Қазақстанда халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік-саяси жұмыстар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І-тарау: Қазақстан Республикасы әлеуметтік саясатының еңбек

қатынастарын реттеудегі ролі

1. 1 Әлеуметтік саясаттың халықты еңбекпен қамту саласындағы

мазмұны және негізгі бағыттары

1. 2 Республикада еңбек рыногының жүмыспен қамтудағы және

реттеудегі маңызы мен рөлі

2. Қазақстанда халықты жұмыспен қамту саласындағы реформалардың негізгі бағыттары

2. 1. Жұмыссыздық - әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде

2. 2 Еңбекпен қамту органдарының жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау

қызметінің мазмұны

2. 3 Жұмыссыздықтың - әлеуметтік-экономикалық және психологиялық салдары және реттеу жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастыққа қосылудың экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани бағыттарын түбірлі реформалар арқылы жүзеге асыруда. Әрбір адамға мемлекеттік деңгейде өмір сүруге кепілдік беретін азаматтық қоғам құру процесі жүруде. Өтпелі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуында болып жатқан реформалар қоғамның әртүрлі топтардың рольдері мен көзқарастарының өзгеруіне әкеліп соқты.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың 1995 жылдың 19 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы түрғындарының әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы», - атты еңбегінің маңызы өте зор.

Әлеуметтік топтарының ортақ міндеттерін шешуге Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы Жолдауындағы индустриалдық-инновациялық стратегиясының маңызы өте зор болды. Құжат халықтың әлеуметтік мәселелерін шешудің тиімді әдісі индустриалдык-инновациялық дамуы жолында екенін айқындап берді.

Қазіргі қоғамда меншіктің өзара тең, сан-алуан түрлері пайда болуда, қоғамның әлеуметтік қүрылымында жаңа таптар мен топтар, жіктер қалыптасуда. Сөйтіп, оның әлеуметтік құрылымы елеулі өзгерістерге ұшырауда. Халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайы Қазақстан Республикасының қазіргі нарықтық қатынастар кезеңіндегі әлеуметтік саясатының басты факторының бірі болып саналуда.

Еліміздің индустриалдық-иновациялық даму бағдарламасының мазмұны республика халқының тұрмыс-салтын, әл-ауқатын, рухани мәдениетін көтеру проблемасы экономиканың қарқынды дамуымен азаматтардың интеллектуалдық біліктілігімен, терең білім деңгейімен,

ғылыми-өндірістік жаңашылдығымен, ұжымдық жауапкершілік сипаттарымен байланыстырылды.

Республика аймақтарында халықты әлеуметтік қорғаудың бағыттары анықталды, оны жүзеге асырудың құқықтық шаралары белгіленді. Жаңа кезеңге арналған халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы жасалынды. 2008 жылы әкімшілік басқару кезеңінде ұмыт калған тетігі іске қосылды. Енді Республикада жұмыс беруші мен жұмыс істеуші және мемлекет тарапынан арнаулы сақтандыру қорлары қүрылуда. Жұмыс істеушілерді кездейсоқ каржыландыру ауыр жағдайларда аталған қорлардың қызметі болып табылады. Жұмыс істеуші және жұмыс беруші, заң бойынша қорға ай сайын сақтандыру жарнасын аударады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстанда халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік-саяси жұмыстар»

Зерттеудің өзектілігі: Республикада нарықтық қатынастардың
қалыптасуы дәстүрлі шаруашылықтарының құлдырауымен, жұмыссыздықтың өсуімен, адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен сипаттау.

Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиясында адам ресурстарын дамытуға, оның ішінде әлеуметтік мәселелерге айрықша көңіл бөлінген. Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін ұзақ мерзімді басымдық болып табылатыны - стратегиялық міндеттер қатарында.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы жаңа индустриалдық даму кезеңінде бәсекеге қабілетті еңбек саласын реттеу, стратегиялық мәселе болып табылады. Нарықтық қатынастардың дамуы еңбек рыногында жұмыс күшінің сұраныс пен ұсынысын талдап, еңбектің ұлттық және аймақтық нарықтарын қалыптастыру мен реттеудің ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігін туғызды.

Қазіргі нарықтық экономика мен әлеуметтік әділеттілік негізіндегі жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында сан алуан оқиғаларды бастан кешіріп отырған бүгінгі тіршілігінің негізгі мақсаты - мемлекеттегі әрбір азаматтың ауқатты өмір сүруімен, өркениетті тұрмысын қамтамасыз ету. Бұл еңбек қүқығындағы адамдардың мүдделеріне мемлекет тікелей әсер ету керек екендігін көрсетеді, сонда ғана әлеуметтік бағыттылық орын алады.

Қазақстан Республикасында жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешу, халықты еңбекпен қамту үшін экономиканың басты салаларын нарық жағдайына бейімдей отырып, өтпелі кезеңде белең алған жұмыссыздық пен кедейшілік шегін төмендету күн тәртібінде өзекті мәселеге ие.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

  • Республиканың еңбек нарығы жағдайында жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық формаларын және халықты еңбекпен қамту процестерін реттеудің әдістерін көрсету;
  • Жұмыссыздардың әлеуметтік-экономикалық, моральдық және психологиялық салдарының мазмұнын талдау;
  • Қазақстан Республикасында жұмыссыздарға әлеуметтік көмек беру мен қызмет көрсету шараларын ұйымдастырудағы қызмет формаларын көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

  • Еңбек нарығындағы халықтың жұмыспен қамтылуының мәселелерін талдау;
  • Жұмыспен қамтуды кезеңдерге бөліп көрсету;
  • Болашақ мамандарды жұмыспен қамту мәселелерін талдау.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасы халқын жұмыспен қамту, оларды әлеуметтік қорғау мен көмек көрсету.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Қазақстан Республикасы халқын жұмыспен қамтудың қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметі, қүқықтық-нормативтік актілерінің мемлекет тарапынан қолдау көрсету, жұмыссыздықтан қорғау әдістері, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудегі маңызы мен рөлі.

Зерттеудің теориялық-методологиялық негіздеріне байланысты материалдар мен құжаттар:

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясы» (Негізгі Заңы) -Алматы, 1995;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы, 21 маусымдағы «Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы»;
  • Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы. (1991) ;
  • «Қазақстан 2030» стратегиясы. - Алматы, 2005 жыл;
  • Президент Н. Ә. Назарбаевтың Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде оқыған дәрісі. - Астана, 2006 жыл;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің және нормативтік заң актілері мен қаулылары, құжаттары (1991-2005 ж. ж) ;
  • «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №836 Заңы;

Зерттеу әдістері: Әдіс - мәліметті жинаудың, сұрыптаудың және талдаудың негізгі жолдары. Әлеуметтік жұмыста қолданылатын әдістер: талдау, синтез, бақылау, эксперимент және т. б қолданылады. Жалпы ғылыми әдістемелермен бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты социология (сауалнама, социометрия әдісі), психология (тест әдісі), педагогика ғылымдарының әдістері пайдаланылады.

Халықты жұмыспен қамтуды зерттеуде социологиялық әдістер, яғни ақпаратты жинақтау, талдау колданылады. Зерттеудің социологиялық эмпирикалық әдістеріне: құжаттарды сандық талдау әдісі, сауалнама, сұхбатты жатқызуга болады. Статистикалық құжаттар, сандық мәліметтер кесте түрінде көрсетілген. Мәселен, еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейін, динамикасын зерттеу үшін бұл мәліметтердің маңызы өте зор.

Зерттеу әдістерінің маңызын ашуда социологиялық ақпарат жинауға баса назар аударылды. Бұл зерттеу жұмысында сауалнаманың жабық түрі пайдаланылды.

Зерттеу базасы: Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық ғылыми әдебиеттер, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар облыстық департамент, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құжаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары.

Дипломдық жүмыстың қүрылымы: Дипломдық жұмыстың құрылымы мына төмендегідей:

  • Кіріспе;
  • Негізгі бөлім екі тараудан тұрады:
  1. I тарау - Қазақстан Республикасы әлеуметтік саясатының еңбек қатынастарын реттеудегі ролі;
  2. II тарау - Қазақстанда халықты жұмыспен қамту саласындағы реформалардың негізгі бағыттары;
  • Қорытынды;
  • Қолданылған әдебиеттер тізімі;
  • Қосымшалар.

Жұмыстың I тарауында халықты жұмыспен қамтудың мәселелері қаралып, жұмыспен қамту мемлекеттің әлеуметтік саясаттының басты құрамдас бөлігі екендігі, еңбек рыногының жұмыспен қамтудағы және реттеудегі маңызы сипатталды.

Жұмыстың II тарауында Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту органдары қызметінің мазмүны, формалары мен әдістері талдаудан өтті; басқару органдарының және еңбекпен қамту мекемелерінің ұйымдастырушылық-саяси жұмыс әдістеріне назар аударылды; әкімшіліктерде кедейшілікпен күрес бағдарламасының іске асрылуы жайлы көрсетілді.

Қорытынды бөлімде дипломдық жұмыстың негізгі қорытынды түйіні, зерттеу нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қолданылған әдебиеттер тізімінде зерттеу жұмысына негіз болған әлеуметтік-саяси әдебиеттер, оқу-әдістемелік қүжаттар, бұқаралық ақпарат

құралдарының тақырыпқа байланысты өзекті материалдарына шолу жасалынды.

Қосымшада халықты жұмыспен қамтудың әлеуметтік-экономикалық түйінді мәселелері, аймақтар бойынша жұмыссыздардың сандық және сапалық деңгейі, оларға бөлінетін қаржының мөлшері, еңбек рыногының негізгі көрсеткіштері кесте түрінде көрсетілген.

І-тарау: Қазақстан Республикасы әлеуметтік саясатының еңбек

қатынастарын реттеудегі ролі

1. 1 Әлеуметтік саясаттың халықты еңбекпен қамту саласындағы

мазмұны және негізгі бағыттары

Кеңес одағы құлағаннан кейін Қазақстан халқы және бұрынғы одақтас республикалар дамудың өте қиын, күрделі жағдайын басынан өткізді. Бұл жағдай нарықтық экономиканың алғашқы зардаптары адамдар өмірінің барлық саласынан көрінді. Әлеуметтік, экономикалық мәселелер тоталитарлық жүйе кезеңінде жылдар бойы шешілмеді, еңбек қатынастарын реттеу өктем әкімшілік саясатпен жүргізілді.

Трансформацияның келеңсіз кезеңі бүкіл қоғамға кері әсерін тигізді. Себебі өндірістің қүлдырауы, бұрынғы экономикалық байланыстардың жойылуы халықтың тұрмыс-тіршілігінің төмендеуіне, табыстың азаюына әкеліп тіреді.

90-шы жылдардың басындағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың қалыптасуы өндірістің тоқырауы мен инфляцияның өсуін тездетіп жіберді. Бұрынғы жылдардағы қалдықты қаржыландырудың әлеуметтік салада сақталуы жүйелі дағдарыстың болатынын аңғартып тұрғандай еді. Бұған қоса адамдардың жаңа реформалар төңірегінде дер кезінде насихат, ақпарат беру жағында кемшіліктер аз болған жоқ. Көптеген кеңестік психология да адамдарға өз әсерін тигізбей қалмады. Экономиканы либерализациалауға, одан тиімді нәтижені тезірек алуға көп үміт артылды. Бірақ, экономикалық реформаның бірінші кезеңінің әлеуметтік жағы келеңсіз құбылыстар әкелді. Бұл іске асырылуға тиісті реформалардың әлеуметтік бағытын қарастырмады, мүмкіндіктер мен ресурстарға сәйкес келмеуінен де орын алған құбылыс еді. Экономикалық өзгеріске қазақстандықтардың төлеген құны алғашқы жылдары ешқандай нәтижеге жеткізе алмады.

Сол кездегі басты проблема, әлеуметтік-экономикалық, тепе-теңдіктің бұзылуы, соның нәтижесінде адамдарға тиісті еңбекақының мерзімді төленбеуі, өндірістің жабылуы, табыстың азаюына, жекешелендіруден түрғындар арасында байлар мен кедейлер сияқты жаңа топтың пайда болуына әкелді.

Кірістің төменгі деңгейі ҚазССР-ның 1991 жылғы еңбекақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік кепілдік және төменгі еңбекақы туралы Заңында белгіленді. Заңның мазмұнында ең төменгі еңбекақы бюджеттің төменгі қолданысымен сэйкес болуы деген анықтама берілді. Бірақ, сол қиын кездерде жасалған заңнамалық нормалар қағаз жүзінде қалды, Қазақстанның көптеген аймақтарында бағаның өсуі, еңбекақының төленбеуі кедейлердің санын көбейтті. 1991-1993 жылдарда жұмыссыздық қалыптасып кедейлер қатары көбейе түсті. Ел бюджетінің негізін толықтыратын салық көлемі азайып кетті, осыдан әлеуметтік теңсіздік ұлғая түсті.

1992 жылы құрылымдық өзгерістерге байланысты өндірістер қысқартуға, банкротқа жиі ұшырады, еңбек адамдары ешқандай кепілдіксіз мерзімсіз демалыстарға жіберіліп отырды. Осының салдарынан республиканың еңбек нарығында күрделі жағдай қалыптасты. Ашық түрдегі жұмыссыздар саны аз болып есептелді де, жасырын түрдегі жұмыссыздар пайызы өсумен болды. Сөйтіп, ұзақ мерзімді демалысқа жіберілгендер қатарына жатқызылды және олар жұмыссыз деп саналмады. Сонымен бірге көптеген кәсіпорындар жойылуына немесе ешқандай төлемақысыз жұмыс жасауға мәжбүр болды. Мемлекеттік әлеуметтік көмектің қысқаруына байланысты ашық түрдегі жұмыссыздар саны күрт өсті. Мәселен, 1992 жылы 33681 адам, 1993 жылы 40514 адамдар жұмыссыздар болып тіркелді. Олардың саны республиканың көптеген облыстарында, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстанда 1991-1995 жылдары өсіп отырды.

Әлеуметтік көмек жэне әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі республикада 1991-1993 жылдары кеңестік кезеңдегі ерекшелікті сақтады. Қазақстан

Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік қорғау жүйесі толық қарауды қажет етті. Мұнда жұмыссыздарды жұмыспен қамтып және ең болмағанда төменгі жәрдемақы алуға көмектесу, жұмыс жасайтындарға аз-аздап қор ашып, жұмыссыздық, мүгедектік, ауру-сырқаудың алдын алу және зейнетақыны төлеу мәселелерін шешу кезек күттірмейтін міндетке айналды.

Қазақстан басқа ұлттық республикалар сияқты өтпелі экономикада ауыр жолды қайталады. Тұрғындардың өмір сүру деңгейі күрт төмендеп, түрлі аурумен ауруы, алғашқы жылдардағы жұмыссыздық салдары қүрылымдық өзгерістерге байланысты болды. 1991-1993 жылдары еңбек қатынастарындағы жағдай дағдарысты болды.

1993 жылдан бастап жұмыссыздар саны арта бастады, бұл проблема қоғамда жаппай белең алды.

1993-1995 жылдар арлығында билік органдары халықты жұмыспен қамтамасыз етуге әрекет жасады. Алғашқы бағдарламалар жасау қолға алынды. Дамыған елдердің еңбек қатынастарын реттеудегі іс-тәжірибелері зерттеле бастады. Еңбек секторында негізгі міндеттері мыналар болды:

  • Жұмыссыздарды тіркеу, дайындау, қайта дайындау және жаңа мамандық алуға көмектесу;
  • Жұмыс іздеушілер жайлы толық ақпарат жинау;
  • Тұрмыс тіршілігі төмен, аз қамтылған топтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, бәсекеге қабілетсіз адамдарды камқорлыққа алу (әйелдер, жастар, жеткіншектер және мүгедектер) ;
  • Еңбекпен қамтамасыз ету жайлы арнайы бағдарлама, жобалар жасап іске асыру;
  • Зейнетақы қорының жұмысын жетілдіру.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең басты бағыты халықты әлеуметтік қорғау. Өйткені көп адамдардың ең негізгі күн көріс көзі -еңбекақысы, яғни олар экономикалық тұрғыдан жалақыға қарайды. Сонымен қатар жұмысқа қабілеті төмен адамдар және тек ғана жұмысты қажет ететін адамдар мемлекет тарапынан көп көңіл бөлгенді қалайды.

Ашық экономикаға өтуде және нарықтық байланысқа түскенде адамдарды әлеуметтік қорғау жағы төмендей берді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы Конституциясын қабылдағаннан кейін, шетелдің дамыған елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, ішкі саясатта арнайы заң актілері дайындала бастады. Оның мақсаты қалыптасып келе жатқан нарықтық модельдің әлеуметтенуін нығайту жағына баса назар аударылды.

1995 жылдың ортасынан бастап, реформаның негізгі бағыты елде еңбек қатынастарын түрлі реформалау арқылы қалыпты әлеуметтік тұрақтылық орнату. Осы кезде билік органдары елдің әлеуметтік доктриналық жобасын жасауға кірісті. Оның басты мазмұны - республика түрғындарын элеуметтік қорғау механизімін мемлекеттік тұрғыда қалыптастыру. Осы өзекті проблеманың әлеуметтік саяси бірқатар приоритеттері бөлінген:

  • елде әлеуметтік бір қалыптылықты, тұрақтылықты сақтау, оның негізгі кепілі ретінде Президенттік басқару болды, оны соңғы 1995 жылы қабылданған Конституциямен бекітті;
  • әлеуметтік саланы нарықтық экономикада белсенді субъектіге айналдыру;
  • саяси құралдарды анықтау және әлеуметтік доктринаны іске асыруға құқықтық және рухани қолдау көрсету.

1991-1996 жылдары нормативтік актілерді қабылдау да сан жағынан өте көп болды, 1996 жылы еңбек қатынастарын және әлеуметтік салада реформаны жүргізуде тиімді уақыт болды.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының жұмыссыздық және кедейшілікпен күресу ең бір дұрыс басым жағы болды. 1996 жылдың аяғында 31 пайыз қазақстандықтар адами күнделікті қажеттілігін өтей алмады, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш қаламен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Егер де осылай өсе беретін жағдай болса, 2005 жылы абсолютті дағдарысты жағдай

болар еді. Ал егер де болған жағдайда қоғам нағыз қауіпті басынан кешірген болар еді.

Бірте-бірте жұмыссыздықты жою үшін, зейнетақыны, жәрдемақыны, еңбекақыны мерзімде беру жағы қадағалана бастады.

Демократиялық даму жолына бетбұрыс жасаған Қазақстан Республикасының саяси жүйесі нарықтық қатынастардан туындайтын мәселелерді шешуді ұйымдастыруды көздеп отырды. Бағдарламалар жасауда кемшіліктер де аз болған жоқ. Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты халықтың аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі топтарына әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыздықтың деңгейін азайту үшін базалық кэсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын ашу, олардың материалдық-техникалық мүмкіндігін арттыру, балама жұмыс түрлерін өрістету, еңбекпен қамту мекемелерінің жұмысын жетілдіру көзделді.

Әлеуметтік саясат - мемлекеттің ішкі саясатының қүрамдас бөлігі. Ол адамдардың қоғамдық, топтық мүдделерін үйлестіру жэне экономикалық, элеуметтік-саяси, идеологиялық өмірін қамтамасыз ету жөніндегі саяси қызмет болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде жүргізіліп жатқан реформалар қоғамды басқару жүйесіне, нарықтық қатынастарға сәйкес халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғауға, жұмыссыздық, кедейшілік деңгейін төмендетуге рухани-мәдени өмірді жаңғыртуға жан-жақты терең әсерін тигізуге бағыт алды.

Жеке тұлға, топтар мен қауымдастықтардың құқығы мен бас бостандығы әлеуметтік салада қорғау еліміздегі әлеуметтік саясат пен әлеуметтік саланың бағытын айқындап, мазмұны мен басқаруы, жетілдіру мен функцияларын анықтауды қамтуға негізделген. Өйткені әлеуметтік саясат басқа да саясат түрлерінің шоғырланған нүктесі есебінде. Республикада 90-шы жылдары нарықтық қатынастарға өту кезеңін жалғастыра берді. Саясаткерлердің тұжырымына сүйенсек, жалпы саясат -экономиканың концентралған көрінісі ретінде көрінді, онда әлеуметтік саясат

өзіндік ерекшелігі мен шоғырлану арқылы әлеуметтік сфераға байланысты жүйелерді толық жинақтап өз бойына сіңірген.

Адам мүддесін оның тұрмыс-тіршілігін, еңбек күқығы мен оны таңдауға, қорғауға кепілдік беретін факторлар - мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнында ерекше орын алады. Әлеуметтік саясаттың мазмұнында мемлекеттік басқару органдарының адам ресурстарын дамыту, саяси, рухани, құқықтық жағдайлар жасай отырып, оны ұйымдастыру, заңнамалық жағынан қамтамасыз ету міндеттері де анықталып жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік саясат ішкі саясаттың қүрамдас бөлігі ретінде мынадай қызмет атқарады:

  • елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасау;
  • халықтың еңбек және қоғамдық белсенділігінің артуына көмектесу;
  • қоғамдық құрылыстың тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосу;
  • әлеуметтік топтардың жан-жақты мүдделерін өскелең экономиканың мүмкіндігіне сәйкес реттеу;

Әлеуметтік саясат - өзінің пайда болу жағынан барлық әлеуметтік мәселелерді шешудің материалдық негізі болып, экономикадан кейін тұратыны белгілі.

Сол сияқты еліміздегі әлеуметтік саясатты дамытудағы мемлекеттік органдардың және саяси партиялардың ролі өте зор. Адамдардың қоғамдық, топтық, жеке мүдделерін үйлестіру мен экономикалық, әлеуметтік саяси-идеологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі қызмет түрлері әлеуметтік саясаттың мазмұнында орын алған. Онда мына мәселелер бар:

елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасау;

  • жұртшылықтың еңбек және қоғамдық белсенділігінің артуына

көмектесу;

  • жұмыссыздық және кедейшілікпен күресу;
  • қоғамдық қатынастарды үйлестіру;
  • қоғамдық құрылыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету;

• мүмкіндігі шектеулі топтарды әлеуметтік қорғау;

Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясындағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары екі негізгі мақсатқа бағытталған. Біріншіден, Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет болды, соны нығайту қажет. Екіншіден, ауқымды әлеуметтік саяси және экономикалық реформаларды толыққанды жүргізу. Осыған байланысты 2030 стратегиясындағы әлеуметтік саясаттағы басты мақсаттар төмеңдегідей:

  • кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес;
  • ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның бірлігі;
  • нығайту жолымен экономикалық өркендеуге жету;
  • барлық әлеуметтік реформаларды жүргізу, бюджет саласындағы реформаларды аяқтау, оның нәтижесінде зейнетақыларды жэне әлеуметтік жәрдемақыны толық көлемінде уақытылы төлеу;

• үкімет пен мемлекет қызметіндегі реформаларды жеделдету.
Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:

  • Кіші кредиттер жүйесін енгізу;
  • Шағын және орта бизнесті дамыту;
  • Еңбекті көп кажет ететін салаларды басымдылықпен дамыту;
  • Шарттар мен контракттар және бюджеттің сатып алулар кезінде жұмыспен қамту проблемаларын қатаң тұрғыдан зерттеу. «Қазақстан 2030» стратегиясында халық арасындағы экономикалық

дағдарыс, жастар мәселесі, халықты жұмыспен қамту, оған қарасты мекемелердің материалдық, элеуметтік көмек көрсетілуін атап көрсетті.

  • Мемлекеттің элеуметтік саясатында халықтың тұрмыс жағдайы, ғылыми-техникалық прогресс мәселелерімен адамның еңбек жағдайы, демалысы, рухани өмірі саласын жетілдіру мәселесі де тығыз органикалық байланыста болады. Саясаттың гумандық бағыты осы жерде ерекше көрінеді.

Қазіргі кезеңде үкімет халықтың әлеуметтік дамуына баса назар аударуда. Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпандағы халыққа жолдауында әлеуметтік дамудың мынадай жолдары қарастырылған: еңбекке қабілетсіз аз қамтылған жіктер - зейнеткерлерге, қарттар мен мүгедектерге, көп балалы отбасыларына, жастарға мемлекеттік көмектің жүйесін жетілдіру. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолына түскеннен кейінгі

жағдайды басты 3 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1991-1993 жылдар: тәуелсіздікті саяси жағынан нығайту, басқарудың потерналистік, әкімшілік әдістерін шектеуге ұмтылыс, экономиканы ырықтандыру;
  2. 1993-1995 жылдары жүйелі экономикалық-әлеуметтік дағдарыстың қалыптасуы, жұмыссыздықтың өсуі;
  3. 1995-1997 жылдары нарықтық қатынастардың салалар бойынша заңнамалық алғашқы құжаттарын жасау, әлеуметтік саланы модернизациялау, жұмыссыздықтың белең алуын шектеуге бағытталған шаралар жүйесін іске асыру;

Халықты жұмыспен қамту жүйесіндегі мемлекет саясатының басты бағыттарына мыналар жатады:

  • Қазақстан азаматтарына, республикада тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға іс-әрекет пен мамандық түрін еркін таңдауға, еңбектің әділ және қолайлы жағдайын жасауға, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға тең мүмкіндікті қамтамасыз ету;
  • Жұмыспен өнімді қамтылуды, жұмыссыздықты қысқартуды, жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ету;
  • Халықты жұмыспен қамту саласындағы іс-әрекетті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен үйлестіру;
  • Қосымша жұмыс орнын ашылуға жұмылдыруды колдайтын, жұмыспен қамту саясатымен сәйкестендірілген қаржылық, салықтық және инвестициялық саясат жүргізу;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты жұмыспен және оны мемлекет деңгейінде шешу жолдары
Дағдарыс жағдайындағы халықты жұмыспен қамтуды реттеу
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ
Халықты жұмыспен қамту
Нарықтық қатынастар жағдайындағы жұмыссыздық мәселесін шешу технологиясы
Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Жұмыспен қамту бағдарламасындағы жұмыспен қамтудың көрсеткіштері
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз жəне лайықты жұмыстың түсінігі
Жалақының теңестірілген деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz