ЖЕР ІС ЖҮРГІЗУ НОРМАЛАРЫ – ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЙНАР КӨЗІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ 5

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕР

ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 8

1. 1 Қазақстан Республикасы аумағындағы жер қатынастарының дамуы

мен қалыптасуы 8

1. 2 Жер құқығының КСРО құрамы кезеңіндегі және тәуелсіздік

алған кезеңнен бергі тарихы 14

2 ЖЕР ІС ЖҮРГІЗУ НОРМАЛАРЫ - ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ

НЕГІЗГІ ҚАЙНАР КӨЗІ 21

2. 1 Жер іс жүргізу нормалары жөнінде түсінік 21

2. 2 Жер іс жүргізушілік нормаларын қолдану тәртібі 33

3 ЖЕР ПРОЦЕСІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

ЖҮРГІЗУ САЛАЛАРЫМЕН ҚАРАЛАТЫН ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 40

3. 1 Жер процесінің азаматтық іс жүргізумен арақатынасының

теориялық мәселелері 40

3. 2 Жер процесінің қылмыстық іс жүргізумен арақатынасының

теориялық байланысы 50

ҚОРЫТЫНДЫ 55

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Бұл тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 3 бөлімінде жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн. [1] Осы келелі міндеттерді жүзеге асыру үшін елімізде заң шығару процессін жетілдіру, қабылданған заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, өмірдің барлық салаларында құқық ережелерін қатаң сақтап, тәртіп бұзушылыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу қажет.

Жер - бұл аса маңызды табиғи ресурс, онымен байланысты барлық табиғи объектілердің орналасқан жері; біз оны басқа барлық табиғи байлықтар - жер қойнауы, орман, су, жануарлар және ормандық емес өсімдіктер әлемі үшін кеңістіктік базис деп атадық. Және де жер қойнауын, ормандар мен өсімдіктер әлемін пайдалану үшін жер учаскесі керек. Жоғарыда аталған байлықтарды қорғау үшін жердің табиғи қасиеттерін сақтау қажет. Жердің жағдайын кішігірім бұзудың өзі (жерді құрту, тұздану, ластау, құрғату, топырақ эрозиясы және басқа да зиянды процестер) қоршаған ортаға зиян әэкеледі және табиғи ресурстардың жағдайының нашарлауына әкеліп соғады. Сондықтан да, жерді ұқыпты пайдалану және оны қорғаудың тек жер үшін ғана емес, сонымен қатар, су, орман, табиғат қорғау заңнамаларының тиімділігін жетілдіру үшін, ал жалпы алғанда, қоршаған ортаны қорғау мен халық денсаулығын қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Бұл жер құқығының экологиялық құқықтың бір бөлігі екендігін білдірмейді. Ол экологиялық құқық саласының бір бөлігі: жер құқығы су, орман, тау, аграрлық және экологиялық құқықтың нормаларымен тығыз байланысты. Жер құқығы, бір жағынан, өз құрамында экологиялық нормаларға ие; екінші жағынан, оның нормалары аталған құқық салаларының нормаларына ауысады. Сол себепті, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 129-бабы мынадай ережені бекітеді: орман қоры жерлеріндегі орман шаруашьшығының қажеттігі үшін пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық алқаптары жеке және занды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық мақсаттарында берілуі мүмкін. Осыған ұқсас ереже Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 134-бабында да су қорғау аймақтары мен белдеулеріне енгізілген жер учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасының су зандарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады деп көрсетілген.

Бұл мәселеге байланысты Елбасының Қазақстан халқына жолдауында да бұл мәселе тыс қалмады.

Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды [2] деп Елбасы жолдауында айтылғандай, болашаққа нық сеніммен қарай отырып, кәміл сенуге болады деп ойлаймыз.

Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: жер процесінің азаматтық және қылмыстық іс жүргізу салаларымен қаралатын теориялық мәселелері талдау. Көпшілікке аян болып отырғандай көптеген қылмыстар қасақана жолмен және ресми құжаттарды пайдалану, оны қолдан жасау, оған тиісінше өзгерістер енгізу арқылы қасақана жолымен жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды лауазымды адамдарды да, жеке тұлғаларда істейтіні белгілі.

Сондықтан осы жұмыстың мақсаты - негізгі мәселелердің бірі жер іс жүргізушілік нормаларын ұғымын анықтау болып табылатын көрсету.

Мақсаттына байланысты төмендегідей міндеттер анықталып, шешілді:

- Қазақстан Республикасындағы жер құқығы қатынастарының қалыптасуы түсініктеме беру;

- жер іс жүргізу нормалары - жер құқығының негізгі қайнар көзін анықтау;

- жер процесінің азаматтық және қылмыстық іс жүргізу салаларымен қаралатын теориялық мәселелеріне түсініктеме беру;

Зерттеу объектісі адамның құқыққа қайшы міңез- құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес міңез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылады. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға-қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.

Зерттеу мәні: Заң шығарушы қасақаналықтың тікелей және жанама сияқты екі түрін атаумен шектеледі. Алайда, қылмыстық құқық теориясы мен сот жұмысына, қасақаналықтың басқа да түрлері белгілі. Мәселен, пайда болу уақыты бойынша қасақаналық алдын-ала ойластырылған және аяқ астынан пайда болған сияқты түрлерге бөлінеді. Сол себепті қасақаналықты тереңірек зерттеп қарастыру бұл тақырыптың мәні болып табылады.

Ғылыми жаңалығы: Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуіміз керек сияқты. Себебі, азаматтардың бойына заң ќұрметтеушілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет.

Теориялық қолдану: Біз бұл жұмысты жазу барысында жер құқығының тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі қолданылып келген теориялық материалдарды қолдандана отырып қарастырдық. Сонымен қатар бұл жұмыста шетелдер ғалымдары мен отандық ғалымдардың жұмыстары қарастырылған.

Зерттеу құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағындағы жер қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жер құқығының КСРО құрамы кезеңіндегі және тәуелсіздік алған кезеңнен бергі тарихы, жер іс жүргізу нормалары жөнінде түсінік, жер іс жүргізушілік нормаларын қолдану тәртібі, жер процесінің азаматтық іс жүргізумен арақатынасының теориялық мәселелері және жер процесінің қылмыстық іс жүргізумен арақатынасының теориялық байланысы тармақшалардан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарау Қазақстан Республикасындағы жер құқығы қатынастарының қалыптасуы, Қазақстан Республикасы аумағындағы жер қатынастарының дамуы мен қалыптасуы, жер құқығының КСРО құрамы кезеңіндегі және тәуелсіздік алған кезеңнен бергі тарихы қарастырылады.

Екінші тарауда жер іс жүргізу нормалары - жер құқығының негізгі қайнар көзі, жер іс жүргізу нормалары жөнінде түсінік, жер іс жүргізушілік нормаларын қолдану тәртібіне талдау жасалынады.

Үшінші тарауда жер процесінің азаматтық және қылмыстық іс жүргізу салаларымен қаралатын теориялық мәселелері, жер процесінің азаматтық іс жүргізумен арақатынасының теориялық мәселелері, жер процесінің қылмыстық іс жүргізумен арақатынасының теориялық байланысы көрсетіледі.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Қазақстан Республикасы аумағындағы жер қатынастарының дамуы мен қалыптасуы

Қазіргі кездегі Қазақстанның аумағындағы жер қатынастарының ежелгі тарихы - бұл өте күрделі әрі қызықты да тақырып. Аталған мәселе іс жүзінде әлі де толығымен зерттелмеген. Алайда, бұл тақырып көптеген ғалымдарды, саясаткерлерді, тарихшыларды және заңгерлердің ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дәлел ретінде бірқатар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихтың мәліметтерін атауға болады.

Қазақстандағы жер қатынастарының тарихы шығыстың түркі халықтарының қоғамы мен мемлекеттілігінің ерекшеліктерін, қоғамның өндірістік күштеріннің сипатын ескере отырып, жүйелі тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.

Жер тайпаның, халықтың, мемлекеттің тіршілігінің негізі және олардың шаруашылық қызметінің материалдық базасы болды. Ол мал және басқа да мүлік сияқты адам өмірінде аса маңызды мәнге ие болды. Кейбір жағдайларда жер мал мен мүлікке қарағанда құндырақ болатын. Тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасындағы соғыстардың басым көпшілігінің белгілі бір жердегі, аумақтағы билік үшін болуы да бекер емес. Аумақ ретінде пайдаланылатын жерді «туған ел» деп, ал шаруашылық қызмет үшін пайдаланылатын жерді шаруашылықтың бір бөлігі деп санаған. Жерге меншік құқығы оны пайдалану құқығы ретінде қарастырылған. Кейбір ғалымдар бұл құқықты әдет құқығы деп санайды. Өз мазмұны бойынша жер пайдалану құқығы жерге меншік құқығымен бірдей болған. Жер пайдаланудың бірнеше нысандары орын алған: бірлескен немесе ұжымдық жер пайдалану, жеке-отбасылық жер пайдалану, ауылдық және ауыларалық жер пайдалану және т. б. Оларды қазіргі кездегі жер пайдаланудың шарттарымен, алқаптарды, аумақтарды бірлескен пайдаланумен, ортақ-бірлескен пайдаланумен салыстыруға болады. Жер учаскелерін пайдаланушылардың келісімінсіз ол учаскелерді басқа тұлғалардың пайдалануына жол берілмейтін.

Жер кеңістікте шектелген ежелгі мемлекеттің қызметінің негізі болған. Аумақсыз ешбір халық, ешбір мемлекет өмір сүре алмайтын.

Үлкен аумақтарды біздің заманымызға дейінгі бірқатар мемлекеттер - қазіргі ата-бабалары - сақтардың, қаңлылардың, үйсіндердің және ғұндардың мемлекеттері иеленген.

Неолит дәуірінде тайпалар аңшылықпен және балық аулаумен, мал шаруашылығымен және жер өндеумен айналысты.

Қола дәуірінде, б. з. д. II-мыңжылдықта шаруашылық жүргізудің мал шаруашылық және жер өңдеу түрлері қалыптасты, жақсы дамыған металлургия да болды.

Б. з. д. II-мыңжылдықтың басында Еділ жағалауындағы, Арал маңындағы, Қазақстандағы және Алтайдағы далалық тайпаларда кешенді мал шаруашылығы және жер өңдеу шаруашылықтары қалыптасты. Бұл кезеңде олар бұрынғы көшпенді өмірден бір жерде тұрақты қоныстауға ауыса бастады. Андронов мәдениеті, қаңлылардың, үйсіндердің, сақтардың, Алтайдың, Жетісудың және т. б. мәдениеттері пайда болды.

Орта Азия және оның ішінде қазіргі кездегі Қазақстанның аумағы туралы алғашқы мәліметтерді Қытайға осы елдің елшісі Чжан-Цяню немесе Чан-Чуню жеткізді. Ол б. з. д. 138 жылы Орта Азияға келіп, 126 жылы Қытайға қайтқан. Оның қол жазбаларында Орта Азия мен Қазақстанның аумағында төрт тайпа - үйсіндердің, қаңлылардың, яцайлардың және яццылардың мекендегендігі туралы жазылған.

Үйсіндер мен қаңлылар туралы көбірек мәліметтер келтірілген. Нақты айтқанда, қаңлылардың бес кіші князьдықтары болған. Бұл мемлекет б. з. д. I мыңжылдықтың соңы - б. з. I мыңжылдықтың басында Оңтүстік Қазақстанның кең аумағында пайда болды. Ол Шығыстың аса ірі мемлекеттерінің бірі болған. Қаңлылар мемлекетінің билігі шығыста Талас пен Ферғанадан солтүстік-батыста Оңтүстік Аралға дейін, солтүстікте Орталық Қазақстанның далаларынан оңтүстікте Орта Азияға дейін таралған. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, бұл мемлекеттің аумағында жер өңдеуші-мал шаруашьшығы мәдениеті болған. Адамдар ауылдар мен қалашықтарда өмір сүрген. [3]

Үйсіндердің патшасы Гунмо Чилу қаласында (Шу өзенінің жоғарғы тұстарында) өмір сүрген. Үйсін халқы жер өндеумен айналыспаған, олар малмен көшіп-қонған. Күнделікті өмірде ғұндарға ұқсас өмір салтын ұстанған. Үйсіндер иелігінде көптеген жылқьшар болған; байларьшда 4 мыңнан 5 мыңға дейін жылқы басы болған.

Су-Е (Шу) өзенінің жағалауында Тоқмақ қаласы болған, оның аумағы алтыдан жетіге дейін ли құраған; бұл қала әртүрлі патшалықтардан келетін саудагерлердің кездесу орны болған. Су-Е өзенінен батыста онға жуық қалалар орналасқан, оларды бір-біріне тәуелсіз, алайда ту-киюға (түркілерге) бағынатын бастықтар басқарған.

Су-Е өзенің жағалауындағы қала мен Кио-Шанг-На (Касанпа) патшалығының арасындағы кеңістікте орын алған мемлекет Су-ли деп аталған, оның халқы да, жазбасы да, тілі де осы атауды («су-ли») иеленген.

Негізгі жазбалық белгілер аз болған; олардың жалпы саны 32 әріпке теңелген, бұл әріптер тобы біртіндеп көптеген сөздердің пайда болуына алып келген. [4]

Халықтың бір бөлігі жер өндеумен, ал екінші бөлігі саудамен айналысқан. Су-Е өзенінен батысқа қарай төрт жүздей ли жүрген елші Мынг-Булакка (Мың бұлақ) жеткен. Оңтүстікте ол қарлы таулармен, ал үш жағынан біртектес далалы аймақпен қоршалған. Жері аса құнарлы, сулы, ал орман өсімдіктері аса керемет екен. Түркілердің Ту-Киу ханы әр жыл сайын осы жерге жаздың ыстығынан демалуға келеді екен.

«Мың бұлақтан Таласқа келдім, оның аумағы 8 ден 9 лиға дейінді құрайды екен. Бұл жерде Конг-Ю қаласы бар, оның аумағы 5-6 лиді құрайды, бұл аймақтың жері құнарлы, ормандар мен бау-бақшалары аса көп. [5]

Пе-Шун немесе «Ақ су» қаласына келдім, одан кейін Ну-Чу-Киен патшалығына бардым. Бұл патшалықтың аумағы 1000-ға жуық лиді құрайды. Жері аса құнарлы және жақсы өнім береді; өсімдіктері қалың өскен; гүлдер мен жемістердің алуан түрі бар. Аса құнды деп саналатын жүзімді де көп жинайды. Бұл патшалықта жүзге жуық қала бар, олардың әрқайсысы ерекше басшының басқаруында. Бұл басшылар толық билікке ие және бір-бірінен тәуелсіз. Бұл иеліктер нақты шектелгенмен, олардың барлығы Ну-Чу-Киен-Ку деген атпен бірігеді». Бұл қаладан шыққан соң елші Чан-Чаню батысқа қарай екі жүз ли жүріп, қаңлылардың иелігіндегі Че-Ши (Чаш) немесе Ташкент патшалығына келген. [6]

Бұл сипаттамалардан көрініп тұрғандай, Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген халық сол кезде жер өндеумен және мал шаруашьшығымен айналысқан, сонымен қатар, жайылымдық алқаптарға, елді мекен жерлеріне, бау-бақшаларға, жүзімдіктерге, дәнді дақылдарды егуге арналған егістіктерге ие болған. Жердегі шаруашылық жүргізудің сипаты мен оны нысаналы пайдаланудың түрлері жер учаскелерінің нақты меншік иелері мен жер пайдаланушылары болғандығын дәлелдейді. Қалалар мен елді мекендердегі жерлер «әдет құқығының» негізінде пайдаланылмайтын, олардың нақты меншік иелері мен жер пайдаланушылары болған, сонымен қатар, кейбір жер учаскелері жалға берілетін.

Алматы облысы Кеген ауданының Ақтас ауылындағы қыстаудың қазбалардан табылған заттар үйсіндер мемлекетінде жер өндеудің болғанын дәлелдейді. Бұл жерлерден жерді өңдеу құралдары (тас құралдар) және бидайды өңдеу құралдары табылған. Бұл қыстаудың айналасын зерттеу кезінде жалпы көлемі 10х15 метр шаршыны құраған учаскені өндеудің іздері және суғару арықтарының қалдықтары табылған.

Мұндай қарапайым суғару жүйелерінің іздері Жоңғар Алатауының етегінен, Ілe мен Таластың алқаптарынан да табылған. Дәнді дақылдарды егу туралы мәліметтер де бар.

Үйсіндер мен қаңлыларда тұрақты қоныстану мен жер өндеу б. з. д. І-ғасырлардан б. з. III-IV-ғасырларына дейін сақталды және бақшалық, жеміс-жидектік жер өндеу түрінде одан әрі дамыды.

Жер өндеу оларда басты салаға айналды. Жер өндеумен тек ауыл адамдары ғана емес, қалалықтар да айналысты. Олардың қала сыртында жер учаскелері болған.

Шу және Іле алқаптарында көптеген суармалы ағаштардың, егілетін жер дақылдарының, арық жүйесі арқылы жасанды суғарудың болғандығы жөніндегі археологиялық мәліметтер және жазбаша қайнар көздер бар.

Жер суғару Сырдария, Арысу, Шу және Іле өзендерінің алқаптарында жақсы дамыды.

Жазбаша, археологиялық мәліметтерге көз жүгіртсек, жай азаматтардың, бектердің, байлардың, қағандардың, жабғұлардың және хандардың және хан ордасындағы адамдардың жер пайдалануы мен меншігінің түрлі нысандары болған. Хандар мен хан ордасының адамдары жер пайдалану мен меншігінде ғана емес, жер байлығын басқаруда да артықшылық құқықтарды иеленген. Жайылымдық учаскелердің иелері болып табылмайтын тұлғаларға малды жаю үшін белгілі бір жайылымдарды пайдалануға тыйым салынған.

Жер қатынастарын реттеуде әдет құқығы қолданылды. Оның нормаларына сәйкес, тайпаның, отбасының жер пайдалану құқығы мен жерге меншік құқығының объектісі тек пайдалану объектісі ғана емес, мұрагерлік объектісі ретінде де танылған.

Тарихта бұл кезең феодализм кезеңімен сәйкес келеді. Феодалдық жер қатынастарының дамуын көптеген қазақстандық және шетел ғалымдары зерттеген. [7]

Ғалымдардың жер қатынастарының тарихына қатысты көзқарастары алуан түрлі. Олардың меншіктің түрлері және нысандары, жерге жеке меншік құқығы және жер қатынастарының басқа да мәселелері туралы ойлары түрліше.

Бұл кезеңдегі өндірістік қатынастардың сипаты қазақ ауылдарында аумақтың топырақтық-климаттық жағдайларына байланысты жер пайдалану мен жерге меншіктің түрлі нысандары болғандығын көрсетеді. Осы жағдайлардың нәтижесінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы басты рөлді иеленді. [8]

Мұндай аймақтарда жеке меншікті халықтың аз ғана бөлігі иеленді. Бұл жерлерде басты меншік нысаны болып жерге қауымдық меншік танылды.

Оңтүстік облыстарда халықтың негізгі бөлігінің жер пайдалану және жеке меншігінің барлық нысандары болды, сонымен қатар, бұл аймақтарда мемлекеттің биліктік құрылымдарының өкілдерінің (хандар, билер және т. б. ) де жерге жеке меншік құқығы танылды. [9]

Қауымдық және рулық меншіктен басқа халықтың, ірі байлардың, феодалдардың жайылымдарға, егістіктерге, жайлауларға қатысты отбасылық меншігі де болды. [10]

Кейбір ғалымдар көшпенді халықтарда жерге феодалдық меншік болмады деп тұжырымдап, К. Маркстың «бұл жерлерде жерге емес, тек малға ғана иелік орнайды, бірақ, әрбір тоқтаған жерлерінде олар тұрғылықты жерді бірлесе пайдаланған» [11] деген сөзіне сілтеу жасайды. Алайда, тарих басқаны дәлелдейді. Жерді құқық объектісі ретінде бөлу туралы тарихшы Әбілғазы айтқан, ол Бату ханның жауланған жерлерді өз ұлдарының арасында бөліп беретіндігі туралы жазған.

Берке ханның ұлы хан атағын алған соң, барлығына сыйлық таратып, Бату-хан берген жерлерді өзінің ағалары мен бауырларына бөліп берді. Нәтижесінде, ханның ұлдары, Шыңғыс ханның ұрпақтары, ұлы мемлекеттерді, «гүлденген жайылымдарды» иеленді. [12]

Ақсақ Темір Тоқтамысқа қамқор болып, оған Сауран мен Сығанақтың (Оңтүстік Қазақстан) бүкіл жерін жеке меншікке берді. Ал кейін ол екеуі өзара жауласқан кезде Ақсақ Темір Тоқтамысқа қарсы ақсүйектерге жер тарту етті. Мысалы, Темір Джалал-Бахадурға Тоқтамыстың әскерлерімен соғыстағы ержүректігі үшін Лен аймағының басым көпшілік жерін сыйға тартты.

Жәңгір ханның билігі тұсында хандықтың аумағын құраған жеті миллион ондықтың төрт жарым миллион ондығы жиырма отбасының айрықша билігіне берілді. [12]

Хандардың жерге жеке меншік құқығының ерекшелігі болып олардың сол аумақтағы жоғарғы иеленуші екендігі және өздеріне бағынысты аумақтың шегіндегі жер учаскелерін тарату функциялары табылды.

Ру ақсүйектерінің өкілдері өз иелігі шегінде жайылымдардың меншік иесі болды.

Жер туралы руаралық даулар екі тараптың өздерімен шешіле алмаған жағдайда, олар ханға жолданатын. Ханның шешімі шағымдануға жатпайтын.

Қатардағы шаруалардың жер иелігі қауымдық негіздерде жүзеге асырылды. Шаруалар жерді жеке-жеке емес, салыстырмалы түрде шағын ұжымдарға - ауылдық қауымдарға біріге отырып пайдаланды. [13] Әрбір ауылдық қауым белгілі бір жайылымдарды тұрақты немесе мезгілдік пайдалану құқығын иеленді, бұл жайылымдарды басқа жер пайдалану субъектілерінің пайдалануына тыйым сальшатын.

Кейбір ғалымдар жерге меншік құқығының болғанын жоққа шығармайды. Мысалы, Г. Гвардевский былай дейді: «Халықтың әрбір бөлігі көшпенді жерлерді өздерінің тікелей меншігіне алады. Қырғыздар "бұл жерлерде біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген" деп айтады». [14]

Кейбір ғалымдардың тұжырымдауынша, қазақтар жер өндеумен айналысты, алайда, хандықтың аумағының әр аймақтарында жер өңдеудің дамуы түрліше болған: көптеген аймақтарда жер өндеу шаруашылығы әлсіз дамыды, кейбір жерлерде тіпті болмады да. Алайда, кейбір аудандарда жер өңдеудің шаруашылық маңызы зор болды, мұндай аудандардың қатарынан ежелден жер өңдеу мәдениеті қалыптасқан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның аймақтарын атауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығының қайнар көздері
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
Жерге меншік
Жер құқығы
Елді мекендер жері
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТАРИХИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz