Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-педагогикалық факультеті

Жанабекова Гаухар Әскерқызы

Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Көкшетау, 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І- ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен мазмұны

1. 2. Жеткіншек шақ және оның ерекшеліктері

1. 3 Жеткіншек шақ оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің

маңыздылығы

ІІ - ТАРАУ. ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ЖЕТКІНШЕК

ШАҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

2. 1. Оқу- тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбие беру жолдары

2. 2. Эксперименттік тәжірибелік жұмыс нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстандағы әлеуметтік - саяси және экономикалық даму және экономикалық даму оқу-тәрбие мәселелеріне аса көп мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етіп отыр. Жас ұрпаққа тәрбие берудің сапасын көтеріп, сұлулыққа, әсемдікті, әдемілікті сезіну қабілетін, эстеикалық талғамын дамыта отырып, өз ісіне деген шығармашылық талабын арттыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті. Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.

Осы орайда ғылыми еңбектерін эстетикалық қызығушылық тәрбие, жалпы эстетикалық мәдениет саласына арнаған ғалымдар Н. Кипящеенко мен Н. Лейзеров «Эстетикалық тәрбие - сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе»деп анықтама береді. Әсемдікті тану табиғатта, қоғамда адамның іс-әрекетінің қай түрінде болсын, оның қарым-қатынасында, әсіресе өнерде, заттардың және құбылыстардың даму заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым болып табылады.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - Ильинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.

Осы орайда белгілі педагог Р. Қоянбаев «Педагогика» атты еңбегінде: «Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады», - деп, өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған.

Қазақ ағартушылары эстетикалық тәрбиеге арнайы тоқталмаса да, ерекше мән бергенін олардың зерттеу жұмыстары мен шығармаларынан аңғаруға болады.
Ш. Уалихановтың эстетикалық көзқарасы қоғамның саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық әдет - ғұрпына, салт - дәстүріне баса көңіл біледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы эстетикалық талғамын ашуға ұмтылды.

Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы. Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің құндылығын түсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептейді. Оның педагогикалық еңбектері эстетикалық көқараспен тығыз байланысты. Ол: «Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетті өмір сүрудің жаңа әдеп-ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет», - деп ата көрсетті.

Балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде көп еңбек еткен ұлы Абай Құнанбаев. Эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен өзінің педагогикалық тұжырымдамаларын өрбіте келіп, 27-ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ пен Аристотельдің пікірлері: «әуелі көзді» көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік. » дейді.

Көрнекті совет педагогы А. С. Макаренко:« . . . балаларымыздың келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу -біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз»деген.

Педагогика ғылымының практикасы мен теориясына баға жетпес үлес қосқан ғалым- ағартушы, тәлімгер-ұстаз, балалардың эстетикалық өмірлеріне белсенді араласқан педагог Н. К. Крупская: «Көркемдікке тәрбиелеу ісінеде көптеген аса күрделі проблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгері дамуына кедергі жасамау керек» деп эсетикалық тәрбиенің міндетін анықтайды.

Н. Кипящеенко мен Н. Лазарев «Эстетикалық тәрбие-сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе» деп анықтама береді.

Өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесі бойынша Әл-Фараби, Қ. А. Ясауй, Ж. Баласағұни, Ө. Тілеуқабылұлы, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, Ж. Аймаутов, М. Жұмабаев т. б. еңбектерінде негізгі бір арқау болған.

Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж. Баласағұни, т. б. ), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. ), шетел психолог-педагогтері (Н. Крупская, А. Луначарский, П. Блонский, Д. Лихачев, С. Шацкий, Л. Выготский, С. Рубинштейн, А. Бакушинский, т. б. ) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.

Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын - жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек. «Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту - оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. » - деген болатын әдебиет зерттеуші - ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.

Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл - оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол - оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние болғандықтан жеткіншек шақтағы оқушыларға әдебиет пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің маңызын зерттеп дәлеледеу мақсатында зерттеу жұмысымның тақырыбын «Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы» деп алдым.

Зерттеудің мақсаты: қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау.

2. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері түрлерін педагогикалық жіктемеге келтіру және олардың жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау.

3Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың моделін жасау және оны практикада жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындау.

4. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің мазмұнын жасау және оны тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениеті.

Зерттеу пәні: қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы 5-9 сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыру процесі.

Ғылыми болжам: егер, қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері айқындалып, моделі жасалса және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие процесіне жүйелі бірізділікпен ендірілсе, онда жеткіншектердің қазақ сәндік-қолданбалы өнері саласынан білім, іскерлік, дағдысы артады. Ал бұл болса, жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда негіз болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі болып диалектикалық білім және тұлғаны дамытудың таным саласындағы бүгінгі тұжырымдамалары, тұлғаны зерттеу процесіндегі және педагогикалық процесті ұйымдастырудағы жүйелі құрылымдық, тұлғалық іс-әрекеттік қатынастар, ұлттық мәдениет пен сәндік-қолданбалы өнердің білімдегі рөлі туралы қағидалар; оқушы жастардың эстетикалық тәрбиесі тұжырымдамасындағы қағидалар, халық педагогикасы мен халық шығармашылығының тәрбиелік әлеуеті туралы теориялық тұжырымдар саналады.

  1. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:«Мәдениет», «эстетикалық мәдениет», «жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті», «жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру» ұғымдарының мәні нақтыланып, олардың өзара байланысы негізделді.
  2. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері түрлері педагогикалық жіктемеге келтірілді және оның жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталды.
  3. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың моделі жасалды және. оның тиімділігін қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттар айқындалды.
  4. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық мәні: а) «Бейнелеу өнері», «Технология», «Әдебиет», «Қазақстан тарихы» пәндеріне қосымшалар; ә) «Қазақсәндік-қолданбалы өнері» атты факультатив, жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында пайдалануға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, бақылау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, тәлім-тәжірибе тұжырымдамасы мен оқу-әдістемелік құралдарын зерттеп, қорыту, жүргізілген іс-тәжірибені сараптау, эксперимент нәтижесіне баға беру.

Зерттеу көздері: ғылыми-зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, ресми материалдар мен құжаттар, мерзімдік басылым ақпараттары, оқу әдістемелік әдебиеттер, бағдарламалар.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2(екі) тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралады.

Зерттеу базасы: СҚО, Жамбыл ауданы, Амангелді негізгі мектебі

І-ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндетте рі

Тұңғыш рет «эстетика» ұғымын ғылыми термин ретінде неміс философы Баумгертен 1750 жылы осы аттас кітабында қолданған болатын. «Эстетика» гректің «эстезис» сөзінен алынған, ол «семіздік сезіммен қабылданған дарындылық» деген ұғымды білдіреді. Жалпы эстетика жайлы неміс, ағылшын, француз, орыс тілдерінде жазылған көптеген еңбектер бар. Осы орайда ғылыми еңбектерін эстетикалық қызығушылық тәрбие, жалпы эстетикалық мәдениет саласына арнаған ғалымдар Н. Кипящеенко мен Н. Лейзеров «Эстетикалық тәрбие - сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе»деп анықтама береді. Әсемдікті тану табиғатта, қоғамда адамның іс-әрекетінің қай түрінде болсын, оның қарым-қатынасында, әсіресе өнерде, заттардың және құбылыстардың даму заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым болып табылады. Қазақ зиялыларының бірі М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде «Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі-музыкадан, біреудікі - сұлу суреттен, ал біреудікі- поэзиядан. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды, ал тәрбиенің міндеті - балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып сол ынтасын, қызығушылығын сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін оятып, өркендету» деп эстетикалық қызығушылықтың, яғни тәрбиенің баланың дамуындағы маңызына ерекше тоқталған. Эстетикалық қызығушылық - адамның әдебиет, өнер, кино, музыка салаларында қоршаған орта, табиғатқа көңіл аударуы, оны сезім арқылы бағалап, қанаттанып, толғанысқа ұшырауы. «Қызығушылық» латын тілінен аударғанда -«маңызды мәні бар» деген мағына білдіреді. Дүниенің әсемдігін сезіну, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге деген қызығуды қалыптастыру-оқушылардың бойында өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады, мұндағы мақсат - оқушы тұлғасының әсемдікті тануы мен білім алуын дамыту, рухани құндылықтарға, халықтық фольклорға, көркем шығармашылық іс-әрекеттерге қарастыру. Қызығушылықты қолма-қол, бірер сағаттың ішінде қалыптастыру мүмкін емес, бұл бірте-бірте, кезеңдеп және мақсаттылықпен дамитын үрдіс. Г. И. Щукина қызығушылықтың даму кезеңдерін былайша атап көрсетеді: әуестік, бір нәрсені белсенді іздестіру, әуестену, танымдық қызығушылық, кәсіптік немесе ғылыми қызығушылық. Қызығушылықтың даму кезеңдері - адамның таңдап алған бағытының әртүрлі дәрежесі мен мағыналығы және тәрбие мен дамудың нәтижесі. Бұл саланы жүзеге асыруда бастауыш мектептердегі сабақтар жүйесінде қазақ балалары фольклоры арқылы ана тілі, көркем сурет, музыка, театрландырылған өнерді қолдану басты рөл атқарады. Бүгінде әрбір пәннің, соның ішінде әрбір сабақтың мақсаты оқушыларға тек белгілі білімдерінің жүйесін меңгертуді көздемей, олардың сезімдерін, эмоцияларын оятып, мұғалімдерге сабақтар барысында жүйелі әсер етуді міндеттейді. Себебі оқушылардың оқуға білімге қызығуы, тұрақты қарым-қатынасы алғашқы кезеңде сезімді оятудан басталса керек. В. Белинскийдің айтуынша «Әсемдікті сезіну, адамгершілік қасиеттің шарты . . . мұнсыз бұл сезімсіз, даналық жоқ, ақыл-парасат жоқ» деп адамның өмірі, қандай болсын іс-әрекетіндей сезімнің жоғары маңыздылығына айрықша тоқталады.

Демек, сезім адамның моралдық және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп тұрады, сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық сұлу сезімдерін, мәдениетін, талғамы мен қызығуын қалыптастырудың қажеттілігі осында.

Мектептердегі оқу пәндерін бір-бірімен байланыстыра отырып, оқыту шәкірттің тиянақты білім алуына жол ашады. Және олардың білім жолындағы жан-жақтылығы мен саналылығы артып, дүниетанымы кеңейе түседі. Мысалы, мектептегі қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, еңбек пәндерін оқытуда халқымыздың ауызекі шығармашылығын орынды пайдаланып отыру оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге ықпал етеді, соған олардың қызығуы мен икемділігін арттырып, шеберлікке баулиды.

Бұл орайда атақты орыс педагогі К. Ушинский «Халық тіл - тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі - барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңдерінде, әндерінде . . . » деп жазды.

Мектептегі барлық пәндерді балалар фольклорын пайдалана отырып, байланыстыра оқыту шын мәнінде оқушылардың алған білімінің тиянақты болуына, оны саналы түрде меңгеруіне, кеңінен ойланып, есіне сақтауына мүмкіндік тудыратын әдіс екендігін дәлелдеу үшін халқымыздың ауызекі поэтикалық шығармаларының бай үлгілерін, оның ішінде - мазақтамалар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы ұқыптылыққа, өзіне-өзі қызмет етуге, тазалыққа құштарлығын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет. Эстетикалық тәрбие тұлғада әсемдік сезімін дамытады. Адам әсемдікті сезінуден, өз өмірін сұлулық заңымен құруға ұмтылады. Эстетикалық тәрбие адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиесімен тығыз байланысты. Табиғатқа, әдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем сурет және т. б. өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты саналы дамуына әсер етеді. Адамгершілік қалыптасуда эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Әсемдік рахаты әр адамды жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді. Эстетика категориясының ең негізгісі - әдемілік, әсемдік категориясы. Әсемдік-бұл өмірдің өзі, бұл табиғат және адам қарым-қатынасы мен оның еңбегінің жемісі. Тәрбие процесінде эстетикалық білім дамыту шаралары -бұл конкурс, викторина, мектеп мерекелері, үйірмелер, шығармашылық топтар т. б. Оқушылар олардан қысқаша мәлімет алып қана қоймай, эстетика ғылымын толықтай түсінуге бастау алады. Эстетика сабақтары оқушыларға эстетикалық таным заңдары мен заңдылықтарынан, өнердің жалпы принциптерінен ақпараттар береді. Тәрбие ұйымдастырғанда эстетикалық қабылдаудың психикалық заңдылықтарын ескеру керек, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, эстетикалық форма мен мағына жағдайланының қиын да күрделі сәттерін пайымдауға бағыттап барған жөн. Эстетикалық қабылдаудың маңызды тұсы - шындықты бейнелеумен бірге жүретін адмның көңіл күйлері. Жоғары көркем өнер шығармаларын қабылдай отырып, оқушы қуаныш пен тебіреніс, қорқу мен үміт сезінеді. Бұл сезімдер балаларды әсемдік заңымен өмір сүруге бағыттайды. Эстетикалық тәрбиенің көптүрлі құралдары көркемдік жұмыстарда көрінеді. Тәрбиенің эстетикалық бағыттағы құралдары сан-алуан: табиғат, еңбек, адам қатынасы, өнер әлемі, музыка, суреткер шығармасы т. б. Қазіргі педагогика әр түрлі бағытта ұйымдастыру және өткізуде үлкен тәжірибе жинады. Олардың ішінде: конкурстар, викторина, мектеп мерекелері, үйірмелер, шығармашылық топтар, ұжымдық жаңа жұмыс формасы-ұшқыш концерті, қуыршақ театры, әдеби-шығарма конкурсы, тазалық пен тәртіпті тек оқу орындарында емес, сол аймақта сақтау қажеттігі мен байланыстыру - бұл эстетика бағытының жұмысы.

Эстетикалық тәрбие берудегі табиғаттың маңызы. Мектептегі балаларға эстетикалық тәрбие берудегі бірде-бір құралы әдебиет пәні, бейнелеу өнері, тарих т. б. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер-білімді игеруді тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтін өсиет еткен. Еліміздің елдігін әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ. Сондықтан да еліміздің болашағы осы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігінен айқындалады.

К. Д. Ушинский «жас баланы жақсы істі жақсы сезімді, жақсы ойды сүюге үйрететін әдеби шығарма ғана жақсы» деген болатын. Осы шығармалар негізінде өткізілетін этикалық, эстетикалық әңгімелер, әдетте баланың өзіне жақын адамдарға, жолдастарына қатынасы жайлы болса, Отан, табиғат дүниесі алдындағы жауапкершілігі жөнінде мәселе қойса балаларды қызықтыра түседі.

Қазіргі педагогика ғылымында эстетикалық тәрбиенің алдына қойылатын мақсаттардың бір қатарын жеке бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, бұл әсемдікті сезінуді тәрбиелеудің мақсатты бағытталған процесі. Екіншіден, бұл өмірдегі және өнердегі әдемілікті көре және қабылдай білу, бағалай алу қабілеттерін қалыптастыру. Үшіншіден, эстетикалық тәрбиенің мақсаты - көркемдік талғамды қалыптастыру. Төртіншіден, өзіндік шығармашылыққа және әсемдікті өзі жасауға қабілеттікті дамыту.

Ең бастысы - тұлғаның іс-әрекетте жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық құндылықтардың жасаушысы болуына, олардың жеке қоршаған ортаның әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу. Қазіргі ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру - әдемілікті түсінуге, әсемдікті өз қолымен жасай білуге тәрбиелеу деген сөз. Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру мәселесі туралы белгілі ғалым-педагогтар С. Ұзақбаеваның А. Бейсенбаеваның, М. Балтабаеваның, К. Әмірғазиннің еңбектерінде сөз болды. Қазіргі ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру - әдемілікті түсінуге, әсемділікті өз қолымен жасай білуге тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие тану - білумен байланысты.

Эстетикалық тәрбиенің мынадай категориялары бар:Эстетикалық қажеттілік - эстетикалық бағалы заттарға баланың ұмтылуы, қажет етуі, қызығуы; эстетикалық бағалау - белгілі бір нысананың «әдемі-әдемі емес», «ұнайды-ұнамайды» түсініктерімен реттелетін эстетикалық бағалауын орнату тәсілі, эстетикалық сезім-баланың шындыққа тікелей қатынасы, уайымдауы, эстетикалық талғам - әр түрлі эстетикалық нысандарды дифференциалды қабылдап, баға беруі, жалған және шынайы сұлулықты ажырата білу қабілеті. Эстетикалық тәрбие шығармашылық қасиеттерге негізделеді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған. Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Ішкі мүмкіндіктерді тәрбиелеудегі іргелі ұстанымдардың бірі - бала дамуының өзіндік дамуы және оның өз қызметінде ғана дами алатындығы.

Баланы оқытып тәрбиелеуге арналған материалдар сезімді дамытып тәрбиелеуге есептеледі. Саусақтарының ұшымен, көзбен көру, есту, иіс, дәм, жалпы сезімін тәрбиелеу арқылы аңғарымдылықты, сезімталдықты дамытса, есте сақтауы жаттығады, бала болжамға келеді, дұрыс ойлауға, іс-әрекетке үйренеді, қабілетін жатттықтырады, еркі, тәртіптілігі, терең ойлау қабілеті, тұрақтылығы қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек шақта өзіндік бағалау
Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ пәні бойынша
Жеткіншектердің эстетикалық талғамы
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру жолдары
Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны
Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері
Білім беру мекемелеріндегі педагог- психологтың атқаратын қызметі
Психологтың кәсіби қызмет үлгісі
Оқушыларға көркемдік тәрбие берудің жолдары мен құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz