ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

I ТАРАУ. ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН

ДАМЫТУДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ.

  1. Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы . . . 10-21
  2. Ұлттық ойынның тәлімдік рөлі . . . 22-28

II ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.

2. 1. Оқушыларды отбасында ұлттық ойындар арқылы

тәрбиелеу . . . 29-40

2. 2. Мектепте оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін

ұлттық ойындар арқылы көрсету . . . 41-49

Қорытынды . . . 50-51

Қолданылған әдебиеттер . . . 52-53

Қосымшалар

К І Р І С П Е

Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік жалғасуда. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы - тәрбие. Демек, қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі болып келгендегі дәлелдеуді қажет етпейді.

Еліміздің Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу қажеттілігіне тоқатала келе: «2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек» деп атап көрсеткен.

Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. “Адамзат ұрпағымен мың жасайды” - дегендей, ұрпақ тәрбиесі - қай кезде де халықтық мәселе болған. Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Бүкіл әлемдік өркениетте ерекше орын алатын ғұлама әл-Фараби бабамыздан бастап, орта ғасыр ойшылдары: Баласағұн, Қашқари, Иассауи трактаттары, сондай-ақ Алтын Орда дәуірінің даналары бір халықтың ғана емес, адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны өз алдына бір төбе. Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары Шоқан, Ыбырайлармен қатар XX ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірлерменбарша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Міржақыптардың ұлттық дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық мұралары қазіргі заман талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі.

Мыңдаған жылдар бойы тырнақтап жиналған халықтың осынау рухани мол мұрасы әлемдік озық үлгілермен астаса келіп, оқу-тәрбие қызметіне негіз болды.

Дана халқымыз “ақыл - жастан, асыл - тастан” нақылымен дәлелдеп кеткен. Баланың қиялын шыңдап, үлкен адам боп шығуына ұстазы мен ата-анасының рөлі үлкен екенін нақтылай түседі.

Қабілеттің туа даритын және жүре игерген табиғаты болатынын психолог ғалымдар дәлелдеп келеді. Балалардың жеке басының қасиеттерін тәрбиелеу - олардың қабілеттері дамуының шешуші шарты: еңбексүйгіштік, табандылық тәрізді қасиеттерді тәрбиелеу - олардың қабілет көздерін ашудың ең өнімді жолы - еңбек ерік пен мінезді тәрбиелеудің тамаша құралы.

Қазақтың халық педагогикасын тіл-әдебиеттік қасиеттеріне қарай: жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтар, мазақтамалар, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер, ойын-өлеңдер, шешендік сөздер, ертегілер, аңыз әңгімелер, тұрмыс-салт жырлары, батырлық жырлар, ал әдеп пен тұрмыс-салттық қасиеттеріне қарай: кісілік, әдептілік, намыс пен абырой, имандылық, салауаттылық, бауырмашылдық, қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік қарым-қатынастар, ұлттық ойындар мен рәсімдер, салттар, әдет-ғұрыптар деп топтауға болады.

Ең әуелі ұлттық тәрбиенің мән-мағынасын, мазмұнын жан-жақты жақсы біліп, тәлім-тәрбиеге оны пайдаланудың тәсілдерін жауапкершілікпен үйренген дұрыс. Халық педагогикасының танымдық, тәрбиелік мәні зор салаларын бастауыш мектеп мұғалімдері тәрбие ісіне жан-жақты пайдалануға ықылас аударуда.

Ұрпақ гүлденсе, ел жаңарады. Көргенді ұрпақтан, көреген дана халық тарайды. Міне, сондықтан да ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы зор міндет.

Бүгінгі талапқа сай халықтың әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді, ұлттық қадір-қасиетті қайта жаңғырту үшін оқу мазмұнына ұлттық педагогикалық енгізу басты мақсаттың бірі ретінде ұсынылып отыр. Оқу мазмұны ғылым негіздері мен жеке тұлға қызметтері құрылымының бейнесі ретінде қарастырылып, оларға сәйкес келетін білім компоненттері анықталады.

Білім мазмұнын қалыптастырудың бірінші кезңінде, яғни оның теориялық деңгейінде ұлттық тәрбиелі, қазақтың ұлттық педагогикасын іске асыру, ұлт мектебінің ерекшеліктерін әрқашанда есепке алудың қажеттігі, жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсатына сәйкес білім мазмұнын анықтаудың принциптері, қағидалары, заңдылықтары ретінде қарастырылатыны айқындалады.

Сондай оқу-тәрбие негіздерінің бірі- ұлттық ойындарымыз. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді, баланы пайдалы еңбекке, сөйлесуге, мергендікке, тапқырлыққа, ептілігін күштілікпен бірлесіп қызмет атқаруға, төзімділікке және т. б. тәрбиелеудің ұтымды құралы.

Жас ұрпаққа дене тәрбиесін беруде халық ойындарының орын ерекше. Ойын балалар үшін бір жағынан қызық, ермек болумен қатар екіншіден түрлі қимыл, қозғалыс үстінде оларды тапқырлыққа, аңғарымпаздыққа, төзімділікке, ептілікке үйретеді. Міне, сондықтан да халық «ойында озған бала-өмірде озады» деп оның мәнін жоғары бағалаған.

Ойын әрекеті балалардың санаткерлік және тілдерін дамытуға көп әсер ететіндігі жалпыға мәлім. Ойын-баланың білімді игеруі үшін қажетті ерікті зейіні мен жадын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан ойындық әдістер осы жастағылардың психафизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес бастауыш сыныптарды дәстүрлі түрде қолданылады. Ойындардың қай-қайсысы болса да оқушыдан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздықты, шеберлікті т. б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Ойын кезінде баланың жеке басындағы қасиеттері дамиды, ойын баланы үйретеді, тәрбиелейді, өзгертеді.

Баланың дамуына ойынның өз ықпалы бар. Бала ойын арқылы өз сана-сезімі құрылымының негізін құрайтын жеке басының қадір-қасиетін ұғынады.

Бастауыш сыныптарда ойынды оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында қолданады. Ұлттық ойындардың бір ерекшелігі - оларды сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалануға болады. Ол үшін ұлттық ойындарды тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуын талап етеміз.

  1. Тәрбиеші ұлт ойындарының неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
  2. Ұлт ойындарын балалардың жас ерекшелігіне және қызығушылығына байланысты іріктей білуі.
  3. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап білу (белгілі бір ойынмен балалардың бойында қандай қасиеттерді тәрбиелеуді көздейді) .
  4. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
  5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау. Көптеген жағдайда өз қолымен әзірлеу немесе басқа құралдармен алмастыру.
  6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз өз қолымен әзірлеу немесе басқа құралдармен алмастыру.
  7. Ойын алаңы балалрдың өміріне қауіп тудырмауы тиіс. Ойынға ашық алаң немесе арнайы жабдықталған ойындар пайдаланылады.

Демек, ойын арқылы балаларды өмірге ең қажет қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз.

Заманымыздың талантты педагогы В. А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды»- деп санайды. Сол сияқты заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарының бірі М. О. Әуезов ұлттық ойындарға зор көңіл бөле отырып, мынадай пікір айтқан: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінігімше, көңіл көтеру, жұрттың өзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған».

Демек, жоғарыдағы пікірлерге сүйенсек, бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолданудың, пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушының аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.

Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдлануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі - ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ұлттық ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен аяқталады.

Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоция әсерә ұшқындайды, белсенділігі артады, ер қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілетімен дарынын ұштайды.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергілітп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады.

Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ұлт ойындарымыз: тоғыз құмалақ, қуыршақ, асық ойындары.

Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткіндіктері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», «Ақсүйек», «Тоғыз құмалақ», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі бізідң ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғсырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа, ептіліккке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бюір ойынның түрі - «Он бір қара жұмбақ».

Ұлттық ойындар халықпен бірге жасасып, ғасырлар бойы ұмытылмай, атадан-балаға мәдени мұра ретінде ауысып отырған. Олар баланы пайдалы еңбекке, сөйлесуге, мергендікке, тапқырлыққа, ептілігін күштілікпен бірлестіріп қызмет атқаруға, төзімділікке тәрбиелеудің ұтымды құралы.

Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан, әділетті, өнерлі, жерін, елін, сүйетін азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра қалдырған. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктерін сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының, қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп бағалаған. Бала кішкентайынан өз еркімен әртүрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзінің икемділігін, тапқырлығын, батылдығын байқатқан.

Ұлы педагог Ушинский К. Д. жас ұрпақты тәрбиелеуде халық педагогикасының талаптары терең бейнеленген халық ауыз әдебиетінің, әсіресе, ертегі жырлары мен мақал-мәтелдердің, сонымен қатар дәстүрлі ұлттық ойындардың маңызды екенін атап көрсеткен.

Баланың дамуына ойынның өз ықпалы бар. Бала ойын арқылы өз сана-сезімі құрылымының негізін құрайтын жеке басының қадір-қасиетін ұғынады. Бастауыш сыныптарда ойынды оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында қолданады. Ұлттық ойындардың бір ерекшелігі оларды сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалануға болады.

Өзектілігі: Бастауыш сыныптарда ұлттық ойынның маңызы зор екендігін біз практика арқылы көреміз. Ұлттық ойындар арқылы балалардың қызығушылығы артады. Сабаққа деген ынтасы, көзқарасы ұлғаяды.

Мақсаты: Баланың тұлғалық қасиеттерін дамытудағы

ұлттық ойындардың орнын көрсету.

Міндеті: 1 . Ойындардың балаға психологиялық әсерін анықтау.

2. Оқушылардың қызығушылығын оятып,

танымдық белсенділігін арттыру жолдарын белгілеу.

3. Тәрбие жұмысында ұлттық ойындардың баланың

жеке тұлғалық қасиеттеріндегі маңызы.

Зерттеу объектісі : ұлттық ойын үстінде оқушылардың белсенділігін, ынтымақтасуын, өзара достық-жолдастық қарым-қатынастарын жетілдіру.

Пәні: оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін

дамыту жолдары.

Ғылыми болжам : бастауыш сыныптарда ұлттық ойындарды жүйелі,

тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың жеке

тұлғалық қасиеттерін дамытудағы мүмкіндіктер.

Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау.

Сауалнама эксперимент, бақылау.

Мектебі: Саумалкөл қазақ орта мектебі

I ТАРАУ ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

1. 1. Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы.

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер XIII ғасырдан басталады. Оны алған жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. XIII ғасырда Европа халқына Манғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.

Қазақ халқының ұлт ойындары жайындағы деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі Венеция саяхатшысы Марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын-сауықтарын көріп, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, шығу тарихтарына, қалыптасу дәуірлеріне де болжам айтқан.

Ұлт ойындары жайындағы деректерді австралиялық с. Герберштейннің италияндық И. И. Новокамскийдің, орыс саяхатшысы П. И. Рыяковтың, орыс ғалымы П. С. Паластың, Венгер зерттеушісі А. Вамберидің, неміс этнографы Ф. Картуцканың, неміс ғалымы А. Гумбольдтың, поляк халқының өкілдері А. Якушкевич, С. Гросс, Б. Зеленскийдің т. б. жазбаларынан кездестіреміз.

Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. К. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Э. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазеревский, П. П. Пашин, Г. С. Загряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов т. б. болды.

Қазақтың ұлт ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылардың қай-қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А. Гумбольт өзінің достарына жазған бір хатында былай дейді: «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын-сауықтары естен кететін шаруа емес . . . Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек.

Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы - ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.

Ұлт ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. Халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты т. б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығымен, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, Жамбы ату т. б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.

Неміс ғалымы Александр Гумбольд 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұқсат алып Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. А. Гумбольдт өзінің болған жеріндегі көшпелі қазақ ауылдарының өмірімен танысып, олардың күнделікті тіршілігі, қонаққа көрсететін сый-құрметі, табиғат құбылысына бейімделуі, әдет-ғұрпы, яғни тарихы мен этнографиясын толығынан зерттей келіп «Центральная Азия, «Исследования о цепях гор и по сравнительной климотологии»атты еңбегін жазды. Қазақ ауылына келнеен беттегі қонаққа көрсетілген сый-құрметіне, олардың ойын-сауықтарына, әсіресе қоян-қолтық күрестері мен ат жарыстарын қызықтамайтын және осы халықтың ойын-сауықтары жөнінде жазбаған шетел ғалымдары мен саяхатшылары кемде кем.

А. Гумбольдтың былай деп дәлелдеме беруі, әрине тегін айтыла салған сөз емес. Біз қарастырған, тіпті сонау Плано Карпини, Марко Полодан бастап, ең ақыры 1893-1864 жылдары Қазақстанда болған шығыс-зерттеу ғалымы Венгрия академигі Арминий Вамбери мен 1903-1907 жылдары Каспий теңізінің бойында маңғышлақта қонақтаған неміс этнографыРихтер Каргуцка дейінгі шетел саяхатшыларының еңбектерінің барлығының дерлік арқауы болған қазақ халқының қонақ сыйы мен ойын сауықтары.

Ұлт ойындары жайында бұлардан басқа да, тіптен Қазақстан жерінде болмаған көптеген шетел ғалымдарының осы бір көшпелі халықтың тарихы мен этнографиясы турасында жазған зерттеулерінде де кездеседі. Мәселен, Австрияның атақты дипломаты С. Герберштейн 1516-1517 және 1526-1527 жылдары Москвада болып, Қазақстанда болған орыстардың ауызша айтуларынан жинаған материалдарынан жазған 1549 жылы латын тілінде жарық көрген «Записки о московских делах» атты еңбегінде Қазақсатнның жері, әдет-ғұрпы, орыс халқымен қпарым-қатынасы, ойын-сауықтары жайында жазған. Сондай ақ Италияның ғалымы Павло Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың кезіндегі белгілі елшілерінің бірі Дмитрий Герасимовпен кездесіп, соның айтуымен «Книга О Московском посольстве»атты еңбегін сол жылы жарыққа шығарады. М. И. Новокамский бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан жеріндегі көшпелі рулардың этнографиясы, жері, орыс халқымен аралас сауда-саттық жұмыстары, сондай ақ ойын-сауықтары жайында жазған. Бұндай анықтаманы дәлелдейтін мағлұматтар Лейден университетінің архивінде сақталған.

Қазақтың энографиясын зерттеп оны Европа елдеріне таратуға ат салысқандар Поляк ревалюционерлері А. Янушкевич. С. Гросс, Б. Залесскийлер болды. Бұлар ревалюцияға қатысқандары үшін Сібірге, Қазақстанға жер аударылады да, осында болған уақыттарында Қазақстанның елі мен жерімен толық танысады.

А. Янушкевич «Дневники и письма изи путешествия по Казахстанским степям»атты еңбегінде қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келіп қонған күнгі өмірлерін «бұл күн бұлар үшін бақыт күні, қуаныш күні» - дей келіп, сол күнгі ойын-сауықтары, әсіресе «Қыз қуу»ойынының көз тартарлық құдіретін сипаттайды.

Осы ойын-сауық үстіндегі ақындар айтысын: «менің алдымда Демосфен мен Цицерон естімеген, оқу мен жазудан хабары жоқ екі ақын айтыс үстінде олимпиядағы күрескерлердей біріне бірі шаба түседі. Не деген талант, не деген жыр, менің жаныма сыймай жүрегімнен орын алуда»- деп табиғи дарын құдіретіне бас иеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан балалар мен оқушы жастарға дене тәрбиесін берудің тұжырымдамасы
Ұлт ойындарын балалардың жас ерекшелігіне және қызығушылығына байланысты іріктей білуі
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы
Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуда ұлттық ойынның маңызы
Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту құралы
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыруда пайдаланудың педагогикалық жолдары
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz