Бастауыш сынып оқушысының зейін ерекшелігінің даму жолдары
Мазмұны:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 2 – 4
Бөлім І
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестеріне сипаттама

... ... ... ... ... .. 5 – 9
1.2.Баланың ерікті әрекеттер сипатының бірі– зейін ... ... ..
10- 24
1.3. Зейінді зерттеген ғалымдардың көзқарастарына теориялық шолу

... ... ... ... ... ... ... 25 - 29
Бөлім ІІ
2.1. Бастауыш сынып оқушысының зейін ерекшелігінің даму жолдары

... ... ... ... ... . 30 - 38
2.2. Оқушыларды зейінділікке баулудағы ұстаз әрекеті және
зейіннің бала өмірінде алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... . 39 - 42
2.3. Зейінділікке тәрбиелеу жолдары мен психодиагностикалық
әдістемелер барысы

... 43 - 48
Тәжірибе бөлім

... ... 49 - 65
Қорытынды

... ... ... ... 66 - 68
Қолданған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе.
Қазіргі қоғамдық - әлеуметік мәселелердің бірі- білім сапасын арттыру
екені белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынанан көптеген
жұмыстар жасалуда: оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық т.б технологияларды
енгізу, мұғалімнің білімін біліктілігін арттыру.
Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім
сапасын көтеруге тигізетін әсері мол. Сонымен қатар оқушылардың білімді
менгеруіне зейіннің алатын орны ерекше.
"Адамға бас, көз, құлақ қандай керек болса, білім алуда сондай қажет"-
деп ұлы әдебиетші, ағартушы А.Байтұрсынов пайымдағандай, бастауыш сынып
оқушыларына сабақты меңгеріп әрі қарай дамыту үшін зейінді болуы шарт.
Зейіндегі елеулі алға қарай жылжулар бала мектепке барғанннан кейін болып
өтеді, өйткні өмір мен іс әрекеттегі жаңа жағдайлар мектепке дейінгі
балалық кезең жылдарына қарағанда баланың зейініне неғұрлым жоғары талаптар
қояды. Мұғалімге сыныптың ықыласын қажетті деңгейде ұстау үшін елеулі күй
жұмсауға және шығармашылық пен іске кірісуге тура келеді, бұған сабақтың
эмоциялық толыққандылығы, бейнелеу материалының үлкен көлемі, мазмұнның сан
алуандылығы іс әрекет түрлері ықпал етеді.
Бала бастауыш мектепке арнайы психофизикалық және психикалық іс
әрекеттерді меңгереді, олар жазуға арифметикалық амалдарға, оқуға дене
шынықтыруға, сурет салуға, қол еңбегі мен оқу қызметінің басқа да түрлеріне
қызмет етуі тиіс. Оқу қызыметінің негізінде оқытудың қолайлы жағдайларында
және баланың ақыл ойының жеткілікті денгейінде теориялық сана мен ойлаудың
шарттары пайда болады. (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов)
Кіші мектеп жасы кезенінде баланың адамдар мен қатынасының қайта құрылуы
болып өтеді. Л.В. Выготский көрсеткендей, баланың мәдени дамуының тарихи,
нәтижесіне қарай " мінез - құлқының жоғары формаларының социогенезі ретінде
анықталуы мүмкін, ұжымдық өмірдің қойнауында ғана дербес мінез құлық пайда
болады. Оқу қызметінің басталуы баланың ересектер мен және құрдастарымен
қатынасын жаңаша анықтайды. Нақты түрде әлеуметтік қатынастардың екі саласы
болады: "бала - ересек", және "бала - балалар". Бұл салалар бір бірі мен
иерархиялық байланыстар арқылы өзара әрекеттеседі. Бастауыш мектеп
оқушыларының психологиясы тек жас ерекшеліктеріне ғана байланысты емес,
сонымен қатар тұрған, өскен ортасына балабақшада бөлу болмауына, тұрақтылық
жағдайына табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға т. б. жағдайларға байланысты.
Балалар бастауыш мектепте оларға мұғалімдер ұсынған жаңа жағдайларды
қабылдайды және ережелерді бұлжытпай сақтауға тырысады. Мұғалім бала үшін
оның психологиялық ахуалын тек сыныпта ғана емес, сыныптастарымен қатынас
жасау денгейінде де анықтайтын тұлғаға айналады, оның ықпалы отбасыдағы
қарым-қатынасқа да бейнелейді. Отбасындағы бала мен дәстүрлі қарым-қатынас
мазмұнында оның мектептегі өмірінің бүкіл ікезендері енгізіледі.
Жоғарыда айтылып өткендей, қазіргі кезде оқушылардың әсіресе бастауыш
сынып оқушыларында зейіннің төмендеуі өзекті мәселеге айналып отырғандығы
белгілі.
Еліміздің көптеген мектептерінде аталған мәселенің шешілу жолдарын
қарастыруда. Сондықтан да осы аталған мәселенің шешілуіне өз үлесімді қосу
мақсатында диплом жұмысымның тақырыбын " Бастауыш сынып оқушыларының
ерікті әрекеті - зейінін қалыптастыру ерекшеліктері " деп алдым.
Ғылыми зерттеу аппараты.
Тақырыбы: "Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту жолдары".
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту жолдарын көрсету.
Міндеттері: 1. Ойшылдар мен ғалымдардың зейін жайындағы ой пікірлерін
саралау.
2.Бастауыш сынып оқушыларының зейін қасиеттерін дамыту
жолдарын жете түсіну.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестері мен
ерікті әрекеттерінің сипаты – зейін.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшелігі.
Ғылыми болжам: Егерде бастауыш сынып оқушыларының зейін қасиеттерінін
ерекшеліктерін сабақ үстінде ескеріп, тартымды ұйымдастырса, балалардың
зейінін дамытуға болады.
Зерттеу әдісі: Ғылыми саралау мен психодиагностикалық әдістемелері, табиғи
бақылаулар, Мюнстерберг әдісі, Горбов кестесі.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестеріне сипаттама.
Бастауыш мектеп өскелен ұрпаққа білім берудің бастамасы.
Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп
өркендеуіне, ел талап- тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың
психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына
қарай өрістету міндеттері қойылады. Еліміздің егемендігі мен тіліміздің
тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды.
Бала психологиясын жан жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық
ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да
құрметті міндеттер жүктейді.
Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшеліктеріне ғана
байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына,балабақшада болу-
балмауына, тұрақтылық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға тағы
басқа жағдайларға байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде
баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері
нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері
дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі
баланың психикалық іс әрекеттері мен жүйке қалыптасуына үлкен рөл атқарады.
Жекеленген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш
мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен
есту қабілеті жоғары деңгейге ажырата алады. Қабылдаған заттардың
қасиеттері мен сапаларын менгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге
бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай
алады.
Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала
біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге
зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейіннің дамуында
сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің
дамуы, сондай ақ оның әлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын
әрекетінің алуан түрлері мен танысып, оларды меңгере алумен байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіңде негізгі іс әрекет оқу болғандықтан, баланың
барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс әрекет белсенділігін көрсете
отырып, ақыл ой еңбегіне зейін арқылы жүзеге асырады
Оқу іс әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді
мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір
дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі - есте
сақталынатын материалдың мазмұнына іс әрекет сипатына, материалды есте
сақтау және қайта жанғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне
байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі
күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету
үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш жігерді
керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп
кезеңінде алған білімдері бала өз іс әрекетінде қолдануға машықтанады.
Баланың ақыл ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен
ішкі ақыл ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет
жоғалмай, керісінше, оқушының жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде
байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы
практикалық әрекетті орындауды үренеді.
Оқу үрдісіне ой операциалары да іске асады. Елестету бойынша
заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру
байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігінде ой қорытындысын жасай
алу, себебі салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне
бастайды.
Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл ой әрекеті
дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа
техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы
баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.
Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым қатынас
жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі,
түсіндіруге тырысушылық, әнгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білу жатады.
Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады.
Сөйлеудің коммуникативтік, сигникативтік функцияларын қолдана алады. Өзін
қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бір қатар ұлттар арасындағы
өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас,
талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.
Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір ( көркем жазу
ойы) өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің граматикалық
табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді.Баланың
алғашқы мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер
түғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегі, әр мектептегі жаңа талаптарға
негізделеді. Қоғамдық талаптарының өзгеруі баланың жеке басындағы
адамгершілік, жауапгершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбектілік сияқты
қасиеттерді ашады.
Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: бір бірінің,
жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және
өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе алуына, үшіншіден,
ұзақ уақыт күщ жұмсай алуына, психологиясын, өзін ерікті тежеу барысында
өзін өзі менгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы- оқуы мен танымдық
әрекеттің қалыптасуында оқу іс әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік
қасиеттерінің қалыптастырудағы қарқынды кезең. Олардың өзгелер мен қарым
қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады.
Бастауыш сынып оқушыларының недәуір мүмікншілігі бар. Себебі
олардың интелектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж.
Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын анғарып көрмеген қабілеті
бар екені анықталып отыр.Осыған сүйеніп кеңес психологтары қазіргі күнде
беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар
мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін
толық пайдалану үшін тапсырманы онан әрі қиындату қажет дейді. Егер осы
жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе оқуға кіргеннен кейін
оқу қызметі шешуші роль атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып
баланың психикалық дамуын ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге
ұшырауының себебі ойыеға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.
Соңымен қатар оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбылары мен қатынас жасап,
осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман жақсыны
ажырата бастайды. Деген мен әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала
әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар
кездеседі: біріншіден бала мектептің жағдайына бейімделе алмай қиналады.
Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден мұғалымнің
өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым қатынас жасауға үйрене
алмағандықтан бала қиналады, сыныатың мұғалымі қанша жақсы болғанымен, бала
оған бата алмай, бірденені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы
партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен
болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын
тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып әке шешелеріне
еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше
көңіл бөлуді талап етеді.
Үшіншіден бірінші сынып оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді.
Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді,
дегенмен бала оқиды, оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық
көрінуінен мектепке келу қызық болып көрінгенімен оқуға арналған баланың
қажеттілігін жөнді дамыт алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына
қызығу балада бірте- бірте сенеді де, оқуға немқұрайды қарайтын болады.
немқұрайлықпен күресу үшін балагың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды
бірте- бірте қиындату қажет. Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, баланың іші
пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан
үлгерем деуден күдеу үзіп, одан бас тартатың болады.Осы екі жағдайдың екеуі
де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде
құрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдау қиын келсе, тапсырманың жеңіл
болғанынан гөрі қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды. Себебі азды - көпті
қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл ойының алға қарай
өрістеуіне жағдай туғызады. Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін
бірінші сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы ( екінші
үшінші) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта
қалай оқығанына байланыты. Әдетте, баланың бірнеше обьектіге қызығуы мен
оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп бірнеше обьектінің бір
жағы сырттай біреуге ұнайтының айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі
де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып іске
берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты, не бірнеше нәрсеге
құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы
мәселеге бірінші сыныпта мән беруі қажет. Жалпы алғанда екінші үшінші
сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі,
біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегі тілінің ұшында болып тұрады.
Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін
мүдіртпей орындайтын болады.
1.2 .Баланың ерікті әрекеттер сипатының бірі – зейін.
Психологияда психикалық процестердің ең қарапайым түрі зейін.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі
болуы қиын. Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды анғартатың
адам жанынан жалғыз ғана есігі болып табылады бұл есікке ілімнің бірде бір
сөзі соқпай өте алмайды, егерде ол соқпай өтсе, онда баланың санасында
ештеңе де қалмайды. Зейінді психикалық процестерінің тобына жатқызуға дұрыс
болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әр бір кезендерінде бір нәрсені
қабылдайды не есіне түсіреді бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде
ойланады. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта
солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың
ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер
етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберугу себепші болады.
Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және
ашығырақ сәулелендіру үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып
жинақталуы үшін керек.
Зейін деп адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін
құбылысты айтады.
Зейін - сананың қандай болса да басы белгілі бір затқа, құбылысқа немесе
іс әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.
Зейін - психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бет алып
бағытталып түйдектелуін айтады.
Зейін - сыртқы дүниедегі материалдардың барлығын санамызға жіберіп отыратын
есік.
Зейін - адам санасының белгілі бер обьектіге бағытталуы. Сондай ақ сананың
бөгде нәрселерді елемеуі.
Зейін - айналадағы обьектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған
психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Ол дербес
психикалық процесс болып табылмайды әрі жеке адамның қасиеттеріне жатпайды.
Солай болғанымен әрекетке, таным процесіне қатысып, адамның мүддесін, бағыт
бағдарын білдіреді.Зейін өмірде психикалық әрекеттің бір жағы бола отырып,
адамның өнімді білім алуына, еңбек әрекетіне сапалы әрі нәтижелі болуына
жәрдемдеседі.
Зейін кез келген психикалық процестің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс
әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі.
Зейін сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін
қамтамасыз етуі, оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру
қабілеті адамның белсенділігін білдіреді.
Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде
қалыптасады мұндағы қажетті шарт - обьектіні таңдап алып, сананы сол
обьектіге бағыттау.
Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық
күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейіннің физиологиялық негіздері:
Зейіннің физиологиялық механизмі күрделі қазіргі кезде, психологияда
зейін механизмі жүйке жүйесінің әр түрлі денгейінде тұрған сүзгі ретінде
қарастырылады.
Бұл сүзгі ми қыртысының астына орналасқан анатомиялық және функционалдық
жағынан оңашаланған жүйке ткані- ретикулярлық формация болып табылады. Ол
бір импульстерді таратып, тежеп, екіншілерін күшейтіп, олардың ми қыртысына
жіберіп отырады. Сөйтіп айқын сана аймағына ми қыртысына баратын импульстер
осылай іріктелінеді.
Зейін механизмі мидың рефлекторлық әрекетімен байланысты. И.П.Павлов
жануарлардағы шартсыз бағдарлау рефлексін бөліп көрсетіп оны Бұл не?
рефлексі деп атады.Оның биологиялық мәні мынада: жануарлар қоршаған ортада
жаңа тітіркендіргішті бөліп оған мәніне сәйкес жауап береді. Бағдарлау
зейіннің сыртқы тітіркендіргіштерге тікелей байланыстылығы айқын көрініп
тұрады.Әрине адамның еңбек әрекетінде жетіліп, жаңа шартты рефлекторлық
механизм негізінде қалыптасқан күрделі ырықты зейінді бағдарлау рефлексі
толық түсіндіре алмайды.
Зейіннің физиологиялық құбылмалығы көрінісін И.П.Павлов ашқан қозудың
оптималдық ошағы құбылысы түсінуге көмектеседі. Миға әр сәт сайын
көптегентітіркендіргіштер (есту, көру,тері т.б.) әсер етеді. Солардың
әсерімен ми қыртысының үлкен жарты шарында күші әртүрлі көптегшен қозу
ошақтары пайда болатың зерттеулердің көрсетуіне қарағанда қозудың
оптималдық ошағы орта интинсивтілікке және организмнің сол жағдайдағы
өмірлік әрекетіне қолайлы болады. Теріс өзара индукция заңы бойынша қозудың
оптималдық ошағы ми қыртысының басқа бөліктерінің іс әрекетін тежейді.
Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы болады. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не
олардың ми қыртысының бір ғана учаскісіне ұзақ уақыт әсер етуі тізбекті
индукция заңы бойынша қозу ошағын басқа учаскілерге ауысуға әкеледі.
Педагогикалық практикада мұғалымдер мен тәрбиешілер оптималдық қозу
ошағының пайда болу заңдылықтарын біле отырып, оның тууына қолайлы
жағдайларды ұйымдастыра алады.
Мұғалім Балалар түзу отырыңдар қолдарыңды партаға қойып маған қараңдар
деп оқушылардың зейінің өзіне аударады. Бұл сияқты ұйымдастыру жұмысы
әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, мұнда оқушылар өз зейіндерін
басқаруды әлі игермеген қимыл қозғалыстың шектелуі назардың сөйлеп тұрған
адамға бағытталуы, сыныпта бөгде тітіркендіргіштердің болмауы, оның бәрі
мида өнімді оқу әрекеті үшін қажетті оптималдық қозу ошағының пайда болуына
көмектеседі.
А.А.Ухтомский ми қызметінің физиологиясын зерттеу нәтижесінде
доминанта жайлы ілім жасады.Доминанта немесе қозудың үстемдік ететін ошағы
жылжымалы оптималдық қозу ошағынан жоғары тұрақтылығы мен өзгешеленеді. Ол
жаңадан пайда болған ошақтарын тежеп қана қоймайды, солардың есесінен
күшейе түсетін, басқа нерв орталықтарында туған қозу процестерін өзіне
қосып алу қабілеті де бар.
Ми қыртысында қозудың үстем ошағының болуы бір затқа немесе құбылысқа
шұқшия қадалу дәрежесін бөгде тітіркендіргіштер зейін аудара алмайтын және
елеусіз қалатын жағдайда түсінуге мүмкіншілік береді.Адам зейіннің өте
күшті шоғырлануы оның істі шын беріле сүюіне, затқа бар ынтасымен
қызыққанына байланысты болады. Оптималды қозу ошағы да, доминанта да адам
зейінінің әсіресе оның ырықты сипатының механизімін толық ашып көрсете
алмайды. Адамның хайуаннан бір ерекшелігі- зейінін басқара алатындығы.
Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алдағы мақсат қоя білудің маңызы аса зор оны
адамның өзі тұжырымдамайды не басқа біреудің ұсынуы мүмкін әрекет мақсатын
белгілеу және үнемі анықтап отыру зейінді оятады, сүемелдейді және әр
нәрсеге аударады. Мұндайда оптималдық қозу ошағының пайда болу механизмі-
бірінші және екінші сигналдық жүйеден бірінші сигналдық жүйеге ауысуы
жолымен жүзеге асады. Ал енді бірінші сигналдық тітіркендіргіштер сөйлеу
процесінде жаңғыра отырып мақсатты айқындай түсуге әрі оптималдық қозу
ошағын күшейтуге жәрдемдеседі.
Зейінннің пайда болуымен дұрыс ұйымдастыруда жұмыстың қатаң
режиміне негізделген динамикалық стереотип жасаудың үлкен мәні бар. Ол
қозудың оптималдық ошағының пайда болуын жеңілдетеді және іс әрекеттің
жемісті болуын қамтамасыз етеді. Қандай істі болмасын зейінсіз орындауға
жол беруге болмайды, өйткені динамикалық стереотип қалыптасып қалған соң
оны өзгерту қайта жаңартудан әр қашан қиын.
Зейін адамның сырт пішінінен, еш қиындықсыз ақ көзге түсетін және содан
адамның қаншалықты зейінді екендігі жөнінде қорытынды жасауға болатын жүріс
тұрыс қалпынан мимикадан білініп тұрады. Зейін қалпы қимылдың тежелуінен,
сезім мүшелерінің обьектіге бағытталуымен сипатталады. Тұрпат ойға
шомғандықты білдіретін кезде көз осі кеңейеді. Мұндай
адамның көз қарасы еш нәрсеге қатыссыз дейді.
Педагог балалармен жұмыс істеу тәжірибесін байыта отырып, балалардың
бет әлпетіне, дене қалпына қарап олардың зейінінің басқа жаққа ауа
бастағанындер кезінде байқауға дағдылануы және олардың сабақ барысынан тыс
қалуына жол бермей бағыт сілтеп отыруы қажет.
Адамның зейінді ұйымдастырудағы белсенділігінеқарай зейін ырықсыз,
ырықты және үреншікті болып үш түрге бөлінеді.
Ырықсыз зейін- психологиялық әдебиеттерде ырықсыз зейінді атауға бірнеше
синоним қолданылад. Кейбір зерттеулерде оны пассивті деп атаса екіншісі
эмоциялдық дейді. Бұл екі атау да ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетуге
көмектеседі.
Пассивті зейн жайы сөз болғанда обьектіге зейін аудару, зейінді эмоциялық
деп атағанда зейіннің обьектісі мен сол обьектілерден туатын эмоция мүдде,
қажеттілік арасындағы байланыс атап көрсетіледі. Бұл жағдайда да зейінді
шоғырландыруға бағытталған ерік жоқ.
Сонымен ырықсыз зейін дегеніміз сананы обьектіге сол обьектінің
тітіркендіргіш ретіндегі ерекшелігі шамасында шоғырландыру.
Мысалы: тітіркендіргіштін жаналығы да ырықсыз зейін тудырады. Көшеге шыққан
жаңа нөмірі бар машина, қабырға газетінің жаңа нөмірі қашанда назар
аударады. Зейіннің бұл қасиеттерін сабақта көрнекі құралдарды пайдаланғанда
ескеру керек. Егер мұғалім оған түсіндіру кезінде қажетті көрнекі
құралдарды бірден іліп қойса онда ол оқушылар зейінін жауап беріп тұрған
оқушыдан жалпы сыныпты жұмыстан басқа жаққа аударып жібереді, ал түсіндіру
сәтінде құрал жаналығынан айырылады, сондықтан зейін тартарлық қосымша
фактордан ажырайды.
Міне осы себептен де, мектепте жылдар боцы ауыстырылмайтын сурет галереясы
болғаннан гөрі ауық-ауық ауыстырып тұратын тақырыптың сурет көрмелерін
өткізген жөн.
Әсер етуші тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы ырықсыз зейін тудырады.
Тітіркендіргіштердің жоғарыда айтылған ерекшіліктері оны аз уақытқа зейін
обьектісіне айналдырады. Ырықсыз зейіннің бір нәрсеге ұзақ уақыт тоқталуы,
сол нәрсеге қажеттілікке, оның эмоциялық мәніне және мүддеге байланысты
таным процесіне эмоциялық жарқын реңк беретін заттар(қанық әр түрлі түстер,
әуезді үн, хош иіс) зейіннің ырықсыз интелектуалды эстетикалық және
моральдық фактордың мәні бұдан да зор. Тандандыратын, сүйсіндіретін,
шаттандыратын обьект назарды ұзақ ұстайды көркем өнер шығармалары сезімге
күшті әсер ертіп, ырықсыз зейін аудартады, сөйтіп пайда болған таным
ынтасымен бірге ой қызметін құбылысты санаға терең сіңірге бағыттайды.
Ынта әдетте сезімдермен байланысты және заттарға деген ұзақ ырықсыз
зейіннің аса маңызды себептерінің бірі болып көрініс береді. Таным
процесінде адамдарды қызықтыратын мүлде белгісіз нәрсе емес және бар жайы
түгел белгілі нәрсе де емес. Таным ынтасын тудыраьтын белгілі нәрсе
бойындағы жаналық.
Оқушылардың ынтасын көтеру, сол арқылы олардың ырықсыз зейінің арттыру үшін
сабақтың мақсатын айта келіп оқушылардың нендей жаңалықпен танысатынын атап
өту пайдалы.
Ырықсыз зейінге ынтаның көмегі тиетін сабақты құрудың жалпы психологиялық
принциптері мына төмендегілер болып табылады: материалдың мазмұндылығы,
тартымды әнгімелеу, жұмыс түрлері, іске берілгендігі, сабақтың жандылығы
мен эмоциялық қанықтылығы.
Ырықты зейін.
Ырықты зейінді белсенді немесе ерікті деп атайды.
Ырықты зейін дегеніміз - әрекет әсерінен туған обьектіге саналы түрде көңіл
аудару.
Зейіннің бұл түрінде эмоциялық жағынан жағымды нәрсеге ғана емес, көбіне
атқарылуы қажет нәрсеге көңіл аударылады. Сондықтан ырықты зейіннің
психологиялық мазмұны әрекетін, мақсатын белгілеуге және ерік күшіне
байланысты.
Обьектіге ықтиярлы көңіл аудару ерік күшін қажет етеді, ол зейінге сүйеніп
болады. Ерікті жұмылдыру алға қойған мақсатты шешуге қажетті ышқыныс
ретінде көңіл күйін әбігерлендіреді, ол обьктіден зейінді тайдырмауға алаң
болмауға әрекет үстінде қателеспеуге көмектеседі.
Мектепте оқу барысында ырықты зейінді қалыптастыру керек.Бұл үшін бастауыш
сыныптарда оқушылардың әліне сай тартымды оқу ұйымдастырылады, алға тез
жүзеге асатын мақсат қойылады табыс рақатын бастан кешіру баланың әрекеттің
келесі міндетіне жұмылу ынтасын нығайтады. Оқушылардың тым жас болуына
қарай сабақ үстіндегі әрекет түрі тез ауысып отыруы керек. Әрекеттің жаңа
түрі тынығу ғана емес, өзі арқылы ықтиярлы көңіл аударуға
көмектесетінырықты зейін жеке бастың қасиеті болғандықтан, сол кісіге
тәуелсіз қалыптаса алмайды.
Егер танымға практикалық әрекет қосылса, онда ақыл ой қызметінде зейінді
шоғырландыру жеңілденеді. Ұйымдастырылған практикалық әрекет болмаған кезде
зейінді ықтиярлы шоғырландырудың қиындайтындығын айқын байқалады, бұған
ауызша санау немесе әңгімені ұзақ селқос тыңдау процесі мысал.
Зейінді ырықты ұстауға көмектесетін жағдайға жұмыс орны жағдайының
ерекшелігі де жатады. Зейінді дұрыс ұйымдастыруға жәрдемдесетін маңызды
шарттың бірі адамның психикалық күйі. Шаршап шалдығып отырған адамның бір
нәрсеге зейін қоюы қиын көптеген байқаулар мен зерттелер жұмыс күні аяғында
жұмыста қате көбейтініп, шаршағандық әсерінен зейінді бір жерге оғырландыру
қиындайтындығын дәлелдеуде.
Бөтен себептерден туған эмоциялық қозулар ырықты зейінді әлсіретеді.
Ырықты зейінге сөз арқылы өзіңе өзіалға қойған әрекет мақсаты ерекше
зейінде болатын жайыттар жайлы ескертіп отырудың себебі тиеді. Әр түрлі
ыңғайлы және ыңғайсыз жағдайда жұмыс істей білу әдеттері де ырықты зейіннің
пайда болуына және оны сүйемелдеуге көмектеседі. Мұғалім оқудың еңбек
екенін және білім беру процесін тек ырықсыз зейінге құруға болмайтынын
ескеруі керек. Балалардың өз зейінің ұйымдастыра білуі оқу үстінде дамуы
тиіс.
Үйреншікті зейін. Зейіннің бұл түрі ырықты зейіннен кейін пайда болды.
Ырықты зейіннің шоғырлануы үшін қажетті ерік күшінің мұндай қажеті азаяды.
Үреншікті зейін - сананын жеке адам үшін маңызды және қымбатты обьектіге
шоғырландыру.
Психологиялық сипаттары жағынан үйреншікті зейін ырықты және ырықсыз зейін
ерекшеліктерімен байланысты, бірақ олрдан айырмашылығы да бар. Үйреншікті
зейін қызығу ынта, негізінде пайда болады бірақ ол затқа қызығушылық емес
жеке адамның бағыт бағдарының көрініс беруі. Үйреншікті зейін кезінде іс
әрекет қажеттілік ретінде көңілден орын алып, ал іс нәтижесі жеке адам үшін
маңызды болады.
Үйреншікті зейін ауған іске кірісу көп дәрежеде жеке бастың
ерекшеліктерімен, еңбекке дағдыланушымен, адам үшін бақытты шаққа айналатын
кезбен анықталады. Мұндай жағдайларда ырықты зейін үреншікті зейінгеоңай
ауысады, ондай кезде әбден шаршағанша шалдыққандық сезілмейді.
Зейіннің үш түрі бір бірімен араласа айқасып жатады және практикалық
әрекетте бір бірінен сүйемелдеп отырады. Мұғалім оқушылардың зейінін
ұйымдастырып сабаққа тартып қана қоймай, соңымен қатар олардың өз зейінің
басқара алатындай ерік сапаларын тәрбиелеуі керек.
Сыртқы және ішкі зейіндер.
Зейіннің обьектілерінін сыртқы дүниеде немесе олардың жеке адамның
түйсігі, ойы, көңіл күйі болуына қарай оны сыртқа бағытталған немесе
перцевтивті зейін және ішкі зейін деп бөлінеді. Перцевтивті және ішкі
зейінді айыра білу зейінді меңгеру үшін маңызды және жеке адамның кейбір
ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Сыртқа бағытталған зейін адамның дене
әрекетін реттейді. Дүниені зерттей қарау перцептивті зейінің дамуынсыз
қалыптаспайды.
Ішкі зейін кісінің өз іс әрекетін, ішкі дүниесін, өзін өзі білуін санаға
сіңірумен байланысты.
Бұл өзінің психикалық сана елегінен өткізбейтін жануарлар дүниесінде.
Сыртқы және ішкі зейін бірін бірі тежейді, бір мезгілде сыртқы әрі ішкі
құбылыстарға назар аудару өте қиын. Мысалы: адам ойға шомғанда көзін жұмады
немесе еш нәрсеге зер салып қарамай көз алдындағылар бұлдырап көрінеді.Ішкі
зейіннің обьектілері: сезім, еске түсіру ой болып табылады. Ішкі зейінді
сыртқы қимылдар ( еріннің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене қимылы,
байқамай сурет салу т.б.) қосарланақостайды. Ішкі зейінсіз болашақ әрекетті
және оның нәтижесін моделдеу мүмкін емес, ол сана мен өзін өзі түсінудің
қажетті шарты. Ойлай білу, ойлап әрекет ету ішкі зейіннің жетілуімен
байланысты. Ішкі зейін қалыптаспай кісінің адамгершілік ақыл, эстетикалық
дамуы мүмкін емес. Жеке адамның қалыптасуы өсуі үшін, өткен күнге баға
беру, өзінің әр жағдайда істеген қылығына зейін қоя ойлану әдеті өте
маңызды.
Ұжымдық, топтық жеке бастық зейіндер.
Оқытудың әр түрлі жағдайында зейінді ұйымдастыру жөніндегі іс әрекетті
талдау- мұғалімге сыныпта зейіннің үнемі бір түрінен екінші түрін
ұйымдастыруға, көшуіне тура келетінін көрсетті.
Ұжымдық зейін дегеніміз- барлық оқушылардың зейінін бір нәрсеге жұмылдыру.
Мұндай нәрсе көбіне мұғалімнің әңгіме мен оқушыларлың жауабы болады. Іс
жүзінде бүкіл сынып зейінін ұзақ мерзім тұтас ұстау қиын, бірақ
коллективтік зейін үшін бірен - саран оқушының алаң болуы қауіпті емес. Бір
мақсатқа ұмтылған коллектив өз арасындағы ішінара зейіні
тәрбиеленбегендердің де керекті іске ықыласын аударуға жәрдемдеседі.
Топтық зейін дегеніміз – коллективте жұмыс істеген жағдайда зейінді бір
нәрсеге, топқа бөлініп шоғырландыру. Топтық зейінді лабораториялық жұмыс
өткізгенде, өзара тексеріс кезінде ұйымдастыруға тура келеді. Бұл оқушылар
үшін де мұғалім үшін де зейінді ұйымдастырудың ең күрделі түрі. Өйткені
жұмыс үстінде топтар бірін- брі алаң етеді. Зейінді ұйымдастыру үшін
тапсырманы кезеңдерге бөліп орындауды мұқият жоспарлау, кей кезеңдерде
коллективтік зейінге ауысып отыру қажет.
Жеке бастық зейін дегеніміз - өз бетімен тапсырмаға зейін аудару.
Бұл - кісі өз бетімен кітап оқығанда, есеп шығарғанда, бақылау жұмысын
орындағанда пайда болады. Мұғалім үшін индивидуалдық зейіннен ұжымдық
зейінге көшуді ұйымдастыру қиынға соғады, өйткені оқушылар тапсырманы бәрі
бір мезгілде орындай алмайды және олардың көпшілігінің ұжымдық жұмыс
басталғанда зейіні бірден аумайды. Мұндай жағдайда тапсырманы бұрын
орындағандарға қосымша жұмыс беру қажет.
Зейіннің қасиеттері.
Зейін мынадай қасиеттерімен: аумағымен, бөлінуімен, шоғырлануымен,
тұрақтылығымен, ауысуымен сипатталады.
Зейіннің аумағы: Бұл қасиет зейіннің тым обьектілерінің санымен өлшенеді.
Зейін аумағын анықтау үшін 1 10 секундқа тең уақыт ішінде 10- 12 нәрседен
тұратын ( цифрлар, әріптер не әр түрлі кескіндер) обьект жиынтығын
көрсетеді. Осы уақыт ап – айқын көру қабылдауының пайда болуына
жеткілікті, бірақ көзге түскен заттың барлығын саналы бейнелендіруге
жеткіліксіз. Сыңалап отырған – бір нәрсе көрген сияқтымын бірақ, байқай
алмадым – дейді. Көріп тұрған нәрселердің барлығын саналы бейнелендіру үшін
бұдан әлде қайда ұзақ уақыт керек. Заттарды топтастыру, сөйтіп жекеленіп
қабылданатын обьектілердің санын азайту арқылы зейін аумағын арттыруға
болады. Бірінші сынып оқушысы үшін әріп жеке обьект. Оқып жаттыға келе әр
сөз, кейінірек бүтіндей бір сөйлем тұтас бір мағыналы обьект болып
қабылданады. Заттарды топтастыру арқылы зейін аумағын арттыру оны
бөлектеуге – топтағы жеке компоненттерді есте тұтуға зиян келтірмеуі керек.
Заттарды топтастыруды зейінді тұтас нәрсенің жеке элементтері аралығында
болумен дұрыс үйлестіру таным процестерінің дамуымен тығыз байланысты.
Зейіннің бөлінуі.
Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс әрекет үстінде бірнеше обьектіге бір
мезгілде зейін аудара алатындығынан білінеді.
Бір мезгілде өлеңді жатқа айтып, әрі екі ондық шамасында қосу мен алу
амалына есеп шығарып көріңіз. Сіз бір әрекеттің екінші әрекетке кедергі
болатынын сезесіз.
Әдетте іс әрекет процесінде зейін оның бір түріне ауады. Бұл физиологиялық
жағынан ми қыртысындағы оптималдық қозу ошағының жалғыз екендігімен
түсіндіріледі. Ал өмірде іс әрекет зейінді үнемі әр нәрсеге бөлуді талап
етеді. Зейінді бөле білуге дағдылану керек. Зейінді бөле білу қабілеті іс
әрекет арқылы тәрбиеленіп, бірте – бірте адамның маңызды сипатына айналады.
Зейіннің шоғырлануы: Зейіннің обьектіге шүйлігу дәрежесі – шоғырлануы
немесе зейіннің күшейе түскендігі оның құнды қаситі болып табылады.
Шоғырлану обьектінің зейінді тартып алуынан білінеді. Зейін қуаттылығының
көрсеткіші – оның кедергіге төзімділігі бөтен тітіркендіргіштермен оны
әрекеттен бөлу мүмкін емес екендігі болып табылады.
Зейіннің шоғырлануы оның аумағы мен бөлінуіне тығыз байланысты. Зейін
түсетін обьектілер неғұрлым аз болса, зейін бөлетін әрекет түрлері де
соғұрлым аз болады да шоғырланудың күшеюіне мүмкіндік молаяды. Зейін бір
обьектіге, не әрекеттің бір түріне бағытталғанда зейін әбден күшейеді.
Зейіннің тереңдей шоғырлануы – іс әрекеттің дәл және ойдағыдай орындалуына
қажетті жайт бірақ зейіннің бір обьектіге шоғырлануы оның аумағы мен
бөлінуі қажетті обьектілер арасында жеткілікті үйлесімін тапқанда ғана
жемісті болады. Зейіннің күшейе түскендігінің физиологиялық негізін
қозудың оптималдық ошағы туғызатын бірмезгілдік теріс индукциядан көруге
болады. Индукцияның салдарынан пайда болған тежелу – қозудың ми қыртысының
аз ғана бөлімінде шоғырлануына себепші болады.
Зейіннің тұрақтылығы
Зейіннің тұрақтылығы оның обьектіге ұзақ уақыт аударылғандығынан көрінеді.
Зейіннің бұл қасиеті көптеген себептерге, енрв процестерінің күшіне
әрекеттің сипатына, іс әрекетке деген қатынасқа, қалыптасқан әдеттерге т.б.
байланысты болады.
Тұрақтылыққа қарсы қасиет – алаң болушылық, ол зейінінң ауытқуынан
көрінеді. Зейіннің ауытқуын кескіннің қосарлануын қабылдау кезінде байқауға
болады. Зейіннің тұрақтылығы физиологиялық жағынан қозудың енрв
клеткаларының бір тобына ұзақ уақыт шоғырлануы мен байланысты. Нерв
клеткаларының қозу процесіне ұзақ уақыт төзу қабілеті нерв прцестерінің
әлділігін көрсетеді. Сондықтан сол сияқты тең жағдайлар кезінде зейіннің
тұрақтылығынан, адамның жоғары нерв әрекетінің жалпы типі байқалады.
Зейін аудару.
Зейін аудару дегеніміз зейінді бір обьектіден екінші бір обьектіге әдейі
ауыстыру . Зейін аударудың ауытқудан айырмашылығын оның саналы түрде
болатындығында бір нәрсеге алаң болғанда адам зейін обьектісін ықтиярлы
алмастырады, ал зейін аударғанда ол алдына басқа бір нәрсемен шұғылдану
немесе тынығу мақсатын қояды. Іс әрекет процесінде алдымызға жаңа міндеттер
қоя отырып біз зейінімізді бір обьектіден басқа обьектіге немесе оның бір
жағынан екінші жағына ауыстырып отырамыз.
Зейіннің аударылуының физиололгиялық негізі – жүріп жатқан қозудың
оптималдық ошағының тежеліп оның жаңа ошағының жасалуы. Бұдан зейін аудару
нерв процестерінің қозғалғыштығына – қозу мен тежелудің алмасу шапшандығына
тәуелді деген қорытынды шығарамыз. Нерв процестерінің баяулығы зейін
аударуды қиындатады. Сондықтан зейіннің аударылғыштығында да адамның типтік
ерекшелігі, бәрінен бұрын нерв процестерінің қозғалғыштығы мен күші көріне
береді.
Зейіннің аударылуы обьектілер сипатына тәуелді болады. Затқа деген ынта
және оның адам үшін маңызды екенін мойындау зейін аударуды едәуір
жеңілдетеді. Жеке адам үшін мәні аз заттан маңыздырақ затқа зейін тез де
оңай ауады.
Зейіннің аталып өткен қасиеттері өзара тығыз байланыста. Жұмыстың
нәтижелі болуы белгілі бір іс әрекетті орындағанда оған зейіннің жеке
қасиеттерінің қатысуына ғана емес, олардың үлесім табуына да тәуелді.
Зейіннің жеке бастық қасиет екендігі жайында.
Зейінділік жағдайы: Белгілі бір жағдай адамда зейінділік не зейін
шашырандылығын туғызуы мүмкін. Адамда зейін жетілігі ол жаңа әдеттегідей
тыс жағдайға тап болғанда пайда болады. Ол өмір үшін маңызды оқиғаны
сарқылы күтуден, жауапты тапсырманы орындаудан туады.
Зейінділік жағдайына: сезінгіштіктің күшеюі, ойдың айқындығы, эмоциялық
өрлеу, күшті жұмылдыру еркі жинақтылық және әрекетке әзірлік әсерінен
психикалық реакциялар шапшандығының артуы тән сипаттар. Бұл жағдайда
зейінділіктің ірге тасы ырықты зейіннен қаланады.
Зейінділік жағдайы қажеттіліктің артуы немесе затқа деген ынтаның өсуі
кезінде де пайда бола алады. Мұндай жағдайда зейінділіктің негізінде
ырықсыз зейін жатады.
Зейіннің типтері: Жеке адамға мнездеме бергенде адамдарды зейінді,
зейінсіз, ұмытшақ деп бөлеміз.
Зейінділік ең алдымен іс әрекеттегі зейін түрлерінің қатысымен анықталады,
өзіне ненің және неліктен қажет екендігін айқын білетін, еркі күшті
мақсатқа берік адмға ырықты және үйреншікті зейіннің, басым болуы тән. Бұл
жағдайда зейіннің кейбірсапасының кемшіліктері онша білінбейді. Зейінділік
адамға деген қарым қатынастағы әдептілік пен мейірімділіктің негізін
құрайды. Зейінсіздік бір нәрсеге ден қоя алмаудан, пікір мен ой қорыту
үстірттігінен басқа адамның ішкі дүниесіне үңіле алмаушылыұтан көрінеді.
Зейінсіздік себептері жігерсіздікте, айнала қоршаған дүние жайлы білімнің
тапшылығында мейрімсіздікте, адам тағдырына деген неқұрайлықта жатады.
Зейіннің шашыраңқылығына зейіннің бір нәрсеге терең бойлай шоғырлануы да
себеп болуы мүмкін. Мұндай кезде адам зейін бөлінуінің жеткіліксіздігінен
айналасында болып жатқан жайытқа зер сала алмайды. Мінез құлқының сырт
кескініне қарағанда бұл зейіні сан – саққа бөлінген адам сияқтанып
көрінеді, бірақ сол сырттай шашыранқылық салдары.
Зейіннің типтері оның жеке адам құрылымындағы жалпылыма ғана
сипаттамасын береді шын мәнінде зейін адамның әр түрлі қасиеттерімен тығыз
байланысты. Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру,
оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнінде
К. Д. Ушинский былай деген: Балаға оқуды қызықты ете білу керек және
сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтьш тапсырмаларды да бұлжытпай
орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп
жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен
қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықгырып
отыру керек.
Жеке адам құрылымындағы зейін.
Зейінділікті тереңірек сипаттау үшін, оның мазмұн себеп жағын, сондай ақ
зейінділік құрылымындағы зейіннің әр түрлі қасиеттерінің қатысын анықтайтын
жеке адамның іс әрекеті және бағыт бағдарымен байланысын талдау қажет.
Еңбек және оқу әрекетінде адамның ырықты зейіні жиі бағытталатын тұрақты
обьектілер болады. Бұл обьектілер адам санасында бірте – бірте көбірек
орын тебе бастайды. Осы заттарға және белгілі бір іс әрекетке зейін қою
әдеті пайда болады.
Адамның дүниетаным, наным, мұраттары қандай заттар оның санасының
шоғырлануын туғызатындығына айтарлықтай ықпал етеді.
Зейінділік жеке адамдық сипат ретінде зейін қасиеттерінің өзіндік
жиынтығынан көрінеді. Зейін мінез сипаттарында жеке адамның ақыл ой
қызметінің дар ерекшеліктерімен, сезім көріністерімен үйлеседі. Байқағыштық
білуге құмарлық сияқты мінез сипаттарында адамның эмоциялық қарым қатынасы
да, оның зйінінің ерекшеліктері де ақыл ой қызметінің өзіндік болмысы
негізінде жинақталады.
Жеке адамдық сипат ретіндегі құмарлықта зейіннің таным қызметімен синтезі
сезім негізінде өтіп жатады.
1.3. Зейінді зерттеген ғалымдардың көзқарастарына теориялық шолу.
Ғалымдардың пікірлері бойынша Кеңес дәуіріндегі психологияда зейін
жан жақты зерттеліп, талқылануда болғанын айтады. Мәселен ғалым
пстихологтардың кейбірі ырықты зейін секілді мақсат бағдарлы, бастапқы
еріктік күш салуды талап ететін зейіннің және бір түрін айырып қарастырады.
Бұл зейін түрінде адам толығымен іс әрекетке шомады, оған енді әрекеттің
нәтижесі ғана емес, сол әрекеттің өзі де мәнді әрі қызғылықты болып
көрінеді.
Мұндай зейін түрін орыс тілді әдебиеттерде послепройзвольный
(Н.Ф.Добрынин) деп атаса қазақ тіліндегі оқулықтарда үйреншікті зейіннің
атауымен баламаланған Қ. Жарықбаев, А.Алдамұратов қай іс әрекет болмасын
алғашқы кезде оны игеру қаншама маңдай тер төккізіп, қиналысқа түсіріп,
зорлануға дүшар ететін белгілі, ал кейін үйрене келе, дағдыланудан
әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның өзі де адамдарды өзінен өзі баурап,
әдемі орындалуынан көңілді қуаныш сезімге бөлейді.
Әрекет енді әдемі қайталап, еске түсіріп тудыруды, ерік күшін қосуды қажет
ете бермейді, өзінен өзі орындалып жатқандай болып көрінеді.
Зейін әрекетінің физиологиялық көрнісін түсінуде Ч. Шерингтон ғылыми
дәлелдеп, кейін И.П.Павлов кең қолданған жүйке процестерінің индукция заңы
үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабығының бір аймағында туындаған
қозу оның басқа бөліктерінде тежелу пайда етеді, немесе мидың сол
бөлігіндегі тежелумен орын ауысады, себебі нақ қозу пайда болған аймақ
өзінің сол қозу үшін тиімді жағдайымен ерекшеленеді, сондықтан да бұл арада
әсерлер жіктеліп сарапталады, жаңа шартты байланыстар түзеледі, яғни бұл
аймақ нақ сол мезетте- үлкен ми сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі
сипатына ие.
И.П. Павлов Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі мидың байқай
алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптималдық қозу пайда болатын жері
жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы
және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуледағын
көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды- көпті
қара көлеңкенін ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді.
Адамның көзіне түсетін әр бір зат жаңа мазмұнға ие болу керек, дамып
жаңарып отыруы тиіс. Мазмұнның жаңарып, өзгеруі ғана адамның зейінді
болуына әсерін тигізеді ( Л.С. Рубинштейін)
К.Д.Ушинскидің пайымдауы бойынша: Біз жаңа нәрселерге көңіл
аударамыз, аланда жаңа нәрсе деп отырғанымыз – мүлде бейтаныс сондықтанда
түсініксіз нәрсе емес. Жаңа нәрсе немесе жаңалық бұрын көрген естіген
нәрселерді толықтырып отыруы тиіс. Бір сөзбен айтқанда қызықты болу керек.
Осы ғалымдардың зейінге деген көз қарастары бойынша
Н.Ф.Добрыниннің айтқан пікірін қолдауға болады себебі, бұл ғалым зейін,
оның түрлерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, дәлелдеп шығарған.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ,
ашығырақ қабылдауға, оларды санамызды сәулелендіруге болмас
еді.(Т.Тәжібаев).
Зейінді дамытудың ең жақсы тәсілі адамдарға ықыласты болуға өзіңді
үйрету... Өзің туралы ойдан, өз қам- қарекетіңнен бойында
ұстау.(.Л.Соловейчик)
Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, оларда
зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнінде
К.Д.Ушинский былай деген Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен
қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды
талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі
жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада
белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек.

болуы қиын. К.Д.Ушинский зейіннің маңызын былайша көрсеткен Зейін адам
санасынан қорытылып өтетін барлық ойды анғартатын, адам жанының жалғыз ғана
есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде бір сөзі соқпай өте
алмайды егерде де ол соқпай өтсе онда баланың санасында ештеңе де қалмайды.
И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,
осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын
айтқан, мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы
жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып
жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz