КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
5
1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
9
1.1 Заңды тұлға түсінігі мен белгілері
9
1.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
16
1.3 Заңды тұлға филиалдары мен өкілдіктері
18
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР ТҮСІНІГІ
26
2.1 Коммерциялық емес ұйым ұғымы
26
2.2 Коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысандары
29
2.3 Коммерциялық емес ұйымды құру, қайта ұйымдастыру және тарату
33
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
43
3.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының
мазмұны және оны ұйымдастыру
43
3.2 Коммерциялық емес қызметтін ұйымдары мен мекелердің
қаржыландырудың көздері
50
3.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары
52
ҚОРЫТЫНДЫ
57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
60
ҚОСЫМШАЛАР
62
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясының 5-
бабында Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық
танылады. Мемлекеттiк органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне
мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына,
қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол
берiлмейдi делінген. [1]
Халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету мемлекеттің ең басты
мақсаттарының бірі. Сондықтан да мемлекет өз тарапынан мемлекеттің ішкі
қызметін атқару үшін көптеген шаралар қолдануда. Оның бір дәлелі Елбасының
халыққа жыл сайынғы жолдауларында халықтың әл ауқаты және әлеуметтік
мәселелер алғашқы орында тұрады. Осы істеліп жатқан шараларда халықтың
тұрмыс тіршілігін жақсарту үшін экономикамызды көтеру, шет елдерден қаражат
тарту, шет елге инвестор болу, мемлекеттің ішінде отандық тауар өндіру
және оларды қолдау сияқты көптеген тапсырмалар беріліп, жұмыстар
атқарылуда. [2] Сондықтан да осындай шараларды бәрін ұсақ түйегіне дейін
іске асыру мемлекет тарапынан орындала бермейді, сол себепті осындай
мәселелерді реттеп отыру үшін жеке мекемелер, заңды тұлғалар немесе
коммерциялық емес ұйым ретінде жүзеге асырылады. Кiрiс түсiру негiзгi
мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында
бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру,
қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және
ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды
шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;
азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен
спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi
және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге
бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
Зерттеу объектісі болып коммерциялық емес ұйымдар реттеу механизмінің
түсінігі және құрылымының кешенді сипаттары әлі де болса толық көлемде
жалпы теориялық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан көптеген
елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең алдымен
еңбекті құқықтық реттеу ең басты әлеуметтік байланыстар мен процестердің
іске асырылуына негізделеді.
Зерттеу пәні: Ең маңыздысы коммерциялық емес ұйымдарды реттеу мемлекет
тарапынан, өйткені нақ солар мемлекеттің экономикалық функциясын жүзеге
асырудың басым бағыттарын, қоғам мен мемлекеттің дамуын анықтайды. Осыған
байланысты коммерциялық емес ұйымдар реттеу мәселелерін мұқият шешкен.
Теориялық маңыздылығы; осы зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының
нормаларына заңнамасына сүйене отырып құрылғандықтан Қазақстан
Республикасындағы коммерциялық емес ұйымдармен мекемелердің құқықтық
жағдайлары туралы жан-жақты материялдар жинақталып талданады, осы себептен
бұл зерттеу жүмысының теориялық маңызы өте зор.
Практикалық маңыздылығы; осы зерттеу жұмысының теориялық жақтары
заңгерлер мен ғалымдардың теориялық тұжырымдамаларының негізінде
құрылғандықтан осы зерттеу жұмысында ұсынылған пайымдамаларды тәжірбиеде
қолдану коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесіне байланысты
үрдістердің жетілуімен дамуына өз ықпалын тигізері сөзсіз.
Зерттеу маңыздылығы: бүгінгіде осы жайларға және өзге де мәселелерге
жете мән берер болсақ коммерциялық емес ұйымдарды және құрылымы саласын
үнемі әрі үздіксіз жетілдіру қажеттілігін аңғару қиын емес деп саналады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: дипломдық жұмыста коммерциялық емес
ұйымдар құқық қатынастағы болып табылатын субъектілердің жағдайына
теориялық тұрғыдан талдау жасауға, сондай-ақ осы әлеуметтік деңгейдегі
қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты қазіргі кезде
тәжірибеде жиі кездесетін өзекті теориялық және тәжірибелік мәні бар
сұрақтарды қарастырдық.
Осыған сәйкес көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер алға
қойлады:
- заңды тұлға түсінігі мен белгілерін ашу;
- коммерциялық емес ұйымдар және құрылымының жалпы ережесіне талдау
жасау;
- коммерциялық емес ұйымдар мекмекемелердің жарғылық капитал
мәселелерін зерттеу.
Әдістемелік негізі: Дипломдық жұмыста ең алдымен заңды тұлға түсінігі
мен белгілері, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі,
заңды тұлға филиалдары мен өкілдіктері. Сонымен қатар коммерциялық емес
ұйымдар түсінігі, коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысандары,
коммерциялық емес ұйымды құру, қайта ұйымдастыру және таратумен қатар
коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы, коммерциялық емес
ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру, коммерциялық
емес қызметтін ұйымдары мен мекемелердің, қаржыландырудың көздері және
коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстарын теориялық тұрғыдан
сараптама жасалды.
Ғылыми жаңашылдығы: Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар
туралы нақты ашып айқындау үшін оны бірнеше тараулар мен бөлімдерге бөлуге
болады. Алғашқы тарау “Заңды тұлға түсінігі мен белгілері” арналған. Заңды
тұлға - мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған
және құқықтары мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары
(құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу
мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынантар үшін заңды тұлға
институтының практикалық маныздылығы мынада: заңды тұлға құрылтайшыларының
өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен
шектеу мүмкіндігі бар.
Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағаналы
анықтамасы жоқ.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында
заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған. Негізінен
алғанда, заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу
объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен
түсіндіруге осыған байланысты қараусыз қалған көптеген нормалар талқыланды.
Коммерциялық емес ұйым ұғымы және коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-
құқықтық нысандары атты бөлімдер қарастырылып өтілді. Ондағы басты мақсат -
Қазақстанның коммерциялық емес ұйым ұғымының алатын орнын айқындау. Сонымен
қатар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің, әсіресе, Ресей елінің
еңбек заңнамасымен Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйым ұғымы
заңнамаларын салыстырып өту.
Келесі бөлім осы заңнаманы реттейтін коммерциялық емес ұйымдар мен
мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру, коммерциялық емес
қызметтік ұйымдары мен мекемелердің қаржыландырудың көздері, коммерциялық
емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қатынастарын қарастырады.
Сонымен коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республиқасының
Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм
беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және
ұйымдардың құкықтарын, заңды мүдделерiн қорғау, даулар мен жан-жалдарды
шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;

спортты дамыту: заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ коғамдық игiлiктердi
және өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) игiлiктерiн қамтамасыз етуге

Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттарымен
айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік
қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ)
нысанындағы заңи тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заңнамалық актiлерде
көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Бұл ұйымдардың қызметiнiң мақсаты
пайда немесе табыс табу емес, керiсiнше қоғамдық қажеттiлiктердi
қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игiлiктер мен
қызметтердi жасау мақсатында материалдық өндiрiс салаларында жасалған
ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесiнде құрылатын ақша қорларының қозғалысын
ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсiндіредi.
Зерттеудің құрылысы: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімінде заңды тұлға түсінігі мен белгілері, заңды тұлғаның
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі, заңды тұлға филиалдары мен
өкілдіктері қарастырылған.
Екінші бөлімінде коммерциялық емес ұйым ұғымы, коммерциялық емес
ұйымның ұйымдық-құқықтық нысандары, коммерциялық емес ұйымдары мен
мекемелер қаржысы қарастырылады.
Үшінші бөлімінде коммерциялық емес ұйымды құру, коммерциялық емес
ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату, коммерциялық емес ұйымдардың қызметi
және басқаруды реттеу жолдарын қарастырады. Зерттеу нәтижесі қорытындыда
қарастырылады.
1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
1.1 Заңды тұлға түсінігі мен белгілері
Жеке тұлғалар мен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық
қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз – Азаматтық Кодекстің 33-бабының 1-тармағының 1-
бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,
өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие
болып, оларды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйымды заңды тұлға деп атайды. [3] Мұндай анықтама тым дәстүрлі болып
табылады. Салыстырып қарасақ: заңды тұлғалар деп оқшау мүлкі бар, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алатын ұйымдар танылады.
Тағы бірін қарасақ: заңды тұлға деп меншігінде, толық шаруашылық иелігінде
немесе жедел басқаруында оқшау мүлкі бар, өзінің міндеттемесі бойынша осы
мүлікімен жауап беретін және сотта, төрелік сотта өз атынан сөз сөйлейтін
ұйым танылады. Заңды тұлғалар мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен
міндеттерге ие бола алады. Кодексте ұсынылған анықтама іс-жүзінде 1963
жылғы Азаматтық Кодекстің, сол сияқты 1991 жылғы негіздерінің идеясы мен
рухын сақтап қалды. Заңды тұлғаның өз атынан құқықтар мен міндеттерге ие
болу мүмкіндігі туралы, оның іс-жүргізушілік құқық субъектілігі туралы
айтылған. [4]
Мемлекетік ұйыдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А.В.
Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне ұжым теориясы
деген атпен енді.
Қазіргі уақытта тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық
пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы
пікірлердің ішінен заңды тұлғаның мақсатты мүлік ретіндегі анықтамасын
атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша ... осы заманғы
коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына
қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін
түсіндіретін мақсатты мүлік теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті.
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған –
жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе - ұжымдық
құрылымдардың құқық субъектілерін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы Герман заңгері XXI ғ. пайда болған құқық
тарихы мектебінің басшысы К.Ф. Савиньидің есімімен байланысты . Ол құқықтың
нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның
тұжырымдамасы мынаған негізделді: Заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік
арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық
субъектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері – жеке тұлғалар заңды
тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болып қала береді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды
тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең
алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар
бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған
болатын.[5]
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған. Заңды тұлғаның өмір
сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі принципі
болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д. Маршалдың корпорацияға берген мынадай
кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теориямен практикада мәлім болды:
Корпорация дегеніміз – бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзінде ғана
өмір сүретін жасанды құрылым.
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. Герман заңгері Гиркенің есімімен
байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік
етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретінде, әлде бір
әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға
ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де нақты одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра
отырып, Савиньи ұстанған идиалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық
теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқықтық тәртібі құқықтар мен
міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес
қатысушы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде түсінеді.
Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде
анықтама бермеуді артық көреді. (ФРГ-де 1978 ж. дейін заңды тұлға деген
терминнің өзі болған емес, Италияның АК-де 1942 ж. Заңды тұлғалардың
дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте
қысқаша тұжырымдамалармен шектелген. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж.
Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат
үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде
анықтайды.[6]
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің
Азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865 ж. Азаматтық
кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай түжырымдама береді: Құқықтарды жүзеге
асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес
қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады.
Колумбияның, Сальвадордың, Эквадордың Азаматтық кодекстерінде де осындай
анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты
азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың
ұйымдық құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату
тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы
ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында
баянды етілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқықғындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша
жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттемелерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды:
1) ұйымдасқандық бірлігі;
2) мүліктік оқшаулығы;
3) дербес мүліктік жауапкершілігі;
4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы;
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды.
Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде
таныла бермейтін. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің
жиынтығы болуы қажет:
- ұйымдық бірлік;
- мүліктік оқшауланушылық;
- дербес мүліктік жауапкершілік;
- азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Ұйымдық бірлік. АК заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің
жай ғана белгілері белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет
етудін белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді.
Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда бір тұтас ұжымдық құрылым –
заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.[7]
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті
түрде қатысуына әкеп тіркеуге болмайды. Соңғы оңжылдықта көптеген елдерде
капиталдың ортақтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды
тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-
де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын
компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік
қоғам құрауға (1968 ж. 10-мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын
жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4-мамырдағы Заң) рұқсат
ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария,
Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар
байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ- пен салыстырғанда бір адамнан тұратын
корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардың
нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпарацияның
борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама
жолмен тану жүзеге асырылады.
Еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет
етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар
құруға мүмкіндік көздейді.[8]
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.
АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметінің жарғының және
құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын
құрылтайшысы бекітеді, ал құрылтай шартын – құрылтайшылар жасайды. Жарғыда
заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері , нысанасы, қызмет мақсаты және басқа
да қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Жарғының болуы - заңды тұлғаның –
мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты (ҚР АК-ның 103,104-
баптары).
Мүліктік оқшауланушылық – заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның
дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік
оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік
жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой Заңды тұлғаның белгісі, бәрінен
бұрын, оның оқшауланған мүлкінің болуы емес ұйымның қызмет етуінің
мүліктік оқшауланушылық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес деп
әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол
тіркелген сәттен басталады (мысалы, АК үшін төленген қаржы (Акционерлік
қоғамдар туралы Заңның 11-бабын қараңыз).
Заңды тұлғаларды оқшалану дәрежесі түрліше және ол осы мүлікке
меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік
кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқықғымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың
мүлкінен оқшауланады.
Өзінен-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы – заңды
тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы
немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).
Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына
сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша дербес азаматтық-құқықтық
жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы
(немесе құрылтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге,
кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл
жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық
кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің борыштары
бойынша өзінің барлық мүлкімен немесе, олардың қолында бар ақшасымен ғана
жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ның 207-бабын
қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін жағдайда, ҚР
Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелі бойынша
ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16-желтоқсандағы редакциясының
207-бабының 1-тармағындағы 2-абзацты қараңыз).
Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктік
меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын кезде және заңды тұлғалардың
кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық
ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке
ережелері белгіленген (АК-ның 70,84-баптары, 96-бабының 3-тармағы). Бұған
қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша қосымша
жауаптылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін (АК-ның 44-бабының 2 -
тармағы).
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап айтқанда, заңды тұлғаның
өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер
атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді.
Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымы құқықтық қатынастардың
субъектісі деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы болып
табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету – заңды тұлғаның басқа
белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына
сәйкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны нақ осындай
атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауында
кәсіпорынның қазыналық болып табылатыны көрсетілуге тиіс.[9]
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде
фирмалық атауы болуы тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды
пайдаланғаны үшін кінәлі субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға
дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі
бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады.
Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсету
белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы
мүмкін. Тауарлық белгі (қызмет көрсету белгісі) дегеніміз – бұл тіркелген
ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық
жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа
шаруашылық субъектілерінің осы тектес тауарлар мен көрсететін қызметтен
айыруға мүмкіндік береді (1993 ж. 18-қаңтардағы Тауарлық белгілер, қызмет
көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атауы туралы
Заңның 4-бабы). Заңды тұлғаның даралану құралы ретінде тауарлық белгінің
немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін тұтынушылар үшін
де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы,
өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылуы қажет
болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу
мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі тауарлық марка белгінің
тауарлдың өндірушісін айыру құралы болып табылады.
Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет көрсету белгісін негізгі міндеті
қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп отырады.
Тауардың шығарылған орнының атауы да заңды тұлғаны дараландыру құралы
болып саналады. Қасиеттері едәуір дәрежеде табиғат жағдайларына немесе
олардың шығарылатын жерлеріндегі адам факторларына байланысты болатын
өнімдерді дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнының атауын тіркеуге және
пайдалануға құқылы (Мысалы, Вологда шілтері, Дымково ойыншықтары). Тауарлық
белгіден өзгеше, тауардың шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы
айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды
тұлғалар да пайдалануы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлға дегеніміз – бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу
құқығында оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз міндеттемелері
бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін азаматтық айналымда өз атынан
әрекет ететін ұйым.
Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері
алдында арнайы уәкілетсіздік (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті
заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына
жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не
ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма,
директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін,
олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау
түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекеленген
түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде
емес, заңды түлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға үшінші
тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз
өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді
(АК – ның 44-бабынының 4-тармағы).
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін
атқару әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық
жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Заңды тұлға үшін азаматтық-құқықтарды иелену және өзінің қатысушылар
мен өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты
түсіндірілетін баптан шығару заңды тұлғаны мұны істеуге құқықғы жоқ дегенді
білдірмейді. Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады. (АК-
ның 5-тарауын қараңыз).
Азаматтық Кодекстің 35- бабына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқықтарға
ие болып, оның қызыметімен байланысты міндеттер атқара алады “Заңды
тұлғаның органы ” ұғымы мәселесі бойынша оқу және ғылыми әдебиетте әр түрлі
пікірлер айтылған. Мәселен, М. И. Брагинский “орган оның еркін сыртта
қалыптастырып білдіретін оның бір бөлігі болып табылады” деп есептейді. Нақ
өзінің органдары арқылы заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне
азаматтық міндеттемелер алады.
В.В.Даличскаяның пікірінше, “заңды тұлғаның органдары өзінде бар
өкілеттіктерге сәйкес заңды тұлғаның еркін қалыптастыратын және білдіретін,
оның қызыметін басқаратын оның құрамдас бөлігі болып табылады.[10]
Заңды тұлғаның органдары – заңды тұлғаның заңнамаларына немесе құрылтай
құжаттарымен қарастырылған құрылымдық бөлімдері”– бұл В.К.Мукашеваның
көзқарасы бойынша.
Әдебиетте заңды тұлғаның органдарын жіктеудің әр түрлі негіздері
ұсынылған. Мысалы, В.В.Дашнская, жоғарыда атап өтілгендей, органдарды
өкілеттіліктер сипаты бойынша, оларға кіретін лауазымды тұлғалар санымен,
өкілеттіліктерді қалыптастыру тәртібі мен оларға ие болу әдісі бойынша,
сондай-ақ қызыметінің мерзімдері бойынша жіктейді:
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттер алуы туралы Азаматтық
Кодекстің 37-бабының мазмұны бірқатар қарсылықтар туғызады. 1998 жылғы 2-
наурыздағы Заңымен бірқатар бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгізгенін
атап өткен жөн. Мәселен, заңды тұлғаның азаматтық құқықтар алуы және өзіне
міндеттері заңнамалық актілер мен құрылтай құжаттарына сәйкес тек өзінің
органдары арқылы қабылдайтыны анықталды. Сондай-ақ, баптан бұған дейін
оларды алу және заңды тұлғаның қалыптасушылары мен оның өкілдері арқылы
қабылдау мүмкіндігі қарастырылған тармақ алынып тасталды. Әдетте “заңды
тұлғаның іс-әрекетке қабілеттілігін жүзеге асыруды екі түрін айыру қажет”
екендігі атап көрсетіледі;
1–ден, заң тұлғаның азаматтық айналымда, оның өзге қатысушылармен
қарым-қатынасында етуі, яғни әр түлі мәмілелер, шарттар жасау, заңды
тұлғаның құқықтарын қорғау кезінде сотта немесе төрелік сотта сөз сөйлеу.
2-ден, заңды тұлғаның өзіне қабылдаған міндеттерді атқару бойынша
ішкі шаруалық қызметі. “Сыртқы айналымда” заңды тұлғаны оның органдары
немесе өкілдері білдіреді. Сонымен бірге, мәмілелер, соның ішінде
келісімдер-бұл Азаматтық кодекстің 7-бабымен көзделген азаматтық құқықтар
мен міндеттердің пайда болу негіздерінің бірі ғана. Демек, заңды тұлғадағы
құқықтар мен міндеттер заңмен жас берілетін өзге де негіздер бойынша пайда
болуы мүмкін. Мәселен, егер 3-ші тұлғаларға заңды тұлғаның жұмысшыларының
еңбек міндеттерін орындау кезінде зиян келтірілсе, зиянның орнын толтыру
бойынша жауапкершілік заңды тұлға жүктеледі.
Заңды тұлғаның органдары туралы мәселеде олардың құзыретін анықтап
айыру проблемасы аса манызды болып көрінеді, өйткені, 1-ден, заңды тұлға
ортақ ереже бойынша құрылтай құжаттарымен белгіленгенімен өзінің
өкілеттігін асырумен заңды тұлғаның органы қабылдаған міндеті бойынша 3-ші
тұлғалар алдында жауапты болады, ал екінші жағынан, органың өзінің
құзыретін бұзуы кейбір жағдайда оның жасаған мәміле жарамсыз деп тануға
әкелуі мүмкін. 1963 жылғы ҚазКСР-нің Азаматтық Кодексте осы секілді
жағдайды келесі түрде реттегенін еске сала кетейік: заңды тұлғаның өзінің
қызметінің белгіленген мақсаттарына қарай қайшы жасалған мәміле жарамсыз
саналады. Бұл нормаға түсініктеме бере отырып, Ю.Г. Басин былай деп атап
көрсетті: “заңды тұлғаның органдарының құзіретін бұзатын мәмілелерді
жарғыдан тыс деп есептеу қажет. Жарғыдан тыс мәмілелердің маңызы жоқ”.
Пікірі норманың бастапқы және қазіргі редакциясы арасындағы принциптік
айырмашылық жасалған мәмілені жарамсыз деп тануды талап ету құқығы бар
тұлғалар тобын өзгертуден тұрады. Мәселен, 1998 жылғы 2-наурыздағы
түзетулерге дейін мұндай құқыққа:
– заңды тұлғаның өзі;
– оның құрылтайшысы (қатысушысы);
– заңды тұлғаның қызметі үстінен бақылауды немесе қадағалауды жүзеге
асырушы мемлекеттік орган ие болды. Қазір мұндай талап беру құқығына
тек заңды тұлға мүлікінің меншік иесі болады. Сондықтан Азаматтық
кодекстің 159-бабының 11-тармағын қазіргі редакцияда сөзбе-сөз
түсіндіру шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына, акционерлік
қоғамдардың акционерлеріне талаптар беруге құқық бермейді.[11]

Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы
табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс
қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық
қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар
қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін
құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай
белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсы бір
құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық
қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.
Құқық қабілеттілік дегеніміз – бұл заң шығарушылардың нақты
субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік
міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік
қатынастардың субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1-бабы), ол құқық
қабілеттігіне ие болуға тиіс. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен
әрекет қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір
мезгілде пайда болатындықтан, заңды тұлғалар үшін бұл санаттарды ажыратудың
маңызы жоқ.[12]
Жалпы құқық қабілеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың
арнайы құқық қабілеттілігі болады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты
қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35-бабы) және жарғылық міндеттерді
жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарын сәйкес міндеттері болуы мүмкін.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілер негізінде пайда
болады. Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең алдымен мәмілелер болып
табылады. Сондықтан заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінін мазмұның
анықтауда ең алдымен заңды тұлға жасауға құқылы мәмілердің ауқымы назарда
болады. Бұрынғы заңдар барлық заңды тұлғаларға заңдарға немесе құрылтай
құжаттарында көзделмеген мәмілелерді, яғни жарғылық мақсаттарға сай
келмейтін мәмілелерді жасауға тыйым салатын. Заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігі рұқсат етілгеннен басқанын бәріне тыйым салынған деген
принципте бейнеленеді.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметінде икемділіктің болуын талап етті, ал заңды тұлғалардың тар өрісті
арнайы құқық қабілеттілігі бүгінгі күннің шындығына сай келе алмады.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі және оған сәйкес
қабылданған нормативтік құқықтық актілер заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігін ұлғайтты.
Алайда объективтік мағынада алғанда заңды тұлғаларға қатысты жалпы
немесе әмбебап құқық қабілеттілік жайында сөз қозғауға болмайды, өйткені
заңды тұлға дегеніміз – бұл белгілі бір мақсаттар үшін құрылатын және
сондықтан жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін өзінің құрылтайшысынан
нақты құқықтар мен міндеттер алатын құқық субъектісі болып табылады.
Сондықтан кез келген заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі арнайы сипатта
болады. Олардың кейбіреуінің құқық қабілеттілігі қатаң шектелген, құрылтай
құжаттарында егжей-тегжейлі көрсетілген. Басқа түрлерінің құқық
қабілеттілігі әмбебап қабілеттілікке барынша жақындатылған. Мұның ең
алдымен, коммерциялық заңды тұлғаларға қатысы бар (АК-ның 35-бабының 1-
тармағы). Олардың құқық қабілеттілігін тыйым салынғаннан басқанын бәріне
рұқсат етілген принципімен бейнелеуге болады. Алайда кейбір заңды
тұлғалардың, ең алдымен, мемлекеттік кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі
арнайы сипатта болады.[13]
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда
болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында
тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлері мен тек лицензия негізінде
ғана айналыса алады. Яғни,белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу
қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен, сол лицензияны алған
сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-тармағына
сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты
міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық
ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын
кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола
алады және азаматтың міндетті де атқарады.
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген.
Оның бәрі де жоғары мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар
қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге
асыра алмауы мүмкін немесе басқа да (құрылтай) қызметпен айналысуы
шектеледі.
Ал, коммерциялық ұйымдар болса, арнайы құқық қабілеттілігі жатпайтын
жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым
салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек,
коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді,
ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық
қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшелігімен
дараланады.
Заңды тұлға туралы теориялар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен
танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі.[14]
Азаматтық құқық теориясында заңды тұлғаның, оның ішінде мемлекеттік
заңды тұлғалардың маңызы, құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.
Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды
білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның
орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға
байланысты әр түрлі пікірлер білдіреді.
Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор
С.И.Аскназий “мемлекеттік ілімнің” авторы. Ол былай айтқан “мемлекеттік
заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің
нақты саласында тізгінді өзі ұстайды”. Әдебиетте бұл теорияны көп
сынайтындар оған “егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста
болуы керек қой” деген пікір айтады.
Академик А.В.Венедиктов “ұжым ілімін” алға тартты. Бұл ғалымның айтуы
бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген:
а) мемлекет атынан барлық халық;
ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М. Генкин “әлеуметтік ақиқат” теориясын ұсынады, яғни онда
ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын
басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде
қажеттілікке орай реттелетінін айтады.[15]
Профессор Ю.К.Толстой “директор ілімін” алға тартты, оның пікірінше,
мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші-директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың “әлеуметтік байланыстар
ілімі”, А.А.Пушкиннің “ұйымдастыру ілімі”, Е.А.Сухановтың “мақсатты мүлік
тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды
тұлғаға “адамдардың қатысы” жөнінде әр түрлі пікірлер айтылған және де бұл
орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды
тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы
институтпен реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның
әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді
жасауда оның екі түрлері танылады. Кейбір авторлар бұл белгілерді
біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін
“жасырын” атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады. Бұл мәселе туралы Батыс
Еуропа әдебиетінде де әр түрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен,
К.Ф.Савиныс “фукция теориясының” негізін қалады. К.Ф.Савиныс көзқарас
бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей
алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін
адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы
заңдық фукцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан
шығарылған субъектісін алға тартады. Ал, неміс ғалымы Гирке болса
“органикалық теорияның” тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен
салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.[16]
Заңды тұлға туралы теорияда осындай әр қилы пікілер кездесуінің өзі
оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.

Филиалдар мен өкілдіктері заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан
мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады.
Филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлға мәртебесі болмайды.
Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің)
мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс
дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес,
оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес
мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.
Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін
атқарады (мысалы, Мемлекеттің Заң университетінің Астанадағы филиалы).
Өкілдік дегеніміз – бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын
және олардың орындауын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бөлімшесі.
Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін
ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы ереже филиал
ішіндегі қатынастарды және филиалдар (олардың ішкі бөлімшелері) мен негізгі
заңды тұлға арасындағы қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен
негізгі түрлері, оның лауазым адамдарын тағайындау тәртібін, олардың
құзыретін, мүліктік филиалдан заңды тұлғаға және керісінше тапсыру
тәртібін, оны бақылау түрін филиал (өкілдік) қызметінің тоқталу жағдайларын
анықтайды.[17]
Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін көзделген жағдайлардан басқа
реттерде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұлғаның уәкілетті
органы тағайындайды. Мәселен, қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық
бөлімшелерінің (филиалдар мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық
бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы
ережеде көзделген тәртіппен сайланады. (АК-ның 43-бабының 4-тармағын
қараңыз).
ҚР-ның аумағында орналасқан заңды тұлғалардың филиалдары мен
өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік мемлекетік
тіркеуден өтуі тиіс.
Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу филиалдар
мен өкілдіктер туралы ережелердің республика заңдарына сәкестігін
тексеруді, есептік тіркеуден өткені туралы куәлік беруді, осының
нәтижесінде тіркеу нөмірін тапсыруды, филиалдар мен өкілдіктер туралы
мәліметтерді бірыңғай мемлекеттік тіркелімге енгізуді қамтиды.[18]
Филиал мен өкілдіктен еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды айыра білу
керек (АК-ның 94-95-баптарымен, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-
49-баптарын қараңыз).
2000 жылғы 27-қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әділет
Министрлігінің Тіркеу қызметінің кәмитеті төрағасының бұйырығымен бұған
дейін “филиал мен өкілдікті тарату тәртібі” деп аталған ережелердің 10-
тарауы жаңа атына ие болды: “филиал мен өкілдікті есептен алу тәртібі”. Бұл
қазіргі уақытта осы құрылымдық бөлімшелердің “таратылуы” турасында сөз ету
терминологиялық жағынан дұрыс емес деген ойға жетелейді. Сонымен бірге, осы
тараудың мазмұнының өзі бұл идеяны аса жүйелі түрде жүргізбейді. Филиалды
есептен алдыру үшін ұсынылатын құжаттар тізбесінде заңды тұлғаның немесе
соттың уәкілетті органының филиалды тарату туралы шешімі де аталған.
Заңды тұлғаларды айтпастан бұрын ең алдымен заң туралы айту керек. Заң
болып – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан
Республикасының заңы 1997 жылы 17-сәуірде қабылданған.
Заңды тұлғалардың пайда болуы оларды міндетті түрде мемлекеттік
тіркеуге алуды талап етеді. Мемлекеттік тіркеуден өткенен заңды тұлға құқық
қабілеттілі болып саналмайды. Заңды тұлға әрекет қабілеттілігі олардың
түрлеріне негізделеді. Лицензиялау көлемінде заңды тұлғаның әрекет
қабілеттілігі реттелінеді.
Қатысушы дегеніміз – заңды тұлғаның құрылу процесінде өз үлесін қосқан
және өз үлесі көлемінде жауап беретін тұлғаларды айтамыз. Заңды тұлғаның
пайда болу кезінде олардың міндетті түрде құрылтай құжаттары болуға тиіс.
Оған құрылтай шарттары, жарғы жатады. Заңды тұлға бір тұлғамен құрылатын
болса, құрылтай шартының қажеттілігі жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындарды құру
қатысушылар есебінде уәкілеті органдардың қадағалауын талап етеді. Мысалы:
Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды құру үшін мемлекеттік уәкілетті
органның ұсынысы қажет. Заңды тұлғаның пайда болуы ретінде олардың
түрлеріне байланысты құрылтай жарғылары болуға тиісті. Мысалы: шаруашылық
серіктестік 25 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. 3-ші тұлғаны
мемлекеттік тіркеу үшін әділет министрлігімен бекітілген қажетті құжаттар
тізбесі бар. Оларға: Мемлекеттік тіркеу үшін алым квитанциясы және 2 дана
мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған парақтары номерленген құрылтай
құжаттары қажет. Мемлекеттік тіркеу:
1) заңды тұлғаның пайда болу фактісін тіркейді.
2) барлық заңды тұлғаға қатысты жариялықты реттейді, яғни заңды тұлға
коммерциялық құпия және жеке құпиядан өзге мәліметтерді Әділет
Министрлігінің органдарына беріп отыруға тиісті.
Заңды тұлға ерікті және мәжбүрлі түрде қайта құрылады.
Ерікті түрде заңды тұлғаның қайта құрылуы:
1) қосу;
2) бөлу;
3) бөліп шығару;
4) өзгерту негізінде жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаны қосу дегеніміз – екі немесе одан да көп заңды тұлғаның
құқық қабілеттіктері тоқтатылып бір заңды тұлғаға қосылуын айтамыз.[19]
Заңды тұлғаның бөлінуі – бір заңды тұлға құрамынан 1-ше заңды тұлға
құрылуын айтамыз.
Бөліп шығару дегеніміз – бір заңды тұлға құрамынан 2-ші заңды тұлғаны
бөліп шығаруды айтамыз.
Заңды тұлғаны өзгерту – оның жарғылық қорының өзгеруіне немесе
қатысушылар санының өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады. Қосу процесінде
пайда болған жаңа заңды тұлғалар құқықтық мирасқорлыққа ие болады. Бұл
заңды тұлға құқық мирасқорлығы өткізу актісімен реттелінеді. Өткізу актісі
дегеніміз – таратылған заңды тұлғаның борыштары құқықтары мен міндеттерді
белгіленген актіні айтады. Заңды тұлғаның қайта құрылуы бөлу немесе бөліп
шығару арқылы реттелетін болса, бұл қатысушылар құқықтық мирасқорлықпен
бөлу ретінде бөлу балансымен реттелінеді.
Сонымен бірге, мемлекеттік тіркеу туралы құрылтай құжаттары мен
куәліктерінің түп нұсқалары алынады. Ерікті және мәжбүрлі қайта құру
айырылып анықталады. Азаматтық Кодекстің 45-бабының 1-тармағыны 2-бөліміне
сәйкес заңды тұлға – жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру
зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда көзделген ерекшеліктер ескеріле
отырып жүзеге асырылатынын есте сақтаған жөн.
Заңды тұлғаны қайта құру кезінде қайта құрылатын ұйымның несие
берушілерінің мүдделерін қорғау жүйесінің болуы маңызды болып табылады.
Өткізу актісін немесе бөлу балансын құрудың мағынасы құжаттарда қайта
құрылған заңды тұлғаның оның барлық несие берушілері мен борышкерлеріне
қатысты барлық міндеттемелері бойынша мирасқорлықты дәл анықтауға мүмкіндік
бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың, құрамынан басқа заңды
тұлға бөлініп шыққан заңды тұлғаның қайта құрылған заңды тұлғаның несие
берушілері алдында ортақ жауапкершіліктері болады.[20]
Азаматтық Кодекстің 47-бабының 1-тармағының 1-бөлімі, іс жүзінде
Кодекстің 46-бабының мәтінін қайталайтынын және ортақ болып табылатынын
байқамасқа болмайды. Бұл заң шығарушының белгілі кемшілігі. Оның келесі
кемшілігі мынадан тұрады. Көрсетілген нормада өзгерту қайта құру формасы
ретінде аталмайды екен: “Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтары
мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді: біріктіру және
қосу кезінде – өткізу актісіне сәйкес, бөлу және бөліп шығару кезінде –
бөлу балансына сәйкес”. Алайды Азаматтық Кодекстің 46-бабының 5-тармағы
өзгерту секілді қайта құру формасы (секілді) кезінде де өткізу актісін құру
қажеттігі жөнінде сөз етеді.
Әдебиеттерде дәл атап көрсетілгендей, мирасқорлық қайта құру ретінде
қарызды ауыстырудан тұрады. Ортақ ереже бойынша, қарызды басқа тұлғаға
ауыстыру тек несие берушінің келісімі бойынша мүмкін. Бірақ борышкерді
қайта құру жағдайында несие беруші қарызды ауыстыруға кедергі келтіре
алмайды. Сондықтан оның мүдделерін қорғау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz