Интерактив ойындар арқылы тіл дамыту әдістемесі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I тарау. Педагогикалық техналогиялар туралы ғылыми негіздер... 6
II тарау. Интерактив ойындар арқылы тіл дамыту әдістемесі ... ... .13
2.1. Дидактикалық ойындардың сипаттамалық негізі ... ... ... ... ... .. 16
2.2. Интерактив ойындарды меңгертудің негізі – тілдік қатысым.. 20
2.3. Рөлдік
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 26
2.4. Іскерлік ойындар арқылы оқушыларды диалогтық,
монологтық сөйлеуге
үйрету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
2.5. Тапқырлық ойындар арқылы лексиканы оқыту ... ... ... ... ... ... 29
2.6. Тапқырлық ойындар арқылы тіл салаларын оқыту ... ... ... ... . 32
2.7. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін ізденімдік ойындар арқылы
игерту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .. 50
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 51
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі білім
кеңестігінде білім сатысын арттыру мақсатында инновациялық оқыту
технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту және еліміздің әлеуметтік
– экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім
беруді өзекті мәселе ретінде ұсынып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау, оқытудың жаңа
технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, - деп
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс
жүзіне асыру мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.[1]
Қазақ тілі өзінің мәртебесін алғаннан бері оны өзге тілді мектептер
мен аудиторияларды оқыту мәселелері терең зерттеліп, ғылыми диссертациялар
қорғалып, әдіскер ғалымдар қалыптасты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (1999) білім беру
саласындағы мемлекеттік саясатының ұстанымдарының бірі – жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім,
білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық
қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттілігі қарастырылған.[1]
Дәстүрлі оқыту білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық
меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің
нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай, оқу – тәрбие үрдісін
жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектептегі оқу үрдісіне
енгізу арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықта экономика жағдайында
өмір талабынан туындап отыр. Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең
құлаш жайып және дамып, ғылымның барлық саласына кеңінен ену кезеңінде
оқытушы мен оқушының өзара бірлікте шығармашылық белсенділігін дамытатын
әдістер мен тәсілдерді тілді оқыту мақсатында қолдану арқылы нәтижеге жету
міндеті өзекті болып отыр. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі –
мұғалімдер мен оқушыларға өзара ынтымастықта креативтік белсенділікте және
ізденім жұмысын бірлікте жүргізуге мүмкіндік береді. Мектептердің оқу
үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасын жақсартып,
дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен
жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. Онда сабақты
тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір
оқушының өз беттерінше ізденіп білім алуларына көмектесуге болады. Жаңа
технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы оқушының білім
жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.
Бүгінгі қоғамдағы өзгерістер мен реформалар білім беру саясатына да
өз әсерін тигізуде. Қазіргі заманғы тілді оқытудың жаңа бағыты, тілді оқыту
үрдісін жаңғарту, өзгерту және ғылыми жұмысының тұжырымдамасын қайта
жасауға, тиімді стратегиялық әдістемесін құруға және жаңа типтегі оқулық
пен оқу құралын дайындауға мол мүмкіндік беруде.
Ең басты бағыт – отандық әдістеме ғылымның жаңаруы, соның негізінде
қатысымға түсудің коммуникативтік құзіретін қалыптастыратын интерактивтік
оқу материалдарын, коммуникативтік стратегия мен тактиканы, технологияны
қазақ тілін оқытуға қолдану әрекетін жандандыруда. Жалпы білім беретін орта
мектептерде қазақ тілін интерактив немесе коммуникативтік ойындар арқылы
оқыту оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытатын және заман талабына
сәйкес тәрбиелі жастардың азаматтық болмысын қалыптастырудың бірден-бір
жолы. Себебі мұндай қатысымға түсу белсенділігін дамытатын ойындар
оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады, сол арқылы ана тілін терең
меңгеру қабілетін дамытады. Сабақтағы белсенділік оқушының тіл сабағына
қызығушылығын арттырады, әрі пікірталасқа түсу арқылы ойлау қабілетін
жетілдіретін, өз пікірін дәлелдеуге қалыптастыратын болмысына үлкен ықпал
етеді.
Оқу үрдісінде интерактив ойындардың мәселесін ерекше көңіл аударып,
оны қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасаған ғалымдар Н.Құрманова,
К. Жақсылықова, Ж. Сүлейменова, Қ. Қадашева және тағы басқа ғалымдар.
Дегенмен де бүгінгі күнге дейін интерактив ойындарды сабақта ұтымды
қолданудың ғылыми тұрғыдан айқындалмағаны әрі зерттелмегендігі белгілі. Сол
себепті бұл тақырып өзекті.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында: Орта білім берудің мақсаты - қарқынды
өзгеріп отырған дүние жағдайында игерілген терең білімнің, кәсіби
дағдылардың негізінде еркін бағдарлама алуға, өзінің іс-әрекетін
жұмылдыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
екендігі атап көрсетілген.[2] Бұдан оқытудың мазмұны мен құралдарына, әдіс-
тәсілдеріне, ұйымдастыру формасына түрлі жаңалықтардың, өзгерістердің
қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың алға шарықтауы
мектептегі оқу үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы
ұйымдастыруда. Бұл талаптың орындалуы оқушының білімін арттырып қана
қоймай, оның сана-сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан-жақты
дамытуға, сол арқылы ертеңгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрмыс
деңгейіне де әсер етеді. Қазақ тілі сабағында оқушының өз ойын, пікірін
ана тілінде еркін, дұрыс, жатық әрі түсінікті етіп жеткізіп қана қоймай,
қазақ тілін тек теориялық тұрғыдан ғана үйренбей, білім практикалық өмірде
кеңінен қолдануы маңызды рөл атқарады. Мұны іске асыруда ойын әрекетінің
орны ерекше.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған:
К.Гросс, Г.Спенсер, И.Хейзинга, И.Кант, Г.Гегель, В.Вундт, Ф.Шиллер
т.б.ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің
әлеуметтік жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер
ететінін анықтаған. Бұл жұмыстың өзектілігі де осында.
Зерттеу нысанасы. 5-6 сыныпта қазақ тілі сабағында интерактив
ойындар арқылы оқушының білім сапасын арттыру.
Зерттеу пәні. Тілдерді оқыту үрдісінде интерактив ойындар арқылы
оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Зерттеу мақсаты. Интерактив ойындарды оқушылардың білім сапасын
арттырудың құралы ретінде пайдалануды теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу міндеттері.
• оқыту үрдісінде интерактив ойындарды оқушылардың білім сапасын
арттыру мақсатында пайдаланудың әдістемелік негіздерін анықтау;
• дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру;
• қазақ тілін интерактив ойындар арқылы оқытудың ұтымды жолдарын
айқындау;
• дидактикалық ойындардың түрлерін белгілеу және олардың 5-6 сыныптарда
қазақ тілін оқытудағы ұтымдылығын көрсету;
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ тілін оқыту
әдістемесіндегі ғылыми тұжырымдар мен практикалық бағыттар, оқытудың озық
технологиялары бойынша пікір-көзқарастар қорытыла отырып, ойындар арқылы
оқушының қызығушылығын, ойын дамытатын интерактив ойын түрлері жүйеленді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I тарау. Педагогикалық технологиялар туралы ғылыми негіздер
Қазіргі қоғамда болып жатқан күрделі әлуметтік және экономикалық
өзгерістер, ғылыми-техникалық, саяси және экономикалық саладағы
интеграциялық құбылыстар біз қарастырып отырған мәселеге негізгі себепші
болып отыр. Бұл құбылыстар білім беру үрдісіне оң әсерін тигізіп қана
қоймай және педагогикалық интеграциялық формалары, түрлері мен әр түрлі
бағыттарында көрініс таба бастады. Сонымен қатар білім берудің барлық
деңгейлерінде дерлік қолданылуы (бастауыш, орта және жоғары сыныптар,
жоғары оқу орны) орын алуда.
Мектеп практикасына интеграциялық бағдарламалардың еңгізілуі – жаңа
жағдайға бағдарлауға мүмкіндік беретін мұғалімнің дайындық деңгейін қажет
етуде. Интеграциялық оқытудың мүмкіндіктерін толық пайдалану, педагогикалық
жаңалықтарға, қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамудың перспективалы
құбылыстарға бейімделуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары жеке адамды
қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында
көптеген технологиялар ұсынылуда. Оқыту үрдісіне белгілі мөлшерде адамды
дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалім оқушының өз
белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының
адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның
басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін,
белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Жаңа
әдістерді пайдалануда өзіміз қолданып жүрген әдістерді жаңа жағдайға
бейімдей пайдалануымыз керек. Өзіміз қолданылып жүрген Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту бағдарламасына тоқталсам, бұл жүйеде қойылатын сұрақтар
проблемалы, ойлануды қажет ететіндей беріледі. Оқушы сондай сұраққа өз
ойын, өз пікірін білдіруге және жауап беруге дағдыланады. Жаңа материалды
талдауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемдік
ғалымдардың бірлескен еңбегі. Бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский
теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Қазіргі таңда жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің бірнеше түрлері
жарық көруде. Енді осы жаңа технологияның тиімді әдістерін дұрыс таңдай
білу — бүгінгі таңдағы басты талап.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып
табылады. Оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені
жұмылдыру қажет болады. Бұл өз қызметінде шығармашылықпен қарайтын, жеке
басының іскерлік қасиеті бар адамдары қажет ететін жұмыс. Шындығында әрбір
педагог жаңа технологияны меңгеру барысында өзін-өзі қалыптастырады.[3,30]
Технологиялық білім саласының басты мақсаты — оқушыларды өздігінен
еңбек етуге дайындау. Оқушыларды шығармашылық жөне эстетикалық дамуы,
оқушылардың өзін-өзі тану мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру — өте күрделі де ұзак
үрдіс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды
талап етеді. Шындығында әр сабақты тиімді ұйымдастыру үшін тек қана оқу
материалдары мен оның әдістемесін жете меңгерту аз, сонымен қатар мұғалім
оқушыларды бір қалыпты өткізілген сабақ нұсқасымен жалықтырып алмау
қажеттілігін де ескеріп отыру керек. Бұл қағиданы әр мұғалімнің
шығармашылық ізденімпаздығынан аңғаруға болады. Әсіресе, қазіргі уакытта
сабаққа мұғалімнің көбірек ізденіп, оқушы талғамына сай дайындықпен баруды
талап етеді.
Бүгінгі күні педагогикалық жаңа технологияларының бірі — білім
берудегі ойындық оқыту технологиясы болып отыр. Ойын өмірде өте ерте жастан-
ақ өзінен-өзі бала сапасында бастала отырып, адамның кәсіпті толық
меңгергенінше жалғасады және оқыту мәселесінде басқа технологиялармен тығыз
байланыста болады.
Енді ойын дегеніміз не? Бұл мәселеге тоқталып өтетін болсақ, онда
жан-жақты қарастырғанымыз жөн. Ойын теориясы мен практикасын отандық және
шетелдік педагогтар, психологтар. социологтар зертеуде. Мысалы; Йохан
Хейзингтің "Ойынша адам". Д.Б.Элькониннің "Ойын психологиясы", Эрик Берннің
"Адамдар ойнайтын ойындар" атты еңбектері бар. Ойын теориясын зерттеуші
ресей ғалымдарынан А.В.Вербицкий, Т.В.Кудрявцева. И.П.Пидкасистый; ал
қазақстандық ғальшдардан Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров, Г.Т.Жайнақбаев т.б.
атауға болады.
Ойын — маңызды қызметі жағынан көп мағынасы бар түсінік. Қандай да
бір ойын болмасын ең алғашында басымызға емін-еркін, кең іс-әрекет деген
ой келеді. Ойын күнделікті өмірде қозғалыс пен өміршендігі жағынан маңызды
орын алады. Өмірден өз орнын, дербестігін құрушы іс-әрекет - осы ойын деп
Йохан Хейзинг өз еңбегінде нақтылай және жекелеп анықтама береді. [4,20]
Адамзат ойынының сан жылғы тәжірибесі ойындық біліктің құндылығын
дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап,
мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларынан мамандар даярлауға
байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Адамдардың
ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым
козғалыстар жасаудан бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі
видеокомпьютерлік ойындарға дейін ауысады.
Ойынды оқу үрдісінде қалай игеруге болады? Адамның ойын әрекеті
негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындары, әуестену
ойындары, оқу жаттығу ойындары.
Ойын оқу процесінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес
дидактикалық категория бола алады. Сонымен бірге ойын оқытушылар мен
студенттердің, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі балалар
мен тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы
ретінде де қолдануға болады. Балалар ойыны да үлкендер ойыны да мәнді
тұлғаның әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің және басқалардың
ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің жақсы
да жаман істерінде ұтымды қолдануға машықтанады.
Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған оқытушының
белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті - оқытудың ойын формасы (ООФ) деп
аталады.[5,9]
Қазіргі кездегі оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті
оның түрлерін: имитациялық, символдық және оқу-зерттеу деп бөле отырып осы
оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр. Барлық оқыту ойындары
негізінен үш- түрде сипатталалы:
- оқытушы немесе мұғалім студенттер мен оқушылармен араласу кезіндегі
тікелей дидактикалық түрде ықпал ету;
- оқытушы немесе мұғалім ойын әркетінен тысқары байқаушы, бақылаушы
ретінде жанама дидактикалық түрде ықпал ету;
- оқытушы немесе мұғалім ойын әркетіне жүгінуші, арбитр, сарапшы. кеңес
беруші маман ретінде аралас дидактикалық түрде ықпал ету.
Оқытудың ойын формасын (ООФ) қолдануға екі жақты дидактика байқалады:
біріншіден ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай
отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Мектепте пәндері оқытуды жетілдірудің жаңа технологиясын іздестіру
жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олардың
ғылыми еңбектерін зерттеу жұмыстарын саралағанда берік білім берудің, оқу
белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді
пайдалану екендігін байқатады. Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе
бір жаңалық болу керек, — деп жазады Ж.Аймауытов.
Педагогтың балалар ойындарындағы ролі өте маңызды және өзінше ерекше.
Ол көбіне ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі,
балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен бірге ойын
барысында олардың жолдасы да бола алады. Мұғалім балалардың ойын үстінде әр
алуан сезімдер мен эмоциялық күйге бөленетінін (қуану, ренжу, мақтан ету,
риза болу, қызғану, өкіну) және бұл сезімдердің ойындағы ұтысқа немесе
ұтылысқа, көмек көрсетуге не көмек алуға байланысты болатының есте ұстауы
қажет. Әдетте ойын үстінде топ мүшелері арасындағы қарым-қатынастар қалыпқа
келеді: жеке табыстар, кейінгі тұсқа ысырылады, талас-тартыс ұмытылады,
бәрі де ортақ мүдде туралы ойлай бастайды. Дегенмен, ойын барысында қарым-
қатынастың жағымсыз жағы да туындауы мүмкін. Балалардың бәсекелес топты
"дұшпан" ретінде тануы оларды келенсіз әрекеттерге итермелейді. Мысалы,
қарсыластары ұтқан жағдайда ыза, қызғаныш пайда болып, кез-қелген, тіпті
әділетсіз әдістер арқылы өз тобын жеңіске жеткізудің жолдарын іздестіреді.
Мұғалімнің міндеті - ойын барысында балалар арасында адамгершілік
қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару,
балалардың достығын қолдау.
Білімді жүйелі түрде меңгерту мақсатында сабақтың ойын түрінде
өткізілуі оқушылардың жоғары көңіл-күйін туғызып олардың белсенділігін,
дербес ойлауын, қызығушылығын арттырып, білімді қабылдауға барынша қолайлы
ықпалын тигізеді.
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін
қолданылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл әдіс, әсіресе, халықтық
педагогикада, мектепке дейінгі, мектепте және мектептен тыс мекемелерде
кеңінен пайдаланылуда. Қазіргі кезде оқу процесінің тиімділігін арттырып,
оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі төмендегі бағытта
қолданып жүр:
- оқу пәнінің бір тақырыбын немесе бір бөлімін өткенде, ұғымдарды меңгеру
барысында өзіндік технология ретінде;
- барынша көлемді әрбір технологияның элементі ретінде;
- тұтас ойын сабағы немесе сабақтың кіріспе жаңа сабақты түсіндіру, бекіту,
жаттығу, тексеру кезеңдерінде қолданылатын сабақ бөлігі ретінде;
- сыныптан тыс жұмыстар технология ретінде.
Ойындарды пайдаланудың педагогикалық технологиясы ұғымы
педагогикалық процесті әр түрлі педагогикалық ойындар түрінде
ұйымдастырудың көптеген әдістері мен амалдарын қамтиды. Педагогикалық
ойындардың жалпы ойындардан елеулі айырмашылығы - оқытуды алдына белгілі
бір педагогикалық нәтиже көздейтін мақсат қойып және оқутанымдық сипат
алуынла. Ойын арқылы оқыту сабақта оқушыны оку әрекетіне қызықтырып
ынталандырады.
Сабақта ойындарды пайдаланудың мынадай негізгі бағыттары бар:
дидактикалық мақсат оқушылар алдына ойын арқылы оны шешу арқылы қойылады,
оқушыларлың оку әрекеті ойын ережелеріне бағындырылады, яғни оқу материалы
ойын құралы ретінде пайдаланылады, оқу әрекетіне дидактикалық мақсаты
ойынмен алмастыратын, ойын арқылы жүзеге асыратын жарыс, сайыс элементтері
енгізіледі: дидактикалық мақсаттың орындалуы ойын нәтижесінен
көрінеді.[6,50]
Ойын аркылы оқыту технологиясын қолдану үшін оған лайық орта болу
керек, яғни пәндердің оқыту барысында заттармен немесе затсыз үстел
үстінде, бөлмеде, көшеде, табиғатта ойналатын ойындар үшін өзіне ыңғайлы
жағдай туғызған жөн. Ал компьютерлік және техникалық құралдарды пайдаланып
ойналатын ойындардың арнайы орны, құралдары тағы да баска жағдайлары болуы
тиіс.
Оқушылардың білім қорын байыту, дүниетанымын кеңейту, білімге
құштарлығын, сабақты меңгеру ынтасын, сөйлеу тілін дамытудың арттыру
мақсатында ойындар технологиясын пайдаланудың маңызы зор. Оқушылардың білім
беру ісін өмір тәжірибесімен байланыстыру сабақ процесінде оқыту мен
тәрбиелеу жұмыстарын өзара бірлікте жүргізу, оқушыларды өздігінен еңбек
етіп, білім алуға үйрету мәселелері – бүгінгі күнде мектептің алдына
қойылып отырған ең күрделі мәселелер. Осы мәселелердің бәрі де мұғалімнің
ой толғауы еңбек сіңіруі, күш-жігер жұмсауы арқасында ғана орындалады.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқытуды гуманитаризациялау
тенденциясы басым болып отыр. Бұл идеялардың іске асырудың бір жолы жоғарғы
нәтижені және білім сапасын ойлаудың жаңа стилі авторитарлауын ауыстыруды
қоғамдық талаптарға жауап беруді қамтамасыз ететін ағартушылық қызметтің
арнайы формаларын пайдалану болып табылады. Ойлаудың жаңа стилін
моденизациялауда келесі қажеттілік ескерілуі керек: біріншіден, жоғарғы
нәтижеге жету; екіншшіден, гуманизация және гуманитаризация принциптерін
іске асыру. Білім берудің гуманизациялануы білімді адамдандырады, мұндай
педагогикалық процесс кезінде оқулық жекеленуіне, білім беру және тәрбиеде
белгілі бір мағынаға ие болады.
Интерактивті білім беру ұғымының анықтамасын қарастырайық.
Интерактивті білім беру мәселелерін қарастыру бұл құбылыстың маңыздылығын
және ұйымдастырушылық білім беру нысанының адекватты әдістерін сипаттайды.
Interaktiv learning - қарым-қатынасқа негізделген білім. В.В.Гузеев
сабақтар типологиясын оның құрылысын сипаттай отырып, басқалардың арасында
интерактивті режимді ақпарат ағымы екі жақты (диалогты) болғандықтан,
оқулық әрдайым субьектісі-обьектісі бола алады. В.В.Гузеевтің айтуы
бойынша бұл режим әңгімелесу сияқты нысандарға сәйкес келеді.[7.]
Интерактивті дегеніміз - қарым-қатынасқа түсу немесе әңгімелесу
режимінде, біреумен (адаммен) немесе бір нәрсемен (компьютермен) диалогта
болуды білдіреді. Интерактивті оқыту — диалогты оқыту, оның барысында оқушы
мен оқытушы арасында қарым-қатынас жүреді. Бұл өз сәттілігін,
интеллектуалды мүмкіндігін сезінген оқушы білім алуға аса сеніммен кірісуді
мақсат еткен ағартушылық қызметті ұйымдастыруға жасалған талпыныс.
Интерактивті білім берудің маңызы пратикалық түрде ағартушылық процеске
барлық оқушылардың қатысуымен ерекшеленеді оқушылардың біріккен қызметі,
оқу материалының меңгерілуі әрбір оқушы өзінің жеке үлесін қосатындығын,
білімдердің, идеялардың, қызмет тәсілінің алмасуын білдіреді. Сабақтағы
интерактивті қызмет диалогты қарым-қатынасты жетілдіруді көздейді. Сонымен
қатар интерактивті оқыту бір сөйлеушінің, сондай-ақ басқаларға бір ойдың
басым болуын болдырмайды.
М.В.Кларин интерактивті білім беруді оқу ортасымен тікелей байланыс
деп анықтайды.[8.] Сонымен қатар оқулық орта оқушы игерілген тәжірибе
саласын табатын шындықтың рөлін ойнайды. Егер интерактивті білім беруге
тереңірек келетін болсақ, бұл жерде оқушының қосымша материалдың,
иллюстрациялық қосымшалардың сапалығына эмпириялық, өмірлік әсердің пайда
болуын ғана айтуға болмайды. Оқушылардың тәжірибесі білім алудың орталық
қайнар көзі болады. Дәстүрлі білім беруде мұғалім өзі арқылы барлық оқулық
ақпаратты өткізуші фильтр қызметін атқарса, ал интерактивті білім алу
жүйесінде ол ақпаратты қайнар көздің көмекшісі рөлін атқарады. Сонымен
қатар интерактивті білім алуда мұғаліммен де қарым-қатынас өзгереді: оның
белсенділігі оқушының белсенділігіне ауысады, оның міндеті олардың
бастамасына жағдай жасау. Мұндай білім беруде оқушылар тек қана оқытылушы
ғана емес, толық құқылы қатысушы болады, олардың тәжірибесі дайын білім
бермейтін, тек өзіндік ізденіске итермелейтін жетекшінің тәжірибесінен кем
емес.
Зерттеушімен анықталған білім алудың бұл әдісінің бас критерийлерін
сараптайық. Бұл үшін біріншіден, мұндай оқыту әдісін ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлін анықтап алайық. Интерактивті білім беруде ол оқушы мен
игерілетін тәжірибе саласы арасындағы ұйымдастырушы қызметін атқарады.
Бірақ та авторитарлық өзінің бұрыңғы позицияларын жоғалта бастайды,
мұғалімнің көз-қарасы даулы сұрақтар кезінде оқушының көз-қарсынан басым
болмайды. Бұл арқылы, мұғалім рөлінің ауысуын интерактивті білім берудің
басты ерекшелігі деп алуымызға болады. Интерактивті білім берудің тағы бір
сипаты - оқушының өз тәжірибесі ағартушылық көзқарас болатын
Оқулық қоршаған орта мен қарым-қатынасы. Әр оқушы өзінің алған біліміне
(тәжірибесіне), сабақтың ұйымдастырушық формаларын есепке ала өзінің
қабілеттілік күштеріне сүйене өз патенциалын максималды түрде іске асырады.
М.В.Кларин сабақты ұйымдастырудың арнайы формаларына сілтеме
жасамайтындығын атап өткен жөн.
Алынған мәліметтер негізінде, интерактивті білім беру ұғымы туралы
жасалған зерттеу жұмыстарын синтездей отырып, оқу сол кезде интерактивті
болады егер оқушы қарым-қатынаста болса: біріншіден, оқу ортасымен,
екіншіден, ағартушылық процестің қатысушыларымен, сонымен қатар мұғалімнің
негізгі қызметі осы қарым-қатынастың ұйымдастыруында. Яғни, интерактивті
білім беруді ұйымдастыру тек диалогты немесе топтық жұмыс формаларын
пайдалануда ғана емес, сонымен қатар жеке, өйткені бұл кезде қарым-
қатынастар компоненттерінің бірі сақталып қалады - бұл коммуникативтік
компонентте басым болатын оқу ақпаратымен (таусылмайтын қайнар көз болатын
потенциал) қарым-қатынас.
Біздің зерттеуіміздің мақсатын интерактивті технология ұғымын
қарастыру деп алып жэне интерактивті білім берудің маңызын түсініп,
психология-педагогикалық әдебиеттегі технология ұғымына бірнеше
тәсілдерді сараптайық.
Басында, бұл ұғымның жалпы талқылауына көңіл бөлейік. Технология деген
сөз гректің techne - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң деген
сөздерінен шыққан. Сөзбе-сөз аударма бойынша: технология - шеберлік туралы
ғылым. Өндірістік процесті ұйымдастыру кезінде бұл ұғымды пайдалану
түсінікті деп есептелінеді. Технология келесі құбылыстармен сипатталатын
жұмысты ұйымдастыру деп есептеледі: а) процестің операцияларға (сатыларға)
бөлінуі; б) жұмыс тәртібі - нэтижелі мақсатқа жетудегі мерзімдер мен нақты
меже; в) операцияны орындаудың бір мәнділігі.
Бұл құбылыстар технологияны қызмет алгоритмизациясы процесі ретінде
қарастыруға көмектеседі, бұл ұқсас міндеттерді шешуде оны бірнеше рет
пайдалануға көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикада кеңінен пайдаланылатын ұғымдардың бірі
технология. Бұл терминнің пайда болуы саралаудың ақпараттық
технологияларын дамуына, ақпаратты сақтауға және оларды білім беру
саласында кеңінен пайдалануына жәрдем жасады. Педагогикада ол әр түрлі
қиылысуларда пайдаланылады: педагогикалық технология, білім беру
технологиясы, тәрбиелеу технологиясы, оқыту технологиясы және т.б. Осыған
байланысты технология сөзі педагогикалық ғылымда бар арсеналмен,
әдістермен зерттелуге тиісті. Мұндай зерттеулердің әрекеті іске асырылды,
осы кезде оқыту технологиясын әдіскерлік және педагогикалық жүйелермен
теңдестіруге болмайтындығына көзіміз жетті. Сонымен қатар технология
терминін тәрбие және дамыту саласында және оның оқытуда пайдалану құқығы
жоқтығы жайында қорытынды жасалды.
II тарау. Интерактив ойындар арқылы тіл дамыту әдістемесі
Интерактивті сөзді интеракция сөзінен, яғни қарым – қатынас
(мұғалімнің оқытушыларымен, балалардың бір - бірімен) сөзінен шыққан. Бірақ
атауда берілген тақырыпқа келу үшін келесі жағдайларды қарастырайық.
1) еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2) ақыл-ойын дамытады;
3) шығармашылық белсенділігін артады;
4) тіл байлығы жетілдіріледі;
5) жан-жақты ізденеді;
6) өз ойын жеткізеді;
7) ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
Ойын технология идеясы екінші тілде шығармашылық ойнауды қамтамасыз
ету. Педагогтардың бір проблемасы бөлек – бөлек оқылған сөздерді әр түрлі
ойындарға қосуға, жаңа сөздерді сюжеттерге интеграциялауға болатындығында.
Әдетте оқытудаға барлық тақырыптар бөлінген және көрнекі құраладар бір
сабақтан екінші сабаққа өте алмайды. Бағдарлама үш днңгейден тұратын оқыту
мен үйретудің тәсілінен
1) қызығушылықты ояту;
2) мағынаны тану;
3) ой толғаныс кезеңдерінен тұрады;
Ойындық фондар тәрбиелік – білім беру процессіндегі қандай да бір
формасында қайталанатын көпшілік тақырыптарды жабады: Космос, планеталар
, Порт, Вокзал, теміржол, Аэродом, Аурухана, дәрігерлер, Теңіз,
Қала, көшелер, алаң, дүкендер, Үй, бөлме, Балалар алаңы, аула,
Зообақ, Цирк, Стадион, Ландшафт (тауларға, шөлдерге, джунглияларға,
солтүстік немесе оңтүстік полистегі жағдайға, таныс емес планеталар,
динозаврларға дейінгі тарихқа дейінгі пейзаж), Мектеп, шеберхана, Қыс,
Көктем, Ауыл, ферма, Жаз, орман, көл, Күз, өзен, көпір.
Ойындық жолдар белгілі тәртіпке қосылғаннан кейін бірге толық әлемге
айналады – балалардың көлден бастап космостық масштабтарға дейін құрылған
жаранына айналынады.
Ойын атрибуттары ретінде табиғат құбылыстары, азық өнімдері, жиһаз,
жануарлар және т.б. болуы мүмкін.
Ойын үшін дайындаулар арнайы дайын схемалар бойынша әзірленеді, әр кез
сайын оқылатын тақырыпқа байланысты. Келесі дайындаулар ұсынылады: шаршы,
кішкентайлар үшін лото; ересектер үшін лото, бинго (лото типті ойын,
нақтырак төменде жазылған); домино, маршруттық ойын, кішкентайлар үшін
лабиринт; ересектер үшін лабиринт, телевизор. Бояулар оларды осы үстелді-
баспа ойындарда пайдалануға болатындай етіп есептелген. Осыған байланысты
бояулар бойынша барлық тапсырмалар - вербальді және коммуникативті
міндеттер қосылған үлкен ойынның басы болады.
Жалпы интерактивті коммуникация ойыншылар өздерінің персонаждарын
таңдау, оларды ойын үшін құрамдау, ойды қарастыру, кейіпкерлерді
кеңістікте араластыру, жағдайды және сюжеттік, рольдік карым-катынастың
шарттарын карастыру арқылы іске асады. Осылайша жанұялар үйде немесе
орманда қоныс тебе алады, азық-түлік сатып алуға қалаға, ауылға немесе
басқа планетаға да бара алады, достарын аэропортта, айлақта, вокзалда
қарсы ала алады, балалар алаңына немесе стадионға бара алады.
Ойын шаршысының әр қырында әр түрлі суреттер де болуы да мүмкін.
Осындай шаршымен ойнаудың келесі варианттарын айта кетейік:
1. Сөздерді жаттаймыз (қырлардағы суреттер жаңа сөздерге
сәйкескеледі, шаршыны лақтырған кезде шаршы кай қырынан түссе, балалар
сол тақырып бойынша сөздерді атайды).
2. Сөйлемдерді құруға үйренеміз (екі шаршыны аламыз, біреуінде бір
тақырыпқа байланысты айтылатын сөздердің суретті, ал екіншісінде
екінші тақырыпқа байланысты айтылатын сөздердің суреті суреттер,екі
шаршыны лақтырып, екі шаршының жоғарғы қырларындағы суреттер бойынша
екеуін біріктіретін бір оқиға құрастырамыз).
3. Оқиғалар құрып үйренеміз (бірнеше шаршыларды алып,
шаршылардың үстінгі қырларында түскен суреттерді біріктіретін бір
оқиға кұрастырамыз).
Лото ойыны (екі вариант, екі масштаб) мұғалімнің қалауы бойынша
қолданылуы мүмкін. Мысалы:
- біз түстерді үйреткен кезде - бір суреттер әр түрлі түсте болады;
- біз санауға үйреткен кезде - бір суреттер бірақ әр мөлшерде болады;
- Жанұя тақырыбына келгенде - бір үлкен картаға әр түрлі жанұының барлық
мүшелері немесе тек қана мамалар немесе папалар жапсырылады;
- етістікті үйренген кезде, біз қосымша элементтерді пайдаланамыз: персонаж
тұр - персонаж жатыр (сол сурет көлденеңінен + керует) - персонаж отыр (сол
сурет + орынды) -персонаж секіреді (сол сурет + секіргіш) - персонаж ұшады
(сол сурет тордың жоғарғы бөлігінде көлденеңінен бетімен төмен немесе
персонаж + ұшақ) - персонаж жүзеде (сол суреттің жоғарғы бөлігі және су
бетінде айырылатын шеңберлер немесе персонаж + қайық);
- мекен үстеумен танысқан кезде, заттарды жиһазға, персонажға қатысты
белгілі жағдайда орналастырамыз;
Лото ойнында бірнеше суреттер бірге жинақталған кесілмеген суреттер
бір сюжетке біріктіруге болатын суреттер және кесілген суреттердің санына
сәйкес келетін бөлек суреттер болуы керек.
Домино да таңдалған такырыпқа сәйкес келеді: грамматикалық немесе
лексикалық. Ұксас суреттер ұқсас нөмірлі карточкаларға жапсырылатынына
көңіл бөлген жөн. Тұтас жолақтар бойынша кесіледі, ал үздік сызықтар бір
карточкадағы екі суреттің шекарасы.
Маршруттық ойынның келесі ережелері бар: егер сіз шаршыны лақтырып,
шеңберге тигізсеңіз, саты басталған жерден жоғарыға барыңыз, ал
төмен түсетін тауға тигізсеңіз - қайта оралыңыз, шаршыға тигізсеңіз — бір
қадам жасауыңызға болады, ақ дөңгелекке - бір қадамды өткізесіз. Маршруттық
ойын әр кезде әр жағдайда болғанын қалаймыз: өзен бойындағы, ұшақта ұшу,
жолда жүру, орман арқылы өту және т.б. Әр түрлі персонаждың фигуралары
фишка ретінде пайдалануы мүмкін, алаң тиісті түрде боялуы мүмкін,
кедергілер мен сәттіліктер жүріп жатқанның контексінде алдын-ала ойланған.
Шытырмандарға оқылатын тақырыпқа байланысты мазмұн беріледі: біресе
сиыр шөп жейді, біресе қарақшы қойма алтынды іздейді, біресе анасы барлық
өз балаларын жинап, әкесіне дейін жету керек. Алаң тиісті түрде боялып, ал
фигуркалар сол бойынша қозғалады.
Телевизор ойыны арқылы сіз оқылған сюжетті қарап, соның көмегімен
ертегілер, ауа райы туралы ақпарат айта аласыз.
Сюжеттік идеялардың мысалы, Адамдар, қояндар, аюлар үшін үй салайық.
Әр түрлі үйлер жасап, кейіпкерлерді бір-біріне қонаққа апарамыз. Кірпі мен
тиындар жанұялары стадионда сайысуда. Машинаға отырып, барлық аймақты
аралаймыз. Кім қыста, жазда, көктемде, күзде не істейді. Жануарлар бағында
қандай аңдар бар екендігін қараймыз. Ал, олар қашып, орманда тығылып қалса,
немесе аттаркциондар түбегіне кетсе не болады? Ұйықтап жатқан сұлу,
етіктегі мысық, Қызыл телпек, бауырсақ, Маша және аю, қасқыр және түлкі
жайында ертегі айтып береміз. Біз кемеде жүзіп барамыз, бізді қарақшылар
жаулап алады, біз роботты жіберіп, ал ол біздің бұйрықтарды орындап,
олармен су астында шайқасады. Орманда кішкентай үйде мыстан кемпір тұрады,
ол қаладағы барлық балаларды ұрлап әкеткісі келеді. Балалар оны тік ұшаққа
отырғызып, космосқа жібереді. Балабақшаға қатты дауыл төнді, барлық
ойыншықтар шашылып, мүмкін емес орындарда жатыр, олардың барлығын жинап
алу керек . Балалар мұғалім піл болған мектепке барады. Жираф ауырып қалды,
ол ауруханаға келеді, аю дәрігер екен. Мейірімді елес қала үстінен ұшып,
ешкіммен жағымсыз жағдайдың болып қалмауын қарайды. Қарақшы бақташы болды,
ол ауылда орналасты,
оның ағаштарында сүт және нанның пакеттері өсе бастады. Сиқыршы шөл далада
тұрады, және кез келген уақытта жердің астынан қалаған нәрсесін ала алады.
Қаңқа өзінің баяғыда рыцарь болып, айдаһарды (айдаһардың үш басының
әркайысысының өз мінезі бар, әрқайысысы әр түрлі сөйлесу керек)
жеңгендігін, сосын ханшайымға үйленіп, король болғандығын айтады. Жануарлар
шыршаны безендіріп, мерекеге аққаланы шақырды, ал ол бәріне сыйлыққа бір-
бір түрлі-түсті балмұздақ әкелді, сосын барлығы далаға шығып, таудан
шанамен сырғанады. Поезд солтүстік полистен шөлге қар, ал шөлден қайтқанда
күннің көзін апаруда.
Ойынның аяғында айтарым, интерактивті тәсілдің артықшылығы күні бойы
оған әдейі уақыт бөлмей екінші тіл бойынша сабақтарды шығармашылық түрде
түсіндіріп беру мүмкіндігінде. Бұл артықшылық сонымен катар карым-катынасқа
әр түрлі тілде сөйлейтін ересектер мен балаларды катыстыруында. Жаңаны
оқыту көрнекілік құралдарының шығармашылық сипатына және оның әр балаға
деген жеке маңыздылығына негізделген.
Жеке-бағдарлау оқытулары - осы процесс кезінде оқытылушылардың
мүмкіндіктері мен бейімділіктерінің, дүниежүзілік есеп жүргізілуі және
олардың жеке ерекшеліктерінің дамуына жағдай жасалатын оқытуды ұйымдастыру
тәсілі.
Атақты жеке-бағдарлау технологияларына — А.К.Ривиннің ұжымдық қарым-
қатынас технологиялары немесе интерактивті оқыту әдісі жатады.[9.]
Интерактив сөзі бізге ағылшын interact сөзінен келді, inter -
біріккен, akt - әрекет жасау дегенді білдіреді. Интерактивті дегеніміз
қарым-қатынас жасау тәсілі немесе әңгімелесу режимінде болу.
2.1. Дидактикалық ойындардың сипаттамалық негізі
Интерактивті білім беру дегеніміз - ағартушылық қызметті
ұйымдастырудың арнайы формасы. Ол нақты және болжамды мақсаттарды көздейді.
Сондай бір мақсаттардың бірі, білім алудың комфорттық жағдайларын жасау.
Яғни бүл жағдайларда білім алу процессін өнімді ететін, оқушы өз
сәттілігін, интеллектуалды өзіндігін сезініп, ұйымдастыру болып табылады.
Интерактивті білім берудің маңыздылығы барлық қатысушылар ағартушылық
процеске қатысуымен сипатталады, олардың білгені және ойлағаны бойынша
түсіну және рефлекциялау мүмкіндігі бар. Оқушылардың артушылық процесінде
бірігіп қызмет атқаруы әр оқушы өз жеке ерекше үлес қосатындығын, білім,
идеялар, қызмет тәсілдері алмасуы жүретіндігімен ерекшеленеді. Сонымен
қатар бұн ың барлығы ақпейілдік қатынас және өзара жәрдемдесу
атмосферасында өтіп, жаңа білім алуды ғана емес сол ағартушылық қызметті
дамытуға, оны кооперацияның және бірігіп жұмыс істеудің әлдеқайда жоғарғы
формаларына шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар интерактивті оқыту
бір сөйлеушінің, сондай-ақ басқаларға бір ойдың басым болуын болдырмайды.
Интерактивті әдіс кезінде оқушылар сыни ойлауға, жағдайларды сараптау
негізінде және ақпаратқа сәйкес қиын мәселелерді шешуге, альтернативті
ойларды салыстыруға, ойланған шешімдерді қабылдауға, дискуссияларға
қатысуға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді.
Әлемдік дидактика қазіргі кезде интерактивті форма бойынша тәсілдер
мен жаттығулардың бірнеше санын ойлап тапты. Сондай тәсілдердің бірі ТБС
(топ, бәсеке, сайыс) (Команда Конкуренция Конкурс) жоспары. Бұл оқудың
бірігіп жұмыс істеу, таласу және ағартушылық ойын әдістерінің комбинациясы.
- басында оқушылар үйге берілген мәтінді қайталайды;
- сосын оқу бірлестік топтарына (командаларына) бірігеді;
- топтар оқу мүмкіндіктері бойынша тең (әр топта жақсы және нашар
білімділер бар) болуы керек;
- әр топ (команда) өзінің әр мүшесіне фактілерді есіңе түсіру және
меңгеруге көмектесу үшін мәтінді қарастырады;
- сосын тақырып бойынша викторина басталады;
- әр командадан бір мүше шығады (барлық үздіктер бір-бірімен, барлық орта
үлгерушілер бір-бірімен, барлық нашар үлгерушілер бір-бірімен сайысады);
- жеңген топ сыйлық алады, ал топтың әр мүшесі журналда баға қойылады;
Интерактивті тәсілдерді қолданған барлық сабақтар біздің мектептерде
өткізілетін дәстүрлі сабақтардан келесілер бойынша артықшыланады:
- Барлық балаларды қызықтыру және активизациялау;
- мәселелерді шешуде ұялшақ оқушыларға қатысуға мүмкіндік беру:
- ұжым алдындағы жауаптылық және өз бетімен жұмыс істеу касиеттерін
тәрбиелеу.
Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
• Ойындық іс - әрекетінің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік
талапталғамдарының сүйенеді;
• Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсаттарды
көздейді;
• Пәндік, сюжеттік, рольдік, іскерлік, драмалық, еліктеушілік әдістерді
пайдалынлады;
• Мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғылымдарының
пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне
қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
Қазақ тілі сабағында дара тұлға қалыптастыруда оқушының өз ойын, пікірін
ана тілінде еркін, дұрыс, жатық, түсінікті етіп жеткізіп қана қоймай, қазақ
тілін тек теориялық тұрғыдан ғана үйренбе, білімін практикалық өмірде
кеңінен қолданылуы маңызды рөл атқарады. Бұл үшін оқушы бойында,
біріншіден, айтар ойын жасқынбай жеткізе білуі, екіншіден, сөйлемдерді
дұрыс құрастыра алуы, үшіншіден, сөйлеу мәдениетінің нормаларын сақтап
сөйлеу дағдылары мен білім, біліктері болуы керек. Демек, мұның барлығы
қазақ тілін сапалы, тиімді әдіс-тәсілдермен оқытқанда ғана жүзеге асады.
Педагогикалық құралдар мен оқыту технологиялары қолданылса да, ло ұлттық
санаға, оқушылардың қабылдау түйсігіне сәкес келуі – басты шарт. Сондай-ақ,
іріктеліп алынған оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдері бала білімінің
деңгейін, біліктілік сапасын көтеретіндей, ұлттық санаға, салт-дәстүрге,
тәрбиеге сай болуы тиіс.
Жалпы ойын әрекеті күрделі құбылысқа жатады. Ойын сөзі мағынасының
түп-төркіні қуанышқа, әзілге сәйкес келеді. Ойынның шығу тарихына үңілсек,
алдымен көз алдымызға шахмат, карта ойындары келеді. Көне Үнді елінде
дүниеге келген, кейінірек бүкіл әлемді жаулап алған шахмат ойыны о баста
соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын үйрету құралы болған. XYII
ғасырдан соң ғана бұл ойын бүкіл халықтық сипат алып, азаматтық логикалық
ойлауын дамытатын ойын түріне айналды.

К.Гросс, Г.Спенсер, И.Хейзинга, И.Кант, Г.Гегель, В.Вундт, К.Бюлер,
В.Фриге, Г.М.Мейес, В.М.Демин, М.А.Каган, К.Исупов т.б. ғалымдар ойын
теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын
айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.
XYII-XX ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар,
пайымдаулар орнықты. К.Гросс адамдар мен жануарлардың ойындарын олардың
бойында ген арқылы қаланған инстинктің әсері деп түсіндіре келе, олар
келешек өмірге қажетті дағдыларды ойын негізінде меңгереді деп
пайымдайды.[10.]
Г.Спенсер ойын балалардың ағзасындағы басы артық энергияның әсерінен,
күшінің тасуынан пайда болады деп түсіндіреді.[11.]
И.Хейзинга ойынды бүкіл мәдениетке, өнерге теңеп, оған поэзияны, би
өнерін, салт-дәстүрдің барлығын енгізеді.[12.]
Неміс философы И.Кант ойынды қоғамға тән құбылыс ретінде танып,
Г.Спенсердің көзқарасын ұстанады.[13.]
Г.М.Мейес ойынның когнитивтік және эмоционалдық аспектілерінен басқа
оның әлеуметтік аспектісін айқындаған. Балалардың ойынына жолдастары, ата-
аналары, мұғалімдер мен ойыншықтары әсер ететіндігін дәлелдеген. Үш
аспектісінің ішінде әлеуметтік (қоршаған орта) аспектісі басым деп
тұжырымдаған. [14.]
Ғалымдардың еңбектерін саралай келе , ойын әрекетінің жүзеге асуына
мына жағдайлар әсер етеді деп пайымдауға болады:
1. Ойын әрекетін жүзеге асыру үшін балада аратық энергиялық күш болуы
қажет. Балалар осы энергиялық күш негізінде ойнап, қанағаттанады.
2. Ойын – адамдар генінде қаланған инстинкті жеткізуші. Балалар ойнау
арқылы өмір тәжірибесінен танысады, ересектердің қимылын қайталайды, сол
арқылы өмірге қажет қимылды, іс-әрекетті және ойлау дағдыларын меңгереді.
3. Ойын – балалардың қиялынан туындайды, ойын – бала шығармашылығы. Баланың
қиялы ойын арқылы шарықтайды, олар ойнау процесінде басқа әлемге енеді.
4. Ойын – қоршаған ортаға, қоғамға қарай түрленеді. Бұл қазіргі заман мен
ертеректегі ойындардың әр түрлі болғандығынан көрінеді. Қазақ халқының
ертеректегі ойындары оның көшпелі салт-дәстүріне байланысты шыққан.
Мысалы, жамбы ату, көкпар, асық ойыны т.б.
5. Ойындар – белгілі бір білімді, іс-әрекетті үйрету құралы. Мәселен,
шахмат ойыны арқылы бұрынырақта соғыс өнерінің тактикасы мен стратегиясы
үйретілген. Кейінгі кезде кең тарап, спорттық ойын түріне жатқызылды.
Мұндай мысалға қазақ халқының аударыспақ, жамбы ату т.б. ойындарын
жатқызуға болады.
Сыныпта қазақ тілін оқытуда интерактив ойындарды қолдану
әдістемесінің негіздерін психология, педагогика, лингвистика ғылымдарымен
қатар философия ғылымы құрайтындықтан, ойынның әлеуметтікқарына назар
аударған жөн. Бұл сабақ үрдісінде оқушыларды әлеуметтендіруге, қоршаған
ортамен қарым-қатынас жасау түрткілері мен заңдылықтарын түсінуге
жәрдемдеседі. Десек те, ойын әрекетінің пайда болуымен оның жүзеге асу
жолдары, принциптері туралы мәселе өз алдына зерттеуді қажет етеді.
Біз жазып отырған жұмыста ойынның философиялық негіздерін түсіну
арқылы 5-6 сыныпта қазақ тілі сабақтарында қолданылатын интерактив
ойындардың әлеуметтік жағын айқындау, ойындарды қолданудың тиімді әдістерін
жасау және оның оқушыларға әсерін зерттеу – мақсаты болып табылады.
Ы.Алтынсариннің жаңа үлгілі мектептері – қазақ даласындағы жаңа
үлгідегі білім ордаларының алғашқы қарлығашы. Ы.Алтынсарин: Мектеп –
қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ
халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде - деп, мектептегі оқыту
үрдісін ғылыми негізде ұйымдастыруына баса көңіл аударады.[15,280-281]
Ы.Алтынсарин еңбектерінде дидактикалық ойындар туралы ғылыми-
әдістемелік мағлұмат берілмегенімен, оның оқуға оқушылардың қызықтыруда
түрлі жаңлытпаштарды, жұмбақтарды кеңінен қолданылғаны байқалады.[15.]
А.Байтұрсыновтың пікірінше, Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен
алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны,
өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолынқысқарту үшін, балаға
жұмысты әліне шағындап беруі мен бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру, -
деп тұжырымдайды.[16,336]
Ғалым оқулықтан құрастырған кезде де теорияның практикамен байланысы
ұстанымын басшылыққа алған. А.Байтұрсынов оқушылардың меңгерген білімін
тәжірибеде орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін тілдік материалдарды
үш кезеңде ұғындыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне назар аударған:
Бірінші кезеңде тіл білімінің сыртқы болмысын таныту жұмыстары
жүргізіледі. Мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді орынды пайдалана отырып, тіл
заңдылықтары мен ережелерінің болмысын меңгертеді.
Екінші кезеңде оқушылардың тәжірибеде өз білімін қолдана алу
дағдылары мен біліктерін, білімдерін бекіту үшін Сынау және
Дағдыландыру жұмыстары жүргізіледі. Сөздердің мағыналары қандай, олар
сөйлемде қалай орналасады, бір-бірімен қалай тіркеседі, сөйтіп тіл
білімінің заңдылықтары тәжірибе жүзінде танылады.
Үшінші кезеңде оқушыларды шығармашылық ойлауға дағдыландыру үшін
дидактикалық ойындар қолданылады. Бұл ойындарды қолданудағы басты мақсаты
оқушының жаңа білім жөнінде түсінігін қалыптастыруға, білімін жетілдіруге,
баланың тіл ережелерін өздігінен ізденіп қолдануға үйретуге болады.
Дидактикалық ойындарда оқушылардың жас ерекшелігіне қарай шығармашылық
қабілетін дамытатын тапсырмалар беріледі.[16.]
А.Байтұрсыновтың тілдік материалдарды меңгеру кезеңіндегі оқушылардың
ойлау қабілеттерін эмпирикалық ойлау (I кезең), теориялық ойлау (II кезең),
шығармашылық ойлау (III кезең) деп қарастыруы – балаларға білімді игертудің
ұтымды жолы. Ғалымның әдістемелік жаңалығы бүгінгі күнге дейін өз маңызын
жойған жоқ.
Ойындар жөнінде XX ғасырдың бас кезінде қазақ зиялы қауымы құнды
пікірлер айтқан. Мәселен, М.Жұмабаев: Баланың қиялы, әсіресе, ойында
жарыққа шығады, ойын – балаға бір жұмыс[17,94] - десе, С.Торайғыров:
Балалықтың қанына ойын азық, - деп мұғалімдердің назарын дидактикалық
ойыдаруға тырысқан.
XX ғасырдың сексенінші жылдарға дейін мақалалар ғана болса,
дидактикалық ойындарға арналып жазылған әдістемелік еңбектер аз болды.
Баспасөз беттерінде дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде пайдалану
жөнінде бірқатар мақалалар жарық көрді. Бұл мақалаларда ойынның түрлері,
қолдану жолдары жайлы озық тәжірибелі мұғалімдердің практикалық маңызға ие
іс-тәжірибелері берілген. Ғалымдар сабақ үрдісі кезінде ойынды қолдану
шарттарына мыналарды жатқызады.[18,19,20,21,22,23,24,25, 26,27,28,29,30]
Ойындар сабақты қызықты өтуге, жаңа материалды оңай игертуге септігін
тигізеді. Сабақта дұрыс ұйымдастырылып, тиімді қолданылған ойындар
оқушылардың тіл заңдылықтарын сапалы меңгеруіне ғана емес, сондай-ақ тілдік
қатынасқа түсу біліктеріне, олардың сөздік қорларының молаюына әсер етеді.
Бұл туралы Н.Оралбаева мен К.Жақсылықова: Оқу орыс тілінде жүретін
мектепте қазақ тілі сабағында бірыңғай жаттығу жұмыстары оқушыларды
жалықтырады. Сондықтан сабақта сергіту жаттығуларымен қатар тақырыпты
меңгерту, өткенді пысықтау мақсатында грамматикалық ойын түрлерін кең
қолдану керек. Оқушы тілінің даму дәрежесі де осы ойын арқылы көрінеді, -
деп ойындар арқылы оқушылардың пікірлесім, сөйлесім дағдыларын жетілдіруге
болатынын атап көрсетеді.[31,195]
• Ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
• Оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
• Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
• Оқу әрекетіне ойын жұмыс элементтері ретінде кіреді;
• Ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;
А.Бақреденова мен Б.Баймұратова бала-бақшада қолданылатын
дидактикалық ойындардың ерекшеліктерін, белгілерін атай келе,олардың тілді
үйретудегі мақсаты мен тиімділігін ашып көрсетеді. Олар: Дидактикалық ойын
тіл міндеттерінің барлық түрлерін бірдей шеше алады, - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz