І. Жансүгіровтың Құлагер поэмасын инновациялық әдіс арқылы оқыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. 2. 1 Қазақ әдебиеті сабақтарында қазіргі сабаққа қойылатын талаптар мен оқыту әдістері. . . 72. 2. Қазақ әдебиетін оқытуда сабаққа қойылатын талаптар мен өлшемдер. . . 10

2. 3. Жазушы шығармашылығына жалпы сипаттама, «Құлагер» поэмасының жазылу тарихы . . . 12

2. 4 . І . Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы өмір шындығы. Ақан трагедиясы . . . 16

2. 5. І. Жансүгіров поэмаларын көркемдік ерекшелігіне талдау . . . 24

ІІІ. Қорытынды . . . 50

К І Р І С П Е

Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің алдында тұрған басты мүдде өркениетті, қуатты елу елдің қатарына қосылуға қол жеткізу әлемдік білім кеңістігінен орын алумен де өлшенеді. Бүгінгі таңдағы көкейтесті бұл мәселе оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, оқу үдерісін жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту, жан-жақты дамыған рухани жан дүниесі бай жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеу ісімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы оқыту мен тәрбиелеудің басым бағыттарын айқындап берді [1, 2] .

Қазақ мектептері үшін бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе - халқымыздың мәдени-рухани қазынасын жасаушы жеке тұлғалардың шығармаларын оқушы бойына жан-жақты терең де түбегейлі сіңіре отырып, жоғары мәдениетті ұлттық сананың негізін қалыптастыру. Өткен тарихты тиянақтау, әдеби-мәдени мұраларды қалпына келтіру Қазақстанды өркениетті дамытудың маңызды саяси мәселесі ретінде де зор мәнге ие болып отыр. Қазақ халқының аса бай мәдени мұрасын жүйелеп қалпына келтіру, сақтау және одан әрі дамыту мақсатында 2003 жылы жарияланған «Мәдени мұра» бағдарламасының мәні мен маңызы ерекше [2, 1] . Халқымыздың мәдени-рухани бай қазынасының негізінде оқушы бойында жоғары мәдениетті ұлттық сананың негіздерін қалыптастыру бүгінгі оқыту үдерісіндегі әр пәннің алдындағы басты мәселе болып табылады. Соның ішінде әдебиет пәнінің атқарар жүгі ерекше. Өйткені, «Әдебиет мектеп ішіндегі ақыл, сезім тәрбиелеп, қалыптастырып, жетілдіруден басқа, оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгінгі пішінін таныту керек», - деп кезінде М. Әуезов текке жазбаса керек [3, 32б] .

Мектептегі қазақ әдебиетін оқыту мәселесі А. Көшімбаев, Ә. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Т. Ақшолақов, Ә. Дайырова, Т. Жұмажанова, Б. Әрінова, С. Тілешова т. б. ғылыми-зерттеушілердің зерттеу еңбектерінде, сондай-ақ М. Мұстафина, Ә. Мұхтарова сияқты әдіскерлердің әр қырынан қарастырылғанымен, жеке ақын-жазушылардың шығармаларын оқыту мәселелері ғылыми-әдістемелік негізде толық шешімін тапқан жоқ.

Қазақ әдебиеті тарихындағы мәдени мұралар қорынан мол орын алатын Ілияс Жансүгіров шығармаларын орта мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негізін жасау әдістеме ғылымының ауқымын кеңейтіп, мазмұнын байытары сөзсіз. І. Жансүгіров шығармалары әдебиеттің пән ретінде қалыптасқан күнінен бастап оқу бағдарламасынан орын алуда. Мектеп мұғалімдерінің әр түрлі басылымдарда жарық көрген санаулы мақалаларынан, сабақ үлгілерінен басқа ақын шығармаларын оқыту мәселесін әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде зерттеп, ғылыми негіздеу күні бүгінге дейін өз шешімін тапқан жоқ.

Ақынның ұлтжандылыққа, туған елге, халқына деген ізгі ниетті сүйіспеншілікке, адамгершілік рухта тәрбиелейтін туындыларын мектеп бағдарламасы бойынша жас ұрпаққа меңгертудің жолдарын қарастыруды көздедік. Қазақ поэзиясынан өзіндік жетекші орын алатын І. Жансүгіров туындыларын оқушыларға еліміздің егемендігіне сай ұтымды жолдармен оқытудың, баланың жас ерекшелігін, психологиялық қабілет-қарымын, қабылдау деңгейін ескере отырып меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдеріне арналған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жетіспеуі І. Жансүгіровтың шығармаларын оқытудың оқу-әдістемелік кешенді жүйесін жасаудың қажеттілігін күн тәртібіне қойып отыр. Ақын туындылары арқылы оқушының білім-білік деңгейін тереңдетуде, дүниетанымдық көзқарасын кеңейтуге, өз бетінше ізденіп оқу әрекетін қалыптастыруға баулитын әдістемелік дағдыларды меңгертудің ғылыми-әдістемелік негізін жасау. Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде оқу бағдарламасы бойынша І. Жансүгіров шығармаларын озық технологияның кейбір түрлері мен оқытудың ұтымды ғылыми-теориялық әдістемесін ұсыну, ақын шығармаларын меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау, кешенді әдістемелік жүйесін жасау.

Жеке тұлғаның интеллектуалдық қабілетін дамыту да, рухани жан дүниесін байытуда ақын туындыларын шығармашылық оқу әрекеттері арқылы тиімді жолдармен меңгерту оқушылардың сапалы да терең білім алуына көмектеседі, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Қазақ әдебиетін оқытудағы озық тәжірибелер, соңғы жылдарда кеңінен қолданылып жүрген оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін басшылыққа алу. Педагогика, психология, әдістеме ғылымдарының жетістіктері, отандық және шетелдік деңгейдегі ғылыми зерттеулерді ұтымды да тиімді пайдалану. І. Жансүгіров шығармаларын алғаш рет орта мектепте озық технология үлгілерімен оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін қалыптастырып, кешенді жүйеде сабақ дайындау. Сонымен қатар оқушылардың танымдық деңгейін І. Жансүгіров шығармаларына деген өзіндік зерттеушілік ізденісін қалыптастыруға, білімін тереңдетуге, ойлау қабілетін дамытуға негізделген тиімді әдіс- тәсілдер, әдеби тапсырма-жаттығулар жүйесі ұсынылады. Ақын шығармаларын жалпы білім беретін мектептің 5-11 - сыныптарында қазақ әдебиеті сабағында шығармашылықпен меңгерту оқушы бойында білімге құштарлық, елжандылық тәрбие, адамгершілік сезімін қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды, тарихи мұраларды танып-білуге жол ашу. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып, өздігінен ізденіп білім алуына, өзін және өзгені танып білуіне ықпал етеді, баланың рухани жан дүниесін байытып, жан-жақты дамуына негіз бола білуге баулу.

Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың бірі оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен іздену керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Мәнерлеп оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен роль атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Әдебиетті өнер деп тануда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдатуда, сөз қасиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден -ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, экраннан тыңдауы болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлей, әрі түсінік бере оқуы, оқушыларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т. б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында экрандағы слайдттар арқылы сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы жұмыстың басы-қасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады [13; 11б] .

Әдебиетте поэмаларды оқыту әдістері олардың жанрлық ерекшеліктерінен туындайды. Поэмалардың басым көпшілігі сюжет пен композиция, образдар жүйесінен тұрып, күрделі, ауқымды проблемаларды көтереді. Мұндай поэмаларға С. Сейфуллиннің «Көкшетауы», М. Жұмабаевтың «Батыр Баяны», И. Байзақовтың «Құралай сұлуы», Х. Ерғалиевтің «Құрманғазысы» І. Жансүгіровтың «Құлагері», т. б. поэмалар жатады. Поэмалардың күрделілігін ескере отырып, оның әр бөлімі бойынша төмендегідей мазмұндық жоспар жасап оны экраннан көрсету өте тиімді.

  1. І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы-өзінің көтерген проблемасы, тақырыбы, маңызы жағынан роман тектес шығарма. Поэмаға әдеби талдау алдында оның мазмұнын түгелдей оқыту, меңгерту айналасында еңбек ету керек. Осы мақсатта мұғалім үйге алдын ала тапсырмалар беріледі.

Жалпы сыныптық тапсырма

1. Поэманы түгелдей оқып, мазмұнымен танысу.

2. Композициялық құрылымына жоспар жасау,

3. Әр бөлімге қысқаша аннотация жазу.

4. Бейнематериалдар дайындату.

5. Образдарға мінездеме бергізу

6. Ұлттық мәдени салт-дәстүрдің көрінісіне көңіл бөлдіру.

7. Тіл көркемдігіне назар аудару.

Топтық тапсырма топ санына, сыныптағы оқушылар санына байланысты болуы тиіс.

Зерттеу нысаны. Жалпы білім беретін қазақ орта мектептің оқу бағдарламасы бойынша І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын оқыту үрдісі.

Зерттеудің мақсаты. Орта мектепте қазақ әдебиеті бағдарламасы бойынша І. Жансүгіров шығармаларын озық технологияның кейбір түрлерімен оқытудың ұтымды ғылыми-теориялық әдістемесін ұсыну, ақын шығармаларын меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

1. І. Жансүгіров шығармаларын мектепте оқытудың тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін, білімділік, ізденушілік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын жүйелеу.

2. І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын оқытуда жан-жақты танып білу үшін өздігінен ізденудің тиімді жолдарын нақтылау.

3. Жеке тұлға қалыптастыруға негізделген сыныптан тыс жұмыс түрлерін дұрыс таңдауы, оны жүргізудің инновациялық әдіс-тәсілдердің, ұтымды жолдарын көрсету.

«І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын инновациялық әдіс арқылы оқыту» тақырыбында жазылған дипломдық жұмыс үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлімі кіріспеден, екінші бөлімі негізгі бөлімнен, үшінші бөлімі қорытындыдан тұрады.

Кіріспе бөлімде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеті айтылды. Негізгі бөлімде Қазақ әдебиеті сабақтарында қазіргі сабаққа қойылатын талаптар мен оқыту әдістері, қазақ әдебиетін оқытуда қойылатын талаптар мен өлшемдер, Ақын шығармашылығына жалпы сипаттама, «Құлагер» поэмасының жазылу тарихы, Ақан трагедиясы, Поэманың көркемдік ерекшелігі жазылды. Қорытынды бөлімде поэмаға арқау болған Ақан тағдыры мен Құлагер жайында айтылды.

Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М

2. 1. Қазақ әдебиеті сабақтарында қазіргі сабаққа қойылатын талаптар мен оқыту әдістері.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту үрдісі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.

Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді. Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік «әдіс» - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет - деген анықтама береді.

Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары - деген де пікір айтылады. Бұл пікірді қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин былайша түйіндейді: «Оқыту әдістері - бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігінен білім алуға ынталандыратын, сезімін оятатын жол». ( )

Қ. Бадырақов, М. Қараев «Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті» деген еңбектерінде педагогикалық, әдістемелік ғылымдарының зерттеуіне сүйеніп әдістердің мынадай түрлерін көрсетеміз:

1) Сөйлеу(ауызша) әдісі: а) ауызша мазмұндау, жаңа сабақты түсіндіру;

ә) әңгіме;

2) Кітаппен жұмыс істеу әдісі: а) жаңа білімді меңгеру кезінде оқулықпен жұмыс істеу; ә) өткен материалды есте бекіту кезінде кітапты пайдалану;

3) Бақылау және эксперимент әдістері: а) бақылау; ә) лабораториялық; б) тәжірибе жұмыстары;

4) Жаттығу әдістері; 5) Жазба және графикалық әдістер;

6) Оқушылардың білімін тексеру және бақылау; 7) Демонстрациялық әдіс; 8) Проблемалық әдіс; 9) Іздену әдісі; 10) Зерттеу әдісі. (19; 37)

Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері-мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.

Соңғы жылдары Қазақстанның қоғамдық саяси - өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісінде жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Соған байланысты білім беру жөнінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің технологиясын жаңартуға бағытталған көптеген міндеттер жүзеге асуда. Мектеп пен мұғалім алдында тұрған негізгі міндет - әр оқушыға терең білім беру.

Бүгінгі дидактиканың маңызды бір мәселесі - инновациялық мәнде оқытудың жолдарын сұрыптап алу.

Үйреншікті дайын әдіс - тәсілдер баланы аса қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру - бүгінгі қажеттілік. Қоғамның қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі орын алады.

Технология сөзін - грек тілінен аударғанда, «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде «технологияға» 300-ден астам анықтама беріледі. Ол дегеніміз - бүгінгі күннің өзінде «технология» терминіне әлі орныққан анықтама жоқ деген сөз.

Жаңа оқыту әдістері оқушының пәнге деген қызығушылығын дамытуда көп септігін тигізеді. Сондай технологияның бірі - деңгейлеп-саралап оқыту.

АҚШ, Жапония, Ұлыбритания мемлекеттерінде ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында пайда болды. Деңгейлік тапсырма беру арқылы балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік мол. Деңгейлеп-саралап оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі:

  1. Оқушының әлеуметтік-психологиялық танымы;
  2. Оқушының ынтасы;
  3. Теориялық дайындығы есепке алынады.

Деңгейлік тапсырмалар І, ІІ, ІІІ, IV-деңгейде беріледі.

І- деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, мұны барлығы

орындауға міндетті, ІІ-ІІІ - деңгей тапсырмалары бірте-бірте күрделенеді және мұндағы тапсырмаларды орындауға оқушылар құқылы, ал IV-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Барлық оқушылардың 4-деңгейді орындаулары мүмкін емес, өйткені сыныпта нашарлау, орташа, өте жақсы оқитын оқушылар болады. 1-2 - деңгейді толық және дұрыс орындаған оқушы алға шығады. (5; 23б) .

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімді жақтары:

  1. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
  2. Оқушының жеке қабілеті айқындалады;
  3. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;
  4. Сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады.

Бұл технологияны сабақты жинақтау, қайталау, бекіту сабақтарында қолданған өте тиімді.

Педагогикалық технологияның тағы бір түрі - дамыта оқыту . Дамыта оқыту теориясының авторлары белгілі ғалымдар Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов. Олар «дамыта оқыту» деп - «оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері балалардың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» айтады. (6; 23)

Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Осындай оқыту баланың интелектісін ашып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ойлауға үйрететін сабақ түрі деп те айтуға болады. Дамыта оқытудың мақсаты: оқушы өзін-өзі дамытады, жетілдіреді, тәрбие алады; баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды. ; білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала тыңдаушы, мұғалім информатор емес; керісінше, бала зерттеуші, ізденуші, жаңалық алушы. Олардың дағды іскерлігі белгілі бір проблема, ситуацияны шешу арқылы қалыптасады, мұғалім - оқушы әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші; дамыта оқудағы басты іс-әрекет - диалог, пікірлесу, пікір-талас.

Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі:

  1. қазіргі заман талаптарына сай оқушыны дайындауға септігін тигізеді;
  2. бала өз бетімен білім алуға, зерттеуге дағдыланады;
  3. логикалық, ойлағыштық қасиеттерін дамытып, сөздік қорын молайтады;
  4. тақырыпқа деген өзіндік көзқарасы қалыптасады.

Дамыту оқыту технологиясы оқушыларды ойлау қабілетін арттырып, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік тудырады.

Жеке пән мұғалімдері интерактивтік тақтамен жұмыс жасаудың технологияларын оқып-үйреніп, әр пәндер бойынша сабақ үлгілерін, оқу материалдарын иттерактивтік тапсырмаларды дайындап, пайдаланып оқытудың үрдісінде оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыруы қажет.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептердегі білім беруді жаңашаландырудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы көрініс табатын оң алғы шарттары қалыптасып келеді. Ақпараттық технологияларға мультимедия, аудиовизуальды компьютерлік кешендер, слайдтар, бейнематериалдар жатады.

Аудиовизуальды компьютерлік кешендерді пайдалану оқыту мазмұнын өзгертеді, яғни жұмыс көзін басқаша ұйымдастырудың жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік тудырады. Білім мазмұнын қабылдау мен меңгертудің репродуктивті әдісінің орнына жобалау, зерттеу тәрізді проблемалық әдіске құлшындырады.

Бейнематериалдар арқылы оқыту көру, есту арқылы екі жақты қабылдаудың тиімділігін өмірдің өзі-ақ дәлелдеуде.

Слайдтағы материал тақырып өлшеміне сай, студенттің логикалық-құрылымдық жағынандұрыс орналастырып, оны дыбыстандырып, музыкамен көркемдеуі тыңдаушыларға белгілі бір мақсаттың түйінін шешіп әсер қалдырады.

Компьютердің мүмкіндігін пайдаланып сабақ өту, білім берудің жаңа нұсқасын ұсыну деп түсінеміз.

Мұғалім сабақты өткізудің қай формасын, әдіс-тәсілдерін таңдаса да ол белгілі бір талаптарға бағынышты болуы тиіс. Кез келген сабақтың сапалы, тиімді, нәтижелі өтуі мұғалімнің шығармашылығына байланысты.

Оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру тек әдіс-тәсілдерді сұрыптап ала білумен орындала салмайды, оқу-тәрбие мақсатын, оқудың мазмұнын, өткізу формасын, керекті жабдықтарын, яғни оқыту үрдісінің барлық мәселелерін біртұтас, бір жүйеде қарастыра отырып олардың әрқайсысының тиімді деген нұсқаларын сұрыптап ала білу деген сөз.

2. 2. Қазақ әдебиетін оқытуда қойылатын талаптар мен өлшемдер.

Келешек ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу әр ұстаз, әр мұғалімнің басты бір міндеті болып табылады. Әр бүлдіршінді ата-анасы мектепке зор үміт арта табыс етеді. «Әрине, білім есігі жаңа ашылған бүлдіршін балаға қандай білім береміз, қазіргі заман талабына сай сабақ қандай болуы қажет?» - деген көкейтесті сауалдар санамызға түйін болады.

Ең алдымен балаға біз білім мен тәрбие береріміз анық, Ал сонда білім дегеніміз не?

Білім дегеніміз - дүниедегі фактілер формасы мен белгілі түсініктемелер, сонымен қатар ғылыми заңдылықтардан тұратын жиынтық. Қоғам өссе, білім де өсетін үрдіс.

Тәрбие дегеніміз -тұлға қалыптастыру үшін белгілі бір оң дәрежеге жеткізетін мақсат арқылы ұйымдастырылған үрдіс болып табылады. Тәрбие біртұтас, сонымен қатар мәңгілік категория. Ол адамдардың мінез- құлықтарын жаңадан қалыптастыратын арнайы ұйымдастырылатын үрдіс. Міне, осы білім мен тәрбие үрдісін бір сабақ үстінде жүзеге асырамыз.

Сабақ дегеніміз - 45 минутқа шектелген мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Мұғалім сабақ үстінде білім мен тәрбие үрдісін қос егіздей қатарлатып оқушы бойына өреді. (2. 37)

Сабақ: І. Дәстүрлі сабақ.

ІІ. Дәстүрлі емес сабақ болып бөлінеді.

Сабақ үстіндегі білім тек белгілі материалдармен шектеліп қана қоймай, қосымша материалдар арқылы білім игеріліп, тәжірибе жүзінде іске асуы керек.

Күнделікті сабақ тек бір вариант тізбегімен жүруі міндетті емес. Сабақ әңгіме, лекция, оқулықтан үзінді оқу, теледидардан сабаққа байланысты материалдарды көру, магнитофоннан үзінді тыңдау, интерактивті тақтамен жұмыс жасау, қызықты диафильмдер көру тәрізді тиімді әдіс - тәсілдер арқылы да жүзеге асады.

Сабақ тек мұғалімнің көмегі арқылы ғана емес, оқушылардың өз ізденістері арқасында да жүріп отыруы керек. Мұндағы көтерілер бір мәселе оқушыға деген сұраныс-талаптар және оқушының жауапкершілігін сонымен қатар нашар оқитын оқушымен жеке жұмыс үрдісі де назардан тыс қалмауын ескеру қажет.

Бір ғана сабақ барлық білім жүйесін қамтымайтыны бізге бұрыннан мәлім. Сабақ тек тақырыптың, курстық жұмыстың не бір пәнді оқытудың бір ғана бөлігі болып есептеледі. Сабақ логикалы тақырыптың, оның бөлігінің көрсеткіштік есебі ғана.

Сабақта білімді бекіту үрдісін оқушыларға қолайлы, тиімді жеткізу, материалдарын зерделеп, зерттей ұсыну, оны практикада жүзеге асыру үрдісі болуы керек.

Сабақ үстіндегі білім үрдісі өткен сабақты қайталау, бекіту бөлімдерінен тұруы шарт.

Сабақ сапалығын, оқушының білімін тексеру жүйесінен, басты қателіктерді ескеру, оны дұрыстау, сонымен қатар жоғары нәтижеге жету мәселелерін көтеру ұстаздың басты міндеті.

Сабақ бағдарламаға негізделе жүргізіледі Ол бірізділікпен жүйелілікті сақтайды және білім мен тәрбиені ізгілендіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға поэманы оқыту
Поэзия аудармасының ерекшеліктері
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Ілияс жансүгіров және сөз өнері
Ілияс Жансүгіровтың поэмаларының көркемдік ерекшеліктері
Ілияс Жансүгіров шығармалары
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу
ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ ЖАЙЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz