Жасөспірімдердің дамуындағы қарым-қатынастың алатын орны


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1 тарау. Жасөспірімдердің кезеңіне психологиялық сипаттама.
1. 1. Жасөспірімнің тұлғалық сапалық қалыптасуының негізі . . . 5
1. 2. Жасөспірімнің «Мен» дейтін бейнесі және олардың үлкендермен
құрбыларымен қарым-қатынасы . . . 20
2 тарау. Жасөспірімдердің дамуындағы қарым-қатынастың алатын орны.
2. 1. Жасөспірімдердің ата-анасымен ұстаздарымен қарым -қатынас
ерекшеліктері . . . 43
2. 2. Жасөспірімдердің психологиялық педагогикалық қарым-
қатынастардың ерекшеліктері. Жүргізілген іс-тәжірибелер . . . 60
Қорытынды . . . 70
Қолданылған әдебиеттер . . . 71
Қосымша
Кіріспе
Бала тәрбиесі қай қоғамда, қай уакытта болмасын, ең бір маңызды мәселе екені түсінікті. Соңғы он-он екі жылдай уакыт аралығында қоғамда болып жатқан күрделі саяси-экономикалық өзгерістер, реформалар көп жағдайда баланы көптеген проблемаларға кездестіреді. Жан-жақтан түсетін әртүрлі мазмұнды информациялар баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Психологиялық ілімдер жүйесіндегі басты орынды - таным дамуын алады. Адамдардың қарым-қатынас жасау кезінде бір-бірін тануы мәселелері бойынша ғылыми пікірталасты ұйымдастырушы және оның бастамашысы А. А. Бодалев болған еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970, 1973 жылдары Ленинград қаласында «Адамдар арасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының әлеуметтік-психологиялык және лингвистикалық сипаттамалары» және «Қарым-қатынас теориялық және қолданбалы зерттеулер нысаны ретінде» атты бүкілодақтық симпозиумдар өткізілді. Л Кейінгі жылдары әлеуметтік перцепция саласындағы зерттеулер Кубань университеті базасында ашыла бастады. Мұнда 1975-жылы «Адамдардың бір-бірін тану психологиясының теориялық және қолданбалы мәселелері» атты бүкілодактық конференция өткізіліп, әлеуметтік перцепцияның негізгі әдіснамалык, тәжірибелік-әдістемелік және колданбалы мәселелері қарастырылды.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке қол жеткізу. Бірақ мұны істеу оңай емес. Неліктен бір адамдармен қарым-қатынас жасау оңай да, енді біреулермен қарым-қатынас жасау қиын? Неліктен біз бір адамдармен татумыз ал біреулермен үнемі араздасып қала береміз? Әрине, өзіңмен жанасу нүктелері бар адамдармен қатынас орнату оңайырақ екені түсінікті. Келіспеушіліктерді жоймастан бұрын, олардың себептерін біліп алып, содан кейін ғана сұхбаттасушымен қатынас орнатуға болады.
"Қарым-қатынас - күрделі үрдіс, оған түрлі факторлар: көңіл-күй, жағдайлар тоғысы, адамның мінез-құлқы, оның ашық-жарқындығы, немесе, керісінше, ұяңдығы әсер етеді. Қарым-қатынас түрінің формальды немесе формальды емес болуына қарай өзін-өзі ұстау мәнерін, дауыс ырғағын, қимыл-әрекетті, сөз бен тіркестерді дұрыс тандай білу қажет.
Формальды емес қарым-қатынас - бұл үйдегі, ата-анамен және достармен арадағы қатынас; формальды қатынас - жұмыстағы, оқудағы, жақсы таныс емес адамдармен арадағы қатынас.
Жасөспірім қоғамда бір роль атқарғысы келсе ал қоршағанда оған басқа роль атқарад. Осы себептен оның ұмтылысының деңгейі мен жету мүмкіншіліктердің арасында жасөспірімге қарым-қатынас туады. Сол себептен мен өзімнің зерттеу тақырыбымды «Жасөспірімдердің дамуындағы қарым-қатынастың ролі» деп алдым.
Мақсаты: жасөспімідердің дамуындағы қарым-қатынастың ролін анықтау.
Міндеттері:
- Жасөспірімдерді тұлғалық сапалық негіздерін анықтау.
- Жасөспірімнің дамуындағы үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынас ерекшелігі және топтағы орын көрсету.
- Жасөспірімнің педагогикалық-психологиялық қарым-қатынас ерекшеліктерін ашу.
Зерттеу объектісі: Жасөспірімдердің дамуындағы қарым-қатынас.
Зерттеу пәні: Жасөспірімдердің дамуындағы қарым-қатынастың ролін
анықтау. Психологиялық.
Зерттеу әдісі: Байқау, саулнама, тесттік тапсырмалар, жасөспірімнің дамыту ерекшеліктерін бақылап, диагностикалық зерттеу жүргізу.
Ғылыми болжам: Жасөспірімдердің дамуындағы қарым-қатынастың
ролін дұрыс түсіне білсе өзара түсіністікке қол жеткізуге болады.
І-тарау Жасөспірімдің кезеңінде психологиялық сипаттама
1. 1 Жасөспірімнің тұлғалық сапалық қалыптасуының негізі
Нақты оған тоқталсақ балалық шақтан ересек шаққа өтудің 2 кезені болады.
1. Жеткіншектік кезең.
2. Жасөспірімдік кезең.
Бірақта бұл жас аралары өзінше әртүрлі болып келеді. Мысалы: 14-18 жас аралығын жеткіншек дейді, ал 16-18 жас аралығын жасөспірімдік шағы дейді.
В. Дальдің сөздігінде жасөспірім 15-20 жас аралығы жігіт болып есептеледі. 14-15 жас аралығы жеткіншек болып есептеледі. Нақты айтқанда жас бала болып есептеледі.
«Жасөспірім» өз аудармасында екі түрлі мағына береді, алғашқысы балалықтан өтіп жауапты да дербес жетілгендікті білдірсе, екіншісі жыныстық жетілуді сонымен катар әлеуметтік есею деген мағына береді.
Жасөспірімдік кезең тұлғаның өмір жолына, өзінің қандай жағдайға жеткеніне, неге шамасы келетініне, дүниеде не үшін өмір сүріп, нені біліп, не қойғысы келетініне, жұртқа нендей пайда тигізетіндігіне, яғни өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең деп түсіндіріледі. Бір сөзбен айтқанда, осы кезең олардың өзімен - өзі кеңесіп, "жан дүниесіне үңілуге құштар" шағы. Жасөспірімдік кезең жас ерекшелігі психологиясының зерттеу мәселелерінің ең ауқымдысы болып табылады. Жасөспірімдік шақ - жас ерекшелігі психологиясында жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму кезеңі деп анықталады. Бірақ, бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметгік шек болып тұрған бұл анықтаманың өзі осы психологи-ялық- табиғи құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді. Жасөспірімнің сезім философияның, психологияның және әлеуметтанудың ортақ мәселелерінің бірі. Оның мәні сана және өзіндік сана туралы білім тек көптеген маңызды теориялық сұрақтарды ғана емес, сондай-ақ өмірлік позицияны қалыптастырумен байланысты практикалық міндеттерді де шешудің әдістемелік негізін құрайтындығына негізделген. Жасөспірімдік кезең туралы теориялар көптеп кездеседі, оның ішінде :
- биологиялық теориялар: жасөспірімдікті нақ өсудің биологиялық үрдістері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен, ең аддымен, олар организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды;
- психологиялық теориялар: психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүниемен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады;
- психоаналитикалық теориялар: жасөспірімділікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Олар жасөспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әртүрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді;
- әлеуметтанушыльіқ теориялар: жасөспірімдік кезеңді әлеуметтенудің белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Әлеуметтік зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рөлдерге, оның бағалаушылық бағдарламаның қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен бай-ланысты мәселелерге назар аударады, яғни даралық-психологиялық мәселелер әлеуметгік мәселелерден шығады.
Жасөспірім өзінің өмірлік қуатының мәнін, мақсатын жүзеге асыратын тәндік, жандық, рухани күш-қуатын сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі объективті процесс ретінде өзін-өзі жетілдіре түседі. Өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру жайыңда болса да, жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез-құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлері мен нормалар негізінде құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді. Жасөспірім сана-сезім-күрделі психологиялық құрылым ретінде, өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңызға ие болады. Жасөспірімдер де жеткіншек кезеңдегі секідді өзінің кдндай екенін, қаншалық қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Жасөспірім сана-сезім тұлғаның өзін практикалық және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, жеке тұлға ретінде ұғынуы және бағалауы болып табылады. Жасөспірім сана-сезім индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлтқа тән жасөспірім сана-сезім рефлексиясымен тығыз байланысты, мұнда ол теориялық деңгейіне көтеріледі. Жасөспірім рефлексия бір жағынан, “менің ұғынуы” ("Мен кіммін?, Мен қандаймын?, Менің қабілеттерім қандай?, Мен өзімді не үшін сыйлай аламын?"), ал екіншіден, дүниедегі өзінің жағдайын ұғынуы ("Менің өмірлік мұратым қандай?", "Менің достарым, жауларым кімдер?", " Кім болғым келеді?") .
Жасөспірімнің өмірлік жоспары көбіне қиялдағы сипатта болатыны сияқты бұл өзін-өзі талдауда көбінесе қиялдағы сипатта болады. Бірақ өзін-өзі талдауды қажетсінудің өзі - дамыған адамның қажетті белгісі және нысаналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық тандау, еңбек пен қоғамдық саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз жанұясын кұруға әзірлену. Жасөспірімдердің кәсіби тұрғыда анықталуына жоғарғы сынып окушысы кезінде кәсіптік түсінік қалыптастыру оның жасөспірім сана-сезімін өз бағытында дамуына өз үлесін қосады. Бұл дегеніміз білімдер мен дағдылардың, ғылыми бшімнің бірігуін сәйкес бағдарламалары мен қоғам өміріне белсене қатысуы қамтамасыз ететін немесе жоғары мектепте әрі қарай оқуды көрсететін жалпы білім берудің құрамдас бөлігі. Жасөспірімдердің қабілеттілігі мен бейімділігін дамыту, қоғамдық белсенділігін артыру, еңбекке кәсіби бағдар беруге, ғылым мен техникаға, өнерге, әдебиетке, спортка, ұлттық дәстүрге құштарлығын тәрбиелеу - педагогика мен психология ғылымдарының алдына қойған мақсаттарының бірі.
Жасөспірім сана мен өзіндік тану қабілеттілігі -адамның ерекше игілігі, яғни өзінің жасөспірім сана -сезімінде қарым-қатынас пен іс-қимылдың, сананың субъектісі ретінде, өзіне тікелей қатынасты орнатуды таниды.
Жасөспірім сезім сананың дамуындағы ең жоғарғы деңгейі, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың және өзінің пікірі мен іс-қимылындағы жеке дербестілігінің негізі. Жасөспірім сезімді қысқаша түрде өзінің образын және өзіне деген қатынас ретінде анықтауға болады. Бұл бейнелер мен қатынастар өзін-өзі өзгертуге, өздігінен жетілуге ұмтылумен тікелей байланысты. Жасөспірім сезімнің жоғарғы формаларының бірі - өзінің жеке әрекетіндегі мағынаны табуға тырысу. Жасөспірім пайда болу кезеңі адам алғаш рет өзіне мынандай сұрақтар қою кезінде пайда болған: өзінің әлемін құруға, зерттеуге және бағындыруға қандай күш әсер етті?, оның ақыл-ойының табиғаты қандай, оның рухани өмірі қандай зандылықтарға бағынады? және тағы баскалар. Мұны қысқаша түрде былай деуге болады: егер адам алғашқы кезде өзінің сыртқы әлеміне бағытталса, ал қазіргі кезде ол өзіне-өзі көңіл аударды. Адам өзіндік ойлауды зерттеуді, ойлаудың көмегімен бастауға батылдық көрсетеді.
Жасөспірім сана-сезім - өте күрделі психологиялық құрылым. В. С. Мерлин жасөспірім сана-сезімнің ерекше компоненттерінің сапалығын былай атап өтеді: 1-ден, сана өзінің тепе-тендігінен ерекше;
2-ден, жасөспірім сана жеке "меннің" белсенді, әрекетшілдігі ретінде;
3-ден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын тану;
4-ден, әлеуметтік-адамгершілік өзін-өзі бағалаудың белгілі бір жүйесі болуымен ерекшеленеді.
Бұл барлық элементтер бір-бірімен функционалды және генетикалық тұрғыда байланысты, бірақ олар бір уақытта қалыптаспайды. Сана - сезімнің тендігінің бастамасы ерте нәрестелік шақта басталады, яғни олар сыртқы заттардан келген түйсіктерді, ажырата бастаған кезде, өзінің бойында "мен" деген ұғымы келгенде, яғни өзінің жеке сөздерін дұрыс қолдана алатын кезде пайда болады. Бұл өзінің психикалық сапалары мен жасөспірім бағалауын тануы. Осыған А. Г. Спиркин мынандай анықтама береді: "жасөспірім сана-сезім бұл адамның өзінің қимылдарын және олардың нәтижелерін, ойларын, сезімдерін, моральдық бейнесімен қызығушылықтарын, жүріс-тұрыстарының түрткілерін бағалау, өмірдегі өзінің орынын өзі толық бағалауы мен тануы".
Жасөспірім сана-сезім сананы өзінің пәні ретінде иелік етеді, сондай-ақ оны өзіне қарсы қояды. Бірақ, сол уақытта сана жасөспірім сана-сезімде өзінің дербес мәніне жетуге бағдарланған кезең ретінде сақталады. Егер сана адамның қоршаған ортаға бағдарлаудың субъективті шарты, басқалар туралы білімі болса, онда жасөспірім сана-сезім адамның жеке тұлғасына, өзі туралы білімге бағдар болып табылады. Бұл өзінше "өзінен және баскадан көрінетін рухани жарық" сияқты көрінеді.
Жасөспірім сана-сезім жоғары психикалық қызметтің дамуының күре тамыры болып табылады, ол адамға сыртқы ортаны тануға ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сондай-ақ осы өмірдегі өзін бөлуге, өзінің ішкі дүниесін тануға, оны сезінуге және белгілі бір жағдайда өзіне қатыстыруға мүмкіндік береді. Өзінді тұрақты объектінің сапасында тану тұлғаның тұрақтылығын, ішкі тұтастығын ұсынады, яғни өзгермелі жағдайларға қарамастан өзімен-өзінің қалуына қабілеттілігін көрсетеді.
Әдетте жасөспірім сана-сезім мәселесін "тұлға психологиясының күре тамыры бола алатын жоғарғы өмірлік мәні" проблемасы ретінде сипаттайтын А. Н. Леонтъев "ғылыми-психологиялық талдамның шешуі" мәселелері ретінде бағалады.
Жасөспірімдік кезде адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі де ерекше орын алады. Олардың бірі өз бойындағы берекесіздіктен, екінші біреуі тұйыктықтан, үшіншісі - орынсыз ұялшақтықтан арылғысы келеді. Мұндайда ол келеңсіз қылығымен шама шарқынша алысып, өзін-өзі қатты қадағалайды. Бұл үшін ол жоспар құрып, оған қажетті әртүрлі іс-әдістер мен шаралар белгілейді, тиісті жаттығулар жасауды ойластырады. Әрине, бұл белгілі жүйемен жүргізілсе, нәтижесіз де болмайды.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеткіншек санасының оянуы, оның жасөспірім "менін" сезіне бастауы, Абай тілімен айтқаңда, "кісінің өзіне-өзі ұдайы есеп беруінен, өзін-өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді". Өзіңе өзің үңіліп өзінді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу- осы істегі бастапқы қадам.
Америкалық этнограф Маргарет Мид кейін жаңа Гвинея жақтарында балалардан есеюін зерттеп, ересектік жасқа көшу осы қоғамдағы кез-келген бір қиындықтармен кіске асыралатының тапқан. Асықпайтын өмірлік ырғағында жеткіншек ересектік өмірге жеңіл және берте-бірте бейімделеді.
Басқа белгілі этнограф Рут Бенедикттің (1881-1948) пікірінше, балалықтан ересектік жасқа көшу түрі, көбінесе балаға немесе ересек адамға қоғамның ұсынатын нормасымен талаптарының бөлектенуі қаншалықты үлкен болуына байланысты деп санаған. Бұл талаптар біркелкі, бірдей болса даму барысы баяу жүреді және бала ересектің деңгейін бірте-бірте иемденеді. Батыстың қиын қоғамында нормалары әртүрлі келеді. Балалық кез ойын кезеңі болып саналады. Жауапкершіліктен бас алады, ал ересектік кезеңде қоғам одан жеке жауапкершілік деңгейін талап етеді. Этномәдениетті айырмашылықтар тек ұлт арасында ғана болмайды.
Дениз Кендел мен Джеральд Лессердің 15-16 жасар Америкалық және даттық оқушылардың өткізген салыстырмалы зерттеушірінің көрсетуі бойынша, Америкалық жеткіншектермен олардың ата-аналары даттықтарға қарағанда өз жетістіктеріне көбірек бағытталған.
Жас даттық балалардың қатынасы Американдарға қарағанда, жынысты қатынастары көп. Даттық оқушылар өздерін оқуларына ақыл-ой дамуына көп көңіл бөледі. Жасөспірімдік жас психологиясы «Әкелермен баланың» мәселесіне қыз байланысты. Белгілі ойда бұл мәселе мәңгілік болып саналады.
Ұрпақтардың өзара қатынасы әрқашан ешқай жерде де бірдей болмайды. Үлкендер кішкентайларды өткен мәдениеттерден қалған тәрбиеге оқытып тәрбиелейді. Техникалық және әлеументтік дамуының жылдам болуы өткен ұрпақтарға тәжірибеге сүйенеді. Ғылымда қазір оқымыстылардың ойы Аристотельдің ойына қарағанда маңыздырақ.
Префигуративті мәдениет міндетті түрде болашаққа бағытталады. Тек жастар үлкендер үйренбейді, үлкендерде жастардан кейбір білімдерді үйренеді. Бұрынғы кезде жастарға үлкендер былай деген. «Сен мені тыңдауың керек, өйткені мен өмірді көп білемін». Ал бүгін жастар былай жауап береді. «Сендер біздің күніміздей шарттарда жас болып көрген жоқсыңдар, сондықтан да сендердің тәжіребелерін маған керек емес деген.
Жасөспірімдердің организмі, қаңқасы мен бұлшық еттері ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшық еттерінің күші мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Яғни есею кезеңі басталады. Бұрыңғы ескі дәуірде қазіргі жеткіншек жасындағылар ересек қатарына жатады. Есеюдің өзі баланың жасына ғана тәуелді емес, қоғам дәуірінің талабына да байланысты. Осыған орай жігіт не бой жеткен қыз жасы жөнінде елдер арасында түрлі аңыз әңгімелер, жырлар кең тараған. Осы ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы батырлығы жау мен күреске алуы махаббат т. б туралы. Бұл кезде жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелетке жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерін келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекетіне жауапкершілігін арттырады. Бұл кезеңде балалар үшін әкімшілік шаралары өте қауіпті, олардың жие қолдану жақсы нәтиже бермейді. Өйткені ата-ана немесе тәрбиелеуші жастарды өздеріне қарсы қоюы мүмкін. Сондықтан олардың түрлі іс-әрекеттерін өз беттерінше орындауға мүмкіншілік беріп, дұрыс бақылау және педагогикалық басшылық жасау қажет. Қазіргі дәуірді алсақ, ересек әлі үлкендердің қатарына толық жетпегенімен, жеткіншек жасындағы балалық әдетін қойып, яғни бірдемеге ерегесуден, тәртіп бұзудан көбіне аулақ болып, үлкендер мен кездескенде ол алдымен амандасады, біреуге қол үшін беріп, көмекке келеді, кішілерді қорғайтын болады.
Сонымен қатар ересектің ақыл-ой қабілеті едәуір дамып, өзінің пікірін дәлелдеу, не өзінің ісін талдау және қабілеті қалыптаса бастайды. Жасөспірім кезеңде жолдастық сезім, достық қарым-қатынас, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекетін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып жоюға жәрдемдесу. Мұндай жолдастық қатынастар балаларды коллектившілдікке тәрбиелейді. Ал мектеп қабырғасында болған жолдастық қарым-қатынастар кейбір жастардың санасында өмір бойы сақталады. Бұл кезеңдерде баланы мінез-құлқында түрлі өзгерістер пайда болады. Мысалы: қыздар өздерінің сыртқы киіміне, шашын сәндеп ұстауға дене қимылысына айрықша көңіл бөледі, өзіне басқа адамның назарын аударуға тырысады. Ал ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады, қыздарға құрмет көрсетеді. Оларды ұнату, оларға ұнау сезімі оянады. Жастар арасында қарым-қатынас дамиды, бір-бірімен кездесуді қажет етеді. Осы нәтижесінде өз ара пікір алысады. Әңгіме ең алдымен түрлі адамгершілік әдеби-ғылыми тақырыптар саласында айтылып бірте-бірте жолдастық махаббат сияқты ұғымдарды сөз етіп көзқарастарын анықтауға тырысады. Егер жастар арасындағы достық-көңілдестік қарым-қатынас сәтті және жарасымды болса, олардың келешекте семья құруына алдын -ала жағдай жасауы мүмкін. Осындай достық қатынастың нәтижесінде жастар арасындағы махаббат шынайы өте нәзік тың, қаза лирикалы болады. Махаббат сезімінің оянуы ер және қыз балалар үшін олардың арасындағы бірін-бірі сыйлаушылық пен достық пен өзара түсінушілікпен сипатталады. Олар өздігіне жоғарғы адамгершілік қасиеттерді бағалайды. Ал кейбір ер және қыз балалар махаббат мәселесін жете түсіне бермейді. Олар адамдарға ең басты нәрсе - сыртқы пішін киім кие білу дейді. Шынында да бұл бір жақты ұғым. Балалармен қыздарда мынандай адамгершілік ерекшілігінің болуы қажет. Кішіпейілділік, адалдық абырой, сенімділік, қарапайымдылық өз күшіне сенімшілік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz