Кітапханада кадрлармен жұмыс істеуді ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I Менеджмент туралы жалпы түсінік

1. 1 Менеджменттің қызметінің түрлері . . . 6

1. 2 Менеджмент қызметі мен тәсілдері . . . 14

II Кадрлық менеджмент негіздері

2. 1 Еңбек ресурстарын құру кезеңдері, жұмыс күшін дамыту әдістері . . . 23

2. 2 Басқару және ұйым . . . 42

III Кітапханада кадрлармен жұмыс істеуді ұйымдастыру

3. 1. Кітапханада кадрларды таңдау, іріктеу және бейімдеу процесі . . . 51

3. 2. Кітапхана қызметкерлерін бағалау және аттестациялау,

методологиялық негіздері . . . 56

Қорытынды . . . 63

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 64

Қосымша слайд шоу М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.

«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім -бұл экономикалық сипаттағы шаралар.

Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.

Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.

Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

Мәселенің зерттелу дәрежесі. Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Дипломдық жұмысты зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазіргі кезде басқару факторларының маңызының артыуына байланысты адамның әлеуметтік статусының дамуы басқару жүйесінің концепциясының пайда болуына мүмкіндік жасайды, бұл үкіметтің жеке меншіктен басқару жүйесіне ауысуына көмектесті. Осыдай біздің елімізде менеджмент дәстүрінің басталып келе жатқанқандығын көру қиын емес.

Міндеттері:

1. Басқару жүйесінің негізгі методтарын жақсы меңгерген маман даярлау;

2. Мақсатты мекеме басшыларын басқару жұмысына даярлау;

3. Сапалы өндіріс қажеттіліктерін басқаруды бірінші орынға қою;

4. Иерархиялық сапаның барлық деңгейінде жұмыс істей алатын менеджерлер даярлау;

5. Экономикалық әлеуметтік - психологиялық басқару әдісін қолдану;

6. Адамның еңбекке қабілеті мен қызметі әдістерін басқару;

7. Адамның еңбекке қызығушылығы мен еңбектегі іс-әрекет себептерін оқыту;

8. Табысқа жеткізетін ғылым жетістіктерін кеңінен қолдану;

9. Ақпараттың үрдістер мен компьютердің ролін көтеру.

Зерттеу объектісі. дипломдық жұмысында тақырыпты ашып зерттеу объектісі ретінде М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы болып табылады.

Зерттеу пәні Экономика дамыған қазіргі таңда менеджер қызметі ең кең таралған, қажетті бағыттыраның бірі. Сондықтан Қазақстанда практика жүзінде қолдану және теориялық жағынан оқытуға негіз бар, себебі Қазақстан жаңа экономикалық қатынастар мен әлеуметтік - экономикалық басқару жүйесіне көшуді бастаған болатын. Осы түрғыдан менеджмент негізінің теориялық - методикасын терең оқыту және басқару жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде практика жүзінде қолдану қажет.

Дипломның теориялық-әдістемелік негізі. Дипломдық жұмыстың теориялық әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, және диплом тақырыбына қатысты кезеңдік басылымдар мәліметтері құрайды. Материалды өңдеу барысында логикалық, салыстырушылық жүйелік және статистикалық талдаудың әдістері қолданылды.

Зерттеудің нормативті -құқықтық базасын Менеджментке және кадрлық менеджментке қатысты мемлекеттік туризм мәселесіне қатысты заңдық актілер, нормативтік-құқықтық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалар және ҚР -сының Президенттің, Үкіметтің және менеджмент аясында реттеушілік іс әрекетпен айналысатын жергілікті мемлекеттік билік органдардың басқа да іс- жүзіндегі құжаттары құрады.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын Менеджмент туралы кітаптар ҚР Статистика агенттігімен бекітілген мәліметтер, газет-журналдар мен www. Интернет порталындағы сайттар.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы . Жұмыстың жаңашылдығы ең алдымен М. Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ның қызметіне, даму перспективасына жаңа жолмен кешенді зерттеу жүргізілді. Кадрлық менеджментті дамытуға ұсыныстар жасалған. Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығын шарттайтын көбіне маңызды нәтижелер қатарына келесілерді жатқызуға болады:

  • Кадрлық менеджментті жақсарту, жетілдіру жолдары
  • Кітапхананың қызметін жақсарту, білікті кадрларды жұмысқа шақыру әдістері

Жұмыстың ғылыми тәжрибелік құндылығы алынған ғылыми нәтижелерді келесі бағыттар бойынша қолдануға болады:

  • Қазақстанда кадрлық менеджментті дамытудың қажетті шарттарында ғылыми деректерді қолдану мүмкіншілігі;
  • облыстық менеджментті жетілдіру бағдарламаларын, жобаларды әзірлеуде қолданылуы мүмкін;
  • Дипломдық жұмыстың әдістемелік нәтижелерін жоғары оқу орындарында «Менеджмент», «Кадрлық менеджмент», пәндерінен дәріс және тәжірибелік сабақтарда қолданылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерінің апробациясы . Зерттеудің негізгі нәтижелері студенттік ғылыми тәжрибелік конференцияда баяндалды.

Диплом құрылымы және көлемі . Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

I Менеджмент туралы жалпы түсінік

  1. Менеджменттің қызметінің түрлері

[1. 26-29 б. ] “Менеджмент” (ағылшын тілінде - manage) ”басқару” деген мағынаны білдіреді. “Менеджмент” түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интелектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдыны қойған мақсаттарына жете алуын айтады.

Мағынасы бойынша “менеджмент” термині “басқару” терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша “басқару” ұғымынан “менеджмент” ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады.

Басқару (басқару процесі) - мақсатқа жетуге бағытталған іс-қимылдарды ұйымдастыру. Менеджмент - өзіне міндетті элемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы. Менеджмент - бұл нарық жағдайындағы басқару. “Менеджмент” түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:

  • Менеджмент - бұл әр түрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі, функциясы, басқару.
  • Менеджмент - бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің облысы. Бұл ғылыми пән. 'і;
  • Менеджмент - басқару бойынша жұмыс жасаушы-ның әлеуметтік кітабы.

Менеджментке байланысты бірнеше авторлардың аныцтамалары бар: "Адамдықңатынастар"мектебінің өкілі Паркер-Роллеттің аныңтамасы: "Менеджмент - басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету".

"Менеджмент - ұйымның мақсатына жетуге және құруына қажетті бақылау, мотивация, ұйымдастыру, жоспарлау процестері" (Мескон, Альберт, Хедоуридің "Менеджмент негіздері" оқулығы) .

"Фирманы басқарудың теориясы мен тәжірибесі және нарық жағдайындағы оның қызметшілері" (Веснин "Менеджмент негіздері") .

"Өндірістің тиімділігін жоғарылату маңсатымен болатын принциптер, әдістер, құралдар мен өндірісті басқару формаларының жиынтығы" (1988 ж. шетелдік сөздер сөздігі) .

"Өзіне міндетті элемент ретінде, адамдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы" (Американдық энциклопедия) .

"Адамдар көмегімен тиімді жету және қойылым"

Менеджменттің 3 маңызды факторын байланыстырады - мақсат, тиімділік, адам.

Бәсеке жағдайында тиімділік - фирманың өміршеңдігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының, ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің.

Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы мынадай компоненттерден тұрады: стратегиялың менеджмент, қызметшілерді басқару (қызметші немесе кадрлық менеджмент), технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржыны басқару (қаржылық менеджмент), материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, жаңартпашылық менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.

  • Стратегиялық менеджмент -басты стратегиялық шарттарды құру және жету. Мақсаткерлікті таңдау, оқиғалық анализ, стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялың жоспарлау, ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялың менеджментке жатады.
  • Қызметшілерді басқару -маңызды менеджмент құраушысы. Ұйымның барлық мақсаттары адамдар арқылы жүзеге асады.
  • Технологиялық процестерді басқарудамашина, аппаратура, механизмдер, сондай-ақ компьютерлер және басқа арнайы құрылғылардың көмегімен адамдар арқылы жүзеге асады.
  • Қаржыны басқарудакәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметі қаржыны таратуды тиімділікпен қамтамасыз ету реттеледі.
  • Материалдық-техникалық жабдықты басқарушикізатты, материалдарды, құрал-саймандарды қажетті өнімдермен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
  • Өткізуді басқарусыртқы ортаның мониторингісін қосатын маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асады.
  • Жылжымайтын мүлікті басқарудаэксплуатация, сату, сатып алу, айырбас, жал және жылжымайтын мүлікпен байланысты басқа да қозғалыстар сипатталады.
  • Жаңартпашылық менеджментідамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарылату мен сақтау үшін қажет. Жаңа өзгерістер жоспарланады, ұйымдастырылады, ынталандырылады және бақыланады.
  • Сапаны басқарунарықтың бәсеке жағдайындағы фирманың бәсекеге тұрақтылығын қолдау үшін міндетті болып табылады.

Басқару - белгілі бір бағыттағы іс-қимылды өзгерту маңсатында ақпарат арқылы бір жүйенің келесі жүйеге ықпал жасауы.

Менеджмент пәні ұйымның мақсаттарына жету мақсатындағы еңбектік, материалдық, қаржылық, аңпараттық ресурстармен басңаруды игереді.

[2. 20-25б. ] Менеджмент дегеніміз - бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату мен пайданы молайту мақсатында қолданылатын принциптер, әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы.

Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру:

  • Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғары маманды болуын қамтамасыз ету;
  • Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғарғы еңбек-ақымен ынталандыру және еңбекке жағдай жасау;
  • Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру.

• Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;
• Нақты мақсаттарды анықтау;

  • Маңсаттардың басымдылығын, олардың кезектілігін, шешімдердің дәйектілігін анықтау;
  • Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру.

Нарық жағдайында басқару былайша құрылған:

  • Нарықтың сұранысы мен тұтынуына байланысты фирманың бейімділігінде;
  • Өндіріс тиімділігін жоғарылатуға үнемі талпынуыңда;
  • Шаруашылық өздігінде, соңғы нетижесіне жауапты болатын адамның шешім қабылдау бостандығында;
  • Нарық жағдайына байланысты міндеттер мен мақсаттарды үнемі түзетуінде;
  • Шешім қабылдау кезінде көптеген есептер үшін компьютерлік техниканың қазіргі негізін қолдану қажеттілігінде.

Менеджмент ұғымы 19 - шы ғасырдың аяғында пайда болды. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзінен шығып, ағылшында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.

Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылар, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.

«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім -бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.

Менеджменттегі басты нәрсе - өзіне кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент») . Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығынан менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында. Менеджмент - дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т. б. ) басталған мезетте пайда болды.

Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз - мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің қызметінің негізгі алты түрі тармақталады.

1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4. Құрама одақтық (ассоцияциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5. Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатын түсініктерге» сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.

Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.

Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.

Менеджмент-нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.

Менеджмент -нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.

Көрнекті американ экономисі В. В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

[3. 30-35 б. ] Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу, міндетті түрде қажет болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардың сипаты алуан түрлі болуы мүмкін., осыған байланысты басқару процесі үш типте өтуі мүмкін.

Бірінші тип - мақсатты басқару. Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерін барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші рөл атқарады. Басқарудың мақсаттылығы - кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес бөлімшелерді ұйымдастыру үшін жіктеу. Бұл принципті пайдаланған кезде бөлімшелердің және ондағы жұмыскерлердің мақсаты айқындалады, әрбір басқарушы қызметкер өзіне қойылған талап туралы нақтылы түсінік алады, дербес шешім қабылдау мүмкіндігі ұлғаяды және жұмыста табысқа жетуді ынталандырады. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен, кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді шығаруға көшу, жалгерлікті немесе коперацияны енгізу т. б. шараларды орындау үшін қолданылады.

Басқару процесінің өтуінің екінші типі - бағдарламалық басқару. Мұнда нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір-бірімен байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма жиынтығы басқару бағдарламасы болып саналады. Басқару процесіндегі мұндай типті, әдетте, өндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады.

Кәдімгі жоспардан бағдарламаның өзгешелігі - тапсырманы орындауды басқаруды «кідіртпестен» қолға алуға, «осал тұста, орын» анықтауға, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқару үшін график жүйесін кеңінен қолданады. Бағдарламалық басқару күрделі құрылыста, көп бөлшекті бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жұмыстарда қолданылады.

Басқару процесінің үшінші типі - жағдайға қарай басқару. Бұл мақсаты айқындалған, әрі сирек өзгеретін тұрақтанған, толық меңгерілген өндірісте қолданылады. Мұндағы басты міндет - туындаған қолайсыз жағдайдан өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру. Ол үшін пайда болған ауытқуларды тез, әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік беретіндей шешім қабылданады.

Атап көрсететін жайт, практикада басқарудың жоғарыда аталған типтері сол қалпында қолданыла бермейді. Басқару деңгейі алуан түрлі болып келетін кез келген кәсіпорында түрлі өндірістік міндеттерді шешкен кезде басқарудың үш типі дербес қолданылуы да, әр түрлі үйлесімде қолданылуы да мүмкін.

Мұндай үйлесімділікке, соңғы жылдары кең етек алған бағдарламалық мақсатты басқару - мақсатты жиынтық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру нақты дәлел болады. Мұнда мақсатты басқарудың да, сондай-ақ бағдарламалық мақсатты басқарудың да элементтері бар. Бағдарламалық мақсатты басқару кәсіпорынның түбегейлі, негізгі міндеттерін шешу үшін қолданылады. Мәселен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында «Белок», «Кадрлар», «Жалгерлік» т. б. бағдарламалар.

Коммуникация дегеніміз - қарым -қатынас, екі және одан да көп аламдардың өзара түсінісуге байланысты: бір - бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін біреулермен байланысуға, қарым - қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және басқару қызметтерін орындау да қарым - қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация - басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.

Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым - қатынас орнату қажет.

Шет ел зерттеушілерінің пікірінше тиімсіз қарым -қатынас проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар -бұлар тиімді қарым - қатынас орната білетіндер. Ұйым ішіндеде, одан тысқары жерде де тиімді қарым - қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшінде аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.

Олар тұтынушылар мен жарнама арқылы және басқадай жодармен байланысады. Қоғамдық ұйымдар мен қарым қатынас орнатуда жергілікті ұйымдар мен, жалпы ұлттық несмесе халық аралық деңгейде байланыс жасауға ерекше көңіл бөледі. Ұйым мемлекеттік реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, Сол себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді, сондай - ақ өзінің орналасуы, мүмкіндіктері, жеңілдіктер т. б. туралы деректер келтіріледі. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға қатысуының басқа да толып жатқан әдістері бар.

Сыртқы орта арқылы пайда болатын алуан түрлі проблеммаларға байланысты ұйым ішінде әртүрлі талқылаулар, жиналыстар телефон арқылы келісімдер жүргізіліп, қызмет жазбалары, есептері, бейнетаспалар (ведиолента) тағы басқа жасалады.

Ұйымда мәліметтер бірінен - біріне беріліп, алмасып отырады. Жоғарғы басшылықтан төменгі басшылыққа күнделікті міндеттер, нақты тапсырмалар ұсыныстар тағы басқа беріледі. Төменгі деңгейдегі басшылықтан жоғарғы деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметте не істеп жатқандығы айтылады. Басшы осындай жолмен ағымдағы және толғағы жеткен мәліметтерді біліп отырады, істі оңға бастырудың мүмкін болаты варианттарын ұсынады. Жоғарғы басшылар мен төменгі басшылардың мәлімет алысуы әдетте есеп беру, ұсыныс айту және жазбаша түсініктеме формасында болады.

Әр түрлі бөлімшелер аралығындағы коммуникация көлбеу коммуникацияға жатады. Кез келген ұйым мұндай коммуникацияны қажет етеді, өйткені оның өзі өзара байланысты элементтерден тұратындықтан, басшы мақсатқа жетуі үшін біркелкі жолға қойылған жұмысқа қол жеткізуі тиіс.

Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері болып саналады. Олар бөлімшелердегі міндеттерді анықтау үшін мәлімметтер алмасады, жұмысты тиімді орындау проблемаларын талқылайды.

Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға топтың іс әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Коммуникациялық процесс - бұл екі немесе оданда көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация-бұл күрделі процесс жәнеде оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.

Мәлімет алмасу процесінің элименттері мыналар болып саналады:

- мәліметті жіберуші идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады;

- символдар көмегімен кодталған мәліметтің өзін хабарлау;

-канал, мәліметті беру құралы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларының мәліметтер базасы
Кітапхана – ғылым, мәдениет және руханият орталығы
Кітап және кітап құндылығын насихаттау
Кітапхана имиджі
Кәсіпорынның кадрлық саясатын ұйымдастыру негіздері
Macromedia Flash технологиясы - қуатты технологиялардың бірі
Кітапхананы басқарудың ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызметі
Персоналды жоспарлауды ұйымдастыру және персоналдың құрылуы
Кітапханалық қызмет ету маркетингі
Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz