Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І . Анықтамалық библиографиялық ақппарат қызмет
көрсетудің негізгі базасы
1.1 Кітапхананың анықтамалық – библиографиялық
аппаратын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5
1.2 Анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсету
әдістемесі ... ... ... ... ..12
ІІ. Анықтамалық библиографиялық аппараттың түрлері
2.1. Анықтамалар
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .22
2.2 Кітапхана каталогтары және картатекалар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..31
ІІІ. Компьютерлік технологиялар негізінде ақпараттық
библиографиялық қызмет көрсетуді дамыту.
3.1 Заманауи анықтамалық библиографиялық
аппарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
3.2 Электронды құжаттарды жасау, сақтау және олармен
жұмыс
істеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..59
Қосымша: Слайд шоу Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл

Кіріспе

Дипломдық жұмысты зертеу актуальдылығы: Еліміздің өркениетті мемлекет
болып, саяси және экономика жағынан шапшаң ілгері дамуы, сондай – ақ
әлеуметтік құрылымның өзгеруі жаңа пайдаланушылар тобының пайда болуына
ықпалын тигізді.
Анықтамалық библиографиялық аппаратардың бірнеше түрлері болады. Олар:
альфавиттік каталог, жүйелілік каталог, тақырыптық каталог, және т.б.
Осыған орай анықтамалық библиографиялық аппараттың да, жаңа ақпараттық
технологияны меңгерудегі мүмкіндіктері кеңейе түсуде. Ғылыми негізде
ұйымдастырылған анықтамалық-библиографиялық аппарат — кітапхананың бүкіл
библиографиялық қызметінің қажетті негізін Сол арқылы оқушыларға анықтама
беру, информациялық-библиографиялық және ұсыныстық-библиографиялық қызмет
керсету жүзеге асырылады, кітапхана-библиография білімдері насихатталады,
құрастырылатын библиографиялық құралдар үшін әдебиет іріктеледі.
Оған баспа шығармаларының ауқымды легіне төтеп беру үшін арнайы
көмекшілер керек. Мұндағы басты мақсат – пайдаланушыларға түрлі
тақырыптардағы және әр түрлі мәселелерді қамтитын баспа шығармалары жайлы
ақпарат беретін библиографиялық мәлімет, жекеленген библиографиялық
тізімдер т.б болып табылады.
Проблеманы құрастыру дәрежесі: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы жолдаудың мемлекеттік
деңгейде білім беру жүйесінің кітапханаларында кітаппен қамтамасыз ету
жағдайында, оқулықтарды толықтыру және пайдалану мәселелеріне жетік назар
аударылады.
Кітапхана ісіндегі қазіргі күнге сәйкес Кітапханалық библиографиялық
құралдарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарасытырып, осы заман талабына
сай кітапхана жұмысында оқырмандардың сұранымын қанағаттандыру мақсатында,
библиографиялық құралдардың тиімді пайдаланудың жолдарын ұйымдастыру болып
отыр.
Зерттеу объектісі: Кітапханатану, анықтамалық - библиографиялық
аппараттарды құрастыру, электронды түрде қызмет көрсетудің тиімдігін
зерттеу. Түрлі жаңалықты ақпараттық иновациялық өнімдерді пайдалану,
кітапханалық анықтамалық библиографиялық құралдарды ұйымдастыру қызметін
дамытып жаңа заманға сай жүргізу жұмыстарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың алға қойып отырған мақсаты – оқырмандардың
кітапханадағы электронды, анықтамалық библиографиялық аппараты пайдаланып
өздеріне қажетті ақпараттарды іздеуде көмек көрсету және ақпарат алуды
жылдамдатып ұйымдастыруды бірнеше операциялар арқылы жүзеге асыра отырып,
оқырмадардың сұранымын қанағаттандыру жолының тиімділігін қарастыру .
Кітапхана жұмысында жаңа технологияны қолдану – кітапхана қызметінің
сапасын арттырып, оқырмандар санын толықтырып, мәдени деңгейінің
көтерілуіне тиімді әсер етеді.
Ғылымдағы жаңалықтар. Қазіргі кезеңде кітапхана ақпараттық ресурстары,
ынталы шығармашылық кадрлық мүмкіндігі бар, мәдени бос уақытты пайдалы
өткізетін, білім беретін орталық болып саналады. Қайсы кітапханада болсын
автоматтандыру жобасын жүзеге асырудағы ең маңызды кезең базалық
бағдарламаны пайдалануды қамтамасыз етуді таңдай білу.
Кітапхана ісінде компьютерлік технологияларды кең ауқымды пайдалануды
оқырмандар мен кітапхананың басқа пайдаланушыларының ақпаратқа деген
сұранымын қанағаттандыруға негізделген. Еліміздегі болып жатқан жаңалықтар
мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік
тапсырмаларды іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп
тіреледі. Жаңа ақпараттық технологияға көшу, басқарудың экономикалық
амалдарын қолдану, оған еңбек ұжымының қатыстырылуы кітапхана
жұмысшыларының жаңа жоғарғы кәсіби деңгейін және жалпы мәдениет пен қарым-
қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін қалыптастыруды талап етеді.
Тәжірибелік барысы: Дипломдық жұмыс Анықтамалық библиографиялық
аппаратың қызметі тақырыбын қамтиды. Тақырыптың өзектілігі кітапханада
анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметтінің даму үрдісін қалыптастыру
болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметің маңыздылығын дамытып
электронды каталог арқылы оқырмандарға қызмет көрсету, оқырмандар сұранымын
жылдам әрі мағаналы, толық тексті мәліметтер базасын ұсыну, Интернет
жүйесін пайдалану қызметтері жатады.
Дипломдық жұмысты қорғаудағы негізгі ережелер: таңдап алынған тақырып
бойынша анықтамалық библиографиялық аппаратарды ұйымдастыру жұмыстарын
саралап, және оларды бір – бірімен салыстырып көрдім. Сонымен қоса
библиографиялық құралдардың инавациялық жолдарын дамытуды қарастырып
анықтамалық библиографиялық аппараттарды электрондық түрлерін қолдануды
зерттедім.

І. Анықтамалық библиографиялық аппарат қызмет көрсетудің негізгі
базасы
1.1 Кітапхананың анықтамалық – библиографиялық аппаратын ұйымдастыру

Анықтамалық-библиографиялық аппарат әрбір кітапханада жүргізіледі.
Оған оқулықтардың, практикалық және методикалық құралдардың жеке тараулары
арналған, бірақ таяу араға дейін бұл ұғымның қолайлы анықтамасы болмай
келді. Анықтамалық-библиографиялық аппарат деген терминнің пайда болуы,
сөз жоқ, анықтатамалық-библиографиялық жұмыспен байланысты.
Негізгі терминдер мен анықтамаларда Анықтамалық-библио-графиялық
аппарат деген термин мен оған анықтамалық және библиографиялық
басылымдардың, кітапхана каталогтарының және баспа шығармалары мен басқа да
документтерді насихаттауға, оқуға нысаналы басшылық етуге арналған
картотекалардың жиынтығы деген анықтама берілді. Одан кейін ғылыми-
методикалық әдебиетте анықтамалық-библиографиялық аппараттың
библиографиялық, кітапханалық және фактографиялық информацияны
насихаттауды, іздестіру мен беруді жақсарту мақсатындағы документтік
информациялық-іздестіру жүйесі деген басқа нұсқалары да ұсынылды .
Бұл анықтамалар қаншалықты алуан түрлі болғанымен, анықтамалық-
библиографиялық аппарат дегеніміз анықтамалық-библиографиялық жұмыстың
негізі әрі құралы екенін білген жөн, өйткені анықтамалардың басым көпшілігі
(99% және одан да көбі) анықтамалық-библиографиялық аппараттың көмегімен
атқарылады.
[1.Б-35-37]. Ғылыми негізде ұйымдастырылған анықтамалық-
библиографиялық аппарат — кітапхананың бүкіл библиографиялық қызметінің
қажетті негізін тұрады. Сол арқылы оқушыларға анықтама беру, ақпараттық-
библиографиялық және ұсыныстық-библиографиялық қызмет керсету жүзеге
асырылады, кітапхана-библиография білімдері насихатталады, құрастырылатын
библиографиялық құралдар үшін әдебиет іріктеледі.
Анықтамалық-библиографиялық аппаратқа қойылатын маңызды талаптардың бірі —
кітапхана қорының мазмұнын толық бейнелеп, жан-жақты ашып көрсету.
Анықтамалық-библиографиялық аппараттың жекелеген құрылымдық компонеттері
өзара тығыз байланыстырлып, бірін-бірі толықтыруға тиіс, өйткені
анықтамалық-библиографиялық аппаратты кітапхананың түрлі бөлімдері бойынша
бөлшектеп жіберу оның бірлігін бұзады және библиографиялық қызмет көрсетуді
қиындатады.
Анықтамалық-библиографиялық аппараттың негізгі бөлімі бір жерге, әдетте,
библиографиялық бөлімге тікелей жақын орналастырылады. Салалық бөлімдерде
тиісті салалар бойынша қосалқы анықтама қорлары, катологтар
мен картотекалар жасалады, олар кітапхананың бірыңғай анықтамалық-
библиографиялық аппаратына еді.
Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын жасағанда сол
жердегі басқа (ғылыми-техникалық, жоғары оқу орындары, музей және басқалар)
кітапханалардың анықтамалық-библиографиялық аппаратта-рының жай-күйін
ескеру қажет. Әмбебап кітапхана олардың анықтамалық-библиографиялық
аппаратын толық қайталамауға тиіс. Осыған байланысты ведомствоаралық
кітапхана кеңестері анықтамалық-библиографиялық аппаратты жүргізудің
тәртібін белгілейтін ережелерді және басқа да документтерді жасауы керек.
Анықтамалық-библиографиялық аппарат өзінің көлемі жағынан әр типтегі
кітапханаларда бірдей болмайды. Мәселен, сан миллиондаған кітап қоры, жүз
мыңдаған оқушысы бар, ішкі құрылымы күрделі де тарамдалып жатқан аса ірі
кітапхана мен бұқаралық (аудандық, қалалық, селолық) шағын кітапханалардың
анықтамалық-библиографияық аппараттарын салыстыруға болмайды. Егер
республикалық, өлкелік, облыстық мемлекеттік кітапханалардың анықтамалық-
библиографиялық аппараты универсалды сипатта болса, арнаулы кітапханаларда
ол көбінесе білімнің белгілі бір саласы жөніндегі әдебиетті қамтиды. [2. Б-
25 – 27]
Анықтамалық-библиографиялық аппараттың мазмұны мен құрамына кітапхана
қызмет ететін ауданның профилі мен оның оқушылар контингентінің
ерекшеліктері ықпал жасайды. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісінің
белгілі бір саласының басым дамуы, селода немесе облыста ірі
кәсіпорындардың, ғылыми және ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдарының,
жоғары және арнаулы орта оқу орындарының болуы анықтамалық-библиографиялық
аппаратта тиісті тақырыптағы әдебиеттің неғұрлым толық ашылуы, ерекше
картотекалар өмірінде өткен жылда болған аса маңызды оқиғалар баяндалады,
халықаралық ұйымдардың қызметіне, мемлекеттердің экономикасына, аса ірі
ғылыми және ғылыми-техникалық жетістіктер мен жаңалықтарға қысқаша шолу
жасалады.
Одақтас республикаларда шығарылатын универсалды энциклопедиялар
республикалардың табиғаты мен табиғи ресурстары, қоғамдық өмірі, тарихы,
экономикасы, ғылымы мен мәдениеті туралы алуан түрлі мәліметтерді қамтиды.
1972—1978 жылдар арасында Қазақ Совет Энциклопедиясының 12 томы жарық
көрді. Бұл өте бағалы басылым республиканың ғылымы мен мәдениетінің зор
жетіскендігінің айғағы болды. ҚСЭ бас редакциясының қызметі мұнымен
аяқталған жоқ. 1980 жылы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 60
жылдығына арнап Энциклопедиялық анықтама, ал 1983 жылы қазақ және орыс
тілінде Алматы энциклопедиясын шығарды.
Одақтас республикалардың бәрі де қазір ұлттық энциклопедиясын шығарып
үлгірді. Олар республикалардың ғылыми және бұқаралық кітапханаларының
анықтама қорын толықтыратын құнды басылымдар болып отыр.
[3.Б-2–4]. Қазіргі кезеңде салалық энциклопедиялар мен энциклопедиялық
сөздіктер білімнің барлық салаларьш қамтитын болды. Олардың ішінде
Советтік энциклопедиялық сөздік, Философиялық энңиклопедия (5 т.),
Совет тарих энциклопедиясы (16 т.), Қысқаша химия энциклопедиясы (5
т.), Ауыл шаруашылық энциклопедиясы (6 т.), Педагогикалық энциклопедия
(4 т.) және басқа да көптеген энциклопедиялар бар.
Сөздіктер анықтамалық басылымдардың маңызды түрі болып табылады, олар
мақсатына, мазмұнына, құрылымына және басқа белгілеріне қарай сараланады.
Мына сөздіктерді түсіндірме сөздіктердің мысалы ретінде атауға болады:
В. И. Дальдің 4 томдық Нақты великорус тілінің түсіндірме сөздігі, ол
бірінші рет XIX ғасырдың 60-жылдарында шықты және Содан бері талай рет
қайтадан басылып келеді (соңғы басылымы 1970 жылдардың аяғында жарық
көрді); М. П. Алексеевтің, С. Г. Бархударовтың, В. В. Виноградовтың және
басқаларының редакциясымен шыққан 4 томдық Орыс тілі сөздігі (М.,
1957—1961); С. И. Ожеговтың бір томдық Орыс тілі сөздігі (12-басылуы. М.,
1978).
Сондай-ақ сөздіктер былайша да бөлінеді: жазушылар тілі (Пушкин тілі
сөздігі. 1—4 ж. М., 1956—1962), этимологиялық (Шанский М. М. Орыс тілінің
этимол-гиялық сөздігі. М, 1963), фразеологиялық (Жуков В. П. Орыстың
мақалдары мен мәтелдері сөздігі. М., 1966), антропонимикалық (Петров Н. А.
Орыстың адамдар есімі сөздігі. М., 1966) сөздіктер, синонимдер мен
омонимдер сөздіктері (Синонимдер сөздігі. Л., 1975), неологизм сөздіктері
(Жаңа сөздер мен мағыналар. М., 1971) және басқалар.
Сөздіктің мұндай түрлерін шығару Қазақ ССР-інде де жедел қолға алынуда.
Сөздіктердің ерекше бір тобын әр алуан адамдардың өмірі мен қызметі
туралы мәліметтер беретін өмірбаяндық сөздіктер құрайды (Жаратылыстану мен
техника қайраткерлерінің өмірбаяндық сөздігі, СССР Ғылым академиясы, Адам
құрамы, Ғылым мен мәдениеттің зағип қайраткерлері және басқалар).
[3.Б –2–4]. Қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, жазушылардың, мәдениет
пен өнер қайраткерлерінің бүркеншік есімдері сөздіктерінен тек қана
өмірбаяндық мағлұмат алып қоймай, орасан зор деректемелік және нақты
материалдар алуға болады. Оған мысал ретінде отандық көрнекті библиограф И.
Ф. Масанов құрастырған 4 томдық Орыс жазушыларының, ғалымдары мен қоғам
қайраткерлерінің бүркеншік есімдері сөздігі (М., 1956—1960) айтуға болады.
Бұл сөздік орыс және совет әдебиеті бойынша жасадған ең толық анықтамалық
басылым болып табылады. Сөздікте бірнеше мың бүркеншік есімнің сыры
ашылған, ал соңғы томында Сөздікке енгізілген, бүркеншік есіммен жазып
тұрған барлық авторлардың алфавиттік көрсеткіші басылған.
Анықтама қорының құрамында алуан түрлі анықтамалқтар елеулі орын
алады. Жалпы және комплексті сипаттағы анықтамалықтар ретінде статистикалық
анықтамалықтарды – теориялық бөліну анықтамалықтарын айтуға болады.
Анықтамалықтар тақырыптық немесе белгілі бір оқушыларға арналған болуы
мүмкін. Әр алуан календарьлар, қалалар жөніндегі жолнұсқаулар адрес
кітаптары, телефон жүйесі абоненттерінің анықтамасы, транспорт жүрісінің
жыл сайынға тәртібі және т.б. анықтамалық басылымдары да жатады.
Өндірісітік қызметтің жекелеген салалары жөніндегі, белгілі бір
кәсіпке арналған анықтамаларды пайдаланушылар көп болмағанымен, ол аудан,
қала көлемінде нақты анықтамалық болып табылады. Әмбебап кітапханалардың
анықтама қорын мұндай басылымдармен толықтырғанда қызмет көрсетілетін
ауданның эконмикалық саласы әрқашанда ескеріліп, мамандықтары бойынша
оқушылардың негізгі топтарына бағытталып отырады. Арнаулы ғылыми және
ғылыми – техникалық кітапханаларда өндірістік, тарифтік – мамандық
анықтамалықтар едәуір толық жиналады.
Кітапхананың анықтама қорын толықтыруда және қосымша толықтыруда
анықтамалық басылымдар жөніндегі библиографиялық жолнұсқалардың көмегі көп.
Өкінішке орай, анықтамалықтардың қазіргі көрсеткіштері білімнің тек
жекелеген салаларын немесе анықтамалық басылымдардың түрлерін ғана қамтиды.
Оның үстіне, олардың көпшілігі едәуір ертеректе шыққан және әлбетте ескіріп
қалған.
Мүмкіндігіне қарай анықтама қорының құрамына саяси ағарту жүйесіне,
жоғары оқу орындарына арналған бағдарламалар, жоғары оқу орындары мен
техникумдарға арналған негізгі оқулықтар да қосылады.
[4.Б –29–32]. Анықтама қорына библиографиялық құралдар мейлінше
толық жиналады. Мәселен, облыстық (өлкелік) кітапханаларда мемлекеттік
ағымдағы библиографиялық деректемелер, аса маңызды ғылыми-көмекші әмбебап,
салалық және тақырыптық шолу көрсеткіштері, библиографиялық сөздіктер мен
неғұрлым маңызды арнаулы көрсеткіштер, өлкетану библиографиясының
материалдары, библиографиялық оқу құралдарының көрсеткіштері болуға тиіс.
Сондай-ақ анықтама қорына жарияланбаған негізгі көрсеткіштер мен осы
кітапхананың және облыстағы басқа да ғылыми кітапханалардың қызметкерлері
құрастырған (көшірмелер) әдебиет тізімдерін (әсіресе өлкетану тақырыбындағы
тізімдерді) жинақтаған жөн.
"Анықтама қорына қосымша библиографиялық құралдардың жүйелі картотекасы
жасалады. Онда кітапхананың библиографиялық және басқа бөлімдерінде
болатын, басылып шыққан көрсеткіштер, сондай-ақ кітап ішінде, мақала ішінде
берілген аса маңызды әдебиет тізімдері мен журнал ішінде берілген
библиографиялық материалдар жеке-жеке көрсетіледі.
Арнаулы және ғылыми – техникалық кітапханалардың анықтамалық –
библиографиялық аппаратының ерекше айырмашылығы – оның құрамында құжаттар
емес, фактілер суреттелетін объекті болатын фактографиялық картотекалардың
болуы. Әрбір картотека тиісінше бір затты бейнелейді және бірқатар
құжаттарды өңдеудің нәтижесі болып табылатын мәліметтерді қамтиды.
Фактографиялық картотекалар бұйымдар мен жабдыққа, техникалық –
экономикалық көрсеткіштерге, материалдың түрлеріне рационализаторлық
ұсыныстарға және т.б. жасалады. Әлбетте, олар әрқашанда белгілі бір саланың
немесе нақты кәсіпорынның қажеттері ескеріле отырып жүргізіледі.
Фактографиялық картотекалар үшін материалды анықтау мен өңдеу – арнаулы
білімді талап ететін күрделі және көп еңбек жұмсалатын процестер. Оларды,
әдетте, библиографтар ғана емес, сонымен қатар инженер - техник
қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, зерттеушілердің өздері де құрастырады.
Өлкетану каталогтары мен картотекалары. Өлкетану библиографиясы
курсында толық айтылатындықтан, бұл арада оған айрықша тоқталмаймыз.
Орындалған анықтамалар қоры. Библиографиялық және салалық қызмет көрсету
бөлімдерінің қызметкерлері мамандардан, ұйымдар мен мекемелерден түсетін
тақырыбы күрделі талап-тілектерді үнемі қанағаттандырып отырады. Мұндай
талаптарға жазбаша түрде жауап беріледі және екінің бірінде олар
әдебиеттердің ауқымды тақырыптық тізімдері болып шығады.
Орындалған анықтамалар қорында материалдарды ұйымдастырудың әр түрлі
әдістері болады, олар: алфавиттік-атау немесе тақырыптық картотекалар,
арнаулы папкалар немесе альбомдар; анықтамаларды хроноло-гиялық
(нөмірленген) ретпен орналасатын жеке конверттерге салып сақтау. Әрбір
конвертте анықтаманың рет саны, тақырыбы, оның берілген күні және талапты
орындаған библиографтың фамилиясы көрсетіледі. Материалды тез табу үшін
қорға арнап карточка формасында қосымша алфавиттік-атау көрсеткіші
жасалады, онда барлық анықтамалар тақырыптарының, сондай-ақ кең және
комплексті мазмұндағы анықтамалардың бөлімдері мен бөлімшелері атауларының
тізбесі болады.
[5.Б –36–39]. Көптеген облыстық кітапханаларда оның үстіне қаланың
(облыстың) басқа да ғылыми кітапханаларында орындалған жазбаша
библиографиялық анықтамалардың жиынтық картотекалары жүргізіледі және қор
жөніндегі алфавиттік-атау көрсеткішінде әлгіндей анықтамалар туралы
мәліметтер көрсетіледі. Мұның өзі анықтама беруді үйлестіруге, әр түрлі
кітапханалар арасында міндеттерді ұтымды бөлісуге және жұмыста орынсыз
қайталаушылықты болдырмауға әсерін тигізеді.
Орындалған анықтамаларды кітап көрмелерін, тақырыптық кештер, оқушылар
конференцияларын, библиографиялық шолулар әзірлегенде пайдалануға болады.
Ақырында, анықтамалардың бір белегі болашақтағы библиографиялық құралдардың
алдын ала жасалған қаралай нұсқасы болады.
Орындалған анықтамалар қорының нақпа-нақ ұйымдастырылуы, оның үнемі
толықтырылып отыруы — кез келген кітапхананың библиографиялық қызметінің
маңызды элементі.
Қорды сақтау анықтаманың бірде біреуі қажетті толықтыру жасалмай,
қайтадан қалай болса солай беріле салмауға тиіс, ол негізінен алғанда жаңа
әдебиетті қосып, ескірген әдебиетті шығарып тастауға, әдебиет құрамын
оқырманның талабының нақты мақсаты мен даярлық дәрежесіне сәйкестендіруге
келіп саяды.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі анықтамалық библиографиялық
аппарат. Мемлекеттік көпшілік кітапханаларды орталықтандыру олардың
библиографиялық жұмысына сөзсіз игі ықпал жасағаны мәлім. Орталықтандыру
жағдайында анықтамалық библиографиялық аппарат та елеулі өзгерістерге
ұшырады: оның ақпарат сыйымдылығы едәуір артты, іс жүзінде пайдалану
мүмкіндігі ұлғайды. Орталықтандырылған кітапханалардың әрбір жүйесінің
анықтамалық – библиографиялық аппараты біртұтас нәрсе, оның барлық
бөлімдері өзара байланысты және бір – бірін үнемі толықтырып отырады.
Біртұтас анықтамалық – библиографиялық аппараттың негізгі бөлігі орталық
кітапхана жүйесіне шоғырланған. Онда мыналар қамтылады: бүкіл жүйе қорына
арналған алфавиттік және жүйелі жиынтық каталогтар; қалалық және аудандық
кітапханалар (оның ішінде Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне
кірмейтін кітапханалар) жаздырып алатын мерзімді басылымдардың жиынтық
картотекасы; журналдар мен газеттер мақалаларының әмбебап картотекасы;
өлкетану картотекасы; тақырыптық картотекалар; библиографиялық және
анықтамалық басылымдар картотекасы; қаланың немесе ауданның информациялық
мекемелері анықтамалық аппараттың картотекасы.
[6.Б –21–26]. Орталық кітапхананың анықтамалық және библиографиялық
басылымдар қоры жеткілікті дәрежеде толық жасақталады.
Орталық кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратының міндетті
құрамдас бөлімі жазбаша түрде орындалған анықтамалар қоры болып саналады.
Орталық кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын ұйымдастыру
мен толықтыру жөніндегі жұмыстың негізгі көлемін библиографиялық (немесе
біріккен әдістемелік – библиографиялық) бөлім комплектілеу және өңдеу
бөлімімен бірлесіп атқарады.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің филиалдарында анықтамалық-
библиографиялық аппараттың міндетті элементтері: алфавиттік және жүйелі
каталогтар, журналдар мен газеттер мақалаларының әмбебап картотекасы,
ұсынылатын библиографиялық құралдардың картотекасы, қажетті тақырыптық
картотека. Орталық кітапхана филиалдарға анықтамалық-библиографиялық
аппаратты ұйымдастыру мен жетілдіруде үнемі көмек көрсетеді:
консультациялар өткізеді, нұсқау-методикалық материалдар құрастырып,
таратады, арнаулы семинарлар мен мамандық арттыру курстарын ұйымдастырады,
ол курстарда филиал қыз-меткерлері анықтамалық-библиографиялық аппарат
жүйесінің құрылысы мен пайдаланылу мәселелерімен танысады.
Анықтамалық-библиграфиялық қызмет көрсету екі субъекттің өзара
қатынасымен негізделеді: кейбір ақпараттық қажеттіліктері бар (нақты,
тақырыптық немесе нақты емес) пайдаланушы және пайдаланушының ақпараттық
сұранысына бір ретке сәйкес келетін ақапараттық-
библиографиялық қызмет көрсетуді іске асыратын библиограф. Оқу орнындағы
кітапхана жағдайында анықтаманы орындау үшін пайдаланушы
әр түрлі ортадағы ақпараттық іздестірулер әдістемесі, ақпаратты бағалау
белгісі және әдебиеттер тізімін жазу ережесі бойынша кеңестерге сүйенеді.
Оқырмандарға ақпаратты өздігінен іздестіруі тиімділігін қамтамасыз ету
үшін Интернет кеңістігінде библиографтар мен электронды қорлардың оқырман
залы қызметкерлері білім беру жене анықтамалық сайттар мониторингімен жұмыс
жүргізуді үнемі іске асырады. Ең қызықты жене пайдалы сайттар мекен-жайы
арнайы мазмұндалған тізімдерде көрсетіледі.
Мамандардың анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетудегі рөлінің
артуы туралы көптен айтып жүрген навигаторлық қызметі жақсы көрінеді.
[7.Б –3–9]. Пайдаланушыларға анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді
жедел жене сапалы түрде ұсыну, көбінде қызметкердің кәсіби құзыретімен,
библиографтардың қазіргі заманғы іздестірудің барлық
мүмкіндіктерін пайдалана білуімен, анықтамалық-библиографиялық
жетістіктерімен, өз кітапханасының іздестіру аппаратымен анықталады.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетудің болашақтағы дамуын ұжымда
корпоративтік жобаларда бірыңғай аймақтық жене салалық электрондық
каталогтар мен библиографиялық деректер базасын жинақталған меселелі-
бағытталған электрондық кітапхананы
пайдалануға жене құруға қатысуымен байланыстырады.
Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келе жатқан бүгінгі күнде
сапалы әрі мезгілімен қол жеткізілетін ақпаратқа деген сұраныстың жедел
өсуі байқалады. Оның ұлғайып келе жатқан көлемі, жеткізу формаларының әр
түрлілігі қазіргі заманғы кітапханалардан жаңа технологиялық процестерді
енгізуді талап етеді.
Адамзат білімінің негізгі көлемі баспа өнімдерінде сақталады, бірақ
қағаз өнімдерінің жеткіліксіздігі, өндірісінің және жариялануының
қымбаттығы, тез ескіретіндігі баспа өнімдерін бүгінде электронды
ресурстардың ығыстыруы жиілеп келеді. Соңғыларының арасында толық мәтінді
электронды ресурстар - виртуалды кітапханалар мен мәліметтер қорларының
сандық ретті жиынтықтары оқырмандар қызығушылығын туғызбай қоймайды.

1.2. Анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсету әдістемесі

Анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсету мемлекетіміздің
адамдарының өмірімен және көкейтесті қажеттермен тығыз байланысты. Көптеген
ғылыми және өндірістік проблемаларды шешуде қызмет көрсетудің бұл түрі өте
маңызды.
Анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсету дегеніміз оқырмандарға
олардың талап - тілектері бойынша библиографиялық қызмет көрсету.
Оқырмандарға анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсетумен
кітапхананың көптеген бөлімдері айналысады. Облыстық кітапханалардың
абономенті, оқу залдары, салалық бөлімдері өздерінің қосалқы қорлары мен
анықтамалық – библиографиялық аппаратын пайдалана отырып, жай сұрақтарға
жауап береді. Кітапхананың анықтамалық – библиографиялық аппаратының түрлі
буындары мен оның қорларын кеңінен пайдалануды талап ететін анықтамаларды
библиографиялық бөлім орындайды.
Әмбебап кітапханалар білімнің барлық салалары бойынша анықтамалық –
библиографиялық қызмет көрсетеді, бірақ мұны көбінесе қоғамдық – саяси және
гуманитарлық тақырыпта атқарады. Олардың жұмысында екінің бірінде
комплексті сипатта болатын өлкетану тілектерін қанағаттандыру маңызды орын
алады. Техника жөнінен, әсіресе өздерінің ғылыми - техникалық кітапханасы
және ақпарат органдары жоқ кәсіпорындардың талаптары жөнінен көптеген
анықтамаларды орындайды.
[8.Б –16–20]. Тиісті салалар жөнінде неғұрлым терең және егжей
тегжейлі жасалған анықтамалық – библиографиялық аппараты, ведмостволық,
жарияланбаған материалдардың неғұрлым толық қоры бар салалық кітапханалар
арнайы талап – тілектерді қанағаттандырады. Әмбебап кітапханалардың
анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсету жүйесінде алатын орны туралы
мәселе салалық кітапханалардың болуына, сондай – ақ анықтамалық –
библиографиялық аппараттың жай – күйіне және бұл кітапханаларда білікті
мамандардың болуына байланысты әрбір облыста нақты шешіледі.
Біздің бұрыннан білетініміздей, анықтамалық – библиографиялық қызмет
көрсетудің мәні анықтамалар мен методикалық кеңестер беру болып табылады.
Талап – тілектің сипатына байланысты, анықтамалар библиографиялық немесе
фактографиялық болуы мүмкін. Библиографиялық анықтамалар өзінше тақырыптық
анықтамаларға, кітапханада қажетті құжаттың бар жоғы жайлы анықтамалар мен
белгілі бір құжаттағы бұрмаланған деректерді анықтайтын немесе жоқ
деректерді енгізетін анықтамаларға бөлінеді.
Тақырыптық анықтамаларды орындау әдісі. Тақырыптық анықтама дегеніміз
белгілі бір тақырып бойынша жасалған құжаттардың тізбесі. Оны орындағанда
бірінші кезең – талап – тілекті дұрыс қабылдау ерекше маңыз алады. Талап –
тілек оқырманға ақпарат жөніндегі тақырыптық қажеттіктерін дәл көрсетуге
тиіс. Іздестіру деректемелерін таңдап алу талап тілектің қаншалықты дұрыс
тұжырымдалғанына байланысты болады.
Талап – тілекті дәлелдей түсу тақырыпты тарылту, нақтылау жағына қарай
жасалуы мүмкін. Мысалы оқырманнан Ұлттық әдебиеттердің өзара байланысы мен
өзара ықпалы деген тілек түсіп, анықтау кезінде оны тек қана екі
әдебиеттің: орыс және қазақ әдебиеттерінің өзара байланысы ғана қажет
екендігі белгілі болып шықты. Оның керсінше, талап – тілек тар өрісті
сипатта болып, саналы неғұрлым кең көлемде анықтау қажет болған басқа бір
жағдайда тқырыпты кеңейту қажеттігі туады. Мысалы, тілдік коммуникация
туралы әдебиетке тілек қабылдаған кезде оның неғұрлым кең көлемді бөлім –
психлолингвистикаға кіретіні анықталады. Тілекті бұлайша кеңейту қажет
болатын себебі – тар өрісті мәселелер кітапханада бар каталогтар мен
картотекалардың схемасында қарастырылмаған болуы мүмкін.
[9.Б –5–15]. Тілектің тұжырымдалуы кейде тақырыптың жаңалығынан,
оқырман мен библиографтың бұл мәселе жөніндегі ақпаратының тапшылығынан,
тілдің көп мәнділігінен қиындайды. Библиограф екінің бірінде тілекті өзінше
тұжырымдайды, оның өзінің іздестіру жүйесінің тіліне аударады, осы
тақырыпқа жатқызуға болатын саралау бөлімін анықтайды. Кейде қосарлас
терминдер, синонимдер беру қажет болады, өйткені тақырыптың әр түрлі
терминдермен тұжырымдалуы мүмкін. Тақырыпты нақтыландыру үшін
энциклопедиялардың, анықтамалардың ең жаңа басылымдары, арнаулы әдебиет
пайдаланады.
Талап – тілекті қабылдағанда оқырманның жалпы білім дәрежесі мен
даярлығы қандай, талап – тілектің қандай мақсатқа арналғаны, оқушыға
құжаттардың қандай түрлері, қай жылғы және қай тілдегісі қажет екенін
анықтап алу қажет.
Мәселенің мәнін зерттегенен кейін библиограф жұмыстың үлгі жоспарын,
деректемелер тобын белгілейді, әдебиетті іздестіру, іріктеу және топтау
ісін жүзеге асырады және ақырында тақырыптық тізім жасайды.
Тақырыптық талап – тілектердің көпшілігі жүйелі каталогтардың,
картотекалардың, библиографиялық көрсеткіштердің реферативтік журналдардың,
салалық мерзімді басылымдардың көмегімен орындалады. Барлық жағдайда да
материалдың толық іріктеліп алынуы талап тілектің қандай мақсатқа
арналғанына байланысты.
Талап – тілектер көбінесе жалпы білім беру жөнінде болатын бұқаралық
кітапханаларда тақырыптық анықтамалар ұсыныстық сипатта болады. Бұл
жағдайда іздестіруді каталогтан бастамай, тақырып бойынша әдебиетке бағдар
алуға және таңдалуы мақалаларды сапасы жағынан іріктеп алуды дұрыс
жүргізуге мүмкіндік беретін ұсыныстық құралдардан бастаған жөн. Көпшілік
кітапханаларда тұтас алғанда көрсеткіштер суреттеліп қана қоймай, сонымен
қатар олардың негізгі бөлімдері де, талданып келтірілген ұсыныстық
библиография құралдары картотекаларының көп таралуы кездейсоқ емес.
Ғылыми немесе өндірістік қызметпен байланысты тақырып бойынша тізім
жасау процесінде іздестіру басқаша жүреді. Мұнда құжаттардың қай жерде бар
екеніне қарамастан, олардың бәрін анықтау маңызды. Демек, тіркеу типтес
библиографиялық құралдар бірінші қатарға қойылады. Бұл ретте
ретроспективтік көрсеткіштерді қарап шығуды ағымдағы салалық көрсеткіштерді
зерттеу, ал ол болмаған жағдайда, әдебиет жүйелі түрде топталатын әмбебап
көрсетекіштер, атап айтқанда, Бүкілодақтық кітап палатасының жылнамаларын
зерттеу арқылы толықтырылады. Библиографиялық деректемелерде көрсетілмеген
ең жаңа әдебиетті каталогтар бойынша, сондай – ақ тиісті саладағы мерзімді
басылымдарды тікелей қарап шығу жолымен анықтайды.
Көркем әдебиетті тақырыбына қарай іздестірудің өзіндік ерекшелігі бар.
Бұл жағдайда ең қысқа жолы әдеби – көркем шығармалардың тақырыптық
картотекасына жүгіну болып табылады. Егер мұндай картотекалар жоқ болса,
көркем әдебиеттің арнаулы тақырыптық көрсеткіштерін, материал тақырыбы
жағынан топталған немесе тақырыптық көмекші көрсеткіштері бар жалпы әдеби
сипаттағы құралдарды, мерзімді басылымдарда жарияланған тақырыптық шолулар
мен мақалаларды, соңында басылып шыққан аннотацияланған және оларда пәндік
рубрикалардың болуы арқасында аннотоцияланбаған да карточкаларды
пайдалануға болады.
Мекен жайлы – бибилографиялық анықтамаларды орындау әдісі. Мекен жайлы
– бибилографиялық анықтама оқырманға мәлім белгілі бір құжаттың немесе оның
бөлімінің кітапхана қорында бар екенін және тұрған жерін анықтайды. Әдетте,
библиографта құжат туралы мейлінше дәл ақпарат болуға тиіс, сондықтан да
өзінің реті жөнінен әбден айқындалған іздестіру схемасын жасауға мүмкіндік
болады. Кітапханада керекті кітаптың бар екенін алфавиттік каталогтың
көмегімен анықтау, бәрінен де оңай. Әрбір автордың немесе ұйымның барлық
материалдары өздерінің тақырыбы мен басылу мерзіміне қарамастан да
алфавиттік каталогтарда ғана бір жерге жиналады. Журналдар, газеттер,
шығарыла беретін жинақтар туралы мәліметтер мерзімді және шығарылатын
басылымдардың каталогы арқылы табылады. Құжаттардың арнаулы түрлерінің
каталогтары мен картотекалары ноталар, грам запистер, стандарттар,
өнертабыстардың сипаттамалары және т.б. туралы сұрақтарға жауап табуға
көмектеседі.
Егер кітапханада құжат болмаса, оны іздестіруге аса ірі кітапханаларға
жаңадан түскен басылымдардың басылып шыққан каталогтары мен бюллетеньдері,
сондай – ақ басылып шыққан жиынтық каталогтар пайдаланылады. Бұдан нәтиже
шықпаған жағдайда құжаттың сипаттамасы Бүкілодақтық кітап палатасының
жылнамаларынан немесе басқа библиографиялық көрсеткіштерден іздеп табады
да, жергілікті библиографиялық аппарат бойынша қоры тапсырыстың саласына
сай келетін кітапханаға береді. Кітапханалардың толықтырылу саласын анықтау
үшін кітапханалар мен анықтамалықтар жөніндегі жолнұсқалар қолданылады.
Сөйтіп, іздестірудің нәтижесінде құжаттың кітапхана қорында сақталу
шифры көрсетілген немесе талап – тілектің кітапхана арқылы абонемент арқылы
орындалуы басқа жаққа жіберілгені көрсетілген жауап – анықтама беріледі.
Нақтылаушы анықтамаларды орындау әдісі. Кітапханаға оқырман өзіне
белгілі автордың болуы мүмкін еңбегін, өзі ертеректе пайдаланған, бірақ
қазір оның тақырыбы (немесе шыққан жылы, немесе ол басылған журналдың аты)
ғана есінде қалған мақаланы тауып беруді, мақаладағы әдебиетке сілтемелерді
айқындауды сұрап өтініш жасайды. Кейде оқырмандар бір әріпті екінші әріппен
алмастырып, автордың фамилиясын бұрмалауы, немес әйелдің фамилиясын
еркектің фамилиясы ертіп көрсетуі, инциалдарын шатастыруы мүмкін. Мерзімді
басылымда шыққан мақаланы немесе жинақтың бөлімін жеке басылып шыққан кітап
деп іздеуі, шыққан жылын, жарияланған деректемені дұрыс көрсетпеуі тағы сол
сияқты нақтылауды талап ететін жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай бұрмалаудың
орын алу себептері әр түрлі. Ең алдымен библиографиялық сауаттылықтың
жеткілікті дәрежеде болмауы, талаптарды толтырғандағы ыждағатсыздық,
мәліметтер алынған библиографиялық деректемелердегі қателер, оқу -
әдістемелік құралдар, әсіресе сырттан оқитын студенттерге арналған құралдар
жөніндегі тізімдерді құрастырушылардың салақтығынан болады. Талап –
тілектегі сипаттау элементтердің (автордың фамилиясы немесе инциалдары,
шығармалардың бас тақырыптары, шығу деректері) бұрмалағандарын нақтылау мен
жетпейтіндерін анықтау – библиографиялық іздестірудің көп тараған түрі.
[10.Б –8–11]. Көпшілік кітапханаларда көркем шығармалардың жариялануы
туралы мәліметтерді нақтылауға байланысты тілек білдіру жиі кездеседі.
Облыстық кітапханаларда нақтыландыратын көптеген іздестірулерді
оқырмандардың талап тілектерін библиографиялық жағынан өңдеу барысында
орындауға тура келеді. Бұл ретте жеткіліксіз мәліметтерді анықтау
оқырмандар бұрмалаған деректерді нақтылаумен ұштастырылады.
Библиограф нақтылап іздестіруге (библиографиялық іздестіруге)
кіріскенде, оның қолында құжат туралы толық емес немесе бұрмалаған ақпарат
болды. Бұл жағдайда құжат туралы қандай түпкі деректердің мәлім екендігіне
байланысты белгілі бір деректемелерге жүгінудің логикалық жағынан
негізделген ретін жедел өзгертуге мүмкіндік беретін икемді іздестіру жүйесі
қажет.
Қайдан іздеу керек деген жорамалдың варианттық, немесе бейімделгіш
сипаты болды. Талап – тілекті қабылдау кезеңі мейлінше маңызды дейтініміз
де сондықтан. Библиограф құжат туралы оқушының қолында бар мәліметтердің
бәрін түгел алуға тиіс. Оқырманның мәліметтерді қайдан алғанын міндетті
түрде анықтау керек. Оқырманмен әңгімелескенде библиограф автор белгілі
болса (өмір сүрген жылдары, ол жұмыс істейтін білім саласы, белгілі
еңбектері қандай, жұмыс орын және т.т), ол туралы қосымша деректер алуға
тырысады. Бұл қосымша мәліметтер іздестіру кезінде сөзсіз пайдасын тигізеді
және іздестіруді жеңілдетеді. Мысалы, белгілі бір қайраткер туралы
материалдар көбінесе энциклопедиялық және өмірбаяндық – библиографиялық
сөздіктерден ізделінеді, ал егер бұл адам белгілі бір қоғамның мүшесі
болса, онда оны осы қоғамның басылымдарын, есептерін пайдалану нәтижесінде
іздестіру мүмкіндігі туады.
Талап – тілекті нақтылаған кезде басылымның шыққан жерін анықтап алу
өте маңызды, мұның өзі баспалардың каталогтарын, сондай – ақ өлкетану
библиографиясы басылымдарын пайдалануға жол ашады. Хат арқылы сұрау салған
оқырманмен тілдесуге мүмкіндіктің болмауы іздестіруді едәуір қиындататыны
мәлім.
Библиограф талап – тілекті қабылдап алғанан кейін оны мұқият талдайды,
осының нәтижесінде іздестірудің бастапқы пункті ретінде мейлінше қолайлы
болатын құжаттың қандай болса да бір белгісін бөліп алады. Кез келген
құжаттың бірқатар белгілері (авторы, мазмұны, тілі, басылып шыққан жылы,
жері, баспасы, көлемі, басылу түрі, және басқалар) болады, олардың
әрқайсысы бойынша құжат кітапхананың анықтамалық – библиографиялық
аппаратында бейнеленеді. Мысалы, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
жинағын (М., 1976) тақырыбының және ғылыми редакторы фамилиясының
алфавиттік каталогынан, Кітапхана ісі жүйелі каталогының бөлімдерінен
және мақалардың жалпы картотекасынан табуға болады, бұл орайда соңғысында
жинақтың мақалалары талдау жасап жазылған. Сонымен қатар жинақ бірқатар
библиографиялық деректемелерге, атап айтқанда Кітап жылнамасына, Мәдениет
және өнер проблемалары жөніндегі ақпараттық орталықтың Кітапхана ісі және
библиография ісі деген басылымға енгізілген.
Анықтамалық – библиографиялық аппараттың белгілі бір буынына бірінші
кезекте бару туралы мәселені шешкенде, ондағы материалдың ұйымдастырылу
принципін, әдебиетті, бейне тапқан басылым түрлерін қамтудың хронологиялық
шеңберін және т.т. білу қажет. Нақтылап іздестіруді орындау кітапхананың
анықтамалық – библиографиялық аппаратын жақсы білуді ғана емес, сонымен
қатар құжаттың қай белгісі негіз етіп алуына байланысты, іздестірудің бір
әдісінен екінші әдісіне тез көше білуді де талап етеді.
[11. Б-31 – 36]. Іздестірудің мейлінше күрделі түрлерінің бір –
еңбектің авторын анықтау. Авторлар жүйелі каталог, мақалалардың әмбебап
картотекалары, тақырыптық көрсеткіштер, Бүкілодақтық кітап палатасының
әржылдықтары мен жылнамалары, реферативтік журналдар және т.т. арқылы
анықталады.
Егер автор белгілі болып, бас тақырып белгісіз болса, алфавиттік
каталогқа, жеке адамдар картотекасына, берілген есімдер көрсеткіштеріне
және жылнамаларға, сол автордың еңбектеріндегі кітап соңында және мақала
соңында берілген әдебиет тізімдеріне жүгінген мейлінше тиімді.
Әрбір іздестіру мейлінше жеке жүргізіледі және әр түрлі жолдармен
орындалуы мүмкін, бірақ олар қанша алуан түрлі болғанымен, мейлінше типтік
нұсқалары бар. Ол нұсқалар мына блок – схемада жақсы көрсетілгенін айтады
да, лектор ілулі көрнекті құралды пайдалана отырып, оның мазмұнын талдап
беруге тиіс.
Кітап іздестіруден гөрі мақалалар туралы мәліметтерді іздеу өте қиын.
Өйткені, мақалалар библиографиялық деректемеде кітап сияқты толық
көрсетілмейді. Былайша айтқанда, мақалалар көрсетілетін деректемелер
шеңбері едәуір тар. Көбінесе белгілі бір автордың белгілі бір мәселе
жөніндегі мақаласы (тіпті бас тақырыбы онша дәл тұжырымдалмаса да)
жарияланған деректеме ізделеді. Мұндай жағдайда мақалалардың универсалды
картотекасын, сонан соң ретроспективтік және ағымдағы сипаттағы тақырыптық
және салалық көрсеткіштерді қарап шығу керек. Мысалы, оқырман
И.Литинецкийдің бионика мәселелері жөніндегі мақаласын тауып беруді өтінеді
делік. Шынында, Т.Н. Анисимованың Бионика (М., 1971) деген көрсеткіші
бойынша бұл мақала туралы қажетті мәліметтерді оңай – ақ анықтауға болады.
Бұл арада мақалаларды іздестірудің блок – схемасын да талдап өткен жөн.
Фактографиялық анықтамаларды орындау әдісі. Фактографиялық анықтама
дегеніміз – белгілі бір объектілер, оқиғалар, процестер, кезеңдер және т.т.
туралы қойылған сұрауларға берілетін тікелей жауап (фактографиялық
ақпарат).
Әдете, мұндай анықтамалар беру ғылыми – техникалық кітапханаларда өте
жиі кездеседі. Өйткені оларда дайындаушы заводтар, техникалық –
экономикалық көрсеткіштер, жабдықтар және басқалар туралы деректерді үнемі
іздестіруге тура келеді. Сондықтан ірі кәсіпорындардың, ғылыми зерттеу және
конструкторлық ұйымдардың ғылыми – техникалық кітапханаларда дайындаушы
заводтардың, әр түрлі жабдықтардың және т.т. арнаулы фактографиялық
картотекалары жасалады.
Оқырмандар фактографиялық ақпаратты көпшілік кітапханалардан да сұрауы
мүмкін. Әдетте, бұларға қайсібір оқиғаның датасын хабарлау (мысалы,
Адамның космос кеңістігіне шығуы қай жылы жүзеге асырылады?), заң
ережелерін түсіндіру (Селолық жерлерде мәдениет қызметкерлеріне қандай
жеңілдіктер беріледі?), терминнің мағанасын анықтау (Егесу деген не?),
жекелеген адамдардың өмірі мен қызметінің фактілерін анықтау т.б. сол
сияқты өтініштер беріледі. Селолық кітапханаларда анықтама столын
ұйымдастыру кең тарап жүр, оның жұмысына жергілікті мамандар тартылады.
[12. Б-89 – 96]. Фактографиялық анықтамалар көбінесе документтер
жинақтары сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалықтар бойынша орындалады.
Талап – тілек анықтамалық басылымдарда көрсетілмеген арнаулы тақырыпта
болған жағдайда библиограф қажетті мәліметтер мейлінше мол болуы мүмкін
деген әдебиетті таңдап алады да, оны тікелей қарап шығу жолымен жауап
табады. Кейде бұл процеске оқушы да қатыстырылады.
Фактографиялық анықтама қойылған сұраққа мәніне қарай жауап беріп қана
қоймай, оқушыға қажетті мәліметтер алынған деректемелерді де көрсетуі
мүмкін.
Ауызша және жазбаша анықтамалар. Жоғарыда қарастырылған анықтамалардың
бәрі ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша анықтамалар оқырманға көзбе –
көз беріледі. Немесе телефон арқылы хабарланады. Жазбаша анықтама алуға
арналған талап – тілектер арнаулы бланкілерге толтырылады, олардың екі
нұсқасы бар. Біріншісі – библиографиялық тізім жасауға арналған сұрақ
бланкісі, екіншісі – кітапханада сұралған құжаттың бар екенін анықтауға
немесе жетіспейтінін мәліметтерді анықтауға арналған сұрақ бланкісі. Бұл
екі бланкінің формалары баспаханада басылып көбейтілген түрде әр
кітапханада болуы тиіс.
Сұрақтарды бланкіге толтыру іздестірудің әдісін белгілейтін негізгі
деректерді дәл көрсету үшін қажет. Оның үстіне, бланкілер сұрақтарға талдау
жасау, оларды орындау үшін әдіс таңдап алу, анықтамалық – библиографиялық
аппараттың әр түрлі бөлімдерін пайдаланудың тиімділігі үшін қолайлы.
Сондықтан қанағаттандырылған талап – тілектерді ғана емес, сонымен қатар
осы кітапхана жағдайында жауап табылмағандарын да тіркеп отырудың маңызы
зор, өйткені бұл кітапхананың анықтамалық – библиографиялық қызмет
көрсетуінің сапасы мен қорына беруге мүмкіндік жасайды. Талдау жасау
барысында неғұрлым қолайлы жұмыс жүргізу үшін негізгі деректерді
бланкілерден перфокарталарға көшіру өте тиімді.
Ауызша және жазбаша анықтама берудің әдістемелік нұсқасы. Айырмашылығы
мынада: жазбаша анықтама (әсіресе тақырыптық анықтама) беруге еңбек
неғұрлым көп жұмсалады. Жазбаша анықтамалар көбінесе коллективтерге, сондай
– ақ басқа қаладағы оқырмандарға толтырылады. Соңғы жылдары жергілікті
библиографиялық аппарат жүйесінің жандандырылуына байланысты басқа
қалалардағы оқушылардан жазбаша анықтамалар жасауды талап ететін
сұрақтардың өсу тенденциясы байқалады. Мұндай сұрақтармен жұмыс істегенде
сұрақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау үшін тұтынушы мен тікелей
қатынастың болумауы кейде анықтама беру ісін қиындата түседі. Құрастырылған
тақырыптық тізімді талап етушіге қолма – қол береді немесе почта арқылы
салып жібереді, ал көшірмесі сол тақырыпқа қайтадан сұрақ түскенде
пайдалану үшін орындалған анықтамалар архивінде қалдырылады.
Әдістемелік кеңестер. Оқырмандардың бір жолғы сұрақтары жөніндегі
әдістемелік кеңестерде әдетте кітапхананың анықтамалық – библиографиялық
аппаратының әр түрлі бөлімдерін пайдалануды ұйымдастыру мен оның
мүмкіндіктері туралы мәліметтер библиографиялық іздестіру, әдебиет
тізімдері мен сілтемелер беруді құрастыру әдісі жөніндегі мәслелер жайлы
болды.
Әдістемелік кеңестер көбінесе ғылыми және оқу мақсаттары үшін
тақырыптық сұрақтар бойынша беріледі. Егер:
- әдебиет, диссертация, диплом немес курс жұмыстарын орындау үшін
қажетті болса;
- үлкен кезең ішіндегі деректемелердің кең көлемін түгел қарап
шығу қажет болса;
- тақырып бойынша библиографиялық деректемелер бар болып, олардың
бөлімдерін жай ғана көшіріп алу талап етілсе;
- сұрақ іздестіру үшін қажетті библиографиялық деректемелер бар
мекемеден түскен болса;
- сұрақ өте тар салада арнаулы тақырыпта болып арнаулы білімді
қажет етсе; деректемелерді оқырмандардың өзінің қарап шыққан
жөн. Өйткені тікелей қажетті әдебиетті іріктеп алу методикалық
кеңестерден гөрі ұтымды жол болып табылады.
[13. Б-31 – 38]. Әдістемелік кеңестер өткізген барлық жағдайларда
саралау әдісінің, оқушылардың жалпы білім мен библиографиялық әзірліген
ескерудің маңызы зор. Әдебиетті тікелей іріктеп алуда әдістемелік
кеңестермен ауыстыру оқырманды іздестіруге қатысушы етеді, оның
белсенділігін арттырады, оған библиографиялық дағдылар дарытады.
Әдістемелік кеңестер тек тақырыптық сұрақтар бойынша ғана емес, басқа
сұрақтар бойынша да беріледі. Мысалы, оқырман қайсыбір көркем шығарманың
авторын білгісі келсе, оған көркем шығармалар тақырыптарының картотекасын
қарап шығуға ғана кеңес беру керек.
ҚР кітапханаларында анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсету әдісі
жұмыстың осы заманғы талаптарға сай клетін жаңа түрлерімен байи түсуде.
Бұл жұмыстың басты бағыты аймақты біртұтас анықтамалық –
библиографиялық қызмет құру, кітапханалардың информацияны жеке және
коллективтік сұраушылардың библиографиялық талап – тілектерін орындау
жөніндегі қызметін мамандандыруды, үйлестіру мен кооперациялауды жүзеге
асыру болып табылады. Республикадағы облыстардың көпшілігінде ауызша
жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау ісіндегі қарым – қатынас
библиографиялық анықтамаларды орындау ісіндегі қарым – қатынас
библиографиялық талап – тілектерді кітапханалар арасында бөлісуге
негізделеді, мұндағы мақсат – оларды неғұрлым толық, жедел және үнемді
түрде қанағаттандыру, кітапханалардың міндеттерін айқын межелеу.
Кітапханалардың бұл саладағы қарым – қатынасы тиімділігінің одан әрі
өсуі мамандардың жекелеген категорияларына түрлі типтегі кітапханалардың
анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсетудің ұтымды жүйесін ғылыми
методикалық жағынан негіздеу мен осының негізінде талап – тілектің жүру
жолын айқындайтын нұсқау түрінде құжат – қарым- қатынастың барлық
деңгейіндегі анықтама жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
Республиканың бірқатар қалаларында кітапханалардың жалпы қалалық
жиынтық анықтамалық – библиографиялық аппарат ұйымдастыру жөніндегі қарым –
қатынастары, ойдағыдай дамуда. Мысалы, Шығыс Қазақстан, Семей облыстық
кітапханаларында Қала кітапханалары жаздырып алатын мерзімді басылымдардың
жиынтық картотекасын, Тараз облыстық кітапханасы ақпараттық –
библиографиялық құралдардың жиынтық картотекасын жүргізеді және т.т.

ІІ. Анықтамалық библиографиялық аппараттың түрлері
2.1. Анықтамалар қоры

Анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсету – ол оқырмандардың бір
жолдық сұранымдары бойынша библиографиялық қызымет көрсету. Анықтамалық –
библиографиялық қызмет кітапханалардың міндетті түрде атқаратын функциясы,
ол тұтынушыларды кітапханаға қорының құрамы туралы мәліметтермен қамтамасыз
етіп, ақпараттардың көзін тауып, таңдауға кеңес береді. Анықтамалық –
библиографиялық қызмет – библиографиялық қызмет көрсетудің негізгі
түрлерінің бірі болып табылады да, бір жолдық сұранымы бойынша
тұтынушыларға библиографиялық, жанама дәлдемелік хабарлар беру процесімен
байланыстырады.
Библиографиялық анықтама – Анықтамалық – библиографиялық қызмет
көрсету мөлшерінің бірлігі болып табылады. Библиографиялық анықтаманың
технологиясы: бір жолдық библиографиялық сұраным тұтанушыларға жауап беру.
Технологиялық жағынан библиографиялық
анықтама терминін орындаяу, беру деген зат есімдерімен байланыстыру
керектігі дөлелденеді.
Әдебиеттер іздеу қажеттігін тудырады да, тақырыптық библиографиялық сауал
қалыптасады. Деректі құжаттың орнына арналған библиографиялық бейнелеу
элементтерін жетерліктей толық білмеу библиографиялық дәлелдеме сауалдарын
тудырады. Құжаттың қайда барын анықтау қажеттілігі мекенжайлық
библиографиялық сауалдарды қозғайды. Библиографиялық анықтамалар, сондай-ақ
бір жолдық библиографиялық сауалдар жіктеулерін жүйеге келтіреді де,
тақырыптық, нақтылаушы және мекенжайлық болып бөлімшелерге бөлінеді.
[13. Б-31-38]. Тақырыптық анықтамалар мазмұны, шығуы, тақырып бойынша
нышаңдары біріктірілген көптеген библиографиялық жазбаларды іздеу нәтижесі
болып табылады. Анықтама бір жазбадан немесе ақпарат қажеттілігін толық
қанағаттандыратын құжаттан тұруы мүмкін.
Нақтылаушы анықтамада сұранымға сәйкес құжаттарды іздеп табуға
көмектесетін жетерліктей библиографиялық мәліметтері болады. Тұтынушылардың
тілегі бойынша нақтылаушы сауалға жауап толық библиографиялық бейнелеуді
көрсете алады.
Мекенжайлық анықтама көбінесе кітапханалар қорында іздеп отырған
басылымның бар, жоғына жауап береді; ол соңдай-ақ оның қай кітапханаларда
сақталғаны жөнінде хабарлама бере алады.
Іздеу заттарына сай әр алуан фактілерді бейнелейтін фактографиялық
анықтама ерекше қаралады. Сондай-ақ ол сауал арқылы табылған мәтіңдердің
қысқаша фрагменттерін де қарастырады. Анықтамалық-библиографиялық қызмет —
факт ұғымы сұралып отырған басқа да библиографиялық емес жайларды да
білдіреді. Оны іздеудің библиографиялық көзі тұтынушының қалауы бойынша
көрсетіледі.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет процестерінде анықтамалар тіпті
библиографиялық кеңестердің орнына жүре алады. Анықтама сұрау + жауап
комплексін көрсететіндіктен, тек библиографиялық қана болмайды, сонымен
бірге фактографиялық, кейде бірнеше типті жауаптарды қамтитын құрамдас та
болады. Мекенжайлық сауалдар дәлелді іздеу сауалды талап етеді де, іздеу
кезінде фактографиялық сұраулар тақырыптық болып кете алады.
Теориялық жағынан анықтамалардың бірнеше түрі болғанымен, тәжірбиелік
жағынан олар біреу ғана болып тіркеледі. Егерде іздеу жұмысы сәтсіз болып
қалса, сұраныстан бас тартуға болады. Ондай жағдайда анықтамалық –
библиографиялық қызмет көрсету бойынша қойылған шектеулерге сәйкес, оны
сұраныстың алғашқы кезеңінде – ақ қабылдамауға болады.
Кітапханаың жалпы жылдық жоспары мыналардан тұрады: кітапхананың кезекті
жылға арналған негізгі міндеттері баяндалатын текст бөлімі; тиісті бөлімдер
бойынша цифрлы көрсеткіштер бар нақты жұмыс тізімі; жоспарға түсіндірме
жазба. Әдістемелік орталықтар әр түрлі типтегі кітапханаларға арнап
жоспардың формаларын, жоспар жасаудың әдістемесін және жоспарланатын
көрсеткіштерді алдын ала белгілеп береді.
Ірі кітапханалардағы библиографиялық жұмыс төмендегідей негізгі бағыттар
бойынша жоспарланады:
- анықтамалық – библиографиялық аппаратпен жұмыс (анықтамалық және
библиографиялық басылымдар қорын жасау, каталогтар мен картотекаларды
толықтыру, оларды редакциялау және т.б.);
- ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету;
- библиографиялық құралдар құрастыру және оларды оқырмандармен жұмыс
жүргізгенде пайдалану;
- оқырмандарды кітапхана – библиография ісіне үйрету жөніндегі жұмыс;
- кітапханаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапхананың библиографиялық қызметі
Кітапхананың анықтамалық библиографиялық аппаратын ұйымдастыру
АБҚ Ақпараттық библиографиялық қызмет
КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
Библиографиялық қызметтің қызмет ету принциптері
Ұлттық кітапхана
Кітапханалардағы өнер саласы бойынша ақпараттар технологиясының даму жолындағы жұмыстар
Библиографиялық қызметтің процестері
Құжаттың библиографиялық суреттемесі
Құжаттарды библиографиялық іріктеу
Пәндер