Интеллектуалдық меншік құқығы туралы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮСІНІГІ, ОНЫ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ 7
РЕТТЕУ
1.1 Интеллектуалдық қызмет ұғымы мен оны ұйымдастырудағы 7
азаматтық құқық ролі
1.2 Интеллектуалдық құқық облысындағы қатынастарды реттейтін 9
азаматтық құқық институттары
1.3 Интеллектуалдық меншік құқығының теориясы 11
2 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТАУАР ТАҢБАЛАРЫН ҚОРҒАУ 14
2.1 Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау 14
2.2 Интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері 20
2.3 Қазақстан Республикасының аумағында интеллектуалдық 36
меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенциялар
2.4 Қазақстан Республикасында интеллектуалдық қатынастарын 47
реттейтін ұлттық заңнама
3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ 57
3.1 Интеллектуалдық меншік құқығындағы халықаралық 57
конвенциялар
3.2 Шетелдік ұлттық заңдардағы интеллектуалдық құқықтық 64
нормалардың кері күші
ҚОРЫТЫНДЫ 70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 74
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ:
БИМҰ - Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымы
РПҚ - Республикалық патенттік қор
АҚШ - Америка құрамы штаты
БСҰ - Бүкіләлемдік сауда ұйымы
ТРИПС-Интеллектуалдық меншік кұқықтарының сауда аспектілері жөніндегі
келісім
КСРО - Кеңестік Социалистік Республика Одағы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ҚР АК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ҚИПЭ - Қазақстан патенттік сараптама институты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік
құқықтары жөніндегі Комитетінің интеллектуалдық меншік институтының
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы қаулысымен
бұрынғы ҚИПЭ функциялары қысқартылған атауы РГКП НИИС жаңа институтына
жүктелді.
ҚазгосИНТИ - Қазақстандық мемлекеттік ғылыми-техникалық институтты
РҒТК - Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы
ВОИС - интеллектуалдық меншіктің бүкіл әлемдік ұйымы
КІРІСПЕ
Бұл тақырыптың өзекті болуы мынада: Қазақстан Республикасының құқық
жүйесі үшін интеллектуалдық меншік ұғымы жаңа ұғым болып табылады.
Интеллектуалдық меншік және құқықтық қорғау ұғымдарына байланысты теориялық
және практикалық мәселелер шоғыры толық зерттелмеген. Оның күрделілігі
көзқарастардың қарама-қайшылық дамуы, меншік иесі ролінің нарықтық жүйе
механизімінде жоғары қойылуы бұл тақырыпты өзекті етеді.
Бұл жұмыстың мақсаты мен мәселелері: жоғарыда айтылған мәселелерді
зерттеуге, ұлттық заңның дамуын қажет ететін жәйіттерді дұрыс қорғауға
бағытталған.
Азаматтық қүқық объектілерінің ішіндегі мүліктік және мүліктік емес
рухани игіліктермен қатар азаматтық кодекстің 125-бабы интелектуалдық
әрекеттердің нәтижесінде ретінде жиналуы. Интелектуалдық иеншік ұғымы
өзінің түп тамырымен 19-ғасырдың аяғына кетеді. Сол кездерде
интеллектуалдық меншік ұғымы және оны құрайтын негізгі институттар белгілі
болды. Оларға авторлық қүқықпен реттелетін әдеби меншіктер және
өнеркәсіптік меншіктер жатқызылды. Бірақ интелектуалдық меншік
ұғымын аталған екі иниститут ғана құрып қоймайды. Көптеген интеллектуалдық
әрекеттердің нәтижесі құқықтық қорғаумен қамтамасыз етілген, бірақ авторлық
және патенттік құқық шегінен тыс қорғалады. Оларға қызметтік және
коммерциялық құпиялар селекциялық жетістіктер және тағы басқалар. Сол
себептен де интеллектуалдық меншік ұғымы көлемі жағынан әдеби меншікпен
өнеркәсіптік меншіктен әлдеқайда кең ұғым болып табылады. Интеллектуалдық
меншік объектілерін пайдалануға және қорғауға туатын қатынастар азаматтық
құқық саласының пәніне кіреді. Сондықтан да азаматтық кодекстің
интеллектуалдық әрекеттер нәтижесін реттелуге бағытталған нормаларының
жиынтығы азаматтық құқық саласының ерекше салалық бөлімін құрайды, және
ондай салалық бөлім интеллектуалдық меншік құқығы болып толығымен аталады.
Интеллектуалдық меншік объектілерінің ұқсастығына байланысты оларда белгілі
бір институттарға бөлуге болады. Олардың өзара тығыз байланыстарына және
көптеген ұқсастықтарына қарамастан әрбір институттары тек өздеріне тән
ерекшеліктерімен,ал кей жағдайларда қағидалармен толтырылады. Сол себептен
де менің бітіру жүмысымда интеллектуалдық меншіктің негізгі институтына
көңіл бөлінген. Авторлық құқық пен ғылыми, әдеби және өнер туындыларын
пайдалануға байланысты қалыптасатын қатынастар реттеледі. Авторлық құқықтың
негізгі қызметттерін екі түрге бөлуге болады. Біріншіден авторлық құқық
ғылыми, әдеби және өнер туындыларын жасаушылардың әрекетін туындырып отыру
тиіс. Бұл мақсатта авторлық құқық творчестволық нәтижелерді қорғайды және
олардың құқықтық мойындауды қамтамасыз етіп отыруы шарт. Екіншіден авторлық
құқықтың негізгі қызметі ретінде туындыларды қоғам мүддесі үшін пайдалану
жағдайларын қалыптастыру алынады.
Зерттеу мәні: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 125 - ші
бабына сай азаматтың не занды тұлғаның интеллектуалдық қызметінің
нәтижелеріне немесе дараландыру құралдарына, қызметінің өнімдеріне фирмалық
атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б. ерекше құқығы
танылады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 14-ші
бабында көрсетілген құқық қабілеттіліктің мазмұнының негізгі құрамдас
бөлігі ретінде азаматтың өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер
шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына
интеллектуалдық меншік құқығына ие болуы көрсетілген.
Бұл құқықтың нақты болуына дәлел, интеллктуалдық меншік
объектілерінің азаматтық құқықтың қалыптасқан объектілермен қатар айналымға
түсе алуын көреміз. 1993 жылы 6-шы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы
(ВОИС) интеллектуалдық меншіктің бүкіл әлемдік ұйымға кіруге декларация
қабылдап кірді. Бұл Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік интеграцияға
ұмтылуын көрсетеді.
Зерттеу әдістері: Жалпы интеллектуалдық меншік
объектілерінің маңызын дұрыс түсіну үшін оның қарапайым мүлік, яғни
мүліктің құқық объектілерінің айырмашылығына тоқталу керек. Бұл ерекшелік
мүліктің меншік иесінің құқықтары (Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 188-ші бабы) мен интеллектуалдық меншік құқығы субъектілермен
салыстырғанда жақсы көрінеді.
Мүліктің меншік иесіне иелену, пайдалану және билік ету құқығы
жатады. Ал интеллектуалдық меншік объектілеріне бұл құқықтар арнайы
мазмұнға ие болады. Егер мүлікті меншік иесі немесе өкілді азаматтар ғана
пайдаланса, ал материалдық күйдегі, яғни интеллектуалдық меншік
объектілерін миллиондаған шексіз топтың пайдалану мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар бұл айырмашылық иелену құқығында да бар.
Интеллектуалдық меншіктің объектісіне қатнасты бұл құқықтың мәнісі тіптен
жойылады — бір адамның идеяға жалғыз өзі монополия жасап ұстап отыруға
мүмкін емес. Егер ол идея айтылса немесе материалдық күйге түссе, ол шексіз
топқа тиесілі болады.
Интеллектуалдық меншікке билік жүргізу айырмашылығы
меншік (мүлік) иесі затты бере отырып орнына ақша немесе басқа затты алып
оған деген биліктен толық айырылада. Ал интеллектуалдық меншік объектісін
бір тұлғаға бере отырып, оны иеленуші өзінде осы меншік объектісін сондай
көлемде басқада тұлғаларға бере алады және бұл объектіні жеке пайдалану
құқығында қалдырады.
Ғылыми жаңалығы: Интеллектуалдық меншік объектілерінің мынадай
ерекшеліктерін ескеріп өту қажет: олардың виндикацияға жатпауы, яғни басқа
біреудің заңсыз иелігінен нақты түрде талап ету; объектіні жаңадан немесе
бірнеше рет пайдалануы үшін қайтадан жасаудың қажеттілігінің жоқтығы;
заттарға тән амортизация құрамының жойылуын ескеру деген ұғымдардың
болмауы. Бірақ осы соңғы жағдай барлық елдердің заңдарында интеллектуалдық
меншік құқығының мерзімді шегінің болуын талап етеді. Мысалы: біздің
Республикада авторлық құқықтың мерзім етуі автордың өмір сүруі және автор
қайтыс болған соң 50 жыл көрсетілген.
Сонымен қатар бір айта кететін нәрсе интеллектуалдық меншік
құқығының объектілерінің аумақтық маңыздылығында.
Интеллектуалдық меншік құқығы тек осы объекті пайда болған елде ғана
мойындалады. Ал басқа мемлекеттерде бұл құқық қорғалмайды. Сондықтан олар
үшінші тараптар мен шексіз пайдаланыла береді. Интеллектуалдық меншік
объектілері тек халықтардың келісімдерімен немесе екі жақты шарттармен
немесе көпжақта конвенциялармен қорғалады.
Интеллектуалдық меншік объектілері әртүрлі негізде бөлуге болады.
Әдебиеттерде интеллектуалдық меншік объектілерін мынадай түрлерге бөледі:
- авторлық құқықпен қорғалатын шығармалар;
- өндірістік меншік объектілері;
Өндірістік меншік объектілеріне мыналар жатады:
- өнертабыс;
- өндірістік үлгі;
- пайдалы модель;
- тауарлардың шығу жерінің атауы және т.б.
Зерттеу құрылымы: Жұмыстың бірінші тарауы интеллектуалдық қызмет
ұғымы мен оны ұйымдастырудағы азаматтық құқық ролі мәселелерін, оның меншік
құқығы институтындағы орнын көрсетеді. Сонымен қатар материалдық емес
объектілер қатарына жатқызылатын мәселер қаралады. Жұмыстың екінші тарауы
интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғауға арналған. Бұл жерде шығарма
жасауын пайда болатын құқықтардың табиғаты мен маңызы, авторлық құқық
субъектілерінің статусы және басқа да жағдайлар көрсетілді. Жұмыстың үшінші
тарауында интеллектуалдық меншік құқығындағы халықаралық конвенцияларға
көңіл бөлінді.
1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮСІНІГІ, ОНЫ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
1.1 Интеллектуалдық қызмет ұғымы мен оны ұйымдаструдағы азаматтық құқық
ролі
Шығармашылық қызмет ғылым, техника, әдебиеттер, мәдениет, көркем
конструкциялау (дизайн), торлық белгілер мен тауар белгілерінің басқа да
түрлерін жасау облысында жүзге асырылады. Шығармашылық қызмет мәні өте
маңызды, ғылым мен техника табиғат күші мен байлақтарын қоғам мүддесінде
пайдалануға мүмкіндік береді. Әдебиет, мәдениет пен шығармашылықтың басқа
да түрлері адамның рухани әлемін қалыптастыруда, оның эстетикалық деңгейін
көтеруде үлкен роль атқарады.
Елде жүргізіліп жатқан қайта құрылымдар сонымен қатар шынайы еркін
ғылыми, техникалық, көркем және басқа да шығармашылықты дамытуға
бағытталған, соңғы кезде кең түрде өзіндік техникалық шығармашылық
клубтары, жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтары, әрқилы
түрдегі шығармашылық бірлестіктері мен ассоциациялары ашылуда. Шығармашылық
бұл ми (ойлау, интеллектуальды) қызметі. Ол ғылым, техника, әдебиет немесе
мәдениет облысында жаңа, шығармашылық өзіндік нәтиже ойыларумен аяақталады.
Осындай қызымет өнім деп. танылады. Ол дайын ойларды ережелер, формальды
логика немесе басқа да белгілі ережелер бойынша қалыпқа келтіруді
көрсетеді.[1]
Жаратушы (жасаушы) деп жиі жұмысшыларды да, жаңа техниканы ойлап
шығарған және металдан мүсінші жасаған модельді құйған адамда да атайды
Бірақ өзіңдік түснікте шығармашылық бұл материалды өндірістік емес, рухани
қызмет. Көрсетілген мысалдағы жұмысшылар олардың еңбегінің бар маңыздылғына
орай, тек жасап шығарушы немесе мүсінші ойлап тапқан шығарма нәтижелерін
жүзеге асырады.
Шығармашылық қызмет нәтижесі - бұл объективті формада көрсетілген
оның өнімі, сипатына қарай ғылыми немесе ғылым-текникалық нәтиже, жетістік,
білім не ойлап шығарылған нәрсе, өндірстік үлгі, тауар белгісі, ғылым,
қдибет немесе мқдениет жетістігі деп жеке жетістіктердің шығармашылық
сипаттағы критершілерінің авторлық, айрықша құқықта бекітіелген,өндірістік
үлгі құқығы мен басқа да азаматтық құқық институтарында бекітілген, өз
ерекшеліктері болады.
Мәнді (сапалы) жаңашылдығы немесе нәтижелерін айрмашылығымен қатар
шығармашылықтың барлық түрлері алынған нәтижелердің идеалды сипаты мен
оларды жасау процесне құқықтың тура әсер ете алмау мүмкіндігімен
сипаталады.
Азаматтық құқық тікелелей, шығармашылық ғылыми-техниқалық, әдеби және
басқа да қызыметі, реттемйді. ғылыми-текникалық және көркем шығармашылық
процесі оның нормалары қызметі аумағынан шетте қалып қойяды. Азаматтық
құқық дәстүрлі түрде шығарлық қойған шығармашылық нәтижелерге ғана авторды
мойындау фунцияларын орындайды, олардың құқықтық режимі материалды жқне
моральды ынталандру және авторлар құқықтарын қорғауды бекітеді. Сонымен
қатар азаматтық құқықтың жеке нормалары ғылыми-техникалық, көркем және
басқа да шығармашылық обылыстарында жаңа жетістктерді жасау, беру қолдануды
ұжымдастыру бойынша (келісім-шартар негізінде) қатынастарды ретеп отырады.
Авторлық құқық нормалары құрамның мәдени деңгейінің өсуіне, ғылыми және
көркем-әдеби құндылықтар мәселелері көзқарастары мен құқықтарын қорғауға
ықпал жасайды.
Азаматтық заңдылық ғылым, техника, әдебиет, мәдениет және басқа да
шығармашылық қызмет сферасы облысында инициатива дамуына активті әсер
етеді. Оның ролі шығарманың дайын нәтижелерін қорғаумен шектелмейді. Ол
өндірісті ұжымдастыру мен осы нәтижелерді қолдану бойынша қатынастарға әсер
етеді, мысалы, ғылыми-техникалық өнімді жасау (беру), авторлық, лицензиялы
және басқа да келісімдерді жасау аумағында.[2]
1.2 Интеллектуалдық құқық облысындағы қатынастарды реттейтін
азаматтық құқық институттары
Шығармашылық қызметпен байланысты қатынастар азаматтық құқықтың
көптеген институттары нормаларын регламенттейді. Бұл жекелей алғанда,
азаматтық құқық объектілері мен субъектері, сделкалар, меншік құқығы туралы
нормалар, міндеттемелер туралы жалпы ережелер мен міндеттемелердің жеке
түрлері туралы нормалар. Осылайша, Ақ 9-бабы мынаны қарастырады: ғылым,
қдебиет жқне өнер туындысы мен басқа да интелекуалльды (шығармашылық)
қызмет нәтижесі авторы құқығын иеленуге азаматтарға мүмкіндік береді.
Ғылым, әдебиет немесе өнер туындыларының ең жақсысына жарыстар
жүргізумен байланысты жасалатын сделкалар (келісім-шарттар) да, маңызды
ролі ойнайды. Ғылыми-техникалық жқне көркем шығармашылық сферасындағы
міндеттемелердің жеке түрлері ғылыми-техникалық өнімді жасау (беруге),
лицензияларды сату мен “ноу-хау” беруге келісімдер туралы, авторлық жқне
соған ұқсас келісімдер туралы заңды актілерді детальды регламенттейді.[3]
Ғылыми-техникалық жәқне көркем шығармашылық сферасында меншік құқығы
мен басқа да мүліктік құқық туралы нормаларды қолданады.
Ғылыми – техникалық және көркем өнер облысында, авторлық, айрықша
(патенттік) құқық, өндіріс үлгісі мен тауар белгісіне деген құқық, маңызды
рөлі атқарады. Олардың басты нормалары АК пен басқа да арнайы заңды
актілерге негізделген.
Авторлық, айрықша (патенттік) заңдылық алғышарттары , өндіріс
үлгілері мен тауар белгісі туралы заң актілері азаматтық құқық құрамына тек
мына шамада ғана кіреді: яғни заң алдында тең субъектілер арасында мүліктік
жқне мүліктік емес қатынастарды реттеу шамасына қарай. Бар мәніс мынада,
бұл заң актісінің өзі жиынтық сипатқа ие және сондықтан мемлекеттік,
әкімшілік, қаржы, еңбек, қылмыстық және қылмыстықатқару құқықтарының жеке
ережелерінен тұрады .
Авторлық, айрықша және осыған ұқсас басқа да құқықтарды әдетте ерекше
деп атайды. Берілген құқық теориясында ерекше құқықтар дегеніміз
субъективті абсолютті құқық. Ол өздерін тасмалдаушларға әртүрлі қызыметер
жасауына (шығарма нәтижесін қолдану бойынша және т.б.) өкілеттік береді
жқне бір уақытта (мезгілде) басқа адамдарға осы қызметтерді жасауға рұқсат
етпейді.
Ерекше авторлық құқықтар, ойлап табу (айрықша) құқығы, өндіріс
үлгілері мен басқа да объектілер рухани сферада тауарлы-ақша формасының
массалық қолдануына құқық рекциясы ретінде пайда болды. Кейбір авторлар
айрықша құқық пен меншік арасында тең белгісін де қояды.
Авторлық, айрықша құқық, өндіріс үлгісіне деген құқық функцияларының
ұқсастығы немесе теңдігі соңғысын шығармашылық не авторлық құқық сферасына
енгізу қажеттігін білдірмейді. Барлық аталған институттар арасында
принципиалды ерекшеліктер бар, азаматтық құқық жүйесінде олардың өзіндік
өмір сүруін негіздейді. Мысалы, авторлық құқық алдымен туынды формасын
қозғайды, ал айрықша құқық оның құрамын қозғайды. Шығарма туындысын
авторлық құқық объертісі ретінде мойындау үшін шығарма нәтижесін көрсетуге
мүмкіндік беретін, кез-келген объективті формадағы оның көрінісі
жеткілікті. Керісінше шығармалар рационализаторлық ұсыныстар, өндіріс
үлгілері мен тауарлық белгілерді қорғау үшін толық құқылы оргонының сапаны
бағалау (классификациялау) актісі қажет. Басқа да ерекшеліктер
(айырмашылықтар) авторлар құқығы мен олардың пайда болу (туындау)
негіздеріне қатысты.[4]
Объективті материалдық емес табиғаты, оларды жасау бойынша еңбектің
шығармашылық сипаты, хаттаудағы (безендірудегі) ұқсастығы мен кейбір
субъективті құқықтардың айрықша сипаты өткен ғасырдың өзінде ақ айрықша
құқығының немесе өндірістік құқық пен авторлық құқық немесе кең мағынадағы
авторлық құқықтың біртұтас институтын құруға ұмтылысын тудырды. Қазіргі
таңда Батыста материалдық еме, немесе рухани құндылықтар құқығы
тұжырымдамасы кең түрде таралған ғылым, техника, әдебиет пен өнер облысында
бір тұтас құқықтың институт құруға советтік авторларда мойын бұрған. Олар
әр түрлі уақытта авторлық және айрықша құқықты және өндірістік үлгісінде
деген құқықтарды біріктіруді ұсынады.
Ғылыми - техникалық және өнер облысында қолданылатын әр түрлі
институттардағы жалпы белгілерді тауып алу заңдылық құқықтық теория, құқық
қолдануын дамыту үшін және құқықты зерттеу үшін өте пайдалы.Бірақ бұл
азаматық құқық жүйесінде біртұтас жыиынтықтық институт құру үшін
жеткіліксіз. Заңда құқықтық нормалар еркін койбинацияланады және тек оның
құрылымында ғана жормаларды функционалды жекелеу үшін негіз болады, айталық
айрықша және авторлық құқық.
1.3 Интеллектуалдық меншік құқығының теориясы
Біздің азаматтық құқық шығармалық жетістіктерге қатысты өндірістік,
ғылыми көркем, интеллектуалдық немесе рухани меншік инетитуттарын білмейді.
Өндірістік және интелектуалдық меншік түсінігі отанджық құқықтық
әдебиетте, заңда практикада, әдетте тек СССР қатысқан халқаралық
келісімдерде оларды қолданумен байланысты кездеседі. Мысалы 20 наурыз 1883
жылдағы өндірістік меншікті қорғау бойынша Париж конвинуциясында 14 шілде
1967 жылғы интелектуалдық меншікті әлемдік ұжымдасуын конвенцияда бекітті.
Осы конвенцияға сәйкес өндірістік меншіктің объективті деп жекелей
айтқанда, ойлап табуға (шығаруға) алған патент, пайдалы модельдер, үлгілер
мен тауарлық белгілерді (жат) айтамыз (мойындаймыз). Интеллектуалдық
меншіктің осылардан басқа әдеби, көркем және ғылыми туындыларға қатысты
құқықтардан: артистердің орындаушылық қызметі, дыбыс жазбасы, радио-және
теледидар және соған ұқсас шығармашылық нәтижелері құқықтарынан тұрады.[5]
Материалды емес құндылықтарға деген меншікң институты мына
жағдайларда пайда болды, яғни автор өз тауарын өзі алатын тауарды өндіруші
(жасаушы). Бірақ еркін нарықтың өзінде де авторлық құқық теория тиісті
мөлшерде автордың жеке және мүліктік жиынтығы ретінде олардың заңды
табиғатын көрсете алмады.
Шындығында да, классикалық мүліктік құқықтар модулі бойынша осы
қатынастар регламентациясы автордың жағдайын нашарлатады, өйткені өз
интелектуалдық меншіктің объектісін шеттете, оны жасаушы оған деген барлық
құқығынан айырылады, ал жаңа (меншік) иесі өз көзқарастары бойынша осы
объекті өзгерте алады, жалпы айтқанда, өзі иеленіп алады.
Осылайша материалдық емес құндылықтар қатынасындағы барлық
интеллектуалдық меншік өнімдеріне (иелену) өкіметегі жарамсыз (сәйкес
келмейді), өйткені физикалық түрде идеялар мен үлгілерді иеленуге болмайды.
Материалды емес объективтілерге пайдалануының мүліктік өкілеттігі
(заңдылығы) тура қолданылмайды, ғылыми-техникалық идеялар мен көркем
бейнелер бір мезгілде субъектілердің сансыз шеңбері пайдалануына болуы
мүмкін және осында берілген объектлер пайдалану процесінде қолданылмайды,
сөздің физикалық мағынасында амортизацияланбайды, олар тек моральды түрде
ескереді.
Принципті маңызды ерекшеліктер өнер туындыларын таратуға да тән:
лицензиялық келісім бойынша оларды қолдану құқығын шеттете, сатушы
(лицензиялар) өзі әр түрлі тәсілде оларды қолдану мүмкіндігінен
айырылмайды. Сонықтан, қатаң түрде айтқанда, меншік категориясы тек ғылыми-
техникалық идеялар мен көркем үлгілері (қол жазбалар, баспада басылған
шығармалар техникалық құжаттар және т.б) материалдық тасымалдаушыларға
қатысты қолданылады.
Авторлық, патенттық және басқа да құқықтардаң прориеттарлық теориясы
меншік құқығы сияқты мәңгілік институтпенң осы құқықтардың абсалютты,
ұқсас жерлерін көрсетуге ұмтылыс жасаудан туындады, яғни белглі дәстүрлі
сызбаға жаңа институтты енгізу талабы. Сондықтан өзіндік (интелектуалдық
меншік институттарын) конструкциялау бойынша ұсыныстар мен келісу мүмкін
емес.
Бұрын қызметте болған азаматтық заңдылық негіздері мен республикалық
азаматтық кодекстерде жаңалықтарды құқықтық қорғау туралы арнайы бөлімдер
болған. Жаңалықтарды мемлекеттік реттеу шығармалар мен жаңа ашылымдар
бойынша жаңалықтардың мемлекеттік реетрін жүргізу және олардың авторларына
дипломдар беру арқылы мемлекеттік комиттетпен жүзеге асырылған. Диплом
жаңалықты мойындайды, оның автордың құқығын және авторлық приортетін
мойындайды. Соңғысы тағы өз мезгілінде ақшалай сыилық алуға және басқада
мүліктік сипаттағы жеңіліктерге құқылы.[6]
Бірақ жаңалыққа деген құқық қандай да бір адамның артынан осы
жаңалықты пайдалануға соның артынан бекітіп қоймайды. Жаңалық - бұл объект,
сипаты бойынша монополизацияға көнбейді. Бұл ең маңызды себеп, соған
байланысты көптеген елдерде жаңалықтарды тікелеи қорғау мүмкін емес, тек
оларды патенттік құқық құралдарымен қорғау мүмкіндігі туралы дискуссиялар
жүргізілуде.
Жаңалық дегеніміз бұл әлі белгілі болмаған, таным деңгейіне түбегейлі
өзгерістер енгізетін материалдық әлемінің объективті өмір сүрудегі заңды
қасиеттері мен құбылыстарын ашу. Бұл дегеніміз айтылып отырған әңгіме
мүліктің айналым объектісіне қабілеті бар шығармашылық өнімді жасау туралы
емес; таза танымдық тапсырмаларды шешу қоршаған орта көріністерін тану
туралы басып отыр. Сондықтан азаматтық заңдылықтың жаңа негізінде берілген
қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу қарастырылмаған және азаматтық құқық
сферасынан жаңалық ашуға деген құқық енгізілмеген. Бұл, әрине, жаңалықтарды
мемлекеттік тіркеу жүрісіне және олардың авторларын ынталандыруға кедергі
келтірмейді. Берілген қатынастар тек азаматтық-құқықтық сипатынан
айырылған.
2 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТАУАР ТАҢБАЛАРЫН ҚОРҒАУ
2.1 Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау
Қазіргі танда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен
еңді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру
және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл-ауқатын көрсететін
оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік
республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Казақстан
егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын нарықтық деп 1993
жылғы, одан кейін 1995 жылғы Конституцияларында бекітті.
Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу Қазақстан—2030
стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі.
Бүгінгі тандағы білімге негізделген экономикада зияткерлік активтер
негізгі валюта болып табылады. Казақстанның экономикалық өсудің қарқынына
жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды
экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық базасын
құруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.
Бұл Елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалары және
Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да
өзекті мәселелердің бірі болып табылады.[4]
Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік
сауда ұйымына кіруі және саудада ең колайлы жағдайларға қол жеткізу үшін
басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің
елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік
меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін
сақтаудың қажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі.
Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз
байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси сипатқа ие
болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау
саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша
саясаты Қазақстан Үкіметі мен ДЗМҚҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық
бағдарламасының, Зияткерлік меншік кұкықтарын корғау тұжырымдамасының
ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зияткерлік — бұл елдің маңызды
және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана
осындай мәртебесінде мемлекет пен коғамның мүдделеріне қызме тететін
қорғалатын зияткерлік меншікте[7].
Нарықтық экономикада кандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе
- тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлердің қазіргі таңда
ұлттық өндірушіні қорғау және қолдау - өндірушінің өз колымен деген
ұранды ұстауы — маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып
кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы табылады.
1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы
қабылдаңды.
Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа
нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы
объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық
кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші
тұлғалардын құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық
объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы
экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудін негізі болып табылатын
Казақстан Республикасының Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы
интеллектуалдық меншікті құқықтың жеке объектісі ретіңде карастыру,
теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы
интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне ерекше құқық бекітілді.[8]
Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғайлы, тұтынушыға
қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсімдеу төлемі
арзан, сараптамалык және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы,
патенттік құқықты қорғаудың жеңіл жолдары бар, халыкаралық патенттік
жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға
мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен-ақ жағдай жасауда.
Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана
көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан-
жылға көбеюде. Мысалы, 1992—2001 жылдар аралығында өндірістік меншік
объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық
және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік
объектілеріне алдын ала патент пен патент бар[9].
Патенттердің саны көбейген сайын пайда табуға талпынған патент
иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы
кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып
табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш
шаралар қолданылмаған.
Ендеше санаткерлік меншік дегеніміз не? Бұл сауалға халықаралық,
сонымен қатар, еліміздің заңнамаларынан да толык қамтылған жауап алуға
болады. Қазақтан Республикасы қатысушысы болып табылатын. Бүкіл
дүниежүзілік интеллектуалдык меншікті корғау ұйымы Конвециясының 2-бабында
Интеллектуалдык меншіктін әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға,
әртістердің орыңдаушылык қызметіне, дыбыс жазу, радио және теледидар
хабарларына, адами қызметтің барлык саласындағы енертабыстар мен ғылыми
жаңалықтарға, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету
белгілері, фирмалық атаулар мен коммерциялық көрсеткіштерге, қара ниетті
бәсекелестікке қарсы қорғану, сондай-ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және
көркемөнер салаларындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де барлық
құқықтарды қамтитыны атап көрсетілген. ҚР АК-нің 961-бабында
жүйелендірілген тізілім берілген.
Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы
санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды
реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті
тұрмысқа интеллектуалдық меншік, өнеркәсіптік меншік, патент, патент
иеленуші, айрыкша құқық ұғымдары енді.
Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі
авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі
бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының
негізгі ерекшелігі — өнертабушы автор өз құқығын, кебінесе, авторлық
куәлікпен ресімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша
жалғыз мекеме өнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез
келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.
Енді құқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы
модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің
рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана
пайдалану жолға қойылған. Бұл құқық айрықша құқық деп аталады және ол ҚР
АК-нің 125, 964-баптарымен бекітілген.
Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық корғау принциптері
түбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны
қалыптастыруды талап етті[10].
1992 жылы Ұлттық Патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін
қалыптастырды (явочно-проверочную) және оның құқықтық реттелуін Қазақстан
Республикасының Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия,
Закавказьенің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және Украина да қолдады[11].
Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама
элементтері бірігеді. Біздің жүйенің көлемдік және тіркелімдік сипаты
патенттің формальды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді.
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 22-бабы формальды сараптама кезінде
кажетті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың
сақталуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық қорғау берілетін
объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді.
Патент мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Оның
жүргізілу барысыңда өтінім берілген шешімнің патентке қабілеттігі
талаптарына сәйкестігі анықталады.[12]
Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент және
пайдалы модельге патент қорғау құжаты түсінігімен бірігеді.
Қазақстан бір өнертабысқа екі корғау құжаты - заңды сараптама
қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі
сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны
жүйе жасады.
Бұл екі қорғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және
уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтінімнің патент
ведоствосына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес
жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.
Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша
бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы
керек.[13]
Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патентөтінімнің патент
ведомствосына берілген күннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік
үлгіге патент — он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінін өтініші бойынша
бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек.
Патент мына мән-жайларды:[14]
1) аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;
2) авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;
3) аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық
иеленетіндігін куәлаңдыратын кұжат. Патент оны берген ведомство мемлекеті
аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу
туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып,
патентті мемлекет немесе оның еркі бойынша белгілі бір ұйымның қолданылуына
мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде көзделген патент иесінің
құқықтарын қорғау шараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды
енгізуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою
туралы талап арыз қою т.б.). Патент беру әр елде оның патент құқығы
нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар қойылады:
өнертапқыштық деңгей, прогрессивтілігі, қолданылуға жарамдылығы және
міндетті түрде жаналығы. Кейбір елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда
болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен
қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс
жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдану бұзады.
Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін
халықаралық келісімдер жасасу қолданылады.[15]
Патенттеу мақсаты — сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып,
ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.
Патенттің негізгі кызметі - жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны
қамтамасыз ету болып табылады.[16]
Патенттік қорғау келесі аспектілермен сипатталады:
- қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
- патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне
құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;
- айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетінің мерзімдік және аумақтық
сипаты;
- айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкіндігі. Аталған объектілердің
барлығы біздің мемлекетімізде қолданылады.
Патентке негізделген құқықтар мемлекеттің берген құқықтары болып
есептеледі. Бұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет беріп
отырған құқықтарға жауап ретінде патент иесі мемлекет пен қоғамға танылмай
қалуы мүмкін болған өнертабыс ашады. Осындай өзаралық патентті шарт ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді. Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент
заңнамасында сипатталғандай болады.
Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретіңде
түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына
айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұксастық меншік иесінің өз
құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы
заңсыз деп есептеленеді.
2.2 Интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері
Өнертабыс түсінігі мен объектілері.
Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылыктың деңгейін бағалау
қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру
мүмкін емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Патент Заңыңда бұл
түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген:
— жаңалығы;
— өнертапқыштық деңгейдің болуы;
— өнеркәсіпте колдануға болатын техникалық шешімнің болуы.
Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан
Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі.
Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде
анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды. Техникалық шешім термині
техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету құралы
ретінде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер;
спорт көмекші құралдарын жасау арқылы спорт; жаңа емдеу әдістерін, дәрі-
дәрмектерді жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада
қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне
жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудің терапиялық әдістері емдеу құралдарын
нақты белгіленген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір
кезектілікпен және т.б. қолдануды меңзейтіндіктен, бұл арқылы емдеу
техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсілдері техникалық шешім ретіңде
қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет,
білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл
жерде өзге (экономикалық, әкімшілік, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық
әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс.
Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті
қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Өнертабыс
объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде
көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады.
Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар
клеткаларының тегі, соңдай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті
жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады.[17]
Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтар көлемін
анықтау заңмен қорғалатын онертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі
үшін құқықтық маңызы зор.
Құрылғы — өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері ретінде
құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-
бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл
машиналар — мысалы, Қар жинаушы машина; құрылғылар - Магнит өрісі
датчигі; механизмдер - Шарниро-рычажный механизм.
Жетілдірілген инструмент, мысалы, Геологиялық балға, Қозғалмалы
пышақ немесе қандай болмасын кұрал, мысалы, Тормозное устройство для
железнодорожного вагона, Гидравлическое устройство для удержания руля
относительно рамы мотоцикла объект - құрылғы категориясына жатқызылуы
мүмкін.
Құрылғы болып көлік құралдары, жабдық, құрылыстар, сонымен қатар, әр
түрлі бұйымдар танылады — мысалы, Әмбебап оқу партасы. Электр схемалары
да құрылғының бір түрі болып табылады.
Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек
элементтері де: түйіндері, бөлшектері т.б. жатады.
Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік белгілермен
сипатталады:
- конструктивтік элементтердің болуы;
- элементтер арасында байланыстың болуы;
- элементтердің өзара орналасуы;
- құрылымның немесе оның элементтерінің орындалу нысаны, атап
айтқанда, геометриялық нысанда жасалуы;
Элементтер арасындағы байланыстың орыңдалу нысаны; элементтер
параметрлері мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы;
- құрылғы немесе оның элементтері жасалған материал;
- құрылғының кез келген элементінің кызметін орындайтын аясы;
- техникалық шешімнің басқа түрлерімен салыстырғанда құрылғы
- өнертабыс олардың фактілі түрде қолданылуына бақылануды қамтамасыз
етеді. Бұл олардың кең таралуын анықтайды.
Тәсіл — өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде
тәсілдерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет
ету процестері жатады. Тәсіл — белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір
ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы.
Материалдық объектілерге әрекет ету процестері ретінде тәсілдерді
былай бөлуге болады:
- өнім (бұйымдар, заттар т.б.) өндіруге бағытталған әдістер, мысалы,
Құрылыс материалын жасау тәсілі, Ацетилен алу әдісі;
- белгілі бір өнім алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруіне
бағытталған әдістер (тасымалдау, реттеу, ендеу т.б.). Мысалы, Жер өңдеу
тәсілі, Электромагниттік клапанды басқару әдісі;
- нәтижесінде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын
әдістер (бақылау, өлшеу, диагностика т.б.). Мысалы, Аса таза кварцтың
шыкқан жерін іздеу әдісі.
Өнімдер алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының күші тікелей осы
әдіспен алынған өнімге де таралады.[17]
Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдістеріне де
беріледі, мысалы, Тістер кариесін алдын алу әдісі, Артериальді
гипертония диагностикасының әдісі.
Өнертабыс объектісі Әдіс келесі белгілермен сипатталады:
- белгілі бір әрекеттің немесе әрекеттер жиынтығының болуы: ...тұзды
ерітеді...;
- осындай әрекеттерді уакыт бойынша орындау тәртібі (кезекпен, бір
уақытта, әр түрлі жолдармен т.б.). ...қышқылмен өндегеннен кейін пленканы
дистилденген сумен шаяды...;
- әрекеттерді жүзеге асырудың режимдері мен шарттары (температура,
қысым, қуаттылығы, жылдамдығы т.б.). ...40°С-ға дейін қыздыру кезінде
ерітеді...;
- заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикізат, реагенттер,
катализаторлар, микроорганизмдер тектері және т.б.). ...процессті инертті
газ атмосферасында жүргізеді...;
- құрылғыларды (кұралдарды, жабдықтар т.б.) пайдалану. ...реагенттің
электрохимиялық өндеуін ерітілмеген электродтары бар электролизде
жүргізеді....
Зат өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде
заттарға:
- жеке химиялық қосындылар, сонымен қатар, оларға жоғары-молекулярлық
қосындылар және гендік инженерия өнімдері (рекомбинантты нуклеидтік
қышқылдар, векторлар т.б.). Мысалы, гидрохлорид-1-(2-этоксиэтил)-4-аце тил-
4-ацетиксипиперидина;
- композициялар (құрамдар, қоспалар), мысалы, псориазды емдеу майы,
фурфуролды гидрирлеу катализаторы;
- ядролық айналу өнімдері жатады.
Жеке химиялық қосындыларды сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады:
- сапалық және саңдық кұрам;
- атомдар арасындағы байланыс және олардың молекулада химиялық
құрылымдық формулалары сипатталған өзара орналасуы.
Бұрыннан белгілі құрылғы әдісті, затты, текті жаңа мақсатта
қолданады. Құқықтық қорғау таралатын өнертабыстың бұл түрі болып бұрыннан
белгілі болған құрылғы, зат, әдіс, тектің жаңа мақсаттарда қолданылуы
табылады.
Өнертабыстың бұл объектісі өзге өнертабыстардан қызметінің
сипаттамасымен байланысты пайда болуымен ерекшеленеді.
Егер құрылғы әдіс, зат, тек қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудың
жаңа құралы болса және олардың бағытталған синтезі жасалса, онда
өнертабыстың бұл обьектісі белгілі обьектінің жаңа мүмкіндіктерін (белгісіз
қасиетін) анықтау арқылы пайда болады.
Бұл объектінің негізінде белгілі техникалық құралды, бұл өнертабыс
пайда болған кезде қолданылған мақсатқа қарағанда, өзге мақсаттарда
қолдану. Бұрыннан белгілі болған құрал ол иеленетін қызметке қарағанда,
жаңаша қызметте пайдаланылып, осыған байланысты өзге қажеттілікті
қанағаттандырады.
Мысалы, бояу ретінде қолдану үшін арнайы синтезделген белгілі А
заты белгілі бір жағдайда зиянды бактериялар үшін күшті әсер ететін ретінде
қолданыла алады. Белгілі заттың жаңа қасиетін анықтау нәтижесінде зиянды
бактерияларды жою үшін жаңа құрал ұсынылады.
Бұл жерде белгілі бір мақсатпен арнайы алынған заттардан басқа, яғни
белгілі бір қолданудан басқа, тәжірибеден алынған табиғи немесе аралық
қосындылар немесе өндіріс қалдықтары бар екендігін атап өту қажет. Бұндай
қасиетті анықтау алдында белгілі болған құрылғы, әдіс, зат, тектің жаңа
мақсаттарда қолданылуын өнертабыс ретінде саралауға болады.[18]
Өнертабыстың бұл обьектісі заттарға (жеке заттар, композициялар,
тектер т.б.) тән, себебі, олар қолданылу шарттарына сәйкес көріне алатын
қасиеттерді иеленеді, соңдықтан әр түрлі мақсаттарда қолданыс таба алады.
Аталмыш обьект кұрылғыларға аса тән емес, себебі олар белгілі бір
қызметті атқару үшін жасалады және олардың анық көрінетін мақсаты бар.
Сондықтан құрылғыға қандай да бір өзгеріс енгізбей өзге мақсаттарда
қолдану, көбінесе, мүмкін емес.
Биотехнология обьектілері.
Соңғы ондаған жылдар ішінде теориялық мүддеге ғана ие ғылымнан
биология тәжірибелік маңыздылығымен сипатталатын ғылымға айналды.
Өнеркәсіпті биологизациалау өрісі байқалуда. Биотехнология ғылыми-
техникалық прогресстің басым бағытына айналып жатыр. Биотехнологияның кең
тәжірибелік мүмкіндіктері гендік инженерия арқылы адамдарды емдеу
әдістерінен қоршаған ортаны қорғау әдістеріне дейінгі әр түрлі биологиялық
обьектілерге байланысты өнертабыстар санының артуына алып келді.
Патенттер биология және биотехнологияны коммерциялизациялау ісінде
және биотехнологиялық өнімді сату нарығы үшін күресте аса маңызды құрал
болып жатыр. Биотехнологиялық өнертабыстарды қорғау мәселесі әлі де ұлттық,
халықаралық деңгейде талқыланып жатыр.
Аталған объектілер тірі — тектер, тірі емес — заттар бола алады.
Тірі объектілер:
— микроорганизмдердің жеке тектері;
— өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының жеке тектері. Тірі емес
объектілер:
— биотехнологиялық әдіспен алынған қосындылар, антибиотиктер,
ферменттер, вакциналар және т.б.;
— гендік инженерия өнімдері - ДНК мен РНК - кезектілігі, гендер,
плазмидтер, векторлар, белоктар т.б.
Биотехнология саласына, сонымен қатар, микроорганизмдер тектерін,
өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тектері, антиботиктерді, нуклеин
қышқылдарын пайдаланумен әр түрлі әдістер, вакциналар өндіру әдістері т.б.
жатады.
Тек термині белгілі бір қайнар көзден немесе жасанды жолмен алынған
(мутация нәтижесіңде) және өзіндік физиологиялық — биохимиялық белгілерімен
сипатталатын микроорганизмдердің бір түрлі мәдениетін білдіреді.
Микроорганизм түсінігінің нақты таксономиялық мәні жоқ, яғни қандай
да бір таксонға — түрге, жынысқа, семьяға т.б. жатқызылмайды. Ол
микроскопиялық өлшемдегі әрбір организм микроорганизмге жататындығын
меңзейді. Бірақ, бұл түсінік шартты, себебі дәстүрлі микроскопиялық
объектілер арасында макроскопиялық объектілер болатыны белгілі, ал бір
тектің өлшемі культизациялау және өзге факторларға байланысты өзгере алады.
Патент рәсімі үшін тек объектісіне микроскопиялық өлшемдегі өмірге
қабілетті әр түрлі организмдер - бактериялар, вирустар, қарапайым
микроскопиялық омыртқасыз жануарлар және өзге де жеке тектер,
микроорганизмдердің консорциумдары, сонымен қатар, өсімдіктер мен
жануарлардың культивацияланатын соматикалық клеткалары кіреді. Тәжірибелік
(пайдалы) қасиеттері анықталған тек қана құкықтық қорғау объектісі бола
алады. Ғылыми көзқарас негізінде белгілі бір қасиеттер жиынтығымен
сипатталған тек қорғау объектісі болмайды.[19]
Өнертабыстың патентке қабілеттігінің талаптары. Қазақстан
Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес өнертабысқа, егер ол жаңа, оның
өнертапқыштық деңгейі және өнер-кәсіптік қолдануға жарамды болса, құқықтық
қорғау беріледі. Өнертабыс патент кабілеттігінің бұл талаптары әлемнің
көптеген елдерінің патент зандарында анықталған.
Жаңашылдық. Өнертабыстың жаңалығы оның патент қабілеттігінің негізгі
және міндетті талабы болып саналады. Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер
өнертабыс техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып
табылады. Техника деңгейі туралы мәліметтерге өнертабыс басымдық мерзіміне
дейін әлемде жалпы қол жетерлік болған кез келген мәліметтер кіреді.
Жалпыға қол жетерлік мәліметтер ретінде кез келген тұлға таныла алатын
мазмұны заңды түрде хабарланған қайнар көздерде көрсетілген мәліметтер
танылады. Қызметтік, жабық, құпия және т.с.с. ақпаратқа назар аударылмайды.
Өнертабыс жаңалығы бітімгершілік сипатты фактіге ие болып табылады, яғни
техника деңгейіне Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелдерде де жалпы
қол жетімді болған мәліметтер жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес
өтінім берушіге жаңашылдық бойынша жеңілдік беріледі. Бұл автордың, өтініш
берушінің немесе осы ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген
тұлғаның өнертабысқа жататын ақпаратты жария түрде ашу, сонымен қатар,
Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттің аймағында ұйымдастырылған ресми
немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде экспонат ретінде өнертабысты
көрсету өнертабысқа өтінім патент ведомствосына ол ашылған күннен немесе
көрмеге орналасуы күнінен 6 ай кешіктірмей берілген болса, өнертабыс патент
қабілеттігін тануға жол бермейтін жағдай деп танылмайды. Мұндай жеңілдік
өтініш бергенге дейін мәні ашылған өнертабысты қорғауға мүмкіндік береді.
Өнертапқыштық деңгей. Өнертабыстың патентке қабілеттігінің келесі
критерийі болып өнертабыстың сапалық деңгейінің көрсеткіші болып табылатын
өнертапқыштық деңгей саналады, себебі, оның көмегімен ғылыми және
техникалық прогреске қандай да бір зерттеменің үлесі бағалана алады. Жаңа
болып табылатын кез келген шешім техника деңгейіне үлес қосады деп
есептелінбейтіндігі анық. Техника саласында қандай да бір білімге қол
жеткізіп, орта маман жасалу жолы анық және шығармашылық негізі жок белгілі
кұралдардың жаңа комбинацияны көрсететін объектіні жасай алады. Сондықтан,
әр түрлі елдердің патент заңдарында өнертабысты қарапайым инженерлік
зерттемелерден немесе объектілерден айыруға (бүл өнертапқыштық деңгей)
мүмкіндік беретін өнертабыстың шығармашылық сипатын анықтайтын критерий
қалыптасқан. Германияның Патенттік заңында бұл критерий өнертапкыштық
қызмет деп аталады.[20]
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес,
егер маман үшін ол техника деңгейі туралы мәліметтерден айқын кездеспейтін
болса, өнертабыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz