Жедел-іздестіру әрекетіне қатысты бақылау мен қадағалау сұрақтары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

КСРО ыдырауынан кейін басталған және қазіргі күнге дейін жалғасып жатқан, ең жоғарғы құндылығы адам және оның құқықтары мен бостандықтары болып табылатын құқықтық мемлекетті құруға бағытталған, Қазақстандағы демократиялық өркендеу, өз құрылымына сәйкес, өмірдің барлық аумақтарында ортақ құқық пен тәртіпті ендіру міндетіне сай келетін мемлекеттік орган құру маңыздылығы пайда болды. Мемлекеттік және қоғамдық өмір, елде құқықтық тәртіп және заңды сақтаудың нақтылығы мен қаталдығын іске асыратын сенімді механизмнің болуын талап етеді. Сондықтан әрбір мемлекеттің саясат жүйесінің ажырамас атрибуты ретінде, прокуратура сияқты құрылым орын табады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады.

Ол туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында: «мемлекеттің басты бағыты - адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету, сондықтан да адам мен азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде кепілдендіру қажет, өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік өркениеттің құндылығы болып саналады» [1] деп атап өтті. Елбасы, әрбір жыл сайын Қазақстан халқына жасаған жолдауларында, осы бағытқа баса назар аударып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындауда заңның атқарар орны зор. Себебі заң қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты реттейтін негізгі ереже болып табылады. Ал прокурорлық қадағалау, Қазақстан прокуратурасының барлық көпсалалы әрекеті, азаматтар, жеке меншік, заңды тұлғалардың заңды қызығушылықтары мен түгелдей мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың бірден-бір маңызды кепілі болып табылады. Сондықтан мемлекет пен қоғам прокуратураның заңдылықты және құқықтық тәртіпті нақты жақсартуын қадағалау және басқа да әрекеттерінің максималды эффективті болуына үлкен қызығушылық танытулары тиіс.

Бұл жұмыстың мақсаты мен мәселелері: жедел-іздестіру қызметіне қатысты бақылау мен қадағалау әрекетін зерттеу мен оған анализ жасау болып табылады. Жедел іздестіру қызметінің басты мақсаты азаматтардың ең маңызды құқықтары мен бостандықтарын қарастыру, бұл заңнаманы орындамау азаматтар үшін ауыр, кейде өте ауыр зардаптарға әкеліп соғады. Сондықтан, мемлекет жедел іздестіру әрекетін және оған қатысты заңнамаларды жүзеге асыратын қызметті дербес бақылау саласы ретінде қарастырып, оның аса маңыздылығын көрсетеді.

Жедел-іздестіру кызметі, заңның конституциялық, принциптеріне, адам мен азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау мен құрметтеуге, сондай-ақ астыртын, жария және жасырын тәсілдер мен құралдарды астастыру принциптеріне негізделеді. Бұл қызметтің міндеттері: табу, білу, сақтандыру, алдын алу, қылмысты ашу және т. б. болып саналады.

Осы жұмыста жедел-іздестіру әрекетіне қатысты бақылау мен қадағалау сұрақтарының теориялық және практикалық сұрақтары қарастырылған.

Зерттеулің бұл мақсаты, келесі міндеттердің орындалуын талап етеді:

  • жедел-іздестіру қызметі саласындағы прокуратураның іс-әрекетін мазмұндау;
  • жедел-іздестіру әрекетін жұзеге асыратын органдардың заңнаманы орындауды қадағалау бойынша прокурорлық бақылаудың пәні мен мәнін ашу;
  • прокурор өкілеттіліктерін анықтау;
  • жедел-іздестіру әрекетін жұзеге асыратын органдардың заңнаманы орындауды қадағалау ерекшеліктерін зерттеу;
  • жедел-іздестіру қызметі түсінігін ашу.

Зерттеу мәні: прокурорлық қадағалаудың жағымды іске асуының маңызды себептеріне, оның салаларға бөлінуі жатады. Прокурорлық қадағалаудың маңызды салаларының бірі- жедел- іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың заңды сақтауларын қадағалау болып табылады. Бұл саланың біртұтас прокурорлық қадағалаудан бөлініп шығуы, жедел-іздестіру қызметі мен оның ерекшеліктері және оны реттейтін заңдар жинағының әрбір азамат және мемлекет үшін аса маңызды болуына байланысты. Жедел-іздестіру қызметі- қылмыстық қол сұғушылықтан, сондай-ақ шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы кызметтерінің барлау-бүлдіру әрекетінен меншіктің, коғам мен мемлекеттін қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі, денсаулығы, құкығы, бостандығы және заңды мүдделерін қорқау максатында, шұғыл іздестіру іс-шараларын өткізу көмегімен, мемлекеттік органдардың шұғыл іздестіру бөлімшелерінің, өз өкілеттіктері шетінде, жария және жасырын түрде жүзеге асыратын қызмет түрі.

Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізін танымның диалектикалық әдісі, оның ішінде жалпы ғылыми және арнайы әдіс құрайды. Жұмыс барысында жалпы құқық теориясына және ғылыми таным аумағындағы мәліметтер, жұмыстық теориялық негізі қылмыстық іс жүргізу, криминалистика, сот сараптамасы және жедел іздестіру қызметі ережелері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын бақылау мен қадағалауға қатысты сұрақтарды КСРО тұсында және Қазақстандық заңгерлер де өздерінің ғылыми еңбектерінде қарастырған. Бірақ, бүгінгі таңда ол айтылған ойлардың тәжірибеде, теорияда болсын өз орнын таппай отырғандығы туралы жайттар кездеседі. Әрине бұл заңдылық, себебі философиялық тұрғыдан алғанда уақыт өте келе, заңның қолданылуы да ескіреді, сондықтан да заңның даму барысы өмірге сәйкестендіріліп, өзгертіліп, толықтырылып отыруы тиіс.

Зерттеу құрылымы: Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізеледі, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде прокурорлық қадағалаудың тапсырмасының міндеті

мен мазмұны және жедел-іздестіру қызметінің қығдылығын қадалаудағы прокурорлық пәні қарастырылды.

Екінші бөлімде жедел іздестіру қызметінің принциптері, функциялары мен субъектілері қарастырылып, бұл түсініктердің маңызы баяндалып, жекелеген түрлеріне түсініктеме бере отырып, бұл сұрақтардың өзекті мәселелеріне тоқталдық.

Үшінші бөлімде жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалаудағы прокурор өкілеттігі және қадағалау әрекетінің заңды түрде ұйымдастыру сұрақтары қарастырылды

Соңында қорытынды жасалып, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілді. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.

1. Жедел іздесіру қызметінің заңдылығын қадағалаудың мәні мен пәні

  1. Прокурорлық қадағалаудың тапсырмасының міндеті мен мазмұны

Жедел-іздестіру қызметінің заңдылыңына прокурорлық қадағалау құқық қорғау ұйымдарының заң жүзіндегі регламентін ең алғаш рет 1994 жылы 15 қыркүйекте ҚР «Жедел -іздестіру қызметі» заңын қабылдағаннан кейін алды. Бұл кеңестер одағының және кеңес одағының бұрынғы Қазақстанда болған тарихтағы алғашқы жағдай.

Бұрын құқық қорғау ұйымдары ведомствалық бұйрықтармен басқарылатын және нұсқаулармен, олар жабық мазмұнда болатын және облыс деңгейіндегі прокурор ғана бұл салада кейбір айқындалған жағдайда араласа алатын.

Органдар заңдарының орындалуына қадағалау прокуратура туралы заңды бөліп шығару, оперативтік- іздестіру іс-шарасын жүзеге асыруды прокуратураның құқық қорғау функцияларын іске асыруда негізгі бағытта себебші болғаны, қылмыстық қудалау органдары қылмыспен күресуді жүзеге асыруда жедел-іздестіру шараларын жүргізеді, азаматтардың заңдық қызығушылығы және елеулі құқықтармен шектелетін, ҚР Конституциямен кепілдендірілген және хат алмасу құпиясындағы басқа заңдармен, телефон арқылы хабарласу, еркін қозғалыс және басқаларында азаматтардың құқығын шектейді. Құқықтарды шектеу тек ҚР заңнамалық актілерімен және Конституцияда қаралған негіздер және рәсімдерді сақтау арқылы жол беріледі. Осыған орай, ҚР 5 бабы «Жедел -іздестіру іс шарасы» сәйкес жедел -іздестіру шараларын жүргізу немесе іске асыруға жол берілмейді, сонымен қатар іс барысында алынған ақпараттарды мақсатқа жету үшін қолдануға заңда көрсетілгендіктен болмайды.

Тәжірибиелік және ғылыми айналымда «жедел -іздестіру қызметі» термині 1958 жылдан, кеңестік республикалар және қылмыстық сот ісі негізінде қолданыла бастады. Қазақстанда ол 1961 жылдан Қылмыстық-процессуалдық кодексі қабылдағаннан соң бекітілді, 114 бап бойынша анықтау органдарына жедел -іздестіру шараларын қалмыстың белгілерін және оы жасаған адамды табу мақсатында жүргізу жүктелді.

Құқықтық актілерде іздестіру іс-шаралары арнайы өкілеттік мемлекеттік органдардың жария және жариясыз атқарылған іс-шарасының түрі болып анықталады. Ол өздеріне берілген өкілеттілікке қатысты жедел - іздестіру шаралары азаматтардың құқығын қорғауға, өмірін, денсаулығын, еркіндігін қорғау мақсатында іске асырады және азаматтардың заңдық қызығушылығы, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылығынан қорғауға арналды.

Бұл іс-шараның мазмұнының қорытындысы мынада, азаматтар мен мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, шетелдің арнайы қызмет және ұйымдарының кейбір іс- шарасы мен тыңшылық әрекеттерінен қорғау, мемлекет атынан арнайы өкілетті мемлекеттік органдар және қызметкерлер; құқықтық мемлекеттік нұсқамалар және заң талаптарымен; ҚР қауіпсіздігіне шығын әкелуге бағытталуы мүмкін.

ҚР «Жедел -іздестіру қызметі туралы» Заңының 2 бабына сәйкес бұл шараның міндетіне:

  1. Өмірді қорғау, денсаулық, құқық, еркіндік, азаматтардың заңдық қызығушылығы және меншіктігін заңға қайшы қол сұғудан қорғау;
  2. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ету және оның экономикалық потенциалын және қорғалу қабілетін бекіту;
  3. Қылмысты ашу және ескерту;
  4. Заңда көрсетілген және сәйкес, анықтау органдарынан тығылып жүрген, тергеу және соттан, қылмыстық шарадан бас тартқан, белгісіз жағдайда жоғалған адамдарды іздестіру шараларын жүргізу;
  5. Халықаралық ұйымдар және шетел арнайы қызмет органдарының іс-шараларына және әрекеттеріне тыйым салу, ескерту жасау, анықтау.
  6. ҚР Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да қорғаушы адамдарды.
  7. Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету;
  8. Мәліметтердің құпиялылығын сақтау, мемлекеттік және басқа да заңмен қорғалатын құпияны ұйымдарға, мекемелерге, өндіріс орындарына жәрдемесу, оларлың коммерциялық құпияны сақтауына қамтамасыз ету.
  9. Бостандықтан айырылған жерлерде қылмыстық атқару заңнамасымен бекітілген тәртіпті қолдау.
  10. Жедел -іздестіру шараларының жүргізілуіне органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мемлекетке және қоғамға аса үлкен қауіп келтіретін рецидивтік қылмыс, топтық қылмыс, ұйымдасқан қылмыспен күресу туралы міндетті шешудің үлкен маңызы бар.

Жедел - іздестіру қызметінің саласының прокурорлық қадағалау насанасына, ҚР «Прокуратура туралы» 34 бабына сәйкес оперативтік-іздестіру шарасын жүргізгенде, адамның құқығы мен еркіндігін сақтау. Жедел -іздестіру қызметін жүргізу, сонымен қатар актілердің заңдылығы және органдардың іс-әрекеті, оперативтік-іздестіру іс әрекетін жүргізуге құқықты. Жедел - іздестіру қзметі заңның мына принциптеріне сәйкес іске асырылады, құқықтары мен бостандықтарын сақтау, адамның қадірін сыйлау, заң алдында азаматтың теңдігін, жария етілген немеес жарияланбаған әдістердің сәйкестігі, кәсіптік этика. Соның ішінде заңнамалық принциптер және адамның абыройы негізінде алынатын болып табылады. Жедел -іздестіру шараларын жүргізгенде кәсіптік этиканы сақтаудың өте үлкен маңызы бар, себебі оперативтік жұмысшы жиі жарияламай әрекет етеді, ол адамның жеке өміріне қатысты. Осы жағдаййда кеңінен әртүрлі ақпаратқа ие болады. Сонлықтан құқықтық білім және кәсіптік этика деңгейі кейбір тұлғалардың оперативті-іздестіру шарасында кейбір әдістерді қолдануға әкеп соғады және оперативтік жұмысының әдістерінің мақсатында жету үшін, ол заңда қаралмаған, ол бопсалаң мен аралдату, сонымен қатар басқа әрекеттер азаматтардың құқығы мен бостандығына қысым жасайды.

ҚР «Жедел - іздестіру қызметі туралы» 6 бабына сәйкес іздестіру ісіне жүргізуге құқықты болып есептеледі: ішкі істер органы, ұлттық қауіпсіздік органы, қорғаныс министрі әскери бақылау, қаржы полиция органы; ҚР Президентін қорғау қызметі, юстиция Министрлігі жүйесінің қылмыстық-атқару органы, кедендік органдар.

Жедел -іздестіру іс шарасын жүргізуде үлкен көлемді жұмысты ішкі істер органдары жүргізеді. Олардың міндетін ҚР «Ішкі істер органы туралы» Заңының 10 бабында бекітілген. Берілген нормаға сәйкес және ҚР «Жедел -іздестіру қызметі туралы» Заңына байланысты олар өз құзіреттілігінен тыс қылмысты анықтау, ішкі істер органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін ескертуге бағытталған іс-шаралар жүргізуге міндетті. Бөлімше тізімі және осы органдардың қызметкерлерінің тізімін ішкі істер Министрлігі бекітеді.

Ұлттық қауіпсіздік органы ҚР «Ұлттық қауіпсіздік органы туралы» Заңының 12 бабына сәйкес анықтау мақсатында, ескерту, қылмысты ашу тыйым салу, ұлттық қорғаныс органы жүргізуге заңнама арқылы жататын тергеу бойынша жалпы және арнайы оперативтік-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады.

Қалған органдар, ҚР «Жедел -іздестіру іс шарасы туралы» Заңмен уәкілдік берілген өздерінің негізгі міндеттерінің шеңберінде заңға сәйкес оперативті- іздестіру іс-шарасын жүргізеді.

Жедел - іздестіру іс-шарасының мазмұны жалпы және арнайы оперативтік-іздестіру жұмыстарын жүргізу. Бұл- ақпарат жинау, жедел - іздестіру жұмысын шешу үшін үлкен маңызы бар, бұл әрекет жедел іздестіру органдары және оның жауапты адамдарының іс-әрекеті. Оперативті- іздестіру іс- шаралары берілген ақпарат жинаудың құралы болып табылады [1] .

ҚР «Жедел - іздестіру қызметі туралы» Заңының 10 бабында қаралғандай жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу жағдайы мен қорытынды негізі мынадай қорытындыға келуге мәжбүрлейді:

  1. жедел-іздестіру қызметі жедел-іздестіру әрекетінің міндетін шешуге бағытталған;
  2. олар субъектлілік негізде, психологиялық себептер, субъективтік қалау мен тапқырлығы органның міндетті тұлғасының оперативті- іздестіру іс шарасын жүзеге асыруды жүргізе алмайды;
  3. азаматтық, ұлты, жынысы, мекен-жайы, мүлігі, әлеуметтік жағдайы, қоғамдық бірлестікке қатысы, дінге қатысы және кейбір адамдардың саяси бейімділігі жедел-іздестіру қызметін жүргізуге кедергі бола алмайды;
  4. жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, техникалық және басқа құралдарды қолдануға болмайды, себебі, олар адам өміріне және қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін;
  5. арнайы жедел-іздестіру шаралары азаматтардың конституциялық құқығына тисе, онда қылмыстық топ жасаған және алдын ала дайындалған қылмыс, ауыр қылмыс пен ерекше ауыр қылмысты ашу және ескерту жұмысы анықтау және ұйымдастыру үшін жүргізіледі;
  6. арнайы жедел-іздестіру шаралары тек басқа тәсілмен және шарамен жедел-іздестіру жұмысының мақсатқа жете алмаған жағдайында жүргізіледі;
  7. арнайы жедел-іздестіру шаралары прокурордың санкциясы арқылы жүзеге асады;
  8. жедел-іздестіру шараларына санкцияны ҚР Бас прокуроры, оның орынбасарлары, ҚР Бас әскери прокуроры, облыс прокуроры және оларға теңестірілген прокурорлар ғана беруге құқылы;
  9. санкция алмаған жағдайда, Бас прокурордың келісімімен арнайы жедел-іздестіру шаралары тек барлау ақпараттарын елдің қауіпсіздігін сақтау мақсатында және шет ел арнайыв қызметтерінің жұмыстарына кедергі болу мақсатында жүргізіледі;
  10. прокурордың санкциясын алмаған жағдайда, бірақ оны міндетті түрде ескертумен адамға төніп мұрған жағдайда, өміріне қауіп, олардың арызы бойынша 24 сағат ішінде арнайы жедел-іздестіру шаралары телефонды тыңдау немесе басқа сөйлесу құралдары арқылы жүргізіледі.
  11. жедел-іздестіру шараларының нәтижесі құжаттандыруды талап етеді, түрі және формасы ведомствалық- нормативтік актілермен анықталады.

Негізінде, жедел-іздестіру қызметінің заңдастырылған прокурорлық қадағалаудың құқықтық негізіне ҚР Конституциясы, ҚР «Прокуратура туралы» заңы, ұйымдастыру нұсқаулары және «Жедел іздестіру қызметі туралы» ҚР заңының қолдануына прокурорлық қадағалаудың іс-шаралары және Прокуратура органдары мамандарының ережелері жатады [3] .

Жедел-іздестіру қызметінің заңдылыңын тексеру жүргізудің негізі болып, сонымен қатар арнайы:

  1. ҚР Президентінің тапсырысын
  2. азаматтардың арызы, өтініші, азаматтардың ұйымдарға келуі;
  3. жедел-іздестіру қызметіне заңдастыруға қадағалау жүргізуде тікелей бұзу белгілерін анықтау;
  4. жоғарыдағы прокурордың сұранысы, тапсырысы;
  5. органдар қызметкерлерінің заңсыз іс жасағаны туралы мәлімет.

Бұл құқықтық қарым-қатынастағы қадағалаудың негізгі бағыттары болып табылады:

  1. заңнамалық акт және Конституцияны жедел-іздестіру қызметінің сұрақтары бойынша органдардың құқықтық-нормативтік ведомтволық актілерінің сәйкестігін қамтамасыз ету.
  2. жедел-іздестіру қызметінің орындалуы барысында заңның бұзылуы мен ескертуі.

Осыған байланысты прокурорлар қадағалау жүргізген кезде конституциялық құқық және азаматтық еркіндігі, басқа да құқықтық актілердің нормаларының сақталуына көңіл бөлу. Мысалы, ҚР Конституциясының 18 бабында жазбаның құпиясы құқығы бекітілген және телефон арқылы сөйлесу, телеграф және басқа хабарламалар бұл құқықтың шектелуі белгіленген заң бойынша қарастырылады. ҚР «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12 бабында шектелу тек прокурордың санкциясы арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде мүмкін және ол ауыр, аса ауыр қылмысты ашуға және ескертуге, қылмыстық топтың ісін жүргізу үшін керек [2] .

1. 2 Жедел іздестіру қызметінің заңдылығын прокурорлық қадағалаудың пәні

Органдар, жедел-іздестіру қызметін жүргізіп жүрген азаматтардың еркіндігі мен құқығын қорғауда өзінің өкілеттілігінің шеңберінде жүргізуге міндетті. Сонымен қатар, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттің және басқа да заңдастырылған міндеттерін жүзеге асырады. Бірақ бұл іс шара үнемі заң талабына сай келе бермейді, жағымсыз зардаптарға әкеледі. Ж, д, л-іздестіру қызметінде анықтау, қылмысқа кедергі болу, адамдарды тану, қылмыс жасаған, даярлаған адамды іздеу, анықтау керекті үлгіде орындалмайды. Ерекше қиындық туғызатын ол қылмыстың жаңа түрлері, олардың анықталуы, ескертуі, тәжірибиесі аз органдардың жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуінде.

Бұл органдардың жұмысы адамдардың құқығы мен бостандығынан шектеумен аяқталады. Сонымен қатар, жедел-іздестіру қызметінде аз ғана адамдардың жеке өміріне араласу болады. Бұл араласу әрлайым заң талабына сай келе бермейді. Осыған байланысты жедел-іздестіру қызметіндегі маңызы өте зор. Мемлекеттің саяси құрылымындағы өзгеріс, мемлекет пен жеке тұлғаның ара қатынасындағы басымдылық жеке тұлғаның пайдасына болғандықтан прокурордан жедел-іздестіру қызметіндегі қоғамдағы жаңа талапқа сәйкес жеке тұлғаның құқығын қамтамасыщ және талап етеді. Жедел-іздестіру қызметінің құрылымы біріншіден оның жариялануында, органдармен бірлесіп жұмыс атқаратын адамдарды қатыстыруында, сонымен қатар арнайы техникалық құралдарды кең қолдануында көрініс табады [2] .

Прокурорлық қадағалауға арналған басылымдарда жедел-іздестіру шараларының орындалуында заңнама қадағалауда прокурорлық қадағалау нысанына құқық сақтау және бостандық адамның жедел-іздестіру шаралырының орындалу тәртібі, сонымен бірге шешімнің заңдылығы, органдар қабылдаған заңдылық бойынша көзқарас кеңінен тұрғылықты орнықты.

ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 34 бабы қадағалау нысаны анықталған, ол заңды органдардың орындалуын, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, анықтау және алдын-ала тергеу туралы анықтама береді. Бұл нормалар қадағалау нысаны болып, құқық сақтау және адам бостандығын сақтау, жедел-іздестіру қызметі, сонымен қатар актілердің заңдылығы және органдар мен лауазымды тұлғалардың заңдылығын қарастырады.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалаудың нысанының элементі болып табылатындарға: арыз, хабар жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы акт жатады. Арыздың және хабарламаның шешілуі жасалған, даярланған қылмыс туралы қылмыстық-процессуалдық заңнамасында регламенттелген. ҚР Қылмыстық- процессуалдық Кодексінің 197 бабы, 1 бөлімінде прокурордық тексеріс, қабылдау кезіндезаңның сақталуы, тіркеу, рұқсат, арыз және жасалға немесе даярланып жатқан қылмыс туралы хабарлама туралы айтылады.

Прокурор арыз және хабарламаларды тіркеудегі қадағалау жүргізгенде, сонымен бірге негізсіз бас тарту туралы арызды да қарайды. Бас тарту туралы қылмыстық іс қозғағанда, арыз берушіні ескерткенін тексеру керек және оларға құқығы мен тәртібі түсіндірілгенін тексеру керек.

Азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау жедел-іздестіру қызметінің орындалуындағы прокурорлық қадағалаудың бір элементі болып табылады.

Негізгі азаматтардың құқықтары мен бостандығы ҚР Конституциясында бекітілген, халықаралық келісім, халықаралық құқық принциптері мен нормаларымен айқындалған. Конституцияда азаматтардың бостандығы мен құқығы ережесі есепке алынған, ол Біртұтас құқық декларациясы және адамның бостандығы 1948 жылдың 10 желтоқсанында, құқық және бостандықты қорғау туралы Еуропалық конвенция 1950 жылдың 4 қарашасында, халықаралық актісінде азаматтық және саяси құқық туралы 1966 жылдың 16 желтоқсанындағы және басқа да актілер.

Жоғарыда айтылғандай, прокурорлық қадағалаудың нысаны болып азаматтарлың құқықтары және азаматтардың жеке өмірлері, отбасылық өмірі тұрғын үйге қатысы және хат-хабардағы құпиясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР құқық қорғау органдары және сот. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қылмыстық ізге түсудің түсінігі
Тергеушінің процессуалдық дербестігінің түсінігі
ТЕРГЕУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ
Тергеу әрекетін жүргізу кезіндегі материалдарды табу
Криминалистика пәнінен дәрістер
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
Қылмыстық ізге түсу функциясының ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz