Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің алатын орны



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..3


І тарау. Жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .4
Әлеуметтік топтар және олардың жіктелу түрлері ... ... ... .7
Шағын топтардың даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ..8
ІІ тарау. Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің ала-тын
орны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..10
2.1. Оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру түрлері ... ..14
2.2. Отбасының жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі ролі ... ... ... .17
2.3. Әлеуметтік белсенділікті дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .51
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..55

Зерттеу мақсаты: Әлеуметтік топ түрлерінің даму ерекшеліктерін
ескерудің маңыздылығын көрсету.
Зерттеу міндеттері: 1. Жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық
бейімделуі, әлеуметтік топтар және олардың даму ерекшеліктері туралы ғылыми
теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
1. Әлеуметтік топтың және жеке тұлғаның топтағы алатын орны.
2. Әлеуметтік топтың ерекшеліктерін, тұлғааралық қатынастарды анықтау үшін
тестерді, сауалнамаларды қолдану.
Зерттеу объектісі: Әлеуметтік топтың түрлері, ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Әлеуметтік топпен жеке тұлғаның әрекеттесуі, әлеуметтік
топ түрлерінің қалыптасу жолдары, жеке тұлғаның дамуына әсер ететін
факторлар.
Ғылыми болжау: Оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлға әлеуметтік-психологиялық
жағынан бейімделіп, қоғамдағы орны белгіленсе, ұжымның толық мүшесі бола
алады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу (саралау) жасау,
сауалнамалар.

КІРІСПЕ
Терең әлеуметтік бағыты бар нарықтық экономикалық және жаңа тұрпатты
қоғамдық қатынастарға негізделіп, енді ғана Қазақстанда қалыптасып келе
жатқан егемен мемлекеттің өз тұрғындарының, соның ішінде, әсіресе, ертеңгі
күні тұтқа болар өскелең ұрпағының алдына қойып
отырған өмір сүру, құқық, мінез-құлық, адамгершілік, тәртіп, еңбек пен
меншікке қатынас бәсекелестік пен іскерлік талаптарды қазіргі заман талап
етеді. Сондай-ақ, өз егемендігіне жаңа ғана ие болған жас мемлекеттің өз
тұрғындарының бойына қалыптастырылғалы отырған дүниеге көзқарасы,
мінез-құлық нормалары мен адамгершілік принциптері де мүлдем бөлек. Өскелең
ұрпақты әлеуметтендіруде, әсіресе, жалпы білім беретін мектептің орны мен
ролі айрықша бөлек. Өйткені, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының
бастапқы кезеңі оқыту мен тәрбиелеудің осы мектептегі жылдарымен дәл
келеді. Өскелең ұрпақты өмірге даярлап, мамандықты саналы таңдауға, Отан
алдындағы азаматтық борышты адал орындауға баулитын да осы — мектеп.
Кәсіптік және арнаулы білімнің барлық негізі жалпы білім беретін мектепте
қаланып, жас ұрпақтың әлеуметтік бітім-болмысы мен адамдық қадір-
қасиеттерінің негізгі белгілері осында қалыптаса бастайды. Олай болса,
қоғамның алға басуы меп болашағы көбіне-көп мектептің бүгінгі жас ұрпақты
қалай оқытып, тәрбиелеуіне, неге және қалай үйрететініне тікелей
байланысты.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғаш _ субъективтік
тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде, атап
айтқанда, австриялық психолог 3. Фрейдтің психикалық анализ және осы
ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда
болған антропологиялық мәдениет теориясында аталып, жас өспірімдердің
психикалық және жыныстық тұрғыдан пісіп-жетілуі оларды әлеуметтенді-рудің
қайнар көзі ретінде қарастырылды. Сондықтан кешегі тоталитарлық жүйеде
өскелең ұрпақты әлеуметтендіру буржуазиялық қоғамға ғана тән құбылыс
ретінде танылып, зерттеу объектісі ретінде жеке алынып, талданған жоқ.
Дегенмен, жеке адамды қалыптастыру, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу,
оларды өмірге даярлау, болашаққа бағыт-бағдар беру, мамандықты саналы
таңдау мәселелеріне арналған Е.С.Алякринскийдің, М.И.Еникеевтің,
И.С.Конның, Г.М.Андрееваның, З.Фрейдтің, О.Нұсқабаеваның, З.Жаназарованың,
Г.Осипованың, Н.Смелзердің еңбектерінде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру
қажеттілігі жанамалап болса да көтерілді.
Сондай-ақ, қоғамның әлеуметтік құрылымын, ұлтаралық қатынастарды,
демографиялық және миграциялық процестерді реттеу мәселелерін зерттеген
М.С.Аженовтың, Н.А.Айтовтың, М.М.Сужиковтың, М.М.Тажжиннің, М.Б.Татимовтың
еңбектерінде білім берудің өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге тигізетін
ықпалы туралы аз да болса сөз қозғалған.

Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі республикада жүргізіліп жатқан
реформалық оң өзгерістердің қажеттілігін түсініп, жүректерімен
сезінгендерімен, оның мән-мағынасына ой жүгіртпеген. Адамдардың басым
бөлігі, бұқара көпшілік өз болашағына әлі сенімсіз. Ертеңгі күні не боларын
білмей дал болуда.
Ал, мұның өзі бір жағынан, қоғамда орын алып отырған экономикалық
тұрақсыздық пен әлеуметтік теңсіздікке қарсы бұқара халықтың басым
көпшілігінің наразылығын туғызып отыр.
Екінші жағынан шаруашылықта орын алып отырған өте күрделі экономикалық
дағдарыс күн көріс көзінен айырылып, жұмыссыз жүрген, сөйтіп,
жоқшылыққа ұшыраған бұқара халықтың қайсы бір топтарының, әсіресе,
жастардың бойында моральдық, тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып,
оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналдырып барады. Жастар арасында бұрын-
соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар ойындарымен әуестенушілік,
нашақорлық, ұрлық, жасау мен ішімдікке салынушылық, т. б. кең етек алуда.
Жалпы қатаң бәсекелестік пен пайдакүнемдік, арамдық пен ұятсыздық,
жезөкшелік пен жалаң еліктеушілік белең алған нарықтық экономика
жағдайындағы өзгермелі заманның күйбең тіршілігі күннен-күнге
сұрықсызданып, ұзақ ғасырлар бойы қоғамда қалыптасқан адамгершілік
пен мінез-құлық нормаларын жуып-шайып барады. Ізеттілік - дөрекілікке,
қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа,
парасаттылық- парықсыздыққа, имандылық - имансыздыққа айналуда.
Нәтижесінде үлкеннің алдын кесіп өтпеген ұлдарымыз, үлкен-кішіге ізетті
қыздарымыз ата-әжесін беттен алып, әлпештеп өсірген әке-шешесін қарттар
үйіне өткізіп немесе қаңғытып жіберуде. Әркімге жәутеңдей қарап,
апалаған тірі жетімдеріміздің саны күннен-күнге көбейе түсуде.
Жастарымыздың кейбіреулері тағдыр тәлкегіне төзе алмай, құмар ойындары мен
нашақорлыққа, ұрлық пен алкоголизмге бой алдырып, халқымыздың салт-
дәстүрлеріне жатпайтын, әдет-ғұрпына кереғар келеңсіздіктерді тез қабылдап,
нарықтық жүгенсіздік орын алған азғантай уақыттың ішінде азғындап шыға
келді. Мұндайлардың басым көпшілігі кеше ғана мектеп бітіріп, жұмыс іздеп
ауылдан қалаға келген қазақ жастары екендігі баршаға аян.
Міне, сондықтан да қоғамның саяси-әлеуметтік дамуының осындай аумалы-
төкпелі кезеңінде өскелең ұрпақты нарықтық экономикалық және жаңа тұрпатты
қоғамдық қатыпастарға бейімдеп, әлеуметтендіру мәселелеріне айрықша назар
аударылып отыр.

1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ЖОЛДАРЫ

Н.Дж. Смезлердің Әлеуметтану атты кітабының Әлеуметтендіру деген 4-
тарауында былай делінген. Өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің ойдағыдай
жүзеге асырылуына 3 нәрсе қажет:
Үміт арту;
Мінез-құлықты өзгерту;
Үміт етіп күтіліп отырылған нәтижеге лайықты болуыға ықыластық.
И.С.Кон болса Әлеуметтендіру үрдісін жеке тұлғаны қалыптастырумен
емес, жеке тұлғаның алған әлеуметтік құрылымдағы ерекше алатын орнына
байланысты деп есептейді.
Орыс ғалымы Б.С.Алякринский қарым-қатынас және оның шешу мәселелері
атты еңбегінде әрбір адамға өте келеңсіз жағдайға түскенде мен күшінің
жойылғанын ойлама деп кеңес берер едім. Өмірде кездесетін қиын жағдайларды
бастан кешіре аламыз екендігін терең түсінуіміз керек деген пікірін
айтқан.
Орыс ғалымы В.Мясищев Қарым-қатынас адам мінезінде үлкен рөл атқарады
және де өзіндік реті бойынша әрекет нәтижесіне ұласады. Әрекет барысындағы
алаңдар, кйзеліс қарым-қатынасты нығайтады, бұзады немесе бір ретке
келтіреді.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді педагогикалық тұрғыдан қарастырған
атақты педагог В.А.Сухомлинский Ұжымды тәрбиелеу әдісі еңбегінде
әлеуметтендіру үрдісі ұжымның тәрбиелік күшін жетілдірудің ең маңыздысы
екенін педагогикалық әдебиеттерден жиі оқуымызға болады.
Кісінің қалыптасуы оның әрекеттену және басқа адамдармен ой алмасу,
сондай-ақ сана-сезімінің пісіп жетілу процестерінде өтеді, - деген
пікірді ғалым Г.А.Андреева айтқан болатын.
Р.С.Немов әлеуметтендіруді жеке тұлғаның қоғамдық тәжірибені үнемі
белсенді түрде меңгеру үрдіс нәтижесінде жеке тұлға болып қалыптасып,
адамдар арасында өмірге қажетті білім, әдет, дағдыларды, шеберлікті
меңгеріп, оны белгілі бір міндетті шешу барысында қолданылуы деп
түсіндіреді.
Белгілі психолог А.С.Выготскийдің пікірінше, адамның жеке тұлға, кісі
ретінде қалыптасуы әрқайсысының біршама өзіндік дербестігі бар, бірақ бір-
бірімен тығыз байланысты екі жақты дамудың – табиғи өсіп-жетілуі мен
әлеуметтік пісіп толысудың - өзара әрекетінің жемісі. Бірақ адамның жан-
жақты жетілген жеке адам ретінде қалыптасуы тек оны әлеуметтендіру
процесінде жүзеге асырылады.
Әл-Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы
трактатында қала амдарының әр түрлі топтарына жеке-жеке сипаттама беріп
оларды қоғамдық психологиялық негізгі категориялары ретінде ұсынып, талдау
жасаған. Адам – қоғамның ажырамас бөлігі. Адамдар өсіп-өне келіп түрлі
топтарға, қоғамдастыққа бірігеді. Осындай қоғамдардың бірі- толық, екіншісі
– толымсыз қоғам деп аталады. Толық қоғамның өзі үшке бөлінеді. Олар –
үлкен, орташа және кіші қоғам. Үлкен қоғам – жер бетін мекендеуші барлық
адамдардың қауымдастығы. Орта қоғамға белгілі бір халық, тайпалар бірігеді.
Ал кіші қоғамға жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы көшелер мен жеке үй
тұрғындары кіреді, делінген.
Ұлы ағартушы Ж.Аймауытовтың Жан жүйесі мен өнер таңдау еңбегінде
Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі - әлеуметтің мүшесі. Әр адам өз
ортасына қызмет етпеу. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолынан
жүріп қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек, өз
орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Әлеумет те,
мемлекет те, әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын тілейді деген
пікір айтқан.
Академик Т.Тәжібаев жеке адам - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-
әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата
білетін, өзінің кім екенін түсінетін, екі кірген ересек кісі деген
анықтама берген.
Адам, қоғам және олардың арасындағы байланыс та үнемі түрленіп, дамып,
өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Кез келген қоғамның кандай болуы оны
құраушы субъектілердің күш-жігеріне байланысты. Соңғы жылдары жүргізілген
түрлі әлеуметтік, психологиялык зерттеулер тұлға бойында жалпы құндылық,
нормативті дағдарыстыңбар екенін көрсетіп отыр. Қазіргі өзгермелі қоғам
жағдайыңда, күрделі экономикалық және саяси өзгерістер адам психикасына
елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу
адам мен оны қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың
өсуімен, қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, сондай-ақ
психология ғылымының негізгі зерттеу объектісі - тұлға, оның қалыптасуы мен
дамуы мәселесінің маңыздылығымен байланысты ерекше ауқымды орын алып отыр.
Адаптация термині түрлі ғылым саласында қолданылады және соған орай
оның талдауы да әр қилы.
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық адаптациясы - оның белгілі бір
әлеуметтік-психологиялық статусқа ие болу, қандай да бір қоғамдағы ролдік
функцияларды игеру процесі. Әлеуметтік-психологиялық адаптация процесінде
тұлға өмір мен іс-әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайлары арасында үйлесімге
қол жеткізуге ұмтылады. Оның жүзеге асуына қарай тұлға бейімделуі
жоғарылайды. Толық адаптация барысында; адамның психикалық іс-әрекетінің
орта шарттарына адекваттылығы жүзеге асады.
Әлеуметтік-психологиялық адаптацияны тұлғаның қорғаныс құралы ретінде
қарастыруға болады. Оның көмегімен ішкі психикалық шиеленіс, мазасыздық,
тұрақсыздық жағдайы әлсіреп, шеттетіледі.
Өткен ғасырдың соңынан бастап америка ғалымы У.Джеймс пен оның
жақтастары Ч.Дарвин еңбектеріне негіздей отырып сананың адам өміріндегі
рөлі мен функциисын анықтау барысында сана теориясында функционалистік
бағытгы ұсынды. Олардың айтуынша сананың негізгі функциясы - адаптация, ол
адамның сыртқы ортамен әрекеттестігін реттейді. Позитивистер (А.Бандура,
А.Маслоу, Г.Олпорт) тұлға адаптациясының бастауын оның ортамен қайшылығынан
көреді. Әлеуметтік адаптацияның бихевиористер арнайы топтық жүріс-
тұрыстағы, әлеуметтік қатынастағы немесе мәдениеттегі физикалық, әлеуметтік-
экономикалық немесе ұйымдасқан өзгерістер ретінде қарастырады. Р.Хэнки
анықтамасында "әлеуметтік адаптация термині индивид немесе топтын ортамен
еш қайшылықсыз, әлеуметтік тепе-тендік жағдайыиа қол жеткізу процесі" деп
танылады.
Соңғы кездегі зерттеулерде, атап айтқанда Б.С.Братусь, Г.Е.Зелаский,
С.С.Бубнева еңбектерінде тұлғалық құндылықтар адам белсенділігін реттеу
кызметін атқара отырып, сананың дүниетанымдық құрылымы мен тұлғанын,
мотивациялық-қажеттілік сферасының қиылысындағы күрделі иерархиялық жүйе
ретінде қарастырылады (М.С.Яницкий). Құндылық бағдар бойынша жүргізілген
сұрақтамада жастар бойындағы жалпы дәстүрлі құндылықтар жүйесінде
ерекшеліктердің бар екені байқалады. Нәтижелерді талдау жастар бойында
мәдени-әлеуметтік тәжірибенің берілуіндегі ауытқуды, бұрынғы мәдени
құндылықтардың біршама өзгеріске ұшырағанын көрсетті. Тұлғаның жаңа ортаға
әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің мәнді белгісінің бірі осы құндылық
бағдар.
Қорыта келгенде жастар үшін негізгі құндылықтар материалды жетістік,
сенімді дос, денсаулық және бақытты жанұялық өмір. Ал бүгінгі тұлға
еліміздің ертеңі, болашақтың иесі екенін ескерсек, жалпы рухани, мәдени-
тарихи құндылықтардың төмендеуі, ертеңгі күнге сенімсіздік, өзін-өзі
жетілдіруге деген ұмтылыстың жоқтығы неге апарып соғары белгісіз.

1.1.ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУ ТҮРЛЕРІ

Әлеуметтік психология тарихында әлеуметтік топтардың жіктелуін
құрастырудың бірнеше ұмтылыстары болды. Топтардың арасын жіктеуде алынған
негізгі мәдени даму дәрежесі, құрылым түрі, міндеті мен қызметі, топтағы
қарым-қатынастың басым түрі және т.б. Бұған қоса топтың өмір сүру уақыты,
қалыптасу қағидасы, оған мүше болудың оңайлығы және тағы басқа да жағдайлар
әсер етеді.
Алайда бұлардың ортақ сипаты топтардың өмір сүру формасын белгілеу
ғана. Егер де нақты әлеуметтік топтарды әлеуметтік қызметтің субъектісі
ретінде қарастырсақ бұл жерде басқа қағидалар бойынша жіктеу керек екені
анық. Оның негізгі қаждасы – топтарды әлеуметтік жіктеу олардың қоғамдық
қарым- қатынастарда алатын орнына тікелей байланысты. Мұндай жіктеу
жасамай тұрып жоғарыда айтылған топ туралы түсініктерді жүйеге келтіру
керек. Әлеуметтік психологияны зерттеу бұл топтардың қосылғанын қажет
етеді.

Әлеуметтік топ – ортақ қызығушылық, мақсат және іс - әрекеттерімен
бірінен әлеуметтік ұйымдастырылған адамдар бірлігі.
Әлеуметтік топ - әлеуметтік ұйымдастырылған және әлеуметтік маңызды
іс - әрекет субъектісі. Әлеуметтік топтар: үлкен, орташа, және кіші болып
бөлінеді.
Үлкен әлеуметтік топ - әр түрлі әлеуметтік белгілер – демографиялық,
кластық, ұлттық, партиялық бойынша ерекшеленетін соны жағынан шексіз
адамдар ұйымы. Үлкен топтарда мәдени құндылықтар құрылады, дәстүрлер
қалыптасады, негізгі құндылық – идеология. Үлкен топтарда әлеуметтік
қатынас жалпы байланыс құралдары бойынша жүзеге асады.
Орташа әлеуметтік топ – үлкен әлеуметтік топтардың кейбір белгілеріне не
бола отырып, аймақтық шектеумен, тікелей қарым – қатынас мүмкіндігі мен
ерекшеленеді. (үлкен зауыт, институт, мектеп, әскерй бөлім ұжымы).
Кіші әлеуметтік топ – ортақ қызығушылық, мақсат және топтық тәртіп
ережелеріне не тікелей қатынасатын жеке тұлғалар тобы.

1.2. Шағын топтардың ерекшеліктері

Кіші топта белгілі бір сандық құрам, құрылымдық ұйым, өмір сүрудің
әлеуметтік – психологиясың механизмі, топтық дамуы болады.
Кіші әлеуметтік топта басқарушы буын – ортақ қызығушылықтарды жүзеге
асыратын ортақ мақсаттарды қоятын топ мүшелерінің ортақ іс - әрекетін
ұйымдастыраты жетекші. Формальді жетекшілер немесе жалпы мойындалған
лидерлер, сондай-ақ сублидерлер топтың орталығын құрастырады да, топтың
басқа мүшелері әртүрлі топтық денгейдегі орындаушылар болады. Топта өз
орнын таппаған төменгі деңгейдегі топ мүшелері де кездесуі мүмкін. Кіші
топта жеке тұлғалар арасындағы қарым – қатынас, тұлғалар арасындағы тікелей
байланыстың маңызы зор. Кіші топтың ұйымдасқан негізі алғашқы топты
құрайды.
Адамды тікелей қоршайтын орта – шағын орта. Шағын орта – бірнеше шағын
топтардың қосындысынан тұрады. Олар адам тәртібінің қалыптасуының негізгі
көрсеткіші. Осы тәртіп бойынша жүретіндері - әлеуметтік бейімделген, ал
қалыптасқан тәртіп жүйесін ұстанбайтындары девианттары деп аталады.
Әр түрлі таптар әртүрлі қарым-қатынас көрінісінде үлілі болып табылуы
мүмкін. Жас өспірім өзінің құрбыларының және үлкендердің тәртіп мүшелерін
жоғары болуы мүмкін. Шағын ортада адамның көптеген қылықтары оның үнемі
топта өз орнын табуға ұмтылуымен түсіндіріледі
Әлеуметтік жағымды топ жеке тұлғаның дамуына күшті ықпал етеді.
Туғанынан осындай топта өскен бала оған керек барлық әлеуметтік тәжірибе
бөлшектері, адами мәдениетті бойына сініреді: Әлеуметтік топтарда жеке
тұлғаның әртүрлі қабілеттері дамиды.
Алайда әлеуметтік топ және тұлғаның мүмкіндіктерін күшейтіп қана
қоймай, оны басуы да мүмкін.
Топтың әрі мүшесі белгілі бір орынға белгілі бір топтық дережеге не,
оны топтағы атқаратын іс - әрекетінен туатын ролі анықтайды.
Әлеуметтік рөл - жеке тұлғаның әлеуметтік қызметін қоғамдық
мақұлданған іске асыру әдісі (мұғалімнің, дәрігердің, тергеушінің және
т.б.рөлі). Адам тәртібін реттейтін негізгі механизм - оның өмірлік
қағидасы - әлеуметтік мәнді құбылыстарға деген қатынасы, жеке тұлғаның
орындайтын әлеуметтік рөлі.
Үш түрлі әлеуметтік рөл бар:
1. нұсқау беретін - құқылық актілермен бекітілген, нақты мөлшерленген
(депутаттың, директордың рөлі).
2. конвенционалды - жалпы қалыптасқан ереже бойынша орындалатын қалыпты
емес рөлдер (мұғалімнің, студенттің, әкенін, шешенің, ағаның және
т.б.рөлі)
3. тұлғааралық - адамның әр түрлі қалыпты емес тұлғааралық өз ара
байланыстағы рөлі ( достың, жақсы адамның, қарсыластық және т.б. рөлдер)
Әр әлеуметтік рөл белгілі бір қоғамдық құндылыққа; беделге ие.
Әлеуметтік рөл оны орындаушының қоғамдық дәрежесіне байланысты.
Әлеуметтік топтар негізгі әлеуметтік құндылықтарға қатысты әр түрлі
ұстанымға ие болады. Олардың қызметтері әлеуметтік бағытталған (өндірістік,
оқулық, қоғамдық - мәдени және т. б. бірліктер), қауымдастық - осы топ
мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бапталған (рокерлер,
байкерлер және т. б.) және әлеуметке қарсы топтың өмір сүруі қатал
заңдылықтар, күш заңы, жең ұшымен жалғасу, әлсіздерді қуғындау және т.б.
бойынша жүзеге асады.
Әлеуметтік дамыған топтармен қатар қарапайым топтарда (аулалық
бірлестіктер, арақ - шарап ішетін орта т. б.) бар.
Түрмелерде, әскерде кейбір қалыпты емес топтар әлеуметтік сатының
төменде орналасқандарға қатысты қатыгездікке құралған ерекше билікке не
болады.
Қалыпты орта және кіші топтардың көп бөлігін өндірістік топтар, еңбек
ұжымдары құрастырады. Бұлар ашық топтар-әлеуметтік кең байналысқа ашық,
үнемі жаңа мүшелермен толығып отырады және кең кәсіби бірлестіктерге
ортақтастырылады. Бұл топтардың қызметі, іс-әрекет тәртібі, еңбек жемісін
бағалауы бірізділікке алынған. Әлеумет экономикалық қалыпта бірлестік
ретінде өзін-өзі көбіне осы кәсіби топтар есебінен қайта жаңғыртып отырады.
Кәсіби және басқа да қалыпты топтар мен қатар жаңадан пайда болған
әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамассыз ететін әуесқойлық әлеуметтік топтар
пайда болады.

№ Жіктелу негізі Топтардың түрлері
Құрылу әдісі бойынша Кездейсоқ туындаған-ресми емес, арнайы
ұйымдастырылған - ресми, нақты шартты кіші,
орта, аралық үлкен, қарым-қатынастық
(алғашқы) алшақтық (қайталама).
Топтық көлемі және
топ мүшелерінің
өз-ара қатынасу
тәсілі бойынша
Ортақ іс-әрекет түрі тәжірибелік (ортақ еңбек іс-әрекеті).
бойынша Гностикалық (ортақ зерттеу іс-әрекеті).
Эстетикалық (эстетикалық қажет ортақ
қанағаттандыру), гедоникалық (бос уақытта
ермек ету, көңіл көтеру, ойын-сауық құру),
қарым-қатынастық, идеологиялық, саяси,
альтуристтік).
Жеке маңыздылық үлгілі-тұлға үшін үлгі мөлшерлі-тұлға үшін
бойынша мұрат таңдаулы- жоғары сатыдағы әлеуметтік
жағымды, қауымдастық-әлеуметтік іріткі
әлеуметке қарсы-қылмыстық топтар.
Әлеуметтік
маңыздылығы бойынша

2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ӨМІРЛІК ДАЯРЛАУДА ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ.

Жарық дүниеге жас нәресте, ұрпақ сабақтастығын жалғастырар жаңа адам
келді. Оның қандай азамат болып қалыптасатындығы көбіне-көп отбасында — ата-
анасының, аға-апасының, ағайын-туғандарының тағылымына, оқитын мектебінде
оқытатын ұстаздарының тәлім-тәрбие-
сіне, аулада — аға буын өкілдерінің, көрші-қолаңның, құрбы-құрдастарының
өнегелі үлгісіне, бір сөзбен айтқанда, қоршаған нақты әлеуметтік ортасының
ықпалына байланысты. Қоршаған ортаның — қоғамдық болмыстың, нақты
әлеуметтік ортаның, отбасының, мектептің, ауланың, қала берді, тіпті,
балалардың өз ортасында бір нәрсеге қызығушылық нәтижетінде пайда болатын
ресми емес, уақытша топтардың, ересек адамдардың ықпалынсыз жас баланың
адам ретінде қалыптасуы, бойына адамзат қауым досты-
ғына тән сапалық белгілер мен қасиеттерді сіңіруі екіта-
лай.
Ал адамзат баласына тән адамдық қадір-қасиеттер мен тұрмыс қаракетінің
тауқыметін өз бойына сіңірмейінше, жас баланың қоғамдық өмірге бейімделуі,
сіңісіп кетуі қиын, оның хайуандардан, жан-жануарлардан айырмашылығы
шамалы. Мысалы, кездейсоқ бір себептермен кішкентай балаларды жыртқыш
аңдардың алып кетіп, ондаған жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып
қойған фактілеріп жұртшылық жақсы біледі. Елуден астам мәлім болған мұндай
жайлардың барлығында дерлік балалар адам қалпынан айырылып қалған. Олардың
бойында төрт аяқтап еңбектеп жүгіріп, өзін асырап өсірген хайуандардың
барлық қимылдарына еліктеудөн басқа ешбір қабілет болмаған. Кейін олардың
қолға түскендерін адам бейнесі-ле келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен тік жүруді
үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже
бөрмеген. Демек, өмірге жаңадан келген әрбір жас нәрестенің, жаңа адамның
пісіп-жетіліп, аяқтануы, өсіп-өніп, ер жетіп, есеюі барысында оның бойына
адамзат қауымдастығына тән сапалық белгілер мен қасиеттерді сіңдіріп,
қоғамдық өмірге даярлап, қосу — оны қоршаған нақты әлеуметтік ортасының —
белгілі бір мемлекеттік құрлыстың, ондағы қалыптасқан қоғамдық-өндірістік
қарым-қатынастар мен байланыстардың көрінісі тәріздес әлеуметтік
институттарының — отбасының, мектептің, көпшілік ақпарат құралдарының т. с.
с. тәлім-тәрбиелік ықпалына, сондай-ақ, аға буын өкілдерінің үлгі-өнегелік
тағылымына тікелей қатысты.
Бұл процесс ғылым тілінде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесі деп
аталады. Әрине, өмірге жаңадан қадам басқан жас баланы әлеуметтендіріп,
қоғамдық өмірге даярлау оған сырттай еріксіз таңылатын тәлім-тәрбиелік іс-
шаралардың жәй жиынтығы емес, керісінше, тәрбиешінің де, тәрбиеленушінің де
белсенді іс-әрекетін қажетсінетін күрделі процесс. Ол тәрбиешіден пісіп-
жетіліп, өсіп-өніп келе жатқан әрбір жас баланың өзіндік және жас
ерекшеліктерін есепке ала отырып, белгілі бір жағдайларда керекті нәтиже
беретін тәлім-тәрбиелік әдістер мен тәсілдерді таңдай және қолдана білуін
қатаң талап етеді. Ал тәрбиеленушіден өзінің қабылдау мүмкіндіктерін дұрыс
әрі орынды пайдалана отырып, қоғамда қабылданған адамгершілік пен мінез-
құлық нормаларын, құндылықтар мен білімдерді ықтиаттықпен меңгеруді, өзінің
іс-қимылы мен мінез-құлқын қоғам талабына лайықтап, үнемі дұрыс жолға
салып, өзгертіп отыруды талап етеді. Соның арқасында оның бойында өз мінез-
құлқын, әрекетін басқа адамдардың сондай қылықтарымен салыстыра отырып
бағалау, сөйтіп өзінің кім екендігін түсіну, қоғамнан өз орнын табуға
ұмтылушылық сезімдері, бір сөзбеп айтқанда, өзін-өзі танып білу қабілеті
жетіледі.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғаш рет субъективтік
тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде, атап
айтқанда, австриялық психолог 3. Фрейдтің психикалық анализі және осы
ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда
болған антропологиялық, мәдениет теориясын дамытушылардың еңбектерінде
аталып, жас өспірімдердің психикалық, және жыныстық тұрғыдан пісіп-жетілуі
оларды әлеуметтендірудің қайнар көзі ретінде қарастырылды.
Академик И. С. Кон өзінің Бала және қоғам атты еңбегінде
әлеуметтендіру ұғымына берілген анықтамаға Я. Шепаньскийдің
Социологияның қарапайым ұғымдары атты кітабына сілтеме жасаған болса, ал
профессор Г. М. Андреева Әлеуметтік психология деген оқулығында
философиялық, социологиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми
әдебиетте әлеуметтендіру ұғымы туралы бір-біріне кереғар анықтамалардың
беріліп жүргендігін айта келіп, олардың бірнешеуін мысалға келтірген.
Әлеуметтендіру дегеніміз индивидтің әлеуметтік ортаға өндірулі, ... оның
әлеуметтік ықпалға бой ұсынуы, ... оны әлеуметтік қарым-қатынастар
жүйесіне қосу және т.с.с..
Кең мағынасында "әлеуметтену" (латынның sосіаlіs-қоғамдық) ұғымы
адамзат қоғамы мен жеке адамның даму процесін білдіреді. Соңғы екі он
жылдықта бұл ұғым біздің әлеумсттік-психологиялық, филисофиялық,
социологиялық әдсбиеттсрде кеңінен қолданылып келеді.
Бұл ұғымға жске адамның қальштасу процесі, оның түрлі әлеуметтік
қатынастар жүйесіне енуі, әлеуметтік тәжірибені қабылдауы, қоғаммен өзара
қарым-қатынасы; белсенділік дәрежесінің артуы кіреді.
Кейбір авторлар "әлеуметтенуді" антрогенез заңдылығы деп қарайды,
сонымен қатар табиғаттың "әлсуметгенуі" туралы да айтады. "Әлеуметтену"
ұғымының ғылыми маңыздылығын теріске шығарып, "жеке адамның" қоғам
дайындаған бслгілі бір әлеумсттік рольдерді қабылдауы немесе "адамдардың
әлеумсттік ортаға пассивті түрде бейімделуі" деп түсіндіретін көзқарастар
да бар.
"Жеке адам мәнінің қоғамдық қатынастардың жиынтығынан" тұратындығы
туралы айтқан Маркстің ойлары да "әлеуметтену" ұғымының мәнін түсінуге
толық мүмкіндік береді.
Т.Парсонстың және 40-60 жылдардағы американдық
социологтардың теорияларыада "әлеуметтену" жеке адамның сол өмір
сүріп отырған қоғамдағы әдет-ғұрыптарды, ережелерді,
құндылықтарды игеру арқылы ортаға бейімделуі, яғни әлеуметтік бейімделу
процесі деп атайды. Парсонс "әлеуметтенуді" жеке адамның әлеуметтік
тәжірибені жинақтауға және рольді күту жағдайы деп көрсетеді. Оның
көзқарасы бойынша, жеке адам басқалармсн аралас барысында жалпы
құндылықтарды өзіне қабылдайды, осының нәтижесіндс жалпылық
маңызы бар ережелерге еліктеу оның қажеттілігіне айналады.
И.Кон: "Нақты жске адам әлеуметтік тәжірибені
қабылдау барысында әлеуметтендіріледі"' — деп түсіндіреді.
ГВ. Осипов әлеуметтенуді жеке адамнъщ әлеуметтік ережелер мен
құндылықтарды қабылдауы арқылы қоғамға, түрлі әлеуметтік көпшілікке (топ,
әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым) араласу процесі дей отырып, осы
процесс негізінде жеке адамның әлеуметтік маңызды тұлғасы қалыптасатындығын
дәлелдейді.
Әлеуметтік жеке адамның дайын әлеуметтік үлгілерді механикалық түрде
игеруін ғана білдірмейді. Жеке адам әлеуметтену объектісі ғана емес,
сонымен қатар қоғамдық белсенділікгің субьсктісі дс бола алады. Жеке
адамның әлеуметтену процесі екі сатыны қамтиды: І.әлеуметтік бейімделу 2.
интериоризация
Біріншісі, жеке адамньщ әлеумсттік институттарға, әлеуметтік
ережелерге, талаптарға, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделу
процесін біддірсді.
Екінші саты, интериоризация - бұл әлеуметтік құндылықтар мен
ережелердің жеке адамның ішкі дүниесіне ену процесі.
Сыртқы ортадағы құндылықтардың ішкі "менге" әрбір нақты жеке адамның
тәжірибелері негізінде қалыптасқан ерекшеліктеріне байланысты болады.
Әлеуметтік жүйе мен жеке адамның өзара байланысы барысында белгілі бір
механизмдердің көмегі арқылы, жеке адам әлеуметтік жүйе тарапынан өзгеріске
ұшырайды және керісінше жеке адамның әрекеті арқылы әлеуметтік жүйе де
өзгереді. Алдыңғысын, жеке адамның әлеуметтену механизмі, ал соңғысын
әлеуметтік жүйенің әлеуметтену механизмі деп айтуға болады.
"Әлеуметтену" мен "жеке адамның дамуы адамның бүкіл өмірін қамтиды
деген көзқарасты жақтай отырып, бұл екі ұғымды теңдестіріп қарауға
болмайтындығын ескереміз. "Әлеуметтену" ұғымы "жеке адамның дамуымен"
салыстырғанда неғұрлым нақтырақ больш есептелінеді. Өйткені, әлеуметтену
адамда әлеуметтік жүйенің тарихи түріне сай салалардың, қасиеттердің
қалыптасуына мүмкіндік береді.
Әлеуметтену - жеке адамның дамуында жағымды ғана емес,
сонымен қатар жағымсыз факторлардың да қалыптасуына мүмкіндік беретін
(стихиялық процестерді де қамтитын) қарама-қайшылықты процесс.
Әлеуметтену адамды мақсатты түрде тәрбиелеу жүйесі арқылы да, стихиялық
түрде әсер ету арқылы да жүзеге асырылады. Тәрбие-әлеуметтенудің негізгі
бастапқы құралы. Тәрбиелеу процесі барысында өткен ұрпақтардың жинақтаған
тәжірибелері, мәдени құндылықтары, білімдері жеткізіледі. Жеке адамның
әлеуметтену процесі негізгі үш салада жүреді; іс-әрекет, қарым-қатынас,
өзін-өзі сезіну.
1с-әрекеттер жүйесінде, жеке адамның атқаратын іс-әрекет түрлершің
кеңейтілуі және ең негізгісінің бөлініп алынуы жүзегс асырылады. Қарым-
қатынас жүйесіне адамның араласу ортасының кеңеюі, мағынасының байытылуы,
басқа адамдарды тереңнен тани қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуы
кіреді.
Өзін-өзі сезіну арқылы адам өзінің әлеуметтік орнын, ролі сезінеді
және өзін-өзі бағалауы нәтижесіндс ішкі "мен" қалыптасады. Әлеуметтену
процесінде үш кезеңді бөліп көрсетуге болады:
-еңбек етуге дейінгі кезең (адамның еңбек етуге қатыспай тұрғандап кезеңі,
балалық шағы жәнс оқу кезсңі);
-еңбекке араласу кезеңі (адамның еңбекке тікелей белсенді түрде араласу
кезеңі);
-еңбекке араласа алмайтын кезеңі (негізінен пенсиядағы кезі).
Әрине, пенсия жасындағылардың көпшілігі біздің елімізде
белсенділіктерін сақтап қана қоймай, әлеуметгік тәжірибсні беруге де зор
үлес қосып жүр.
Әрбір кезеңде белгілі бір әлеуметтік институттар: семья, мектепке
дейінгі мекемелер, мектеп еңбек коллективтері, деформальдық ұйымдар, топтар
қызмет стеді.
Т.Парсонс жеке адамның мотивациялық бағытын қальштастыратын негізгі,
алғашқы ұйым - семья деп есептейді.
Жеке адамның әлеуметтік өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар
ретінде, бірінші кезекте объективті алғы шарттарды (экономикалық), сонымен
қатар оның өзіне тән ерекшеліктерін және әлеуметтік жүйемен өзара қарыс-
қатынасының өзгешеліктерін айтуға болады.
Жеке адамды қалыптастыратын "әлеуметтік орта", немесе "әлеуметтік
кеңістік" және әлеуметтік жүйе ретіндс әлеуметтік көпшілікті атап көрсетуге
болады.
"Әлеуметтену" процесінің ойдағыдай жүзеге асырылуы "топтық"
құндылықтар мен талаптардың жеке адамның ішкі дүниесіне енуіне, оның басқа
адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетіне және топтық талаптарының
қайшылықты дәрежеде қабылданғанына байланысты.
Жеке адамның әлеуметтік дамуы барысында скі бағыт айқындалады:
жалпылық (типизация) жәнсе жекелік (индивндуализация).
Жалпылық (типизация) бағыт - бұл жеке адамда барлық әлеуметтік топтар
мен көпшіліктерге тән ортақ мінез-құлық үлгілсрінің қальштастырылуы.
Жекелік (индивидуализация) бағыт - бұл жеке адамның өзіне ғана тән
мінез-құлық үлгілерінің өмірлік тәжірибенің құндылықтар жүйесінің
қалыптасуы. Жекелену процесі жеке адамның қайталанбайтьш өзіне ғана тән
ерекшелігінің, оның, өзіндік "менінің" қалъштасуы.
Әлеуметтену процесі адамның дамуының бүкіл кезеңдерін қамтиды. Сонымен
бірге, оның неғұрлым интенсивті жүретін кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бұл
жеке адамның қоғамдық көзқарастарының қалыптасу кезеңі, яғни жастық шағы.
Сондықтан да жастардың жан-
жақты әлеуметтенуіне көп көңіл бөлген дұрыс. Жастарға қоғамдық саяси
өмірге, басқару істеріне белсенді қатыстырып, оларға көп сенім артқан жөн.
Әлеуметтендірудің негізгі көрсеткіші ретінде әлеуметтік статусқа,
азаматтық және кәсіптік жағдайға өзіндік жауапкершілікпен кызметі
атқаруын айтуға болады. Әлеуметтенудің негізінде қоғамның белсенді
араласатын қабілетті, жан-жақты дамыған жеке адамын қалыптастыру міндеті
тұр.

2.1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ.,
Қазіргі кезеңде әлеуметтендіру ұғымы философиялық, педагогикалық,
психологиялық жұмыстарда кеңінен қолданылып жүр. Баланың жеке тұлғасын
әлеуметтендірудің педагогикалық аспектісін жеке қарамай, басқа
аспектілермен байланыста қарастырып зерттейді.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді екі фазага бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі - әлеуметтік бейімделу, яғни жеке тұлганың өмір сүретін
ортасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға, әлеуметтік нормаларға,
әлеуметтік институттар, топтарға, әлеуметтік ұйымдар сияқты әр түрлі
деңгейде құрылган қоғамға бейімделуі.
Екінішсі — адамның жан-дүниесіне әлеуметтік нормалар мен құндылықтар-ды
енгізу үрдісі. Сыртқы ортадағы нормалар мен құндылықтар т.б. компо-ненттер
жеке тұлғаның ішкі жан-дүниесіне тәжірибенің жетілу нәтижесінде ауысады.
Жеке тұлга әлеуметтік ортаға өз бетінше өмір сүре алатын тұлға ретінде
енеді.
Философтар әлеуметтендіру мәселесін әлеуметтік қатынастарды дамытумен
байланыстырса, ал психологтар жеке тұлғаны дамыту тұрғысынан қарастырады.
"Қоғамбала" қатынасы ерекше рөлге ие бола отырып, әр түрлі қатынастарда
түрі жағынан ұқсаамайтын басты екі қатынасты ажыратып қарауға болады.
Біріншісі - баланың өзін қоғамда бағалауы, екіншісі -қоғаммен ара қатынасын
белгілеу, қоғамға бейімделуі.
Р.С.Немов әлеуметтендіруді "жеке тұлғаның қоғамдық тәжірибені үнемі
белсенді түрде меңгеру үрдіс нәтижесінде жеке тұлға болып қалыптасып,
адамдар арасында өмірге қажетті білім, әдет, дағдыларды, шеберліктерді
меңгеріп, оны белгілі бір міндеттерді шешу барысында қолданылуы" деп
түсіндіреді.
И.С.Кон болса "әлеуметтендіру үрдісін жеке тұлғаны қалыптастырумен
емес, жеке тұлғаның алған әлеуметтік бағытына, оның әлеуметтік құрылымдағы
ерекше алатын орнына байланысты" деп есептейді.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді педагогикалық тұрғыдан қарастырған
атақты педагог В.А.Сухомлинский "Ұжымды тәрбиелеу әдісі" еңбегінде:
"Әлеуметтендіру үрдісі ұжымның тәрбиелік күшін жетілдірудің ең ма-ңыздысы
екенін педагогикалық әдебиеттерден жиі оқуымызға болады.
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің педагогикалық аспектілеріне көп көңіл
бөліп жүргендер қатарына АА.Бодалев, Л.И.Новикова, А.В.Мудрик,
В.А.Караковскийлерді жатқызуға болады. А.В.Мудрик әлеуметтендіруте былайша
анықтама береді: "Әлеуметтендіру екі жақты үрдіс. Бір жағынан жеке тұлға
өзі мүшесі болып саналатын әлеуметтік топ пен қоғамның әлеуметтік
тәжірибесін, құндылығын, нормаларын меңгерсе, екінші жағьшан, әлеуметтік
тәжірибе мен әлеуметтік байланыс жүйесін белсенді меңгереді".
Тәрбие-әлеуметтік үрдістің бір бөлігі ретінде даму үрдісін практикалық
іс-әрекетте, ойынға енгізу негізінде мақсатты басқарады. Әлеуметгік
шығармашылыққа баланың өзін жеке тұлға екенін сезіндіретін түрлі іс-
әрекеттер арқылы жағдай жасау өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайда
қабілеті мен қызығушылығын дамытуға қажет. Сонымен қоғам мен жеке тұлға
қызығушылығының үндестігін қамтамасыз ету керек. Яғни әлеуметтендірудің
педагогикалық аспектісі - жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан жетілдірудің
тиімділігін көтеру мақсатындағы педагогикалық ықпалын қарастырады. Бұл
тұрғыдан Т.Н.Мальковскаяның зерттеулерін айтуға болады. Ол әлеуметтендіруді
жас ұрпақты өмірге дайындау дей отырып, жеке тұлғаның әлеуметтенуі қоршаған
орта мен адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесі сияқты маңызды
факгорлардың ықпалымен жүреді.
Баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталған педагогикалық
жұмыстың негізгі мақсаты қандай? Біздің пікірімізше, балалар ұйымының
жұмысында әлеуметтік жұмысқа дайындау. Осы мақсаттан шығатыны балалар ұйымы
жұмысында баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру ерекшелігін айқындауға
болады:
1. Мемлекеттік әлеуметтік институттар мен балалар ұйымдарының ара
қатынасы балаларды болашақтағы әлеуметгік қатынастарға бағыт сілтейді.
2. Баланың жеке тұлғалық ерекшелігі, қызығушылығы мен
қажеттіліктерін есепке ала отырып, олардың әлеуметтік қатынастарға өз
еркімен қатынасуы әлеуметтендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
3. Ұйымда балалардың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі олардың
үлкендермен қарым-қатынасы мен олардың бағалауын есепке ала отырып жүзеге
асырылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, балалар ұйымының өзіндік әлеуметтік
орны болуы керек. Ұйымның болашақ мақсаты - өз мүмкіндіктерінің жалғасын
таба білуі, балалар қызығушылығымен жұмыс жасау. Ұйым мақсатын екі
аспектіде қарастыруға болады. Біріншісі — ұйымға мүше болған балалардың өз
алдына мақсат қоя білуі, екіншісі — балалар үшін ұйымды құрған үлкендердің
тәрбиелік мақсат қоюы. Бірінші аспект туралы сөз қозғағаңда ұйымға
балалардың ерікті түрде бірігіп, өз қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін
қызықты өмірді жоспарлағанда ғана мүмкін болатындығын атап көрсетуге
болады. Ең маңыздысы ұйым олардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік маңызын
көтеріп, есеюіне мүмкіндік береді.
Атақты психолог Л.С.Выготский: "...балалар мен жасөспірімдердің
көбінесе мақсатты дұрыс қоя алмайтындығын жиі кездестіреміз. Балалардың
белгілі бір істе нәтижеге қол жете алмауы қолынан келмегендіктен емес,
қайта не үшін жасау керектігінің өмірлік маңызын түсінбегендігінен болады".
Балалар ұйымы ұзақ жылдар бойы жеке тұлғаның үндесіп (гармониялық)
дамуы мақсатын қойып, оған қол жеткізе алмады. Кез-келген жұмыстың мақсаты
тек оның бағыты болып қана қоймай, практикалық тұрғыдан нәтижеге жету
мүмкіндігіне ие болуы керек. Жұмыстың мақсатын осы тұрғыдан қарастыра
отырып, өмірде адамның негізгі әлеуметгік іс-әрекетіне сай келетін ең
бастыларын ажыратып қарауға болады. Мұндағы сөз болып отырған мәселе ұйым
өз мүшелерін:

дамыған экономикалық қатынастарға;
демократиялық мәдениет негізінде саяси қатынастарға;
рухани ортаға қатынасына дайындау.
Мұның бәрі ұйым жұмысында балалар түсінігіне сай келуі тиіс. Тәрбие
мақсатын жүзеге асыруда әлеуметтік жұмыстарды біліп, орындап қана қоймай,
балалардың әр түрлі қызығушылықтарын қанағаттандырып, ең негізгісі
мүшелерін әлеуметтік қатынастарға тартуы қажет. Айтылған мақсаттарды жүзеге
асыру нәтижесінде ұйым мүшелері қоғамдағы әлеуметтік әр түрлі жұмыстарды
орындауға дайын болады. Осы мақсаттар ұйымның міндетін жаңаша қоюға
мүмкіндік береді:
- саяси, экономикалық, рухани салада әлеуметтік іскерлігін жетілдіру;
әлеуметтік жұмыстарды орындауға ынталы болуы;
жеке тұлганың қызығушылыгын қанағаттандыруда шығармашылық қабілетін ашуға
жағдай жасау;
ұйымда балалардың танымын қолдап, өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндік беру.
Ұйымда жеке тұлғаны әлеуметтендіру негізі мен оған қойылатын талаптарды
айқындауға болады:
1. Балалар өмірі мен іс-әрекетін жалпы адамзаттық әлеуметтік
құндылықтармен үндесіп ұйымдастырлуы:
- балалардың ойлау мен мәдениетін дамыту;
басқа адамдарды құрметтеу, олардың кәсібіне, еңбегінің нәтижесіне, қоғамдық
өндірісте алатын орнына қарай жеккөрушілік пен қорлаушылықты болдырмау;
- балалар жалпы адамзаттық құндылықтарды жүзеге асыру мақсатында
әлеуметтік тәжірибені үзіліссіз, үнемі байытып отыру;
2. Ұйымда балалардың өз бетінше даму негізі:
- жеке өз бетінше дамуының мақсаты мен маңызын мойындау;
- әрбір балада өзіндік "Менін" сезінуі;
олардың айналысатын жұмысының болашағының болуы;
аралық, ақырғы нәтижелерді көре білуі;
қандай да болмасын жұмысқа балалардың ерікті түрде қатынасуы;
мақсаты түсінікті, шамаға лайық болуы;
балалардың дамуындағы жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу;
3. Әлеуметтік маңызды жұмыстарға балаларды тарту негізі:
балалар тартылған әлеуметтік қатынастар деңгейі олардың жас, жеке
ерекшеліктері мен мүмкіңдікгеріне сай болуы;
белгілі бір жұмыстарға тартуға мүмкіндіктер туғызу, жұмыстың түрі мен
мазмұнын таңдауын қамтамасыз етіп, оларды жүзеге асыру құралдарын еркін
тандауы;
балалардың күнделікті практикалық жұмыста әлеуметтік ортамен байланысын
қамтамасыз ету;
дүниеге көзқарасы, діни сенімі, басқа қоғамдық саяси ұйымдар мен
қозғалыстарға қатынасуы конституциялық нормаларға қайшы келмейтіндей
ерікті түрде қамтамасыз ету;
ұйымда іс-әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысып отыруға жағдай жасау;
4. Балалардың өзін-өзі басқаруы мен педагогикалық басқару арасындағы
өзара байланыс негіздері:
- Әлеуметтік тәжірибенің берілуі, оларды балалардың меңгеруін отбасы
мен ұжымда балалар мен үлкендердің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асыруға
жағдай жасау;
іс-әрекетті тандауды, мақсатқа жету әдістері мен құралдарын ұсыну;
балалар қызығушылығын жүзеге асыруға жағдай жасау.

2. 2. ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУШІЛІК РӨЛІ ТУРАЛЫ
Өскелең ұрпақты қоғамның әр түрлі жағдайларына бағыттап тәрбиелеу-
қазіргі уақытта басты мақсаттардың бірі. Тәрбие көп факторлы процесс дейтін
болсақ, оны жүзегс асыруда өр түрлі әлеуметтендіру институттары өз
үлестерін қосатыны белгілі.
Өскелең ұрпақтың өмірі қоғаммен өзара тығыз байланысты.
дейтін болсақ, олардың қазіргі даму жағдайына тез бейімделуі заңды
құбылыс. Бұрын балалар мамандық тандау мәселесін алдына қойғанда,
көбінесс мұғалім, дәрігер, ауыл шаруашылығы маманы болуды
армандайтынын айтар еді. Ал қазір болса балалар өмірдің күрт өзгерісіне
жылдам бейімделіп алған, нақты кім болатынын ертерек болжайды. Кейінгі
жылдары мектеп бітірушілердің көпшігілігі (жаппай деуге болады)
заңгерлік және қаржы саласының маманы болуды таң-дайтынын статистика
көрсетіп отыр. 2001 жылы талапкер санатына құжат тапсырғандар бойынша
заңгерлікке 1 орынға 500 адамнан келгені бұның айқын дәлелі.
Осыдан келіп бізде қоғамның дамуына тек заңгерлер ғана керек болғаны ма
деген заңды сауал туындайды. Бұл көрсеткіш әлі де ата-аналардыц,
тәрбиелеуші мекемелердің жасөсірімдерге дұрыс бағыт бере алмай отырғанығын
көрсетеді. Әрине, уақыт талаптарына сай болашаққа жоспар жасау, мамандық
таңдау, мұның бәрі орынды әрекет. Бірақ бағыт пен нұсқаудың дұрыс болғаны
да жөн емес пе. Кейбір ата-аналар балаларыньң болашақта заңгер болуын
өздері қалағандықтан, оларды соған мәжбүрлейтіндері де кездеседі. Баланың
сол мамандыққа ерекше қызығушылығы болмаған күннің өзінде ата-анасының
айтқанынан шықпаған бала болашақта өзі ұнатпаған мамандықтың иесі болып
шыға келеді. Бұдан келіп өз ісіне енжар, құлықсыз маман пайда болады. Ал
мұның өзі көп жағдайда баланы коғамның бір беделді мүшесі ретінде өмірге
икемдеу керектігі үнемі айтыльш жүр. Мысалы, бала тәрбиесінде
халықтық тәрбиенің рөлін бұрыннан насихаттап жүрген көрнекті ақын Мұзафар
Әлімбаев бұл тұрғысында былай дейді: "Ұядай ғана үйде өскен ұлан бүкіл
әлемге жол тартады. Жол бастауы-отбасы. Ұзақ өмір кітабының әліпппесі-
отбасы тәрбиесі. Түлек тас қиядағы ұясьна ғұмыр бақи қалай байланып
қалмаса, аспан астындағы асқар биіктерді қалай шарласа, жас жеткіншек те
құжырасының тар босағасымен шектелмесін. кеңістікке шықсын, өзін әлемнің
иесі, ез еркінің әміршісі сезінсін. Халықтьң көкейндегі түпкі тілегі осы
болса керск. Асылында, халықтың көкейіндегі ақыл парасатынан терең, оныц
арман аңсауынан биік не бар екен! Бұл ойды таратып айтатын болсақ, баланың
болашағын ата-ана ерте бастан ойлап, оның сол ұяда мәңгілік бала күйінде
қала бермейтінін, ертең-ақ ер жетіп азаматтық өмірі басталатын үнемі естен
шығармауы керек. Баланың болашақта азамат ретінде сол өзі емір сүріп
отырған қоғамға беделді мүше больш араласьш кетуіне дұрыс бағыт-бағдар
көрсететіп ең алдымен ата-анасы. Дұрыс азамат тәрбиелесе арқылы ата-ана
қоғамның дамуына өзінің қомақты үлесін қосатыны анық. Ақын еңбегін халықтық
қағидаға сәйкес қорьпъшдылайтьш болсақ төмендегіше болып шығады: "Ұл-қызың
мұрагерің,, ертеңгі ізбасарың, өлмес ескерткішің, жалғанда жасар жалғасың".
Яғни, әрбір ата-ана баланы өмірге дұрыс бейімдеу арқылы олардың болашағына
деген сенімді көзқарасты қалыптастыратынын көрсетеді.
Әлеуметтік институттар (ата-ана, мектеп, орта т.б.) дер кезінде дұрыс
бағдар бере алғанда ғана бала жастайынан бұл өмірден өзіне керекті, қоғамға
өзінің не бере алатынын нақты ажырата алады деуге болады. Ал олардың осы
бағыттан таймай, қоғамға неғұрлым пайда тигізуге талпынатыны басқа
әлеуметтік институттармен бірлесе жұмыс атқаратын ата-аналардың ғана
қольшда. Соньң бірі-жалпы білім беретін мектеп. Мектептің балаларды алдына
жасөспірімдерге тиянақты білім, жан-жақты тәрбие беруді, соның нәтижесінде
әрбір оқушының қабілетіне, бейімділігіне қарай бағыт-бағдар көрсетуді, бір
сөзбен айтқанда өмірге жолдама беруді мақсат етіп қойды. Оны жүзеге асыру
үшін үлкен жұмыстар жүргізіледі де. Отбасының баланы әлеуметтендіруге
арналган шаралары жалпы білім беретін мектептің мүмкіндіктерімен ұштасқан
жағдайда ғана тиісті нәтижесін көруге болады. Қысқасы, әлеуметтендіру бағ-
ытында отбасы рөлінің орны ерекше екендігін аңғаруға болады.

2.3. ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Тұлға - әлеуметтік-демографиялық топ, өйткені олар әлеуметтік
қалыптасу кезеңімен жетілуді бастарынан өткізеді, болашақта қиын және
күрделі өзгерістер арқылы үлкендер әлеміне бейімделеді.
Әлеуметтену дегеніміз - жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі: адам өмірден,
ең алдымен, әлеуметтік және психологиялық білім мен тәжірибе алады,
әдептілік ережелерін, үлгілерін меңгереді, моралдік нормалар мен
құндылықтарды қабылдайды. Тұлға ерекше қасиеттерімен өз алдына әлеуметтік-
демографиялық топ ретінде танылады.
Қазіргі нарықтық қарым-қатынастар білім және еңбек салаларындағы
әлеуметтік қорғау мәселелерін күшейте түсті. Көбінесе, жас мамандар
жұмыссыз жүр. Қазақстанда 1996 жылдың басында 30 жастан асқан
жұмыссыздардың саны (ресми мәліметтер бойынша) 3,2% пайызды құраса, барлық
жұмыссыздардың санының 38 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар. Жақсы жалақылы
жұмысқа орналасу жас мамандардың ең басты мәселесіне айналуда. Нарыққа көшу
адамдардың экономикалық белсенділігі мен ынтасын жаңарту, жас ұрпақтың
жаңаша өмір сүруіне, қызмет етуіне жағдай жасайды.
Біріншіден, жеке тұлғасы жұмысқа деген көзқарасын зерттегенде олардың
жұмыс орындарындағы адамдардың қарым-қатынастары мен қызметкерлердің
жағдайының жақсы болғанын қалайтыны байқалады. Екіншіден, адамның қызметіне
тұрақтылығы мен өзінің қабілеттілігін көрсете білуі қажет. Қызметін
жоғарылату мен қызметтегі мансапқа жету - үшінші орында түр. Тұлға
арасындағы ерекше үрейлі ойларға мыналар жатады:
* дамыған елдерге қараганда білім деңгейінің төмендігі;
* жалпы және кәсіби-техникалық білім мәртебесініңтөменболуы;
білім деңгейі өте төмен, сонымен қатар білімін жалғастырудан бас тартқан
жастар санының көбеюі;
көптеген білім буындарының тұтынушылар талабын есепке алмай,
мамандарды "толассыз әдіспен" даярлау;
жоғары кәсіби және орта мектептер кадрларының жаңаша жұмыс істеуге дайын
еместігі;
әлеуметтік база материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілмегендігі
және оның барлық нормативтік үлгілер деңгейінің артта қалуы;
Қазақстан ғылымының болашағы - аспиранттыц корпусты интеллектуалды
деңгейінің төмендеуі; қоғам алдындагы шындық: жастар арасындағы
қылмыстың күшеюі, т.т.
Енді осы мәселеге аз-кем назар аударып көрелік.
Қазақстан халқының жас ұрпағы ата-бабаларымыздан қалған мұра -әдептілік
ережелері мен оның нормалары жойылған кезде тап болды. Мұндай әлеуметтік-
психологиялық кезеңде жастардың өмірге деген бейімділігі қалай дамысын.
Ендеше бүгін таңда жастарға өзіндік ерекшелік пен тиімді әрі таза стиль
керек. Олай дейтініміз, қазіргі әлеуметтік жағдай жастарға өздерінің
болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктейді, мінез-құлқын дербес бақылауды
талап етеді. Бірақ, жастардың қазіргі қиын жағдайда оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру түрлері
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Жеке адам әлеуметтануы
Саяси білімді меңгеру Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру факторы ретінде
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау
Пәндер