Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-педагогикалық факультеті
География, экология және пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы
Қорғауға өткізуге рұқсат етілді
Кафедра меңгерушісі география
және ПОӘ кафедрасының менгерушісі
география ғылымдарының кандидаты,
доцент ___________С. Жетпісов.
________________2008 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабы
Мамандығы 050116 - География
Оқү формасы: сырттай
Дипломшы: сырттай оқү бөлімінің
студенті: ЕркабаеваТ.К.
Ғылыми жетекші: география, экология және
ПОӘ кафедрасының доценті: Мадыбекова М.Б.
Кокшетау –2008
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Тарау Қазақстанның физикалық географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ..5
1.1 Географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 5
1.2 Қазақстанның тектоникалық және геологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... 5
1.3 Жер бедерінің
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...8
1.4 Климаттық
жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...14
1.5 Ішкі
сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...16
ІІ Тарау Қазақстанның жабайы өсімдіктері мен мен
фаунасы ... ... ... ... ... ..21 2.1 Өсімдік
типтері және олардың құрылымдық-динамикалық
Ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1.1 Ормандардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 21
2.1.2 Бұталы шөптер

... ... .23
2.1.3 Жартылай бұталы ағаш
тәрізділер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Ботаникалық-географиялық
аудандастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
2.3 Жануарлар дүниесі қалыптасуының зоналық және аймақтық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.3.1 Жануарлар дүниесі қалыптасуының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ..28
2.3.2 Дала және шөл зоналар
қосмекенділері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3.3 Жазықтар
фаунасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .30
2.3.4 Орманды дала

... ... ..30
2.3.5 Құрғақ дала

... ... ... ..31
2.3.6 Шөлейт және шөл

...32
2.3.7 Таулы
аумақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..32
2.4 Интразоналды және экстрозоналды массивтердің жануарлар дүниесі ... .33
2.4.1 Омыртқасыздар

... ...34
2.4.2 Ішкі су қоймалардағы жануарлар
дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
ІІІ Тарау Қазақстан өсімдіктер және жануарлар әлемінің асыл
қазынасы ... .35
3.1 Қазақстанның Қызыл
кітабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...35
3.3 Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. Даму
келешегі ... ... ... ... 42
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 52
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Кіріспе
Менің дипломдың жұмысымның тақырыбы: Қазақстан жабайы фаунасын және
өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы деп аталады.
Жұмыстың өзектілігі - менің дипломдық жұмысымның тақырыбы кәзіргі
таңда еңбір өзікті мәселелердің бірі болып табылады.Кең байтақ қазақ
жерінде алуан түрлі табиғат жағдайларын кездестіруге болады. Ішкі
құрлықтық орналасуы ландшафтар ерекшеліктерін ажыратады, сонымен қатар
Қазақстан өсімдік және жабайы фаунаға өте бай мемлекет болғандықтан оларды
зерттеудің ғылыми танымдық және практикалық маңызы зор.
Тақырыптың зерттелу деңгейі - Қазақстан жері жасыл өсімдік әлемімен
жабайы жануарлар дүниесіне бай өлке. Олар туралы мәліметтер ғалымдардың
көптеген еңбектерінде кеңінен қарастарылған.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты - өсімдік типтері және олардың
құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері мен жануарлар дүниесі қалыптасуының
зоналық және аймақтық ерекшеліктерін талдау барысында жабайы фауна мен
өсімдіктерді қорғау шараларын айқындау.
Дипломдық жұмысымның міндеті - қандай табиғат байлықтары, мейлі, ол
өсімдіктер әлемі немесе түз тағыларының өкілі болсын, оларды өздері
бейімделген тіршілік ортасынан ажыратпай қорғау және мейілінше қорын
молайту ісі бүгінде күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелердің бірі.
Өйткені қазіргі өркендеген өнеркәсіп ауыл шаруашылығы мен көліктің қарқынды
көбеюі оларға өзінің кері ықпалын тигізуде. Мұндай жағдайда адами-
техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми негізде ұштастырып,
қайткенде де тығырықтан алып шығар жолды ойластырған жөн. Яғни табиғатта
болатын түрлі экологиялық процесстерге игі ықпал етіп, қоршаған ортаны
көркейтумен қатар небір қайталанбас көркі бар табиғи ландшафтарды
қамқорлыққа алу шаралары ұйымдастырылады.
Олардың ішінде біздің елімізге тән жануарлар мен өсімдіктерімен көп
түрлерімен қатар сонау мұз дәуірінен бізге жеткен ежелгі түрлер және толып
жатқан себептерге байланысты азайып кеткен түрлерде аз емес. Қайткен күнде
де, олардың жойылып кетпеуіне жағдай жасап, қадағалауымыз керек. Бұл
мәселелердің дұрыс шешілуінің көптеген жолдары бар. Солардың ішінде ең
тиімдісі қорықтармен табиғи саябақтарды, қорытар мен табиғат ескерткіштерін
ұйымдастырып, ботаникалық бақтар мен жануарлар саябағын ашу.
Жануарларды сақтап қолудың ең басты жолы- адам баласының сапалы
жауапкершілігі, экологиялық білім мен мәдеиеті. Әрбір азамат өзінің туған
өлкесімен оның байланыстылығының иесі ретінде сезіне отырып табиғат қорғау
ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған
болар еді.
Менің дипломдық жұмысым кіріспе, үш тарау, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының деректемелік базасы ретінде арнаулы әдебиеттер,
энциклопедиялық сөздіктер, мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылды.
І. Тарау Қазақстанның жалпы физикалық- географиялық сипаттамасы
1.1 Географиялық орны
Қазақстан территориясының жер көлемі 2724.9 мың2 км. Республика
қоңыржай белдеудің оңтүстігінде, (550 24І – 400 59І солтүстік ендік және
шамамен 460 32 – 870 16І шығыс бойлық аралығында) кең байтақ жерге созылып
жатыр.
Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі
мемлекеттердің қатарына жатады. Қазақтан Ресей; Канада, Қытай,АҚШ,
Бразилия, Аустралия,Үндістан және Аргентинадан кейін 9- орын алады.
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша Франция мемлекетінен
бес есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен.
Қазақстан Еуразия материгігің орталығында орналасқан.
Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мен Солтүстік
Мұзды мұхиттан бірдей дерлік қашықтықта жатыр. Оның мұхиттан шалғай
жатқандығы, әрі территориясының орасан үлкендігі климатына әсер етеді.
Қазақстан батысында Жайықтың төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының
етегіне дейін 3 мың км-ге созылып жатыр. Солтүстігінде Шығыс Сібір
жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-шань тау жүйесіне 1600 км-
ге созылып жатыр. Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның табиғат
жағдайларын анықтайды.Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік
ендіктерінде орналасқан. Дәл сондай ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай
континентальды климатпен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен
ерекшеленсе; қазақстан қуаң және қатаң континенттік климатымен көзге
түседі. Қазақстан аумағының таиғатының бір шетінен екінше шетінен
айырмашылығы үлкен.Географиялық орнына қарай руспублика жерінде орманды
дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Қазақстаннның оңтүстік
шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафтылардың күрделене түсетін алуан
түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның барлық өңірлерінде
географиялық орнына байланысты жылдың төрт мезгілінің ауысуы
байқалады.Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді Ол алуан түрлі
шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.
1.2 Қазақстанның тектоникалық және геологиялық ерекшеліктері
Палеогеография.Қазақстан Республикасының аумағы екі түрлі ірі
құрылымдық элементерге – Шығыс Еуропа платформасынана және Орал – Монғол
қатпарлы белдеуіне жатқызуға болады.
Шығыс Еуропа платформасы Қазақстан жеріне Орал – Монғол
белдеумен шекаралас оңтүстік - шығыс бөлігімен кіреді. Олардың
белдемдерінің бөлектері қалың мезозойлық шөгінді қабатпен көмкерілген.
Шығыс Еуропа платформасы негізінде архей және протерозой қатпарлы кешендер
жатыр.
Орал – Монғол қатпарлы белдеу Шығыс Еуропа эпипротерозойлық
платформаны Сібір, ал соңғысын Тарим және Қытай – Корей платформасынан
ажыратады. Орал – Монғол белдеуі Грампиан – Аппалач,
Альпі – Гималай (жерортатеңіздік) және тынық мұхиттық белдеулер сияқты,
Жер бетінің үлкен қатпарлы белдеуіне жатады. Орал – Моңғол белдеуі
құрамында бірнеше қатпарлы жүйелер ерекшеленеді. Каледонның тектоникалық
кезеңінде Көкшетау – Солтүстік Тянь – Шань, Шығыс – Тарбағатай және
Қазақстан Республикасының шамалы бөлігін алып жатқан Алтай – Саян
жүйесінің шағын бөлігі қалыптасты.
Қазақстанның геологиялық даму тарихы және протерозойдан төрттік кезеңге
дейінгі палеогеографиясы.
Қазақстан Республикасының кең аумағы ұзақ тарихты бастан
кешірген күрделі геологиялық құрамнан тұрады.
Палеазойға дейінгі эралар. Қазақстан Республикасының
геологиялық тарихы беттеріндегі кембрийге дейінгі уақытқа жататын
мәліметтер жеткіліксіз, бірақ қатты метаморфтанған кембрийге дейінгі
деформацияларды зерттеуге және олардағы өзгерген шөгінді, эффузиялық,
интрузиялық таужыныстарды байқауға мүмкіндік береді.
Палеозой эрасы. Қазақстан Республикасы аумағы геологиялық
құрылымының негізгі құрылымдық – тектоникалық белгілері палеозойға
анықталды. Оның басым бөлігінің біразы мезозой – кайназойда, яғни кейінірек
айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Палеозойдың басында Қазақстан
Республикасы бөлігінде теңіздік, яғни геосинклинальды жағдай үстем болды.
Жалпы, жер қыртысының ойысуы нәтіжесінде шөгінділер жинала басталды, кейбір
учаскелер жылжып (орын алмастырып), пайда болған көтерілімдер оны шайып
отырды. Жер қыртысы участоктарының шекараларында жарылымдар пайда болып,
олар арқылы жер бетіне кең ауқымды туф алаңшаларымен қоршалған лава
күмбездері, ағындар мен жамылғылар жапқан жерлерде жер асты және су асты
жануарлары пайда болды.
Мезозой эрасы. Жер тарихының триас кезеңі жер бетінде
құрлықтар таралуының ең мол кезеңі саналады, ал теңіз аумағы жіңішке
геосинклинальдік жолақтарымен сипатталады. Республикананың батыс бөлігі бұл
эрада тыныш қалып сақтады. Орал – Эмбі платформалық өңірінде төменгі
триаста қалыптасқан жерортатеңіздік геосинклиналь деп аталатын облыс енді.
Олар Қаратау антиклинорийлік белдеміндегі ашылымдарда байқалады. Триас
жасындағы конгломераттар, құмдар және батпақтар Батыс Қазақстанда
(Басқұншақ көлі) ұшырысады.
Кайназой эрасы Палеоген кезеңінде (олигоценде) теңіздің
кеңінен таралыуның сонғы кезеңі басталды. Бұл кезде құрлық тек Орал алды
қыратында, Мұғалжар тауларында, Сарыарқада және еліміздің қазіргі кездегі
шығыс және оңтүстік бөліктерінде болды. Олар негізінен қатты шайылған Ұсақ
шоқылы жазықтар мен қыраттар түрінде көрініс береді. Олигоценнің ортасынан
бастап таулардың қарқынды көтерілуі басым болған альпі қатпарлығының ұзақ
процессі басталды. Теңіздер аздап тартылып, Қазақстан Республикасы
аумағының климаты біршама құрғақ сипатқа ие болды.
Неоген кезеңінде Сармат теңізінің трансгрессиясы басталды,
олардың қазіргі қалдықтары ретінде Қара және Каспий теңіздерін атауға
болады. Сармат теңізінің шығыс жағалауы Мұғалжардың оңтүстік шегіне дейін
жетті.
1.3 Қазақстан Республикасының жер бедерінің құрылысы
Қазақстан Республикасының жер бедерінің құрылысы өте
күрделі. Оның ең биік жері, үш мемлекеттің – Қазақстан Республикасының,
Қырғызыстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының шекаралары
түйіскен – Хан тәңірі шыңы (абс. биіктігі – 6995 м). Каспий теңізінің
шығыс жағалауында ең төменгі нүкте, яғни мұхит деңгейінен 132 м төмен
жатқан Қаракия ойысы орналасқан. Республикамыздың аумағы Азия құрлығының
ішкі кеңістігін қамтитын жер шарының ең тұйық облысына жатады.
Таулар мен тұғырлы (цокольды) жазықтар аумақтың 30 пайызын
қамтып Қазақстан Республикасының шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік
шекараларын жиектейді. Қыраттар негізінен Ертіс-Балқаш суайрығын құрап,
республиканың орталық бөлігін алып жатыр. Тек батыс пен солтүстік-батыста
ғана аласа таулы Маңғыстау Қаратауы және Оңтүстік Оралдың жалғасы –
Мұгалжар жоталары созылып жатыр.
Жалпы, жердің беті шығыстан батысқа, Алтай тауларынан бастап
(абс. биіктігі – 4000 – 4500 м) Каспий маңы ойпатына және оңтүстіктен
солтүстікке – Тянь-Шань тауының солтүстік беткейлерінен (абс. биіктігі –
4000 – 4500 м) Солтүстік Қазақ жазығына қарай (абс. биіктігі – 200 м-ден
жоғары емес) аласарады.
Қазақстан Республикасының батысында кең көлемді. Каспий маңы
ойпаты созылып жатыр. Палеозойға дейінгі қатпарлы фундамент орта есеппен 10-
15 км тереңдікте орналасқан, ал шөгінді жамылғысы рифей жасындағы тау
жыныстардан басталады. Неоген-төрттік шөгінділер қабатының 1000 метр
қалыңдықпен көмкерілуі, эрозиялық процесстер мен тұзды күмбездердің
белсенділігінің нәтижесі және Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінің
жазықты жер бедерімен сипатталуымен байланысты. Ойпатта тегіс сазды кең
жазықтар мен құм жондары басым. Сонымен қатар, тұздармен қаныққан сорлар
жиі кездеседі. Каспий маңы ойпаты ағын суларына тапшы. Қазақстан жерінде
оны тек Жайық пен Жем, Сағыз өзендері кесіп өтеді. Оңтүстік және оңтүстік-
шығысындағы суы аз, кіші-гірім өзендер құмға сіңіп кетеді.
Қазақстаннның солтүстігінде оңтүстік және оңтүстік-шығысы
Сарыарқамен (Қазақтың ұсақ шоқыларымен) шектелген, ал батыста бірте-бірте
Торғай төрткүлді өлкесі құрамына жататын Солтүстік Қазақ жазығы орналасқан.
Солтүстік Қазақ жазығы құрылымы жағынан кристалдық іргетасы палеозойға
дейінгі және палеозойлық метаморфталған және интрузиялық тау жыныстардан
тұратын Батыс Сібір тақтасының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол
жырылымдарымен күрделенген және сатылы құрылыспен сипатталады.
Тобыл маңы аккумулятті жазығы. Солтүстік Торғай жазығының
біршама бөлігін алып жатыр. Ол батысында Орал сырты пенеплен кертпешімен
шектелген, оңтүстігінде – Тоғай төрткүл өлкесіне жататын Терісек үстірті
кертпешімен, ал солтүстігінде Батыс Сібір ойпатымен шектеледі. Сонғысынан
жазық шартты түрде Үй өзені аңғарымен оқшауланады. Тобыл мағынан шығыс
бөлігінде морфологиялық жағынан ерекшеленетін Торғай қолаты жатыр. Ол Батыс
Сібір ойпатындағы Тавда өзені сағасы ендігіден басталып, Торғай ойысы
аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтеді, сөйтіп Шалқар -Теңіз
сорларымен шектеледі. Морфологиялық жағынан ол солтүстік, орталық және
оңтүстік Торғай өңірлері болып үшке бөлінеді.
Торғай қолатының шығысында Есіл маңы аккумулятті жазығы
орналасқан. Шығыс шекарасы Шағалалы теңіз көліне құятын Шағалалы өзен
анғарымен, оңтүстікке Торғай төрткүл өлкесі кертпештерімен және Көкшетау
қыратының солтүстік бекекйімен шекараласады. Жазық геологиялық-
геоморфологиялық жағынан біркелкі емес. Солтүстік бөлігінде тау жыныстардан
түзілген бірнеше тау жұрнақтары (15 – 20 м-ге дейін) көтеріледі.
Солтүстік Қазақ жазығының солтүстік-шығыс бөлігін солтүстікке
және шығысқа қарай аккумулятті Ертіс маңы жазығы жылғастырады. Абсолюттік
биіктігі осы бағытта 120 м-ден 110 м-ге дейін төмендейді.
Арал теңізінен шығысқа және оңтүстік шығысқа қарай, Солтүстік
Арал маңы құрылымдық-денудациялық жазығының оңтүстігіне Сырдарияның
аккумулятті жазығы орналасқан. Ол солтүстік-батыста және батыста қызылқұм
көтерілімдерімен шектеліп, ал оңтүстік-шығыста Қазақстаннан тысқары жатқан
Тянь-Шань тау алды жазығына дейін созылып жатыр.
Аккумулятті жазықтың ең биік гипосометрлік белгісін Қызылқұм
құмтасы шөлі алып жатыр, ондағы эолдық жамылғының қалыңдығы 10 – 20 м-ге,
жоғарғы бетінің қалаңдығы 30 м-ге дейін жетеді.
Қаратау жотасының, Сарыарқаның (Қазақтың ұсақ шоқылары) және
Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдерінің арасында Шу-Сарысу ойысы
созылып жатыр. Ол шығыста Жалайыр-Найман, ал оңтүстікте Қаратау
жарылымдарымен шектелген. Ойыс оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай
созылған, оның орташа ені 300 км, ұзындығы 600 км-ге жетеді. Геологиялық
жағынан Шу-Сарысу ойысы салыстырмалы жайпақ синклинальді болып келеді, оның
негізінде интрузиялармен тілгіленген, қатты дислокацияланған төменгі
палеозойдың тау жыныстар жатыр.
Каспий теңізінің шығыс жағалау мен Үстірт арасында генезисі
бойынша құрылымдық-денудациялық болып табылатын Маңғыстау үстірті
орналасқан. Үстірт Маңғыстау Ақтауы мен Қаратауының эрозиялық-тектоникалық
аласа тауларымен күрделенген. Бозащы түбегінің қыратты жазығы, өзінің
жаратылу тегі жағынан, Каспий маңы ойпатына ұқсас. Маңғыстау үстірті
көлемінде Түпқараған үстірті, Ақтау және Қаратау аласа таулары,
Кендерлікқиясай, Оңтүстік Маңғыстау және Шығыс Маңғыстау үстірттері
бөлінеді.
Солтүстік Қазақ жазығынан оңтүстік-батысқа қарай, батыста Орал
сырты үстіртімен, шығысында Сарыарқамен (Қазақтың ұсақ шоқылары) шектелетін
Торғай төрткүл өлкесі орналасқан. Оның ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке
қарай 500 км-ге созылған, ені 300-400 км. Өлке ұзақ геологиялық уақыттар
бойы бірнеше рет теңіз суымен тоғытылған. Торғай төрткүл өлкесінің беткі
бөлігі горизонталь орналасқан теңіздік, лагуналық және көлдік шөгінділердің
қат-қабаттарынан құралған. Ол неоген-төрттік кезендерде қарқынды эрозияға
ұшырады. Осының әсерінен бұл жерде тау жұрнақтары құралған, сатылы құрылыс
сипатын айқын белгілейтін әр түрлі биіктіктегі жазықтықтар кең тараған.
Тұран тақтасы айқын ерекшеленіп тұрады, ол солтүстік-батыста
Оңтүстік Жем өзені бойымен Шығыс Еуропа платформасының Каспий маңы
синеклизмасымен, ал солтүстікте Орал шеткі ойысымен және Орал қатпарлы
жүйесінің палеозой құрылымдарымен шектелген. Маңында Солтүстік Қазақ жазығы
орналасқан Батыс Сібір тақтасынан ол Қостанай қазаншұңқырымен дараланады.
Арал маңының шығыс бөлігін құрайтын құрылымдық –денудациялық
жазықтың шығыс бөлігін құмтасты Арал маңы Қарақұмдары массиві алып
жатыр.Өзінің құрылысы жағынан ол неогендік-төрттік шөгінділердің мүжілуі
әсерінен пайда болған жазықтың салыстырмалы төмен бөліктерін құрайды.
Морфологиялық жағынан жер бедері эолды төбешікті-қырқалы, төбешікті және
қырқалы-төбешікті құмдар.
Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің біршама аумағын
Қазақтың қатпарлы өлкесі алып жатыр. Ол геологиялық жағынан және палеозойға
дейінгі іргетастың қатпарлы-қойтасты көтеріліміне сәйкес келеді, ал жер
бедері жағынан таулы облыстардың жазықтарға өтпелі типіне жатады.Оңтүстік-
шығыстан қалқанға Тарбағатай және Жоңғар Алатауы жоталарды бір-бірінен
даралайтын Балқаш-Алакөл қазаншұңқырымен жанасады.
Көкшетау қыратымен Теңіз-Сарысу суайрығы арасында Теңіз ойысы
орналасқан, ол каледонидтерді көмкерген герцин кезеңінің теріс құрылымы
болып табылады. Күрделі құрылымның іргетасы 2000 – 2500 м тереңдікте жатыр,
ал Жезқазған өңіріңдегі орта-жоғары палеозой қат-қабатының қалыңдығы 5000
метрге жетеді. Қазіргі кезде ойыстың жер бедері жаңа тектониқалық
қозғалыстармен және төрттік кезеңдегі экзогендік процестермен байланысты
қалыптасқан. Ойыстың батыс және шығыс бөліктерінің әртүрлілігі олардың
қазіргі кезіңдегі даму ерекшіліктеріне байланысты.
Маңғыстаудың таулы массивіне мегасинклинальді жағдайдағы
платформалық тыстың барлық тау жыныстары жиналған қатпарлы іргетастың
көтеріңкі келген субендік, жолақты құрылымның ядролары сәйкес келеді. Тау
жыныстардың денудацияға көнімділігі Маңғыстаудың таулы бөлігінің негізгі
белгілерін анықтайды.
Маңғыстау және Тұпқараған үстіртінде төрттік шөгінділердің
қалыңдығы шамалы, бұл маңда тұтасымен дерлік сармат әк тастары теңіздік
шөгінділерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы жеріне Тянь-Шань тауларының солтүстік
сілемдері: Кетпен, Күнгей Алатауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас
Алатауы және одан оқшауланған Өгем, Майдантал, Қаратау жоталары кіреді.
Тянь-Шань тауының жер бедері биік жоталармен, оларды бөліп тұратын
тауаралық қазаншұңқырлармен сипатталады. Жоталар палеозойдың және кембрийге
дейінгі кезеңнің шөгінді, метаморфтық және жанартаутекті тау жыныстарымен
(тақтастар, құмтастар, әктастар, мәрмәрлар, гнейстер, граниттер, эффузиялық
тау жыныстар), ал тауаралық қазаншұңқырлар көбінесе кайназойдың борпылдақ
континенттік шөгінділерінен құрылған.
Қаратау жотасы Тянь-Шань тауының солтүстік-батыс сілемдерінің
бірі. Қаратау жотасы Тұран тақтасы жазығымен қосылып, оны екі ірі ойысқа
бөледі: бұлар Шу-Сарысу және Сырдария ойыстары деп аталады. Қаратау жотасы
аласа тауларға (абсолюттік белгілері 1000 – 2000 м) жатады. Максималды
абсолюттік биіктігі (Бессаз тауы – 2176 м), ол жотаның орталық бөлігінде
орналасқан. Тауалды жазықпен салыстырғандағы биіктігі 500 м шамасында.
Құрылымдық жағынан Қаратау жотасы жаңа қойтасты көтерілімге жатады. Оның
геологиялық құрылымында рифей, палеозой және мезозой-кайнозой таужыныстары
(гнейстер, кристалдық тақтастар, әктастар, конгломераттар) бар.
Іле Алатау жотасы субендік бағытта Шарын өзені аңғарынан
(шығыста) Шу өзенінедейін (батыста) 300 км-ге созылып жатыр, ол біршама
ауқымды доғаны құрайды. Оның ені 35 – 40 км, оңтүстіктегі табиғи шекарасы
Шілік және Шөнкемін өзендері аңғарларына сәйкес келеді. Орталық көтеріңкі
бөліігінің абсолюттік биіктігі 4500 – 5000 м. Осы жерде Іле Алатаудың ең
биік шыңы – Талғар шыны орналасқан (абсолюттік биіктігі – 4973 м).
Кетпен жотасы Іле Алатаудың шығыс жағында орналасқан, ол Тянь-
Шань таудың орталық бөлігінен Кеген ойпаты арқылы дараланған. Жота ендік
бағытта созылып, батыста Күнгей Алатауына жалғасады. Абсолюттік биіктігінің
өсуі батыстан шығысқа қарай 3000 – 3600 м-ге дейін көтеріледі. Жота
интрузиялармен тілімденген, орта және жоғарғы палеозойдың шөгінді және
жоғарғы палеозойдың шөгінді және жанартаутекті тау жыныстарынан түзілген.
Жоңғар Алатауы –жеке тау сілемі болып саналады. Тянь-Шаньның
алдыңғы тізбектерінен жота Іле ойпатымен Шу-Іле тауларының сілемдері
жанасып, шағын Қараой үстіртін құрайды. Жетісу Алатауының оңтүстік
тізбегін, шығыс және оңтүстік-батыс бөлігі Қытай аумағында орналасқан және
Жетісу Алатауының оңтүстік тізбегін, шығыс және оңтүстік-батыс бөлігі Қытай
аумағында орналасқан және Жетісу ойпатының оңтүстік-батысын Борохоро
жотасының сілемдері алып жатыр. Жоңғар Алатауы баурайында Жетісу ойпатын
Жоңғар қақпасымен қосатын Алакөл ойысы орналасқан. Жетісу қақпасы
солтүстікте Алакөл қазаншұңқырымен, ал оңтүстік-шығыста Ебінұр көлімен
шектелген.
Сауыр және Тарбағатай таулы массивтері Зайсан ойысының
оңтүстіктігіне қарай биіктейді. Бұл жоталар герцин қатпарлығында толық
қалыптасқан. Саур жотасының шығыс бөлігінің ең биік нүктесі 3810 м (Мұзтау
тауы), оның батысындағы абсолюттік биіктігі 900 м-ден 2000 м-ге дейін
жетеді (Маңырақ жотасы).
Тарбағатай жотасы. Геоқұрылымдық тұрғысынан Тарбағатай жотасы
Жетісу Алатауынан (Жоңғар Алатауынан) өзгешелеу. Себебі, ол Жоңғар-Балқаш
және Зайсан қазаншұңкырлары геосинклиндік белдемі құрамында каледон
антиклинорийі бар герцин уақытында дамыған. Жотаның көтерілуі мезозойда
жалғасқан, бұл процесс қазіргі кезеңге дейін жалғасуда.Тарбағатай биіктігі
бойынша орташа тау қатпарына жатады. Қазақстан жеріне оның батыс бөлігі
(181 км) кіреді.Жота беткейлері терең шатқалды аңғарлармен тілімденген.
Оның солтүстік беткейі оңтүстікке қарағанда кейінірек қалыптасқан. Жотаның
орташа биіктігі 2000 м (ең биік жері 2992 м). Тарбағатай Алакөл және Зайсан
ойыстары бөліп тұрады. Тарбағатай солтүстік-батыс Шыңғыс жотасының жалғасы,
оның абсолюттік биіктигі 1300 метрге дейін төмендейді. Сауырдың және
Тарбағатайдың қатпарлы құрылымы Қазақтың ұсақ шоқылары құрылымының
жалғасы.
Балқаш-Алакөл ойысы кең көлемдегі ойыс болып саналады. Ойыстың
негізгі ерекшеліктері каледон, әсіресе герцин кезеңдерінде түзілген тау
жыныстардың басымдылығымен орайласады. Бір қарағанда тұтас көрінгенімен, ол
екі түрлі ойыстан құралған. Шығысындағы Алакөл ойысы-кәдімгі тауарлық ойыс.
Әр түрлі ауытқу аралығының тектоникалық қозғалыстары Алакөл ойысының
аккумулятті беті лықсымалармен шектелген.
Қазақстандық Алтай. Қазақстан Республикасы жеріне Алтай өлкесінің
шеткі батыс сілемдері кіреді. Ол оңтүстік-шығыста үлкен биіктермен
сипатталған өңірлер аумағының салыстырмалы түрде ұлғая түсумен және таулы
жоталардың абсолюттік биіктіктерінің біртіндеп жоғарылаумен сипатталады.
Алтайдың оңтүстік-батыс бөлігі қатты тілімденген. Геологиялық құрылымы мен
абсолюттік биіктігі тұрғысынан алғанда, ол Сарыарқаға біртіндеп ұласып
кетеді. Бұқтыпма және Қара Ертіс өзендерірінің өзен аралығында ендік
бағытта абсолюттік биіктігі 3373 м-ге дейін жететін Оңтүстік Алтай тау
жүйелері созылған. Ол Сарымсақты және Нарым жоталарынан басталып, оңтүстік-
батысқа қарай Марқакөл көлінің опырымындағы Күршім және Азутау тау
қырқалары бөліп жатқан Зайсан қазаншұңқырына тірелетін жоталардан тұрады.
1.4 Қазақстанның климаттық жағдайы
Қазақстан Республиқасының климаты туралы мәліметтер
негізінен күн радиациясының, атмосфералық қысымның, желдің жылдамдығы мен
бағытының, ауаның ылғылдылығы мен температурасының, бұлттың, атмосфералық
жауын-шашын мен атмосфералық құбылыстардың көпжылдық бақылаулар
мәліметтерінің статистикалық қорытындыларына негізделген.
Күн жарығының ұзақтығы. Қазақстан Республикасы қоңыржай
климат белдеуінің оңтүстігінде орналасқан, сондықтан күн жарығының ұзақтығы
жылына 2000 – 3000 сағат. Бұл әсіресе жылдың жылы мезгіліндегі шамалы
бұлтылықты білдіреді. Солтүстікте және оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы
таулы аудандарда күн жарығының жылдық жиынтығы біршама азаяды (2000 сағатқа
дейін).
Қазақстан Республикасының жазық аудандарында бұлттылықтың
әсерінен ашық күндер мен жаңбырлы күндердің заңды алмасуы байқалады. Ашық
күндер саны жылына солтүстікте 120-дан бастап оңтүстікте 260-қа дейін
көбейеді, ал жаңбырлы күндер солтүстікте 60-тан бастап оңтүстіккте 10-ға
дейін азаяды, яғни жаз айларында шөлді ландшафттар тәуліктің күндізгі
уақытында күн радиациясын тікелей қабылдайды.
Дала ландшафтарының аумағында күн жарығының сағат саны Іле
Алатауындағы көрсеткіштермен бірдей. Бұл жерде жарық күндердің ендік
бойынша ұзақтығы маңызды рөл атқарады. Жаз айларында оңтүстік
аудандарындағы жарық күндер солтүстік аудандарда біршама қысқа.
Жиынтық радиациясының ең төменгі көрсеткіштері жылдың суық уақытында
байқалады – минимумы желтоқсан айында болады. Бұл кезде күннің биіктігі мен
ұзақтығы минималды. Көктем айларында жиынтық радиациясы ағынының тез өсуі
байқалады.
Қазақстан Республикасының аумағы күн энергиясының ең көп
мөлшерін маусым-тамыз айларында қабылдайды. Маусым айында жиынтық
радиациясының көрсеткіші оңтүстік аудандарда айына 18 – 19 ккалсм2, бұл
қыс айларындағы радиация жиынтығынан 4 еседей асып түседі.
Радиациялық теп-теңдіктің жылдық көрсеткіші солтүстікте жылына
25 ккал см2, ал оңтүстікте жылына 35 ккалсм2.
Қазақстанның климаттық жағдайлары әр түрлі метеоэлементтерде
атмосфераның жерге жақын қабатындағы ылғалдың және жылудың әр турлі қарым-
қатынасында айқындалады. Ал бұл, өз кезегінде, күн радиациясының
қарқындылығына, жер қыртысының, жергілікті жердің жер бедерінің
ерекшліктері мен құрылысына, зат пен энергия айналымына байланысты.
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жыл мезгілдеріне байланысты жылу мен
ылғалдың ара қатынасынан әр түрлі ауа массаларының қалыптасуы және
қозғалуы болады.
1.5 Қазақстан ішкі сулары
Каспий мен Арал теңіздерін, тоғандарды, су бөгендерін және
иірімдік көлдерді қоспағанда қазақстан территориясында (ауданы 1га –
дан жоғары ) 48 мыңнан астам көл бар, олардың жалпы ауданы 45 мың км
2. Шағын көлдер (1 км2– ден кіші) саны бойынша 94 пайызды , ал ауданы
жағынан – 10 пайызды құрайды. Ірі көлдер (1 км 2– ден үлкен) саны шамамен
3 мың, ал ауданы 100 км2 – ден жоғары көлдер саны - 22 .
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық
көлдер алаптарына жатады. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау
жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік
Оралға тіреледі.
Солтүстік Мұзды Мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл
алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).
Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады, олар
көлдерге барып құяды. Бұл көлдердің ірілері – Каспий, Арал теңіздері және
Балқаш көлі. Ішкі алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін,
сондай-ақ уақытша ағатын өзеңдер де жатады.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Орал,
Жем (Ембі), Сағыз, Ойыл, Үлкен және Кіші Өзен, олардың салалары жатады.
Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік
бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен торы
сирек. Басты өзендері Сырдария Арыс саласымен, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз,
Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей
құмға сіңіп кетеді немесе шағын көлдерге барып бітеді.
Балқаш-Алакөл көлдер тобы алабына Қазақстанның оңтүстік-
шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек және
т.б.*
Көлдердің саны көп болғанымен олардың бірнеше ортақ
ерекшеліктері бар , олар : тұйықтығы , таяздығы , жыл бойы суының көлемі
мен деңгейлерінің күрт өзгеруі . Көлдер , өзендер сияқты, елімізде
біркелкі орналаспаған. Көбінесе олар бір-бірімен жақын орналасып,
көлдер тобын құрайды. Мысалы, Көкшетаудың солтүстігіндегі 15000 км2
аумақтың 40 пайызын көлдер алып жатыр. Осы орманды дала мен дала
зонасында көлдер көп орналасқан – (25 мыңнын астам) және 100 км2
аумаққа 2 км2-ге жуық көл айдындары (акваториялары) келеді.
Оңтүстік Қазақстан шөлделерінде де көлдер көп, олар негізінен
тұйық өзендердің жайылмалары мен атырауларында орналасқан. Бірақ
бұл көлдер құмдарға сіңіп кетеді. Сонымен қатар шөлдердің кең
аумақты ойыстарында ірі – Балқаш,Алакөл,Сасық көл, т.б.көлдер
орналасқан.
Ең ірі бөгендер: Ертіс өзенінде Бұқтырма, Іледе Қыпшағай,
Сырдарияда Шардара, Шүлбіде Шүлбі. Бұқтырма бөгенінің ұзындығы –600 км-
ге созылған, ауданы 5500 км2, орташа тереңдігі - 11м, максималды
тереңдігі - 80 м, су көлемі-53 км3. Бұқтырма су электр станциясы
бөгетінің биіктігі – 90 м, қуаттылығы - 675 МВт.
Қазақстан көлдері мен бөгендері, шөл және шөлейт зоналарының
аридті климат жағдайларына орналасқандықтан,табиғи ортаның ең нәзік
компоненті бола отырып, антропогендік әсерден зардап шегіп отырғанын
айта кету керек.
Қазақстанның батысында екі ерекше ішкі континенттік су
қоймалары – Каспий және Арал теңіздері орналасқан.
Екі теңіздің басты ерекшелігі - дүниежүзілік мұхиттан толық
оқшаулануы. Осы жағдайға және екі теңіздің бір-біріне жақын
орналасуына байланысты олардың режимінің бірнеше ортақ ерекшеліктері
бар: климатының континенттік дәрежесінің жоғары болуы (60 – 70 пайызға
дейін), суының тұздылығының төмен болуы (өзен құймайтын шығынақтардан
басқа) және мұхит суы тұздылығына қарағанда суының тұз құрамының өзгешелеу
болуы, табиғи және антропрогендік факторларға сонғы он жыл ішінде
байланысты режимнің едәуір өзгеруі, судың толысуы мен қайту құбылыстарының
жоқ болуы т.б. Сонымен қатар, Каспий және Арал теңіздері өздеріне келіп
құятын өзендердің жағалау белдемімен және сағалық облыстарымен физикалық -
географиялық жағдайлар орын алатын арнайы табиғи кешендерді құрайды.
Каспий теңізінің алабы. Жайық өзені – Орал тауынан басталып, Батыс
Қазақстанды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп Каспий теңізіне құяды.
Жайықтың ұзындығы 2428 км, республика жеріндегі ұзындығы 1100 км.
Каспий маңы ойпатымен аққанда Жайық өзені кең арналы жазықтағы
кең арналы жазықтағы өзенге айналады, кең жайылымдар, ескі арналар, ұсақ
көлдер пайда болады. Өзеннің жағауларында құм мен саздан түзілген тік
жарқабақтар жиі кездеседі. Өзен құятын жерінде екі тармаққа бөлінеді.
Негізінен қар суымен көректеніп, көктемге тасиды. Орташа жылдық су шығыны
400 м3сек. (Көшім селосы тұсында), оның 80%-і көктемге сәйкес келеді. Өзен
тасыған кезде деңгейі орта және төменгі ағысында 9-10 м көтеріледі. Басты
салалары – Самара, Шаған, Елек, Ор. Ал Өленті, Бұлдырты, Қалдығайты, Ойыл,
Сағыз деп аталатын салалар Жайыққа жетпей құрғап қалады.
Жайық өзенінен республика жерінде ондаған суару-суландыру
жүйелері (Нарын, Бақсай, Приморск, т.б.) жасалған. Жайық өзенінен Жем мұнай
кәсіпшілігіне су құбыры тартылған. Жайық өзені кемелер жүрүге қолайлы. Оның
үстіне балық аулаудың кәсіптік маңызы бар. Өзенде бекіре, шоқыр, майшабақ,
көксерке, каспий каракөзі, табан балық, сазан, жайын сияқты балықтар
қоныстанған.
Арал теңізінің алабы . Сырдария өзені Қазақстан шеңберінен
тысқары жатқан Орталық Тянь-Шань Тауларынан басталады. Өзеннің ұзындығы
2219 км. Орта және төменгі ағысында (1400 км) республика жерімен өтеді.
Өзен алабында өзен суын толықтырушы 1700 мұздық бар. Осы кезде таудағы қар
мен мұздықтардың еруінен деңгейі бірнеше рет көтеріледі. Орташа жылдық
шығыны Қызылорда қаласы тұсында 673 м3сек., оның жаз бен көктемгі үлесі
47%.
Өзен желтоқсаннан бастап қатып, наурыздың аяғында ери бастайды.
Су лайлығы 1200 гм3, ол – республиканың ең лай өзені. Ойткені өзен жолында
борпылдақ лёссті саздақты жыныстарды шайып әкетіп, ені 10-15 км кең
жайылымдар жасайды. Бұл уақытта өзен арнасынан асып, қатты тасиды. Су жан-
жағын басып, арнасын өзгертеді.
Қызылқұм құмды массивтерінің арасында Жаңадария (300 км),
Қуандария (325 км) сияқты құрғап қалған көне арналар көп кездеседі.
Сырдария (Сейхун) бойы сонау ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған,
суармалы егіншілік кеңінен мәдениет ошақтарының бірі болып саналады. Бүгін
Сырдария аңғары – республикадағы күріштен мол өнім алатын өңір. Өзеннің
ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға
тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм және Қазалы суару
жүйелері,Шардара бөгені, т.б. салынған.Өзен суы халық шаруашылығының
мұқтажына толық пайдалануына байланысты Сырдария Арал теңізіне жетпей,
тартылып қалатын болды.Өзеннің кәсіптік маңызы бар көксерке, табан балық,
ақмарқа, қаяз балықтары да азайып кетті. Бұл өзен өңіріндегі экологиялық
жағдайына кере әсер етіп отыр.
Балқаш-Алакөл алабы. Іле өзені Шығыс Тянь-Шань тауларынан
басталатын Текес және Күңгес өзендерінің қосылуынан пайда болады. Өзеннің
жалпы ұзындығы 1439 км оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Республика
шегіндегі ірі салалары – Талғар, Қаскелен, Күрті, Шелек, Шарын, Өсек,
Қаскеленнің саласы Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің таудан шығар
аралығында Қазақстанның басты қаласы – Алматы орналасқан. Басталар жерінде
тау өзені болып табылатын Іле орта және төменгі бөлігінде жазық өңірімен
ағады. Қапшағай өзені құйғаннан кейін аңғары кеңіп, қайтадан жазық өзеңге
айналып, Сарыесік-Атырау және Тауқұм құмдары аралығымен ағады.
Іле өзені Қытай шеқарасына дейінгі бөлігінде және ағысының
біраз жерінде кеме қатынасына қолайлы. Іле салаларының суы түгел дерлік
егін суаруға пайдаланады. Үлкен Алматы каналы (Шелек-Шемалған аралығында)
Іле Алатауы етегінде ондаған мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді. Іле
өзенінде Қапшағай ірі СЭС-і салынып Қапшағай теңізі пайда болды.
Атырабы қамысты, тоғайлы, балықтардан сазан, шортан ауланады.
Қабан қамыс мысығы, ондатра, Жетісу қырғауылы, ақбас тырна, т.б. кездеседі.
Кіші өзендер. Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су
ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстаның
өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су
қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл
жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нұра
бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км. Шөлейт және шөлді
аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Жиі өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар
Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында дамыған.
Бірақ, осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты тұщы
су кеміп келеді.
Кіші өзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан
алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге
байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл территориясын торлап жатыр, ал
бұл қоршаған өсімдік және жануарлар әлемінің таралуына тіккелей байланысты.
ІІ. Тарау Қазақстанның жабайы өсімдіктерімен мен фаунасы
2.1 Өсімдік типтері және олардың құрылымдық – динамикалық
ерекшеліктері
2.1.1 Ормандардың түрлері
Қазақстан Республикасының аумағында құрылымдық-динамикалақ
ерекшеліктері сипаты бойынша алуан түрлі болып келетін өсімдіктер физикалық-
географиялық жағдайлардың ең негізгі индикаторының бірі саналады.
Қылқан жапырақты ормандар Қазақстан Республикасы аумағында
шектеулі таралған. Күңгірт қылқан жапырақты ормандар Алтай және Тянь-Шань
тауларында кездеседі. Бұларға самырсындар, шыршалардың қалың екпе ағаштары,
көк терек, қайындар жатады. Орманда жасыл мүктердің тұтас жамылғысы
дамыған. Шөптер жамылғысы қызамық, алмұртшөп, қырық жапырақ және қырық
буыннан тұрады.
Жетісу, Алатау (Жоңғар Алатау) және Тянь-Шань тау жоталарының
солтүстік беткейлерінде Тянь-Шань шыршасы өседі, Жетісу Алатауында (Жоңғар
Алатауында) Сібір самырсыны, ал батыс Тянь-Шаньда – Тянь-Шань самырсыны
аралас өседі. Жапырақ тұқымдар қоспасы – қайындар, көк теректер, шетендер
сірек кездеседі. Ормандар саябақты сипатта болып келеді. Солтүстік
экспозицияның тік беткейлерінде және шатқалдар түбіндегі шөп қабатына, қою
мүкті шыршалардың тайга элементтері бөліктері кездеседі.
Қарағайлы ормандар Қазақстан Республикасының солтүстік өңірінің
өзен арналары маңы құмдарында және Сарыарқаның гранитті массивтерінде
өседі. Оларда негізгі рөлді тек мол ылғалдық жағдайында ғана, қайыңмен
және көк терекпен араласа өсетін қарағай алады. Қарағайлы массивтердің
іргелерінде далалық өсімдіктер ассоциациясы (бірлестігі) дамиды. Топырағы
мүлдем жоқ гранитті беткейлерде, сонымен қатар құмтас төбешіктердегі
топырақ үсті жамылғысы қыналардан тұрады.
Ағаш тәрізді аршалы ормандар Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулы
массивтерінде кездеседі. Аршаның бірнеше түрі бар. Қазіргі уақытта олардың
аумағы шағын, көбінесе тік беткейлерде өседі. Аршалы тоғайлардың басым
бөлігі кесіліп тасталған, олар тек жолы қиын жартас аралықтарында
сақталған. Қазіргі кезде аршалар аласа бойлы және сирек тұратын ашық екпе
ағаштардан тұрады. Шөп жамылғысы бөріқарақат, итмұрын, ұшқат, т.б.
түрлерден құралған. Таулардың орта белдеулерінде астық тұқымдас шөптесін
өскен аршалар, ал биік тауларда – шалғынды шөптер өскен.
Қылқан жапырақты жасыл ормандар оңтүстік Алтай және Сауыр
тауларының беткейлерінде тараған, сібір типті жапырақты ормандардан тұрады.
Орманды Сібір балқарағайы құрайды, ол кей кезде оңтүстік Алтайда Сібір
шыршасымен, ал Сауырда – Тянь-Шань шыршасымен аралас өседі. Бұл ормандар
ашық, көбінесе саябақты сипатта болады, осыған байланысты ағаш жамылғылары
астында шалғынды және далалы қосылымдар басым.
Жапырақты ормандардың таралуы шамалы. Олар жапырақтарын жылдың
суық мезгілдерінде түсіретін ылғал сүйгіш ағаш тұқымдарымен қосылған.
Бұларға қайынды-көк теректі, теректі, алмалы және жаңғақты ормандар жатады.
Қайыңды ормандар көбінесе суайрық жоталарда қара топырақ пен
карбонатты сұр топырақтың сілтілі телімдерін алып жатқан Қазақстанның
солтүстік орманды дала бөлігіне таралған. Олар сонымен қатар, Сарыарқа
өзендерінің аңғарларында және дала зонасының ойыстарында кездеседі.
Әсіресе, олар Оңтүстік Алтай тауларының оңтүстік беткейлерінің төменгі
бөлектеріне тән. Бұл шоқ қайыңдар, сирек жағдайда түкті қайыңдардан
құралған. Тянь-Шань тауларында кездесетін шоқ қайыңдар, екпе орманды ағаш
жолақтарын құрайтын қайыңдардың жергілікті түрлерінен пайда болған.
Көктеректі ормандар көбінесе Оңтүстік Алтай тау алды
бөктерінде, Сарыарқаның тауаралық аңғарларында және Жетісу Алатауы (Жоңғар
Алатауы) беткейлерінде кездеседі. Олар Солтүстік Тянь-Шаньда көктеректің
ерекше Тянь-Шань формасынан пайда болған. Теректің сан алуан түрлерінен
құралған теректі ормандар көбінесе Солтүстік Қазақстанның өзен аңғарларында
кездеседі.
Алма ағашты ормандар Солтүстік Тянь-Шань тау бөктерлерінде екпе
ағаштарды құрайды. Олардың жұқа жамылғысы астында доланадан, иргадан,
бөріқарақаттан тұратын қалың бұтақ шоғыры дамыған.
Жаңғақты ормандар грек жаңғағының өзіндік пішінімен сипатталған,
Тянь-Шаньның батыс және Өгем таулары өзендерінің аңғарларында таралған. Бұл
ормандарда жаңғақтан басқа алма ағашы, үйеңкі, Соғды қараөрігі, ал бір шама
биік жерлерде – арша және Тянь-Шань қайыңы кездеседі.
Пістелі ормандар жоғарыда сипатталған барлық жапырақты
ормандардан өзінің сипаты жағынан ерешеленеді. Пісте қалың екпе ағаштарды
құрамайды және қуаңшылыққа төзімді. Пісте ағаштар түрлері құрғақ саваннаны
еске түсіреді. Олар шағын шоқ тоғай түрінде Қаратау жотасында және Піскем,
Шатқал өзендерінің төменгі ағысы бойында кездеседі.
2.1.2 Бұталы шөптер түрлері
Қалың бұталы шөптер жылдың суық мезгілінде жапырақтарын түсіретін
мезофилді биік бұталардан тұрады.
Қарағандар қара топырақта және қара қоңыр топырақтарда,
Сарыарқаның тауаралық аңғарлары мен қолаттарда, сонымен қатар біршама
ылғанданған тосқындарда кездеседі.
Дәнбұршақтар қарағандарға қарағанда біршамам құрғақ телімдерді
алып жатыр. Көбінесе бұл қосылмаларда боз және көкшұнақ бетеге үлкен рөл
атқарады.
Бадамдар барлық құрғақ шақпатасты беткейлерде тараған. Дала
белдемінде, Алтай және Тарбағатай тау алды жазығында басым түрде ешкісабақ
қосылымдарымен бірге кездеседі. Жабайы бадамның қалың бұталарының
шоғырлары Піскем өзенінің төменгі ағысында, құрғақ әрі жылы тас беткйлерде,
көбінесе алма ормандарының алаңқайларына тән.
Талдар өзен аңғарларында таралған және кәдімгі мезофильді
бұталардан құралған. Шөп жамылғысында шалғынды және батпақты астық
тұқымдастар мен шөптер басым.
Тоғайлар Оңтүстік Қазақстанның өзен аңғарларында кең тараған және
олардың талды-жиделі ассоциациялары баршылық. Бұл жерде негізгі рөлді
көбінесе әр түрлі талдармен араласқан жиде алады. Қазіргі кезде беткі сулар
деңгейінің төмендеуінен, бөгендердің салынуына байланысты тоғайлы ормандар
көп кесілген және өзінің табиғи әлуетінен айырылған.
2.1.3 Жартылай бұталы ағаш тәрізділер
Жыңғылды бұталы шөптер сорлы жерлерде кеңінен таралған. Бұл
қабыршақ тәрізді бұталардан пайда болған өзгеше ассоциациялар. Олар
топырақтың күшті тұздануынан болатын ксеромезофиттерге жатады. Қалың шөптер
сирек және көбінесе біржылдық және жартылай бұталы сораңнан тұрады.
Сортаңданған топырақ аумағының ұлғаюынан қалың бұталы жыңғылды шөпті
аумақтар көбейеді.
Суық сүйгіш бұташық өсімдіктер (тундралық тип) аласа суық
сүйгіш бұташықтардан құралған, оның жамылғысы астынан мүктер немесе қыналар
дамиды. Осындай өсімдіктер таралуының Оңтүстік Алтайдың биік тауларына тән.
Қыналы-дарбасты ассоцияциялар биік тау беткейлерінің тасшақпалы
жайпак бөліктерінде таралған. Оларда негізгі рөлді шағын дәрібас бұташық
және топырақ бетінде таралған қыналар алады.
Мүкті-қайыңды ассоциациялар беткейдің солтүстік экспозициясының
жайпақ және тік жартасты беткейлерінде кездеседі. Бұл жерде шағын тал
қалыптасқан, аласа бұташықтар-дөңгелек жапырақты қайыңдар үстем.
Бұташықтардың жамылғысы астында мүктер дамиды. Мүкті жамылғылар аясында
шөптесін өсімдіктер кездеседі.
Шөлдің жартылай ағаш өсімдіктері ағаш тәрізді және жартылай
бұталы ағаш тәрізді ақ және қара ксерофитті сексеуілдің молдығымен
сипатталады. Сексеуілшелер құмтас массивтерге және Қазақстан
Республикасының оңтүстік бөлігінің өзен аңғарларының шеткі жақтарына тән.
2.2 Ботаникалық-географиялық аудандастыру
Қазақстан флорасы қырық жапырақ тәрізділердің, астық тұқымдастар
мен жабық тұқымды өсімдіктердің 5240 түрін қамтиды. Оның ішінде 725 түр,
яғни 14 пайызы жергілікті түр (эндемик). Жергілікті түрлердің басым бөлігі
салыстырмалы алғанда, жас түрлерге жатады, бірақ та бірқатары көне замандық
түрлерді құрайды.
Дала зонасы. Өсімдіктердің далалық типі оңтүстіктегі орманды-
далалардан шөлді далаға дейін басым. Даланың біршама бөлігі жыртылған.
Қазіргі уақытта аумағының біраз бөлігін селеу өсімдігі тараған дала (25
млн. га дейін) алып жатыр. Далалық зонада 0,6 млн. га қайыңды және
көктеректі, сонымен қатар қарағайлы (0,5 млн. га) орман бар. Бұл
өсімдіктердің 2500-ден астам түрі, оның ішінде 80-ге жуығы жергілікті түр
(эндемик) бар.
Дала өсімдігінің мол болып өсуіне батыстан шығысқа қарай, оның
ішінде алтайлық дала фитоценогенетикалық ортасында жалпы заңдылық тән. Үш
провинция айқындалған:
1 орманды дала зонашығы. Қазақстан аумағында Батыс Сібір орманды дала
провинциясы оңтүстігінің тек шағын бөлігі ғана кіреді. Қайынды орман даласы
жер бедерінің ойпауыт бөліктерінде таралған. Аралас шөпті-астық тұқымдас
шалғынды далалар жыртылған. Құмтасты өзен террассалары бойында қарағайлы
ормандар таралған.
2 Батыс Қазақстан далалы провинциясы қара-қоңыр топырақты көкшұнақ
бетегелі-боз және көкшұнақ бетегелі далалармен, ашық қара-қоңыр топырақты
ақ жусанды-көкшұнақ бетегелі-ақ шагүлді және ақшагүлді-ақ жусанды шөл
далаларғда дамыған. Қазақстанда 1275-ке жуық түрі бар, оның 15-жергілікті
түр (эндемик).
Шөл зонасы. Бұл зонаға шөптердің жартылай бұталы типі тән. Өзен
аңғарлары бойында тораңғы және жиде тоғайлары таралған. Құмтас массивтерде
бұталар және псаммоксерофильді далалық өсімдіктер өседі. Біршама аумақты
(35 млн. га) сұр жусанды, сонымен қатар бұйырғынды жайылымды (10 млн. га
астам) болса, біршама аумақты сексеуілшелер алып жатыр. Жоғары
өсімдіктердің 2000 түрі бар. Шөл өсімдіктерінің сан алуан түрлерінің
таралуы Каспий маңынан бастап, Тұран ойпатының оңтүстік-шығысына дейін
байқалады. Белдем екі белдемшеге сәйкес келетін екі провинцияға бөлінген:
қазақстандық және түркмендік.
1. Қазақстандық шөл провинциясы. Қазақстандық шөл провинциясы бес
қосалқы провинцияға бөлінеді:
А) Солтүстік Каспий маңы қосалқы провинциясы тек соңғы мыңжылдықта (5 мың
жылға жуық) Каспий регрессиясынан пайда болды. Флорасы кедей- 800 түрден
аспайды, қосалқы провинцияда жергілікті түр жоқ. Өсімдіктер жамылғысының
кешенділігі кең дамыған. Бұтақ шоғырлары өскен құмды алқапта флора
түрлерінің құрамы шамалы.
Ә) Маңғыстау үстірті қосалқы провинциясының шөлді құба топырағында сұр
жусанды, эфимерлі сұр жусанды, кешенді сорлар қалыптасқан. Сонымаен қатар,
құба және сұр құба топырақты шөлдерде бұйырғын, баялыш-бұйырғын және
баялыш тараған. Флорасы – 875 түрден тұрады, тек 2 жергілікті түр (эндемик)
бар;
Б) Арал қосалқы провинциясының дамыған құба топырақтардағы эфимерлі -сұр
жусанды, жусанды-жүзгінді-сексеуілді құмтасты шөлдерде дамыған. Боялыш
мүлдем жоқ. Флора түрі-960-қа жуық, оның ішінде 11-і-жергілікті (эндемик)
түр;
В) Бетпақдала қосалқы провинциясының құба топырақты, кейде тасшақпа
топырақты өңірлерінде сұр жусанды-боялыш және сұржусан, сонымен қатар
құмдарда немесе тақыр тәрізді топырақтарда сексеуіл ағаштары өскен. Бұған
құмтас шөлдерінің бөліктері де жатады. Флорасы 1085 түрден тұрады, оның
ішінде 19 жергілікті түр бар;
Г) Балқаш қосалкы провинциясы құмтасты шөлдері алып жатыр. Ақ жусанды
қауымдастықтар құба және сұр топырақтарда таралған. Флорасы 1296 түрден
тұрады, оның 17- жергілікті түр (эндемик).
2. Түркімен шөл провинциясы Үстірттің және Қызылқұмның оңтүстік
жапсарын қамтиды. Бұл жерде жусанды-сораңды, шатыршалардың оңтүстік
жүзгінді сексеуілшесі басым. Кейбір аумақтар эфемерлі-жусанды шөлдерден
тұрады. Бұл жерде жергілікті 10 түр бар.
Таулы облыстар. Қазақстан Республикасы таулы аумағының
белдеулігі өсімдіктер типінің біршама түрлері олардың далалық және шөлді
провинцияларымен салыстырғанда флоралық айырмашылығын анықтайды. Бұл жерде
қылқан жапырақтылардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz