Кітапханалық анықтамалық библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Библиографиялық ақпарат теориясының негіздері.
1.1 Құжаттық коммуникация
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Библиографиялық ақпараттың жүзеге асу
формалары ... ... ... ... ... ..12
1.3. Құжаттық және библиографиялық
қажеттіліктер ... ... ... ... ... .. ... ... 21
2. Библиографиялық ақпараттың функциялары
2.1. Библиографиялық ақпараттың функцияларының анықтамасы ... ... 30
2.2. Библиографиялық ақпараттың
құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.3. Ғылыми ұғым ретіндегі библиографиялық
ақпарат ... ... ... ... ... ... ..42
3. Қазақстан интернет ресурстары.
3.1.Интернет ресурстары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
46
3.2. Интернет жарнама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 49
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 5
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 57
Қосымша.№ 1. Библиографиялық қызмет.

Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі. Ертеңі бар елдің жастарын өркениет әлеміне
бастап жол көрсету, мәдениет көшінен қалдырмай, артымызға тәрбиелі,
білімді ұрпақ қалдыру ісіне жағдай жасап ықпал көрсету әр кітапханашының
алға қойған мақсаты мен мүддесі. Оқырмандарымыздың қызығушылық танытып,
құмартып кітап қарайтын орны – белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша
көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды ашық көлемді кітап
көрмелері.
Адам бойындағы табиғат сыйлаған керемет қасиет, асыл қазына-
ақыл, ой, сана. Ол ұзақ уақыт қалыптаса-қалыптаса бүгінде қайран
қаларлық шырқау биіктерге көтеріліп отыр. Әлі де шарықтай берері
даусыз. Осы кереметтердің таң-тамаша қала отрып риза болар жемісі-
кітап. Насихаттың нағыз орталығы болып табылатын кітапханаларымыз да
осы саладағы міндеттерді жүзеге асыруға тиісті Кітапханаларымыз
өзінің алдағы кездегі көпшілік арасындағы тиянақты ұйымдастыру
жұмысының барысында халықтар арасындағы достық пен ынтымақты, ата
заңымыз - Конституциямыздың еліміздің рәміздерін, құқылық
мемлекеттігімізді, жоғарыдағы келелі кеңестегі бағдарламалық
проблемаларды көпшіліктің құлағына, санасына мықтап құя беруге
кірісуі керек. Сонда ғана біз қазіргідей өтпелі кезеңнің
ауыртпалықтарын жеңуді идеологиялық парыздарына өзіміздің үлесімізді
қоса аламыз. Жаңа мақсаттар мен ауқымды міндеттер тұрғысынан алып
қарағанда Қазақстан Республикасының кітапханалар жүйесі халқымыздың
рухани талап-тілегін қанағаттандыруға қаптап жететін әрі ұшан-теңіз
дүние.
Студент оқырмандардың әр минуты санаулы, ғалым ұстаздарымыздың уақыты
тығыз, сондықтан кітап көрмелерінен өздеріне керекті деректерді және кітап
белгілерін тездетіп анықтап алуға көмегін тигізетін де кітап көрмесі екенін
тәжірибемізден білеміз. Бергі уақытта қоғамдық қатынастар, жас
оқырмандардың санасы, менталитеті айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Рухани
құндылықтар басқаша формаға ауысып, насихаттау жұмыстарына да өзгерістер
еніп жатыр.
Кейбір жас оқырмандар романтик болса, кейбіреулері тарихқа көп
үңіледі, ал енді біреуі бүгінгі күннің жаңалықтарымен қанағаттанады. Жалпы,
бүгінгі жас оқырмандардың бойында кітап оқуға деген құлшыныс бар ма? деген
сұраққа: дәл бұрынғыдай жаппай оқу негізінің ауылы алыста- деген жауап бар.
Дегенмен де, уақыт талабы болып отырған кітап оқусыз, жаңалықсыз ешкімнің
де алға баса алмасын көзімізбен көріп отырмыз. Жастардың кітапты қызығып
оқитын мезгілі жастық шағы екені де белгілі. Атақты ақын - жазушыларымыздың
ғылыми шығармаларынан топтап жасалып жүрген кітап көрмелеріміз кітапты
насихаттау жұмысының ең бір тамаша кепілі.[1, 12-15б.]
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы жолдаудың мемлекеттік
деңгейде білім беру жүйесінің кітапханаларында кітаппен қамтамасыз ету
жағдайында, оқулықтарды толықтыру және пайдалану мәселелеріне жетік назар
аударылады. Биылғы жылғы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауында: Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.
Сондықтан көпшілік кітапханада кітап қорының осы жағдайларды негізге
ала отырып сапалы және көлемді толықтырылуына аса зор көңіл бөлінуде.
Көпшілік кітапхана өзінің дәстүрлі жұмыс түрлерін төмендегідей
қызметтерімен байыта түсіп, кітапхананы пайдаланушыларға иновациялы түрде
қызмет көрсетуде.[2, 12-13б.]
Мәселені құрастыру дәрежесі: Кітапхана ісіндегі қазіргі күнге сәйкес
Кітапханалық анықтамалық библиографиялық ақпаратты ұйымдастырудың тиімді
жолдарын қарасытырып, оны кітапхана жұмысында оқырмандардың сұранымын
қанағаттандыру мақсатында тиімді пайдалану жолдарын ұйымдастыру.
Объектісы: Кітапханатану, библиографиялық өнімдерді құрастыру,
электронды түрде қызмет көрсетудің тиімдігін зерттеу. Түрлі жаңалықты
ақпараттық иновациялық өнімдерді пайдалану, кітапханалық анықтамалық
библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру қызметін дамытып жаңа заманға сай
жүргізу жұмыстарын қарастыру.
Пәндік: кітапхананың бибилиографиялық құралдарын құрастыру құралдары.
Электрондық құралдар мәселелері.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Кітапханалық анықтамалық библиографиялық
ақпаратты ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарасытырып, оны кітапхана
жұмысында оқырмандардың сұранымын қанағаттандыру мақсатында тиімді
пайдалану жолдарын ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары: Кітапхана жұмысын басқарудағы түрлі
библиографиялық және кітапхананың ақпарат қорларын бәсекелестікке жетуд
іқамтамасыз ету, оның бағдарламасымен жабдығын
қамтамасыз ету мамандармен құжаттар, өндіріске керек жабдықтар т.б.
қызмет. Кітапхана өндірісіне кедергі иновация (жоғарғы қызмет көрсетумен
кітапхананың бәсекелестікке төтеп беретін өнімдерін шығару.
Кітапхана құрлымындағы иновация жүйелері: басқару, технология,
өндіріс иновация нарығы жағдайында нәтижелі қызмет көрсетуді қамтамасыз
ету. Осы дипломдық жұмысымжы жазу барысында кітапханалық анықтамалық
библиографиялық ақпаратты ұйымдастырудың жолдарын қарастырып оқып білдім.
Дипломдық жұмысты қорғаудағы негізгі ережелер: таңдап алынған тақырып
бойынша кітапханалық ақпараттық библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру
жұмыстарын саралап, тағыда басқа кітапхана жұмыстарын иновациялық
жұмыстардың түрлерін көбейту туралы қарастырдым. Және оларды бір – бірімен
салыстырып көрдім. Осы жұмыстарымды кітапхана оқырмандарына арналған
көпшілік шарада қолдандым. Осы жұмыстарымды дипломдық жұмысымда жаздым.
І. Библиографиялық ақпарат теориясының негіздері.
1.1 Құжаттық коммуникация жүйесі.

Алғашқы қолжазба кітаптар мен оның оқырмандарының пайда болуы
құжаттық коммуникация жүйесінің шығуына себеп болды.
Шын мәнінде, өзгерістің болуы құжаттық коммуникация жүйесінің
тарихында кітап басу ісін ойлап шығару, өзгерістің кезеңнің пайда болуына
әкеп соқты.
Сондықтан кітап басу ісін ойлап табу өзінің мән – мағанасында
адамзат өркениетінің жетістіктерімен көзге көрінді.
Құжаттық коммуникация жүйесі сонау тарихы дамыған кітап шығару
түрлерінің бар екендігін және қазіргі кезеңдегі оның бастаушы рөл
атқаратындығын табуға тырысады. Соның нәтижесінде оның құжаттық
коммуникация жүйесіндегі нақты әсерлердің әртүрлілігіні ұдайы көбейтеді.
Қазіргі уақытта жүйе адамзат өмірінің қызмет саласындағы орасан зор ауқымды
күрделі құрлыммен тармақталған, үйрену үшін онымен байланысты негізгі
түсініктемені білуді қажет ететін сала болып табылады.
Құжат – бұл ақпаратпен материалдық тасымаладаушы біртұтастығынан
тұратын күрделі объект.
Құжаттардың қоғамдағы қызметі – құжаттық коммуникация жүйесі арқылы
әлеуметтік ақпараттың сақталуы болып табылады. Құжаттар қызметі адамзат
өмірінің барлық жақтарын, яғни олардың жеке және әлеуметтік қарым –
қатынастарын қамтиды.
Ақпарат тұтынушы - әр түрлі ақпарат қайнарларын пайдаланатын (ғылыми,
өндірістік, шығармашылық, оқу мақсатындағы т.б.) адам және ұжым.
Құжаттық коммуникациялар – құжаттардың көмегімен жасалатын, айталық,
адамдардың арасындағы өзара ауызша түрде жүргізілетін қарым – қатынасынан
айырмасы қоғамдағы ақпарат таратушылардың хабарлар тәсілдері мен
процестері.
Құжаттық коммуникациялар – құжаттардың көмегімен (айталық адамдар
арасындағы ауызша түрде жүргізлетін қарымқатынасы) іске асырылатын
қоғамдағы процестер немесе ақпарат тараудың жолдары.
Құжаттық коммуникация жүйелері – құжат ақпаратты тұтынушы жүйесі
бойынша қоғамдағы құжаттар қызметін анықтайды. Ол ақпаратты коммуникацияның
үлкен құрамдық жүйесіне ене отырып, өңдеуін, сақталуын, әлеуметтік ақпарат
ретінде құжаттарда қолдануы мен таралуын қамтамасыз етеді.[3, 4-5б.]
Құжаттық коммуникация жүйесі бүкіл адамзат әлеміне түгелдей қызмет
етеді. Оның маңызын жаңа дүниеде қайта бағалау мүмкін емес.
Құжаттық коммуникация жүйесіне редакциялық баспа ісі, архив ісі,
ғылыми – ақпараттық қызмет және библиографиялық қызмет кіреді.
Кітап ісі немес кітап жүйесі оқырман неғұрлым көп дамыған, көп
таралған алғашқы тарихи құжаттық коммуникация жүйесінің тіршілік ету
формсы.
Барлық әлемде кітап саны, журналдар, газеттер және басқа ақпараттық
құжаттардың қайнарлары лек – легімен үдей түсуде.
Бүгінгі күнгі адамзат әлемі дем беріп отырған баспа шығармаларының
жалпы көлемі шын мәнінде орасан зор үлкен мөлшермен бүкіл әлемге жетті десе
де болады.
Барлық әлемдегі шығып жатқан журналдар мен газеттерді саусақпен санау
мүмкін емес, олардың көлемі жылдан – жылға арта үсуде.
Сондықтан құжат пен тұтынушы арасында арнайы келістіруші қажеттілік
пайда болады, яғни рационалдық және нәтижелік көмек арқылы қоғамнан
қолдауға жиналған орасан зор құжаттық ресурстар.
Құжаттар мен ақпарат тұтынушылар арасындағы делдалдық қызмет
атқаратындардың қатарына библиографияда кіреді.
Құжаттық коммуникация жүйесінің ертедегі тарихи дамуында ақпарат
кедергілері түріндегі ішкі қайшылықтары ақпарат алуға көп кедергілер
келтіріп келді.
Құжаттық коммуникация жүйесіндегі ақпарат кедергілерін 3 топқа бөлуге
болады:
1. Объективті ақпараттың кедергілері:
- Құжаттың тұрған орнының белгісіздігіне байланысты, үлкен құжаттық
массивтерден іздеу қажеттілігінен туатын кеңістік кедергілері.
- Тасымалдау жағдайларымен, географиялық изоляциялау, құжат пен
тұтынушы аралығына байланысты болатын географиялық кедергі.
2. Ақпараттың ақпарат тұтынушыларына байланысты кедергілері:
- Құжаттағы сөздің қалай жазылғанынан пайда болатын тілдік
кедергілер.
- Психологиялық – бұл жанр немес басқа жанрлық тақырыптарға жаңа
ақпарат қайнарларының түрлеріне, сонымен қатар көркемдік
ұнасымдылық жағының жетіспеушілігін пайдалану, әрдайым ынталы көңіл
күйіне қоршаған ортаның әсер етуі т.б. нәтижесінен туатын теріс
ұғым.
- Керекті ақпаратты қабылдаудан бас тартатын сенімсіздік көзқарастағы
қиял, елес кедергілері.
- Стратегиялық ізденіс кедергілері, ол құжаттық ізденістің дұрыс
жолдарын талдай алмағандығына байланысты болатын кедергілер.
- Уақытша кедергілер, шектеулі уақыттан тұратын ақпараттың ізденіс
кезіндегі кедергілер.
- Тұтынушының ақпарат басылымдарын қолдауына немесе ақылы қызмет
көрсету құралдарының жетіспеушілігіне байланысты болатын
экономикалық кедергілер.
3. Ақпарат кедергілер құжаттық коммуникация жүйесіндегі құжат
пайдаланушы және келістіруші адамның арасында пайда болады.
- Ведмостволардың әкімшілік құрылымына байланысты құжаттардың шығуына
кедергі болатын ведмостволық кедергілер.
- Редакциялық - баспа кедергілері мақалалардың жариялануына кедергі
болатын, олардың ең төменгі сапалылығына және ақпараттың көптігіне
байланысты кедергілер.
- Стандарттардың жариялануын болдыртпау мен сақталмаушылығына
байланысты кедергілер.
Ақпарат тұтынушыларға қызмет көрсетуде кідірістерден басқа да
кітапханалық библиографиялық кемшіліктерден пайда болатын кедергілер.
Библиографиялық делдалдықтың негізгі ерекшеліктері, оның жалпы
түпкілікті өзгерістері, каталогтық, каталогсыз библиографиялық ақпараттық
түрге жататындығы және оның жұмыс барысындағы құжатсыз тұтынушыға
мәліметтердің берілуі.
Құжаттық коммуникация жүйесіндегі кездесетін қыйыншылықтар мен
кездейсоқтық мәселелерге құжаттар туралы осындай ретке келтіретін мақсаттық
мәліметтер қарама – қайшы болып келеді. Адам осы мәліметтерді құжат пен
тұтынушы арасындағы сәйкестіктің көмегімен жүзеге асырып, ұйымдастырып,
белгілеп жазып алуы – барлық библиографиялық қызметтің негізгі мазмұны
болып саналады. Ал құжаттар туралы мәліметтер библиографиялық ақпарат
деген түсініктемеге кіреді. [4, 3б ]
Нақты кітапханалық қызмет көрсету жалпы маркетинг теориясының жеке
артықшылығы мен қызмет көрсетуші өз тұтынушысына не керегін тауып беруге
міндетті, бірақ ол керек нәрсені басқа жерден ала алмайды. Бұл қағиданы
сақтау арқылы тұтас кітапхана қызметінде жалпы басқа кітапхана қызметінің
өнімі, білім ақпарат ағартушылық ұйымдарымен тығыз байланысты.басқарудың
өзгеше міндеті: оның артықшылығын анықтау, кітапхана стратегиясын анықтау,
оқырмандардың оған көңіл аударуын, қызметті өркендетіп және жетілдіру
дифференциял артықшылығын сақтау.
Маркетингтің бірнеше түрлері болады, эволюция өркендеуіне септігін
тигізді; сауда қызметі; тауарларды сатып өткізу шаралары және қызмет
көрсету; нарықты басқару тұжырымдамасы философиялық басқаруды өзгерту.
Осыларды кітапхана ісінде қарап көрелік.
Біріншіден маркетинг тауар айналымы, бөлу жүйесінің синонимі, ол
өзінше динамикалық элемент ол күрделі нарық жүйесін қозғалтады. Оны іске
асыру үшін, жағдай жасалуы керек, ұсыныс жасалып барлық тауарларды сатып
алушыға жеткізу болып отыр.
Кітапханада бұл қызмет құбылысында кітап қорларын
пайдаланушыларға ұйымдастырылып жеткізу. Бұл арнаулы кітапхана қызметінің
бағытын күшейту, оқырмандарға қызмет көрсетуді жақсарту. Мұнда мынадай
жағдайлар қалыптасқан, оқырман кітапхана қызметіне қызығушылық тыныста,
ақпарат жетіспеушілігін сезінеді, және ол кітапхана қызметінің қандайда
болсын жағдайын қабылдайды, (кітапханашы ұсынған өнімді қабылдайды).
Маркетингтегі мынадай жағдай сатушы нарығы деген атпен енеді. Бұл жерде
кітапхана табиғи монополияға айналды және ол қызмет көрсетуде өз жағдайына
түрлі шарттарды енгізе алады. (пайдаланушы оқырман сол шартқа көнеді).
Библиографиялық шолу – библиографиялық құрал немесе ауызша библиографиялық
хабарлама түріндегі, құжаттардың мазмұны туралы баяндалатын қысқаша
сипаттама.Библиографиялық шолу дәстүрлі библиографиялық құралдардың
негізгі бір түрі ретінде қарастырылады. Онда бөлек библиографиялық жазбалар
немесе әр түрлі құжаттар туралы мәліметтер олардың өзара мәтінімен
байланысты біріктіріледі. Ереже бойынша библиографиялық шолу 2 бөлімнен
тұрады: негізгі аналитикалық бөлімде,яғни белгілі бір құжаттар жайында
ескертулер(авторы, тақырыбы) және олардың библиографиялық сипаттамасы,
екінші бөлімінде ескертпелер мен тізім формасындағы стандартталған
библиографиялық сілтемелер болады.
Библиографиялық шолу құжаттардың библиографиялық сипаттамасының
негізгі бір тәсілі болып табылады. Ол топтық аннотацияның логикалық даму
формасы бола отырып,құралдардың және оның ішкі бөлімдерінің кіріспелік
ескертпелерінде қолындалады. Қазіргі кезеңдегі библиографиялық іс –
тәжрибеде ол ғылыми – көмекші библиографияда, әсіресе көпшілік
библиографияда қолданылады.
Библиографиялық ғылымға және библиографиялық іс – тәжрибесіне
библиографиялық құралдардың өздері жайындағы шолулар маңызды рөл атқарады.
Олар құралдың ерекше түрі бола отырып(библиографияның библиографиясы) және
ғылыми библиографиятану шығарма ретінде қарастырылады. Магнит таспаларына
жазылып алынған ауызша библиографиялық шолулар көзі көрмейтін және нашар
көретін зағиптарға арналған кітапханалардың іс – тәжрибесінде қолданылатын
аудио – библиографиялық құралдар болып табылады. Ауызша библиографиялық
шолулар сараланғае библиографиялық хабарлама немесе көпшілік (әмбебап)
кітапханалардағы ұсыныстық – библиографиялық қызмет көрсетуге кең таралған
формаларының бірі.
Библиографиялық шолу жайлы мындай қағида бар: Шолу дегеніміз –
белгілі бір тақырып бойынша, белгілі бір уақыт аралығында шыққан ғылыми
құжаттардың мазмұны жайлы қысқа түрде берілген ғылыми шығарма. Бұл тақырып
жайында айтқанда, библиографиялық шолу дегеніміз, белгілі бір ізділікпен,
белгілі бір құжаттар жайлы қысқаша шолу жасау деп түсінуіміз керек.
Библиографиялық шолудың түрлері – кітаптарға, басылымдарға, аудиовизуалдық
құжаттарға шолу болып бөлінеді.Әр шолу түрінің өзіндік ерекшіліктері бар.
Шолудың жеке түрлеріне – ақпараттық шолу, жаңа түскен кітаптарға шолу
жатады. Олар әмбебап және тақырыптық болуы мүмкін. Кітапханалардың
көпшілігі осындай шолудың түрлерін өткізуді әдетке айналдырған.
Басылымдарға шолудың өзі екіге бөлінеді: газеттерге шолу және
журналдарға шолу. Шолудың тағы бір түрі – кітап көрмесіне шолу. Бұл кітап
көрмесіндегі шығармаларды насихаттау үшін жасалады. Бұл жерде,
ұйымдастырылған кітап көрмесінің маңыздылығын, оның тақырыбына, оның
өзектілігіне назар аударылуы керек. Сонымен бірге, белгілі бір кітаптардағы
суреттерге, иллюстрацияға оқырманның назарын аударып, қызығушылықтарын
тудыру қажет. Соңғы кезде библиографиялық шолудың жазба түрі – дайджест
қолданыла бастады. Дайджестің түсінігін былай беруге болады – Басқа
басылымдардан қысқартылып және жеңілдетіп басылған мәліметтер.
Библиографиялық шолулар аузша жасалса, дайджест жазба түрдегі
библиографиялық шолу. Дайджестер де әр түрлі болады, олар рефераттар,
аннотациялар, түйіндеме(резюме) Олардың – журнал – дайджест,
анықтамалық – сараптамалық журнал дайджест, дайджест – конспект,
дайджест – кітапхана түрлері біздің жұмыстарымызға еңгізіліп отыр.
Мысалы, қандай да бір дайджесті құрастырғанда белгілі бір сала бойынша
шыққан кітаптардың қысқаша шолуын жасап, дайджестегі әр құжат соңынан
дерек көздері жайлы рефераттар беріліп отырады. Библиографиялық шолудың
келесі бір түрі тақырыптық шолу. Қазіргі кезде шолуларды аудиовизуалдық
құралдарды (аудиожазбалар, бейнежазбалар, слайдтар, бейнефильмдер)
пайдалану арқылы жүзеге асыру дәстүрге айналып келеді. Бейне мәліметтерді
қолданудың үш жолы бар. Бірінші,кіріспе сөзден кейін бейнематериалдарды
көрсету, екінші, шолу жасалып болғаннан кейін, үшінші ең күрделісі, шолу
өткізіліп жатқан кезде қолданылып, беріп жатқан ақпаратпен бірігіп, біте
қайнасып, шолудың мәнін, маңыздылығын аша түседі және тыңдарманның
қызығушылығын тудырады.
Библиографиялық шолуға дайындық та кітап көрмесіне жасалатын
дайындықтың кейбір элементтеріне ұқсайды. Бұл жерде де шолудың тақырыбын
таңдау маңызды рөл атқарады. Шолудың мақсатына, қандай оқырман тобына
арналғанына баса назар аудару керек. Бір тақырып бойынша жасалған шолу әр
оқырман тобы үшін әр түрлі болады. Мысалы, Өскеменнің экологиясына арналған
шолу,студенттер үшін бір бөлек, төменгі сынып оқушылары үшін басқаша
дайындалуы керек. Оқырманның жас ерекшелігі міндетті түрде ескеріледі.
Тақырып таңдап алғаннан кейін, керекті кітаптарды іріктейміз. Ол алты не
сегіз дана болуы керек. Сондықтан шолуға ең жаңа, ең маңызды жақсы кітаптар
таңдап алынады. Шолу қағазға қарап жасалмайды,сол себепті шолу жасайтын
кітаптармен жақсы танысу керек,беретін мәліметіңді өзің жете білуің қажет.
Содан кейін мультимедиа материалдарын таңдауың керек. Шолу өзінің құрылымы
жағынан үш бөлімнен тұрады. Біріншісі – кіріспе бөлім,бұл жерде
кітапханашы тақырып пен таныстырып, оның маңыздылығына, өзектілігіне баса
назар аударады. Шолуды бастауға көп көңіл бөлінеді, жақсы сөз мәнерімен
басталған шолу өзінің жемісін береді,бұл әрине кітапханашының біліктілігіне
байланысты.
Екінші бөлім – негізгі шолу бөлімі. Таңдап алынған кітап белгілі бір
жүйемен, немесе хронологияға байланысты бөлініп қойылады.Шолуға алған дерек
көздері жайлы дұрыс мәлімет беру. Бұл жерде кітапханашының өзін ұстауы,
сыртқы бет – бейнесі. Киген киімі,тіл шеберлігі,дауыс мәнері, тақырыпты
білуі – осының барлығы басты рөлді атқарады. Сонымен бірге,кітапханашының
шолуды жасай білу шеберлігі, мәліметті дұрыс беруі,автор жайлы
айтып,кітаптың тақырыбының ерекшелігіне, маңыздылығына оқырманның назарын
аударта білу қажет.
Үшінші бөлім – қорытындылау, бұл жерде оқырманның қызығушылығын
тудырып,кітапханадағы каталогтарға,библиографиялық құралдарға, мерзімді
басылымдарға жол сілтеу керек.
Библиографиялық шолу – бұқаралық жұмыстың бірі ретінде жеке ьөткізіледі
және оны өткізілген шараның соңынан да жасауға болады.Кейбір кітапханалар
арнайы шолу өткізілетін жер мен өтетін күнін белгілейді. Мысалы әр жексенбі
күні, сағат 14.00-де жаңа түскен кітаптарға шолу өткізілуі мүмкін.
Оқырмандар сол уақытқа үйреніп, ақпарат алғысы келсе міндетті түрде
белгіленген уақыттыа келіп, өзіне қажетті ақпаратты ала алады.
Кітапханаларда өткізілетін шолулардың негізі мақсаты кітап насихаттау болып
табылады. Кітапханашылардың көңілдері кітапхана жағдайына шоғырланады, ол
оқырманның жағдайы ескерілмейді. Ал маркетингтің ғылыми жағы басқа салада
қолданылады, оның себебі, нарық жағдайының өзгеруіне байланысты, кітапхана
монополиялық күшін жояды, кітапханалар саны көбейеді, ақпарат қызметтері
және басқа да ұйымдар, қызмет көрсету және тауар ұқсастықтары сәйкестіктері
пайда болды. Нарықта мұндай жағдайлар сату қызметіне өткізу және қызмет
көрсету сияқты беделді талаптар қояды. Бұл жерде өндіруші нарыққа ақпарат
береді, қай өнімді қандай сапамен шығаруға болады, оның мақсаты өз
жұмысында көбірек оқырмандарды кітапханаға тарту. Бұл жағдайда кітапхана
маркетингінде жарнама қызметі ретінде көрінеді және ақылы қызмет көрсетуді
баға құру жағдайын анықтайды, қоғамға пайда келтіру шараларын қолға алады.
Кітапхана ісінде жинақталған иновация қызметін іске асырудың
тәжірбиесі және басқа салада оны байқап зерттеудің негізгі мақсатының
түйінді мәселесі кітапхана ісін жүргізу болып табылады.
Иновация мінезінің белгісі әртүрлі жағдайларда тәртіпке келтіру мен
бірлестіру, ол кітапхана ісі мен одан тыс жерлерде де белгілі, кітапхана
иновациясын жіктеуде көп құбылысты ұсынады. Ақпаратты талдау үшін мінездеме
жолы және қортындысын иновация қызметінде іске асырып, иновация құбылысын
жіктеп, қарап морфологиялық әдісті қолданады. Морфологиялық әдіс нарықты
байқау үшін қолданылады, оның жаңалығын және иновация беделділігіне баға
беріп және оны кітапханада қолданады. Ол негізгі үш міндетті орындау үшін
қажет осы сыныпқа керекті ақпарат алу үшін, оның қабылдауын анықтау қажет;
ізденіс ізіне толық анықтау,ол бір жағдайда болуы мүмкін барлық құбылысты
іздеу осы құбылыстың барлық көкейтесті мәселесін шешу.
Көпшілік кітапхананың РАБИС бағдарламасы республика көлемінде кең
өріс жайып, ауыл кітапханаларына да жетті.
Оқырмандарға қызмет көрсету бағытында оқырмандардың ақпарат
көздеріне деген талап-тілегін толық қанағаттандыру, қызмет көрсету
сапасын, мәдениетін көтеру мәселелері бірінші кезекте тұрады. Еліміздің
ғылыми, біліми потенциалының өркендеу, даму бағытына, уақыт талабына сай
үлес қосатын жаңа үлгідегі технологиялардың озық түрлерімен жабдықталған
жаңа үрдістегі виртуальді мультимедиялы оқырман залы кітапхана
оқырмандарына Интернет арқылы әлемдік ақпараттық кеңістіктің
мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік туғызып отыр. Оқырмандарды
электронды тасымалдау жолымен кітапханада жоқ ақпарат көздерімен
қамтамасыз ету, не болмаса сырттан тапсырыс алып, электрондық байланыс
арқылы жіберу кітапхананың дәстүрлі қызмет түріне айналды.
Көпшілік кітапханасы Кітапханаларға арналған электрондық ақпарат
жобасына қатысады және Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциум
мүшесі болып табылады. Берілген келесі жоба: Academic Search FullTEXT
International ғылыми журналының деректер базасы гуманитарлық зерттеулер
саласында, өзіне тарихты, білімді, экологияны, халықаралық қатынасты,
физиканы, медицинаны, психолгияны, заң ғылымдарын, саясатты, социологияны,
компьютерлік технологияларды енгізе отырып, ғылыми журналдардың әлемдік
ең толық жинағының бірі болып саналатын, деректер базасына қол жеткізуге
мүмкіндік береді. Көпшілік кітапханаларға озық технологияны енгізу
студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, оқытушы-профессорлар
құрамына техникалық прогрестің жалпы легіне қосылуға, содай-ақ жаңа
технологиялық дәуір баспалдағының жоғары деңгейіне көтерілуге көмек
көрсетеді. Заман талабына сай ақпараттық казіргі уақыт – бағдарлама
жүйелерімен және құралдарымен студенттерге білім алуға қажетті және
қолайлы етіп қана қоймайды, сонымен бірге біздің мемлекеттің ең маңызды
әлеуметтік және ғылыми – техникалық элементтерінің біріне айналдырады.
Бүгінгі күні кітапхана қызметін пайдаланушылардың
интеллектуалдық деңгейі мен сұраныстары күрделі, мазмұны өзгерген,
сондықтан да олардың қажетті талап – тілектерін орындап, жаңа ақпарат
көздерін дер кезінде, жедел хабарлап отыру қажет. Осы орайда ақпарат білім
беру орталығының ғылыми-библиографиялық бөлімінде Жоғары мектеп
мәселелері орталығы жұмыс атқаруда. Орталықтың барлық қызмет білім
саласындағы болып жатқан оңды өзгерістерді, ХХІ ғасыр талаптарына толық
жауап беретін, халықаралық деңгейде танылатын жоғары білікті мамандар
даярлау, оқыту сапасын арттырудың бірден – бір жолы озық білім беру мен
оқытудың инновациялық технологияларын, шетелдермен интеграциялық байланыс
және тағы басқа мәселелер жайлы ақпараттарды жинақтап университет
басшылығымен профессор оқытушылар құрамына жеткізу, сонымен қатар
құжаттың көшірмесін электронды жүйеде жеткізу ЭДД арқылы жедел ақпаратпен
қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Кітапхананың ақпараттық қызметіне
компьютерлік инфроқұрылым: Интернет, тағы басқа корпоративті жүйелері
түбегейлі өзгеріс енгізуде.
Арнайы жабдықталған электронды оқу залы оқу үрдісінің тиімділігін
арттыруда, сапалы ақпараттық қызмет көрсетуде.
Ақпараттық іс - әрекеттің сапасын белсенді арттырып, электрондық
тасымалдағыш құралдары – ақпарат қорын қалыптастыру арқылы
пайдаланушылардың мол мүмкіншілікке қол жеткізуіне, жаңа электронды
ресурстар мен заңдық – нормативті құжаттар, Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігінің бұйрықтары, жоғары оқу орындарының
статистикалық бюллетені, жаңа түскен басылымдар бюллетені, тағы басқа
мағлұматтарды пайдалануға жол ашылуда. Озық технологияларды меңгеріп білім
сапасын жетілдіруге көмек ретінде төмендегідей ұсыныстық библиографиялық
құралдар шығарылды : Білім сапасы , Білім берудегі инновациялық
технологиялар, Қазіргі кезеңде педагогика мамандарын даярлау,
Оқытудағы несиелік технологиялар және Патриотизмге тәрбиелеу т.б.
Ресурыстар қажет кезінде қолданылатын қорлар, құралдар. Ақпараттық
ресурыстар қандай – да болса тасымалдаушыда тіркелген және сақталуы мен
қолдануына жарайтын ақпараттар қоры. Ақпараттық ресурыстардың тар және кең
түсініктері қолданылады: тар түсінікте – компьютерлік құралдар байланысы
арқылы мүмкін болатын, желілік ақпараттық ресурыстарды айтады, ал толық
дәстүрлі немесе электронды тасымалдаушыға бекітілген қандай – да болсын
қысқартуға және таратуға жарамды ақпарат.
Библиография және электронды ресурстар орталығының басты мақсаты
кітапханалық – библиографиялық процестерге жаңа акпараттық технологияны
енгізу және жетілдіру. Ақпараттандыру мәселелері бойынша зерттеулер,
ақпараттық ресурстарды толықтырып, жедел түрде пайдалануға ұсынуды,
кітапхана қызметкерлерінің кәсіби дамулы қолдануының нәтижесі.
Библиографиялық қызмет секторы бүкіл университетке түскен журнал,
газеттердегі материалдарды білім саласы бойынша электронды каталогтың
базасына енгізіп отырады.

1.2. Библиографиялық ақпараттың жүзеге асу формалары

Библиографиялық ақпараттың жүзеге асу формалары жүзеге асуы нақты
тарихи себептерге байланысты әр түрлі болады. Бірақ осының ішінде жалпыға
бірдей әрбір библиографиялық ақпарат библиографиялық хабарламадан тұрады.
Библиографиялық хабарлама библиографияланатын құжаттар жайындағы
библиографиялық мәліметтерден (авторы, кітаптың баспадан шығу мәліметтері
т.б.) құралады.
Библиографиялық хабарлама кітапхана – библиографиялық іс тәжірбиесі
бойынша ауызша анықтама берумен шектеледі, яғни ол оқырмандарға
библиографиялық хабарлама шолу және кеңес беру кезінде қолданылады.
Библиографиялық хабарламаның құжат түріндегі жазбаша түрі
Библиографиялық жазба деп аталады.
Элементтер санының біраз бөлігін қосып есептегенде Библиографиялық
жазба күрделі құрлым ретінде көрінеді. Библиографиялық жазбаның қажетті
бөлігі құжаттың Библиографиялық сипаттамасы болып табылады.
Осындай библиографиялық жазбаның қысқа түрі Библиографиялық сипаттама
екені белгілі. Оның басқа бөлшектері (аннотация, реферат, жіктеу индиксі,
сақтау шифрлары т.б.) қажетті мөлшерде библиографиялық жазбаға кіреді.
Библиографиялық жазбаның қажетті ең қысқа бөлігі библиографиялық сипаттама
болып табылады. Библиографиялық сипаттаманың атқаратын қызметі – ол қажетті
құжатты көптігінен нақты көрсетіп, табуға көмектесу.
Осыдан барып қортындылайтын болсақ, библиографиялық сипаттама
дегеніміз құжат туралы оны ұқсастырудағы қажетті және жеткілікті түрде
берілетін мәлімет.
Библиографиялық жазба библиографиялық ақпараттың құжаттық түрдегі
библиографиялық құралдың элементі болып табылады.
Библиографиялық құрал – бұл жалпы ой – пікірлермен, оқырмандық
бағытымен, мазмұнымен реттеп, тәртіпке келтіріп біріктірілген көптеген
библиографиялық жазбалар.
Библиографиялық ақпаратты қолдану және библиографиялық қызмет
көрсету, библиографиялау нәтижесі, библиографиялық өнімнің негізгі түрі
библиографиялық құрал. Онда библиографиялық өнімнің қызметін толық іске
асырылады.
Ол әрдайым өзгеше өлшеммен құрастырушы – библиографтардың жеке қасиеті
мен шығармашылық қаблеттілігін көрсетеді, әсіресе көпшілік көмекші
құралдарда. Библиографиялық құрал көбінесе көптеген жылдар аралығында
құрастырылады. Бір ғана библиографиялық жазбадан (библиографиялық плакат)
немес бірнеше миллионға дейін (ірі кітапханалар каталогтары) жазбадан
тұратын библиографиялық құралдар болады.
Осы уақытқа дейін библиографиялық құралдардың жетілдірілуі жайында
мәселелер шешілмей келді. Библиографиялық құралдардың жетілдірілуі жайында
мәселелер шешілмей келді. Библиографиялық құралдардың жалпы және арнайы
болып бөлінуі неғұрлым ең қолайлы тәсіл болып саналады. Ереже бойынша жалпы
библиографиялық құралдар құжаттарды сараптау арқылы оның формасының
негізгі белгілері бойынша ( басылым, қолжазба, электрондық ресурыстар),
басылым түрлері, басылым тілі, баспа, авторлық белгілері қамтылып
көрсетіледі.
Арнаулы библиографиялық құралдарда әр түрлі формалар мен белгілері
бойынша құжаттар көрсетіледі, кейде (тілі, орны, басылымның шығу мерзімі,
құжаттардың түрлері т.б.) формалды белгілер бойынша шек қойылады.
Библиографиялық құралдарды топтастырудың түрлері:
Библиографиялаудың синтездік шағын кезеңінің екінші процесі
библиографиялық жазбаларды топтау болып табылады. Ол оқырмандардың құралдан
жақсы бағдар алуына, қажетті материалдардытез табуына, олардың арсындағы
өзара байланысты көре білуіне көмектеседі; ал бірқатар жағдайларда басылып
шыққан шығармалармен танысудың тәргібін, ретін көрсетіп те береді. Топтау
негізгі үш операцияны: бүкіл жазбаларды таңдап алған белгілері бойынша
белгілі бір топтарға бөлуді; бөлімдердің, бөлімшелердің,рубрикалардың және
т.б. реттілігін анықтауды: рубрикалардың ішінде жазбаларды (кіші
рубрикаларды), яғни ішкі ең соңғы бөліністер дейтіндерді орналастыру әдісін
таңдап алуды қамтиды.
Топтаудың нақтылы бар әдістері мейлінше сан алуан, ал олардың
қайсысын таңдап алу құралдың жалпы ой төркініне, қандай мақсатқа және
қандай оқырманға арналатындығы, библиографияланып отырған документтің
сипаты мен мазмұны арқылы анықталады. Алайда, библиографиялық хабарламаның
негізгі қоғамдық қызметі жөніндегі түсініктерді басшылыққа ала отырып,
топтаудың ең алдымен 3 әдісін: формальды,мазмұндық және ұсыныстық әдістерін
ажыратып алу керек. Бірінші әдіс негізінен алғанда белгілі бір сипаты
бойынша нақты құжаттарды іздестіруге, екіншісі-тақырып (мазмұн) бірлігімен
байланысты баспа шығармаларын анықтауға, үшіншісі – басылып шыққан
материалдарға лардың ғылыми, көркемдік құндылығына, ұғымдылық дәрежесіне
жәнет.т. сәйкес баға беруге жәрдемдеседі.
Формальды топтаудың негізгі міндеті – құжаттардың сыртқы
белгілеріне қарап оны іздестіру, табу. Құжаттардың сыртқы белгілері дегенде
оның түрі, басылып шыққан жері, тілі, авторы кім екендігі жәнет.б. айтамыз.
Мұнда шығарманың мазмұнына, сапасын бағалауға тоқталмайды.
Кейбір жағдайларда формальды топтау құралда өз шешімін тапқан
көптеген құжаттар жайында мазмұнды түсінік алуға жәрдемдеседі. Мәселен,
хронологиялық тәртіппен (құжаттардың басылып шыққан жылдары бойынша)
орналастыру тақырып бойынша деректер тасқынының қалыптасуы мен эволюциясын
қадағалуға, басылып шыққан жері бойынша топтау белгілі бір қаладағы,
аудандағы, оьлыстағы баспа қызметінің көлемі мен сипатынан түсінік алуға
мүмкіндік береді. Материалдың авторлар фамилиясының алфавиті бойынша
орналастырылуы (мысалы, Сводный каталог русской книги гражданской печати
XVIII века, 1725 – 1800 деген еңбектің алғашқы үш томында) белгілі бір
қайраткердің шығармашылық белсенділігі мен ғылымның, әдебиеттің, өнердің
және т.б. дамуына қосқан үлесіне жақсырақ баға беруге көмектеседі.[18, 4б.]
Мазмұны жағынан топтаудың формальды топтаудан айырмашылығы – ол
библиографиялық суреттемелерге ғана негізделмейді, өйткені оларға
енгізілген құжаттар туралы деректер екінің бірінде олардың тақырыбын аша
бермейді. Мұнда библиографтың тікелей құжаттардың мәтініне немесе
аннотацияларға (рефераттарға) жүгінуі қажет. Әдетте, белгілі бір шығарма
көбінесе бірқатар тақырыптарға (мәселелерге) арналатын болғандықтан, оның
суреттемесін құралдың әртүрлі бөлімдерінде не қайталап отыру, немесе
сілтемелерді қолдану қажет болады.
Мазмұнына қарай топтау жүйелі,тақырыптық және пәндік болуы
мүмкін.
Жүйелі орналастыру қайсы бір дайын әмбебап немесе салалық
саралау схемасын пайдалануды көздейді. Бір схема бойынша құрылған әртүрлі
құралдарда материалды топтау, әдетте, (бірдей атаулар пайдаланылады және
бөлімдерінің реті де) бірдей болады. Тақырып бойынша топтаудың ерекшелігі –
ішкі құрылымы өте сақталмайды. Бұл орайда жалпы бөліну саны, олардың реті,
атаулардың тұжырымдалуы тақырыбы жөнінен ұқсас немесе бірдей көрсеткіштерде
екінің бірінде әртүрлі болып шығуы мүмкін.
Пәндік жағынан топтағанда библиографиялық жазбалар басылып
шыққан тақырыбы жөнінен жақын шығармалардың негізгі мазмұнын бейнелейтін
рубрикаларда біріктіріледі, ал рубрикалардың өздері сол шығармалар
атауларының алфавиті бойынша орналасады. Мазмұны ауқымды рубрикалар ішінен
кіші рубрикалар бөлінеді. Пәндік жағынан орналастыру хабарламаны
тұтынушының нақты, біршама тар мәселелер жөніндегі қажет құжаттарды тез
табуына мүмкіндік береді. Алайда өзінің мазмұны жағынан көп пәнді, басылып
шыққан шығармаларды әр түрлі рубрикаларда көрсету қажеттілігі құралдың
көлемін тым ұлғайтып жібереді. Оның үстіне рубрикалардың алфавит ретімен
берілуі ұқсас жазбалар арасындағы байланыстс үзеді, олардың логикалық
реттілігін бұзады және әлбетте, оқуға жетекшілік жасау мақсатына қызмет ете
алмайды. Сондықтан пәндік жағынан топтау әдетте мамандарға және даярлығы
бар пайдаланушыларға арналған ғылыми-көмекші салалық библиографиялық
құралдарда қолданылады.
Ұсыныстық топтау басылып шыққан нақты шығармаларды табуды
қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушыға құралды құрастырушы
тұрғысынан әдебиетпен жұмыс істеудің неғұрлым дұрыс жолдарын да көрсетеді.
Сөйтіп, оның ерекшелігі белгілі бір педагогикалық ниетті көздейтіндігінде.
Практикада ұсыныстық топтаудың жалпылама топтаудан бастап жеке топтауға
дейінгі (тақырыпты дамыту негізі бойынша) ұғымдылық дәрежесі (неғұрлым
оңайынан қиынына қарай) немесе ұсынылып отырған шығармалардың біршама
құндылығы бойынша әртүрлі нұсқалары пайдаланылады. Орналастырудың таңдап
алынған тәртібін құралға алғы сөзде негіздеу және бөлімдер мен топтық
аннотацияларға кіріспе ескертпелерде тиісті түсінік беру қажет.
Ұсыныстық топтауда библиографиялық хабарламаның баға беру
қызметінің ашық және белсенді түрде көрінетіні әбден айқын. Бұл қызметтің
библиографиялау үшін жалпы мәні болғандықтан, даярлығы аз адамдарға да,
хабарламаны білгірлікпен тұтынушыларға – мамандарға да, ғылыми
қызметкерлерге және тағы басқаларға да арналған құралдарда ұсыныстық топтау
берген жөн, ал топтаудың нақты әдісі, әрине, әртүрлі болады.
Шығармалардың сапасына баға беру, олардың салыстырмалы құндылығын
дәл анықтау - өте қиын міндет. Оны шешкенде кездейсоқтық пен субъективтілік
элементтеріне жол беріп алуға болмайды.Библиограф бұл кемшіліктерді ,
әдебиетті мұқият зерттеп, мамандармен үнемі ақылдасып, сыни сипатта басылып
шыққан материалдарға (рецензияларға, шолу мақалаларға және тағы басқа)
жүгіне отырып жеңе алады.
Библиографиялық құралдарда материалдарды топтаудың қолданылып
жүрген түрлерін саралаудың жоғарыда қарастырылған әдістерінен басқа әдістер
де болуы мүмкін. Мысалы, қарапайым немесе күрделі топтау болады. Бірінші
жағдайда құралдағы жазбалар қандай болса да бір ретпен орналасады, бірақ
ішіндегі материал бөлімдерге, бөлімшелерге және басқаларына бөлінбейді.
Күрделі топтауда суреттемелерді бөлімдер, бөлімшелер, рубрикалар
және кіші рубрикалар бойынша бөлу көзделеді, ал әрбір соңғы бөлінісі ішінде
де материал алдын ала таңдап алынған бір ретпен (авторлардың фамилиялары
немесе бас тақырып алфавиті, басылымның хронологиясы бойынша, әдебиеттің
түрлері бойынша, логикалық ретіне қарай – жалпыдан жалқыға, қарапайымнан
күрделіге қарай және тағы басқа) орналастырылады.
Библиографиялық құралдардың негізгі формаларына қолжазба ( машина
жазбасы), дербес емес басылымдық (кітап ішіндегі, журнал ішіндегі, газет
ішіндегі, кітапқа қосымша, мақалаға қосымша құралдар) карточкалық
(каталогтар мен картатекалар), машина оқитын (локальдық мәліметтер базалары
мен банкілері) библиографиялық басылымдар жатады.
Өзіне тән ерекше белгілері бойынша библиографиялық құралдар былай
бөлінеді: библиографиялық көрсеткіш, библиографиялық тізім, библиографиялық
шолу, библиографиялық каталог, библиографиялық мәліметтер базалары мен
банкілері, библиографиялық анықтама.
Библиографиялық көрсеткіш, тізім, шолу, басылымдар көрсеткіштері
библиографиялық құралдардың жанарына кіреді.
Құралдардың құрлымдық, компазициялық және стилистикалық
ерекшеліктерінің жиынтығы жанр деген ұғымды білдіреді.[5, 152б.]
Библиографиялық сөздіктер, әдебиет жайында жол нұсқаулар, реферативтік
журналдар ретінде көрсетіледі. Библиографиялық құралдардың жанры тарихи
жағдайларға себепші болады. Қоғамның нақты тарихи мерзімін қажетсінушіліген
ең бірінші сәйкес болатын жанр ұсынылады. Мысалы, қазіргі кезеңде ұсыныстық
библиографияда жоспар және оқу шеңбері сияқты жанрлардың жойылып, оның
орнына жаңа – көпшілік библиографиялық энциклопедиялар, монографиялар пайда
болды.
Библиографиялық құралдардың жеке адамдар, кәсіби библиограф әр
саладағы ғалымдар мен мамандар, әуесқой – энтузиастар және ұлттық,
аймақтық, сасалық, библиографиялық орталықтар (кітапханалар, кітап
палатасы, ғылыми – техникалық ақпарат ұйымдары, архивтер т.б.) шығарады.
Библиографиялық құралдарды дайындауда әр типтік кітапханалар маңызды
рөл атқарады. Олар өз қорларында каталогтарды (оның ішінде карточкалық және
электрондық), библиографиялық карточкаларды жүргізеді, жазбаша
анықтамаларды дайындайды, жиынтық каталогтар құрастырады, библиографиялық
мәліметтер базалар мен банкілерді құрады, библиографиялық басылымдарды
баспаға дайындайды. Кітапханалар өздерінің профилі бойынша өз елінде және
әлемде шығатын библиографиялық құралдарды толықтырып сақтайды. Кітапханада
сақталатын құралдардыңжиынтығы (анықтамалық библиографиялық аппарат),
ақытқтамалық оқырмандарға және абоненттерге библиографиялық қызмет көрсету
мақсатындағы, сондай – ақ кітапхананаың барлық тәжірбиелік процестерін
жүзеге асырудағы библиогарфиялық ізденістердің басты қайнар көзі болып
саналады.
Библиографиялық құралдар қандай да болмасын маңызды әлеуметтік –
мәндік белгі бойынша (мазмұны, мақсаты және оқырмандық бағдары бойынша,
аумағы, библиографиялау құжаттың түрі т.б.) библиографиялық құралдар
жүйесін (Мысалы Қазақстан Республикасының мемлекеттік библиографиялық
құралдар жүйесін, сериялық басылымдар құралдардың жүйесін) құрайды.
Библиографиялық көрсеткіш – ол едуір көлемдегі күрделі құрлым мен
ғылыми анықтамалық аппараттан тұратын библиографиялық құрал.
Библиографиялық көрсеткіш – библиографиялық құралдардың маңызды,
дәстүрлі түрі.
Библиографиялық көрсеткіш біртұтас жүйе бола отырып негізгі бөлімнен
және ғылыми – анықтама аппаратынан тұрады. Әрбір бөлім белгілі бір қызмет
атқарады. Библиографиялық көрсеткіштің құрлымы күрделі болған сайын оның
ақпараттық және ізденіс мүмкіндіктері де жоғары қойылады.
Негізгі бөлім – арнайы тәсілмен ұйымдастырылған библиографиялық
жазбалардың массиві. Библиографиялық көрсеткішке ереже бойынша ондағы
библиографиялық жазбалар, ал ең ірі көрсеткіштерге (ұлттық ретроспективтік
және ғылыми – көрсеткіш) жүздеген мың жазбалар кіреді.
Жай топтарстыру көбінесе формалдық болды (құжаттар тақырып әліпбиі
бойынша, шығармалардың жариялануының мерзімдік жазылуы, басылым жері
бойынша). Осы топтастыру құжаттың (басылымның) бір түрін көрсететін әмбебап
көрсеткіштерге тән. Мысалы, сериялық басылымдарға, персоналдық
көрсеткіштерге, жергілікті баспа көрсеткіштеріне т.б. тақырыптық болады.
Көпшілік көрсеткіштерде тақырыптар топтау қарапайым болды, белгілі бір
мәселенің аспектісін ашып көрсететін тақырыптық бөлгіштердің орналасу
тәртібі бойынша. Ұлттық ғылыми – көмекші, көпшілік көрсеткіштерде жүйелік
немесе тақырыптық тәсілдер қолданылады. Жүйелік топтастырылуда құжаттардың
әмбебап тәсілі (ӘОЖ, КБЖ,т.б.) қолданылады, нақты бір көрсеткішке арнайы
толықтырылулар мен өңдеу енгізу жиі кездеседі. Маңызды күрделі ғылыми -
көмекші және көпшілік көрсеткіштерге жиі кездесетін тақырыптық бөлгіштер
немесе түпнұсқа тәсілдер жасалады. Библиографиялық көрсеткіш құрлымының
маңызды элементі болып сілтеу және жіберу жүйесі болып саналады. Олар
құжаттар көрсетілетін тақырыптық байланыстар бар, көрсеткіштің әр түрлі
бөлгіштеріне кіретін құжаттарды бейнелейтін көп аспектілігініқамтамасыз
етеді.
Көмекші көрсеткіштер. Негізгі бөлімдегі формалдық топтастыруда
құжаттардың мазмұнын ашып көрсететін (пәндік, жүйелік, тақырыптық,
географиялық атаулар, персоналдық), сол сияқты басқа да формалдық белгілері
бойынша. Ең көп таралған атау көмекші көрсеткіштері және тақырыптың
жиынтық көрсеткіштері. Көрсеткіштегі көмекші көрсеткіштердің әр түрінің
көптігінен, оны іздестіру мүмкіншіліктері де кеңейе түседі.
Ғылыми – анықтамалық аппараттың құрамына кіретіндер: негізгі
міндеттемелер туралы мәліметтер беретін алғы сөз, онда көрсеткіштің
оқырмандық және мақсаттық бағдары, іріктеу межелері (формалды, мазмұндық,
сапалық), библиографиялық мінездемелердің тәсілі және көмекші көрсеткіштер
бойынша кіріспе мақала, қосымша қаралған басылымдардың тізімдерді, шартты
белгілері т.б. Библиографиялық көрсеткіштер жеке басылымдар түрінде
жарияланады (жеке томдық, көп томдық, мерзімді, жалғасатын және сериялық)
және кітап, журнал ішіндегі құралдар түрінде болады. Осы жақын араға дейін
библиографиялық құралдар кітап және журнал басылымдар ішіндегі түрінде
тұтынушыға ғылыми – көмекші және ағымдық библиографиялық ақпараттық
хабарлама бетерін жалғыз негізгі жолы болды. Қазір оның дайындығы
автоматтандырылған тәртіп мәліметтер базалар мен банкілер негізінде іске
асырылды. Библиографиялық көрсеткіштерді переспективтік түрде ұсыну
электрондық басылымдар формасында болды (толық тақырыптық мәліметтер
базалары).
Библиографиялық тізім көмекші көрсеткішсіз, жай құрлымдағы, баспа
немесе қолжазба формасындағы, шамалы көлемде болатын библиографиялық құрал.
Ереже бойынша библиографиялық тізім библиографиялық құралдың дербес
емес формасы бола отырып, басылымдардың ішінде болады (кітап ішіндегі,
журнал ішіндегі, газет ішіндегі,кітапқа қосымша, мақалаға қосымша),
жарияланбайтын құжаттарда (диссертациядағы тізім, ғылыми есеп беру
арасындағы тізім) көрсетіледі. Библиографиялық тізім термині тақырыптық
библиографиялық анықтаманы көрсету үшін жиі қолданылады.
Библиографиялық шолу – библиографиялық құрал немесе ауызша
библиографиялық хабарлама түріндегі, құжаттардың мазмұны туралы
баяндалатын қысқаша сипаттама.
Библиографиялық шолу дәстүрлі библиографиялық құралдардың негізгі бір
түрі ретінде қарасытырылады. Онда бөлек библиографиялық жазбалар немесе әр
түрлі құжаттар туралы мәліметтер олардың өзара мәтінімен байланысты
біріктіріледі. Ереже бойынша библиографиялық шолу 2 бөлімнен тұрады:
негізгі аналитикалық бөлімде, яғни белгілі бір құжаттар жайында ескертулер
(авторы, тақырыбы) және олардың библиографиялық сипаттамасы, екінші
бөлімінде ескертпелер мен тізім формасындағы стандартталған библиографиялық
сілтемелер болады.
Библиографиялық шолу құжаттардың библиографиялық сипаттамасының
негізгі бір тәсілі болып табылады. Ол топтық аннотацияның логикалық даму
формасы бола отырып, құралдың және оның ішкі бөлімдерінің кіріспелік
ескертпелерінде қолданылады. Қазіргі кездегі библиографиялық іс –
тәжірбиеде ол ғылыми – көмекші библиографияда, әсіресе көпшілік
библиографияда қолданылады.[7, 99-121б.]
Библиографиялық ғылымға және библиографиялық іс – тәжірбиесіне
библиографиялық құралдардың өздері жайындағы шолулар маңызды рөл атқарады.
Олар құралдың ерекше түрі бола отырып (библиографияның библиографиясы) және
ғылыми библиографиятану шығарма ретінде қарастырылды.
Магнит таспаларына жазылып алынған ауызша библиографиялық шолулар көзі
көрмейтін және нашар көретін зағиптарға арналған кітапханалардың іс –
тәжірбиесінде қолданылатын аудио – библиографиялық құралдар болып табылады.
Ауызша библиографиялық шолулар сараланған библиографиялық хабарлама немесе
көпшілік кітапханалардағы ұсыныстық – библиографиялық қызмет көрсетудегі
кең таралған формаларының бірі.
Басылымдардың библиографиялық көрсеткіштері – басылымда көрсетілген
шығармалардың мазмұны мен құрамын ашып көрсететін басылымның анықтамалық
аппаратының бір бөлігі. Бұл библиографиялық құралдардың дәстүрлі дербес
түрі болып табылады. Басылымдардың библиографиялық көрсеткішінің 2 түрі
болады, яғни аналитикалық библиографиялаудың түрі бойынша негізделінеді:
құрамды және басылымның мазмұны арқылы.
Біріншісінің объектісі болып жеке шығармалар, яғни нақты кітап (жинақ,
шығармалар жинағы, таңдаулы шығармалар жинағы) немесе сериялық басылымдар
саналады. Олардың мақсаты – осы шығармалардың тұтас библиографиялық
сипаттамасы, ал олардың тағайындалуы – басылым ішіндегі формалды және
мазмұнды белгілері бойынша ізденіс жасау. Аналитикалық библиографиялық
сипаттамадағы шығармалар орын тапқан басылымдардың мәліметтері қысқартылған
түрде беріледі: сол немесе басқа шығармалардың беттері ғана көрсетіледі,
көп томдық немесе сериялық басылымдардың көрсеткіштерінде томның нөмері
көрсетіледі. Осы түрдегі көрсеткіштер ереже бойынша әліпбилік болады және
дұрысында ол көрсеткіш емес, библиографиялық тізімдер болып есептеледі.
Сол сияқты сериялық басылымдардың (журналдардың, газеттердің, жалғасты
басылымдардың, кітап серияларының) мазмұндық көрсеткіштері де ерекше
маңызды орын алады.
Осы көрсеткіштер мазмұны жағынан, материалдардың орналасу тәртібі,
мәтіннің мазмұнының көрсетілуі, бөлгіштердің құрылымы, құжаттың мазмұнын
ашып көрсету әдістері жағынан бөлінеді. Ең көп таралған атау, пәндік,
бірыңғай, хронологиялық, жүйелік, тақырыптық көрсеткіштер. Мазмұндық
көрсеткіштер ғылыми, анықтамалық және оқулық басылымдарға міндет артады.
Көрсеткіштің типін таңдау, ең бастысы, тақырыптармен, оның мақсаттық оқу
бағдарымен, көлемімен, нақты салалық білімдегі дәстүрлермен анықталады.
Мазмұндық көрсеткіштердің бір түрі, өзіне тән ерекшеліктерімен
библиографиялық құралдарға арналған көмекші көрсеткіштер болып табылады.
Бір жағынан, олар іздестіру құралы ретінде пайдаланылады; екіншіден –
құжаттың өзіне емес, құралдың мәтінінің ерекше үзінділеріне олардың
библиографиялық жазбаларына сілтеме береді.
Библиографиялық мәліметтер базалары мен мәліметтер банкі компьютерді
қолдану арқылы электронды тасымалдаушылар, библиографиялық хабарламаларды
өңдеп, сақтауға берген мәліметтер.

Библиографиялық мәліметтер базасы белгілі бір ереже бойынша
ұйымдастырылған, бейнелеудің жалпы принципіне сүйенген, библиографиялық
мәліметтерді өңдеу мен сақтауды ретке келтірген библиографиялық жазбалар
жиынтығы болып табылады. Ол дәстүрлі түрде емес, форматта берілген, оның
құрлысы – бақылау жұмысы, функционалды, библиографиялық мәліметтер,
құжаттардың мазмұны жөніндегі мағұлматтар (мазмұндамма, баяндама,
классификациялық көрсеткіштер, пәндік тараулар т.б.) жазуға арналған
бірнеше жүйеден тұрады. Әр алуан жүйелермен жазба ламасу үшін
коммуникативтік форматтар өңдеп шығару халықаралық библиографиялық
ынтымақтастықтың ең басты міндеттерінің бірі болып табылады. Барлық осы
заманғы коммуникативтік форматтардың негізгісі 1960ж. Ортасында жасалған
АҚШ кітапханасындағы МАRC форматы. Ал ең кең тараған америкалық USMARC және
халықаралық UNIMARC форматтары. Соңғысының негізінде әр алуан ұлттық МАRC
– форматтары жасалынады. Библиографиялық базалар бейнеленген құжаттардың
түрлері (кітаптар, сериялық басылымдар, мақалалар, диссертациялар,
патенттер) және тақырыптары (әмбебап, көпсалалы, салалы, мәтіндік,
дербестік) бойынша қалыптасады. Олар библиографиялық мәліметтер банктеріне
электронды басылымдарға негіз болады.
Библиографиялық мәліметтердің банкі. Орталықтандырылған сақтау және
ұжымдық пайдалануға арналған бір немесе бірнеше библиографиялық мәліметтер
қоймасының жиынтығы. Ол үнемі жаңа жазбалармен толықтырылып отырады да,
ескі жазбалар қажет болса түзетіліп немесе алынып тасталынады.
Мәліметтер банкінің ең ірісі ұлттық, халықаралық және көпсалалы,
салалық хабарламалар жүйесі, сондай – ақ ұлттық және ірі ғылыми
кітапханалардың электрондық каталогтары, ұлттық жиынтық каталогтары болып
табылады. Оның ірісі АҚШ Конгресі кітапханасының МАRC жүйесін қамтитын
әмбебапты библиографиялық мәліметтер банкін пайдалану мен өрістету, оны
сақтаудың жаңа түрі оптикалық дискідегі библиографиялық басылымдар (CD –
ROM). CD – ROM – да ұлттық библиографиялық мәліметтер банкі, әмбебапты
баспа кітап саудасының мәліметтер банкі, әлемдік ірі кітапханалардың
каталогтар, арнайы салалық және тақырыптық мәліметтер банкі, сондай – ақ
құралдардың түпнұсқасы шығарылады. Библиографиятану жағынан CD – ROM – дағы
мәліметтер банкі мен базалар библиографиялық ақпараттың дербес формасы
болып табылады.
Электрондық каталог – кітапхана оқырмандарына нақты уақыт аралығында
жұмыс істейтін әрі машина арқылы оқылатын кітапхана каталогы.
Библиографиялық каталог – бір кітапхана немесе бірнеше кітапхананың
жинақталған кітап қорында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Библиографиялық қызметтің процестері
АБҚ Ақпараттық библиографиялық қызмет
Кітапхананы жаңа технологиялармен қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасында ұлттық республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (РАБИС) программасын құру және оны таратудың мәселелері
Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру
Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету әдісі
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі
Кітапхананың библиографиялық қызметі
Тұтынушылардың ақпараттық құралдарға деген талаптары
Кітапхананың анықтамалық библиографиялық аппаратын ұйымдастыру
Пәндер