Мұғалімнің инновациялық іс - әрекетін дамыту жолдары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 тарау. Педагогикалық инноватиканың ғылым ретінде қалыптасуы.
1. 1. Инновациялық үрдіс теориясының дамуы. 9
1. 2. Инновациялық мектептер және олардың Қазақстанда
қалыптасуы мен дамуы. 26
2. тарау. Мұғалімнің инновациялық іс - әрекетін дамыту жолдары.
2. 1. Мұғалімнің инновациялық іс - әрекетінің диагностикасы. 36
2. 2. Инновациялық іс - әрекетке мұғалімді даярлау жолдары. 46
2. 3. Эксперименталдық іс - тәжірибеде қолданған озық
жұмыстардың нәтижелері. 55
Қорытынды 61
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; . . . оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1] . Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық мідеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал ұрпақ тәрбиесі - Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Білім беру саласындағы кейбір жағымсыз әрекеттердің орын алуы, мектептердің оқу-тәрбие жұмысының мазмұны, басқада ТМД елдеріне қатысты халықтың ежелгі даму жолын анықтауда қазақ мемлекетінің білім беру және тәрбие туралы тұжырымдамаларының мақсаты - өрелі идеялар мен қағидалардың ғылыми жүйесін түзеу. Бұл ретте халықтың этнопедагогикалық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың мәні зор. Алдымен, халықтық педагогиканы іс-әрекетке пайдаланып, адамгершілік сипат пен мінез-құлықты жастар арасында жаңартудың басты қағидалары: жеке тұлғалар арқылы қоғамды дамыту, демократияландыру, ізгілендіру.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтың, Ш. Таубаеваның, Қ. Қабдықайыровтың, С. Лактионованың, М. Жанпейісованың, Ә. Жүнісбек пен Қ. Нағымжанованың, С. Көшімбетованың, т. б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекеттіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал, етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі [4] .
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отырғандығы да сондықтан. Бұл білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Сол себепті де білім беру жүйесінде жалпы азаматтық және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасалуда.
Бүгінгі мақсат - әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. Біз өз зерттеу жұмысымызда Ш. Таубаева мен Қ. Құдайбергенова берген анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесіде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп ұғатын боламыз.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: І кезең - оқып үйрену; ІІ кезең - меңгеру; ІІІ кезең - өмірге ендіру; IV кезең - дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндәік білім стандартымен жете танысу, білімдідеңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Өйткені оқыту - тәрбиенің негізі.
Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі - мектепке арнайы пәндерді оқыту. Екішісі - өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту - егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту - тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, әсерлігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілдігін, т. б. айқыдап толықтыруға болады. Оқыту - тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осымақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы бүкіл халықтың талғауынан өтті, оның басында 3000-нан астам ұсыныстар мен ескертулер түсті. ЮНЕСКО-ның, Білім берудің бағалаудың Еуропалық қауымдастығы басқармасының, Дүниежүзілік банктің Еуропа және орталық Азия өңірлік білім секторының, «Ашық қоғам» институты орта білім жөніндегі халықаралық басқармасының (Будапешт) сарспшылары, Ресейдің жетекші сарапшылары халықаралық сараптау жүргізді.
Бағдарламада білім беруді дамытудың мынадай негізгі бағыттары көзделген:
- Оқыту 6 жастан басталатын әрі жоғары саты оқушыларын бейінді және кәсіпке бағытталған жүйеде оқытатын 12 жылдық жалпы орта білімге көшу;
- Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім берудің жаңа деңгейін құру;
- Академиялық кредиттер жүйесіне негізделген кәсіби кадрларды даярлаудың үш сатылық жүйесін: бакалавриат-магистратура-докторантура (Рһ. D) құру;
- Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:
1-саты - жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар - бастауыш мектеп)
2-саты - негізгі орта білім беру (5-10 сыныптар - негізгі мектеп)
3-саты - жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар - жоғарғы мектеп)
Бастауыш мектепте оқудың ұзақтығы - 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді және балалар 6 жастан бастап қабылданады. Алты жас баланың ақыл-ойының дамуының және әлеуметтік дайындығының ең бір қолайлы кезең [3] .
Осындай мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, іске асырмаса бала бойындағы қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін.
Бастауыш мектептің басты міндеті - баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын меңгеруіне көмектесу.
Бастауыш мектепте оқытудың басты мақсаттары мыналар:
- Баланың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, оны тұлға ретінде үйлесімді түрде дамыту, білім беру және тәрбиелеу.
- Негізгі оқу әрекеттерін меңгерту және бақылау, өзіндік бақылауды жүзеге асыру.
- Әр адамды азаматтық, рухани және адамгершілік, танымдық іс-әрекетке, өз бетімен оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау.
- Білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету жолында оқу әрекеттерін игеру - бастауыш мектептің негізгі міндетіне айналады.
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, міндетінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдіс мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу мақсатын ұйымдастыру түрлерінде.
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім жүйесінде де оқушы дамуына көмектесетін кейбір қажетті қасиеттерді анықтауға болады. Олар:
- мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобында мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын ынтымақтастық жұмыс жағдайын қалыптастыру;
- оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы (өзара сыйлас, түсінісу) әрекеттестік ұстаныммен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде іске асырылуы;
- оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
- оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті болуы (оқыту жолдарына, нәтижелеріне жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
- оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті болуы (оқыту жолдарына, нәтижелеріне байланысты, білім беру стандарттарына сәйкес, т. б. ) ;
- оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстарда да болуы (табиғаттану, әлемдік ғылымдар, қоршаған орта және т. б. ) ;
- оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінің кең қолданылуы (диалог -сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т. б. ) ;
- оқушылар әжептәуір уақыт аралығында мысалы (бір, не бірнеше жыл) белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша (бір не бірнеше сабаққа) қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
- балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
- үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жолпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығушылықтарының ескерілуі;
- оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өзін-өзі бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репин, В. Левин) ; оза отырып оқыту (С. Лысенкова) ; іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили, И. Волков) ; тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов) ; саралап оқыту; оғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі [14] .
Сол себептен бұл тақырыптың өзектілігі бүгінгі таңдағы ұлттық мектеп белгілі білім мен дағдылар жиынтығын ғана меңгерген азаматтар ғана емес, ұлттық дүниетаным негізінде өз көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары, отаншыл, қандай ұлтпен болса да тең дәрежеде қатар тұратын тұлғаларды тәрбиелеп өсіруге бағытталған.
Зерттеу мақсаты : Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық инновацияның үрдістерінің маңыздылығын ашып көрсету.
Зерттеу міндеті :1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді оқып талдау жасау.
2. Білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттарға сипаттама беру.
3. Инновациялық үрдіс теориясының дамуын зерттеу.
4. Қазақстанда инновациялық үрдістердің қалыптасуы мен дамуын анықтау.
5. Инновациялық іс-әрекеттерге мұғалімдердің даярлау жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі : Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер.
Зерттеу пәні : Білім беру жүйесінде инновациялық үрдістердің маңыздылығын көрсету жолдары.
Зерттеу әдістері : Ғылыми әдебиеттерді талдау - сараптау, құжаттарды тексеру.
Зерттеу болжамы : Егер білім беру жүйесінде инновациялық үрдістерде мұғалімдер мақсат көздеушілікпен жаңа талпыныста жұмыс атқаратын болса, онда оқу - тәрбие үрдісінде оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оятып, сабаққа деген белсенділігін арттырып, шығармашылық потенциалдарын дамытуға мүмкіндік болар еді.
1 тарау. Педагогикалық инноватиканың ғылым ретінде қалыптасуы.
1. 1. Инноватикалық үрдіс теориясының дамуы.
Білім деңгейінің көтерілуі қоғамның жалпы әлеуметтік деңгейінің жоғарылуына мүмкіндік туғызады, демек, білім сапасын көтеру, жеке адамдардың қарым - қатынасын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыру жолдарын, технологиясын іздестіру қажет. Мұның ең тиімді әдістемесі мен құралы - ин новация, инновациялық қызмет. Мектептегі оқу - тәрбие жүйесі, оқыту әдістемесі, мұғалім - оқушы арасындағы қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру түрлері қазір түбірлі өзгерістерді қажет етіп отыр [28] .
Инноватика теориясының негізін қалаушылар неміс ғалымдары Зомберт В. В., Мейтгерлих, австриялық Шумпетер И. . Бұл жаңа ұғым қоғамдағы әлеуметтік - эканомикалық және технологиялық процесстерге байланысты еніп отыр. Иновациялық үрдістің толық жазбасын Шумпетер И. 1911 жылы экономика саласында «жаңа комбинациялар» ретінде қолданып, 30 - жылдардан кейін «инновация» ұғымына алмастырылды. «Инновация» - сұраныс тауарларының жаңа түрлерін, өндірістің, транспорттың жаңа құралдарын өндіру мен пайдалану мақсатындағы өзгерістер деп түсіндірілді.
Кейіннен 1969 жылы чехословакиялық Валента Ф. «инновация» - өндіріс организмінің бастапқы құрылымының өзгерісі, яғни, ішкі құрылымнан жаңа жағдайға көшу, - деген анықтаманы береді.
50 - жылдары Батыс, 60 - жылдардан бастап ТМД елдерінде инновациялық педагогикалық процесс кең өріс алып, әлуметтік оқу пәніне айналып отыр. Инновация - педагогика теориясына жаңадан енген әлі толық зерттеліп бітпеген ұғым.
«Инновация» - (латынша in, novus - жаңалыққа (жаңалық ендіру (нововведение) деген түсінік. Жаңалық ендіру белгілі ортаға тұрақты жаңалық элементінің енуіне бір жүйенің басқа жүйеге ауысуындағы мақсатты өзгеріс. Кейіннен, педагогикалық инноватика - бұл жаңалықты ашу, педагогикалық қауымдастардың қабылдауы, бағалауы және практикада пайдалануы жөніндегі ілім анықтамасы берілген.
Осы анықтамадан жаңалықты ашу, қабылдау, бағалау және практикада пайдаланудың бірлігін көруге болады.
Педагогикалық инноватиканың дамуы бірізділік, орталыққа бағыныштылық әсерінен тұйыққа тіреліп, кешеуілдеп келсе, соңғы бағыныштылық әсерінен тұйыққа тіреліп, кешеуілдеп келсе, соңғыжлдары демократиялық өзгерістер педагогикалық шығармашылыққа, шығармашылық құндылыққа ерік беріп, педагогикалық инноватика өз дәрежесінде еркін дамуда. Бұған деген қызығушылықты әлем педагогтарының ерекше инновациялық қызмет, журналдар. Инновациялық ақпараттық қорларын ұйымдастыруынан байқауға болады. (Мысалы; БҰҰ жанынан ұйымдастырылған) Азиялық педагогикалық инновация орталығы, Сорос - Қазақстан қоры, инновациялық орталықтар) .
Инновация теориясымен, методологиясымен ТМД елдерінде, Қазақстан көлемінде айналысып жүрген ғалымдарымыздың еңбектері инновациялық процесте зерттеу жұмыстарын тереңдетуге мүмкіндік туғызып отыр [27] .
Педагогикалық инноватика (ғылымы) осы мәселелер негізінде білім берудің жаңа практикасын жасаумен байланысты мектептің даму үрдісін зерттейтін ғылым ретінде пайда болды. Кез келген ғылыми білімінің жаңа саласы немесе жаңа ғылымының пайда болуы бірқатар методологоиялық мәселелерді туындатады. Жаңа ғылым саласының пәні - құрылымы мен қызметін, білім жүйесіндегі орнын, ғылым және практиканың дамуындағы ролін, құқығын, білім беру жүйесін қайта құру, педагогикалық жаңалықтарды жасау және қолдану тәсілдерін терең зерттеуді қажет етеді.
Педагогикалық инноватика ғылыми - зерттеу жұмыстарының басты мәселелері новаторлық қызметке - (жеке тұлға қызметі, ұжымдық қызмет, топтық қызмет) талдау, зерттеу барысында, инновациялық үрдісті үш фазаға біріктіреді:
1. новатор - пионерлердің жеке белсенділігі;
2. пікірлестердің жоспарлы біріккен жұмысы;
3. қоғамның жоспарлы және жүйелі жұмысы.
Бірінші фазада жеке адам жаңалықтармен өз бетінше жұмыс істеп, жаңа білімге басқаларға қарағанда ертерек жетіп, практикаға енгізіп үлгереді. Сондықтан жаңалық дербестік сипат алып, оның басқаларға тарауы жасампазға байланысты болады (жеке адам бұл жерде жасампаз, автор, беруші және ірі тұтынушы - пайдаланушы) .
Екінші фазада пікірлестер арасында ынтымақтастық орын алады. Олар түпнұсқалық ойлар негізінде жаңа формалар, әдістемелер жасау жолдарын іздестіреді. Осылайша, жоғарыда аталған жаңа педагогикалық жүйелер пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz