Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Қазақстандағы 1990 – шы жж кейінгі діни ахуал –
жағдай ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Өтпелі кезеңдегі Қазақстандағы ислам дінінің
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 “Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың” құрылуы,
қызметі ... ... ... ... 14
ІІ бөлім. Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері
мен
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .17
2.1 Қазақстан мемлекетіндегі 1991-2008жж. аралығында таралған исламдық
ағымдар
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..17
2.2 Егеменді Қазақстандағы ислам ресенансы: мәселелер, қайшылықтар,
мақсатар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.3 Экстремистік ислами ағымдармен күрес шаралалары: заңнамалық, қоғамдық
– идеологиялық, мемлекттік –
әкімшілік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .40
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...53
Қосымшалар.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Дипломдық жұмыс қазіргі күн тәртібінде тұрған
Қазақстан мемлекетінде орын алып отырған көп дінділікке тікелей қатысы бар,
исламдық ұйымдармен ағымдар (1991-2008жж). Дипломдық жұмысты орындау барысы
Исламның Қазақстанда таралуы тарихына сараптама жасай отырып, ислам дініне
байланысты халқымыздың тарихында – елдің берекесін, өркенинетін дамытқан
тұстары да, ең өкініштісі исламдық ағымдарға бөліну – тарих шеңберінде ащы
сабақтары да барлығы және қазіргі кезеңде ел бірлігіне өткен тарихи
кезеңдегіден де сұрапыл қауіп төндіріліп тұрғанына көз жеткізілді.
Сондықтан дипломдық жұмыста, Исламның Қазақстандағы өтпелі
кезеңдегі хал- жағдайы, кеңестік кезеңдегі исламның жай-күйі мәселелері,
жаңа діни ағымдардың таралу феномені қарастырылып, басты назарға ел
бірлігіне қауіп төндіріп тұрған мәселелерді мүмкін болатын шешу амалдарын
анықтау мақсаты да қарастырылды.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Дін ислам туралы зерттеулердің
көпшілігі соңғы 90-шы жылдарға дейінгі уақытта шетел зерттеушілерінің
еңбектерінде ғылыми тұрғыдан қарастырылып келді, ал кеңестік дәуірдегі
зерттеулердің көпшілігі ислам діні феноменін ғылыми обектъевизмнен гөрі
атеистік тұрғыдан қарастырып нақты ғылыми зерделеу нәтижелері болмай шықты.
Өткен ғасырдың соңына қарай бұл саладағы жағдай күрт өзгерді. Дінді
өткеннің қалдығы деп қараған уақыт өтісімен,еліміз ашық демократиялық ел
деп жариялануына байланысты және Қазақстанда түрлі дін ағымдары тарала
бастаған кезеңде мұндай зерттеулер мен еңбектерге сұраныс өсті. Дін-ислам
турасындағы іргелі еңбектер қатарына діни бағыттағы Халифа Алтайдың,
Әбсттар-қажы Дербісалының дінтаным Құран тапсирлерімен қатар Әзімбай
Ғалидың, Мұртаза Бұлытайды, мемлекеттік департаменттердің интернет
жүйесінде жарияланған материалдары пайдаланылды.Қазіргі дәуірде бұрынғы
мемлекет пен дін бөлек деген қағида сөзсіз ескірді. Мәселе мемлекетпен дін
қандай өзара үйлесу механизмдерін жасай алады деген проблемаға келіп
тірелуде.
Халқымыздың әл-ауқатын көтеру, тұрмысын шалқыту экстремизмге жол
бермеудің материалдық негізі.
Бүгінгі таңда Ислам және өркениет газетінің таралымы 13 мыңға
жетті. Діни басқарма жанынан Иман журналы шығарылуда. Діни басқарма Ислам
дінін насихаттауды көздеп 2001-2002 жж. ғана 150 ден астам діни
материалдарды баспа сөз бетінде жариялады. Казахстанская правда газеті
екі ай сайын түгелдей бір бетін ислам діні мен мәдениетіне арнап отыр.
Қазақстанда өткен діни форумдардың материалдары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты материалдар, соңғы кезеңде
Ақмола облысының және Көкшетау, Бұқпа газеттерінде жарияланып жатқанын
айтуға болады.
Зерттеудің методологиялық негізі. Дипломдық жұмыстың негізі тарихилық,
жүйелілік, обьективтілік, салыстырмалық принциптерге негізделген.
Зерттеушілік жұмысты жазу барысында жүйелі және салыстырмалы талдау
жасау, қарастырылатын құбылыстарға объективті баға беру, қайшылықты
деректерді ақиқатты тұрғыдан қарастыру негізге алынды. Сонымен қатар
жұмыстың методологиялық негізін жалпы және арнайы ғылыми зерттеу
принциптері құрады. Олардың ішінде тарихилық принципінің орны ерекше. Бұл
әдіс арқылы әрбір дерек көзі тұтас және тереңірек зерттеледі. Аталған
принциптің тағы бір маңыздылығы тарихи деректерді бұрмаламай және
жаңашаламай қазіргі заман талабына сай талдауға мүмкіндік береді.
Объективтілік, жан-жақтылық және оқиғалар мен құбылыстарды зерттеу
жұмысымның методологиясының негізін қалаған басты принциптер болып
табылады. Салыстырмалы-тарихи әдісті қолдану арқылы әр дәуірде дінтану
ғылымының даму ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік болды.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Қазақстан жеріндегі исламның
пайда болуына дейінгі және 1991-2008жж дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Ғылыми жұмыстың деректік негізі. Ғылыми жұмыстың дерек көзі түрлі
уақыттарда жарияланған мерзімдік баспасөз материалдары, монографиялар
жинақтары, статистикалық деректер.
Ғылыми жұмыстың зерттелу денгейі. Ғылыми жұмыс өз зерттелу нәтижесінде
мына жаңа көзқарастарды қорытындылайды:біріншіден, Қазақстанда ислам діні
қандай деңгейде болағанын ;екіншіден, неліктен және қалай жаңа діни ұйымдар
мен ағымдар өріс алды және дін істерін бақылайтын мемлекетік және
мемлекттік емес діни институттарының құрылуы және олардың атқарылатын
қызметінің рөлін және маңыздылығын көрсетеді.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы. Жұмыстың негізгі жаңалығы аталынған тақырып
аясында біртұтас ел көлемінде таралған діни ағымдар мен ұйымдарды ғылыми
тұрғыдан саралауға әрекеттену боп табылады. Күрделі кезеңнің тарихи
оқиғаларын зерттеу барысында әртүрлі деректердің ғылыми айналымға енуі
тақырыпты ашудың ерекшелігі болып табылады. Осының нәтижесінде тың
қортындылар мен тұжырымдар жасалынды.
Жұмыстың практикалық маңызы. Жұмыс нәтижелері мектепте басқа да оқу –
тәрбие орындарында танымдық тәрбиелік материал ретінде сондай –ақ дінтану
сабақтарында қосымша дерек жинағы ретінде қолдануға болады.
Диплом жұмысының мақұлдануы. Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының
Ғылым және Білім министрлігі Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университетінің Тарих факультетіндегі Жалпы тарих және ПОӘ кафедрасында
2009 жылдың қаңтар айында талқыланды. № _6___ хаттама.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен және
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен құралған.
Дипломдық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі,
тақырыптың зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, теориялық және
методологиялық негізі, хронологиялық шекаралары, жұмыстың ғылыми жаңалығы
мен жұмыстың құрылымы берілді.
І бөлім. Қазақстандағы 1990 – шы жж кейінгі діни ахуал – жағдайы.
1.1 Өтпелі кезеңдегі Қазақстандағы ислам дінінің жағдайы.
Дін дегеніміз- не деген сұраққа , ғылыми әдебиеттерде мына
төмендегідей ақпараттарды көруге болады.Дін - ақыл-есі дұрыс адамдарды өз
қалауларымен дүниеде және ақыретте жақсылық пен бақытқа жеткізетін иләһи
(тәңірлік) заң.Діндер негізінен үшке бөлінеді:
1. Хақ дін. (Аллаһ тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізіліп,
ешқандай өзгеріске ұшырамастан және бұзылып, бұрмаланбастан қазірге
дейін жеткен дін. Бұл ерекшеліктер мен қасиеттерді өз бойына сіңірген
дін - Ислам діні).
2. Мұхарраф діндер (бұзылған, бұрмаланған діндер).
(Аллаһ тарапынан пайғамбарлар арқылы білдірілгенімен кейіннен адамдар
тарапынан өзгертіліп, негізі бұрмаланған діндер. Қазіргі кездегі
Христиандық пен Еврейлік мұхарраф діндердің арасынан табылады).
3. Батил діндер (жалған).(Адамдар тарапынан ойдан шығарылған діндер.
Бұл діндердің пайғамбарлар баяндаған діндермен ешқандай қатысы жоқ.
Буддизм, Конфуцизм сияқты діндер) ...
Исламның қысқаша тарихы туралы мына төмендегі ақпаратты айтуға болады.
Әлемнің түрлі ұлтты, тілді, нәсілді 1 миллиард 300 милионнан астам халқы
ұстанып отырған ислам дінінің тарих сахнасына көтерілгеніне де он-бес
ғасырдан асты. Ол Жазирату-л-араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде
дүниеге келді. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш
тайпасынан шыққан Абд Аллаұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи
етті.[1, 30]
Алла тағала адам баласын қараңғылық зұлматы мен адасушылықтан – қайырым,
шапағат, рақым, мейірім, яғни тура жолға салу үшін әр кездері
пайғамбарларын жіберіп отырды және оларды белгілі бір қауымдардан шығарды.
Пайғамбарларға Алла тағала қасиетті кітабы - өмір сүру заңын да қоса
жіберді. Адам баласы соны басшылыққа алып, айқын да дұрыс жолмен жүрсін
деді. Бірақ олар пайғамбарларды тыңдамады, жөн сөзді теріске балап, жаһил
тірліктерін жалғастыра берді. Ақырында Жаратушы иеміз қиянатшыл қоғамдарды
жойып жіберді.
Алла тағала адамдарға Алла тартқан желіден (діннен) бекем ұстап,
айрылмаңдар (Әл имран сүресі, 103 аят), Ақиқатында, Аллаға қабыл дін –
Ислам діні (Әл Имран сүресі, 19 аят) деп таза да ақиқат дін – исламды
жіберді. Адам баласы қасиетті Құранды басшылыққа алып, ешкімге де,
ешнәрсеге де қылдай қиянат жасамай өмір сүрсін, қоғамы әділ де иманды
болсын деп дұрыс жолды көрсету үшін Құран кәрімді Мұхаммед (с.ғ.с.)
пайғамбарымызға уахи етті.
Алла елшісі (с.ғ.с.) бұрынғы пайғамбарлардай белгілі бір қауымға ғана
емес, бүкіл адамзат пен ғаламға рахым етіп жіберілген. Ол туралы Алла
тағала: Ей, Мұхаммед! Сен болмағанда мына он сегіз мың ғаламды жаратпаған
болар едім, - деген. Мұса (ғ.с.) және Иса (ғ.с.) пайғамбарлар да Тәурат
пен Інжілдің йаһудилер мен христиандар өзгертпеген бұрынғы нұсқаларының 40-
қа жуық жерлерінде Мұхаммедтің (с.ғ.с.) болашақта дүниеге келетіндігін
болжай айтқан.
Ол хақында мысалы Иса (ғ.с.): Әй, Исраил ұрпақтары! Сендерге мені Алла
жіберген, өзімнен бұрын келген Тәуратты растаушы, өзімнен соң Ахмед атты
пайғамбар келетіні туралы қуанышты хабар әкелуші пайғамбармын... (Ас-Саф
сүресі, 6-аят), - дейді. Ахмед те, Мұхаммед те, Махмуд та мақтаулы,
мақталған деген мағынаны білдіреді. Демек, Мұхаммед пайғамбарымыздың
(с.ғ.с.) ақиретке дейін мақталып, абыройы үстем бола бермек. [2, 55-56]
Ислам жаһандағы барлық жанға тыныштық пен қайырым, әділдік, жақсылық
пен игілік тілейді. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға шақырады. Ол адам
баласын жанындағыларға жақсылық жасап, ізгілік дәнін себуге, тарыққанға
таяныш, жылағанға жұбаныш, ата-анаға мейірімді, әдепті болуға үндейтін
нағыз гуманизмге толы дін.
Міне осындай бірлікке, ынтымаққа негізделіп, ізбасарларын имандылыққа
ұйытатын, рух тазалығын уағыздайтын асыл дін идеясын ту еткен мұсылмандар
аз жылдардан соң Араб түбегінен шағындап шығып, осы күнгі Сириия,
Палестина, Ирак жеріне жетті, Исламды ту еткен араб қосындарының бір бөлігі
Қызыл теңізден өтіп Мысырға табан тіреді, соңыра әрі қарай қазіргі Мағриб
араб елдеріне де байрағын желбіретті. Ливия, Тунис, Алжир, Марокко исламға
мойынсұнды.
711 жылы мағрибтық мұсылмандар жаңа дінді жалау етіп Атлант мұхиты мен
Жерорта теңізін бөліп жатқан Гибралтар бұғазынан өтіп, Андалусияға
(Испанияға) аяқ басты. Олар сондай-ақ Испания мен Франция арасындағы
Пиреней тауларына да жетті. Кейінірек Ислам діні Солтүстік Африка ғана
емес, Орталық Африканың да біраз жерлері мен елдеріне тарады.
Араб жасақтары тек Батысқа ғана емес, сондай-ақ осы күнгі Кіші Азия мен
кавказ тауларына да ат басын бұрды. Бірте-бірте жаңа дін Мауараннаһр деп
аталған орта Азиядағы түркілер өлкесіне де жетті. Бұхара мен Самарқан, Шаш
(Ташкент) пен Отырар, Хорезм өлкесі де исламды қабылдады.
Сөйтіп Ислам діні IX-X ғасырларда сүнниттік бағытта бірте-бірте
түркілер әлемінде де нығая бастады. Әйтсе де ғылым мен білім, ізгілік пен
игілік әкелген дініміздің қазақ жеріне түгел тарап, біржола орнығуына әлі
де біраз уақыт қажет еді.[3-8-11]
Ислам дініңің мақсаты. Мына төменде қысқаша былайша айтуға болады:
Исламның үкімдері адамдардың бақытын көздейді. Бұл үкімдерді орындап,
соған сай әрекет жасағандар бұл дүниеде де, ақіретте де бақытқа кенеледі.
Ислам дінінің үкімдері үшке бөлінеді:
1. Иман: Адам иман негіздеріне сену арқылы рухани нәр алып, жүрегін
қате және жалған сенімдерден тазартып, дұрыс сеніммен нұрландырып, рухани
пәктікке қол жеткізеді де адам өз орнын табады.
2. Амал: Амал - адамдардың жасаған істері мен әрекеттері.
Амалға байланысты үкімдер екіге бөлінеді:
а) Аллаһтың алдындағы ғибадат міндеттері;
ә) Адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттеп отыратын үкімдер.
3.Ахлақ: (адамгершілік, мінез-құлық). Адамдарға деген ой-пікіріміз бен
қимыл-әрекетімізді реттеп отыратын үкімдер.
Ислам дінің ерекешеліктері:
1. Ислам - соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет
күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамдарға жеткізіп, баяндаған Хазіреті
Мүхаммед (алейһіссәләм) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар келмейді.
2. Ислам - дүниежүзілік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған
діндер тек қана белгілі бір ұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл дүние
жүзіндегі халықтарға жіберілген.
3. Ислам дінінің үкімдері барлық адамдардың мұқтаждарына жауап бере
алатындай кәміл. Сондықтан, басқа діндерге сенуге ешқандай қажеттілік
қалмаған.
4. Ислам діні өзінен бұрын Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен
діни кітаптардың бұзылып бұрмаланбаған түпнұсқаларын растап мойындайды.
5. Ислам діні алдыңғы пайғамбарлар баяндаған діндердің үкімдерінің
күшін жойған. Өйткені, олар белгілі бір халыққа, әрі белгілі бір уақытқа
жіберілген, Ал Ислам діні болса, барлық халыққа жіберілген және қиямет
күніне дейін жалғасатын дін.
Ислам дінінің дүниежүзілік дін болуының ерекшеліктері:
1.Ислам бүкіл адам баласына жіберілген ең соңғы дін.
Ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген және қияметке дейін жалғасатын
соңғы иләһи (тәңірлік) дін. Пайғамбарымыз Ислам дінін жер жүзіндегі барлық
халыққа жеткізу мақсатымен сол кездегі мемлекеттердің билеушілеріне,
басшыларына хат жолдай отырып, оларды Ислам дінін қабылдауға шақырған.
2.Ислам - ақыл және ілім діні.
Ислам діні ақылға зор мән бере отырып, діннің әмірлерін тамаша орындау
үшін ақылды болуды талап етеді. Ілімнің де мәртебесін көтеріп, үлкен баға
беретін дініміз әрдайым оқуды, үйренуді бұйырған. Ілім үйренудің әрбір
мұсылман үшін парыз екендігін білдірген.
3.Ислам - әрі дүние, әрі ақірет діні.
Ислам дінінің көздеген мақсаты - адамның бұл дүниеде де, ақіретте де
бақытты болуы. Дініміз дүние айланып тұрған кезде адамдардың әрдайым
бақытты болуын және қоғамның дамуын қамтамасыз ете отырып, жеке-жеке
адамдардың да, қоғамның да қажеттіліктеріне жауап бере алатын шарттар
қойып, дүниеде де, ақіретте де бақытқа кенелудің жолдарын көрсеткен.
Бұл жайында қысқаша айтсақ, Ислам діні әкелген шарттардың қорытындысы
мынадай: "Дүние үшін мәңгі тұратындай, ал ақірет үшін ертең өлетіндей
еңбектен."
4.Ислам - жеңілдік діні.
Ислам дінінде қиыншылық жоқ, жеңілдік бар. Дініміздің әмірі бізді
кемелдендіріп, одан да жоғары өмірге дайындау. Ғибадаттардың орындалу
барысында шамамызға қарай көптеген жеңілдіктер көрсетілген. Мысалы, жолаушы
төрт рәкәат намаздың екі рәкәатын оқиды. Намазды тік тұрып оқи алмағандар
отырып оқиды. Рамазан айында ораза ұстауға шамасы жетпеген науқастар
сауыққаннан кейін ұстайды. Ондайдан үміті жоқ науқастар және ораза үстауға
шамасы келмейтін қарт-қариялар ұстай алмаған оразасының орнын кедей-
кепшіктерге фидйә беру арқылы толтырады. Бұдан басқа да көптеген
жеңілдіктер берілген. Міне, осы себептен Ислам дінінің үкімдерін әр уақытта
және әр жерде орындауға мүмкіншілік бар.
5.Ислам дінінде шектен шығу жоқ.
Ислам дінінің үкімдері адамның ақылына және жаратылысына сай
негізделген. Біздің міндетіміз бұларды орындау ғана.
Орындалуы әмір етілмеген жағдайда дінді берік ұстаймын деп шектен шығу
жоқ. Дүниеде адал нығметтерден бас тартып, өзін-өзі қинау да жоқ.
6.Ислам - бейбітшілік пен сүйіспеншілік діні.
Исламның бір мақсаты: адамдарға деген сүйіспеншілік, адам құқығына
деген құрметті жүрегіне орнықтыру арқылы қоғамдағы бейбітшілік пен
тыныштықты сақтау. Дініміз бүл мақсатта көптеген үкімдер қойған. Бір-
бірімізді сыйлау, басқалардың құқығына құрмет көрсету нағыз мұсылман
болудың шарты болып саналады.[1-30]
Қазақстанда ислам діні қараханидтер тұсында едәуір тарады. Бұл кезде
шаман тілінде дінінде болған моңғолдар да ислам дінін қолдай бастайды.
Берке хан ислам дінін қолдайды. Бұл жөнінде В.Тизенхаузен былай деп жазды:
Оның діні жақсы болды. Ол наным сәулесін сеуіп, мұсылмандық әдет-
ғұрыптарды белгіледі, шариғат заңдарын білетін адамдарды қадірлеп, оларды
өзіне тартты және өз мемлекетіне қарасты мешіттер мен медреселер ашты .
Ақсақ Темір тұсында ислам дінінің маңызы мұнан да жоғары көтерілді.
Ақсақ темір ислам дінінің идеологиясын нығайта отырып, Орта Азия мен
Қазақстан жерінде мұсылмандық табыну мекемелерін тұрғызды, ол жерлерде
мұсылмандықты насихаттаудың жаңа орталықтарын құруға тырысып, ислам дінін
көшпелі халық арасында таратуды көздеді.
Орта Азияда бірте-бірте ислам дінінің екі орталығы – Хиуа мен Бұхара
қалалары қалыптасты. Қазақ тайпалары экономика мен саясат жағынан да, сол
сияқты дін жағынан да осы орталықтарға тәуелді болды. Ислам дінінің
таралуының тағы бір себебі қазақтардың өздерінен осы дінді ертерек
қабылдаған тәжік, татар, азербайжан сияқты халықтармен байланысының күшті
болуы. Қазақстанда Ислам діні орнығуы тарихта орын алды және ол қазырғы
уақытта жалғастырылуда.[9-25]
Алайда, Ислам дінінің өзіндік даму тарихында әлі күнге дейін орын алып
отырған ағымдарға бөліну үрдісі көбеюде. Яғни бұрынғы Кеңес Одағына мүше
мемлекеттер тәуелсіздік алысымен, Орталық Азияда халықаралық қарым-
қатынаста тәжірибесіз, жас жаңа бес: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркіменстан, Тәжікстан мемлекеттері пайда болуы, осы мемлекеттердің
егеменді дамуына мол мүмкіндік беріп жатқаны тарихи шындық. Исламтанушы
ғалымдар еңбектерінде, осы мемлекеттерде ислам рессенансы, яғни исламдану
үрдісі бастау алғаны айтылады және оған қолайлы жағдайлардың туғаны
баяндалады. Әйтседе, өмір практикасы олай болмай шыққанын жаңа егеменділік
тарихы көрсетіп, дәлелдеп отырғаны тағы да ақиқат. Мысалы, Тәжікстанда
тәуелсіздік алып болмай жатып азамат соғысы басталып, ол әлемдік ұйымдардың
және ТМД елдерінің зор көмегі арқылы бес жылда зорға басылды. 50000 адамның
жанын пида қылды, 1 млн адам шетелге паналады. Яғни, елге зор зиян
келтірілді.
Орталық Азияның барлық елдерінде исламдану ресенансына жаңа жаулар
пайда болды.Мысалы, Өзбекстандағы ИДУ діни экстремистік ағымы, т.с.с.
Қазақстанда қаита исламдану процесі басталмай жатып, бүкіл әлемдік діни
конфессиялар қазақ ұлтының кеудесі бос қалыпты-мыс дегенді желеу етіп,
қазақ ұлтын өз діндеріне кіргізуге жанталасуда.
Алайда, Орталық Азия мемлекеттері түрлі діни экстремистік топтарды
жеңе алса да, олардың ішкі проблемаларын шешуі оңайға соғып отырмағандығы
белгілі болуда, атап айтқанда, нарық заманында пайда болған жұмыссыздық,
осы жұмыссыздық кезеңінде өскен жас буынның білімсіздігі, аса кедейлігі,
өмір мәнін таба алмауы және ең бастысы кедейшілік аса ауыр проблема болып
отырғандығы тағы шындық. Шындығына келгенде, Орталық Азия мемлекеттеріндегі
проблемалар әртүрлі, алайда басқару биліктің қателігіне ғылыми
әдебиеттерде, оның өз халқына тарихи мол мүмкіншіліктер берген халықтық
ислам құндылықтарын, демократияны, ұлтаралық татулық гармониялық қарым-
қатынас идеалынан бас тартып, осы заманға лайықты ғылыми үрдіске
негізделген халық санасын қалыптастыру мүмкіндігін пайдаланбай отырғандығы
деп атап көрсетіледі.[20-12] Cоның әсерінде басшылық-билік өз елінде
экстремизм отын өздері көсеп отырғандығы дәлелденеді ( әрине, сыртқы
факторлардың әсерін жоққа шығаруға болмайтыны түсінікті).
Қазақстан мемлекетінде жағдай біршама жақсы деуге болады. Алайда
осылай деген елдің өзінен діни экстремиттердің 2007ж ашылып ұсталу
фактілері ойлантатын фактор, яғни, Қазақстан мемлекетіне де, исламдану
процесіне т.б. қауіпсіздік шараларына нақты көңіл бөлу қажеттілігі айқын
аңғарылады.[11-56]
Ислам атын жамылған діни экстремисттік топтардың лаңкестік істері
болған және қауыптің әлі сақталып отырған Орталық Азия елдеріне қарағанда,
біршама салыстырмалы түрде жақсы жағдайдағы Қазақстан мемлекетіндегі ислам
проблемаларының тууының мынандай өзіндік себептерін айтуға болады:
1.Регионалды басшылардың өз территориясында діни істерді уысынан
шығармай, басқаруға аса мүдделілігі. Оның экономикалық бизнестік маңызы
түсінікті, егер заңнамаларға байланысты аймақтық діни басқармалықтарға
салықтық жеңілдіктер бары белгілі жағдай және түрлі экономикалық
қылмыстарды осы үрдісте ашу мүлде қиын дегенді жиі естуге болады құқықтық
орган қызметкерлерінен.
2.Мемлекетте орын алып отырған жұмыссыздық, кедейшілік. Мемлекеттік
дәрежедегі діни ұйымдар оларға көмек жасауға дәрменсіз.
3. Шет елдерден болып отырған геосаяси әсерлер. Мысалы, Түрік
мемлекеті, 90 жылдары білім беру саласында көмек жасауды қолға алу арқылы
өздері ұстанатын ислам үрдістерін тарату мақсатттарын ұстанды. Сауда
Арабиясы, Кувейт, Тунис. Осы мемлекеттердің атқарған істерінің зияндылығы
тек көп уақыт өткен соң ғана белгілі болуы өкінішті жағдай.
Бұлардан басқа, Қазақстанда исламдану проблемаларын мынандай
жағдайларды айтуға болады:
1. Қазақстан діни басқармасының беделінің төмен болуы. Осы жағдайда
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қаржы мәселесінде көтерілген дау-
жанжал себеп болып, Шымкенттік және Қостанайлық діни ұйымдардың орталық
діни басшылыққа бағынбайтыны жарияланғаны белгілі.
2. Қазақстандағы діни қызметкерлердің діни сауатының төмендігі. Және оларды
аттестациялаудың жақсы қабылданбағаны, наразылық тудырғаны белгілі
жағдай.
3. Ең бастысы Қазақстандағы исламдық үрдістің бірнеше ағымдарға
бөлінгендігі болып отыр. Мысалы, суннитермен қатар шиитер барлығы,
суфилердің де ұйымдары ( бұл суфилерді бұрынғы суфилермен салыстыруға
мүлде болмайтыны түсінікті жағдай).Және суннитердің барлығы ханафия
мағзабында болмай отырғанын айтуға болады. Мысалы, шафиттер, ханбалиттер
бар. Бұлардан басқа халықаралық ислам атын жамылған экстремистік топтар
да өз зиянын тигізіп жатқаны құпия деуге болмайды. Бұған дәлел, осы
тақырыпта газет журналдарда түрлі басылымдардың жарыққа шығуы.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда қайта исламдану процесінде екі үрдіс болып
жатқаны белгілі болды. Халықтың бір бөлігі бұрынғы дәстүрлі дініне қайта
оралып жатса, ал екінші бөлігі –атап айтқанда, жастардың бір топтары
саясиланған исламдық топтардың қамағына түсіп қалғандығы белгілі болуда.Ол
топтар- Хизб ут-Тахрир, Таблиги жамагат, Ваххабиттер, Ахмадия,
Салафилер. Нәтижесінде, қазақ халқы бөліну қаупі алдында тұр.[28-59]
Қазақстандағы исламды айтқанда, ең бірінші Түркістан қаласы, Қожа
Ахмет Яссауи және оның Яссавия суфии үрдісі еске түседі.[12-28] Осы
үлкен тарихи тұлғаның үрдісі Қазақстанға енуге жанталасып жатқан түрлі діни
ағымдардан қорғап тұрғаны ақиқат.
Жалпы исламдану процесінде ішкі жаулардың бары, ғылыми ақпаратта
айтылады. Және оның шоғын қоздырушы қазақ ұлтының арасынан табылып жатқаны
өкінішті екені белгілі. Алайда, қазақ халқына шын жанашырлығы бар
зиялылардың барын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ іс жүзінде, көптеген қазақ
жастарының руханилықты өз ортамыздан емес, бөтеннің уағызынан тапқаны
оларға қандай жақсылық береді? Олардың тағдыры не болады?
Жалпы қорытындылай айтқанда, Қазақстандағы дін таратушылар арасындағы
пікір алщақтығының өрши түсуі, дін дамуына кедергі келтіретіні белгілі және
өкініштілігі сонда, қазырғы оқыған білімді қоғамның өзі тарихтың сабағын
ұмытқаны болып шығатыны ақиқат болып отырған сыңайлы.
Және тағы айтатын мәселе, елде дін туралы үш пікір бары байқалуда:
1.Дін-тек құрал, ол мақсат емес.
2.Дін-молда, иман ісі, кәсібі.
3.Дін-әркімнің жеке шаруасы.
Осы ұстындардан мемлекеттен дін бөлек деген ой көрініс тауып отыр.Бұған
қоса айтатын жағдай-діншілдік пен діндарлық ұғымдарын іс жүзінде айырмау
байқалуда. Шындығына келгенде, діншілдік – ол, догмаға жабысу, фанатизм
болып табылса, діндарлық-таза жүрек, адалдық, адал еңбек арқылы адам болу
шарты, зиялылық болып есептелетін ақиқат. Жоғарыда айтылған мәселерді мына
ақиқатпен түйіндеген дұрыс секілді: мемлекеттің дамуы, ұлттың түлеуі- тек
экономикалық даму мен қорғаныс құралдарына ғана байланысты емес, ол
адамдардың ішкі-рухани сенім-жігеріне тікелей тәуелді екенін айту. Яғни,
иманды елді ғана жау алмайды. Кез-келген мұсылман мемлекеті мешіттері мне
медреселерінің көптігімен емес, сол елдегі мұсылман азаматтарының бәрі
Аллатағалаға бас ие отырып, Отанға деген сүйіспеншілігімен рухани
жоғарылығымен күшті екендігінде күмән жоқ.
Қазақстан мемлекетінде, басқа барлық Орталық Азия елдеріндегідей,
жоғары діни білімді мамандардың саны тым аз болып отыр. Тіпті көршілес
Өзбекстандағы "Мир Араб"-медресесін 70 жыл ішінде бітірушілер де саусақпен
санарлық боп шықкан. Алматыдағы 90-жылдар басында ашылған екі жылдық "Ислам
университртінің" аты затына сай болмағанын жасыруға болмас.
Бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпіріндегі мешіттерде әлденеше
жүздеген қарт имамдар мен молдалар қызмет етіп отыр. Оларды білікті дін
қызметкерлерімен алмастыруға маман жетіспейді. Қарттарды босатып жіберсе,
мешіттер жабылып қалады. Қазір елімізге мыңнан астам жоғары білімді діни
қызметкерлері қажет-ақ.
Нұр-Мүбарак университетінің түлектері жетпейтін мыңнан астам имамдар
орнын толтырғанша әлі біраз жыл керек екені түсінікті. Ал мұнан шығар жол
бар ма?
Ойластырыла келе бұл іс те шешімін тауыпты. Аталмыш жалғыз жоғары оқу
орнына қол қуыстырып қарап отырмай, осыдан 5 жыл бұрын Алматыда имамдардың
білімін жетілдіретін Ислам институты ашылды. Оқу мерзімі бұған дейін 2
семестр еді; Енді оған деген сұраныстың өсуін ескере отырып жыл бойына,
яғни жазғы демалыс кезінде де оқу жалғастырылуда. Оның жақсы жабдықталған
оқу базасы да, жатақханасы да бар. "Нұр-Мүбаракта" негізінен жастар оқыса,
ал Ислам институтында имам, молда боп қызмет етіп жатқан жас та, жасамыс та
білім алуда. Екі жыл ішінде онда 200-ге жуық дін қызметкері білімін
жетілдірді. Алла қаласа, таяу жылдары бұл оқу орнынан 500-600 имам білімін
жетілдіреді деген үміт бар.
Осы оқу орнының бірегейлігіне сонда білім жетілдірсек деген
өтініштер, көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан дін қызметкерлерінен де
түсіп жатқаны дәлел болса керек.[1-65]
1.2 “Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың”
құрылуы, қызметі .
Қазір елімізде 1700-ге жуық мешіт болса, оның 1500-ден астамы Діни
басқармаға филиал ретінде тіркеліп, Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының Әділет министрлігі бекіткен Жарғысы аясында бір орталықтан
басқарылып қызмет етуде.
2000 жылдың қыркүйегінде жүргізілген санақ бойынша республикамызда
1402 мешіт болса, соның бар болғаны 284-і ғана Діни басқармаға қараған.
Ыждахатты да табандылықпен жүргізілген жұмыс нәтижесінде соңғы жылдарда
мыңнан астам мешіттер ҚМДБ-га филиал боп тіркелді.[1-19]
Қазір халық ата-баба дініне бет бұрды. Бұл рухани сұраныстан туған
кажеттілік. Мешіттерге келушілер қатары күннен-күнге көбеюде. Әсіресе жұма
күндері көбірек келеді жене олардың басым көпшілігі жастар. Бірқатарының
дінге қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарының да болуы табиғилық.
Сондықтан мешіттерде діни уағыздың жүйелі түрде білімділікпен жан-жакгы
терең айтылу міндеті алға қойылды.
Мешіт —қасиетті орын. Оны белгілі бір ру, тайпа өкілдері немесе ұлт
меншігіне айналдыру түбірінен қате. Ондай жағдайда мұсылман үмметі
жіктеліп, ыдырап, өз ынтымағынан айырылмақ. Бұған әсте жол беруге
болмайды. Мешіт салуды кәдімгі бәсекеге айналдыру да абырой бермек емес.
Мешіт — Алланың жердегі үйі. Оны кім салса да, ісімнің қаражатына салынса
да ол тек ғибадат орны ғана емес, ұлты мен ұлысына қарамастан, біртұтас
мұсылман жамағатының бірлігі мен ынтымағын, достығы мен бауырластығын
күшейтіп, нығайта түсуге қызмет ететін рухани орталық.
Сонда ғана мешіт өз міндетін жан-жақты жүзеге асырып, халық игілігіне
қызмет етеді.
Орал мен Қызылжарда жаңа мешіт салынды. Ал Қызылорда, Түркістан,
Шымкент, Талдықорған, Семей, Өскемен, Қостанай, Жезқазған секілді ірі
қалаларда қазіргі заманғы Сәулет өнері үлгісімен салынған, нағыз рухани
орталық деуге лайық ірі ғибадатханалар жоқ. Елімізде және облыс
орталықтарында мұсылман бауырларымыздың саны Құдайға шүкір, өсу үстінде.
Бірқатар шаһарлардағы XIX ғасырда салынған мешіттер жамағатының көбеюінен
бұл күнде тарлық етуде. Ескінің көзіндей ондай жәдігерлерді кеңейтіп, қайта
қалпына келтіру қыруар каржыны кажет етеді. Сондай-ақ осы күнге дейін
орталықтарында мешіті жоқ аудандар да баршылық.[40-16]
Мешітте ұлтына да, ұлысына да, нәсіліне де қарамастан барып
мұсылман кұлшылық етеді. Демек, оны бір ұлтқа меншіктеу әбестік.
Казақстан- ынтымағы мен бірлігі жарасқан, мақсаты да, мүддесі де
ортақ көп ұлт пен ұлысты мемлекет. Ешкімді ешкім бөліп, жарып жаткан жоқ.
Діни өмірдің өзі осындай болғанда мұсылман әлемінің рухани біртұтастығын
сақтау — Жаратушы Иеміздің алдындағы парызымыз.
Мешіт - имандылықтың ошағы. Сосын да ол өз маңайына нұрын шашып,
ізгілік пен мейірімділіктің лебі болып еседі. Қарап отырсаң, жас өрім
жастардың мешітке көптеп келіп, дінге ден қойғаны қуантады. Бір жағынан,
жетпіс жыл атеистік саясаттың құрсауында болған елдің аз ғана жыл ішінде өз
дініне бет бұрып жатқаны жақсылықтың нышаны дер едік.
Бір айтарлығы, басқа ұлт өкілдерінің де ислам дінін қабылдауға ниет
білдіруі көбейгенін атап өтуге болады. Осы жакында ғана бірнеше басқа ұлт
өкілі мешітке келіп, ислам дінін кабылдады. Ал, жастардың мұсылман
рәсімдеріне орай некеге отыру сияқты шараларды өткізуге деген ықыластарының
артуы жүрекке куаныш ұялатып, болашақка деген сенімді нықтай түседі.
Қазақ топырағына жат түрлі келімсек секталар мен ағымдардың,
миссионерлердің жағымсыз іс-қылықгары жайлы аз айтылып,
аз жазылып жүрген жоқ. Өкінішке қарай, дінге қатысты заңымыз нағыз діни
алашапқынға тосқауыл қоя алмай отырғаны шындық. Осыған
орай 1992 жылы дін туралы Заң қазіргі күні бірқатар толықтырулар мен
өзгерістер енгізуді талап етті. Атап айтқанда: 1992
жылғы діни бірлестіктер туралы; заңымыздың солқылау тұстары жайлы
2001 жылы "Парламент Сенаты мен Мәжілісінің біріккен отырысында қадап
айтып, аталмыш заңға өзгерістер енгізудің, қажеттігін көз жеткізе арнайы
баяндама жасап, нақты ұсыныстар жасалған.
Қазақстан — демократиялық жолмен дамьп келе жаткан зайырлы жас
мемлекет. Сондықган көп қатпарлы діни мәселелерді қашанда жігі
бағамдағы, оған барынша сергек қарайтын кез әлдеқашан жетті.
Иә, сырттан келген миссионерлер мен түрлі секта өкілдерінің діни
сенім-наным бостандығын заңды бетперде етіп жергілікті халықты қандай да
бір жолмен болсын азғырып, өз секталарына тартуына жол берілмеуі тиіс.
Елімізде діни-мәдени мұраларымызды - қайта қолға алып, уағыздарды
емін-еркін айтып, діни оқу орындарын ашып, шариғат талабы бойынша өмір
сүріп жатқанымызға да бір Мүшелден асты. Ендеше дініміз бен тілімізді,
ұлттық әдет-ғұрыптарымыз бен дәстүрлерімізді, тарихи құндылықтарымызды
жаңғыртып, рухани байлығымызды арттыратын мүмкіндік туды.
Діндер аралық түсіністік, сыйластық — уақыт талабы деп атап көрсетті
Әбсаттар қажы Дербісәлі. Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер
лидерлерінің алғашқы съезі мұның жарқын дәлелі.
Біз — мұсылман мемлекетіміз. Мұсылман халқы өзге дін, өзге тілді
адамдарға құрметпен қарайды. Қасиетті Құранда: "(Өзге дін өкілдерінің
ішіндегі) сендермен соғыспағандарға, сендерді мекендеріңнен қуып
шықпағандарға келсек, оларға жақсылық жасаудан, олар туралы әділ болудан
Алла сендердің жолдарыңды тоспайды. Алланың әділ жандарды жақсы көретіні
даусыз" ("Мумтахина"сүресі, 8~аят),—делінген: Жалпы мұсылмандардың басқа
дін өкілдерімен тату өмір сүргендіктері туралы тарих беттерінде көптеген
нақты деректер жетерлік. Мұндай маңызды деректер қатарына тағы да бір
абыройлы парақ қосылды.
Ол — ел ордасы Астанада Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың мәрттебесі және
биік беделінің арқасында жоғары деңгейде өткен аталмыш съезд Қазақстан және
әлем мұсылмаңдары үшін жетістік. Өйткені бұл құрылтай әлем мұсылмандарының
көкейінде жүрген бірқатар мәселелердің алдын алуға қызмет етті. Бұл
дінаралық қарым-қатынастың тұрақты құрылымын қалыптастырған, әлемдік
дәрежедегі маңызды саналған, жалпы адамзатқа ортақ өзекті мәселелерді
шешуші сауапты қадамның тұсауы қазақ жерінде кесілуі арқылы Қазақстан
әлемге танылды.[40-75]
ІІ бөлім. Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен
салдары.

ағымдар сипаты.
Соңғы ширек ғасыр ішінде, "ислам факторы" аталып кеткен саяси құбылыс
бірқатар мұсылман мемлекеттерінің ішкі әлеуметтік-мәдени және саяси-
экономикалық өмірінде де, халықаралық аренада да елеулі маңызға ие болып
отыр. Ал 90-жылдардың басындағы кең ауқымды геосаяси өзгерістер нәтижесінде
КСРО-ның орнында пайда болған жаңа тың саяси-экономикалық кеңістік
жағдайында, мұның өзі Батыс елдері сарапшылары мен Ресей
саясаттанушыларының пікірлерінше “Орталық Азияда ислам фундаментализмі
орнайтын күн алыс емес”, деген болжам айтуына түрткі болып келеді. Әдетте,
Орталық Азия елдеріне арналған кез келген шетелдің немесе ресейлік
жарияланым "ислам факторына" соқпай өткен емес. Десек те, ислам мен оның
қазіргі дүниедегі орны мен үлес-салмағы туралы мәселе, қандай да бір
субъективті көзқарастар мен біржақты ой-пікірлерге тәуелді дейтіндей
емес.[10] Пайғамбарымыздың кезінде бөлінбеген және Құранда ешқашанда
жіктерге бөлінбеңдер! (Құран, Әли Имран сүресі, 3103) бұйрығының
болғанына қарамастан мұсылмандар бастапқыда саяси топтарға бөлінді, оның
арты сенім және құқық қағидалары бойынша жіктелуге ұласты. Осы бөлінудің
мұсылмандарға еш жақсылық әкелмегені, әлбетте, белгілі. Алайда, бүгінгі
діндер және мәзһәб уә тариқаттардың (конфессиялар уә секталар) пайда болу
және қалыптасу тарихын аса мұқияттылықпен зерттеп, талдап, ғибрат алған
жөн. Тек қана Аллаһ Тағаланың меншігіндегі діни алаңға фәнилердің қол
сұғуы жалғасқан сайын, дін ішіндегі бөлінушілік болған сайын, ізгілік пен
бақытқа кенелтетін діннің, өкінішке қарай, азап пен адасушылыққа апаратын
сипатқа ие болатынына куә боламыз. Осындайда, белгілі философ һәм идеолог
Карл Маркстың (1818-1883) дін – халықтың апиыны деген мәшһүр сөзі еріксіз
еске түседі. Карл Маркстың йаһұди (еврей) жанұяда дүниеге келіп, христиан
қоғамда өскендігін ескергенде, оның түсінігіндегі діннің қандай дін екені
өздігінен белгілі. Дегенмен, ізгілікке баулитын сипатынан айырылған және
фәни пенделерге яки пұттарға құлдық ұруға үгіттейтін діннің шын мәнінде
апиын болатыны даусыз...
Фәнилердің қол сұғуы мен бұрмалауына ұшыраған өзге діндерден исламның басты
ерекшелігі һәм артықшылығы – оның негізгі бұлағы Құранның қол сұғушылық пен
бұрмалаушылықтан ада болғандығында. Фәнилер қанша тырысқанымен Аллаһ
Тағаланың кітабы пайғамбарымызға түсірілген күйінде ғасырлар бойы сафтығын,
хақтығын сақтап келеді. Исламға қол сұғушылық Құран аяттарын өзгерту арқылы
емес, аяттардың мағыналарын бұрмалау және Құранға жанама бұлақтарды ойлап
шығарып, солар арқылы тұрмыстағы дінге жаңалықтар мен өзгерістер енгізу
арқылы болған. Бүгін ислам атын жамылып жүрген көптеген ағымдардың өзара
тіл табыса алмай жүргені де сондықтан. Оның ішінде, бастапқыда болғанындай,
саяси мақсатты көздейтіндер, дінді билікке келудің құралы етіп пайдаланғысы
келетіндер, дінді табыс көзіне айналдырғандар мен исламды жойғысы келетін
сыртқы күштердің әрекеттері бар екені белгілі. Демек, Аллаһ Тағаланың
саф дінін түсіну және мұсылман үмметі ішінде Құранның айқын бұйрықтарына
қайшы пайда болған алауыздықты жою үшін жасалатын бір ғана нәрсе бар –
Құранға жүгіну және оны басшылыққа алу. Сонда ғана мұсылмандар арасында
келісім мен түсіністік пайдаболады.
Құранның мына бұйрықтарын мүлтіксіз түсініп, орындаған жөн:
Үкім тек Аллаһтікі ғана! Ол тек Өзіне ғана құлшылық етулеріңді әмір етті.
Міне, көнермейтін ең нағыз хақ дін осы! Алайда, адамдардың көбі білмейді!
(Құран, Йұсұф сүресі, 1240)
Көздеріңді ашыңдар! Әбден жақсылап біліңдер-кім, тек Аллаһтың діні ғана
нағыз шынайы дін! Аллаһты тастап, басқаларды өздеріне әулие етіп алғандар:
Біз оларға тек бізді Аллаһқа жақындатулары үшін ғана құлшылық етудеміз!,
дейді. Күдіксіз, Аллаһ олар өз араларында пікір таласқа түскен мәселе
бойынша үкім бермек. Расында, Аллаһ өтірікші және опасыз, шүкірсіз адамды
тура жолға салмайды! (Құран, Зұмер сүресі, 393)
Күдіксіз, мұминдер бауырлар-дүр! Ондай болса, бауырларыңның арасын
татуластырыңдар! (Құран, Хұжұрат сүресі, 4910)
Аллаһтың желісінен бәрің бірге жабыса ұстаңдар және ешқашанда жіктерге
бөлінбеңдер! (Құран, Әли Имран сүресі, 3103)
Жоғарыдағы аяттардың талаптары көрініп тұр. Енді, бұрмаланған діннің,
фәнилердің қол сұғуына ұшырап, рухани қанау қолшоқпарына айналған нахақ
жолдардың адамзатқа зиянды болатыны анық.
Бүгінгі ислам әлемі. Үш құрылықтың - Азия, Африка және Европа
құрылықтарының түйісер тұсында пайда болған ислам дінін ұстанушылар қатары
соңғы уақытта күрт көбейді.
Бүгінгі күні ислам әлемнің 35 елінде ресми мемлекеттік идеология болып
табылса, 18 мемлекетте қуатты ықпалға ие. Пакистан, Иран және Мавритания
сияқты елдерде ислам мемлекеттің ресми атауы дәрежесіне дейін
көтерілген.[3-41-43]
Батыс елдерінде "ислам ренессансы" аталып кеткен құбылыстың тамыры 1967
жылғы алты күндік соғыс барысында арабтардың Израильден жеңілісі мен 1979
жылғы Иран революциясында жатыр. Исламның "саяси" эволюциясы осы уақыттан
басталады. Десек те, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Исламнан басқа діндер де
саяси мән-мағынаға ие болған оқиғалар белгілі. Бірақ, түрлі әлеуметтік-
экономикалық құрылымдарға саяси тұрғыдан тез бейімделе білу үстінде ислам
өз мүмкіншіліктерінің мол екендігін байқатып үлгерді. Яғни, ислам факторы
дегеніміздің өзі исламизмді, яғни саяси исламды (араб тілінде "тайяр
ислями") білдіреді. Мұның Батыс дүниесінде кең тараған ұғымы-"ислам
фундаментализмі".Бүгінгі күні Қазақстандағы діни ахуал да мозаиканың
тастары іспетті түрлі-түсті. Сырттан кіріп, емін-еркін үгіт-насихат жасап
жатқан діни ұйымдар мен ағымдардың елімізге қаншалықты қажеті бар екені
лайықты деңгейде зерттеліп жатқан жоқ. Жоғарыда есімдері аталған адастырушы
һәм құпиялығы басым тоталитарлық секталарға ұқсас құрылымдардың елімізде де
тамыр жайып келе жатқаны туралы айтуға қорқасың. Алайда, басқа елдерде
болған және болып жатқан өрескел жағдайлардан ғибрат алып, қатаң шара
қолданатын кез келген сияқты. Себебі, Қазақстанның демографиялық,
әлеуметтік, саяси-құқықтық және экономикалық жағдайы кез келген үгітті
таратуға аса қолайлы. Сол себепті, мемлекеттің дін мәселесіне шұғыл бет
бұрып, дін мәселесін бөтен күштердің қолынан өз қолына алатын уақыты жетті
деп айтар едім. Егер мемлекет дін мәселесімен айналыспаса, болашақта дін
мәселесі мемлекеттің өзімен айналысатын болады. Карл Маркстың апиынға
теңеген діні ізгілік пен бақытқа бастайтын діннен озып кететін болса, ондай
қоғамда аса қауіпті уақиғалар болады деу сәуегейлік емес...
Қазіргі кезеңде – тәуелсіздік дәуірде Қазақстанда діни ағымда, дін
түрлеріде және ең қатерлісі исламдық біртұтастықты әлсірететін исламдық
ағымдар бары өкінішті жағдай . Оның драмалық фактілері, трагедияға
соқтырғаны жоғары бөлімдерде айтылды. Осы бөлімде исламдық ағымдар туралы
қысқаша ақпарат айтылу мақсат болып отыр.
Орталық Азиядағы Ислам әлемінде, және соның ішінде Қазақстанда мына
төмендегідей исламдық ағымдар мен ұйымдар бары белгілі болды:
1.Әл-Кайда.
2.Өзбекстан исламдық қозғалысы(ӨИҚ).
3.Ваххабистер.
4.Хизб ут-Тахрир.
5.Шығыс Түркістанның ислам партиясы.
6.Күрдтердің халық конгресі.
7.Асбат ал-Ансар.
8.Мұсылман бауырлар.
9.Талибан.
10.Орталық Азия моджахедтерінің жамағаты.
11.Лашкер –и- Тойба.
12.Әлеуметтік реформалар қозғалысы.
Шығыс Түркістанның ислам партиясы Қазақстанда 2003ж белгілі болды. Осы
2003ж МҚК –тімен тұтқындалған. Бұлар ұйғыр сепаратистері болып шыққан.
Өзбекстан исламдық қозғалысы - қарулы қозғалыс.Мақсаты-Орталық Азияда
ислам халифатын құру.1999ж Ташкентте бірнеше терактілер жасады. 2000ж
Қырғыстанның Баткент облысы мен Өзбекстанның аумағына басып кірген болатын.
Мұсылман бауырлар қоғамы, 1920ж Мысырда Хасан –әл- Банна құрған транс-
ұлттық діни саяси ұйым. Мақсаты- қоғамды исламдандыру және ислам мемлекетін
құру.Қазақстанда 1998ж байқалды.
Әлеуметтік реформалар қозғалысы қоғамының мақсаты- мұсылман емес
мемлекеттерді құлату. Қазақстанды 1998ж бері ашық жұмыс істеп келген.
Боз Гурд-көкжалдар. Түркияның қарулы жасағы мүшелері.
Орталық Азия моджахедтерінің жамағаты . ӨИҚ –нан шыққан Ж.Бимурзаев,
А.Бекмырзаев басқарған.
Хизб ут-Тахрир. Қазақстанда 1998ж бері әрекет етіп келеді. Түпкі
мақсаттары Ислам халифатын құру екендігін үнпарақшалары мен кітапшаларында
тұспалдап та, ашық та айтып жүрген оларды дін басыларымыз да, "Хизб-ут-
тахрирға жол жоқ" акцияларын өткізіп келген жастарымыз да басқа да қауіпті
ағымдар астыртын іске кірісе бастағанын білмеген де, аңғармаған сыңайлы.
Тапа-тал түсте жастарымыздың санасын улап келген шетелдіктермен жұмысымыз
болмағаны несі?
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Марат Ахметжанов: "Экстремистік
ұйымдарды елемей келгеніміз, қауіп төне бастағанын байқамағанымыз,
өкінішті. Соның салдарынан облысымызда моджахедтер пайда болды", –
деді.Сәуір айының соңына таман (бір дерек көзі "моджахедтер",екінші дерек
көзі "ваххабистер" дейді)13 экстремист қолға түсті.Олардан жарылғыш заттар,
қару-жарақтар, оқ-дәрілер, көп көлемде бүлдіргі саясатқа үндейтін
әдебиеттер мен компакт-дискілер тәркіленді.
Генерал Хибратулла Досқалиевтің айтуынша, олар Оңтүстік Қазақстан
және Жамбыл облыстарында әртүрлі жарылыстар ұйымдастырмақ болған.
Ваххабистер.Бұл топтағылар, дін сұрағына келгенде өзінің шекті
фанатизмімен және өзінің қарсыластарымен күресуге келгенде экстремистік
ұстанымымен ерекшеленеді.
Ваххабистік уағыз ең алдымен түріктелген ресми исламға қарсы
бағытталған . Көптеген Ресейлік және т.б.исламтанушы ғалымдар, оның ішінде
В.Путиннің пікірінше, ваххабизмнің әуелгі тарихи мезетіндегі идеясы дұрыс
және халықтарға зияны жоқтығы айтылады. Ал қазіргі ваххабистердің осы
ағымды алғашқы құрушыларға мүлде бөтендігі айтылады.
Іс жүзінде ваххабистік ағым, 1970-80жж Араб елдерінде (Египет, Сирия,
Алжир), 1980ж- Ауғаныстанда, 1990ж бастап Орталық Азия және Қазақстан,
Балкан, Батыс Европа және АҚШ елдеріне тарап үлгерді. Осы ағымның аты
Мухаммад Ибн Абд аль-Ваххаб (1691-1786) –қа байланысты екені белгілі.
Қазақстандағы ваххабитер өздерін салафиттерміз деп атайды.
Түркістан газетінде ( 24наурыз 2005ж) Тәуелсіз Қазақстанға қауып
қайдан деген мақалада, Жамбыл облысында облыстық екі соттың , Әл-Кайда,
және ваххабиттік ағым мүшелеріне болғаны жарияланған.
Ваххабистер- Тәжікстанда азамат соғысын, Қырғыстанда Баткенттегі қанды
оқиғаларды, Өзбекстандағы түрлі террорлық лаңкестік әрекеттерді жасағаны
белгілі. Қазақстан мемлекетін салыстырмалы түрде тыныштықты ел деген пікір
барын ескере отырып, 2007жылы сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысында
жасырын ваххабистік ұйымның әшкереленуі фактісі баспасөзде жария етілді.
Осы пікірге алданып бейқамдық таныту қате болатынын аңғартады. 2007жылдың
шілде айында Степногорск қаласында ваххабистік ұйым тұтқындалы, басқарушысы
Т.Омаров. Осы жылдың тамыз айында Хизб ут-Тахрир адамы- Е.Сабденов
Манғыстау облысынан осы ұйымның 5 адамын МҚК ұстағаны жария болды. ІІБ
қызметкерлерінің де 2007ж қаңтар –сәуір айларында осы ұйымның 10 адамын
ұстағаны баспасөзде жарияланды. Ең бастысы, Қазақстанда кімде-кім осы
аталмыш ұйымнан өз еркімен шығатын болса, онда ол қылмыстық
жауапкершіліктен босатылатыны компаниясының жариялануы нәтижесінде жалпы
ҚР-сы бойынша 167 адам өз еркімен құзырлы билікке берілгені белгілі
болды.Және ол адамдар, Астанадан, Алматыдан, Жамбыл облысынан, Оңтүстік
Қазақстан облысынан, Қызылорда облысынан екендігі анықталған. Яғни, осы
зиянды ұйым қанатын кеңге жайып үлгерген.
Накшбандия сопылық ұйымы. Бұл діни экстремистік топ, Актөбе облысынан
ұсталған. Құрамында 9 өзбек ұлтты адамдары болған.
Осы ұйымдардың, ағымдардың әрекетіне Қазақстан қазырғы таңда ғана тиым
салып, қызметін қатаң қадағалауға алып отыр.[30]
Жоғарыда айтылған мәліметтер, Орталық Азияда, оның ішінде
Қазақстандағы жағдайды мәлімдей келе, діни экстремизмге қарсы шараларды
ұдайы жүргізудің міндеттілігін дәлелдейді.
Исламға барлық діндердегідей гуманистік, ізгілікті идеал тән. Бірақ,
христиан іліміне қарағанда ислам барынша нақты және біршама қатаң. Бұл,
бір кездері Батыста орын алған рухани дағдарысты (декаденс) христиан
дінінің кері әсерінен деп есептеп, ал мұсылманшылықты болашақтың діні
санаған Ф. Ницшенің "ислам - ерлердің діні" деуіне себепші болғанды.
Мұсылман үшін ислам дүние жаратылысы жайлы ілім немесе күніне бес
уақыт намаз оқу мен жұма сайын мешітке бару ғана деу жаңсақтық. Мұсылман
үшін ислам - әлеуметтік өмірді, экономикалық қарым-қатынастарды,
юриспруденцияны, рухани өмірді, идеологияны және адамдардың өзара қарым-
қатынастарын реттеуші тетік, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі бағыт-бағдар.
Яғни, мүсылман елдеріндегі ислам тек дін ғана емес, сонымен қатар
толыққанды әрі тұрақты әлеуметтік институт.[2]
Қазіргі заманғы демократияның "әділеттік", "теңдік", "еркіндік" тәрізді
тарихи принциптері ислам ілімінде ежелден-ақ бар. Тіпті, ислам ілімі үшін
демократия ұғымының да өзінше түсінігі бар да, оның батыстық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz