ЖЕКЕ АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберуге
рұқсат беремін:
каф. меңгерушісі
(Т. А. Ә. )
«»200ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: ЖЕКЕ АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ДИПЛОМ ҚОРҒАУШЫ: Құсайынова Л. С.
(қолы)
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Бекетаева Г. Е.
(қолы)
КӨКШЕТАУ, 2009
мазмұны
КІРІСПЕ 4
1 Жеке ТҰЛҒАНЫ ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ПРОЦЕСіНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТІН ҚОЛДАНУЫ 6
- оқушыларға ұлттық тәрбие берудің негізгісі 6
1. 2 Жеке тұлғалық қасиетті қалыптастыруда ұлттық құндылықтар туралы педагог-психологтардың көз қарастары 12
1. 3 Жеке адамның тұлғалық сапаларын қалыптастырудың рөлі 20
2 Мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде адамгершілік тәрбие БЕРУ 22
2. 1Жалпы адамзаттық қасиеттер туралы педагог-ағартушылардың ой-пікірлері 22
2. 2 Жеке адамның адамгершілік тәрбиесі - психология негіздері 33
3 ХалықТЫҚ педагогиКАНЫ білім НЕГІЗІНЕ енгізу 36
3. 1 Отбасы тәрбиесінде баланың адамгершілік қасиетін
қалыптастыру 36
3. 2Адамгершілік қасиеттерді білім мазмұнына енгізу жолдары 40
ЗЕРТТЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІ 46
қорытынды 53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 56
қосымшалар 59
Kіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Адамгершілік қасиет - сезім мен ақыл ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді.
Адамгершілік қасиет дегеніміз - жеке адамды ұлттық құндылықтарды ұстана отырып, қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттардың қасиетін анықтайтын арнайы әлеуметтік - психологиялық феномен.
Егеменді тізгініміз бен ұлттық рух қасиетімізді қастерлейтін болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін адамзат өз ұрпағын қандай құндылықтарды игеруге бағыттауы тиіс деген ой кімді де болса ойландырады. Осы орайда, қaзақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемaлaрын шешу қажеттігін қойып отыр.
Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру бағдары әлеуметтену процесінде ұзақ уақытта біртіндеп қалыптасатын құбылыс. Оның қалыптасуына әсер ететін жеке тұлғаның әлеумет ортасы, жанұясы, мектеп, әлеуметтік ұжымдар.
Зерттеудің мақсаты. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Отбасы тәрбиесінде адамгершілік қасиеттерін іске асыру жолдарын көрсету;
- Мектепте оқушылардың жеке адамның адамгершілік қабілеттерін дамытудың рөлі;
- Мектептен тыс шаралар арқылы жеке адамның адамгершілік қасиеттерін игерудің жолдарын белгілеу.
Зерттеудің объектісі. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін дамытудағы орны.
Зерттеудің пәні. Жеке адамның бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру әдістері, жолдары.
Зерттеудің әдістері. Қазақ отбасында тәрбие ісі ғалым Ш. Ахметовтың зерттеулерінде негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден тәрбие басы алдымен әдептіліктен тұрады, әке - шеше баласына әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңдап, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол деген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлап құрметтеуге үйретуді басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей-жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнеге арқылы көрсетіп отырған.
Ғылыми жаңалығы. Егер де оқушылардың жеке адамгершілік қасиеттерін қарастырған жағдайда оларды жан-жақты, мәдениетті тұлға етіп тәрбиелеуге болады.
Зерттеу құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, эксперименттік әдістен, қосымшалардан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 Жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу процесінде халық педагогикасының, адамгершілік қасиетін қолдануы
1. 1 Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің негізгісі
Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр.
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты - жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі - әлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
Осымен байланысты мәселелер мемлекет тұрғысынан көптеген маңызды құжаттарда қарастырылды. Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы, негізінен, «Қазақстан-2030» стратегиялық құжаттарындағы «Білім беру» бөлімінде көрсетілді [1, 256 б. ] . Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында [2, 251-260 б. ] . және «Қазақстан Респуб-ликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық та дамуының негізі ретінде танылған [3, 116 б. ] . Мұндай мақсатқа жетуде жалпы білім беру жүйесі, оның ішінде үздіксіз білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы - бастауыш мектеп үлкен орын алады.
Бұл сатыда білім берудің басты ерекшеліктері «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында» [4, 25-32 б. ] айқын көрсетіліп, әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына тың міндеттер жүктеп, оларға әрбір пәннің мақсатын қайта қарауға бағыт береді.
Білім - қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу - қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.
Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын-ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу - жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.
Осы мақсат дәстүрлі оқыту жүйесіндегі пассив объекті мен жаңа педагогикалық жүйелердегі белсенді субъектінің арасындағы басты айырмашылықты көрсетеді.
Егеменді тізгініміз бен ұлттық рух қасиетімізді қастерлейтін болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін адамзат өз ұрпағын қандай құндылықтарды игеруге бағыттауы тиіс деген ой кімді де болса ойландырады. Осы орайда, қaзақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемaлaрын шешу қажеттігін қойып отыр.
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған:
« … Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықты экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады. Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: Оның саулығына, біліміне және дүниеге көз қарасына қамқорлық жасайды…». Сондай - ақ Қазақстан Республикасының « Білім туралы заңында» « Білім беру жүйесінің міндеттері:… азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйсіпеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет - ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілін меңгеру» - делінген [5, 30 б. ] .
Президенттің халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және адамгершілік қасиетті қалыптастыруды жүзеге асыруды, болашағы десек онда «Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар жасауының ең бастысы - жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. Ұлттық мектептің қажеттігі - қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихологиялық проблемаларды: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт - дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жас ағып жылап отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық жұмыссыздық, жезеушелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы, мұғалімдер беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынауы, тәртіпсіз ұл және қыз балалар тағы басқаларды бірте - бірте жоюдың және олардың алдын алып болдырмаудың негізгі жолы екендігі, ал сол мектептерде ұлттық тәрбие алған ұрпақ денісау, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, сұлу да сымбатты, ұлтжанды, адамгершілік қасиеттері мол жеке адам болып өсетіндігінде. Сондықтан да ұлттық тәрбие - ел болашағы [10, 99 б. ] .
Ұлттық тәрбие берудің бағыт - бағдарын көрсететін тағы да бір маңызды құжат - ол 1996 жылы шыққан Қазақстан Республикасы этникалық - мәдени білім тұжырымдамасы. Онда жан - жақты мәдениетті тұлғаның тұтас дүние танымын қалыптастыруда тіл, тарих, мәдениет, дін, құқық, отан, туған өлке туралы білімдер арқылы қалыптасатыны сөзге тиек етілген [6, 45-56 б. ] .
Қазақстан Республикасы Білім Министірлігінің «Тәлім - тәрбие тұжырымдамасында»: «Үздіксіз тәрбиенің негізі - ұлттық тәлім -тәрбие, ал оны жүзеге асыру үшін педагог кадрларды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында ұлттық тәлім - тәрбие курстарынан жүйелі өткізу сондай - ақ болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары педагогтік оқу орындарында этнопедагогиканы арнайы курс немесе жеке оқу пәні етіп үйренуді», - ұсынды. Бүгінгі күні тәрбиенің алдындағы міндет - жан - жақты мәдениетті тұлғаны (поликультурная личность) тәрбиелеу [16, 3 б. ] . Жан - жақты мәденитті, адамгершілігі мол жеке адамды қалыптастыру жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттық құндылықтарды жеке тұлғаның бойына сіңіру мәселесі мен тығыз байланысты. Бұл туралы балалар құқығын қорғау Конвенциясын да (1989 жылы айтылған) . Құндылықтар туралы еңбектер жазып пікір айтқандар ТМД елдерінің ғалымдарының ішінде В. А. Караковский, А. В. Петровский, Н. Д. Никандров т. б Қазақстанда Г. Нұрғалиева, К. С Калиев, Ш. Майғаранова, Ж, Қожахметов, Ш. Ахметов, С. Ұзақбаева, Ә. Табылдиев, Қ. Бөлеев, Ж. Наурызбайдың т. б. еңбектерін атауға болады.
Бұрын жалпы адамзаттық құндылықты, адамгершілік қасиеттерді игеруге ұмтылып саясаттың ықпалының әсерінен ұлттық құндылықтарға мән бермей келдік. Еліміз егемендік алысымен оқушыларға этномәдени білім беру мәселесі білім беру салаларының барлық буындарында қарқынмен қолға алынды. Халық педагогикасы арқылы бүгінде басты құндылыққа айналып отырған адамның өзі, адамгершілік, еңбек, адам, отбасы, білім, мәдениет, жер, бейбітшілік, ұлтаралық достық, ынтымақтастық жатады. Сондықтан біз ғылыми жұмысымызды жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, яғни адамгершілік қасиетті қалыптастыруда құндылықтардың рөлі туралы алып отырмыз.
Адам табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай, адамды ғылымның бірнеше саласы зерттейді.
Психология ғылымы-адам жан дүниесінің сырын, психикасының даму заңдылықтары мен жеке қасиеттерінің жетіліп, қалыптасу жолдарын зерттейді. Адамгершіік тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдардан тұрады . Оларға шындық, қайырымдылық тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық жатады. Адамгершілік идеяларды қабылдау немесе қабылдамау сезім арқылы айқындап, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады.
Адамгершілік қасиет - сезім мен ақыл ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді.
Адамгершілік қасиет тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да субъективті, өйткені ол адам санасындағы орны болады.
Қорыта келе, білім берудегі адамгершілік бағдар сезім мен ақыл ойға тең
дәрежеде сүйенуі қажет. Осы тепе-теңдіктің болжауынан білім жүйесінде сыңар жақты педагогикалық көзқарастар орын алып келгені белгілі.
Сондықтан да мектептерде адамгершілік бағдарлы тәрбие үлгісін ұсынып, оны өмірге өндіру көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.
Тұлғалық- бағдар тәрбиеде басшылыққа алынатын талаптар
- тәрбиеге жалпы мәдениет тұрғысынан педагогикалық көзқарастың қалыптасуы,
- педагогикалық үрдіс барысында жалпыадамзаттық мәдениетке енуді педагогикалық түсінік негізінде игеру;
- тәрбие үрдісінің мазмұнын анықтауда адамдық өмірге лайық құндылықтар жүйесін белгілеу;
- баланың бүкіл өмірін тәрбиелік үрдісіне айналдыру;
- баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселелерді сатылы түрде анықтап, баланы өз өмірінің субъектісіне айналдыру, тәрбиедегі басты мәселе балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, яғни өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, қабылдауы, әр адамның құндылығын және даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі және өзіне сырт көзбен қарап өзінің көңіл күйін, атқарғаніс әрекетінің себебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс [17, 45 б. ] .
Балалардың танымдық түрткілерін дамытуда өздерінің артықшылығы мен кемшілігін көре білуге және өзінің жеке басының құндылығын, даралық сипатын саналы тәрбиелеу көзделеді. Бастауыш мектепте білімді игеруге қажетті қабілет пен дағдылардың дамуын қалыптастырумен бірге оқушыларды өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін саналы сезінуге бағыттау қажет.
Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат жеке адамды тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мен қатар ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аударылады.
Тәрбиеде рухани адамгершілік ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу тиімді. Ол үшін оқушы мәдени құндылықтардың адамгершілік қасиеттерді игеруіне, өзін - өзі дамыту дағдыларына, бүгінгі өмірде өмір сүре білуге бейімделуіне, тұлға аралық қатынастарды, дағдыларды игеруіне өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты нысана болып табылады.
- Қоғамдағы өзгерістер рухани құндылықтардың өзгеруіне тәрбие мақсаты, мазмұнына да өзгерістер әкеледі. Ол туралы Н. Д. Никандров
«Құндылықтар тәрбие мақсатының негізі» деген мақаласында пікір айтты. [21, 5-12 б. ] .
Құндылықтар өмірде, халықтың менталитетінде қалыптасқан ережелерді есепке алады. Құндылықтардың өзгеруі тәрбие мақсатының өзгеруіне әсер етеді, » - деген [11, 19б. ] .
Дәл осындай өзгерістердің біз қазіргі кезде куәгерлері болып жүрміз.
В. А. Караковский өмірге қажетті құндылықтарыды жалпылама түрде қарастырып, Адам, Отбасы, Еңбек, Білім, Мәдениет, Отан, Жер, Бейбітшілік деген құндылықтарды жатқызады.
Кейбір ғалымдар 40-тан астам түрлерін белгілеген. Осындай көптеген құндылықтардың ішінен отбасы, жас ұрпақты ең бастыларына, қоғамдағы тәрбие мақсатын шешуге бағытталған құндылықтарды игеруге ұмтылдырады.
Халық педагогикасында дене тәрбиесін бірінші орынға қояды. Өйткені адам баласы алғаш дүниеге келген күнінен бастап дене тәрбиесі қолға алынады, содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі жүргізіледі. Ақыл-ой сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал адамгершілік тәрбиесі баланың сана-сезімі оянған кезде жүргізілетін тәрбиенің жиынтығы.
Ұрпақ тәрбиесін өмір талабына сай ұйымдастырып халықтық тәрбие тәжірибесінің озық үлгілерін алып бүгінде шебер пайдалана білу - уақыт талабы.
Белгілі ғалымдарымыз С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Ғ. Нысанбаева өздерінің мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі атты еңбектерінде: Бірінші кезектегі артықшылық бағыт-жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенген болуы керек [9, 38 б. ] .
Тұтас педагогикалық үрдістің бәрінде ешқандай ұсақ мүмкіндігі қалдырылмастан оқушылардың рухани байлығын арттыру үшін әр халықтың жетістіктері мен алуан түрлі мәдениетін пайдалану керек. Жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгертуге біріктіруші бастама тәрбиенің маңызды құралы ретінде ана тіліне берілуге тиіс -деп атап көрсетеді [25, 112 б. ] .
Яғни, бұл пікір бойынша халықтық тәрбиедегі мол тәжірибесінсіз, ана тілінің тазалығы. Жан-жақты мәдениетті және жалпы адамзаттық құндылықты сапалы түрде бағалай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін емес. Ұлтымыздың бала тәрбиелеу мен оқыту туралы ғасырлар бойы жинақталған уақыт сынынан саралаланып өткен бай тәжірибесін қорытып, бір жүйеге келтіру, асылын алып халыққа тарату, мұғалімдердің, ата-аналардың этнопедагогикалық білімдерін жетілдіру бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердіің бірі. құнды қасиеттерге ие рухани таза жеке тұлғаны қалыптастыруға ата-аналармен қатар мұѓғалімдер де жауапты.
Ұрпақ тәрбиесін ата тархынан тілінен, төл мәдениетінен, ұлттық тәрбие тәжірибесінен қол үздіргеннің салдарынан өмірде, қазіргі қылаң беріп жүрген кемшіліктерге тап болдық.
Ана тілінде екі ауыз сөздің басын құрап, ойын жеткізе алмайтын шәкірттер көбеюде. Солардың көбісінің кейде ана тілінде сөйлесіп, әңгімелеспегендіктен, атасы мен әжесінің ертегісін естімей өскендіктерінен, анасынан бесік жырын тыңдамағандықтан болар. Сорақылық деп айтатынымыз некесіз туған балалар, қарттар үйіндегі қарт аталар мен әжелер, жастардың ата анасын сыйламай үйлене салып бөлек кетуі, қиындықтарды өздігімен жеңе алмай ажырасып кетудің көбеюі, тұрмыс құруға қыз балалардың асықпай жүріп қалып, кейін өкінулері, ішімдікке, нашақорлыққа салынуы ұрлық, зорлық жасап, еңбек етуге ұмтылмай, уақыттарын босқа өткізу, т. б. жағдайлар. Осы теріс қылықтардан арылу үшін бүгінде халқымыздың тәрбиесінің бай құндылықтардың озық үлгілерін алып, уақыт талабына сай пайдалана білу қажет.
Ол құндылықтарға үлкенді, ата-ананы сыйлау, балаға деген сүйіспеншілік, бала болмаса бала асырап алу, мейірімділік, қамқорлық, бауырымдылық, қонақжайлық, адалдық, достық, кішіпейілдік, әдептілік, даналық, шешендік сияқты қасиеттерін жатқызуға болады [31, 4-15 б. ] .
Кейінгі кездері қоғамдық ортадағы жүріп жатқан елеулі өзгерістер ел өміріне көптеген жаңашыл өзгерістер енгізді. Солардың бірі - адам өмірінің мәні мен мағынасын, қоғамдағы орны мен мақсатын анықтайтын оның құндылық бағдары.
Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру бағдары әлеуметтену процесінде ұзақ уақытта біртіндеп қалыптасатын құбылыс. Оның қалыптасуына әсер ететін жеке тұлғаның әлеумет ортасы, жанұясы, мектеп, әлеуметтік ұжымдар.
Қазіргі кезде бұрынғы кеңес дәуірінде қалыптасқан құндылық бағдарларымен әлеуметтік бағыттылықтар өз мәнін жоғалтып, орнына жаңа құндылықтар мен бағыттылықтар жасалынып жатқан уақытта, үшінші мыңжылдықта өмір сүретін жастардың құндылық бағдарын, рухани байлығын қалыптастыру үлкен мәнге ие болып отыр. В. Франклдің сөзімен айтқанда біз, қалыптасқан дәстүрді қирату және жоғалту кезеңінде өмір сүріп отырмыз.
Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда тұлғаның құндылықтар жүйесі, этникалық-адамгершілік мөлшері З. Фрейдтің теориясы бойынша әлеуметтену процесінде қалыптасып, оның Супер-Эго деңгейін құрайды. Осындай көзқарасты Э. Фромм қолдай отырып, жеке тұлғаның құндылық бағдары оның жақын әлеумет ортасының мән-мазмұнымен байланыстырған. Сонымен адамгершілік қасиет дегеніміз не? Ол өмірде қандай қызмет атқарады? [16, 3 б. ] .
Адамгершілік қасиет дегеніміз - жеке адамды ұлттық құндылықтарды ұстана отырып, қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттардың қасиетін анықтайтын арнайы әлеуметтік - психологиялық феномен. Жеке тұлғаның құндылық деңгейі әлеумет ортасымен тығыз байланыста бола отырып, оның идеалы мен мақсатынан, сенімділігі мен қызушылығынан байқалады. Олай болса, жеке адамның адамгершілік құндылық бағдары дегеніміз - оның қоғамдық ортадағы құндылық қасиеттерді, тарихи тәжірибені, білімді, әдет, дәстүрлер мен мөлшерлерді бойына сіңіре отырып, өз әрекетін, белсенділігін мақсатқа бағыттай реттелуін айтамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz