Ел мәртебесі тәуелсіздік туын тұңғыш көтерген желтоқсан


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4-7.

I тарау. 1970-1980 жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай.

1. 1 1970-1980 жылдарындағы Респупликадағы қоғамдық-саяси жағдай . . . 8-14.

1. 2 Желтоқсан көтерілісі: себебі, барысы, салдары . . . 15-17.

ІІ тарау. Ел мәртебесі тәуелсіздік туын тұңғыш көтерген желтоқсан.

2. 1 Желтоқсан ұллтық рух жаңғырығы . . . 18-41.

2. 2 Желтоқсан көтерілісі және ұлт зиялылары . . . 42-58.

Қорытынды . . . 59-61

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі . . . 62.

Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі.

Біз желтоқсан оқиғасы аяқ астынан болды деген пікір айтамыз. Шын мәнінде солай ма? Үш күннің ішінде тарих бетіне оқиғаны қаттау мүмкін емес. Өйткені бұл әріден басталады. Ал желтоқсандағы жастардың ерлігі соның әбден пісіліп жетілгені. Еліміздің ХХ ғасырда жүріп өткен жолы қандай азапты, күрделі болса, бұл процесті зерттеуші мамандардың ой елегінен өткізіп, ғылыми тарих есебінде оқулықтар арқылы оқырманға жеткізу де сондай ауыр жүрді. Дегенмен, желтоқсан оқиғасы зерттелу деңгейі әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Себебін былай түсіндіруге болады. Қанша жыл желтоқсан оқиғасын зерттелгенімен, әр жыл сайын жаңа материалдар пайда болып жатыр. Мысал келтірсек 1986, 1991 жылға дейін яғни тәуелсіздік алғанша дейін, осы желтоқсан оқиғасы орыстарға қарсы деп қарастарылды. Өйткені алаңға қазақ жастары ғана жиналды деген мәліметтер таратылды. Тек егемен ел тізгінін қолға ұстап, еліміздің мемлекеттік тәуелсіздік алуына байланысты өткен тарихымызды еркін қорытып, одан обьективті теориялық тұжырымдар жасайтын, тыйым салынған ақиқатты бүкпесіз айтатын, оған баға беретін уақыт жетті. Тақырыпты зерттеу кезінде көзім жеткені осы күнге дейін желтоқсанға қатысқан көптеген адамдардың қудалауда болып, бертінге шейін желтоқсан ызғарының тауқыметін тартуда. Еліміз егеменді алып, тарихтың ақтандақ беттері біршама ашылып желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдар туралы ойлар да, басқаша өрбіп жаңа деректермен толысқан тарих көздері ақиқат сырларын ашты, дегенмен желтоқсан оқиғасына сын көзбен қарайтындар әлі де баршылық. [1]

Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылы желтоқсан туралы шындық мерзімінді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған колбинизм заманынының өзін де ақ «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп баспасөз бетінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын жазушыларын есімін бүгін де бүкіл әлем таниды. Тіпті шындықты айтамыз деген шырылдаған қаламгерлеріміздің кейбіреуі прокуратура бөлмелерінде сарылып жауапта отырған күндері де болды. Сөйтсе де әділдік қашанда жеңбек. 21-ші ақпан күні Республика Жоғарғы сотының пленумы болып өтіп, алты алаштың алақанына салып, ардақ тұтқан жас азаматтары Қайрат Рысқұлбеков (марқұм), Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев және басқа да желтоқсан қаһармандары толық ақталды. [2]

Кеңес дәуірінде ұлттық республикаларда халықтардың тарихы екінші орынға сырылған болатын. Ұзақ уақыт бойы ХХ ғасырдағы еліміздің тарихының мәселелері жалпы ресейлік революциялық қозғалыстармен кеңестік тарихымен бірігіп қарастырды. Сонымен бірге өлкенің әлеуметтік жағдайы оның халқының революциялық идеаландырды. Деректер қай заманда да өзгермек емес. Тек қана субьектінің, яғни адамның ойында әртүрлі айтылады, жазылады. Мәселен, бір дерек кеңес идеологисы бойынша бұрмалануы ықтимал, тіптен Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін де екі тарихшы ол туралы өз еңбектерінде әр түрлі пікірлер айтылуы мүмкін. Бұған әрине уақыт төреші. Желтоқсан оқиғасына қатысқан өз көздерімен көрген адамдардың әңгімелерін тілге тиіп кетуге болады. Яғни, мен кеңес баспасөзінде көрінген, тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған, ешкім теріске шығара алмайтын мәліметтер туралы айтатын болам.

Желтоқсаншылар шеріуі тек Колбиннің жеке басына келіп тірелген жоқ. Ол пәленбай жылдан қордаланған ашу, ыза ар - намыстың бурыққанып сыртқа тебуі. Жастарға қозғаушы үні болған да солар, яғни Москва осылай билеп төстей бере ме? Мындай ел жұрт барын көзге ілмей, ақылдаспай қашанғы бізді басына береді деген сұраққа жауап іздедім. Ал отаршыл Кремль мұны түсінгісі келмеді, сосын олардың сағын сындырып, басқаларға сабақ болу үшін әскер күшін қолданды. [3]

Желтоқсандағы тотаритарлық үкіметтің күшін көрсетті, сондағысы бейбіт шеруге шыққан жас өспірім қыз жігіттерге бақайшығына дейін қаруланған әскер жұмсап оларды ұрып соғып, итке талатты, кейбіреуін өлтірді. Желтоқсан оқиғасының алдында да кеңестік өкіметке қарсы толқулар болды. Олар Теміртауда құрылыс обьектісінде әлеуметтік жағдайдың мүшкіл жағдайы (1959) құрылысшылардың наразылық толқуына ұласты, Новочеркасскіде (1962) жұмысшылар еңбек ақысын өсіру, яғни экономикалық талап қойып, алаңға шықты. Ал Шымкенттегі көтеріліс (1967) жергілікті милицияның озбырлық іс - әрекетін тоқтатуға бағытталды, бүлікшілерге әскер күші қолданылды кісі өлімі болды. [4]

Алайда олардың бәрі де негізінен экономикалық - әлеуметтік қал жағдайға назар аудару мәселесі көтерілді. Маусым қозғалысына келсек, ақмолалықтар Сталин өлгеннен кейінгі кезеңде Қазақстанда ұжымдық сипаттағы ашықтан -ашық қарсылық акциясын өткізіп. Ұлттық мүддені қорғады, өкімет алдына алғаш рет «Таза» саяси талап қойды - саяси бюро шешімін жоюды ұсынды. Бірақ 7 жылдан кейін Алматыдағы желтоқсан оқиғасын осы көтерілісшілерін ең үлкен және қанды оқиғасы болды, одан соң Баку Тбилиси, Вильнюс қанды оқиғаларына ұласты. Осы көтерілістер туралы ақпарат құралдары түгіл, партия съездерінде, конференциялар да, әр түрлі деңгейдегі жиындарда сөз қозғалмады. Яғни қарапайым халықтан ғана емес, жоғарға лауазым шенеуліктерден де жасыруы бұған тұңғыш рет ресми пікір білдірді.

Қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында шет ел басқыншыларына олардың зорлық - зомбылығына әрдайым қарсылық көрсетіп келген. Соңғы 5 - ғасырда 300 - ден астам үрлі - ірілі ұсақты соғысты, әскери қақтығысты басынан өткізді. Кеңес өкімет тұсында коллективтендіру науқанына қарсы болған көтерілістердің өзі 380 - ге жетті. Желтоқсан оқиғасы орыс халқына қарсы бағытталған ол тотаритарлық жүйенің шешімімен келіспеген, оны қабылдамаған, мойындамаған қазақ жұртшылығының орталыққа саяси талап қойған қыр көрсетуі Алаш жастарының ата - баба өсиетін қастерлеп туған жерін тұтастығын, өскен елдің ынтымағын сақтап қалу жолындағы патриоттық Отан сүйгіштік қимыл әрекеті. [5]

Біз желтоқсан көтерілісіне дейін тарихтың қалай оқытылып келгені бүкіл идеологияның коммунистік мұраттары жүзеге асыруға бағыттарын біршама сипаттадық. Ал осы коммунистік идеология мен тарихты оқытудағы сыңар жақтылық желтоқсан көтерілісіне қалай ықпал етті?

Тағы тарихымызды саралап көрелік. Екінші дүниежүзілік соғыстағы ұлттардың біртұтастығымен патриотизмі кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру БАМ Магнитагорск ірі құрылыстардағы жастардың жалыны. Қазақстандағы тың көтеру мен өзге де ортақ игіліктерге жұмылу қазақ жастарына яғни 60- жылдары дүниеге келген жастардың бойында компартияға деген сенімді қалыптастырған еді. Ұлттар достығындағы осы сенімге селкеу түсіп, Конституция аяққа таптала бастағанда бұл жастар наразылығын тудырды. [6]

Оларды алаңға алып шыққан нәрсе, дәл осы лениндік ұлт саясатына деген

Сенімінің салдары еді. Алаңдағы жастарды В. И Ленин портретімен оның ұлт жөніндегі ұран сөздерін көтеріп жүруі олардың нағыз ұлт жанды оқыған білімді патриот екенін көрсетті. Ендеше желтоқсан көтерілісінің қозғаушы күші жастар болғаны бұл тартпас шындық және оның солай болуы заңды еді. Егер идеологияның билік басындағыларды мүддесіне орай өзгеріп отыратынын әділдікті аяққа таптайтынын білсе және өз құқықтарының қозғалмайтынын, үндерінің Мәскеудегі «Ағаларымыз» құлағына шалынбайтынын Конституция Ата заңымен саналғанымен оның қажет кезінде бұрмаланып бас көтергендерді қанға бүктіретінін сезсе, кім білсін, жастар көтерілісті басқаша ұйымдастырар ма еді. Бірақ тарих бетінде бұл қан төгіс көтеріліс арқасында бізге тәуелсіздік келді. 1986 жылдың желтоқсаны бұл жыл Қазақстан тарихына алтын әріптер мен айшықтала жазылған қасиетті жыл, қасиетті күн.

Жұмыстың зерттелу деңгейі:

1986 жылдың желтоқсаны құрбандардың өмірі мен еңбектері ұстанған саяси бағытты мақала шеңберінде ғана емес, кітаптар көлемінде толық зерттеуді қажет ететін. Үлкен тақырып екені аян. Негізгі дерек осы желтоқсан оқиғасын зерттеу кезінде кітап деп айтқым келеді. Осы күнге шейін желтосан оқиғасына қатысты толық емес бұрмаланып деректі фильм түсірілеген, яғни осы фильмді толықтыру біздің мақсатымыз Академик Қозыбаев өзінің хх ғасырдың 80 - жылдарының соңынан бастап жарияланған топтама еңбектерінде Қазастан тарихының «Ақтандық» мәселелерін жабық тақырыптарының зерттелуіне өз бағаларын алуларына күш салды. Әсіресе, ұлт - азаттық қозғалыстар кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихының шындығы Қозқыбаев зерттеулерінің басты нысандарына айналды.

Бұл тақырыпты таңдап алу себебім, желтоқсан жастарының Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі үшін күрескені, намысшыл халық екенін кейінгі жас ұрпаққа паш ету.

Жұмыстың мақсаты:

Осы жұмыстағы жазудағы мақсатым хх ғасырдағы 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ халқының өмірімен, қызметімен жастардың сөз халқына жасаған баға жетпес ерліктері мен таныстыру. Желтоқсан оқиғасын жаңа ашылған деректермен бұрыннан бар белгілі деректер негізінде жаңа теориялық - методологиляқ тұрғыдан қарастырып зерттеу. Ғылыми айналымға енген құжаттармен материалдарды қалыптасқан ой - пікірлермен тұжырымдарды пайдаланып жаңа деректермен көзқарастар негізінде желтоқсан оқиғасын тарихтағы орнын анықтау. Желтоқсан оқиғасына әділ баға беру. [7]

Жұмыстың міндеті:

Халық арасында таралған естелік әңгімелер арқылы қазақ жастарының өмірлерінің беймәлім жақтарын зерттеу. Олардың артында қалған ұрпақтармен байланыс жасау, олар арқылы аға ұрпақтың жарияланбаған мұраларын іздестіру. Зерттеу барысында бүкіл айтылған мәселелерден басқа тарихи мәселелер қозғалады.

Жұмыстың деректемелік негізі.

Мен өз жұмысында желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың еңбектерін жазып жарық көрген зерттеу еңбектеріне сүйене отырып жаздым бірақ көптеген құжаттардың жойылуына байланысты біраз еңбектерді қолдана алмадым. Жалпы бұл тақырыпта мерзімді баспасөз материалдар болып келеді. «Отан тарихы», «Қазақ тарихы», «Ақиқат», «Егемен Қазақстан», «Парасат», «Степной маяк», «Бұқпа» газеттерінің тігінділері қолданылды.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері:

Хх ғасырдың 80 - жылдардың басымен тәуелсіздік алғанша дейін қамтиды. Аталған уақыттың саяси әлеуметтік өмірінде үлкен өзгерістер толы болды. Күрделі де алуан өзгерістердің қазақ қоғамының өміріне ене бастады. .

І Тарау. 1970-1980ЖЫЛДАРЫҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ.

1. 1 1970-1980 жылдарындағы Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай.

1986 жылы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Совет өкіметі тұсында бұрын кездеспеген құдылыс. «Алматыда демонстрция», «Брежнев алаңында қаптаған жұрт», «Көшелерде сап түзеп бара жатқан жастар» деген лебіздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды. Демонстрация, алды-артымызды бағамдағанша, ес жиып, ой қорытқанша болмай, аяусыз басылды. Артынша бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерінің іс-қимылымен салыстырылып, желтоқсан қаһармандары «қазақ декабристері» аталып, бірден бірге айбыны асқақтай түсті. «Жалын атқан жастар арандап қалды-ау» деп жаңашырлық ниет-пейіл білдіргендер де болмай қалған жоқ. Бірақ, ол сөздер ашық айтылмай, «аузы күйген үріп ішедінің» кебі келіп, жасырын, үрке қарап, бір-жар адамдардың басы қосылып шүйіркелескенде, сыр шертіскенде ғана айтылып жүрді. Жалпы үрей, қорқыныш билеген жұрт сен соққандай күйде еді. Сонымен, әлқисса, дүниені дүрліктірген не болып еді.

Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған колбинизм заманының өзінде-ақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, баспасөз бетіне алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын-жазушыларының есімін бүгінде бүкіл әлем таниды. Тіпті, шындықты айтамыз деп шырылдаған қаламгерлеріміздің кейбірі прокуратура бөлмелерінде сарылып, жауапта отырған күндері де болды. Сөйтсе де, әділдік қашан да жеңбек. 21 ақпан күні Республика Жоғары сотының пленумы болып өтіп, алты алаштың алақанына салып, ардақ тұтқан жас азаматтары - Қайрат Рысқұлбеков, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев және басқа желтоқсан қаһармандары толық ақталды.

Кенестік Қазақстанда өткен жылы желтоқсан айында болған демонстрацияларға қатысқандығы үшін өлім жазасына кесілген қазақ студентіне кешірім беру жөнінде Польшаның 70 белгілі дисиденттері, ойшылдары және діни басшылары 1987 жыл 5 июль күні Кеңестер Одағы Жоғарғы Кеңесіне үндеу жолдады. «Ынтымақтың» негізін қалаушы, бейбітшілік сақтау саласындағы Нобель сыйлығының иегері Лех Валенса бас болып, үндеуге қол қойғандардың тізімінде дүниежүзілік белгілі кинорежиссер Анжей Вайда, социолог Клеменс Шанявски және католик монахы Иозеф Глемп сияқты адамдар бар.

Азаттық жолында болашақта өткізілуі мүмкін демонстрация атаулыны күнілгері тұншықтыру мақсатында өлім жазасы құбыжығын алға тартпақ кекшіл тоталитарлық механизмінің құрбандарына жаны ашып, оларға тілектестік білдірген, өкінішке орай, тек поляк жұртшылығы ғана тәрізді. Бұл студенттің қылмысы бар болса, ол тек азаттық пен егемендікке ұмтылыс қана: бірақ оның жанкешті әрекетінің сыр-сипаты батыс жартышарының азат және демократиялық қоғамына беймәлім қалған сияқты.

Алайда, тоталитарлы механизмінің адамзат атаулыға қарсы бұдан да үлкен қылмыстарына жол бермеу үшін барлық езілген адамдар тек Польшаның ғана емес Батыстың демократиялық халықтарының бәрінің де қолдауына зәру. Бұл жас студент - азаттық сөзін айтуға батылы барған неше мыңдаған аты белгісіз құрбандардың бірі. Батыс тек белгілі сот істеріне ықпал етумен шектелмей, солар арқылы қапас дүниедегі тіршілік кешіп отырған миллиондаған езілген адамдарға көмектесудің кез-келген мүмкіндігін пайдалануға тиіс.

Қазақстандағы оқиғалар, аталмыш өлім жазасы және Советтік Азиядағы езілген халықтар жөнінде кеңірек мағлұмат алмаққа Мюнхендегі Түрікелі Комитетімен жалғасуларыңызды өтінеміз.

1986 ж. 17-18-желтоқсан күндері Қазақстанда болған қазақ түркілерінің ұлттық көтерілісі туралы ағылшын тілінде екі мақала жарық көрген. «Алматы кқтерілісі» атты бірінші мақала Англияда шығатын «Энкаунтер» журналының 1987 ж. Маусымдағы санында, ал екінші мақала Нью-Йоркте шығып тұратын «Глобал афейрз» журналының 1987 ж. 11 томының 3-санында жарияланған. Екі мақаланың да авторы - С. Эндерс Уимбуш.

(Мюнхенде тұратын белгілі қазақ қайраткері, ғалым, жазушы Хасен Оралтайдың Ж. Қазақ баласы деген псевдониммен 1988 жылы Ыстамбулда түрік тілінде жарық көрген. [8]

Өзінің сан ғасырлық қайғы-қасіретке толы тарихында қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғааларды басынан кешірді. Сол тар жол, тайғақ кешулерден арып - шаршаса да, қажып - қансыраса да әрқашан қадір-қасиетін жоғалтпай, ар-намыс, абыройын төкпей шығып отырды. Соның бәрін де оған жігер қосқан, рухын көтеріп, арманың асқақтатқан халықтың еркіндікті, тәуелсіздікті аңсауы соған деген ұмтылысы, құштарлығы еді. Осы өшпес рухани қасиет әкеден балаға мирас болып әрдайым алға жетеледі.

Бірақ кешеге тоталитаризм заманыңда еркіндікті, азаттықты аңсаған, сол үшін жан аямай күрескен ата-бабаларымыздың тарихын оқып-білуге, ардақ тұтуға мұрша бермеді. Халқымыздың тарихы Ресей тарихнамасының ықпалында, коммунистік - отаршыл идеологияның темір құрсауында аяусыз бұрмаланып жазылды. Еліміздегі ұлт-азаттық қозғалысты «шаруалар көтерілісіне», «феодалдық-монархиялық қозғалысқа», «жұмысшылар көтерілісіне» бөліп, оларды бірінен-бірін қарсы қойып, оның тұтас, толық бейнесін көрсетпеді. Шын мәнінде Сырымның (1783-1797), Исатай мен Махамбеттің (1836-1838), Кенесарының (1837-1847), Есеттің (1855-1858), Жанқожаның (1856-1857), Досанның (1870-1874) және басқалардың басқаруымен болған көтерілістер бір жерде басылса, екінші жерде бұрқ етіп тұтанып, бүкіл қазақ елін тұтасымен қамтып, біріне-бірі жалғасып, ұласып жатқан өзіннің негізгі мақсат-мүддесі, логикасы мен заңдылығы бар үлкен тасқын, тарихи құбылыс болды. Екіншіден, Кеңес Одағы отаршыл ел болған жоқ, сондықтан онда ұлт-азаттық қозғалыс болмады деген тұжырымдама қалыптасты. Ұжымдастыру (коллективтендіру) тұсындағы және басқа күресті бай - феодалдардың, буржуазиялық ұлтшылдардың бүлігі деп түсіндіреді. Одан кейін де ұлт-азаттық қозғалыс қарулы күреске ұласпаса да басқа түрде тынымсыз жүріп жатты. Бірақ олар туралы айтуға мүмкіндік болмады. Тіпті 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының өзін де өңін айналдырып көрсеткендігі көпшілікке мәлім. Тек тәуелсіздік алуымызға байланысты ғана әділ бағасын алып, оған қатысушылыр ақталып, шындық айтыла бастады. Үшіншіден, кеңес тарихшылары қазақ халқы Ресейге «өз еркімен қосылып», соның «ағалық» қамқорлығының арқасында ғана мәдениетке қолы жетіп, адам қатарына қосылды деп келді. Бұл идея жетпіс жыл бойы құлаққа сынды, санаға дарыды. Мұндай түсінікке қарсы шыққан ұлтжанды азаматтарды «ұлтшылдар», «халық жаулары» деп қырып-жойды, қуғын-сүргінге түсірді. Қазақтың сан ғасырлық бай тарихы, мазмұнды мәдениеті, асыл мұрасы, оны білген, ардақтаған, насихаттаған, дамытқан абзал азаматтар аталмады. Тек көздерінің идеологиясын сөзсіз мақұлдап, мүлтіксіз орындаған, уағыздаушыларға ғана жағдай жасалды. [9]

Желтоқсан көтерілісін көп жағдайда жиырмасыншығасырдың соныңдағы қазақ жастарының ұлт-азаттық қозғалысы, тәуелсіздікке ұмтылуы деп бағалап келгеніміз, бүгінгі егеменді ел атануымыздың алғашқы соқпағы ретінде бағалағанымыз рас. Жастарды дүр сілкіндірген осы ереуілдің туындау төркінің, соңы қанды қырғын мен қуғын-сүргінге ұласқан көтерілістің түпкі мән-мағынасын дәл қазір, яғни жиырма жылдан астам уақыт өткен соң обьективті түрде бағалай алдық па? Алаңға асылған жастардың негізгі мақсаты ұлт көсемі саналған Димаш Ахметұлын қорғап қалуды көздеген ұлттық намыс па еді? Уақыт өткен сайын қордалана түскен осындай қаптаған сұрақтарға әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар, тарихшылар нақты жауап бере алды ма? Біреулері қыршынынан қиылған, екіншілері қудалауға түсіп, үшіншілері мәңгілік мүгедектікке ұшыраған сол жастар әу баста Мәскеудің билігінен құтылып, тәуелсіз ел болуды көздеді ме? Міне, осындай қаптаған сұрақтар алдымыздан атойлап шығатын бүгінгі таңда біз соған парасатты, орнықты жауап іздеуге тиіспіз. Ертеңгі ұрпаққа Желтоқсан көтерілісінің түпкі мақсаты мен туындау себебін, оның зардаптары мен тигізген игі әсерін шынайы жеткізу үшін осындай ұстанымдарды анықтап алғанымыз жөн.

Осы көтерілістің ұйымдастырушысы әрі қаһармандары саналған жастар Ф. И. Голощекиннің Қазақстандағы «геноциттік» әрекетін білетін. Осыған байланысты Г. В. Колбиннің қазақ тарихын, тілін, дінін білмеуі және оның бұрындары қазақ жерінде басшылықта болмауы оқыған жастарды қатты аландатты. Сөйте тұра олар, көтеріліс кезінде «Қазақстанды тек қана қазақ басқарсын!» деген ұран көтермеді. Қайта ұлты бөлек болса да, В. П. Демиденко мен Н. Е. Морозовтарды лайық санады. Сөйтіп, «Кеңестік Қазақстан жасасын!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Лениндік ұлт саясатының ұстанымын сақтауды талап етеміз!», т. с. с. ұрандар алып шыққан жастар басқа да ұлт өкілдеріне де, мемлекетке де қарсы пиғылда болған жоқ, олар тек, диалогқа келген билік басындағылардын Қазақстан компартиясы пленумының шешімін қайта қарауды үздіксіз талап етумен болды. Бірақ диалог сәтсіз аяқталды. Себебі - билеуші жақ алаңдағылардан өздерін жоғары санап, оларды салған жерден экстремистер, нашақорлар мен маскүнемдер ретінде қаралады. Бірітіндеп, алаңдағы жастарды қуып тарату үшін оларға өрт сөңдіргіш машинадан суық су шашып, көзден жас ағызатын газ бүрікті. Билеуші жақ осылайша бейбіт ереуілді көтеріліске айналдырып алғанын өздері де білмей қалды. Қорғансыз жастар итке таланып, соққыға жығылады, қолға түскендері белгісіз жақтарға тасып әкетілді. Әсіресе, нәзік жанды қыз балаларды шашынан ұстап сүйрелеу, оларды аяусыз ұрып-соғу жастардын бәрін тіптен ашындырып жіберді.

Осы жастардың бойында таза ұлтшылдықтың немесе ел басшысы лауазымына тек қазақты тағайындау талабының жатпағандығы тайға таңба басқандай еді. Коммунистік идеялогиямен сусындаған олар таза сәбилік пиғылмен Конституция талаптарының орындалуын қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы Оразанбай Егеубаевтiң «Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi» атты роман-эссесi хақында
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі
БІЗ – ҚАЗАҚ, ЕЖЕЛДЕН ЕРКІНДІК АҢСАҒАН
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Мамандығы
Тарихтар жеткізген тәуелсіздік
Тәрбие сағаты «елбасы еңселеткен елорда»
Елбасы қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz