[3; 4] .

1. 4 Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшеліктер және модульдік технологияның тиімділігі

Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшелік - модульдегі басқару қызметі өзін-өзі басқару қызметі және өзін- өзі бағалау қызметімен алмасады. Оқыту процесінің дамуына қарай мұғалім оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңесші және координатор рөлін көбірек атқаратын болады. Оқытуды басқару біртіңдеп көзге білінбейтін, жабық түрдегі басқаруға айналады [6; 7] .

Модульдік оқытуға мынадай тәуелділік тән:

оқытудың мақсатына - жеке тұлғаның шығармашылық дербестігін қалыптастыруға - теориялық жалпылау деңгейінде оқытудың мазмұны арқылы оқушылардың репродуктивті, продуктивті іс әрекетін іске асыратын әдістердің көмегімен қол жеткізеді.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін күтілетін нәтижеге және оған қол жеткізудің тиімді жолдарын іздеуге бағыттайтын мақсаттарды айқындау деңгейінде оқыту процесін дамыту бағыты беріледі, танымдық дербестігінің даму қарқыны анықталады. Оқытудың бастапқы кезеңінде бірінші модульмен жұмыс барысында оқушылар мұғаліммен бірге оқытудың мақсаттары мен міңдеттерін айқындайды. Модульдің құрамдас бөліктерінің бірінен екіншісіне көшкен уақытта дәл сол бөліктегі оқу материалдарын толық меңгерудің қажеттілігін, яғни келесі бөліктегі материалдарды онсыз түсінуге болмайтының оқушылардың саналы сезінуіне жағдай жасау керек. Осылайша оқушылар өз әрекеттерінің бағдарламасын өздігімен құруға біртіңдеп дағдыланады [1; 3] .

Модульдегі оқу материалдарын орналастырудың ерекшелігі олардың белгілі бір принциптер, заңдылықтар, жетекші идеялар деңгейінде игерілуін қамтамасыз етеді, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін қалыптастырады. Бұл өз кезегінде оқушылардың танымдық дербестігі мен қабілеттілігін дамытады. Тек қарапайым міңдеттерді ғана емес, жаңа технологиялық және практикалық міңдеттерді шешуге итермелейді [6; 7] .

Қазіргі оқыту процесінде модульді оқыту технологиясы кеңінен қолданылуда және өз тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері:

1. Құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлесу, қорытынды) .

2. Өзін - өзі бағалау.

3. Топтық жұмыстағы белсенділік.

4. Көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі.

5. Еркін тәрбиеге баулу [7] .

Әрбір тарауға құрылған жоспар бойынша кіріспе бөлімінде сабақ түсіндіріледі. Сөйлесу бөлімінде оқыту, үйрету ойындары нәтижесінде оқушының ізденісі, қызығуы жалпы білім деңгейі артады. Қорытынды бөлімінде тарауды қорытындылау мақсатында тест алынады, соңынан сынақ тапсырылады. Барлық оқушыларға тест пен сынақ басы бойынша қорытынды баға шығарылады [8] .

Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын модульді өзінің құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады:

- кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа ену),

- сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы

оқушылардың іс әрекеттерін ұйымдастыру),

- қорытынды бөлімі (бақылау жұмысын алу) [4] .

Әр модульге сағат саны әртүрлі беріледі және баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды.

Бүгінгі күні білім беру саласында түбегейлі өзгерістер болуда. Сапалы білім беруде мұғалімнің міндеті - білім технологиясын бүгінгі күн талабына сай жетілдіру. Білім беруді шебер ұйымдастыру, үнемі озық идеялар ұсыну мен дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру ісіне атсалысу. Сонымен қатар мемлекеттік стандартқа сай білім берумен білімін бағалау. Осы орайда басты назарда - сабақ, жаңа материалды меңгерту, тәрбиелеу. Сабақ оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше, сабақтың өз мәнінде өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Ал, мұғалімнің шеберлігі - сабақтың түрі мен оны өткізудегі тиімді әдіс - тәсілдерін таңдай білуі. Одан кейінгі кезекте төмендегі талаптардың бір арнаға тоғысуы:

  1. Теориялық білімнің жоғары дәрежеде болуы;
  2. Сабаққа мақсатты айқын қою;
  3. Таңдаған әдісін мұғалімнің өзі жетік білуі;
  4. Жаңа білімді өткенімен байланыстыру;
  5. Оқушының жас ерекшелігін, денсаулығын, гигиеналық талаптардың орындалуына көп көңіл бөлу керектігі [1] .

Жаңа материалды оқыту дегеніміз білім, таным, дағды мен іс - әрекеттің қалыптасуы.

Жаңа материалды меңгеру кезінде назарда:

  1. Жаңа материалды баяндау, түсіндіру;
  2. Ертеректе алған білімді жаңартатын сұрақ тапсырмалары;
  3. Білімді саналы пайдалануға тапсырма беру;
  4. Дағдыны жетілдіруге берілетін тапсырма;
  5. Шығармашылық тапсырма;
  6. Ғылыми білімді талдай білуге берілетін тапсырма;
  7. Сызба - нұсқалық тапсырмалар;
  8. Күнделікті өмірмен байланыстыру тапсырмалары т. б [8] .

Қазіргі кезде биоинформациялық үрдіс кеңінен қолданылуда. Биоинформациялық процесс дегеніміз - оқыту жүйесін тікелей қарымқатынас нәтижесінде ақпараттың бірінен - біріне тасымалдануы. Яғни мұғалімнен - оқушы - оқушыдан - мұғалімге деген ұғымды білдіреді [1] .

Жаңа адамды тәрбиелейтін жаңашыл ұстаз жүрек жылуын, адамгершілік қасиетін балаға бірдей беруі қажет. Ұлтымызға тән тағы бір қасиет білімді біліктіліктен ажырата білу. Ағартушы ұстаз тәлімгер Ахмет Байтұрсыновтың ұғымында білім біліктілікке жеткізер баспалдақ қана, ал біліктілік дегеніміз - білімнің жеткілігі ғана емес, сол білімді іске асыра білу дағдысы. Педагогика ғылымының кандидаты, доцент Н. А. Оразақынова «Сатылай комплексті талдау» технологиясының басты қағидаларының бірі жоғары қиындықта оқыту [4] .

Бұл технология:

  • материалды ғылыми негізде меңгеруге;
  • оқушының танымдық қабілетін дамытуға;
  • білімді демократияландыруға және ізгілендіруге;
  • танымдық процестері / жанды, ойлау, зейін, елестету/ дамытуға;
  • жеке тұлғаның кез келген қиындықта даяр болуы, оны жеңе алуы, танымдық қабілеттерін арттыруы, шығармашылық ізденісімен оқушы мүмкіндігінің ашуына ықпал жасайды.

Сатылай комплексті талдаудың негізінде:

  1. Материалды сатылай талдау арқылы сапалы білім беруге болады;
  2. Тапсырмалар жүйесі оқушының білім біліктілігін арттырып логикалық ойлануын дамытады;
  3. Пәнаралық байланыс, танымдық қызметі артады.

Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады [2] .

1. 5 Электрондық оқулықтарды пайдалану ерекшеліктері

Қазіргі заманда педагогикалық ой - тұжырымдардан студенттерге еркін білім беру, жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігін дамыту басты рөл атқарып отыр. Олай болса қазіргі ұстаздардың алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Қазіргі оқу процесін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектелмейді, студенттің жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдеріне үйрету, дағдыландыру [3; 4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Адам анатомиясы пәнін оқыту арқылы сандық білім беру жүйесі, технологиялары рөлі, маңызы
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Биология пәнін оқыту әдістемесі
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz