Ақын мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
I тарау. Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығының
зерттелу тарихы
1. 1 Өмір өткелдері . . . 7
1. 2 Жұмекентанудың бел-белестері . . . 20
II тарау. Ақын мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясы
2. 1 Өнер адамның бейнесі . . . 27
2. 2 Көркемдік-жанрлық сипаты . . . 33
Қорытынды . . . 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 43-45
Кіріспе
Қазақтың көрнекті ақыны, «Менің Қазақстаным» әнұранының авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы аса бай әрі сан алуан. Ақынның өнері тақырыптық, жанрлық, көркемдік тілдік, стильдік тұрғыдан да жан-жақты, биік деңгейлі. Жұмекеннің өлең мұрасы нәзік те күрделі құбылыстардың қатарына жатады. Шығармашылығына жіті көзбен үңілген сайын жаңа қырлары, соны сипаттары, көркемдік көкжиегі кеңіп сала береді. Оның өлеңінің мазмұнынан сайын дала көрінісі, табиғат құбылыстары, қоғамдық ахуалдар, адам мен оның еңбегі жан-жақты көрініс береді.
Жұмекен Нәжімеденов! Бұл - көзі тірісінде-ақ онға тарта жыр жинағын, үш романын жарыққа шығарған қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы.
Ақын Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов 1935 жылғы 28 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келген. Ол әкесі Сабыр майданға аттанғанда бар-жоғы алты жасқа аяқ басқан ұл еді. Атасы Нәжімеден өмірден көрген білгені мол, онысын ән қып та айта алатын, жыр ғылып шертетін, әңгімелесе сыры мол, ауылына ардақты, аузы киелі, үлкен жүректі дана қария еді. Әжесі Бақытжамал одан қала қоймайтын. Бірақ олар Жұмекенді жалғыздан қалған көз деп үбектесе де үлкеннің алдын кесер дарақы, кісінің парқын түсінбес бос белбеу, бозөкпе, ез ғып өсірмеді. Қайта алдияр айтса болды, ағайын айтса көнді, жақсы мен жаманның ара жігін айтақсыз айыра білер ақыл - есті, көргенді болып деп тәрбиеледі.
Жұмекен Ашақ деген ауылында мектеп болмағасын ауылдан әжептеуір қашықтағы Қошалақта екі кластық бастауыш класты бітіреді де өз білімін одан да жырақ орналасқан Дыңғызыл құмындағы «Жас қайрат» сегіз жылдық мектебінде жалғастырады. Одан әрі әлгі айтқан аралдағы Ленин атындағы орта мектепті оқып бітіргеннен кейін 1954-1955жж. «Жас қайрат» сегіз жылдық мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді.
1955-56 жылдары Қарағандыдағы шахтада комбайнердің көмекшісі болып істеді. Қарағанында бір жыл жұмыс істеп, Алматыға барып үш жыл Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының халық аспаптар бөлімінде дәріс алады. 1959-65 жылдары «Жазушы» баспасында кіші редактор, содан кейін бір жыл «Лениншіл жас»газетінің әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі, 1966-71 жылдары Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарады. 1971-73 жылдары Мәскеудегі А. М. Горький атындағы Жоғарғы Әдеби курсты бітіреді. 1974-78 жылдары Қазақ Мемлекеттік кітап саудасы жөніндегі комитетінде редактор, содан кейін бес жыл «Мектеп» баспасының тарих және география бөлімінің меңгерушісі болып істейді. Ақын 1963 жылы Мәскеуде өткен Жас жазушылардың IV конференциясына делегат болып қатысты.
1965 жылы жазылған «Жоқ, ұмытуға болмайды!» деген дастандар жинағы үшін 1967 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
Тұңғыш кітабы «Балаусадан» (1961жылы) басталып «Менің топырағыма», (1985 жылға) дейінгі аралықта Жұмекен ақынның қазақ поэзиясындағы жеке әлемі қалыптасқан. Мұнда ақын «Өз көзімен» көріп ашқан «Күй» кітабы, «Жоқ, ұмытуға болмайды!», «Жарық пен жылу», «Жеті бояу», «Шуақ», «Ашық аспан», «Қыран - қия», «Темірқазаық» бар.
Ол поэзияға құрылымдық, мазмұндық, көркемдік тұрғыдағы жаңалығымен, өзіндік үнімен келді.
Жұмекен Нәжімеденов артына бес томдық өлеңдер мен дастандар жинағын, көптеген повестер мен әңгімелерін, аудармаларын қалдырды.
1966 жылы Сағдидың «Бустан» деген дастанын, 1973 жылы Түркия ақындарының өлеңдерін, 1980жылы Александр Блоктың «Зауал»дастанын, Лермонтов пен Маяковскийдің көптеген өлеңдерін, 1981жылы А. Вознесенскийдің шығармалар жинағын қазақ тіліне аударды. Ақынның өлеңдері шет елдер де басылды.
Жұмекен Нәжімеденов 1983 жылғы 22 қарашада жүрек сырқатынан қайтыс болды.
Бұл диплом жұмысы тақырыптық тұрғыдан да, құрлымдық жағынан да өзіндік өзгешеліктермен де ерекшеленді.
Тақырыптың өзектілігі: Жұмекен Нәжімеденов поэзиясының тереңдігі әлі ашылмаған, талданып зерттелмеген тың тақырып. Оған дәлел тақырыппен Қ. Юсуповтың авторлығымен бір ғана докторлық диссертацияның қорғалғаны. Осыдан кейін қазақ баспасөзінде ақынның мерейтойларына орай ақын - жазушыларымыздың естеліктері, ақынның қызы Сайда Жұмекенқызының редакторлығымен бірнеше естелік - кітаптар шығара бастады. Елбасымыздың «Менің Қазақстаным» әні «Әнұран болсын» деген жарлығы шыққаннан бастап Жұмекентану жұмысы басталып кетті.
Диплом жұмысының мақсаты: Жұмекен ақынның шығармашылығының тереңдігін ашып, өлең өлкесіндегі өзіндік орнын анықтау. Ақынның мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясын жыр жолдарына айрықша шеберлікпен сыйғызған ақын өнерін көпшілікке дәріптеу, өзіндік бағасын анықтау.
Дипломдық жұмысым екі тараудан тұрады.
Алғашқы тарауға «Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығының зерттелу тарихы» атауы берілген. Бұл тарауда ақынның шығармалар өлкесіндегі өзіндік өзгешеліктері, ой-философиялық ерекшеліктері, ол жасаған шығармаларындағы өмір жайлы толғаныстарының сыры ашылып баяндалады, Жұмекентанудың бел-белестері арқылы танылады.
Келесі тарауда «Ақын мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясы» Онда ақынның шығармаларындағы өнер адамның бейнесі, өнер тақырыбы құдіретті өнер саласы қазақтың күйшілік дәстүрі, сондай - ақ, қазақ күйшілері жайлы жан-жақты баяндалып, ақын жырлаған өлеңдер ғылыми тұрғыда талданады. Оның күй, күйшілік дәстүр жайында терең жырлауы, сол арқылы қазақ өнерін баршаға танытатын философиялық толғаныстар екендігі көрсетіледі, содан кейін ақынның шығармаларындағы көркемдік-жанрлық сипаты күрделі ой пайымдалады, жырында көркемдік ерекшеліктері кеңінен ашылып қарастырылады.
Сөз соңында Жұмекен Нәжімеденовтің қазақ әдебиетінен алар орны, әдебиетке алып келген жаңалықтары, соны ізденістері, ол жасаған поэзия тереңдік пен кеңістік деген ұғымнан тұратындығы, кейінгі бір замандарда ақын өлеңдері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, «тамырлары тереңде, бұтақтары биікте» болатындығы, қайсарлық пен өрліктің символы болатындай өр тұлғасы жайлы жан-жақты баяндалып қорытындыланады.
I тарау. Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылының зерттелу тарихы
- Өмір өткелдері
Өмір қашан да күрделі, бұралаң. Соқпағы мен соқтықпалы тұстары көп-ақ. Мұны ақындық өмірге қатысты да айтуға болады.
Жұмекен Нәжімеденовтің кейіпкері - қуатты жалынға балқыған жас, барын ортаға салмақшы ниет - тілегі, жастықтың есеюі, байсалдықтың бастамасын аңғартады. Поэзиясындағы азаматтық әуен де сол батыл күрес жолынан тумақ.
Шын ақынның жалған айтуы, қылымсып қылымындауы, жағымпаздануы мүмкін емес. Ол төгіле, бере жырламақ әрқашан. Қазақ өлеңінің құдіретіне жаңа жаза бастаған, қаламы қалыптаспаған, тіпті қаламы қалыптасқан мықтымыз дегендердің сиынбайтыны, табынбайтыны жоқ. Сол Абай алдында ақын ақжарланып тұр. Ол есейіп қызыл-жасыл қыздырмалы күндерден ойша қалыпқа біржола ауысардағы сұқбаттасу іспетті! Қоңыр кеште өзін-өзі іздеп шыққан ақын жылдар самғап, жырлар самғап, бәрі неше қилы аударыспаққа түсіп жатсада, өзгермей түйе жүнді шекпенімен биік тұғырда тұрған ұлы бейнеге көп сыр айтады, көп мұң айтады.
Ақынның жеке басындағы хал болмаса керек. Өлеңде түр, жаңалық ашамыз деп сән қуалаушылар да дүркін етіп бой көрсетіп қалады. Қара өлеңді қақ шекесінен балталаса да, ат айналып қазығын табардың кебін кигендер қаншама?
Жұмекеннің мраморға жазылар өлең жолында екені айқын. Оның ойлары алмас қылыштай өткір, теңеулері алтын жүзіктей жалт -жұлт еткен жаңа, тұңғиықтың маржанындай тың, ұйқасы да шебер, тапқыр. Көркемдеу құралы мықты, бояулары ашық. Сүйіп жазар, ұйып жазар тақырыптары - өмір проблемалары, адамгершілік пен адалдық, бейбіт күн тіршілігі мен уақыт сыры. «Елікпеңдер, ей, жігіттер, қызбаңдар» деген өлеңінде адамдарға «өмір жақсы екен деп оған жеңіл қарауға болмайды» деп орынды ескерту жасайды.
«Елікпеңдер, ей, жігіттер, қызбандар,
Өмір деген - гүл шоғы емес, қызды алдар.
Көктем ғой деп көкілдеме көйлекшең,
Мына күннің артында әлі ызғар бар.
. . . Жаза тұршы, күдікші ой, жүдеу жыр,
Күдік кейде таяныш бір, тіреу бір.
Шыңғысханның садағын ап біреу жүр,
Гитлердің мұртын қойып біреу жүр»-
Жырда адамға қамқорлық жаңашырлық басым. Ал, қауып - қатерден сақтандыру, бейбіт те жарқын тіршілікті көздің қарашығындай қорғауға шақырған ой өз алдында. Енді бір өлеңінде ол осы ойды былайша ашық айтады.
Бұлақ - мезгіл сырғыса,
Мен тамырға қарамайймын.
Сынап түссе бір бұта
Қабырғама қараймын.
Уа, туған жер, шүкірсің!
Топырағыңа киелі
Бір есуас түкірсе,
Ол - бетіме тиеді.
Елін, Отанын беріле сүйген адам үшін оның әрбір бұтасы, бір уыс топырағы да ерекше қымбат. Бұл балауса балғын тыныштық пен таза саумал самалды тілеген шұғылалы ұран.
Жұмекен - ақынның өлеңдерінде үлкен өміріміздің алуан қыры, саз сыры өзіндік ою - өрнегімен ойшыл - сыршылдығымен ерекшеленеді. Өлеңді алдымен өз жүрегінде жазып алып, ақын содааан соң барып қағаазғ түсіретін секілді. Өлең жазуымен өмір кешіп келе жатқан, өлең алдымен өз сананда жазылады. Сонан соң қағазға құйылады. Жүректе пайда болып, сананда жазылған жыр ғана оқырманның көзіне қуааныш, көңіліне нұр сыйлайды.
Тайға таңба басқандай ұрымтал, ойларымен қабат қарапайым болайын деп жөнсіз жүдеп, орынсыз егіліп кететін сәттері де жоқ емес. Жадында ол ақынның ойшыл болуға бар жанын салар ниетіндегі көлеңкелі қатарластың өзі елей бермейтін ықпалы болар. Мәселен:
«Ақын болды десе де жасында әйгі,
Қақ жартысы жырымның басылмайды.
Бір сөзім бар - бәрібір айтылмайды,
Бір есігім бәрібір ашылмайды,
Бір сөзім бар - бәрібір айтылмайды,
Бір есігім бәрібір ашылмайды»
Мұнымен ақын не айтпақ болды екен. Сұрақ егер жырының жартысы басылмаса, оның қажеті болмағаны-дағы. Қажеті болмаған дүниенің дүнием бар еді деп жар салу неге керек? Ақынның ғұмыр бойы айтпауға бекінген сөзі болса, жұрттан жасырған сыры да. Бұл да - ақынның өзіндік бір ерекше қасиетті болмақ. Жұмекен Нәжімеденовтің басты еңбегі поэзиялық, прозалық, лирикалық шығармаларында өмір шындығы жазылған. Жұмекеннің ақындық ерекшелігін, шығармашылық эволюциясын, өсу-өрбуін, жеткен биігін пайымдадық.
Жұмекен Нәжімеденов - соғыс тақырыбына ерекше шығармашылық толғаныспен қараған суретткер.
«Ақынның өмірді зерттегені - алдымен өзін зерттегені» - депті
Мұқағали Мақатаев күнделігінде былай көрсетілген еді [7, 11 ] . Осындай өмірді зерттеу арқылы өзін зерттеген ақындардың бірі - Жұмекен Нәжімеденов. Шығармашылық жолының басынан аяғына дейін тынымсыз қаламгерлік әрекет үстінде болды. Оның суреткерлік сапары өлеңмен басталып, өлеңмен аяқталады.
Жетпісінші жылдардың басында поэтикалық таңдамалы шығармалар жинағын шығарғаннан кейін, прозаға ойысты. Жаңа жанр саласында да Жұмекен табыссыз болған жоқ. Алайда ақын өзінің сүйікті жанры поэзияға қайта оралып, өмірінің ақырына дейін бес кітап ұсынды. Жұмекен ақын ретінде оқырмандар назарына ерте ілініп, алғашқы өлеңдер жинағынан - ақ әдебиет сүйгіш қауымнан жоғары бағасын алды.
Ақынның шығармашылық жолын үш кезеңге бөлуге болады. Поэзиялық туындылары бірінші және үшінші кезеңдердің үлесіне тиеді. Бұл екі кезеңнің арасында аспан мен жердей алшақтық жоқ. Бір - бірімен өте жақын және табиғи байланыста. Оларды табиғаттастыратын және байланыстыратын ақынның тоқырап, талуды білмейтін таланты мен еңбекқорлығы. Ол қай -қай кезеңде де табиғи ақындық мінез -тұрпатынан көрінді. Ұзақ шығармашылық жолдағы аздаған іркілістері оның бүкіл ақындық жолына ешқандай нұқсан келтіре алмайды.
Жұмекен лирикасында азаматтық әуеннің басымдылығы көрінеді. Еңбек, соғыс пен бейбітшілік, туған жер, махаббат, табиғат, бала-перзент, өмір философиясы басты тамырлар.
Ақынның лирикалық кейіпкері өмірге парасаттылықпен барлай, бақылай, салмақты қарайтын, оған баға бере, заманды жан -жүрегімен түсіне білетін азамат.
Лирикалық кейіпкер өмірдің қайшылыққа толы, тартысты күрделі процесс екенін ұғынған. Ол қай мәселеде қалай толғанса да, оқырманның сезім пернесін дәл басып, оның өмірге деген көзқарсына әсер етеді. Ақынның әр өлеңі оқырманның «Көкірек көзін» ашады.
Жұмекеннің лирикалық кейіпкері заман алдындағы жауапкершілігін мықты сезінетін адам. Оның қатты алаңдап, түн ұйқысын төрт бөле тынышсызданатыны - от басы, ошақ қасының мәселесі емес, бүкіл әлемдік, адамзат баласына ортақ проблемалар. Ол - планета тыныштығын тілейді. Бүкіл адамзат баласының бесігі, ортақ үйі - жер шарын аман сақтауды ойлайды. Адам адамзаттың назарын жер тағдырына байланысты екі мәселеге аударады: бірі - тіршілікті қырып-жоятын қарудың қаупі, екіншісі - әлемнің тыныштығын ала бастаған экологиялық зардап. Осыларды шығармаларының түйінді ойларының тірегі ете отырып, жұртшылықтың сезім-күйлеріне ықпалды әсер етіп елендетеді. «Сынып түссе бір бұта, қабырғама қараймын» - деп, Жұмекен Нәжімеденов бүкіл әлемге дабыл қағады.
Ақын өмір философиясына, құпия сырларына тереңдей алатындығын байқатты. Тіршілік тылсымдарына үңіліп, адам іс -әрекетіндегі,
болмыс - психологиясындағы жағымды - жағымсыз, қонымды - қонымсыз заңдылықтар-ды ашумен болды.
Ақын белгілі бір тақырып айналасында жан-жақты ұзақ толғанысқа түседі. Сол әңгіме тиегі болған нәрсенің бүге-шігесіне дейінгі тартысты жайларын көрсетіп, үлкен философиялық ойға әкеліп тірейді.
«Жұмекен дастандарының композициялық құрлымы мен сюжет желісінен бастап, шындықты шынайлау, образдарды мінездеу мен мүсіндеу секілді суреткерлік әрекеттерінің бәрінен анық танылады.
Жұмекен Нәжімеденовтің дастандары түрлі -түрлі: кең диапазонды толғау түрінен лирикалық поэмаға ұласып жататын туындылар бар.
Ақын, әсіресе, лирикалық дастан жазудың шебері. Оның шеберлігі публицистикалық және философиялық поэмаларынан айқын көрінеді. Ақын қозғаған проблемаларын қоршаған болмысымыздағы көптеген шынайы фактілермен дәлелдейді. Мұндай дастандарда заман, болмыс, тағдыр бейнелері жасалған. Ақын шалқар шабытқа бөленіп, ой мен сезім ұштасқан көркем де айшықты суреттеулер мен философиялық толғаныстар арқылы оқушыға эстетикалық нәр береді, болашаққа жігерлендіреді, жүректерге үміт отын жағады» депті Қадыр Юсупов дисертациясында
[1, 240 ] .
Қазақстанға байланысты дастандарды алсақ, қазақ халқы өмірінің белес-белестеріндегі тарихи беттер баяндалып жатады. Белгілі тарих көркем өлең кестесімен қайта мазмұндалғандай әсер қалдырады. Мұның бәрі әдебиетіміздің, соның ішінде поэзияның шеберлену, жетелеу жолындағы ізденістері деп танимыз. Ақындар ондап саналатын жылдар өткен сайын жаңа, соны жылдар тарапында осындай ізденісімен мінез байқататын Жұмекен Нәжімеденов екені сөзсіз. Әдебиетіміздің ұзақ желілі поэтикалық шығармаларында баяндаулар басым жататын, ал баяндау алға түскен, салмағы ауырлаған шақта сезімнің күні бір уыс боп, мүшкіл хал кешеді. Ал Жұмекен осы тайқы басқан тұсты байқап қалғандай. Ол сондықтан да алғашқы дастандарынан бастап - ақ суреттеулерге бой ұрып, оқырман жүрегін қытықтайтын соны детальдар табуға тырысып бақты. Дастандар сатылап туған сайын осы үрдіс ақын туындыларында молырақ орын ала берді. Әрі бұл суреттеулер оқырманды ойға жетеледі, тереңге сүңгітті. Бұл ақынның шығармашылық абыройын күннен - күнге арттыра берді.
Жұмекен Нәжімеденов он төрт дастан жазған. Оның бұл жанрдағы туындыларында алуан түрлі өмір, шындық қамтылған.
«Ақынның 60-80 жылдарда дастан, поэма секілді кең көлемді жанрлық түрлерін байытып, оларға мазмұн жағынан да, пішін жағынан да айта қалғандай жаңалық қосушылардың бірі.
Оның «Кішкентай» атты тұңғыш поэмасы ақындық өнер туралы жазылған.
Бүкіл адамзатқа апат әкелген 1941-45 жылғы соғыс ақынның бала кезінде сәбилік жүрегінде дақ салған, санасына өшпес із қалдырған оқиға еді. Талант қиялында тамыр жайған осы тақырып Жұмекеннің ақындық үні анық естіле бастаған шағында дастандар циклі болып дүниеге келді, олар: «Қанды сүт», «Көзсіз батыр», «Келін», «Соңғы махаббат». Ол өткен заман өміріне, тарихқа да зер салды. Оның тарихи тақырыпқа жазған «Менің әкем», «Жаңғырық», «Ақ қайың» атты дастандары бар.
«Менің әкем» - тарихи-публицистикалық дастан. Мұнда ақын сан ғасыр бұрын өмір сүрген бабаларымызды да «әке» дейді. Бабаларымыздың, аталарымыздың, әкелеріміздің жиынтық ірі тұлғасы «әке» бейнесінен сомдалған. «Әке» ұғымы «қазақ» деген ұғымға ұласып, ортақ мағына табады. «Әке-қазақ» образы дастан діңгегі. Ақын «менің әкем» дастанымен қазақ халқының әлем алдындағы тұрлаулы тұтас тұлғасын жасаған. Қаншама қиын тағдырды бастан кешірсе де, құдайдың пешенесіне жазғаны қой бағу бола тұра қазақ өзінің ересен еңбегі арқылы бұлыңғыр ғасырлар түкпірінен бүгінгі күнес тіршілікке талмай жетіп, қазіргі өркениетті елдер деңгейіне көтерілгенін ақын мақтаныш сезімімен жырлайды.
«Қыран қия» дастаны - ерекше бітімді шығарма. Оның ерекшелігі сол-дастан ақынның алуан философиялық толғаныстарынын сарқып құяр сағасы. Мұнда автор аса мағыналы екі ұғымды бүкіл поэмаға тұтасқан желі, арналы арқау етіп тартады да, идеялық тұқыр етіп алады. Олар - биіктік пен тереңдік: табиғаттағы асқар биіктікті адам өміріндегі астарлы биіктікке, табиғаттағы заттық тереңдікті адам өміріндегі символдық тереңдікке балайды да бағамдайды. Таудың қия биіктігіне адамның рухани өмірі әрі іс-әрекетіндегі асқарлығы, адамшылық шынайлығы мен тазалығы, адам баласының биік идея үшін күрестегі ерлігі егізделеді; мұхит, теңіздердің тереңдігіне адамшылық рухы мен ақыл-ойындағы тұңғиық тебіреністі, әрі рухани ғылыми ой-толғаныстардың ақыл тұңғиығынан шымырлай шығуы шендестіріледі.
Ақын осы екі ұғымды адам өміріндегі ең құдіретті күш, қастерлі қасиет деп бағалайды. Адамзат тарихындағы мұндай ұлы қасиеттердің кімдерде болатынын бажайлат, оған эстетикалық экскурс жасайды. Тіршілікте әр пенде осы қасиеттерді бойға дарытуды армандайды, соған ұмтылады, бірақ бір өкінішті жері осы мақсат ылғи орындала бермейді. Себебі бұлар адам атаулыға оңай олжа салатын, ғайыптан пайда бола қалатын қасиеттер емес. Ол адамдардың адамының ғана пешенесіне жазылады. Адам «ер боламын» деп ерлікке жете бермейді, «ақылды боламын» дегенмен ылғи ақылды бола алмайды. Бұлар жалаң тілектен тумайды. Ерлікті-биіктік, ақылды-тереңдік десек, олар оңай тауып болмайтын құбылыс; жерден де шықпайды, аспаннан да түспейді. Оны тұрмыс-тіршіліктін, болмыстын жемісі деп білген жөн. Адамның тумастан ерлікке бейім, немесе ақылға кемел жаратылуынан деп топшылайды ақын. Адамдар арасындағы бір туар таланттар, ерекше қасиетті адамдар - адамзатқа тартқан табиғат сыйы, табиғаттың өзі жаратқан, яки туа біткен биіктік пен тереңдік тек соларда ғана. Табиғат жаратқан таулар қалай биік, теңіздер қалай терең болса, төбелер аласа, көлдер тайыз. Адамдар да сондай, биіктік пен тереңдік бірінде болса, бірінде жоқ. Ақын осы шыңдықты шынайы детальдар арқылы сөзбен сурет сала отырып, жан тебірентер тереңдік һәм биіктіктен аса шебер жырлайды [ 1, 36-37 ] .
Жымиып бір күлген шақта мұртыңнан,
Желкіл қағып жез шудалы күн туған.
Кезінде бір көнілің биік ұмтылған
Көмейіңнен көкке атылып шың туған.
Шығып кеткен шағында өз ырқыңнан
Тасқын туған тар шатқалда жұлқынған.
Осылайша астарлы айшықтармен Жұмекен табиғаттың табиғи туындылары секілді биік қасиеттердін қалай пайда болатын сапалық сипатта бағамдайды. Ақын адамның мәңгілік өмірінің осындай қасиеттеріне топастық, тоңмойындық, тоғышарлық бөгет болатынын, бірақ оларды «Биіктік құлатады, тереңдік батырады» деген әдемі түйін түйеді.
Дастан жаңалығымен, тақырыбының сонылығымен, идеясының нұсқалығымен, философиялық тереңдігімен, тілінің шырайлығымен оқырманға Нәжімеденов шығармашылығынан ерекше орын алады» депті Қадыр Юсупов [ 1, 24 ] .
«Поэмалар Ж. Нәжімеденовтің ақындық тегеуірінін әбден танытқан шығармалар, - деп жазды Әбіш Кекілбаев [ 11, 390-400] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz