Адамзат тарихындағы исламның орны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе . . . 3

I . Тарау . Ислам туралы жалпы мағлұмат.

1. 1 Ислам дінінің пайда болуы . . . 5

1. 2 Дін және қоғам . . . 10

1. 3. Кеңес Одағындағы ислам діні . . . 13

  1. Исламияттың Қиыр Шығыста таралуының алғашқы кезеңі . . . 19

II. Тарау. Адамзат тарихындағы исламның орны.

2. 1. Ислам әлемінің халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолындағы күресі. 25

2. 2. Саяси мәдениет және дін . . . 29

2. 3. Діни экстремизм мен терроризм . . . 32

III. тарау. Ислам Қазақстанда.

3. 1. Исламның Қазақстанда таралу тарихы . . . 41

3. 2. Исламдық діни институттар жүйесі . . . 55

Қорытынды . . . 65

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 68

Кіріспе.

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып, сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм.

Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән- мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен -саяқ. Дегенмен “діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды”. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т. с. сда діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер “религия”- (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда “байлау”, “екінші қайта оралу” дегенді білдіретін көрінеді.

Цицерон шығармаларында “религия” сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығарылатын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім- діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. ”Мен құдайға сенемін” деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек.

Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді. Әртүрлі діндер осы ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай. Дін адам Жанынан туындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші нормативті құрылым болып табылады.

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман -мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.

Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысында қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік іс-әрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Дамыған діндердің ортақ мүддесі- қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы- иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт -тыныш өмір сүрудің кепілдігі бола алатын дәрежеде көрсетілген. “Дін -бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды”

Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір сүрді. Мысалы, қола дәуіріндегікөптеген мәдениеттерде саяси және рәсімдік немесе діни қызметтерді бөліп жару өте қиын болатын.

Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республмкасының ата заңы- Конституция бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, ”Қазақстан Республмкасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы” Заңдарына негізделеді.

I . Тарау . Ислам туралы жалпы мағлұмат.

1. 1 Ислам дінінің пайда болуы.

Ерте заманда арабтар исламға дейін әр түрлі құдайға- көкке, ағашқа, тасқа табынған. Өз балаларының аттарын Күн, Ай деп қойған. Арабтардың табынатын қасиетті орны Қағба болды. Оның айналасына 360 құдайдың, яғни әр тайпа құдайының суреті ілінген. Адамдар Қағбаға парызын өтеу үшін барады. Онда киімдерін шешіп, шаштарын алғызған арабтар Қағбаны 7 рет айналып, қолдарын тигізіп қасиетті тасты сүйген. Қағбаны айналу кезінде біреулер киімдерін ауыстырса, кейбіреулер тыржалаңаш күйде болған. Еркектер күндіз, әйелдер түнде айналған. Айналған кезде олар ысқырып, қол шапалақтап, шуылдап дыбыс шығарған. Келесі күні Меккенің қасындағы екі таудың арасында 7 рет жүгіріп өтіп, құдай мүсіндеріне тағзым еткен. Үшінші күні Арафат тауына көтеріліп, Муздалифа жазығына барып от жағып, құрбандық шалған. Кейін Меккеге қайтып, қажылыққа арналған киімдерін шешіп, сол жерде қажылыққа келген адамдарды осы Қағба қасиетті тасын қорғаған курейшит тайпасы тамақтандырған.

IV ғасырда Византиялық дипломанттар шіркеу адамдарын христиан дінін қабылдауға шақырды. Арабтарды шоқындырды, христиандық шіркеулер салды. Бірақ христиан дінінарабтардың бәрі жаппай қабылдады деуге болмайды. Оны жеке тайпалар мен рулар ғана қабылдады. Осы исламға дейінгі уақытты арабтар “джахилия”-“надандық” деп аталады.

Арабтардың ең жоғарғы жетістігі- ол б. з. б. IV ғасырда араб жазуының үш түрін ойлап табуы. Жазудың дамуы және бүкіл араб әлеміне ортақ араб тілінің пайда болуы мәдениеттің жоғарғы деңгейде болғанын көрсетеді.

Исламды қабылдағаннан кейін яғни VII ғасырда барлық қолдан жасаған құдайдың мүсіндері құлатылды.

Ислам біздің заманымыздың 622 жылында Арабстанда пайда болды. Ислам “Алланың, Мұхаммед пайғамбардың сеніп, мойындалған, Аллаға берілген, тұжырымдалған, іші-сырты таза өзіне -өзі сәйкес”1 деген ұғымды білдіреді.

Алла тарапынан білдірілген әмір және туындылардың жиынтығын дін деп атайды. Діннің атын ислам деп Алла қойды. Ислам діні- тек бір қауымға немесе ұлтқа ғана тән дін емес, бір миллиардтан астам адам мойындаған дін. Сондай-ақ ең соңғы ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже діні. Жинақтап айтқанда, ол сенім бойынша өмір сүру діні болып табылады.

Мұсылмандықтың негізі бес парызға негізделген: 1) Иман. 2) Намаз. 3) Ораза. 4) Зекет. 5) Хаж. Иманда жеті қағида бар: 1) Алланың барлығына сену, иман келтіру, Хазірет Мұхаммед Алланың құлы, әрі пайғамбары болғанына көңілмен сеніп, мұны араб (Құран) тілінде айту; 2) Періштелерге сену; 3) Кітаптарына (Құранға) сену; 4) Пайғамбарларға сену; 5) Ахирет күніне сену; жақсылық, жамандықтың тағдырын Алладан деп білу; 7) Өлгеннен кейін қайта тірілуге сену.

Исламда мұсылмандар өмірінің әр түрлі жақтарын реттеп отыратын көптеген тыйым-шарттар бар. Мұсылмандардың алкогольдіішімдіктер ішуіне, шошқа етін жеуге, құмар ойынын ойнауына тыйым салынған. Ислам өсімқоршылыққа рұқсат етпейді. Өмірде және ахиретте шаттыққа, бақытқа жету үшін ахиреттік міндеттер орындалуы керек. Онда Аллаға және пайғамбарға, өзімізге, отбасымыз бен жақындарымызға, мемлекет пен халқымызға, адамгершілікке қатысты бірнеше міндеттер көрсетілген.

Ислам әлеуметтік тәртіптің өте кең жүйесі болып табылады. Мұсылман өмірінің барлық жақтары дінге қатысты болып келеді. Ер баланы кішкене кезінде сүндетке отырғызу керек. Сол дәстүр жасалғаннан кейін-ақ мұсылман саналады. Неке қию некелесушілердің қатысуымен жүргізіліп, сол арқылы бекітіледі және де Құранның қасиетті сөздерін оқумен аяқталады. Еркек мұсылман үшін ажырасу онша қиын емес, әйел адам үшін бұл едәуіркүрделі, бірақ оларға да мүмкіндік беріледі.

Ислам діні екі ірі негізінде құрылған: 1) Алладан басқа құлшылық ететін тәңірдің жоқтығына сену; 2) Мұхаммедтің Алла тарапынан адамзат баласына жіберілгеніне (пайғамбар екеніне) сену. Сондықтан ислам діні бұны бір дәстүр түрінде: “Ля иляһә илла-аллаһ Мұхаммед- ур- Рәсул- аллаһ” деген сөйлемде жинақтаған. Қасиетті саналатын бұл сөйлемді тілімен айтып, жүрегіне бекіткен кісі ислам дініне кірген болатын. Бұл сенілді -иман, ал сенушіні -мүмін деп атайды.

Алланы тану: жер, көкте сансыз нәрселерді жаратқан, жоқтан бар еткен және оларды жоқ ететін, әуелгісі, ақыры болмаған, үнемі бар болған, біреу болған, теңдесі, серігі болмаған, жаратылыстардан ешқайсысына ұқсамаған, бар болуында ешнәрсеге мұқтаж емес Аллаға ғана сену - бұл исламның негізгі догмасы. Дін жолының жалғаса беруі үшін бұл жинақталған қысқаша сенім жеткілікті емес, өйткені мұсылманшылық- сену әрі сенім бойынша өмір сүру. Бұл мына төменгі 6 қағидада анығырақ көрсетілген: 1) Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына, Мұхаммед Алланың құлы, әрі елшісі болғандығына сену; 2) Алланың періштелеріне сену; 3) Алланың кітаптарына сену; 4) Алланың бүкіл пайғамбарларына сену; 5) Өлгеннен кейін тірілуге (ахирет күніне) сену; 6) Жақсылық, жамандық Алланың тағдырымен және жаратуымен болатындығына сену. Ержеткен әрбір ақыл иесі бұларға міндетті түрде сенуге тиіс.

Мұхаммед Арабстан тайпалары мен қауымдарының үлкен бөлігін өз дініне бағындырып, соңына ілестірді. Ол өзінің діні мен саяси ықпалын Түбектен тыс жерлерге тарату үшін де дайындала бастады, бірақ 632 жылы қайтыс болды. Мұхаммед істерін халифтер жалғастырды. Олардың ішінде төртеуі мұсылмандар арасында ерекше құрметке бөленіп, “адал ниетті” деген атқа ие болды. Олар: Әбу-Бахр, Омар, Осман және Әли. Олардың заманындаИслам діні әлемдік дінге айналды.

Ислам Арабстанның шегінен шығып кетті.

Тарихта ең тұтқиыл саяси және теориялық мәселелердің бірі- жоғары билік туралы мәселе еді. Алланың әмірін ғана орындап келді дейтін пайғамбар дүние салды. Оның орнын басқа халифтер адамдардың құран мен сунна сүрелеріне сәйкес өмір сүруін қадағалап отыруға тиіс болды. Алайда, халиф болуға қандай адам лайық деген мәселе жұртты қатты толғандырды. Бұл туралы мұсылмандар арасында әуел бастан-ақ аяусыз айтыстар өршіді. Үшінші халиф Османды халиф болуға лайық емес деген қарсыластары оны өлтіріп тынды, төртінші халиф Әлиді де мұсылмандардың бәрі бірдей мойындамады. Әлиді жақтаушылардың көбі пайғамбарға туыс болу оған және оның ұрпақтарына- әлишілерге билік жүргізудің ерекше правосын береді деп есептеді, олардың пайғамбардан мирас болып қалған құдаймен тілдесу қабілеті бар деп, сондықтан құдай мен адамдар арасында елші бола алады және қауымның рухани басшысы, имам болуға, демек саяси көмек болуға да тиіс деп санады. Осылайша исламның басты ағымдарының бірі - шинизм негізі қаланды.

Исламда суннизм неғұрлым көп тараған ұғым болып келеді. Бұл жолды қуушылар өздерін охлаз сунна (сунналық адамдармыз) деп санайды. Олар пайғамбар туыстарының билікке ерекше праволылығын мойындамайды. Кімде-кім алғашқы төрт халифті заңды деп санаса, заңдастырылған жинақтағы хадистерді шын деп білсе және олардағы салт-жораларды, төрт мазхабтың түсінігінің біріндегі тұрмыстық және әлеуметтік ережелерді мойындаса, формальды түрде сунниттер деп есептеледі. Әлемдегі мұсылмандардың көпшілігі суниттерге жатады.

Түркілерге ислам дінінің таратылуы арабтардың жаугершілік жорықтарымен бірге VIII ғасырдың басында басталды. Араб әскерлерінің басшыларын тұңғыш ислам дінін уағыздаушы деуге болады. Оған қоса мұсылман дінін уағыздаушы мұсылман саудагерлері мен қолөнершілері өз айналымдарында көптеген түркі елдерінде осы дінді таратқандар араб әскерлерінің алдыңғы қатарында болды.

Түркілердің арасындағы исламның беделі IX-X ғасырларда шамамен 820 жылдан 1000 жылдарға дейін болған қазіргі Түркістанның мәдени облыстары Орта Азиядағы Иран Саманид династиясы билік жүргізген кезден басталды; Амудария өзенінің арғы жағында орналасқан арабтардың бұл облыстарында Мауереннаһр, Дженд, Хувера, Яникент қалалары пайда болды.

Араб билеушілері дін таратуға өте қатал келді: жергілікті халықтың көне мәдениеті мен өнерінен жұрнақ қалдырмауға тырысты. Хорезмдік ғалым Әбу Райхан әл-Буруни (973-1048) X ғасырдың басында жазған “Өткен ұрпақтардың ескерткіштері” атты кітабында былай деді:”Кутаиба, бин Мүслім әл Белиқи әр түрлі тәсілмен бұрынғының бәрін таратты, жойды: хорезмдіктердің жазу-сызуларын, кітаптарын, бумаларын өрттеп, бұрынғы дін қызметкерлерін, аңыз-әңгімелер білетін адамдарды, ғылым байлықтарын түгел құртты, хорезмдіктердің исламға дейінгі тарихы түгел көрге көмілді, оны қазір ешкім де білмейді”2.

Араб билеушілері жаулап алған жерлерінде өздерінің мемлекеттік тәртібін орнатты, жергілікті халыққа ислам дінін қабылдатты, араб тілін, араб әліппесін үйретті, араб мәдениетін таратты. Оқу, білім, өнер, әдебиет - бәрі де араб тілі, араб мәдениетінің ықпалында болды, сол бағытта дамыды.

Исламды қабылдаған Сатук Богра хан бірінші түркі ханы - Қашқардың билеушісі болып есептелді. Ол 955-956 жылдары қайтыс болған және оның бейіті осы күнге дейін Артыш қыстағында тұр. Дегенмен кейбір мәліметтерге сүйенсек, түркі халқы исламды 960 жылы, сол X ғасырда Сырдарияның төменгі ағысындағы оғыз халқының бір бөлігі қабылдаған.

Белгілі ғалым Бартольдтың айтуы бойынша, түркі ханы Сатук Богра хан Абданкерім исламды өз халқымен бірге 955-956 жылы қабылдады. Ол Сатук Богра хан династиясынан Қарахандықтар династиясына көшті.

Географиялық әдебиеттерде түркілердің арасында исламның таралуы туралы деректер жоқ: тарихшылардың айтуынша исламның қабылдану уақыты- 960жыл. Бұл дерек Бағдат жазбасында кездеседі, алайда ол туралы ешқандай нақты құжат жарияланбаған. Шын мәнісінде мұсылмандықты бірінші Қарахандықтар Қашқарды билеп тұрды, Самархан мен Бұхараны жаулап алды. Басқа түркі халықтарының көпшілігі исламды 1043 жылы қабылдады.

Баласағұн 940 жылдан бері мұсылман қаласы болып есептеледі.

Әрине, жекелеген қалаларда сауданың жандануы бұрын мұсылман емес халықтардың ислам дінін қабылдауына ықпал етті.

XI ғасырда ислам діні Шығыс Түркістанға, Лоп-Норға жетпеді. Себебі солтүстік жолда шекаралық пункт Куча мен Бугур, ал оңтүстікте Черчен болды, яғни Қашқардан арғысы тасада қала берді.

Ислам мәдениетінен тысқары Шығыстағы ұйғырлардан ол кезде солтүстік-батыста көп санды қыпшақ бар еді. Олар Ертіс өзенінен шығысқа қарай созылып жатқан.

Ислам буддизм мен христианнан кейін келгеніне қарамастан, әлемдік және нағыз даңқты дінге айналды. Яғни ол бір халықпен шектеліп қалмады.

Манихей діні де әлемдік дін болған жоқ. Буддизм алғашында кең насихатталғанымен, шығыс азият әлемінен аса алмады. Түркілер арасында исламның беделі үстем болмай тұрғанда, сондай-ақ мұсылман дінінің насихатталуы жеткіліксіз жүргізілген жерлерде - Батыстың бір топ халықтары, Шығыс және Оңтүстік моңғолдар христиан дінін қабылдады. Қазір христиан діні тек Европалықтардың діні болып саналады.

1. 2 Дін және қоғам.

Ислам - Жаратушы ұлы тәңір Аллаһ Тағала иманды және мойынсұнуды білдіретін нағыз бір тәңірлі тәухид нанымы негізінде пайғамбар Мұхаммед/ с. ғ. у. 569-632/ тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсіндірілген әлемдік монотеистік дін. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өміріндегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Ислами ұғымда бұл дін абсолютті құдырет иесі жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейінгі барлық адамзатқа және заманға жіберілген дін. Ислам - ақыл иелері мен күллі махлұқаттың ұлық жаратушының құдыретіне тәсілім болуының, мойынсұнуының және дүниедегі өмірді белгілі бір тәртіпке келтіретін құдайы жүйенің, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. Ислам сөзінің түбірі арабшадағы “сәлиме”, “силм” етістігі. Бұлар және осы түбірден жасалған “сәлм”, “сәлам”, “әслеме” сөздері сөздікте бейбітшілік, тыныштық, амандық, татулық, келісім, тәсілім болу, берілу, сәлеметтілік, сенімділік дегенді білдіреді. Қысқаша айтқанда, “сәлиме” етістігі бейбітшілікті қалайтын бір биік күшке, билікке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июді және тыныштық һәм амандыққа берілуді және бұл мәртебені жалғастыру үшін қажетті істерді жүзеге асыруды білдіреді.

Исламның не екенін дұрыс түсіну үшін бұл сөзбен түбірлес сөздердің мағыналарын әбден біліп алған жөн. Сонда, исламның тек сенім мен этикалық құндылықтардан ғана құралмағаны, батыс ұғымындағы “религия” сөзінің исламды түсіндіруде әлсіз болатындығы анық болмақ. Ислам сөзі сенім мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбітшілдік пен татулықты, жүгіну мен тепе-теңдікті, тұтастай өмір сүру салтын білдіреді.

Ислам күллі ғаламдағы барлық махлұқтар мен заттар бағынатын өмір сүру, тіршілік ету формасы. Сондықтан, барлық субстанциялар мен жәндіктердің табиғи өмірі ислам халінде болады. Олардың іс-әрекеттері мен тіршілігінде бас көтерушілік, хаос, асылық байқалмайды. Барлығы да тәңірлік заң шеңберінде өмір сүреді. Ал ақыл иесі адам баласы өз еркімен исламды ұстанатын болса, онда оның өмірінде де ислам, яғни бейбітшілік, тепе-теңдік болады. Енді исламдағы “дін” ұғымының мағынасын анықтайтын болсақ:араб тіліндегі дін сөзі “дәйн” түбірінен шыққан, үстемдік, егемендік, бас ию,, қарыздану, тапсырылу, біреудің бұйрықтарын орындау, оның билігін мойындау, заң, жол, әдет, есепке тарту, жаза беру, сыйлыққа бөлеу, үкім, мүлік, дағды сияқты көптеген мағыналарды білдіреді. Осы түбірден жасалған және Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі болып табылатын “Дәййан” абсолютті құдірет иесі, әр істің бодауын беретін, хикметпен басқаратын, егемен күш иесі дегенді білдіреді. Ал осы түбірден жасалған “мәдин”-құл; “мәдине” -қала; “Тәмәддун” -дінді яки қалалық; ”Тәдаййұн” - қарыздану; “дийанат”-дін және милләт; “мұтәдәййин”- діндар һәм мойынсұнғыш дегенді білдіреді. Демек, дін дегеніміз- аса биік билік иесіне мойынсұнып, оған бағыну және оныңбұйрықтарын орындау дегенді білдіреді.

Ислам дініндегі ең маңызды ғибадаттардың бағзылары мыналар: Құран Кәрімді оқу және түсіну, ғылыммен шұғылдану, намаз оқу, дұға ету, Рамазан айында ораза ұстау, зекет беру, Меккеге қажылыққа бару, ізгілікті ғамалдар істеу, адал жолмен ризық табу.

Ислам қоғамының мүшелері ағайындар болып табылады. Адамдардың нәсіл, тіл, әлеуметтік мәртебе, шыққан тегі жағынан үстемдігі болмайды, барлық адамдар тең дәрежелі, үстемдік тек имандылықта, рухани қасиеттерде, тақуада, яғни Аллаһтың бұйрықтарын орындап, тыйғандарынан аулақ болып, кәміл мүмин болуда. Ислам діні жамағатты, яғни адамдардың ұйымдасып, бірге, бірлікте болуын уағыздайды. Бұл бірліктерлік құр масса болып бірігу емес, саналы һәм үйлесімді бірліктелікті білдіреді. Ислам дінінің қағидалары тек дұрыс ұйымдасқан жамағат болғанда ғана толыққанды жүзеге асырылады. Жамағат болып ұйымдасқан мұсылмандар бірін-бірі әбден танып, бірін-бірі жақсы көріп, біріне-бірі көмек беріп ынтымақтастықта болады. Олар бір-бірінің кем-кетігін түгендеп тұрады. Намаз, қажылық, зекет сияқты көптеген ғибадаттар ылғи да көпшілікті, жамағатты талап етеді.

Ислам діні барлық қатынастар мен іс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын дін. Әсіре сілтеушілікті, әбден асуды, ысырапшылықты, шектен шыққан азғындықты қоштамайды, дүниелікті жексұрын санамайды. Құран Кәрімдегі көптеген аяттарда мұсылмандардың тек ахиретте ғана емес, сонымен қатар дүниеде де ізгі нығметтерге бөленетіні білдірілген /2/201, 7/156, 16/122, 10/64/. Сол себепті ахиреттегі бақытқа ие болу үшін дүниедегі бақытты тәрк ету талап етілмейді. Мұның айқын нәтижесі ретінде мұсылмандарда қоғамнан тыс өмір сүретін діни тап қалыптаспаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Қоғамның рухани дамуындағы ислам дінінің орны мен ролі
Қазақстандағы ислам жайлы
Қазіргі заман ислам философиясының методологиялық ерекшеліктері
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz