Заң психологиясындағы жасөспірімдердің психологиялық проблемасы
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .3-8
І. Жасөспірімдердің жеке қалыптасу кезеңі
1. Жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі психикалық дамуы ... ...9-14
2. Жасөспірім жастың әлеуметтік жағдайда дамуы ... ... ... ... ...15-20
3. Жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтар ... ... ... ... .21-25
ІІ.Жасөспірімдер психологиясы.
1. Заң психологиясындағы жасөспірімдердің психологиялық
проблемасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 26-32
2. Қиын жасөспірімнің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...33-35
3. Қылмыс және
жасөспірім ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 36-
40
ІІІ. Тәжірибелік зерттеу.
3.1.
Әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..41-45
3.2. Объект және пән
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
Тұжырым және
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 7-49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..50
Пайдаланған әдебиеттер.
Қосымша.
Кіріспе
Нарық қыспағында өмір сүріп отырған заманда қылмыс та белең алып
отырғаны баршаға аян. Қылмыспен күресу, оның алдын алу және одан сақтандыру
шараларын жүзеге асыру құқық қорғау органдарының басты да негізгі міндеті.
Ал қылмыс жасаушыларға келетін болсақ, олардың қатарында ересектерден гөрі
кәмелетке жасы толмағандар басым. Жастар болашақтың бастауы десек, олардың
қылмыс жасап, келеңсіз жағдайларға душар болып, темір торға түсіп жатқаны
ойландыратын жәйт. Бұның себебі неде?
Жастар проблемасына байланысты, жасөспірімдердің өміріне қатысты
мәселелер Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған
жолдауынан орын тауып, тиянақты да түйінді айтылған. Осы орайда
Президентіміздің өзі жастар мәселесіне елеулі көңіл бөліп, олардың дұрыс
жолға түсіп, абыройлы да саналы азамат ретінде сапалы білім алуына жағдай
жасауда. Дегенмен, қоғамда жасөспірімдердің қылмыстарының өсуіне себеп
болатын жағдайларға көңіл бөліп, құқықтық баға берген жөн.
Жасөспірімдер қылмыстарына әсер ететін себептер мен қылмыс жасаудың
көзі еліктеушілік жатады. Кейбір теледидарда түрлі эротикалық, күш жұмсау
мен қаталдыққа бой алдыруды насихаттайтын қылмыс жасаудың әдіс-тәсілін,
қылмыстардың ізін жасыру жолдарына баулитын фильмдер көрсетіледі. Бұл
теріс мінез- құлықтар бала психологиясына кері әсер етеді. Жасөспірімдер
сезімінде еліктеушілік, көрсетілген нәрсені қайталау, тез қабылдап
алушылық қалыптасады.
Отбасында адамгершілік нормалардың сақталмай, әдепсіз сөздердің
айтылуын, жанжал, қақтығыс, басқа да әдеп ережесіне сыйыспайтын әрекеттер
де жасөспірімдердің қылмыстарына әсер ететін себеп болып табылады. Мұндай
жағдайда бала ешқандай әлеуметтік жауапкершілікті сезінбей, теріс мінез –
құлыққа бой үйретеді.
Енді бір себеп-тәрбие беру ісі ақсаған мектеп, қоғамдық орта,
материалдық және басқа қиыншылықтар.
Жасөспірімдердің қылмысқа себеп болуы, теріс факторлардың сыртқы
ортадағы әсері және жасөспірімнің өзі болып келеді. Қылмысты көбіне “қиын
балалар” педагогикалық жағынан төмен қалған жасөспірімдер жасайды.
Статистикалардың куәландыруына қарағанда, бұл қылмысты категориялар соңғы
жылдары 2 есе көбейіп кеткендігін көреміз. (№ 1 кестені қараңыз).
Қиын жасөспірімдер қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез
ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын мінез-құлқында психопатиялық
формалар кездесетін, кейде ашулары “қайнағанда дәрі-дәрмек” беру арқылы
қозу жүйесін тежейтін балалар жатады.
Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу мәселелері жаңадан ғана қаралып
отырған проблема емес, революциядан бұрынғы орыс және шетелдік
педагогикалық ойлардың қайраткерлері П.Г. Бельский,
А. Богдановский, А.Я. Герд, Д.А. Дриль, Д.Р. Тальберг, А.А. Фидлер және
т.б. еңбектерінде көтерілген. Осылардың кейбіреулерінің идеялары осы күнге
дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Мысалы, П.Г. Бельский және Д.А. Дриль құқық
бұзушы жасөспірімді зерттеп тану, олардың психологиялық ерекшеліктерін
айқындауды талап етеді. П.П. Пусторослов болса, педагогикалық тәртібі
нашарланған балалардың заң правосын бұзу дәрежесіне орай әртүрлі типті оқу
тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды жөн көрген. Е. Альбицкий, А. Ширген, А.
Герд тәрбие-еңбек колонияларында оқу процесін жандандыруды қарстырады. Н.Н.
Горонович құқық бұзушы жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу процесін
жақсартудағы тәрбиешінің ролін көтеруге кеңес берген
Елімізде әлеуметтік-экономикалық жүйені басқаруда әкімгерлік-
әкімшілік тәсілдерінің орын алуы, қоғамымыздың тұйыққа тірелген
кезеңдерінде өндірістік орындар мен мекемелердің кейбір қоғамдық ұйымдардың
қызметкерлері мен жұмысшылары өз жанұясында балаларын тәрбиелеуге
көңілдерін аз аударып келеді. Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер істері
жөніндегі комисия мен милиция органдарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін
жанұяларды дер кезінде қадағалап отыру да нақтылы жолға қойылмаған.
Жасөспірім жастың өтпелі кезеңінің маңызы және оның ролін анықтау,
жеке басының құрылымы баланың психикалық дамуындағы ең маңызды
проблемаларының бірі.
Көптеген жағдайда жасөспірімдердің құқық бұзушылар санына өз орнын
мектеп ұжымында таба алмағандар, өзіне теріс қарымқатынаста болғаны себепші
болады.
Біздің зерттеуіміздің актуальдығының алдында, жасөспірімдердің
қылмысқа баруының негізгі себептерін анықтау.
Зерттеулеріміздің объектісі ретінде 13-16 жас аралығындағы орта жалпы
білім беретін мектеп жасөспірімдері алынды.
Біздің жұмысымыздың мақсаты: жасөспірімдердің жеке басының
деформациялық жинақты зерттеуін өткізу және олардың қарама-қарсы мінез-
құлқының туындау жолында салыстырмалы анализдің келесі тобын ұсынамыз:
жалпы білім беретін мектепте оқитын жай-жағдайдағы жасөспірімдер және
қылмысты болған жасөспірімдер немесе ішкі істер бөлімінде кәмелетке жасы
толмағандар ісі жөніндегі камиссияда есепте тұрған жасөспірімдер.
Біздің алдымыздағы келесі мақсат:
1. Қазіргі қоғамдық ортада жасөспірімдердің орнын қарау.
2. Жасөспірім арасындағы қайшылықтарды зерттеу.
3. Қиындықпен тәрбиеленетін жасөспірімдердің мінез-құлқын анықтау.
Негізгі гипотеза – жасөспірімдердің теріс мінез –құлқының қалыптасуына
салыстырмалы топ айырмашылығы көп болуына байланысты.
1. Болашаққа көзқарасы (өмірге көзқарасы және болашақта алға қойған
жоспарларының түрі).
2. Өзара қатынас (Ата-аналары және құрбы-құрдастарымен қатынасының
стильі)
Жасөспірімдер арасында қылмыстың Уәлихан ауданы бойынша 2003-2006 (наурыз
–2006 ) жылдар аралығындағы көрсеткіші.
Кесте № 1
Жыл Қараусыз Жанұя Қараусыз Қылмыстық ОрналастырылғЖалпы
кеткен лары кеткен жауапкершіліан жасөспірімкөрсет
жасөспір -нан жасөспі кке дер кіш
імдер қашқандарімдер жеткізілгенд
р ер
2003 3,5 % 6,5% 2,5% 1,5% 5,2% 7,2%
2004 4,5% 6,5% 3,2% 2,2% 5,5% 7,5%
2005 3,2% 5,4% 4,5% 2,5% 6,2% 7,4%
2006 2,5% 3,2% 2,1% 1,2% 3,4% 6,1%
(наурыз)
2004 жылы 9 шілдеде Елбасы Қазақстан Республикасының “Қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы заңына қол қойды”. Ол заң
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың өз еркімен қатысуына
байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Әлеуметтік құқықтық қатынастар түрі заман талабына сай
қалыптастырылған.
Занның ережелері.
Азаматтың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы ішкіістер
органдарына ерікті түрде жәрдемдесу арқылы жүзеге асырылады. Осы мәселе
бойынша басты рол жергілікті өкілді және атқарушы органдарға беріліп
оларға қоғамдық тәртіптің төмендеген бағыттарын қамтамасыз етуге
азаматтарды тартуды ұйымдастыру жүктеліп отыр. Жергілікті өкілді органдар
маслихаттар
1) тиісті әкімдіктер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ішкі істер
орагандарымен жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты
әзірленген бағдарламаларды қарайды және бекітеді.
2) тиісті әкімдіктердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін азаматтарды
көтермелеу жөніндегі комиссияларының қызметін бақылайды.
3) Аудандық жергілікті атқарушы органдары. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды тіркейді және олардың дербес есебін жүргізеді.
4) Қоғам тәртіпті қамтамасыз ететін комиссияларды құрады.
5) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін азаматтарға ақшалай сиақының
мөлшерін айқындайды.
І. Жасөспірімдердің жеке қалыптасу кезеңі.
1. Жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі психикалық дамуы.
Адам сыртқы табиғатын біліп оның күшін өз игілігіне пайдалану үстінде
өз табиғатының жұмбақты сырларын да білгісі келеді. Өзінің ішкі табиғатын,
алуан түрлі сырларын адам өзі жақсы білсе, ол сыртқы дүниенің тәнге күнбе-
күн жасайтын ықпалын ескертіп, мидың тіршілікті меңгерудегі атқаратын
жұмысын дұрыс түсіне алады, қоғамға пайдалы істермен жақсы шұғылданады1.
Әлдебір дүниедегі құбылыстардың ішкі мәні сыртқы пішінімен айқын
көрініп тұрса, онда нәрселердің бәрі адамға өзінен-өзі түсінікті,
құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі мәні үнемі сәйкес келе
бермейді. Мұндай-жағдай жасөспірімдерді қиындыққа ұшыратады, түсінбеушілік
молаяды. Оның себебі әркімнің өз мінез-құлқы көзден таса қалып қояды. Иә
беймәлім болады. Әрине бұл жәйт бір жағынан адам жанының өте күрделі,
екінші көзге көрінбейтін аса “құдіретті” ерекше зат екендігінен де
туындайды. Осы ретте жасөспірімдердің писхологиялық ерекшеліктеріне
тоқталайық. Сонымен қатар оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін
жасөспірімдер де, болашаққа деген жоспары айқын еместер де кездеседі.
Қыздардың кейбіреулерінің бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар көзіне
назарына түсу ғана болса, енді біреулері бұған онша мән бермейді. Кей бала
үйінде нағыз- жәрдемші болса, енді біреулері ерке, тіпті тұрмыстағы
қарапайым жұмыстарға ебі жоқ. Сонымен қатар осы кезең әрі қиын, әрі
сыналатын кезең. Бұлай болуы, біріншіден осы уақытта болатын көптеген
сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы
ерекшеліктерінен, мүдделері мен қарым –қатынастарын түбірінен өзгертетін
сипаттама болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде, көбінесе күтпеген
жерден болады да, даму барысы секірмелі қауырт сипат алады. Екіншіден,
көзге аса айқын көрінбей бұғып жатып, әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасады,
сонымен бірге оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады: үлкендердің
ықпалына көне қоймайды, тіл алмаудың қарсылық пен наразылықтың әр түрін
(қиқарлық, дөрекілік, кесірлік, тентектік, томаға-тұйықтық т.б.) көрсетеді.
Жасөспірімдік жас- балалық шақтан ересектік шаққа өту кезеңі. Ол
жасөспірімдердің қоғамға қарсы қылықтарымен жағымсыз жағдайға мүмкіндік
беретін тәрбиелеу жұмысында өзінің қарсылықтарымен ерекше көзге түсетін
кез.
Жасөспірімнің әрбір даму кезеңінде жетекші іс- әрекеті болады. Мұндай
іс- әрекеті өзінің мақсаттары, мотивтері және орындау тәсілдерімен
сипатталады.
Жетекші іс-әрекеті өсуші индивиндтің мұқтаждарын қанағаттандыру мен немесе
психикалық процестерін қалыптастыруға бағытталған іс- әрекеті.
Писхикалық іс-әрекеттерінің процесінде жаңа мотивтер (ықылас, тілек
және т.б.) туады, баланың түсінігі мен ұғымы, білімі мен тәжірибесі артады,
ойлау операциясы да ( талдау, синтез, салыстыру, абстрациялау, жинақтау,
классификация) жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесінде бала ойлау
операциясы арқылы объективтік шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай
білуге, адам баласының бай тәжірибесін игеруге талаптайды.
Көптеген шетелдер мен Россияның революцияға дейінгі педагогтары мен
психологтарының бірқатар жұмыстарында бұл жас көпке созылған талас-
тартысты кезең деп аталады. Кейбіреулер бұл кезеңді көрсету үшін “жас
дағдарыс” деген терминді енгізеді. Бірсыпыра педагогтар жасөспірімдерге
“өзін қоршаған ортадан қол үзу”, сыртқы дүниемен келіспеу, түңілушілік
көңіл-күйі тән және т.б. дегенді растайды.
Мұндай талқылаулар үшін, әсіресе дененің дамуындағы кейбір
сәйкессіздік негіз болып табылады, бұл жасөспірімдердің қылығына және басқа
сыртқы қимыл- көріністеріне әсерін тигізеді. Бұл дене дамуының күрделілігі
мен қарама-қайшылығы жасөспірімдердің психикалық дамуының ерекшеліктеріне
әсерін тигізеді.
Жасөспірімдердің психикалық дамуының ерекшеліктері қандай?
Жасөспірімдердің ең елеулі белгісі ересектеліп қалғанын сезінуі болып
табылады. Ол сезімі ең алдымен дербестікке өздігінше әрекет жасауға
ұмтылғанда (жасөспірім ата-ана, мұғалімдер тарапынан болған қамқорлыққа жиі
қарсыласатын болады) және өзінің жеке басының пікірі болуына ұмтылғанда,
оны әсіресе жолдастары алдында қорғауға тырысқан кезде көрінеді. Бұл өз
кезегінде жасөспірімдерді үлкендерге қарсы пікір айта бастауына, ата-
аналарымен, тіпті мұғалімдерімен де дауласып, таласқа тісуге дейін апарады.
Мұндай қылық өзінің жеке басының ар-намысының құзырлы дамуы, басынан сөз
асырмайтын өзімшілдігі пайда болуымен байланысты. Сондықтан да жасөспірім
өте өкпешіл,шырт * етпе. Осыдан барып, әсіресе басқа біреудің көзінше
жасалған ескертпеге теріс көзқарас, көбінесе бұлқан - талқан болып
ашулану мінездері шығады.
Теорияларға сүйене отырып, әрбір өтпелі және қиын қыстау кезеңі-
әлеуметтік ситуацияның дамуындағы қайта құрылудың шешімі, негізіндегі
баланың объективтік тұрмыс қалінің оған деген қоғамдағы қатынастың жеңіл
түрінің өзгеруі жатады.
Барлық өтпелі кезең жалпы заңдылығында бір ағынмен, мазмұны мен
симптаматикасы ұқсас болып келеді. Кезеңнен кезеңге өту, өзіндік дағдарыс
дамуынан бөлініп шығуы, тұрақты кезеңінің дамуындағы ерекшелігі мен мазмұны
бір-біріне ұқсамайды.
Жасөспірімдік кезең мектеп тәжірибесінде “өтпелі”, “қиын”,
“бетбұрыс”, т.б. деп аталып балалардың өсуі мен жетілуінде айрықша орын
алатыны жаңалық емес. Бұл кезеңде жекелеген балалар мен ұстаздардың, ата-
аналар мен өз балаларының арасында түрлі түсініспеушіліктер туындап, тәрбие
жұмысы да қиындай түседі. Оның себебі, бұл жастағы балалар бойында барлық
бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптаса бастайды да, ол үрдіс біршама
ұзақ уақытқа созылады. Өйткені, жасөспірім бойында балалық пен ересектік
қатар жүреді де, әрбір жеке тұлғаның дара даму ерекшеліктеріне сәйкес сипат
алады. Мұны психологиялық тұрғыдан зерттеген ғалымдар төмендегідей екі
түрлі жағдайды ескертеді:
- Жасөспірімдердің көбіне басқадай тұрақты және байыпты міндеттер болмай,
тек өзінің оқуымен ғана шұғылдануы: кейбір ата-аналардың өз балаларын
күнделікті тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтардан қорғаштап, түгелдей
қамқорлықта ұстауының салдарынан ересектіктің тежелуі;
- Сан алуан мазмұнды ақпараттың орасан зор тасқыны: көптеген ата-аналардың
бос уақытының аздығы және соның салдары ретінде балалардың дербестікке,
еркіндікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы, дене
күшінің арта түсуі, т.б. Осы сияқты ересектікті жеделдететіне жағдайлар
ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі құбылыстар туғызады да, оның
белгілі бір жақтары дамуының әртүрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары
келіп шығады2.
Бұл жастағы жасөспірімдердің өзіне тән ерекшелігі сол-ол өзіне
үлкендерден дербес, үлкендерше қарым-қатынас жасауды тілейді. Мұны дер
кезінде ескеріп, елей бермейтін ұстаздар шәкірттерімен тіл табыса алмайтын
дәрежеге дейін жетіп жатады. Балалар әлемі-күрделі әлем. Олар үлкендерге
ойын баласындай көрініп, секіріп ойнап жүргендіктен, оның ересектікке
қадам басқан алғашқы кезі үлкендерге ерсілеу болып та көрінеді. Бұл кезеңде
олар үлкен адамдардың бірсыпыра талаптарын бұрынғыдай сөзсіз орындаудан
қала бастайды, үлкендер айтқан кеңес, ескертулерді өз еркіне қол сұғу деп
түсініп, дөрекілікте көрсетеді. Олар өз ар- намысын ерекше сезініп,
бұрынғыдай емес, көптеген жағдайларда өз құқығы барына сенімі арта түседі.
Сол сияқты олардың ақыл-ойын да тез дамып, өздеріне тән ойлау жүйесі
пайда болады. Айналасындағылардың іс- әрекеті мен сөзіне сын көзбен
қараушылық, өзінше пікір білдірушілік бірте-бірте күшейе түседі. Д.Дьюн
қажетті бір міндет ретінде адамның осуі үшін оның ішкі белсенділігін ояту
қажет деп қараған. Жақсы мақсат тәрбиеленушінің өз бойынан туындайды да,
сыртқы талаптармен сай келеді. Сөйтіп мінезді қалыптастыру үшін қажетті
жақсы жағдай туғызуға себепші болады деп қарайды.
“Тәрбие мақсаты – бала бойындағы табиғи дарын мен қабілеттің көзін
ашып, адамның творчестволық қалыптасуына көмектесу” – деген екен француз
жазушысы әрі философы Ж.Ж. Руссо.
Жасөспірім жігіттер мен қыздардың есеюін жасанды түрде тежеу оларды
инфантимизм, немқұрайдылық пен жауапсыздық сезімін туғызады, мұны өзі
ересек адамда ерекше қауіпті болатын сапалар. Үнемі қамқорлыққа дағдыланған
адамдар тіпті қажет болғанның өзінде жауапкершілікті өзіне ала алмайтын
болып шығады. Кейде мұндай бағып-қағу бұзақылық пен жастардың қылмысы
түрінде көрініп теріс қарсылық туғызады.
Жасөспірімдік шақ 11-12 мен 15-16 жас аралығындағы кезең болып
саналатыны белгілі. Бұл жаста психофизиологиялық даму және баланың
әлеуметтік қайта құрылу белсенділігінің қарқынды дамуымен басталады.
Психологиялық әдебиетте бұл жастағы хронологиялық шегінің түсінігінде
бірлігі жоқ деп айтады.
Жасөспірімдік жасты жиі диспропорциялық даму кезеңі деп атайды. Осы
жаста өзіне зейіні жоғарылай түсіп, айналасындағылардың айтқан ескертпе
сөздеріне деп қоймай, өзінің ойын жоғары ұстай бастайды.
Жасөспірімдердің психофизиологиялық дамуындағы ең маңызды кез
жыныстық толысу және жыныстық идентификация мен екі түзу сызығы бойынша
психосексуалды дамуының бірлігі мен байланысты болып келеді.
Психофизиологиялық деңгейде жасөспірімдердің өзінің ыңғайсыз жағдайда
сезінетіні: эмоциональды сфераның тұрақсыздығы; жоғары нерв жұмысының
ерекшелігі.
Жасөспірім жастағы балалар намысқор болады. Үлкендердің бақылауын сүймейді,
әкімшілік шаралармен жекіріп сөйлеуді ұнатпайды. Сондықтан олар бұл
жағдайды үлкендердің озбырлық жасауы деп түсінеді де, өздерінше абыржып,
наразылық білдіреді. Үлкендерге байланып, олардың мінезіндегі шындық пен
жалғандықты байқауға тырысады. Сөйтіп үлкендер мен балалардың қатынасында
түсініспеушілік, салқындық туады.
Сондықтан жасөспірімнің өтпелі кезеңіндегі психикалық даму барысында
олардың түрлі іс-әрекеттерін өз беттерінше орындауға мүмкіншілік беріп,
дұрыс бақылау және педагогикалық басшылық қажет.
2. Жасөспірім жастың әлеуметтік жағдайда дамуы.
Жасөспірім жастың әлеуметтік дамуының негізі ересектермен қарым-қатынаста
бала объективтік тұрғыдан баланың жағдайда болмай, еңбекке қатысып, елеулі
міндеттері болған жағдайда туындауы мүмкін.
Жасөспірімдік сезім сана-сезімінің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде
жеке адамның өзекті ерекшелігі. Оның құрылымдық ортасы болады. Өйткені ол
жасөспірімдердің өзіне жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірлік позициясын
білдіреді. Оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын,
жаңаша талпыныстарының, толғаныстары мен аффективтік ықпалдардың жүйесін
анықтайды. Жасөспірімнің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер
дүниесіндегі және олардың қарым- қатынастарындағы бар нормалары,
құндылықтармен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады.
Жасөспірімдердің ересектерге теңелместігі оларға сырттай ұқсауға, олардың
өмірі мен іс-әрекеттерінің кейбір жақтарына ортақтасуға олардың қасиеттері
мен іскерліктеріне, құқықтары мен артықшылықтарына жетуге ұмтылуынан
көрінеді. Сезімнің және төңірегіндегілердің оның мойындауын қажетсінуінің
пайда болуы ересек пен жасөспірімдердің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы
құқытарының мүдделі жаңа проблемасын тудырады. Олардың өзі қоршаған
ортасында болатын барлық оқиғалар мен құбылыстардың себептерін білуге
ұмтылуға, көптеген сұрақтарға өз бетімен жауаптар іздеуге түрткі болады.
Жасөспірімдер өзіне түсініксіз нәрсені балалық аңғалдықпен және батылдықпен
зерттейді. Нәтиже ойдағыдай болмаса да оның алдына жаңа мәселелер қойып,
жаңа ізденістерге бағыттайды. Ол неғұрлым көбірек ойланып әрекет етсе,
соғұрлым өзін-өзі, айналадағын тану- қоршаған әлемді жаңаша түсінуіне
байланысты. Қазіргі жасөспірімдер қиял-ғажайыптарға, белгісіз нәрселерге
көз жұмып сене бермейді. Олар өздеріне түсініксіз құбылыстардың пайда болу
себептерін іздейді, сол себеппен ерте ме кеш пе ашатынына сенеді3.
Сонымен бірге бұл кезең-адамның балауса балалықтан біртіндеп арылып,
есеюге бет бұрған өзін-өзі танып-білуге, басқа дүниеден өзін біліп қарауға
қоғамдағы, әлеуметтік өмірдегі өз орнын іздейтін шақ. Бұл кезеңде ол азамат
ретінде есейіп, ер жетуге тиіс. Оның үстіне шын көңілмен ұғынысқан өмірлік
серік, дос табу мақсаты және бар. Олардың әрқайсысы өзінің мінез-құлқының
қолайлы қолайсыз жақтарын дұрыс сезініп, тиісті жағдайда өзін-өзі ұстай
білуге, өзінің кемшіліктерін жоюға, мінез сапаларын қалыптастыруға бет
бұрады. Бұл орайда Б.Т. Ананьев және т.б. психологтардың зерттеулеріне
қарағанда, жасөспірім шақта адамның негізгі қасиеттері-есте қалдыру, қимыл
әрекеттері, әсіресе сөйлеу өнері айтарлықтай белсенді түрде дамиды. Мысалы,
оперативтік іс, зейіннің аударылуы, есеп шығару т.б. психикалық жүйелердің
қалыптасып дамуының шапшандығы артады. Бұл жаста қыздар мен жігіттердің
(қалыптасып дамуынан) жеке адам қасиеттерінің жетілуі, сол сияқты мінез-
құлық сипаттарының тұрақталуы, азаматтық позицияның дамуы назар аударады4.
Жеке адамның балаң, жасөспірімдік шақта қалыптасатын ерекше маңызды
белгісі өзін-өзі сыйлау яғни, өзін өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде
қабылдау не қабылдамау дәреже. Өзін-өзі барынша сыйлау менменсу не сын
тұрғысынан қарау емес. Мұның мәнісі адам өзін өзгелерден нашар мын не
төменмін деп санамайды, өзін жақсы көреді деген сөз. Керісінше - өзін-өзі
сыйлаудың төменгі деңгейін үнемі көңіл толмаушылықты, өзін жек көруді өз
күшіне сенбеуді көрсетеді.
Өзін-өзі сыйлаудың белгілі бір адамға тән деңгейі жекелемей өзін-өзі
бағалаудан өзгеше біршама орнықты болады, дегенмен ұзаққа созылған сәтті
немесе сәтсіз жағдайлар оны тиісінше арттыруы немесе азайтуы мүмкін. Өзін-
өзі сыйлаудың қалыптасуына кішкене кезінен бастап-ақ көптеген себептер ата-
аналарының көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдай т.б. әсер етеді.
Жасөспірім кезде бұрынғы ұғымдар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке
қасиеттерін жаңадан ұсынуға байланысты өзінің жеке басы туралы түсінік
қайта құралады. Жасөспірімдер көбіне көтеріңкі болмысқа сай келмейтін
талаптар қояды, өз қабілеттерін, ұжымдағы алатын орнын т.б. асыра
бағалайды. Өзіне деген осындай негізсіз сенімділік көбіне ересектерді
(құрдастарында) мезі қылады, көптеген тартыстар мен түсініспеушіліктер
туады. Жас адам өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар мен
қателесулерден кейін барып ( әдетте кейінірек, мектептен кейін) біледі.
Жасөспірімнің өзіне деген сенімі қаншалық жағымсыз болғанымен,
психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі бұдан анағұрлым
қауіптірек. Мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы
қайшылықтарға ұшыратады әрі орнықсыз етеді. Өзін-өзі сыйлауды төмен
жасөспірім жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста қиыншылықты көп көреді,
жалған бет-перде жасап алып, айналасындағылардан бөлектенуге тырысады.
Басқа ролде көріну қажеттігі ішкі қарбаластықты күшейтеді. Мұндай адамдар
сынағанды күлгенді, жазғырғанды өте ауыр алады, жұрттың өзі туралы не
ойлайтынына мазасызданады. Адамның өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса,
оның жалғызсырап қиналуы соғұрлым көбірек болады.
Өзін-өзі сыйлаудың төмендеуінен барып адамның әлеуметтік талаптарының
деңгейі барынша төмен болады, оны жасыру –бар іс- әрекет атаулыдан
тартыншақ етеді. Мұндай жасөспірімдер көбіне өз күштеріне сенбегіндіктен,
алға қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі
төмен бағалауын нығайта түседі.
Әлеуметтік қоғамда кәмелетке жасы толмаған балалардың заң тәртібін
бұзуы және педагогикалық тәртіптерінің төмендеуі көп ретте кейбір
объективтік және субъективтік жағдайларға байланысты. Алайда, әлеуметтік
қоғамда адамды адам қанаумен жеке меншіктің болмауы қазіргі жастардың
құқықты бұзуға әлеуметтік негізі жоқ екендігін дәлелдейді5.
Сонымен, қазіргі психологтар мен социологтар еңбектерінде әлеуметтік
қоғамында жеке адамды қалыптастыруға екі топ факторлар: макрожағдай мен
микрожағдайлар себепші болады деп санайды. Макрожағдай негізінде (қоғамдағы
экономикалық қарым-қатынас, қоғамдық сана формалары, тап және ұлттар
қатынастары т.б.) жеке адамның қалыптасуына объективтік мүмкіндік туғызып,
жастардың адамгершілік белгілерді сақтап, құқық тәртібін бұзуға жол
бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамауы, қоғамдық
орындарда тәртіп сақталмауы, үлкен-кішіні сыйламауы сияқты қылықтар (
ұжымда, топта, жанұя ортасында жора-жолдастарының арасында т.б.)
микрожағдай ортасында ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы
жанұясында, мектепте, құрдастары мен ата-аналарының арсында жасалынады.
Көптеген зерттеулердің дәлелдегеніндей, жасөспірімдердің мектептен тыс
кездерінде тиянақты түрде, араласып, сырласып тұратын компаниялары,
серіктері баршылық. Бұл серіктес достардың ұстаған бағыты дұрыс болса
жақсы, ал оған керісінше болса уақыттарын қалай болса солай келеңсіз
өткізеді, бір істен екінші іске ауысып, бұзықтық жасауға қолайлы жағдайлар
туады.
Белгілі совет психологы К.К. Платоновтың көзқарасына жүгінсек, “жеке
адамның психологиялық құрлысы төрт бірліктен тұрады екен. Олардың біріншісі-
жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері (физиологиялық
ерекшеліктері); екіншісі–адам дамуындағы психологиялық процестердің кейбір
дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау т.б.
қабілеттері (биологиялық ерекшеліктері) болмақ. Үшіншісі – баланың
күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі, ал
төртіншісі-жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адамгершілік қадір-
қасиеттерінің бірлігімен тұрмақ6”. Әсіресе, соңғы екі проблема бір-бірімен
байланыс етсе, жасөспірімдердің әлеуметтік бағыт-бағдарлары, көзқарастары,
бейім–қабілеттері қалыптасады. Жасөспірім қарым-қатынасындағы мінез
ерекшелігі:
а) Қоғамдық ортада, өндірістік коллективте, құрдастары мен басқа адамдармен
қарым-қатынасы ( еліміздегі жаңалықтардан хабардар емес, айналасы мен
байланыс жасай алмайды, шындықты айтады және жақтайды, үлкен –кішіні
сыйлайды, сыйламайды, өзін-өзі ұстай алмайды, ызақор, ашуланшақ, тұйық
т.б.).
ә) Қатар құбылыстарымен мектеп оқушыларымен қарым-қатынас (өзін біркелкі
ұстау, сыйласымды, ұстамды, артықшылдығын сезіну күш көрсету, жәбірлеу,
зорлықты сезіну, зорлық- зомбылық жасау, қорқақ, ұяң, ұялшақ т.б.)
2. Жеке басына сын көзбен қарау, дұрыс баға беру, артық санау, қатал, өзіне
сенімді, сенімсіз, төмен санау т.б.)
ә) денекүшіне сену, басшылыққа ұмтылу, абыройлы жарамсақтану, жалынышты
болу т.б.
б) үлкендерге ұқсауда өз пікірі болуы, бағынышты болмау, өздігінен
орындауға талпыну, ешкімге қажет емеспін деп сезіну.
3. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тілегі;
а) творчестволық, ұйымдастырушылық істеріне және тағы басқа қоғамдық іске
бейміділігі және икемділігі бар немесе жоқ;
ә) үйірме және секция жұмыстарына қатысады, қатыспайды;
б) көркем әдебиет, газет – журналдарды оқиды (оқылмайды);
в) қыдырымпаздыққа, қанғыбастыққа, ұрлыққа, бұзықтыққа, арақ-шарап ішуге,
темекі наша тартуға құмар, құмар емес.
4. Жеке басының мінез-құлқын жөндеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптануы:
а) түзеуге талаптану, әрекеттенбеу;
ә) мінезін түзеуге сенімді, сенімсіз;
б) мінез-құлқын жөндеуге ойластырмау, болашағына көзі жетпеу, көзбояушылық
жасау.
Сонымен әлеуметтік ортада үлкендер жасөспірімдердің талап- тілегімен
санасып, барынша түсінісіп, ынта-жігерін арттырып отырғаны абзал.
3. Жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтар.
Адам өмірінің жас шағындағы осы бір кезеңін мұғалімдер- жасөспірім,
дәрігерлер-өтпелі, заң қызметкерлері – қауіпті, қиын кезең деп атапты.
Өтпелі кезеңдегі балалардың мінез-құлық, іс-әрекетінің сипаты, оның әр
балада түрліше өтуінің себебі неліктен? Осы сұрақ төменгіде біраз ойланып
жауап берген ойшылардың өзі аз емес.
Тегінде бала өмірдің гүлі жанұя дәнекері, ата-ана ғұмырының жалғасы,
ең бастысы біздің қоғамымызды алға қарай дамытушы болашағымыз Сондықтан да
жас ұрпақты заман талабына сай, көздің ғана емес, көңіл қуанышы етіп
тәрбиелеу басты міндет. Тамаша педагог
К.Д. Ушинский: “Егер педагогика адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе, оны
жан-жақты білу керек” деген терең мағыналы сөзі тек мұғалімдерге ғана емес,
тәрбие мәселесіне жауапты адамның бәріне де қатысты.
Қазіргі балалардың физиологиялық және сезім ой-өрісі жағынан жетілу
процесі тез. Соның салдарынан да балаларды алдап сендіре салу не бұйрық
беріп, тыйым салу да қиын. Сырт қарағанда, оларға ата-анасы мен мұғалімнің
беделі 13-14 жасқа дейін ғана тиімді әсер ететін сияқты көрінеді.
Сондықтанда бүгінгі ата-ананың кезінде өздері алған тәрбие әдісі мен
бүгінгі жас ұрпақтың талабы сәйкес келіңкіремей, қайшылық туып, қиындықтар
байқалуда.
Жасөспірімдер тарапынан қоғамдық тәртіп бұзушылық көп кездессе, оның
негізгі себебін дәл осы сәйкессіздіктен іздеу де жеткіліксіз, Бұған толып
жатқан басқа да себеп бар. Әңгіме сол себептерді аша білуде. Бұл кезеңге
юристік көзқараспен шолу жасағанда мына төменгідей ой тұжырым ашылар ма
еді?
Баланың есейіп ақыл-ой толысып, кәмелетке толғанға дейін өмірі:
мектепке дейінгі, мектеп жасындағы және жасөспірім шағы болып бірнеше
кезеңге бөлінеді. Осы кезеңнің қайсысында болсын тәрбие тізгінен бірер
минут та босаңсытуға хақымыз жоқ.
Жасөспірім өте сезімтал, еліктегіш, қабылдағыш. Оның алдында қателік
жіберу беделден айырылу не тәрбиесіне мән бермеу ересектер үшін
кешірілмес күнә.
“Балам жаман болсын” деп теріс тәрбие беретін ата-ана жоқ. Ал, дұрыс
тәрбие бере алмайтын әке-шешелер кезінде өзі жөнді тәрбие көрмеген не
араққа салынып азғындаған, қылмыс жасап, теріс жолға түскен, мінезіндегі
кемшіліктің сезіне алмағандар.
Осындай сәтсіздікке ұшыраған ата-анадан туған балалар да жарымжан.
Олардың ұғымталдығы нашар, нерв жүйесі әлсіз, түрлі ауруға шалдыққыш,
тәртібі нашар болып келеді. Мұндай балалар өтпелі кезеңге жеткенде, бұл
кезеңнің организмдегі табиғи толысуға тән өзгешеліктеріне төтеп бере
алмайды. Себебі бұл кезде бүкіл организмде өзгеріс пайда болады.
Жасөспірімнің нерв жүйесіндегі қалыптасу процесі өте ауыр өтеді. Әсіресе
бұрыннан нерв жүйесі әлсіз болса, оған салмақ түсіру аса қауіпті.
Нерв жүйесіндегі ауытқу жасөспірімнің өз әрекетіне жауап беруге
шамасын келтірмейді. Оған қоса сол кезеңге тән шамадан тыс алабұрту
(повышенная возбудимость), мінезіндегі аумалы – төкпелілік, әрі өзіне-
өзінің сенімнің күштілігі де әсер етеді. Олар, тіпті, тез қарқынмен өскен
қол- аяғын да өз ырқына көндіре алмай қиналады. Міне, баланың өтпелі
кезеңіндегі осындай өзгерісін көп ата-ана байқай қоймайды. Байқасада
баланың организміндегі нерв жүйесінің қалыптасуға байланысты өзгерісінің
әсері деп білмейді.
Қайта оны тілазарлық, теріс жолға түсінушілік жазалауға асығады.
Ал, ата-анасының өнегесі жақсы сыйластыққа негізділген, уақытты
ұтымды, мәнді пайдалануға дағдыланған, денсаулығы жақсы балада осы кезең
аса білінбей, қалыпты жағдайда өтеді. Демек, жас ұрпақтың дұрыс та, теріс
те қалыптасуы сайып келгенде тәрбиеге келіп тіреледі.
Ал бұл кезең жайында педагог- психологтың көзқарсына зер салсақ,
бала тәрбиесінде ата-ана, жанұя ортасы шешуші роль атқаратыны бәрімізге
аян. Тәрбие сияқты аса жауапты мәселе нәресте дүниеге келмей тұрып, тіпті
анасының құрсағындағы кезінен басталуы тиіс. Себебі, іштегі баланың дұрыс
жетілуіне анасы арқылы баратын нәр жеткілікті, әйелдің көңіл – күйі жақсы
уақытымен дем алып, дұрыс тамақтануы қажет. Мұның бәрі нәрестеге тиімді
әсер етеді.
Ал керісінше ата-ананың маскүнемдікке салынуы, екіқабат әйелдің арақ
ішіп, темекі тартуы, жанұядағы ұрыс жанжал болуы , гигиена сақталмауының
салдарынан бала дүниеге жарымжан болып келеді. Міне, баланың болашағына,
ұрпақ тәрбиесіне жауапсыз қараудың қаншалықты маңызы бары осыдан да анық
байқалса керек.
Совет психологі А.С. Выготский 1920-шы жылдарының өзінде психологияда
жасөспірімдер жасына байланысты жалпы теориялардың қойылған фактілерге
қарағанда көп маңызды орын алатынын атап көрсетті. Қазіргі жағдайда бұл
қандайда бір шамада дұрыс екенін көрсетеді.
Әрбір көптеген түрлері бола тұра, белгілі жеңілдетпелерге орай
жасөспірімдікке өту барысында үш негізгі кезеңді атап көрсетуге болады.
Биогенетикалық кезең, негізгі пісіп жетілу процесінде немесе онымен
байланысты қаралатын кезеңді атайды. Социогенетикалық кезең деп, негізгі
зейінін әлеуметтендіру процесіне және оның мәселесін қарау, қоғам жолында
өмірімен қалыптастыратын кезеңінен тұратын кезеңді атайды. Писхогенетикалық
кезең деп, негізгі өзінің жеке психикалық процесі және функциясынан
тұратын кезеңді атайды.
Биогенетикалық теория әлеуметтік психологиялық қасиеті бойынша қатынаста
болу, биологиялық детерминанты дамуы негізгі зейінін аударады. Процесс
дамуының өзі негізгі түрде пісіп жетілу түрінде жан-жақты түрлерімен
танылады. Даму түрімен жасөспірімдік процесс түрі генетикалық
конституционалды түріне жатады.
Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеумен өз іс- әрекетінен бөлек белсенді
өмірлік тұрғысы болуы мүмкін емес.
Дүниетаным қалыптасуының бірінші көрсеткіші- дүниенің неғұрлым жалпы
принциптеріне, табиғат пен адам болмысының жан-жақты әмбебап заңдарын танып
білуге ынтаның өсуі.
Дүниеге көзқарасты қалыптастыру танымдық белсендікке барып сыймайды.
Бұл процесте көбіне өмірдің мәні туралы сұрақ төңірегіне топтасатын
түбегейлі әлеуметтік- адамгершілік проблемаларды шешу басты орын алады. Бұл
сұрақ әдетте жалпыға ортақ әмбебап формуланы талап ету сияқты жалпы түрінде
қалыптасады. Бірақ іс жүзінде, жасөспірім, биологиялық немесе әлеуметтік
өрбудің жалпы бағыты қандай деген сұраққа ғана емес және бұл сұрақтан гөрі
өзінің өмірін қоғамдық маңызы бар мазмұнымен қалай толықтыру керек деген
сұраққа жауап іздейді. Нақ осы себептен өмірдің мәні туралы мәселе сезімдік
маңыз алады.
Өтпелі кезең өсуші жастың дамуына өте жауапты кезең болып
есептеледі. Бұл уақыттың ішінде бала барлық негізгі психологиялық өткен
жаңа бейімділікке қалыптасуы керек, оны дайындаушы өте жоғарғы өсуші
табалдрығында болуға тиіс.
Жасөспірімге кішкене балаға айтылатын сөзді қайталап солай істе,
былай істе деп орынсыз ақыл кеңес беру қате. Керісінше баланың өзіне -өзі
қызмет көрсетуіне мүмкіндік жасаған дұрыс. Бұл әдет ертрек басталып, бірте-
бірте қалыптасса тіптен абзал.
Жасөспірім өзін ересек санағандықтан бұйрық райлы сөйлемді
қабылдағысы келмейді, намыстанады. Ендеше баланы тік мінезділікке
итермелейтін себептерді болдырмауға тырысу керек.
ІІ. Жасөспірімдердің психологиясы.
2.1. Заң психологиясындағы жасөспірімдердің психологиялық проблемасы.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың басты негізі, баланың жеке өзінің
мінез-құлқына байланысты. Оның туындауының себебі жанұядағы проблемаға,
жасөспірімнің сана-сезімімен санаспаушылыққа жатады.
Жасөспірімдер бірінші кезекте, секірмелі түрде, тез сапалы жаңа
психика қасиетінің туындауын үлкендерден талас етеді, ата-аналары мен
мұғалімдері мінез- құлықтың өзгеру қатысын, баламен сөйлесу кезінде,
тәрбиелік шамамен әсер ету системасының өзгеруін көрсетеді. Сонымен, Л.С.
Выготский жаңа туған баланың дағдырысн ең ауыр кезеңін бөледі., бірінші
жылы, үште, жетіде, 13 жаста7. Балалардың дағдырыс кезеңіндегі ең қиын
ойланатын жағдай, ата-аналар мен мұғалімдер,- олардың тәрбиесімен
айналысатын жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі дағдырысы жатады.
Бірінші кезекте, жасөспірімдердің организмінің бірқалыпты дамымауынан
және қарқынды түрде қалыптасуының қиындылықтарын атап өту керек. Сонымен
бірге жыныстық жетілу процесі де ықпалын тигізеді. Бұл бір қалыпты
дамымаушылық ішкі органдарымен, жүрек- тамыр системасы мен сүйек-бұлшық ет
системасы және соматикалық диспропорция ( кішкене бастың ұзын боймен болуы,
тар қуыс кеуде және т.б.) әкеліп соқтырады. Осыдан келіп жасөспірімдер
өзінің құрбы-құрдастарының арасында өзін ыңғайсыз сезініп, кез келген
ренжігіш, ашуланғыш болып алады. Бөтен жағдайда жүрек-тамыр системасының
бір қалыпты дамымауы, аурулы жағдайға, жоғарғы артериальды қысымға
(давление) галлюцинацияға, бас ауруына тез әкеп соқтырады. Сонымен бірге
жасөспірімнің мінез-құлқына елеулі ықпалын тигізетін жоғарғы түрдегі
эндокринді системасы, мұны горманальды толқын деп атайды. Бұл
жасөспірімнің жыныстық жетілу кезіндегі ізімен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz