Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің нәтижелігін талдау ( Фирма СейНур ЖШС-гі мысалында)



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің теориялық
аспектілері
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері
1.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы және оны басқару процесі
1.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің нәтижелігінің
салыстырмалы көрсеткіштері

2 Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің нәтижелігін талдау
( Фирма СейНур ЖШС-гі мысалында)
2.1. Фирма СейНур ЖШС-нің шаруашылық мінездемесі
2.2. Шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық іскерлігін және қаржылық
нәтижелігін талдау
2.3. Шаруашылық жүргізуші субъектінің баланс активтерінің және олардың
қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымын талдау

3 Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің нәтижелігін
жоғарлату жолдары
3.1. Шаруашылық жүргізуші субъектінің резервтері және оларды қаржы
қызметінің нәтижелігін жоғарлатуда қолдану
3.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдасының өсу резервтері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің нарықтық экономика жағдайында
қызмет етуінің экономикалық пайдалығы табыс табуымен анықталады. Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерімен сипатталады. Кірістіліктің (табыстылықтың) абсолютті
көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы
әдебиеттерде табыстар немесе кірістер ұғымы келесідей түрде анықталады:
Табыс дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы ″Бухгалтерлік
есеп туралы″ заң күші бар, ҚР Президентінің 2732-ші Жарлығында анықталған.
Жарлықтың 13-бабында былай делінген: ″Кірістер (табыстар) - бұл есептік
кезіндегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы″ . Белгілі бір
шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде,
табыс алмай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің дамуын
жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Кірістіліктің көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар өнімді (жұмыс, қызметі ) өткізуден
алынатын жалпы кіріс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға
дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған
табыс; Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің соңғы
қаржылық нәтижесіне болып табылатын таза табыс.
Кіріс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанға және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономист
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің тиімділігіне
жатқызады.Жалпы қарастырғанда,алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың
абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға
мүмкүндік бермейді.
Нарық жағдайында кірістің рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей
жоспарлы – директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Табыс табу кез келген шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық
қызметінің мақсатты функциясы ретінде төмендетіледі. Нарықтың экономикаға
көшумен табыс (пайда) оның, яғни шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық қызметінің қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара
байналанысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін
өндіру керек? Табыс табу кез келген шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің негізгі өндірістік
және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі
шығындардың толық ақталуын және шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық қызметінің өндірістік – техникалық базасының кеңеюіне
негізделеді. Бұл әр шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің
өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен
жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген
қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді
саудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал
салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық қызметінің кірістілігін талдау арқылы қазіргі таңдағы экономикалық
жағдайға сай оны ұлғайту жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай міндеттер
жүзеге асырылады;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің теориялық
негіздерін зерттеу;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің экономикалық
іскерлігін және кірістілінін талдау;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің кірістілігін
жоғарлату резервтері және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың объектісі – ФирмаСейНур ЖШС-нің қаржылық
көрсеткіштері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың актуалдығықазіргі кездегі шаруашылық жүргізу, оның
ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігінің дамуымен
түсіндіріледі. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындардың ішінде ең жиі
кездесетіні – шаруашылық серіктестіктер. Сондықтан осы жұмыс кәсіпорынның
құқықтық – ұйымдық нысаны мысалында жазылған.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған: шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржысы туралы теориялық материал жинау,тәжірибеде
шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының қалыптасуы, оны басқару туралы
ақпарат жинау.

1 бөлім. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің
теориялық аспектілері

1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы – бірыңғай қаржы
жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның
орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес
игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі
қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буыннына қызмет көрсетеді. Елдегі
ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық
өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты – халықтың қажеттіліктерін,
өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін
алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі,
бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы
ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалык
заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол
ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен
қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық
шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті,
экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық
жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін
емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік
қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің
тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы
ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда
материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы
ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесін қамтамасыз етеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға
қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін
қолданылады. Шаруашылық субъектілердің қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу
және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы
қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс,
көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау,
жобалау қызметін, халыққы тұрмыстық қызмет көрсетуді, тұрғын үй-коммуналдық
қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат,
маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың,
қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, шаруашылықаралық, салааралық,
кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді. Олар әр
түрлі белгілері бойынша сыныпталады. Межелеудің ең жалпы белгісі
кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне – материалдық немесе
материалдық емес (өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады.
Материалдық сфераның кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің
негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды.
Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын
қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі,әдеттегідей, оларды тұтыну
процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық
қызметінің сипаты – коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып
табылады.
Қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылатын және алынған таза табысты
қатысушылар арасында бөлмейтін заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп
танылады.
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу
мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра
алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен
серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде
материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық
емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді:
коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері
(жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы
қағаздар рыногы мен ақша кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі
мекемелер), сауда-делдалдық кәсіплоындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық
компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің
маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-ді жасау, бөлу және
пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын
материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық
кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары
(ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен
бірдей болып келеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік
капиталды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы
ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және
пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі
бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:
- коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы
дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-
шаруашылық қызметінің қортындысына ынталылық, оның
нәтижелеріне жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау
жасау);
- жоспарлылық;
- меншіктің барлық нысынының теңдігі;
- қаржы резервтерінің болуы.[1,137-155б.]
В.В. Бочаровтың "Корпорациялық қаржы" атты еңбегінде шаруашылық
субъектілердің меншік формасына қарай жіктелу көрсетілген.
Сызба №1

Сурет 1 Шаруашылық субъектілердің меншік формасына қарай жіктелуі [2,
120б.]

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу
және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылык жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының
ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде
өндірілген өнімнің құны белгіленген әкономикалық нормативтер (салық
мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз)
негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс
процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар
мен қорланымдарды әкономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы
өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша
қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы
сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады.
Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары,
болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген әкономикалық нормативтер
негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін
жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар
мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері
есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен
жабылатынын анықтайды [2, 7].
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс
кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің
жұмсалынған каражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға
пайдалану арқылы болып жатады.
Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған
қорларға — мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған
бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және
дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында
қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы
кәсіпорын әкономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз
шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен,
жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-
қатынастарында да жүзеге асырылады.
Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім
тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу
кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау
бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін
алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады [3, 124].
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан
қатьшастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші
субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына
саяды:
- басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім
өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру,
материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл
төлеу және алу, бағалы кағаздарды өткізу, басқа кәсіпорьшдардың
акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар
бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде,
коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
- өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық
қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан
қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің
қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы
ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
- мемлекетпен бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру
кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ
олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын
қалыптастырғанда;
- банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерін алу,
оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша
пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін
бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске
асады);
- сақтандыру органдарымен мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық
және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
- жоғары ұйымдармен — ішкі салалық қайта бөлу шегінде (пайданы,
табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер
бойынша және басқалары);
- құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық
капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу
кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір
бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және
т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
каржылардың әкономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты
ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді
атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты
арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды
қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың
пайда болуы.
Өндірістік капиталдар — бұл өндірістің серпінді элементі, олар
өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн
нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген
мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақша нысанында болуы
мүмкін;
3) жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету
мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің
айқындаушы негізі болып табылады.
Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс,
қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды
және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты әкономикалық
қатынастарды айтады.

1.2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы және оны басқару процесі

Шаруашылық жүргізуші субъектілер — кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар,
компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар
(бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр турлі
белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша
айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі
мүмкін. Шаруашылық серіктестік шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына
кіреді [4, 56].
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары
бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға — қаржыландыру, өнімдер мен
қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде
де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру — қорланымдарды,
табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді.
Бірқатар жағдайларда айрықшалықты қорланым орын алады: мысалы, білім
беруде, ғылымда - іскерліктің, білімділіктің, басқаруда -басқару
тәжірибесінің, дағдының (машыктың) қорлануы.
Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылык қызметінің сипаты - коммерциялық және коммерциялық емес қызметі
болып табылады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін
(коммерциялық ұйым) не мүндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және
алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым
заңи тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті
қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына; коммерциялық есепке немесе белгілі
бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын
бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және
коммерциялық емес қызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл
қызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мүндай қызметтің өзін-өзі
қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу,
алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық
негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және
материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс
істейді [5, 205].
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік баскару
қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандьфу және қамсыздандыру, құқық
тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім
берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым
коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс
(пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік
қорғауды
қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі
меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады.
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны
қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматгардың
және (немесе) мемлекеттік емес занды тұлғалармен олардың бірлестіктері
ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың
меншігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып
ажыратылады.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қүқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Жалпы меншіктің, әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ
қағидаттарға негізделген. Алайда бүл кәсіпорындардың ұйымдык-кұқықтық
мәртебесІндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды баскару механизмінің кейбір
ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты
болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды
[6, 98].
Кәсіпорындардың ұйымдық-құкықтық нысандарын жіктеудің критерийлері
мыналар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, мүлік иесінің
мүліктік жауапкершілігінің сипаты (толық, шектелген, қосымша) және
кәсіпорынды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып,
кәсіпорындар жеке, жекеше, серіктестіктер (толық серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акционерлік қоғамдар,
кооперативтік, жалгерлік,
мемлекеттік, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар ретінде қүрыла алады.
Олардың барлығы бірыңғай зандылық негізде іс-әрекет етеді және
кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаттарына бағынады.
Әкономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше
немесе үжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдык-кұкықтық нысандардың
кәсіпорындары мен ұйымдарыньщ қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі
меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.
Шаруашылық субъектісінің қаржысын басқару процесін сипаттамас бұрын
қаржылық менеджменттің негізгі бағыттарын атап өткен жөн.

Кесте
1 Фирманың 2 Қысқа 3 Ұзақ 4 Қорларды 5 Мүмкін
қаржылық мерзімді мерзімді қалыптастыру(қтәуекелділікте
жағдайының қаржылық қаржылық аржылыандырудырді талдау
анализі(талдауресурстарды ресурстарды қамтамасыз
ы) басқару қолдануды ету)
жоспарлау
Период бойыншаАғымдағы Жобаларға Қажетті Жобаны жүзеге
қаржылық есеп міндеттемелердақпараттар капиталды асыруда
берулерді і орындау үшінжинау анықтау тәуекелдік
құрастыру жәнеқолма-қол ақша дәрежесінің
талдау қозғалысын және
басқару оқиғалардың
даму
ықтималдығын
бағалау
Қаржылық а) ақша Әр түрлі Қаржыландыру
коэффициенттерқұралдары инвестициялық көзін анықтау
ді есептеу жетіспеген жобаларды (пайданы қайта
және талдау жағдайда – салыстыруға қаржыландыру,
уақытында мүмкіндік бағалы
несие алу беретін қағаздар
бағалаулар эмиссиясын,
жасау бағалы
қағаздар
формасын
таңдау)
Төмендегілердіб) ақша ИнвестициялаудҚорлардың
ң негізінде құралдары ың тәсілін жетіспеушілігі
шешім артық болған таңдау және жағдайында
қабылдау: жағдайда – ШҚТ-ға(Шешім бәрінен де
-көрсеткіштердқосымша табыс Қабылдайтын артығырақ
і динамикада табу үшін Тұлға) жобаны таңдау
салыстыру; айналысқа нәтижелерін
-бәсекелестерденгізу табыс ету
ің
мәліметтерімен
салыстыру.

[8, 26б.]
Қаржылық менеджментінің процесін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы
ретінде елестетуге болады:
1. ақша қаражаттарын (капиталдың) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын
анықтау;
2. ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін
таңдау;
3. қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес
жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын
жасау;
4. жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5. атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6. қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және
бағалау.
Жалпы, қаржы менеджері фирмаға қандай активтерді иемдену тиімді,
қалай олар қаржыландырылуы керек және бар ресурстарды қалай басқару қажет
деген сұрақтарға жауап бере отырып шешімдерді қабылдайды. Егер бұл
функциялар оптималды орындалып жатса, қаржылық менеджерлердің қызметті
капиталдың, табыстардың өсуіне, сондай-ақ инвесторлардың, басқа да
конрагенттердің және фирма қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға әкеледі.
Оның компетенциясына несиелік құралдарды және тәуекелділікті сақтандыру
сұрақтары да кіреді.
Төмендегі схемада фирманың қаржысын басқару процесі жалпы түрде
көрсетілген.[3, 59-60б.]

1.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің
нәтижелігінің салыстырмалы көрсеткіштері

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің
нәтижелігінің салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның қаржа қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және
оларды тиімлі пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің нәтижелігін сипаттайтын
көрсеткіштер жатады. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін
түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың
мүдделеріне сай топтастырады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің
табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдаумен кәспорынның қаржы
жағдайын бағалаудың міндетті болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын
қалыптастырудың факторлық ортасын сиппаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстылық көрсеткішетрі үш
топқа бөлінеді:
1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген
элементтері;
2)өнімдер;
3) ақша қаражаттарының таза ағымы негізінде есептелетін табыстылық
көрсеткіштері.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтерін пайдалану тиімділігі –
берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер
қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүліктерінің тиімділігін өлшеудің
бірден – бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы
көрсеткіштерінің бірі – табыстылық, яғни қаржылық қызметтің нәтижелік
коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға)
қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың
таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық нәтижелік коэффициеніне
талдау жүргізушілер:
- басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
- кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты
жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
- табысты болжау әдісі;
- шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған
капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу
мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған капиталдың табыстылық
деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді
көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ
мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Бұл көрсеткішті табысты болжау мақсатында пайдаланудың
тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен
байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарлатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялдық
шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай – ақ
шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылаумен бағалауда манызды роль
атқарады.Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір
орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы
нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге
немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде,
олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда
негіз болып табылады.
Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің
өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі
көзқарас кездеседі.Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және
активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады.Сандық фактор сомасы
бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің
орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы
жатқызылады.
Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша
өлшеу біршама қате, себебі оңы есептеудің математикалық формаласы дұрыс
және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастаң, ол көрсеткіштің экономикалық
мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойынша барлық ативтердің табыстылық
деңгейі – (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен
табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғаның көрсетеді. Осыған қарағанда,
неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскен
сайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған
капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне
тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көзқарас
әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның соңғы
жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты
қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып
саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Соңдықтан
да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердін табыстылық
деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп
есептейді:
1. кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі -
өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
2. жалпы активтердің айналымдылығы.
Бұл крсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде берілуі мүмкін:
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген (сату) өнмінің
табыстылығы активтер айналымдығы.
Шынында:

Таза табыс Таза табыс Өнімді өткізуден
алынатын табыс.
= *
Жалпы активтер Өнімді өткузіден Жалпы активтердің
орташа
дің орташа мөлшері алынатын табыс мөлшері

Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының
әрбір теңгесінен алынған таза табысы, өнімді өткізу табыстылығына және
кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдылығына байланысты болады.
Формула жалпы активтердің табыстылық деңгейін жоғарылату жолдарын
көрсетеді: сату табыстылығы төмен болғанда капитал мен оның элементтерінің
айналымын жылдамдатуға ұмтылу керек және керісінше, сол немесе басқа
себептермен анықталатын кәсіпорынның төмен іскерлік белсенділігі, өнімді
өндіру шығындарын азайту немесе өнім бағасын өсіру, яғни сату табыстылығын
өсіру негізінде теңестірілуі (орны толтырылуы) мүмкін.
Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылық деңгейінің
өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесі
аналитикалық кестені құрамыз.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал)
немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстық каэффиценті (жалпы
табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты
жүргізетінін көрсетеді.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш
кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын
қанша табыс алатынын көрсетеді:

Мұнда: Та – ағымдағы активтердің орташа көлемі.
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған
капиталдың табыстылық деңгеін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді
пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысын оның
меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті
капиталдың табысын коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына
формуламен анықталады:

Мұнда: ДСК – меншікті капиталдың табыстылығы;
Дч – таза табыс;
СК – меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып
табылады. Жак Ришар: Бұл көрсеткішті жеке кәсіпорынның қызметін талдаудың
түрлі жақтарын үйлестіруші, негізгі көрсеткіш деп айтуға да болады, - деп
жазады. Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік кампаниялардың акцияларына
баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады. Теледидар және
радио коментаторлары және мақала авторлары кәсіпорындардың тиімділігі,
бәсекелестігі және табыстылығы туралы айтқанда дәл осы көрсеткішті
пайдаланады.
Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (мөлшерлемесі) бұл өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың меншікті капиталдың айналымдылық
көрсеткішіне көбейтіндісінің нәтижесі. Ол келесі формуладан есептеліп
шығарылады:

Мұнда: - өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс (түсім).
Шетелдік арнайы әдебиетте меншікті капиталдың табыстылық деңгеінің
өзгеруіне әсер етуші факторларды талдаудың түрлі әдістемелері ұсынылған.
Жак Ришар келесі формуланы ұсынады:

(1) (2) (3)
(4) (5)

ЖТ (жалпы

табыстылық)
Мұнда: - жиынтық немесе жалпы табыс (таза табыс +
кредиторларға төленген пайыздар);
А – активтер құны (авансталған, жалпы, жиынтық капитал).
Формуладан көріп отырғанымыздай меншіктікапиталдың табыстылық
коэффициенті сату көлемінің табыстылығын барлық активтердің айналымдылығына
(жиынтық, аквансталған, жалпы капитал), меншікті иелерінің табысының жалпы
табыстағы салыстырмалы үлесіне және қаржылық көрсеткіштеріне көбейткенде
тең.
Бұл формула батыста кеңінен қолданып жүрген Дюпонның әйгілі
формуласымен үйлеседі. Ол жеке компанияның қаржылық есебін талдау барысында
қолданылатын, табыс көрсеткішін акцияларға қарапайым аналитикалық жүктеу
болып табылады:

Мұндағы:
- меншікті капиталдың табыстылығы;
- таза табыс;
- өнімді өткізуден алынған табыс;
А – активтер құны;
- меншікті (акционерлік) капитал.
Дюпон формуласындағы көбейткінтердің әрқайсысы дербес көрсеткіш болып
табылады. Осы формуланы пайдалана отырып талдау жүргізуші, тіөбекке
қосылған факторлардың қайсысы акционерлік капиталдың табыстылық деңгейіне
ең жоғары дәрежеде ықпал еткенін айта алады: өткізілген өнімнің әрбір
теңгесінен көбірек таза табыс алу, активтерді әлде қайда тиімдірек
пайдалану немесе кәсіпорынның жиынтық (аванствлған, жалпы) капиталының
құрылымдылық өзгерісі.
Осындай тәуелділіктерді зерттеу, қызмет нәтижесін жақсарту үшін
кәсіпорынның қаржы тетіктерін пайдалану мүмкіндігін және оның қаржылық
жағдайын бағалауда үлкен дәлелдеуші күштерге ие болады. Яғни, басқа да
осындай жағдайларда, акционерлік капиталдық қайтарылымдығы, жиынфтық
капиталдың құрамындағы қарыз қаражаттарының үлесі көбейген кезде өседі.
Меншікті капитал мен барлық активтердің табыстылық деңгейі
көрсеткіштері арасындағы айырма кәсіпорынның қаржыландыру көздерін
ынталандырумен байланысты. Егер қарыз қаражаттары осы қарыз капиталына
төленетін пайыздарға қарағанда көбірек табыс әкелсе, онда айырма меншікті
капиталдың қайтарымдылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда
кәсіпорын иелері, меншікті капиталдың табыстылық коэффицентін өсіру
мақсатында, әрине қарыздарға назар аударады: қаржылық оқулықта мұны Тетік
нәтижесі деп атайды.
Қарызға байланысты кәсіпорын иесінің іс әрекеті екі негізгі элементтің
ықпалында болады.
Бірінші элемент – бұл салық салынғаннан кейінгі өндіріс табыстылығының
нормасына байланысты қарыздар бойынша пайыздың мөлшерлемесінің салыстырмалы
деңгейі.
Қарыз капиталының табыстылық мөлшерлемесі, кредиторлар табысының қарыз
капиталына қатынасы ретінде келесі формула бойынша анықталады:

Д=

Кәсіпорынның инвестициялынған капиталына табыстылық мөлшерлемесі, таза
табыстың активтердің жалпы массасына қатынасы ретінде анықталады:
Да=
Да - активтердің табыстылығы;
Дч – таза табыс;
СH – салық мөлшерлемесі;
А- активтер;
1- СH – салық мөлшерлемесінің компанияға әсері.
Негізінде, мысалы, кәсіпорынның жаңа қарыздары болмаған жағдайда,
берілген кәсіпорын салық салынғаннан кейін 15%-ға өндіріс табыстылығына ие
болады, бұл кезде нарықтағы пайыздық мөлшерлеме 10%-ға тең. Осыған
байланысты, кәсіпкер, қ㦱ны төмен ақшаларды іске қосу арқылы меншікті
калиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру мақсатында, қ0рыз капиталы мен
тартылған капитал құнының арасындағы айырманы алу҃Р тырысады. Кәсіпкер Бұл
жағдайға назаЀ аудару мүмкін, себебі қаржылық шығындар азаяды және салықтық
үнемділік байқалады. Ссудалар боыйнша пайыз мөлшерлемесі келісім-шарт
нормасы болып табылады (біздің мысалымызда 10%), себебі берілген норма
салықтық үнем үлесіне қысқарады.
Мысалы, егер салық мөлшерлемесі 50%-ға тең болса, онда 10%-дың келісім-
шарт мөлшерлемесіне сәйкес келетін нақты мөлшерлеме 5%-ға тең, яғни қарыз
капиталының нақты мөлшерлемесі:
10% * (1-0,5) = 5% - ға тең.
Әрине, салық салынғаннан кейін өндіріс табыстылығы (рентабельділігі)
мен нақты пайыздық мөлшерлеме арасындағы бұндай қатынас негізінде, қарыз
мөлшерлемесіне тигізетін әсері арта түседі деп айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандай тетік нәтижесі математикалық формуласына
көрсетілуі мүмкін, оның жеңілдетілген нұсқасы келесі түрдей болады:

= + х

Мұнда: Да – активтер (капитал) табыстылығы;
ЭР – эксплуатациялық табыс (салықтар мен пайыздарды
төлегенге дейін);
П – ссудалар бойынша келісім- шарт көрсетілген жылдық пайыз
мөлшерлемесі;
Сн – салық салу мөлшерлемесі;
Д – қарыз міндеттемелері;
Ск - инвестияцияланған меншікті капитал.
Екінші элемент экономикалық белсенділіктің салыстырмалы жоғары
деңгейлі тұрақтылығын көрсетеді. Беілген формула бойынша угер салық
тоенгеннен кейінгі инвестициялангған капитал активтерінің табыстылық
коэффициенті мен салық толенгеннен кейінгі пайыз мөлшерлемесі арасындағы
айырма оң болса, онда тетік нәтижесі де оң болады. Егер активтердің
табыстылық деңгейі қарыз қаражаттарына төленетін пайыздарға қарағанда аз
бролатын болады,онда қарыз қаражаттары кәсіпорын қызметіне кері әсер етеді
деп бағаланады. Меншщікті капитадың тиімділігін арттыру үшін, қарыз
капиталын пайдаланудың дұрыстығы жөніндегі сұрақтарды шешуге мүмкіндік
беретін тетік нәтижесінің формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиіс.
Талдау жүргізуші түрлі көрсеткіштерді пайдалана отырып меншікті капиталдың
табыстылық мөлшерлемесін өсіру жолдарын көрсетеді.
Меншікті капиталдың табыстылық факторларын ашып көрсететін Жак Ришар
мен Дюпонның формуласына келетін болсақ, онда олар онша дұрыс емес, себебі
активтер құнының мееншікті капиталға қатынасымен анықталатын соңғы
көбейткіш авансталған (жиынтық, жалпы) капиталдың құрылымын сипаттамайды,
ол жиынтық капиталдың меншікті капталдан қанша есеге көп екенін көрсетеді.
Бұл формуладан меншікті табыстылық коэффициентінің осы қатынасқа тура
пропорционалды тәуелділігін көруге болады: ол неғұрлым жоғары болса,
меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесі соғұрлым көп болады. Бірақ,
жиынтық және меншікті капиталдың арақатынасы меншіктің шоғырлану
(тәуелсіздік, автономия) коэффициентімен шектелуі тиіс, оның мөлшері 0,5-
тен кем болмауы тиіс. Олай болмаған жағдайда кәсіпорын өзінің қаржылық
тәуелсіздігін жоғалтып алуы мүмкін. Біздің ойымызша, меншікті капиталдың
табыстылық деңгеінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдау үшін жоғарыда
аталған меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесінің формуласы

,

сондай-ақ тетік нәтижесінің формуласы жеткілікті болады. Біз жиынтық
капиталдың (авансталған, жалпы) табыстылық коэффициенті мен меншікті
капиталдың табыстылық коэффициентінің өзара байланысын анықтау қажет деп
ойлаймыз. Осы мақсатпен қаржылық талдау, тәжірибесінде келесі формуланы
қолдануды ұсынамыз:

Мұнда: - авансталған капитал құрылымын сипаттайды, оның мөлшері
1-ге тең, ал - қатынасы меншіктің шоғырлану (тәуелсіздік, автономия)
коэффициентінің деңгейін көрсетеді. Кәсіпорын активтерінің табыстылығы –
бұл өнімді өткізуден алынған табыстылық пен меншікті капиталдың
айналымдылық коэффициентінің көбейтіндісінің нәтижесі және
кәсіпорынның тәуелсіздік коэффициенті болып табылады. Тәуелсіздік
коэффициенті неғұрлым жоғары болса, активтердің табыстылық коэффициентінің
деңгейі соғұрлым көп болады, себебі соңғысы капиталдың қаржылық құрылымына
тура пропорционалды тәуелді.
Табыстылықтың маңызды салыстырмалы көрсеткішінің бірі бұл өндірістік
қорлардың табыстылық деңгейі болып табылады. Ол таза табыстың материалдық
айналым қаражаттарының қалдығы мен негізгі құралдардың орташа құнына
қатынасы ретінде есептеліп шығарылады. Сонымен, өндірістік қорлар құны,
сәйкесінше жыл басына және жыл аяғына материалдық айналым қаражаттары және
негізгі құралдар құндарын қосып, 2-ге бөлу арқылы анықтайды. Өндірістік
қорлардың табыстылық деңгейін талдау барысында А.Д. Шеремет ұсынған
факторлық талдау әдістемесі, көрсеткіштің алғашқы формуласы, табыстылық
деңгейін қалыптастырушы, шаруашылық қызмет тиімділігін арттыру және
өндірісті интенсивтендірудің барлық сапалы сипаттамасы бойынша жіктеуді
қарастырады. Деңгейді талдаудың факторлық үлгісі келесі түрде ұсынылады:

Мұнда: - өткізілген өнімнің еңбекақы сыйымдылығы;
- өткізілген өнімнің материал сыйымдылығы;
- өткізілген өнімнің амортизация сыйымдылығы;
- негізгі өндірістік қорлар бойынша өнімнің қор
сыйымдылығы;
- айналым қаражаттары бойынша өнімнің қор
сыйымдылығы;
Дч – таза табыс;
F – негізгі құралдардың орташа құны;
Е – материалдық айналым қаражаттарының орташа
қалдықтары;
- өткізілген өнімнің (сатудың) табыстылық деңгейі;
- толық өзіндік құн бойынша өткізілген өнімнен
алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.

Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса (негізгі қорлардың қор
қайтарымдылығы мен негізгі құралдардың айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары
болса, өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар мен экономикалық элементтері
бойынша (еңбек құралдары, еңбек материалдары) үлестік шығындары неғұрлым
төмен болса), өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары
болады. Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне
тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша
анықталады.
Тәжиребеде қаржылық салымдардың табыстылығы деп аталатын көрсеткіш те
қолданылады, ол бірлескен кәсіпорындарда үлестік қатысудан және құнды
қағаздар бойынша алынатын табыстардың, қаржылық салымдардың орташа құнына
қатынасы ретінде анықталады:

= +

Қаржы салымдарының табыстылық деңгейі кәсіпорынның инвестициялық
қызметті қагшылықты тиімді жүргізетінін көрсетеді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішпен қатар басқа да
көрсеткіш қолданылады, ол кәсіпорындарға инвестициялынған қаржыларды
пайдалану тиімділігін және бұл инвестицияларды басқару шеберлігін
сипаттайды. Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

Мұнда: - инвестиция табыстылығы;
- меншікті капиталдың орташа мөлшері;
- ұзақ мерзімді міндеттемелердің орташа мөлшері.
Бұл көрсеткіш кейбір жағдайда, таза табыс пен несиелер бойынша
пайыздар төлемін, ұзақ мерзімді міндеттемелер мен меншікті капитал сомасына
бөлу арқылы келесі формула бойынша анықталады:

Мұнда : - несиелер бойынша пайыздар төлемінің сомасы;

Мына формула бойынша инвестициялардың тиімділігін бағалай отырып,
компания активтері тек меншікті капитал есебіне ғана емес, сонымен, бірге
қарыздар берген инвестор-кредиторлар есебінен де қаржыланырылатынына көңіл
бөлінеді. Сондықтан да, таза табыс құрамына несиелер бойынша төленетін
пайыздар сомасы да енгізіледі.
Нарықтық жағдайдағы маңызды көрсеткіш – бұл негізгі қызметтен
алынатын табыс, ол келесі формула бойынша анықталады:

Мұндағы: - негізгі қызметтен алынатын табыс;
- өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
- кезең шығындары.
Мына бөлшектің бөлімі өткізілген өнімнің толық өзіндік құнын құрайды.

Бұл көрсеткіш тек қана кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін
ғана емес, сонымен қатар бағаның құрылу процестерінің тиімділігін
көрсетеді. Оны өткізілген өнімнің жалпы көлемі бойынша да, және оның жеке
түрлері бойынша да есептеу болып табылады.
Өнім бірлігінің табыстылығы, сату бағасы мен өнімнің өзіндік құнының
арасындағы айырманың жекелеген өнімнің өзіндік құнына қатынасы ретінде,
келесі формула бойынша анықталады:

Мұндағы: - жетелеген өнімдердің табыстылығы;
Р - өнім бірлігінің бағасы;
S - өнім бірлігінің толық өзіндік құны.
Өнім бірлігінің табыстылығы, жекелеген өнімдерді өндіру мен өткізудің,
өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа
тигізетін ықпалын анықтауға, сондай-ақ құрылымының тиімділігін бағалауға
мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш коммерциялық құпия болып табылады және де
ол, басқарушылық талдауды жүргізу барысында қолданылады.
Негізгі қызмет табыстылығының (табыс нормасы) тағы бір көрсеткіші –
бұл өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың мөлшерін
көрсетеді. Ол келесі формула бойынша анықталады:

Мұнда: - өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс.
Жалпы өнімнің, бұйым топтары мен оның жекелеген түрлерінің
табыстылығы, өнімнің сол немесе басқа түрлерін өндірудің табыстылығын
(зияндылығын) салыстырмалы талдауда, әсіресе өнімдердің өте көлемді
ассортиментін шығарушы болып табылады.
Өнімнің табыстылығының модификацияланған көрсеткіші – бұл сату
көлемінің табыстылығы, ол мына формула бойынша анықталады:

Мұнда: - сату көлемінің табыстылығы;
- жалпы табыс;
- өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
Сату көлемінің табыстылық деңгейіне өткізілген өнімнің құрылымының,
оның өзіндік құның және өнімді сату бағаларының өзгерісі жасайды.
Жекелеген өнімдер табыстылығының сату көлемінің жалпы табыстылығына
әсер ету бағасын, Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару
академиясының ғалымдары ұсынған талдау әдістемесін қолдану арқылы
белгілеуге болады, ол бойынша талдау келесі жүйеде жүргізіледі:
1) жалпы өткізу көлеміндегі әрбір өнім түрінің үлес салмағы
анықталады;
2) өнімнің жекелеген түрлерінің табыстылығының жеке көрсеткіштері
есептеледі;
3) жеке бұйымдар табыстылығының, оның орташа деңгейіне ықпалы,
барлық өткізілген өнімдер үшін, жеке табыстылықты жалпы өткізу
көлеміндегі бұйымдардың үлесіне көбейту арқылы анықталады;
4) шығарылатын бұйымның жеке табыстылығының өзгеруімен байланысты
ықпал, есепті кезең табыстылығы мен базистік кезең табыстылығы
арасындағы айырманы есепті кезеңдегі бұйым үлесіне көбейту арқылы
анықталады;
5) құрылымдық фактордың тигізетін ықпалы, базистік кезеңдегі
табыстылықты, есепті кезең мен базистік кезеңдегі бұйымдардың үлес
салмақтарының арасындағы айырмаға көбейту арқылы анықталады.
Талдау жүргізудегі негізгі ақпарат базасы – бухгалтерлік есептің
мәліметтері болғандықтан, талдаудың бұл түрі тек өнім түрлері бойынша
шығындардың аналитикалық есебін жүргізу барысында ғана мүмкін болады.
Мұндай талдау өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы
табыстылыққа жекелеген өнімдерді өндіру мен сатудың тигізетін ықпалын
анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиімділігін бағалауға мүмкіндік
береді.
Жекелеген бұйымдардың табыстылығының (рентабельділігінің) өзгеруіне
өзіндік құн деңгейі мен сату бағасы әсер етеді. Бұл факторлардың әсері
тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі.
Жеке бұйымның табыстылығын арттырудың негізгі фактор оны шығарудың
өзіндік құнын төмендету болғандықтан, оның калькуляция баптары бойынша
өзгеру себептерін талдауға басты назар аударылуы тиіс, сонымен бірге баға
қалыптасуының дұрыстығын зерттеуге де көңіл бөлінеді.
Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы ақша қаражаттарының таза
ағымының кұйылуы негізінде есептеледі. Мысалы,

Сату көлемі Авансталған капитал
Меншікті капитал

Соңғы көрсеткіштер кәсіпорынның кредиторлар, қарыз беруші және
акционерлер алдында қолма-қол ақша қаражаттармен өз міндеттемелерін
орындауы жөнінде мәлімет береді. Қолма–қол ақшалардың ағымы негізінде
есептелетін кеңінен қолданылады. Оның артықшылығы бар, себебі ақша
ағымдарымен жүргізілетін операциялар өндірістің қарынды түрінің маңызды
белгісі және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен экономикалық
кінәратсыздығының басты нышаны болып табылады.
Осылайша, біз кәсіпорын табыстылығының негізгі салыстырмалы
көрсеткіштерін қарыстырып, олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші
факторлардың талдап шықтық. Төменде айтылытын басқа да көрсеткіштермен
бірге бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метериалдық емес активтер мен негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы
Дебиторлық борыштың бухгалтерлік есебі
Меншікті капиталының есебі
Өндірістік кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырау мүмкіндігін төмендету жолдары
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының сыныптамасы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бизнесті моделдеу»
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Фирманың қызметін жоспарлау
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі туралы
Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау
Пәндер