Оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАЗІРГІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ОРЫНДАҒАН Кендебай А.
СТУДЕНТ:
ҒЫЛЫМИ
ЖЕТЕКШІ:
КӨКШЕТАУ, 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Оқытуда қолданылатын қазіргі педагогикалық технологиялар
1. 1 Оқыту технологиясына бағдарлы шолу 5
1. 2 Ынтымақтастық технологиясының тиімділігі 17
1. 3 Ұжымдық оқыту технологиясының тәрбиелік мәні 23
1. 4 Ақпаратты оқыту технологиясындағы интерактивті әдістер 28
2 Мектепте оқытудың педагогикалық технологияларын қолданудың жолдары
2. 1 Модульдік оқыту технологиясын қолданудың ерекшеліктері 32
- Білім берудегі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 49
- Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы 59
- Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің қолданылу заңдылықтары 61
Қорытынды 72
Қолданылған әдебиеттер 74
Қосымша 76
Кіріспе
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа технологияны пайдалану жолдары түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары шығуда. Білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа оқытудың педагогикалық технологиялары қолданылып келеді. Мен осы дипломдық жұмысымда қазақстандық білім беру жүйесінде қолданылып жүрген оқытудың педагогиалық технологияларының біразына ғылыми тұжырымдамалар жасау және тәжірибелік сараптамалар жүйесін көрсету.
Зерттеудің мақсаты: соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп-өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде.
Кез келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Міне, осы мақсатта қазіргі таңдағы оқыту мен тәрбиелеу процесіне еніп жатқан педагогикалық технологиялардың біразына өз шама-шегімше саралап, оның бастауыш сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерге тиімді жақтарын қолдануға мүмкіндік жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Әр түрлі ғалымдардың педагогикалық технология туралы ұстанымдарына
талдау жасау.
2. Қазіргі педагогикалық технологиялардың білім беру саласында педагогика-
психологиялық жағынан тиімді жақтарын зерделеу.
3. Оқыту мен тәрбиелеудің принциптерін қатар қарастыру. Оқыту арқылы
ұлтжанды, еңбекқор, адамгершілігі мол, білімді азамат тәрбиелеу.
4. Оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, дамыған, әл-ауқаты
жоғары елімізге дәрежесі сай оқушыларды шығару.
5. Көркем шығарма оқуға, оған сыни көзбен қарай алатын мүмкіндігін
арттыру;
Ғылыми болжам: Егер жаңа педагогикалық технологияны оқыту процесінде тиімді, шебер қолдана білген жағдайда балаға жан-жақты білім беруге болады деп ойлаймын. Бастауышта озық педагогикалық технологиямен сусындаған баланың терең білім алып, болашақта біздің елімідің дамып, өркендеуіне өз үлестерін қосатыны сөзсіз.
Қолданған зерттеу әдістері: салыстыру әдісі, библиографиялық әдіс, зерттеу әдіс.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш сыныпта білім беру.
Зерттеу кешені: Ж. Мусин атындағы педагогика колледжінің бастауыш мұғалімі бөлімі, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Златогор орта мектебінің 3, 4 бастауыш сыныбы, Саумалкөл селосының №2 мектеп-гимназиясының 3-сыныбы.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, тәжірибелік жұмыстар мен қорытынды және қосымшалардан тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде қазіргі қолданылып жүрген педагогикалық технологиялардың тиімділігіне сараптамалар жасап, теориялық тұжырымдамалар беруге тырыстым. Айтылған теориялық тұжырымдамаларды өзім өткізген және әр жерлерде өткізіліп жатқан эксперимент мектептердегі нәтижелермен салыстыра сипаттап, қорытынды жасадым.
Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде мектепте оқыту технологияларының қолдану жолдарына тоқталдым. Онда модульдік оқыту технологиясын қолданудың ерекшеліктері мен білім берудегі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тәжірибедегі озықтығына талдау жасадым. Сондай-ақ оқушылардың оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының оқушы мен оқытушы арасындағы ашық диалогқа алып келер бастамасын және оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің қолданылу заңдылықтарын, ондағы дәстүрлі бағалаудағыдай екіұштылық емес, нақты шынайы бағалаудың таптырмас жолы екенін ашып көрсетуге тырыстым.
Қортынды бөлімінде оқыту мен тәрбиелеудің егіз ұғым екенін, оларды әрқашан қатар алып жүру нағыз педагогтың қажырлы еңбегі екенін, ал қосымшада өзім тәжірибеден өткен мектептерде аталмыш технлогиялардың кейбір элементтерін пайдаланып өткізген үлгі сабақтарын ұсынып отырмын.
І Оқытуда қолданылатын қазіргі педагогикалық технологиялар
- Оқыту технологиясына бағдарлы шолу
Дүниежүзілік білім кеңістігіне кіру және халықаралық байланыс елімізде білім жүйесіне өзгеріс жасауға мүмкіндік туғызуда. Қазіргі таңда отандық білім жүйесін дүниежүзілік үлгіге жеткізу ең басты мәселелердің бірі болып отыр.
Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық инновациялық және ақпараттық технологиялармен жетілдіруді талап етеді. Инновациялық педагогикалық және ақпаратты технологияларды жетік меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіби, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да кәсіптік құзіреттілігін қалыптасуына игі әсер етеді.
Қоғамдағы қарым-қатынастар жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер білімге тікелей әсер етуде және одан технологиялық идеяларды дамытуды, алда тұрған мақсаттарға жетуді, инновацияны күтеді.
Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқытудың модульдік, ұжымдық, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлі саралап оқыту және т. б. технологиялардың стратегияларын мұғалім өз шығармашылығы, ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне орай іріктеп қолдануды талап етеді.
Ақпараттық, коммуникациялық, оқытудың инновациялық технологиялары арқылы барлық балалар мен жастарға бірдей білім беруге және ол әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндіктерін береді.
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады» тұжырымын басшылыққа алу керек. [1]
Өз саясатын дүниежүзілік деңгейде жүргізіп, жаһандану әлемінің үрдісіне бір табан жақындай түскен кез келген Республика әлемдік үрдістерден, жалпы ғаламдық заңдылықтардан тыс қалғысы келмейді.
Мұндай талпыныстар біздің елімізде де жүріп жатыр. Республикамыздың Білім және ғылым министрлігі қазір 12 жылдық жалпы білім беру жүйесіне көшуге дайындық жүргізуде. Жалпы орта білім беретін мектепте 12 жылдық оқыту мерзімін енгізу түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуге және олардың оқу бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік туғызады. [14] .
Педагогикалық әрекеттегі шығармашылықтың тірегі, мұғалімнің білімділігі. Еліміздің болашаққа көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру және оларды мұғалім жүзеге асыра білуі тиіс.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселесі білім беру, ғылымды дамыту.
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға - ұстаз болса, оның алдында егемен еліміздің болашағы тұр. Сондықтан ХХІ ғасырдың ұстазы оқытудың жаңа түрлерімен қаруланған қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай, кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.
«Инновация» ұғымы ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу» деген мағынаны білдіреді. Ал тамыры тереңде жатқан термин латын тілінің «жаңару», «өзгеру» сөздерімен баламаланады, «бұдан бұрын болмаған жаңалық», «қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі» деген түсініктерді білдіреді. Ол ең алғаш рет ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінде пайда болған. Одан кейін инновациялық түсінігі ХХ ғасырдың басында экономист И. Шумпетер ұсынды. 30 - шы жылдары И. Шумпетер, Г. Менш «инновация» терминін ғылымға енгізді. Себебі жаңа технологияның және заттың ғылыми тұтас жаңалығын ашты. Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Бүгінгі күні білім беру жүйесінде әр түрлі педагогикалық инновациялық технологиялардың нұсқалары қолдануда.
Педагогикалық технологиялардың пайда болу себептері қазіргі педагогикалық теорияда былайша сипатталады:
- оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып жан-жақты дамыту қажеттілігі;
- білімді вербальді (сөздік) тәсілмен ғана оқушыларға жеткізуден жүйелі іс-әрекеттік тәсілге көшу;
- мұғалімдердің іскерліктерін дамыту, жетілдіру.
Технология ұғымы жалпы ғылыми ұғымдардың бірі болып саналады. Ол өндірістік салада пайда болып қазіргі кезде педагогика саласында да өзінің мәнді орнын табуда.
Педагогикалық технология - мұғалімдер мен оқушылар тұлғасының өзіндік дамуын, өздерін-өздері іске асыра алуларын қамтамасыз ететін тұтас педагогикалық үрдісті басқарудағы диагнос-тикалық мақсаттарға жетудегі әдіс-тәсілдер кешені. Педагогикалық технологиялар іс-әрекетті жүйелендіріп, бір логикалық тізбек ретінде құрылады және соңғы нәтижеге жетуге кепілдік бере алады.
Қазіргі кезеңде педагогикалық технологиялар әр түрлі жіктеледі.
Г. К. Селевко педагогикалық технологиялардың өзіндік жіктелуін ұсынады:
- педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру мен демократияландыруға негізделген технологиялар;
- оқушылардың іс-әрекетін белсенділендіру мен күшейтуге негізделген технологиялар;
- оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар;
- кешенді технологиялар;
- баламалы технологиялар.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, шығармашылықпен жұмыс істей білуіне бағыттайды. Педагогикалық технологияның негізгі принциптері оқушыны жан-жақты дамыту, оларды өз ойларын, пікірлерін еркін айта білуге жағдай тудыра отырып, әріптестерін құрметпен тыңдауға үйрету.
Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог-ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдіcтерін енгізумен шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, философиялық материализмнен руханилық, гуманистік ұстанымдарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде (Ә. Нысанбаев) .
Адам санасының психологиялық табиғатын, оның субъектілік тәжірибесін оқыту материалын игеру туралы Л. С. Выготский: «Тұлғаның бойында жаңа реакциялық өзгерістер жасай алатын бірден-бір тәрбиеші - организмнің өзіндік тәжірибесі. Тек қана өз тәжірибесінде басынан өткізгендер ғана сыртқы байланыс жасай алады . . . », деп көрсетті.
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін 12 жылдық білім беруге көшу қажет.
Өз саясатын дүниежүзілік деңгейде жүргізіп, жаһандану әлемінің үрдісіне бір табан жақындай түскен кез келген Республика әлемдік үрдістерден, жалпы ғаламдық заңдылықтардан тыс қалғысы келмейді.
Педагогикалық технология саласындағы теориялық және практикалық ізденушілерді бір жерге топтастыру айналасындағы қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі- педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан тұрады. «Жаңа педагогикалық технология» терминалогиялық тіркесіне үңілсек, жер жүзінде креативтік, эвристикалық, когнотивтік деп аталатын деп аталатын негізгі үш педагогикалық технология бар екенін білеміз:
1. Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік қабілетін дамытуға байланысты.
2. Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты, қабілеттілікті дамытады.
3. Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дәуірге дейін жиналған белгілі атаулының бәрі, оқушыға жетерлік дәрежеде терең үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай жағдайға әкелу мәселесі назарға алынады. «Жаңа педагогикалық технология» -әрбір сабақта пайдаланатын, өте қажетті сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тәсілі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңай нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. «Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004ж ЮНЕСКО ұсынған халықтық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның сегізінші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру, ақпараттандыру, халықаралық, ғылымдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр. [2] . Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық қабілеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Педагогикалық технологиялар бірнеше топтарға бөлінетінін баршамызға мәлім. Осыны толық меңгерген мұғалімдер жаңа технологияларды өз тәжірбиелеріне тиімді ендіре алады. Оқытудың жаңа иновациялық технология әдістерін, дәріс беретін дәріскерімен практикалық сабақтар жүргізу барысында жиі қолданып отыру керек. Білімгерлерді педагогикалық практикалардан, қаладағы мектептерден өткізу барысында озат мұғалімдердің сабақ беру әдіс-тәсілдеріне көп назар аудартылады. Болашақ ұстаздар сол мектептерде үлгі сабақтар өткізіп жинақтаған тәжірбиелерінің қорытындысын көрсетеді. Мысалы, з-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінде өткізген үлгі сабағымда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын іске асыру еді. Нәтижесінде оқушыларды толық сабаққа қатыстырып, олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алдым. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап оқушыларға тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ беріп, жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге септігі тиеді. Оқушылар өз бетімен біліміне баға беріп, оқушы мен оқытушы арасында ашық диалог орнауына мүмкіндік туғызады.
Бастауыш білім беру: Мазмұны мен әдістері жағдай туғызады.
Бұл бағдарламада мұғалімдерге де, оқушыларға да міндеттер қояды. Осы міндеттерді орындауға мұғалім өзінің тақырыбы мен сабақ арсындағы біріккен іс-әрекет ұйымдастырады. Мысалы: бұл оқыту технологиясы аясында сабақтарымды меңгеру үшін оқушыларға:
1) еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2) ақыл-ойын дамытады;
3) шығармашылық белсенділігі артады;
4) тіл байлығы жетілдіріледі;
5) жан-жақты ізденеді;
6) өз ойын жеткізеді;
7) ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
Анық айтқанда, сабақта қолданатын стратегиялар көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған шығармашылық ойлау ретінде білімді меңгереді. Педагогикалық технологияларын талдау барысында алынып отырған технологияның сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы және тиімді, жүйелі болуы ескеріледі. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін ана тілі сабағынан үзінді ұсынамын: 3-сынып.
Сабақтың тақырбы: Жаз.
Сабақтың мақсаттары: 1) Мәтіннің мазмұны ашу, негізгі ойды ұғындыру;
2) Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту;
3) туған жерін, табиғатын сүйе беруге тәрбиелеу.
Қолданылатын стартегиялар: «Ой шақыру», «INSET», «5 жолды өлең», «Венн диаграмасы»,
Сабақтың барысы: Ой шақыру А. Құнанбаевтың «Жаз» өлеңін оқып беру, сынып оқушыларына оқыту. Өлеңнің мазмұнын талдап, жаз туралы не білетіндерін жеке қағаздарға түсіру. Топпен жұмыс жүргізуге, ортақ пікірге тоқталу.
Күркіреп-өзеннің ағысының дыбысы.
Шалғын-қалың шөп немесе жайылым.
Шұрқырап-жылқы малының кісінеуі.
Бұлтылдап-малдың ойнақтауы.
Мағынаны танып білу (фраза) тағы басқа. Мәтінді әрбір оқушы өздігінен оқып шығады. «INSET» стратегиясы: V-білмеймін, t-жаңа нәрсе.
Ой толғанысы: Оқушыларға жаз жайында не білетіндері туралы кестені толтыру тапсырылады. Мәтін бойынша өлең құрау. «5 жолды өлең құрау». Жаз: жылы, құрғақ, күн ысиды, аспан ашық, жап-жасыл шөп.
Венн диаграммасы: бойынша сабақты қорытындылау. (салыстыру және байланыстыру) . Жаз . Күз
Бағалау:
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып», «Жаз» тақырыбына сурет салу.
Бұл сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың нәтижесінде сабақтың тақырыбының мазмұны ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz