Жыныстық бостандыққа және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы өзге де қылмыстар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

1 Жыныстық қылмыстардың түсiнiгi және жүйесi
1. Жыныстық қылмыстардың
түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7
2. Жыныстық қылмыстардың
жүйесi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .7-8
3. Жыныстық қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы ... ... ... ..9-20

2-тарау. Зорлаудың түсiнiгi, құрамы және күшейтiлген түрлерi ... ... .21-44
2.1 Зорлаудың түсiнiгi және
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 21- 34
2.2 Зорлаудың күшейтiлген
түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34-44

3-тарау. Жыныстық бостандыққа және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы өзге
де қылмыстар
3.1 Нәпсіқұмарлық сипатындағы күш
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45-48
3.2 Он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және
нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-
әрекеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..48-50
3.3 Жыныстық қатынас жасауға немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-
әрекеттерге мәжбүр
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..50-52
3.4 Жас балаларды
азғындату ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..52-53

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .54 -55

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...56-59

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .60 -62

Кiрiспе

Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алғаннан бастап, бiз өзiмiздiң
даму жолымызды, мемлекеттiк және қоғамдық құрылыс бағдарламасын таңдап
алдық. Бiздiң ең басты мақсатымыз демократиялық, құқықтық мемлекет құру
барысында нарықтық экономикаға және ұлттық әдет-ғұрыпқа негiзделген анық
және нақты бағдарламамыз бар. Осы бағдарламаны iске асыру үшiн, яғни
демократиялық, құқықтық мемлекет болу үшiн бiр адам емес, барлығымыз
бiрлесiп күш жұмсап, көптеген еңбектер етуiмiз қажет. Бұл бiздiң ата
заңымыз Конституцияда да көрсетiлген.
Қазақстан Республикасының 1995-жыл 30-тамызда қабылданған
Конституциясына адам құқықтары мен бостандықтарына арналған көптеген жаңа
баптар енгiзiлген. Бұл баптардың бәрi адам құқықтары туралы халықаралық
декларация қағидаларына негiзделген. Қазiргi Қазақстан Республикасының 1997
жыл 16-шiлдеде қабылданып, 1998-жыл 1-қаңтарда күшiне енген Қылмыстық
Кодексiнiң, бұрынғы 1959 жылы 22-шiлдеде қабылданып, 1960 жылы 1-қаңтарда
күшiне енген Қазақ ССР Қылмыстық Кодексiнен ерекшелiгi өте көп.
Жаңа Қылмыстық Кодекс өте әдiл деуге болады. Онда көптеген жаңа
қылмыс түрлерi көзделген. Жаңа Қылмыстық Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң 1-
тарауы жеке адамдарға қарсы қылмыстарға арналған болса, бұрынғы Қазақ ССР
Қылмыстық Кодексiнде ол ерекше бөлiмнiң 3-тарауында берiлген едi.
Сондықтан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бiздiң
Конституциямыздың басты мақсаты болып табылады, яғни азаматтардың қолайлы,
жақсы өмiр сүруiне жағдай жасалу керек.
Бұл бiздiң құқықтық норманың әдiлдiгiн, мемлекеттiң демократиясын
сипаттайтын өлшем болып табылады. Әлемдiк тәжiрибеде белгiлi болғандай,
қоғамның дамуымен қатар, оның терiс жақтары да дамып, қылмыстың жаңа
түрлерi пайда бола бастайды. Бұлар үлкен немесе кiшi болуына қарамастан
қоғамға қауiптi және адам мен қоғам арасындағы қатынастарға өте үлкен зиян
әкеледi десек болады. Осындай адамның құқықтары мен бостандықтарын
кемсiтетiн, бұзатын қылмыстардың бiрi болып зорлау қылмыстары табылады.
Бұлар жыныстық қатынастың тәртiбiн бұзатын қылмыстар болып табылады.
Жыныстық қылмыстар мәселесі тек бүгінгі таңда емес, сонымен қатар
ғасырлар бойы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Осыған байланысты аталған қылмыстар диплом жұмысының тақырыбы
ретінде таңдап алынды.
Бұл жұмыс кiрiспе, үш тараудан және қорытынды бөлiмдерден тұрады.
Сонымен қатар, жұмыс соңында жалпы пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
берiлген.
1-тарауда: Зорлау қылмыстарының түсiнiгi және құрамы қарастырылған.
2-тарауда: Зорлаудың күшейтiлген түрлерi қарастырылған.
3-тарауда: Жыныстық бостандыққа және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы
өзге де қылмыстар туралы қарастырылған.
Аталғандарға қоса бұл жұмысты жазу барысында жыныстық қылмыстарды
жасаудың криминологиялық сипаты да қамтылған. Яғни, біздің мақсатымыз тек
мұндай қылмыстарға құқықтық тұрғыдан ғана зерттеу жүргізумен шектелмейді,
сонымен қатар жыныстық қылмыстар неліктен жасалатындығы, оларды жасаушы
тұлғалар мен жәбірленушілердің жеке басына жан-жақты талдау жасалады.
Себебі, қоғам мұндай қылмыстардың алдын-алуды, құқық қорғау органдарының
міндетті түрде кінәлі тұлғаларды тауып, тиісті жазасын тағайындауды талап
етеді. Оларға тағайындалған жаза, осындай қылмыстарды қайталап жасамауды
қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
Жыныстық қылмыстарды жасайтын тұлғаларға қатысты түзеу мекемелерінде
де сотталғандар арасында өзгеше көзқарас қалыптасқан. Сондықтан да болар,
бұл қылмыстарды көп жағдайларда бірнеше рет қайталанып жасалатын қылмыстар
ретінде қарастыруға болады.
Мұндай жағдайға таңданудың да реті жоқ, себебі жыныстық қылмыстар өте
аз зерттелген. Бұл мәселені зерттеу барысында міндетті түрде заң
ғылымдарынан басқа әлеуметтану, психиатрия, психология және медицицна
сияқты ғылымдардың да жетістіктерін пайдаланған жөн.
Бұрынғы Кеңес Одағына кіретін мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда
да жыныстық қылмыстарды зерттеу, идеологияның қысымына ұшыраған болатын.
Сондай-ақ, мұндай қылмыстарды зерттеу ар-ұят тұрғысынан алғанда келеңсіз
деп қарастырылып, көпшілік оқырмандардың қолына тимейтін, олар әскери
құпиялар тәрізді сақталған болатын.
Тергеу, сот, прокуратура органдарының қызметкерлері және адвокаттар
жыныстық қылмыстардың жасалу табиғаты және себептері туралы өз ойларын
білдіргенде, оларды күнделікті тұрмыстық жағдайлармен ғана байланыстырады
немесе кінәлі тұлғалардың ақыл-есінің дұрыс еместігімен, психикасының өзге
де бұзылғандығымен түсіндіреді. Бұл әрине біржақты көзқарас, мұндай
қылмыстардың жасалу себебін тек заңгерлердің тұжырымдамаларымен түсіндіру
тақырыптың толық мазмұнын ашпайды. Сондықтан, жыныстық қылмыстарға қатысты
мәселені жан-жақты зерттеу алдымен ғылыми-теориялық тұрғыда жүргізілуі
тиіс.

1 Жыныстық қылмыстардың түсiнiгi және жүйесi

1.1 Жыныстық қылмыстардың түсiнiгi

Жыныстық қылмыстың анықтамасын анықтау, берiлген топқа
қатыстылығын және оның арнайы және негiзгi белгiлерiн көрсететiн iс-
әрекеттi бекiту мақсатында қызмет етедi. Бұл қылмыстар үлкен немесе кiшi
болуына қарамастан жыныстық қатынастың тәртiбiн бұзады және қоғамға өте
қауiптi болып табылады.
Жыныстық қатынастың тәртiбi әлеуметтiк-экономикалық формацияда
анықталған, жыныстық моральға байланысты қоғамда танылған қағидалар мен
көзқарастардың маңызын бiлдiредi.
Жыныстық қатынастың тәртiбiнiң мазмұнын жыныстық мiнез-құлық
түсiнiгiнен бөлек ашып көрсетуге болмайды. Жыныстық мiнез-құлық қоғамдағы
мiнез-құлық нормалары жүйесiнiң құрылымдық бөлiктерiнiң бiрi болып
табылады. Жыныстық мiнез-құлық немесе жыныстық мораль адамдардың жыныстық
өмiрiнiң барлық жағын реттейтiн мiнез-құлық нормалары жүйесiн өзіне
қамтиды.
Ф.Лист жыныстық мiнез-құлық обьектiсi тек жыныстық қатынастар деп
көрсетедi[1].
Бірақ бұл оның түсiнiгiн шектеп көрсетедi. Бiздiң ойымызша жыныстық
мiнез-құлық түсiнiгi адамның жыныстық қатынасқа байланысты тәртiп
ережелерiн ғана емес, сонымен қатар жыныстық мәселелерiне тиiстi қоғамдағы
этикалық және эстетикалық көзқарастар мен әдет-ғұрыптарды да қамтуы қажет.
Қоғамдық мiнез-құлық пен жыныстық мiнез-құлық арасындағы қатынас бұл
бүтiндей және бөлшектей арақатынас. Мысалы: Қылмыстық құқыққа байланысты
кез-келген қылмыс мiнез-құлыққа қарсы, ал жыныстық мораль нормаларын
бұзатын қылмыстар арнаулы ғана.
Жыныстық қылмыстардың арнайы белгiсi ретiнде жыныстық қатынастарды
реттейтiн негiзгi моральдық нормаларды бұзу болып табылады. Жыныстық
қылмыстар басқа қылмыстардан белгiлерiне, айырмашылықтарына байланысты
ерекшеленетiн өзiндiк бiр қылмыс тобын құрайды. Осы топтағы қылмыстарға
қатысты заң әдебиетiнде жыныстық қылмыс деген термин қалыптасқан. Бұдан
бiз жеке тұлғалардың белгiленген құқығын бұзатын жыныстық мiнездегi
қылмыстарды түсiнемiз.
Я.М.Яковлев жыныстық қылмыстардың анықтамасын былай дейдi: Жыныстық
қылмыстар дегенiмiз - әр түрлi жыныстағы адамдардың арасындағы жыныстық
қатынастың дұрыс тәртiбiн немесе жәбiрленушiнiң жыныстық бостандығын
бұзатын жыныстық іс-қимыл түріндегі, тұлғаның немесе субьектiнiң жыныстық
құштарлығын қанағаттандыру мақсатымен қасақана жасалатын, қоғамда
қалыптасқан жыныстық тәртiпке қарсы, жыныстық қатынасқа қол сұғатын,
қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауiптi iс-әрекет[2].
Сонымен қатар жыныстық қылмыстарға байланысты Б.В.Даниэльбек мынадай
қысқаша анықтама бередi: Жыныстық қылмыстар дегенiмiз - өзiнiң және
басқаның жыныстық құштарлығын қанағаттандыру үшiн қасақана жасалған,
қоғамдағы жыныстық қатынастың дұрыс тәртiбiне қол сұғатын, жыныстық сипатқа
ие қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауiптi iс-әрекет[3].
Авторлар ойынша бұл анықтамалар жыныстық қылмыстардың белгiлерiн
анықтайтын жыныстық мақсат деген концепциядан туындайды. Бұл жерде олар
басқа себептермен жасалған қоғамға қауiптi жыныстық әрекеттердiң жыныстық
қылмыстар ретiнде тану мүмкiндiгiн жоққа шығарады. Жасалу негiзi адамдардың
жыныстық бостандығына жататын қоғамдағы жыныстық мiнез-құлықтың негiзгi
қағидаларын бұзатын қылмыстық iс-әрекеттердi бiр топқа бiрiктiру толық және
дұрыс анықталған болып табылады. Бiздiң ойымызша порнографиялық заттарды
тарату өзiнiң маңызы жағынан жыныстық қылмыстарға өте ұқсас болып табылады,
бiрақ бұл қылмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң ерекше
бөлiмiнiң басқа тарауынды көрсетiлген. Жыныстық қылмыстардың басқа
қылмыстардан айрмашылығы, оның қоғамдағы жыныстық мiнез-құлықтың негiзгi
қағидаларын бұзуында болып табылады. Себебi, басқа қылмыстар жыныстық
мораль нормаларын бұзумен байланысты емес.
Барлық жыныстық қылмыстар өзiнiң қоғамға қауiптiлiк дәрежесiнiң
ерекшелiгiне, маңызына қарамастан туыстас бiр обьектiге қол сұғудан тұрады,
яғни жыныстық мораль нормаларына негiзделген жыныстық қатынастың тәртiбiне
қол сұғу болып табылады.
Б.А.Блиндер қоғамдағы жыныстық қатынастың тәртiбiн тектiк және топтық
обьект ретiнде таныған[4].
Жыныстық қылмыстың тiкелей обьектiсi әртүрлi. Бұл қылмыстың бiр тобы
тiкелей адамдардың бостандығына қол сұғудан тұрса (зорлау), ал екiншi бiр
тобы қоғамдық мiнез-құлықты бұзу болып табылады. Зорлау және нәпсiқұмарлық
сипаттағы күш қолдану әрекеттерiнiң тiкелей обьектiсi жыныстық бостандық
болып табылады.
Жыныстық бостандық дегенiмiз - жыныстық жасқа толған және толмаған
азаматтардың өздерiнiң жыныстық өмiрiн ерiктi анықтау құқығын айтамыз.
Жыныстық бостандықты шектеу қоғамдық қажеттiлiкпен және бекiтiлген
моральдық нормамен анықталады. Мысалы: азаматтар басқа бiреудiң есебiнен
өзiнiң жыныстық құштарлығын қанағаттандыруға құқығы жоқ. Сонымен, жыныстық
бостандық дегенiмiз - қоғамның немесе басқа адамдардың құқықтарын бұзбай,
өз еркiмен өздерiнiң жыныстық құштарлығын қанағаттандыру құқығы болып
табылады. Жыныстық бостандықтың түсiнiгi жыныстық құштарлықты
қанағаттандыру құқығының барлық жағын қамтиды. Сондықтан басқа адамдардың
еркiне қарсы жыныстық сипаттағы кез-келген әрекет жыныстық бостандыққа қол
сұғу болып табылады.
Бұл жерде бiз жыныстық бостандық мазмұнына тек жыныстық қатынасқа
түсу кiредi деген П.П.Осипов пiкiрiмен келіспеймiз. Сондықтан, басқа
адамдардың еркiне қарсы жыныстық әрекет жасау жыныстық қадiр-қасиетке қол
сұғу болып табылады[5].
Жыныстық қатынастың еркiндiгi қағидасы жыныстық моральдың ең негiзгi
белгiсi болып табылады.
Көп авторлар жыныстық қатынастардың обьектiсi ретiнде әйелдердiң
жыныстық қол сұғылмаушылығын қарастырады. Бiздiң ойымызша жыныстық
бостандық терминi дұрыс және дәл алынған десек болады, себебi ол жыныстық
моральдың маңызын көрсетедi. Ал жыныстық қол сұғылмаушылық, тек көмекке
мұқтаж жағдайдағы немесе айналадағы болып жатқанның мәнiсiн
түсiнбейтiндерге байланысты қолданылуы тиіс. Мысалы: кәмелет жасқа толмаған
немесе ақыл-есi дұрыс емес адамдарға қатысты айтсақ болады. Шындығында бұл
тұлғалар жыныстық қатынаста өздерiнiң келiсiмiне немесе басқа да
әрекеттерiне қарамастан қол сұғылмайтын тұлғалар болып табылады.

2. Жыныстық қылмыстардың жүйесi

Қылмыстық құқықтың негiзгi белгiсi болып, қылмыстардың жүйесiн құру
негiзiне жататын қылмыстардың обьектiсi болып табылады. Сондықтан жыныстық
қылмыстарды топтастырғанда, осы қылмыстың тiкелей обьектiсi басшылыққа
алынып құрылуы қажет. Егер қылмыста бiрнеше тiкелей обьект болса, яғни
заңмен қорғалатын қылмыстық қатынастың бiрнешеуi бұзылса, онда осы
қылмыстың маңызын және бағытын анықтайтын басты негiзгi обьектiнi тауып алу
қажет. Көптеген жыныстық қылмыстар тек қоғамда белгiленген жыныстық
қатынастың тәртiбiн бұзу емес, сонымен қатар жеке тұлғалардың құқықтарына
қол сұғуына да байланысты болады. Мысалы: зорлау, нәпсiқұмарлық сипатындағы
күш қолдану әрекетi, жыныстық қатынас жасауға және нәпсiқұмарлық сипаттағы
әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу тағы басқа. Көптеген авторлар жыныстық
қылмыстардың жүйесiн қазiргi заңдарға сәйкес құрастырған. Жыныстық
қылмыстардың толық және дәлiрек жүйесiн Я.М.Яковлев бередi. Ол жыныстық
қылмыстардың жүйесiн төрт топқа бөлiп қарастырады.
1-Жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар.
2-Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар.
3-Балалар мен кәмелетке толмағандардың дұрыс жыныстық тәрбиесi мен дұрыс
жыныстық дамуына және жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар.
4-Әйелдер мен еркектер арасындағы дұрыс жыныстық қатынасқа қол сұғушылық
қылмысы. Бұл топқа автор бiр құрамдағы қылмыстарды кiргiзедi, яғни еркек
пен еркек арасындағы жыныстық байланыс (мужеложство).
Сонымен қатар Н.Д.Дурманов, жыныстық қатынас саласындағы қылмыстарды
келесi топтарға бөледi.
1-Әйелдердiң қадiр-қасиетiне, денсаулығына, бостандығына қол сұғушылық
қылмысы.
2-Кәмелетке толмағандардың дұрыс физиологиялық дамуына, бостандығына және
жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар.
3-Еркек пен еркек жыныстық қатынасы (мужеложство). Мұнда қол сұғу
обьектiсiнде, яғни еркек пен еркектiң мәжбүрлi немесе ерiктi жыныстық
қатынас жасауындағы маңызды ерекшелiктер есепке алынбаған.
Бiздiң ойымызша қылмыстың тiкелей обьектiсiнiң ерекшелiктерiне
негiзделiп, жыныстық қылмыстарды келесi жүйеге топтастыруға болады:
1-Ересек адамдардың жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар (зорлау,
нәпсiқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекетi, және жыныстық қатынас жасауға
немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету).
2-Кәмелетке толмағандардың дұрыс жыныстық дамуына және жыныстық қол
сұғылмауына қарсы қылмыстар (кәмелетке толмағандарды зорлау, кәмелетке
толмағандарға нәпсiқұмарлық күш қолдану әрекетiн жасау, он алты жасқа
толмағандармен жыныстық қатынас және нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де
әрекеттер жасау және жас балаларды азғындату).
Сонымен қатар жыныстық қылмыстардың жасалу әдiсiне байланысты былай
жүйелеуге болады:
1-Зорлықпен ұштасқан жыныстық қылмыстар (зорлау, нәпсiқұмарлық сипаттағы
күш қолдану әрекетi, жыныстық қатынас жасауға және нәпсiқұмарлық сипаттағы
өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету).
2-Зорлықпен ұштаспаған жыныстық қылмыстар (он алты жасқа толмағандармен
жыныстық қатынаста болу және нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттер
жасау, жас балаларды азғындату).
Жыныстық қылмыстардың жүйесiне байланысты Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексi жыныстық қылмыстардың мынадай түрлерiн қарастырған.
1. Зорлау (120-бап).
2. Нәпсiқұмарлық күш қолдану (121-бап).
3. Он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және
нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттер (122-бап).
4. Жыныстық қатынас жасауға немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-
әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап).
5. Жас балаларды азғындату (124-бап).

1.3 Жыныстық қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

Криминологтар зорлау және өзге де ауыр санаттағы жыныстық
қылмыстардың жасалу себептерін анықтауға байланысты бірнеше мәрте
талпыныстар жасады. Олардың барлығын бір ойға түйіндесек, төмендегідей
қорытынды жасауға болады:
1) зорлау және зорлаумен ұштасқан адам өлтірулерді жасау жыныстық
тәрбиенің жоқтығымен байланысты; барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдары
арасында мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыруға қатысты, бос уақытты
тиімді өткізуге байланысты мәселелерге тиісті түрде көңіл бөлінбейді.
2) порнографиялық баспалардың, фильмдердің және өзге де порнографиялық
сипаттағы бұйымдардың ашықтан-ашық сатылуы және таратылуы;
3) ересектердің жас балаларды азғыруы, жыныстық даму кезеңінде
жасөспірімдердің ата-аналарының қадағалауынан тыс қалуы;
4) қазіргі жастардың арасында абсолюттік жыныстық бостандық туралы ойдың
қалыптасуы;
5) кейбір ер адамдардың өздерін табиғатынан әйелдерден жоғары тұрамын деп
санауы, әйел адамдарға қатысты діни көзқарастарға соқыр сеніммен
қарауы;
6) зорлау және зорлаумен ұштасқан адам өлтірулер көп жағдайларда
алкогольдік немесе есірткілік мастық күйде жасалады;
7) жыныстық сипаттағы қылмыстардың басым көпшіліктері бұзақылық ниетпен
жасалады; мұндай ниетпен қылмысты кәмелетке толмағандар жасайды, олар
өздерінің құрдастары арасында мақтанып, ересек өмірге араласытындығын,
батылдығын дәлелдеу үшін жасайды;
8) жәбірленушілер тарапынан жыныстық жақындасуға жеңіл оймен қарауы, сол
арқылы жыныстық қылмыс жасауға өздерінің жағдай жасауы;
9) зорлаумен ұштасқан адам өлтірулер көп жағдайларда қызғаныш нәтижесінде
жасалады.
Жыныстық қылмыстарды жасаудың табиғаты мен себептері туралы зерттеуге
біздің елімізде онша көп көңіл бөлінбей отыр. Мұндай қылмыстар туралы
С.В.Познышев былай дейді: қылмыскерлердің ішінде ең импульсивтілері –
жыныстық қылмыс жасаушылар, зорлау жасағандар және жас балаларды
азғырушылар. Бұл тұлғалардың жыныстық құмарлығы өте күшті болады және
басқа адамдардағы сияқты моральдық сипаттағы комплекстері болмайды, олар
тек жеке бастың құмарлығын қанағаттандыру мен тәуекелге бағынады. Олар
өзінің әрекеттерінің моральдық, өнегелілік жағына көңіл бөлмейді және
ескермейді, тек қылмысты жасаудан кейінгі ұрыс-жанжал, жауаптылықтан ғана
қорқады.
Зорлау қылмысын жасайтын кейбір ер адамдарда әйелдерге деген қатігездік
көзқарас қалыптасқан. Олар әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап,
өзінің дене күшінің олардан артық екендігін әрқашан дәлелдегісі келіп
тұрады.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша, жыныстық зорлық әрекеттерінің
себептерін тек әлеуметтік тұрғыда сыртқы факторлардың әсер етуімен ғана
түсіндіру мүмкін емес. Мысалы, балалардың көзінше жыныстық қатынас жасау,
олардың жыныстық қылмыс жасауының себебі болмайды. Мұндай жағдайлар
керісінше бала ер жеткенде оның бойында жыныстық жақындасуға деген
жиіркеніштік, сын көзқарасын қалыптастыруы мүмкін.
Жыныстық қылмыстарды зерттеу барысында назар аударатын келесі мәселе –
зорлау қылмысын жасайтын тұлғаларға қатысты. Жыныстық жақындасудан ұзақ
уақытқа шектелген тұлғалар (мерзімді әскери қызметшілер, бас бостандығынан
айырылғандар және т.б.) зорлау қылмысын жасаушылар арасында өте аз
кездеседі. Зорлау қылмысын көп жағдайларда өзінің жыныстық құмарлығын
тұрақты түрде қанағаттандыруға мүмкіндігі бар адамдар жиі жасайтыны
анықталды. Олардың басым көпшілігі үйленген адамдар болып табылады.
Бұл айтылғандар бойынша келесі қорытынды жасауға болады: ер адамдардың
жыныстық құмарлықты тұрақты түрде қанағаттандырып тұруы, олардың зорлауды
жасамауына кепіл бола алмайды. Отбасылық қатынастардың шиеленісті жағдайда
болуы (ерлі-зайыптылардың арасында күнделікті ұрыс жанжалдардың болып
тұруы) ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жыныстық құмарлықтарын
әлсіретіп, ер адамға үйден тыс жерде жыныстық жақындасудың жаңа
объектілерін іздестіруіне себеп болуы мүмкін.
Бірақ, зорлау қылмысын мұндай тізбекпен ғана түсіндіру оның ішкі
мазмұнын ашып көрсетпейді, керісінше мәселенің тек сыртқы жағын сипаттайды.
Себебі, ұрыс-жанжалсыз, тату өмір сүретін отбасы бар ер адамдар да зорлау
қылмысын жасайды.
Зорлау қылмысын жасаудың келесі бір себебі ретінде әйелдің
әрекеттеріне, оның мінез-құлқына ер адамның жағымсыз көзқарасының болуы.
Мысалы, кейбір ер адамдар спирт ішімдігін бірігіп ішуге келісім берген
әйелді, жыныстық жақындасуға да келіседі деп ойлайды.
Жоғарыда аталғандардың барлығы зорлау қылмысын жасаудың себептерін
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қарастырады. Әлеуметтік-психологиялық
тұрғыдан қарастыру көптеген жыныстық қылмыстардың жасалу жағдайлары туралы
ойды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зорлау және өзге де жыныстық қылмыстарды әлеуметтік-психологиялық
тұрғыдан түсіндіру біздің ойымызша, зерттеліп отырған барлық қылмыстардың
жасалу себептерін толық қамти алмайды. Мысалы, бұл тұрғыда қарт адамдарды
немесе жас балаларды зорлаудың себептерін түсіндіру мүмкін емес.
Жас балаларды зорлаған адамдар, соның ішінде зорлаумен ұштасқан адам
өлтіруді жасағандар басқа қылмыс түрлерін жасаушылар тарапынан жағымсыз
тұлғалар ретінде қарастырылады. Бас бостандығынан айыру орындарында мұндай
қылмыс жасағандар басқа сотталғандар тарапынан қорлауға, ұрып-соғуға,
өздеріне қатысты жыныстық сипаттағы жеке басын қорлайтын әрекеттерге
ұшырауы мүмкін. Мұндай тұлғалар бас бостандығынан айрылғандар
қауымдастығынан шеттетіліп, қуғынға түседі, жүйелі түрде қорланып тұрады.
Сондықтан да, кейде бас бостандығынан айыру мекемелерінің әкімшілігі
жыныстық қылмыс жасағандарды қорғауға мәжбүр болады. Мысалы, өзінің
кәмелетке толмаған қызын зорлаған үшін сотталған М. деген азамат, бас
бостандығынан айыру мекемесінде басқа сотталғандар тарапынан күнделікті
ұрып-соғылатын болған. Оған ортақ үстелге отырып бірге тамақ ішуге,
сөйлесуге, есіктің тұтқасынан ұстауға тыйым салынады.
Шетелдік криминология ғылымында зорлау қылмыстарының себептерін
түсіндіретін бірнеше теория бар. Олардың мазмұнына қысқаша тоқталған дұрыс:
1. Символдық интеракционистік теория. Бұл теория бойынша әлеуметтік
қарым-қатынас белгілер, символдар, қимылдар, көз және сөз ойындары арқылы
жүзеге асырылады. Адамдар бірін-бірі бақылайды, басқалардың іс әрекеттерін
талқылайды және өздері де соларға еліктейді. Бұлардың қатарына зорлауды да
жатқызуға болады. Интеракционистердің тұжырымдамасы бойынша, зорлау
дегеніміз - әйелдер мен еркектердің бір-біріне деген қарым-қатынасын және
сезімдерін білдіру тәсілдері. Мұнда жәбірленушінің мінез-құлқына қатысты
зорлаушының жауапты әрекетіне басты назар аудару қажет. Себебі,
жәбірленушілердің өздері зорлау жасауға итермелейді: жыныстық қатынас
жасауға шақыруға ұқсас арсыз қылықтар жасау, сөздер айту, қимылдар жасау
және т.б. Жәбірленушінің әрекеттері психологиялық тұрғыдан бағалағанда,
жәбірленуші емес адамның әрекеттернен ерекшеленеді. Әйелдердің жыныстық
әрекеттерге итермелейтін іс-қимылдары олар үшін қауіп төндіруі мүмкін.
Аталған теория, негізінен зорлаушының ойына негізделеді, олар өздерінің
әрекеттерін келесі сөздермен түсіндіреді: ол жыныстық қатынасқа түсуді өзі
ұсынды, ол өзінің әрекеттерімен маған жыныстық қатынасқа түсуді ұсынды,
ол қарсылық білдірген жоқ, ол өз шешімін кеш өзгертті және т.б. Бұл
жердегі ол сөзі әйелге қатысты айтылып тұр. Айтылғандарды қысқаша
қорытындыласақ, символдық интеракционистік теория, зорлау қылмысының басты
себебі ретінде жәбірленушінің өзінің іс-қимылдары деп түсіндіреді.
Бірақ, егер қылмыскер жәбірленушінің әрекетін мүлдем дұрыс түсінбесе,
бұл теория біршама өзгерістерге ұшырайды. Атап айтқанда қылмыскер де
жәбірленуші де бір-бірінің әрекеттерін дұрыс бағаламайды. Әйел ер адаммен
сөйлесуден бас тартса, ал ер адам өз әрекеттерін ары қарай жалғастырмаса,
әйелде еркек туралы жағымды көзқарас қалыптасады. Ал ер адам әйелдің
әңгімелесуден бас тартуын тек әдептілікті сақтау үшін жасалған әрекет деп
бағалайды. Нәтижесінде еркек өзінің зорлауға бағытталған әрекеттерін
жасауға кіріседі, ал бұл кездегі әйелдің қарсылыған тек жалған қарсылық деп
түсініп, өзінің қылмыстық әрекетін соңына дейін жеткізеді.
2. Психоаналитикалық теория. Бұл теорияға сәйкес, зорлау қылмысын
жасаушыларда бала кезінен бастап әйелдерге деген жек көрушілік қалыптасады
немесе олар әйелдердің мәртебесі төмен, ал еркектердің мәртебесі жоғары
отбасыларда тәрбиеленеді. Мұндай отбасыларда тәрбиеленген ер адам өзін
әрқашан әйелдерден жоғары көреді. Олар әйелдердің жағдайы жоғары ортаға
түскенде, өзінің беделін түсіріп алмау үшін зорлау жасауы мүмкін.
3. Құрылымдық мүмкіндіктер теориясы. Бұл теорияның өкілдері (Л.Кларк
және Д.Левис) өз ойларын былай түсіндіреді: ер адамдар әйелдерді белгілі
бір ақыға жыныстық қызмет көрсететін тұлғалар ретінде қарастырады. Яғни
әйелдердің жыныстық қатынастарға түсу мүмкіндіктері – еркектерге қажет
тауар ретінде қарастырылып, оны алу үшін ер адамдар белгілі бір шығынға
ұшырайтын әрекеттер істейді. Мысалы, қымбат сыйлықтар жасайды. Ал егер
еркектің қаржылық мүмкіндіктері болмаса, өзіне тиесілі нәрсені ала алмайды,
сондықтан оны күштеп алуға тырысады, яғни зорлау қылмысын жасайды. Мұндай
теорияға қарсылық білдірушілер, неліктен ақшасы бар адамдар да бұл қылмыс
түрін жасайды деген орынды сұрақ қояды.
4. Жануарлық инстинкт теориясы. Бұл теорияның жақтаушылары ер
адамдардың табиғаты жыртқыш аңға ұқсас деп түсіндіреді. Олар үшін зорлау
әйелдерді қорқытып ұстау құралы болып табылады. Сондай ақ, еркектер басқа
еркектерден өзінің артықшылығын көрсету үшін, олардың меншігі - әйелдерді
тартып алады. Тартып алған меншікке өз билігін (зорлау әрекетін)
жүргізеді.
Жыныстық қылмыстардың алдын алу үшін, ең алдымен осындай қылмыстардың
жиі жасалатын орындары мен уақыттарын анықтап, сол жерлерде және уақыттарда
қоғамдық қауіпсіздікті тиісті түрде қамтамасыз ету қажет. Мұндай қылмыстар
жиі жасалатын орындарға ешкім тұрмайтын, бұзылған немесе құрылысы
аяқталмаған үйлер, қаланың шет аудандары, парктер, жағажайлар жатады. Ал
бұл қылмыс түрі жиі жасалатын уақыт кешкі және түнгі уақыттар. Көп
жағдайларда жыныстық қылмыстар, соның ішінде зорлау қылмысы жылы
мезгілдерде, яғни көктем және жаз айларында жасалады.
Жыныстық қылмыстармен күрестің басты шарты – осындай қылмыстарды
жасауы мүмкін адамдардың жеке басын анықтап алу. Олардың қатарына тек бұрын
жыныстық қылмыстар үшін сотталғандар мен бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылғандар ғана емес, сондай ақ жас балаларға,
жасөспірімдерге күдікті қызығушылық білдіретіндер, қоғамдық орындарда
әйелдерге тиісіп, ескерту алғандар, жәбірленушінің арызы болмағандықтан
қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар немесе жәбірленушімен татуласуына
байланысты қылмыстық істері қысқартылғандар да жатады. Психикалық
кемшіліктер бар адамдар мен өзге де психикалық науқастар ерекше бақылауда
болуы қажет.
Психикалық аурулармен ауыратын адамдар жасайтын барлық жыныстық
қылмыстардың алдын алуға байланысты жұмыстар осындай тұлғаларды анықтап,
оларға қатысты кешенді шараларды қолданудан тұруы тиіс. Бұларға алдын-
алушылық, жедел-іздестірушілік, өнегелі-психологиялық, медициналық
шараларды жатқызуға болады. Мұндай шаралар жыныстық қылмысты жасауы мүмкін
адамдардың жеке басын, олардың психикалық күйін, тұрмыс-тіршілігін және
мінез-құлқын терең зерттеуге бағытталуы қажет.
Психикалық аурумен ауыратын адамдар жасайтын жыныстық қылмыстардың
алдын алу әр түрлі схемалармен және негіздермен ұйымдастырылуы мүмкін. Атап
айтқанда, олар әр түрлі уақыт кезеңдеріне сәйкес жүзеге асырылуы қажет:
1. Бірінші рет жасалатын жыныстық құқықбұзушылықтардың алдын алу. Мұнда
мүмкін жәбірленушілерді, соның ішінде кәмелетке толмағандарды қорғауға
көңіл бөлу қажет. Бастапқы сатыда осындай әрекеттерді жасайтын адамдар
туралы ақпараттардың барлығын қолданған дұрыс. Мұндай адамдарды анықтау
күрделі мәселе болып табылады. Сондықтан медициналық құжаттарды толық
білу және жедел ақпараттарды белсенді түрде пайдалану қажет.
2. Алдын ала тергеу және сотта істі қарау барысында, жыныстық қылмыстарды
жасаған айыпкерлерге болашақта жаңа қылмыстардың алдын алуға
бағытталған тәрбиелік әсер ету.
3. Бас бостандығынан айыру мекемелерінде ұсталатын жыныстық қылмыс
жасағандарды түзету. Бұл кезеңде мәжбүрлік, тәрбиелік және медициналық
шараларымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге қатысты жыныстық қылмыс
жасағандарды басқа сотталғандардан қорғауға байланысты шараларды іске
асыру қажет. Себебі осындай қылмыстарды жасаған сотталғандар түзеу
мекемелерінде басқа сотталғандар тарапынан ұрып-соғылуы, қорлануы
мүмкін.
4. Жазасын өтеп болғаннан кейін жыныстық қылмыстарды қайталап жасамаудың
алдын алу.
Аталған соңғы кезеңде келесі маңызды мәселелерді бөліп көрсетуге
болады: мұндай тұлғаларды есепке алу, оларға жедел бақылау орнату,
әлеуметтік және психологиялық, қажет болғанда медициналық көмек көрсету,
сенімді қарым-қатынас орнату.
Жыныстық құмарлығы бұзылған барлық тұлғаларға психиатрға және
сексопатологқа қаралуды міндеттеу қажет. Себебі, оларға мұндай міндет
жүктеу барлық алдын алу шаралардың тиімді болуына септігін тигізеді және
оларды дәрігер немесе құқық қорғау органдарының кеңестері мен ұсыныстарын
орындауға дайындайды.
Жыныстық қылмыстардың алдын алуға бағытталған басқа да арнайы
шаралардың қатарына келесі шараларды жатқызуға болады:
- белгілі бір уақытта психиатрдың және сексопатологтың
куәландыруынан өтіп тұру;
- стационарлық немесе амбулаториялық емделу;
- психиатрлардың және сексопатологтың ұсыныстары мен кеңестерін
орындауға көмектесу;
- құқықбұзушының отбасындағы психикалық қолайсыз жағдайды анықтау;
- мұндай қолайсыз жағдайларды түзетуге байланысты шаралар;
- психикасына сәйкес келмейтін жұмысын өзгертуге көмектесу.
Жоғарыда аталғандарға қоса жыныстық-психикалық аурулардың мінез-
құлқын бақылауды қамтамасыз ететін шаралардың маңызы зор. Мұндай бақылауды
олардың жұмыстан және оқудан қолдары бос уақыттарда күшейту қажет. Олардың
бос уақыттарын пайдалы әрекеттер жасаумен толықтыру – алдын алу шараларының
тиімділігін арттырады.
Жыныстық қылмыстарды жасауға бейім адамдарды анықтау мен есепке
алудың қатаң жүйесі болған дұрыс. Мұндай есептер полиция органдарында және
психоневрологиялық диспансерлерде жүргізілуі тиіс, есепке алуды белгілі бір
кезеңдерде ретке келтіріп, толықтырып және түзетулер енгізіп отырған жөн.
Ішкі істер органдарының зорлау әрекеттеріне бейім адамдар туралы
психиатриялық ақпараты болғаны дұрыс.
Қауіпті жыныстық қылмыстар жасауы мүмкін психикалық ауытқуы бар
тұлғаларды анықтау және есепке алу, осындай қылмыстардың алдын алудағы
басты ұйымдастырушылық мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе
құқықбұзушылардың түрлеріне, олардың мінез-құлық ерекшеліктеріне,
психикасының және жыныстық құмарлығының бұзылуына, құқық қорғау органдары
мен медициналық мекемелердің мүмкіндіктеріне сәйкес шешілуге жатады.
Егер, белгілі бір тұлғаның жыныстық қылмыс жасайтыны туралы ақпарат
құқық қорғау органдарына келіп түссе, оның алдын алуға байланысты шаралар
жүргізіуі тиіс, және де бұл қылмыстың алдын алғаннан кейін, ол тұлға
қылмыстық жауаптылыққа тартылмаса, оны міндетті түрде бақылауда ұстау
қажет. Себебі, психикалық ауытқуы бар адамдарға қайталап қылмыс жасамау
туралы ойды қалыптастыру өте қиын. Олардың көптеген әрекеттері қылмыс болып
табылмауы мүмкін, бірақ болашақта осындай әрекеттер жыныстық қылмыстарға
әкеп соқтыруы ғажап емес. Олардың шынайы ниеті және мақсатын анықтау іс
жүзінде мүмкін емес, сондықтан олардың қылмыстық ойларын қандай әрекеттер
арқылы жүзеге асыратынын анықтау қиын.
Оларға қатысты алдын алу шараларын ұйымдастырғанда келесі белгілерге
назар аудару қажет:
1) бұрын жыныстық қылмыс жасағаны;
2) жыныстық қылмыс жасауға себеп болатын психикалық ауытқуының болуы;
3) олардың еңбек қызметін таңдауы, мысалы педофилді (жас балаларды
зорлайтын) тұлғалар балалар оқитын, тәрбиеленетін мекемелерде жұмыс
орнын таңдайды, өзінің таныстары мен көршілерінің балаларымен бірге
бос уақыттарын өткізуге тырысады;
4) балалық шағында немесе жасөспірім кезінде жыныстық қылықтар жасаумен
көзге түскені;
5) қатыгездігі және эмоционалдық кемақылдығы;
6) бұрын белгілі бір себептерге байланысты қылмыстық жауаптылыққа
тартылмаған жыныстық сипаттағы моральға жат әрекет жасағаны;
7) әйелдермен жеке өмірін құра алмау себептеріне байланысты өзін-өзі
өлтіруге бағытталған әрекет жасауы.
Жыныстық қылмыс жасаған тұлғаларда психикалық ауытқудың бар не жоқ
екендігін анықтау – тек психиатрдың, ал жыныстық құмарлықтың бұзылуына
қатысты мәселені анықтау сексопатологтың құзыретіне жатады.
Жыныстық қылмыс жасаушыларды анықтау және жыныстық қылмыстардың алдын
алу жұмыстарының нәтижелі болуы тиісті ақпараттарға байланысты болады.
Мұндай ақпараттарды төмендегі қайнар көздерден алуға болады::
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамға қатысты
түзеу мекемесінен келіп түскен құжаттар;
- азаматтық сот өндірісінің, некені бұзу, ата-аналық құқықтарынан
айыру туралы істердің құжаттары, сонымен қатар жыныстық моральға
жат қылықтар жасауына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту
туралы материалдар және жедел-іздестіру құжаттары;
- медициналық айықтырғыштардағы, кәмелетке толмағандарды уақытша
оқшаулау және бейімдеу, оңалту орталықтарындағы, сондай ақ өзге
де құқық қорғау органдарындағы мәліметтер;
- оқу, жұмыс орны, тұрғылықты жері бойынша мінездемелер;
- медициналық мекемелердің материалдары, соның ішінде сараптамалар
және куәландыру актілері, медициналық карточкалар, психиатр,
невропатолог, сексопатологтармен әңгімелесудің, диспансерлік
бақылаулардың мәліметтері;
- жекелеген тұлғаларға, олардың өмір сүру жағдайларына құқық қорғау
органдарының тікелей бақылау жүргізуі, сондай ақ жедел-іздестіру
материалдары.
Жыныстық қылмыстардың алдын алу тиімді болу үшін ең алдымен кәмелетке
толмағандардың осындай қылмыстар жасауға бейімділігін анықтау қажет.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың психикалық ауытқуларын
есепке алу, олардың ата-аналарының, мектеп өкілдерінің немесе ішкі істер
органдарының медициналық көмекке жүгінуі негізінде жүргізіледі. Көп
жағдайларда кәмелетке толмаған құқық бұзушылар ата-аналарының,
педагогтардың және ішкі істер органдарының тарапынан тиісті бақылаудың
жоқтығынан дәрігерлердің қарауына ілікпейді. Яғни жас кезінен бастап
психикалық аурулардың, соның ішінде жыныстық сипаттағы аурулардың бар не
жоқ екендігін анықтамау, болашақта жыныстық қылмыстың субъектісін
қалыптастырады.
Жыныстық қылмыстардың алдын алуға қатысты мәселені талдай отырып,
келесі маңызды мән-жайларға тоқталып кету қажет. Біздің елімізде халыққа
көрсетілетін психиатриялық көмек жеткіліксіз. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес,
адамдар психиатрлар мен сексологтардың кеңестерін алмайды, олардың
көмектеріне жүгінбейді. Оған қоса мұндай салаларда мамандар да көп емес.
Жыныстық қылмыстардың жәбірленушілері. Қылмыстардың жәбірленушілерін
зерттеу біздің елімізде бұрыннан бері жүргізіліп келеді, қазіргі укақытта
виктимология (жәбірленушілер туралы ілім) жеке кешенді ғылыми пән болып
табылады.
Қылмыскер мен жәбірленуші арасындағы қатынасты талдаудың -
қылмыскерді ұстау, қылмыстың ниеті мен мән-жайларын анықтау үшін
тәжірибелік маңызы бар. Қылмыскер – жәбірленуші арақатынасын зерттеу
арқылы зорлау қылмыстық ісі бойынша жәбірленушінің берген жауабын
объективті түрде бағалауға болады. Себебі жәбірленушілер болған мән-
жайларды ұлғайтып, асыртып айтады. Осыған байланысты жәбірленушілердің
берген жауаптары объективті болмауы мүмкін.
Криминологтар мен криминалистер көп жағдайларда қылмыскердің мінез-
құлқын жәбірленушінің мінез-құлқы, әрекеттері арқылы анықтауға болатынын
атап көрсетеді.
Жыныстық қылмыстар бойынша жәбірленушілердің мінез-құлықтарын келесі
түрлерге бөлуге болады:
1) Жәбірленушілер өз әрекеттері арқылы тұлғаны қылмыс жасауға итермелейді,
атап айтқанда бейтаныс адамдармен бірігіп спирт ішімдіктерін ішу, оңаша
қалу, жыныстық қатынасқа түсуге бағытталған кінәлінің әрекеттеріне
салғырттықпен қарау және т.б. Мұндай мінез-құлық көрсеткен тұлғалар
жыныстық қылмыстардың жәбірленушілерінің жалпы санының 10-15% құрайды.
2) Жәбірленушілердің әрекеттері қылмыс жасауға итермелейтін сипатта
болмайды, бірақ зорлау қылмысын жасауға қолайлы жағдайлар жасайды.
Мұндай әрекеттер көп жағдайда әдейі істелмейді, атап айтқанда әйел
адамның түнгі уақыттарда адам аз жүретін жерлерге келуі. Мұндай мінез
құлық көрсететін тұлғалар жыныстық қылмыстардың жәбірленушілерінің
жалпы санының 35-40% құрайды.
3) Жәбірленушілердің мінез-құлқы бейтараптық сипатта болады, яғни болашақ
жәбірленушілер өздерінің қылмыс жәбірленушілері болып қалуын білмейді
немесе күдіктену мүмкіндігі болмайды. Мұндай тұлғаларға жас балалар мен
қарт әйелдер жатады. Олар жыныстық қылмыстардың жәбірленушілерінің
жалпы санының 35-40% құрайды.
Бұл айтылғандар жәбірленушілер мінез-құлқықтарының шамамен алынған
виктимологиялық топтастырылуы.
Ғылым және тәжірибе үшін ең басты мәселе, жәбірленушілердің
антиқоғамдық, аморальдық немесе абайсыздық мінез-құлқын талдау емес,
сонымен қатар келесі маңызды сұрақтарға жауап табу болып табылады: неліктен
олар осындай әрекеттер жасайды, олардың жеке басының психологиялық
ерекшеліктері қандай, қылмыскер мен жәбірленуші арасындағы әлеуметтік-
психологиялық қарым-қатынасы қандай, мұндай қарым қатынастың мазмұны мен
сипаты қандай, неліктен жыныстық қылмыс жасаушылар қалыпты қарым қатынас
шегінен шығып кетеді.
Жәбірленушілердің дұрыс емес мінез-құлқының басты көрінісі көп
жағдайларда қылмыскермен бірігіп спирт ішімдіктерін ішу және олармен оңаша
жерде қалу болып табылады. Бірақ жәбірленушінің дұрыс емес мінез-құлқын әр
адам әр түрлі түсінуі мүмкін. Сондықтан әйелдің әрекеттерінің тек
аморальдық жақтарын ғана анықтау емес, сондай ақ, оның әрекетін қылмыскер
қалай түсінгенін де анықтаудың маңызы зор.
Өздерінің әрекеттерін ақтау мақсатында зорлау үшін айыпталатындар
жәбірленушілердің беделінің төмендігімен түсіндіреді. Бұл мән-жайды
айыпкердің тустары және таныстары да растайды. Өкінішке орай тергеу және
сот органдары мұндай жалған деректерге сенеді. Ал іс жүзінде мұндай
деректерді қылмыскерлердің өздері ойлап табады. Біздің ойымызша, зорлау
қылмысын жасағандардың ешқайсысы жәбірленушілердің беделін тексеріп, тек
содан кейін ғана қылмыс жасамайды. Олар қылмыс жасап болғаннан кейін ғана
өз әрекеттерін ақтау мақсатында жәбірленушінің беделі туралы мәселені
қозғайды. Мысалы, жәбірленушінің бұрын жезөкшелікпен айналысқанын айтады.
Қылмыскердің мінез-құлқына берілген криминологиялық баға мен
жәбірленушінің мінез-құлқына берілген виктимологиялық бағаның арасында
жасанды арақашықтық болмауы тиіс. Қылмыстың себепкері ретінде
жәбірленушінің өзін кінәлайтын болсақ, қылмыскердің әрекетінің қауіптілігі
әлсірейді. Нәтижесінде күнделікті тұрмыс-тіршілікте жәбірленушіге қатысты
қалыптасқан ойлар мен көзқарастар басымдылыққа ие болып, істің нақты мән-
жайлары ашылмайды. Тергеу және сот органдары болған оқиғаның барлық мән-
жайларын толық талдап, оған дұрыс баға берулері тиіс. Себебі,
жәбірленушінің мінез-құлқына негізсіз баға беру, қылмыскердің кінәсін
жеңілдетуге әкеп соқтырады.
Жәбірленушінің кінәсі болуы не болмауына қарамастан, ешқашан да
жасалған қылмыстың басты себепкері ретінде қарастырылмауы тиіс. Өйткені ер
адамның зорлауды жасамауға әрқашан да мүмкіндігі болады. Сонымен қатар,
зорлау қылмысының жәбірленушілерінің мінез-құлқы әйел мен еркектің
құқықтарының теңдігі, соның ішінде жыныныс бостандығы тұрғысынан бағалануы
қажет. Жәбірленушінің мінез-құлқын дұрыс бағалау бұл қылмыстың алдын алуға,
тергеуге және кінәлі тұлғаларға тиісті жазаны тағайындауға септігін
тигізеді.
Зорлау қылмыстарының виктимологиялық алдын алу үшін әйелдердің қандай
әлеуметтік топтарының бұл қылмыстың жиі жәбірленушісі болатынын анықтап
алған дұрыс болады. А.П.Дьяченконың мәліметтері бойынша, жасалған екі
зорлау қылмыстарының бірінде жәбірленушісі сауда-саттықпен, қоғамдық
тамақтандыру, тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету, денсаулық сақтау
және білім беру саласында жұмыс істейтін әйелдер болып табылады. Яғни бұл
тұлғалар виктимділігі жоғары тұлғалар қатарына жатады. Зорлау қылмысының
барлық жәбірленушілері виктимді тұлғаларға жата ма деген сұрақ туындауы
мүмкін. Бұл сұраққа жауап беруден бұрын, виктимділік ұғымының мазмұнын
толық ашып алу қажет.
Виктимділік деп екі түрлі құбылысты түсіну қажет. Біріншісі –
тұлғаның мемлекет және қоғам тарапынан қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғалмағандығы, соның ішінде жыныстық қылмыстардан қорғалмағандық. Бұл
құбылыс адамға тәуелді емес, яғни құқық қорғау органдарының қызметінің
әлсіздігімен, қоғамның, қоғамдық ұйымдардың және микротоптардың құқыққа
қайшы немесе моральға жат қылықтарға тиісті түрде мән бермеуімен
түсіндіріледі. Екіншісі – күрделі құбылыс болып табылады және оның құрамына
төмендегілер кіреді: 1) тұлғаның жеке психологиялық және әлеуметтік-
психологиялық кемшіліктерінің болуы; 2) адамның биофизиологиялық
қасиеттері, яғни адамның жас ерекшеліктері (жас балалар мен қарт әйелдер);
3) психопатологиялық ерекшеліктер, яғни тұлғаның психикалық аурумен ауыруы.
Аталған екі құбылыс бір-бірімен тығыз байланысты және тәжірибеде
бірін-бірі толықтырып тұрады. Демек, виктимділігі жоғары әйелдер мемлекет
пен қоғамның ерекше қорғауына алынып, тұрақты түрде бақыланып тұруы қажет.
Көпетеген виктимділігі жоқ әйелдер де зорлау қылмысының жәбірленушілеріне
айналып отырған, бұл ретте оның себебін мемлекет пен қоғам тарапынан
қорғалмағандық деп қарастырған дұрыс.
Құқық қорғау органдарының тәжірибесінде зорлау қылмыстары іс жүзінде
болмаған жағдайларда да, кейбір әйелдердің бұл туралы арыздануы кездеседі.
Бұл жағдайларда арызданушылар зорлау айыбын тағу арқылы өздерінің жеке бас
мәселелерін шешіп алуды көздейді және мұндай мәселелер жыныстық қол
сұғылмаушылықты бұзумен байланысты болмайды. Мұндай арыз берудің себептері
әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, тәжірибеде жиі кездесетін жағдай - өзінің
бұрынғы жұбайын ортақ меншіктегі тұрғын үйдегі үлесінен бас тартқызу,
өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін ақша, мүлік, мүлікке құқықтар
алу. Кейде зорлау туралы арыздар ер адамды неке құруға мәжбүрлеу үшін де
жасалады. Сонымен қатар, жас қыздар жүкті болып қалғанын туған-туыстарына
белгісіз бір тұлғаның зорлағанымен түсіндіреді. Бұл жағдайларда оның
туыстары құқық қорғау органдарына арыз беруге мәжбүрлейді.
Зорлау туралы жалған арыз берудің ниеттері қандай болуына қарамастан,
құқық қорғау органдарының қызметкерлері зорлау істері бойынша
жәбірленушінің жеке басын толық зерттеуі және осындай ауыр қылмысты
болдырмауға байланысты жәбірленушілердің өздері қандай әрекеттер жасағанын
жан-жақты талдауы тиіс.
Сонымен қатар, зорлау туралы арыздар берілген жағдайда, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері арызданушыға келесі мән-жайларды ескертуі тиіс:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 бабының екінші және
үшінші бөлімдері бойынша іс, тараптардың татуласуы негізінде қысқартылуға
жатпайды, себебі Қылмыстық кодекстің 10 бабына сәйкес, аталған бөлімдерде
көзделген қылмыстар сәйкесінше ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың
қатарына жатады;
- қылмыс туралы жалған ақпарат жеткізу, Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 351 бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты көздейді.
Жыныстық қылмысты жасаушылар. Біздің зерттеуіміз негізінен жыныстық
қылмыстардың ішінде ең жиі кездесетіні - зорлау қылмысын жасаушыларға
арналады. Мұндай тұлғалар туралы мәліметтер өздігінен құнды болмауы мүмкін,
бірақ аталған қылмыстың субъективті қайнар көзі ретінде зерттеу үшін қажет.
Өйткені, қылмысты жасаушы тұлға қылмыстық мінез-құлықтың бірден-бір
себепкері болып табылады. Ал қылмыстың жасалуына септігін тигізетін немесе
кедергі жасайтын басқа да мән-жайлар тек сыртқы факторлар болып табылады.
Басқа қылмыс түрлерімен салыстырғанда, зорлау қылмысын жасайтындар
арасында жастар жиі кездеседі. 21 жасқа дейінгілер зорлау қылмысын
жасайтындардың шамамен үштен екі бөлігін құрайды. 16-17 жастағы кәмелетке
толмағандардың да қылмыстық белсенділігі жоғары болып келеді. 30 жастан
асқан адамдар бұл қылмысты жасаушылардың жалпы санының 10-12% ғана құрайды.
Бұл мәліметтер, зорлау қылмысының зерттелуге жататын келесі маңызды
мәселелердің бірін көрсетеді, атап айтқанда жастық белгілеріне байланысты
әлеуметтік-психологиялық және жеке әлеуметтік факторлар.
Зорлау қылмысын жасауға әйелдер ұйымдастырушы, айдап салушы және
көмектесуші ретінде қатысуы мүмкін. Соңғы жылдары жас әйел адамдардың осы
қылмысқа қатысуы жиі кездеседі, олар көп жағдайларда өздерінің таныстарын,
құрдастарын қорлау, кек алу мақсатында қатысуы мүмкін. Сонымен қатар,
зорлауға қатысатын әйелдер жәбірленушіні ұрып-соғу арқылы жәбірленушінің
әлеуметтік-психологиялық мәртебесін төмендетуге тырысады.
Әйелдердің жыныстық қылмыстарға қатысуының жиі орын алуы, елімізде
өнегелілік пен өркениеттіктің, моральдық қатынастардың төмендегенін
білдіреді.
Зорлау қылмысын жасаушылар мәселесін зерттеу барысында, мұндай
қылмыстарды кәмелетке толмағандардың топ болып жасауын атап өту қажет.
Зорлауды топ болып жасаушылар өздерінің топ арасындағы беделін арттыру,
нығайту үшін қылмысқа барады.
Бұрын сотталмағандар, соттылығы бар адамдарға қарағанда зорлауды жиі
жасайды. Рецидивистер зорлауға қарағанда басқа аса ауыр қылмыс түрлерін,
атап айтқанда адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық сияқты
қылмыстарды жиі жасайды.
Криминологтардың зерттеулеріне сәйкес, зорлау қылмысын жасайтындардың
білім деңгейі мен мәдени тәрбиесі адам өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян
келтіру қылмыстарын жасайтындарға қарағанда жоғары болып келеді.
Зорлау қылмысын жасаушыларды материалдық қамтамасыз етілу деңгейі
тұрғысынан қарстырсақ, бұл қылмысты төменгі әлеуметтік топтар мен орта
әлеуметтік топтар жиі жасайтынын байқаймыз. Сонымен қатар, зорлауды
әлеуметтік тұрақтылығы бұзылған тұлғалар да жиі жасайды. Мысалы, толық емес
отбасында, ата-анасы моральға жат қылықтармен айналысатын отбасыларында,
жасөспірімдерге арналған арнайы мекемелерде тәрбиеленгендер.
Зорлау қылмысын жасаушылар алдын ала тергеу және сот барысында
ұстанатын позицияларын жеті топқа бөлуге болады: 1) жыныстық қатынас ерікті
түрде жасалды; 2) жыныстық қатынастың болғанын мүлдем жоққа шығару,
жәбірленушмен кездескенін жоққа шығарады; 3) жәбірленушімен кездескенін
жоққа шығармайды, бірақ зорлаудың болғанын мойындамайды; 4) жыныстық
қатынасқа түсуді ұсынғанын жоққа шығармайды, бірақ әйелдің келісім
бермеуіне байланысты жыныстық қатынас орын алмағандығын түсіндіреді; 5)
оқиға орнында болғанын растайды, бірақ жәбірленушімен ешқандай қатынаста
болмаған деп түсіндіреді; 6) өзінің іске мүлдем қатысы жоқ екендігін
алибимен дәлелдейді; 7) айыпкерлер жауап беруден мүлдем бас тартады.
Зорлау қылмысын жасағандардың басым көпшілігі өзін кінәлі деп
есептемейді, барлық кінә жәбірленушіде деп тұжырымдайды.
Ю.М.Атонян, В.П.Голубев және Ю.Н.Кудряков деген авторлар зорлау
қылмысын жасаушыларды қылмыстық мінез-құлықтың ниетіне қарай үлкен үш топқа
бөлуді ұсынады:
І. Психосексуалдық дамуы бұзылған тұлғалар. Оған жататындар:
1) Аулаушы - бейтаныс әйелдерге зорлау мақсатымен кенеттен шабуыл
жасайтындар;
2) Регрессивті - 7-14 жастағы қыздарды зорлайтын адам;
3) Өз беделін орнықтырушы - ер адамдарды өлтіріп немесе денсаулықтарына
ауыр зиян келтіріп, олармен бірге болған әйелдерді зорлаған адам.
Бұл топқа кіретін адамдар көп жағдайда жыныстық құмарлығы
ауытқыған немесе бұзылған адамдар болып табылады.
ІІ. Мінездік және психикасының ауытқуымен ерекшеленетін тұлғалар:
1) Комфортты - зорлауды топтың басқа мүшелерінің ықпалымен жасайтындар.
Бұлардың қатарына зорлауды топ болып жасайтын жасөспірімдер жатады.
2) Аффективті - 7 жасқа дейінгі қыздар мен қарт әйелді зорлағандар.
3) Импульсивті немесе ситуативті тұлға – зорлау жасауға қолайлы
жағдай туған кезде жасайтындар.
4) Аластатылғандар - кемақылдылығына, дене бітіміне немесе психикасының
кемшіліктеріне байланысты әйелдермен араласуда өзін ыңғайсыз
ұстайтындар.
ІІІ. Қарым-қатынастарды қабылдау қабілеті бұзылған тұлғалар:
1) Бәсең-ойыншы тұлға - әйелдердің іс-қимылдарын дұрыс түсінбей,
қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын білмегендіктен зорлау жасаған
адам.
2) Сценарийлік тұлға – жас кезінен белгілі бір сенімге негізделіп өскен
адамның өзіндік бағдарламасына сәйкес зорлау жасайтын адам.

2 Зорлаудың түсiнiгi және құрамы және күшейтiлген түрлерi

2.1 Зорлаудың түсiнiгi және құрамы

Зорлау қылмысы жыныстық қылмыстардың iшiндегi ең ауыры және кең
таралған қылмыс болып табылады. Ол жыныстық қылмыстардың 74-пайызын
құрайды. Ал жалпы қылмыстар iшiнде ол 1,7-1,9 пайызды құрайды. Сонымен
қатар, бұл қылмыстар құқық қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық қылмыстардың ұғымы
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Зорлаумен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Зорлау жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстардың бір түрі ретінде
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Зорлық зомбылық қылмыстарды алдын алу
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Зорлау
Пәндер