5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері


Мазмұны
І Кіріспе бөлім
1. 1. Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесі ғылымының зерттелуі
1. 2. Қазақ әдебиеті оқулығының бағдарламасына шолу
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. 5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
а) Фольклор жанрын оқыту
2. 2. Қазіргі замандағы әдіс тәсілдердің қолданудң жолдары.
ІІІ Қорытынды бөлім
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Дипломдық жұмысының өзектілігі: әлемдік деңгейде кең қанат жайып келе жатқан ғаламдану процесінде әр халықтың өзіндік өркениет талаптарына сай жетілдіру мәселесі зор маңызға тар ағыныныа төтеп беруі және жан-жақтан еніп жатқан жат түсініктер тасқынына ілесіп кетпеуі үшін жас ұрпақтың білімінің берік білігінің бекем болуы тиіс. Әрине, ол жалпы білім беретін мекемелердегі оқу тәрбие жүйесінің қалай ұйымдастырылуына тікелей тәуелді. Әсіресе, пәндік білімге ғана негізденіп отырған оқу процессінде баланаң жалпы дүниетанымының қалыптасуы, өміртанымдық дағдыларының жетілдірілуі гуманитарлық пәндердің жаңарған мақсат міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік жүйесінің әр бөлігінің (білім, мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз. Бұл орайда ұлттың бүкіл танымдық әлемінің көрінісі, рухани мәдениетінің дамуының тетігі ана тілі сабақтарындағы халық ауыз әдебиеті үлгілерінің, оқушының ішкі сұраным қажеттігіне сай бағытта оқытылуы шешілуі рөл атқарады.
Пәнді меңгерту мазмұндық жүйесін саралауда сананы дамытуға, әдістемелік сипатын жетілдіруде білімді оқушының ішкі мүддесінен үйлестіруге басымдылық беру қажеттілігі айқындалып отыр. Өйткені білім мазмұнында оқушының өзіндік ойлау қабілеттіліктерін, жеке көз қарасын дамытуға тірек болар негізгі өзекті тауып, баланың ұғым-түсініктерін соған сәйкестендіре жүйелеу қандай маңызды болса, сабақта баланың білімді өздігінен меңгеруіне, өзіне деген сенімділігн арттыруға, әр түрлі өмір жағдайттарында дұрыс жол табатындай қажетті іскерліктерді қалыптастыруға бағытталатын жұмыстарды үйлестіре жүргізудің де мәні соншалық үлкен. Соңғы жылдары отандықта шетелдікте де әдіскерлердің еңбектерінде пәндерді оқытуға қатысты айтылып жүрген ой-тұжырымдамаларын сралап қарағанда, мынадай әдісшаманың ұстанымдардың ерекшеленіп көрінетіні байқалады: білім беру мақсатының қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сәйкестендірілуі; білімді оқушының өміріне ең қажетті біліктіліктерін жетілдірудің базасы ретінде жүйелеу; жас буынға ана тілін меңгерту, халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, үлгі-өнегесін, тәлім-тәрбиесін дәріптеу, елдің тарихын, ұлттың мәдениеттерін таныту, өнерін жаңғырту ең өзекті мәселелер болып табылады.
Әдебиетті оқытудағы оқу бағдарламасындағы берілген әдеби теориялық мәселені әдістемелік тұрғыда қарастыру, зерттеу, дипломдық жұмысымыздың өзектілігін бекіте түседі.
Теориялық ұғымдарды жеке меңгерту оқушының талғамына сай, өз бетімен оқыған көркем шығарманың идеялық-көркемдік ерекшеліктерінажыртып, оған баға бере білудің негізі бола алады.
Көркем шығармадағы әдеби теориялық ұғымдарды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындай отырып, оның біліммазмұнындағы орнын белгілеудің көкейкестілігін дәлектеуге негіз болады.
Дипломдық жұмыснысаны: Жалпы білім беретін орта мектепке арналған 5-сынып әдебиет оқулығы, бағдарлама. 5-сынып әдебиет құралындағы әдеби теориялық ұғымдарды тиімді оқыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні 5-сынып әдебиет оқулығы.
Дипломдық жұмыс мақсаты: әдеби теориялық ұғымдарды оқытудың ғылыми негіздерін қарастыру, оны м еңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін жүйелеу.
Дипломдық жұмыс міндеттері:
- Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы. Әдеби теориялық ұғымдарды оқытудың негізгі бағыттарын анықтау. ;
- Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
- Әдебиет теориялық ұғымдарды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдердіңжүйесін жасау арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыруға жол ашатын ұсыныстар дайындау.
Кіріспе бөлім
А. 1. Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесі ғылымының зерттелуі.
Көркем әдебиет оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, тұрмысындағы төңірек. Өнер ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін төңірегінен алады. Өнер ғылым бар адамдар тәрбиегі ата-анадан да, төңірегінен де, мектептен де және әдебиеттен де алады.
Өткен ғасырда Ахмет Байтұрсынұлы айтқан осынау сөздің қазіргі, болашақ қоғам үшін де маңызды екеніне ешкім жоққа шығара қоймас.
Әдебиет жан дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтінсезім қылдары арқылы ақыл иесі - адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Оның оқытудың қызықтылығы да, күрделілігі де осында жатса керек.
Әдебиет пәнінің алдына қоятын мақсаты - оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интелектуалдық, көркемдік, сезімджік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырманда тұрақты ынта-ықыласты, биік талғамды қалыптастыру, әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және белектілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту болып табылады.
Қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесі пәнінің методологикалық-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына тоқтала отырып, дидактиканың негізгі сұрақтары болып табылатын нені оқыту керек? Неліктен оқыту керек? Және қалай оқыту керек? Деген методикалық ғылыми-әдістемелік мәселелерге тоқталуды жөн көрдік. Жеке пән әдістемесі педагогикалық ғылым болғандықтан әдебиетті оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері мен даму тарихы - әлеуметтік сұраныс ретінде көрінді.
Қазақ әдебиеті бойынша 1930-40-жылдары негізінен нақты білім беру жағдайлары қарастырылып, оқушының сол білімді қайта айтып беруіне ғана басты назар аударуды да әдістемеге назар аударылмады. 50-жылдардан бастап жалпы білім беретін оқу пәндерді әдәстемесін жасау қолға алынды. Г. Н. поспелов, М. Н. Скаткин, М. А. Рыбникова, Н. Ф. Галызина, Д. Б. Эльконин, П. Я. Гальперин, Я. Я. Роткович, В. В. Голубков, Л. М. Выготский, Л. В. Занков, Т. Тәжібаев, Ә. Қоңыратпаев, Ш. Кәрібаев, А. Көшімбаев, С. Қирабаев, М. Мұқанов, С. Рахметжанова, Т. Ақшолақова, С. Қалиев, Ә. Дайырова, С. Тілешова сияқты психолог, әдістер ғалымдар білімді меңгерту, біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, оқушының ойлау қызметі мен танымдық іс-әрекеттерін дамыту мәселелері бойынша еңбектенді. Бұндай зерттеулер нәтижесінде біршама әдістемелік құралдар пайда болып кеңестік жүйеге негізделген мектептегі жеке пәндерге ортақ әдістемелердің құрылымы мен мазмұны қалыптасты. [2, 19]
Әдебиетті оқыту жүйесі тұтас курс ретінде тек совет мектептерінде ғана туып қалыптасты. Оның мақсаты жеке шығармаларды оқып үйрену, көркем сөз ерекшелігі жөнінде бастауыш білім алу.
Совет мектебінде әдебиетті оқыту үш түрлі кезеңнен өтті:
1) 1917-1927 жылдар арасында бастауыш оқу мен әдебиетті оқыту арасында жік қойылмай, «қоғамтану» түріндегі оқу жүрді. 2) 1928-1938 жылдардағы оқу мектептің типіне негізделмеген тарихи әдебиеттік курс болды. 3) бастауыш оқу, әдебиетті оқыту және тарихи курс программыс тек 1938 жылдан соң ғана аталған үш жүйе түрінде қалыптасты. [1, 27]
Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесі ғылымының өзіндік ерекшеліктерін жеке пәндер әдістемесіндегі алатын орнын негізге ала отырып «Жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің құрылымы төмендегі мәселелерді қамтуы тиіс.
1. Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы.
2. Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесі - ғылыми пән оның мақсаты мен міндеттері.
3. Әдеби білім мазмұны және оны анықтайтын ұстанымдар.
4. Пәнді оқыту әдістері мен тәсілдері.
5. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру. ъ
6. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен жолдары.
7. Қазақ әдебиетінің басқа пәндермен байланысы.
8. Сыныптан тыс және факультетатив жұмыстары.
9. Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі.
10. Қазақ әдебиетінің оқу-әдістемелік кешені.
Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихында 1957 жылы Алматы қаласында «Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту мәселелері» деген атпен қазақ тілі мен әдебиеті оқушыларының республикалық кеңесі жөнінде айтылды. Кеңесте 1940-57 жылдар аралығында қазақ тілі мен әдебиетін мектепте оқытудың жағдайы қорытындыланып, республиканың түкпір-түкпірінен келген озат тәжірибелі оқушылардың іс-тәжірибелі, ой-пікірлері ортаға салынып, оқу бадарламаларын, оқулықтарды сыныптан тыс жетілдіру мәселелері арнайы сөз болды және осы санадағы жұмыстар саралана отырып, алдағы жылдарда атқарулдар істердің бағыттары айқындалды. Мектепте ана тілі мен әдебиетін оқыту жөніндегі ғылыми зерттеу баяндамасының жайы мен міндеттері туралы». А. Ысқақовтың жасаған баяндамасының ресми құжаттық мәнділігімен мазмұны болып табылатын білім мазмұнын қалыптасытру жетілдіру мәселелерінің қол жеткен жетістіктері қорытындыоанып, кемшіліктері сарапталды.
Ы. Алтынсарин оқу методикасын қазақ тәрбиесіне тұғғыш рет енгізуге отырып, төрт түрлі факторда бірге алып қарайды. Олар 1! Иамтериал, 2) соның берілу тәртібі, мен методикасы, 3) оқушы, 4) мұғалім. [1, 22] деп атап көрсетті.
Материал балалардың жас ерекшелігіне, педагогиканың халықтық процессшіл талаптарына лайық сұрапталып алынған әдеби шығарма үлгілері. Методиканы тудыру үшін әуәлі программаны оқудың мақсат мазмұнын айқындау керек. Алтынсарин кезінде мұның ешқайсысы жоқ еді. Ол мәселені программа жасаудан емес, хрестоматия жасаудан бастаған.
Хрестоматия жасау арқылы Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш рет әдебиетті пән ретінде таныта отырып, қазақ методикасына жол салды. Ыбырай хрестоматиясына халық әдебиеті мен жазба әдебиетінің идеялы, мазмұнды, ең жақсы үлгілері енді де, текстердің білімдік, тәрбиелік және эстетикалық жағы тұтас көзделді. Соған қарамастан Ы. Алтынсарин хрестоматиясы мектепте шет тілі мен ұлт әдебиетін енгізудің бастамасы болды.
Ыбырайдың әдеби оқу методикасына тән бір жаңалығы өлең жаттату тәсілі, әрі материалды оқушыға жеткізуге екі әдіс: бірі - қазақ балаларына орыс тілін оқытудың әдісі, екіншісі - бастауыш мектептің екінші сатысында ересек балаларға әдеби тексті оқыту әдісін енгізді.
Пәнді білу дегеніміз - оқулықтың құрғақ ережелерін жаттап, әдебиет пәніні қисыр сөзге айналдыру емес, болмаса шығарманың құр текстін оқи салып, соны жадағыай баяндап оқушыларға өз айтқанын қайталатып айтқызук да емес, әдеби үлгіні ішкі ерекшеліктеріне еніп, көркем сөзге тән тақырып образ компазиция, тілі, идея, автор көзқарастарын жеке шығарма тусында таныту - дейді Алтынсарин [1, 26]
Оқушыларға талапты Алтынсарин төмендегідей көрсеткен.
- халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы
- оқушыларға зор талап қояды.
- баланың өз бетімен оқып, білімдерін арттыру үшін кітаптар және оқу құралдарымен қамтамасыз ететін кітапханалар ашылуына зор ықыласын кіріседі.
- Сабақ оқымайтын тәртіпсіз балаларды емес, мектепті кінәләйді.
Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихында 60- жыфлдардың қанақты екендігін осы кезде дүниеге келген филология ғылымдарының докторы, әдіскер Ә. Қоңыратпаев әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері» (1962) «Әдебиетті оқыту әдістемесі» (1966), А. Көшімбаетың «Қазақ әдебиетін оқыту творчествасын оқыту» (1969) сияқты іргелі зерттеулермен қатар әдебиетті оқыту әдістемесінің басқа да жеке саласы брйынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. С Тілешова «5-8 класстарда әдеби теориялық ұғымдар қалыптасытру», Ә. Дайырова «10-класста мәтінмен жұмыс істеу» сияқты тақырыптарды зерттеп, нәтижесі әдістемелік құрал ретінде мұғалімге ұсынады. Осы кезде кеңестік білім беру жүйесінде болған өзгерістерге байланысты Қазақ әдебиет бағдарламалары қайта жасалып оларға құрылымдық, жүйелік елеулі өзгерістер енгізілді. Қазақ әдебиетінің 6-10-классатрға арналған жаңа бағдарламалары (авторы Ә. Дайырова) негізінде оқулықтар даярланды. [24, 22] .
5-сынып оқу бағдарламасына шолу.
12. Оқулық осы жаңа бағдарлама [3, 1] бойынша жазылған. Жаңа білім мазмұнын ашуды айқындауда жетекші әдіснамалық ұстаным ретінде ұлттық таным, ұлттық рухани сана қажет деген. Философиялық, тұғырнамалық көзқарасқа сүйеніп жазылған. Менің пікірімше, бұл көзқарас қоғамдық сұраныспен қазіргі қоғамдық ғылымдардың ғылыми педагогикалық ойдың білім беруде ұстанып отырған қазіргі бағыттары мен толығымен үндес. Толығырақ тоқтала кетсем, білім мазмұнын жаңартудың негізі өткендегі мәдени, рхани құндылықтарды тірек ете отырып тарихи мәдени экологияны қалпына келтіру; оқушылар санасында атаның халқының өмірі мен өз өміріндегі тарихи тамырластық сезімін орнықтыру. Олардағы ізгілік, имандылық, азаматтық, отаншылдық, үлгі өнегелерді, озық идеяларды оқушы бойына сіңіру, сол негізде басқа халыистік сана қалыптастыру. Әдебиет пәнінің мазмұны негізінен менің пікірімше құндылықтарға құрылған. Оқу мақсатында оқушының дамытуға басымдылық (приоритет) берілуне орай, оқу әдістемелік жүйені жаңартудың негізіне қазіргі заманғы педагогикалық, психологиялық дамыта отырып оқыту идеясы салынған. Қазақ әдебиеті бағдарламасы «Концентричность» принципі бойынша жасалынған белгілі нәрседен жаңалыққа жеңілдеп қиынға жүйелік принципі сақталған (мысалы 5-сынып «фольклор», 6-сынып, көркем әдебиет әлемі», 7-сынып «көркем әдебиетінің қоғамдық мәні, эстетикалық тәрбиелік құдыреті») . Бұл бағдарлама орыс әдебиеті бағдарламаларына сәйкестендіріліп жасалынған. Әрбір бағдарламаның курсы:
1. көркем шығармаларды оқу үшін-мұғалім басшылық етеді.
2. Көркем шығармаларды таңдау үшін, оқушы өзі оқиды, анализді мұғаліммен бірге жасайды.
3. Көркем шығармаларды сыныптан тыс оқу үшін бөлінген шығарманы (туындыны) өз беттерімен оқып таңдауға беріледі.
Пәннің алдына қоятын мақсаты оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интелектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта ықыласты биік талғамды қалыптастыру әдеби мұраны және қажетті білім және биіктілікпен қаруландыру. Логикалық ойын аузекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін [4, 4] пән алдына мынадай міндеттер жүктеледі. Оқушының:
- бағдарламаға сай көркем әдебиет туындыларын толық оқуы және игеруі оөқулығының әржақтылығы, жүйелігі, мақсаттылығы;
- әдебитті өрнер табиғатына сай оқи білуі, оны идеялық, эстетикалық мағынасы терең бойлап тебірене қабылдау;
- көркем әдебиеті оқуға деген қызығушылығын ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру.
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға ой көзімен зерделуге негіз болатын білім, білік икем-дағдылар қалыптастыру.
- әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту оқушылар шығармашылығына жүйелі педагогикалық ықпал жасау.
- оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін образды ойлау қайта елестете алу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
- Ойын сауатты ауызша (жазбаша) айтады, жазады, білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдентін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой-пікірін дәлекті, жүйелі айта білуге ұтымды шешен сөйлеуге баулу болып табылады.
ІІ тарау
2. 1. Мектепте оқытылатын әрбір пәннің жас жеткеншілік өміріндегі мән маңызы ерекше. Соның бірі - әдебиет пәні, әдебиет өнер болғанымен, әрбір оқушыдан өнер адамын жасау емес, сол өнерді түсіне, сүгіс білуге, одан жай жүрегіне қажет нәр, ләззат алып рухани рахаттан білу. Тәрбиелеу эстетикалық таным мен толғамын қалыптастыру. [5, 41] . Олай болса әдебиет жас жеткеншілікке өмірдің сан алуан қырларын танытып қана қоймай ақ пен қараның, асыл мен бақырдың парқын салмақтай біліп, әр нәрсені өзінше бағалап, өзінше ой түюге саналы өмір сүруге тәрбиелейді. Жоғарыда атлған барлық жақсы қасиеттері сабақ процессі арқылы жүзеге асырылады. 5-сынып оқушысы үшін «Әдебиет» жаңа пән. 12-сыныпты бітіргенше оқитын осы пәннің тағдыры бірінші сабаққа тікелей байланысты. Әдебиеттің алғашқы басқышы 5-7 сынып аралығында. 5-сынып оқулығындағы материлдарды игеруге барлығы 102 сағат аптасына 3 сағат бөлінген. Мұғалім берілегн 102 сағатты әр блокты кіші жүйелеріне мемлекеттік стандарттың талаптарын сақтай отырып жіктеп күнтізбелік жоспар жасайды. Әдебиет өнердің бір түрі, олай болса 5-сынып сезімін тәрбиелеу үшін әдеби арнаның тегін, түрлерін ажыратуы керек. Мектепте әдебиетті оқыту өте жауапты іс. Кез келген тақырыпта сабақ өтуді қолға алмас бұрын мұғалымнің алдымен мына жайтты ескергені жөн. Сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың әдеби теориялық дайындығы болуы керектігі. Шығармадағы белең алған метофора, пейзаж, портрет, тағы сол сияқты ажырата білерлік шәкірттердің әзірліктері болуы керек. Осы орайда ғалым Қуандық Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің пікіріне жүйесін әдебиеттен сабақ беруде ең көп таралған және ең басты кемшілікке басын назар аударған жөн. Ол қандай кемшілік? Ол көркем шығарма мазмұны мұғалімнің ауызша баяндап беруі. Кейіннен оқушылардың да сол туындыны неғұрлым толық мазмұндауын талап етуі. Бірақ бұл сабақ су шықпаса да құдық қазғаны үшін ақша алған су маманының аң атып әкелмесе де, қанша сағат ағ іздегені, мылтығынан оқ шығарғаны үшін жалақы талап еткен «аңшының» нәтижесі еңбегіне аңсамай ма екен? [6, 5] . Әдеби теориялық ұғымы, көркем өнер табиғатты жайлы тұрлаулы түсінігі көркемдік-эстетикалық толғамы белгілі дәрежеде қалыптаспаған шәкірттер сабаққа селсоқ қарайды, қызықпайды. Оларға көркем туынды, ондағы түрлі дағдылар сан сала оқиғалар сондықтанда түсініксіз. Түсініксіз болған соң әрине қызықсыз. Қызықсыз болғандықтан, әрине шәкірттер қулықсыз болады. Мектеп бітірушілер Білім стандарты талаптарына сәйкес қазақ әдебиетінің тарихын және бүгінгі әдеби процесс жетістіктерімен жақсы білумен қатар әдеби теориялық негізгі ұғымдарды да орнықты игеріп, ол білімдерін көркем шығапрмаларды таңдау барысында таныта лауы сөз өнерінің ерекшеліктерін байыптай білу міндетті
ІІ негізгі бөлім
2. 1. 5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері. Оқушыларға әдеби теориялық ұғымдар беру сынып жоғарылаған сайын бағдарламаға сәйес ол ұғым білімдері жаңа материалдар негізінле әр қырынан толықтыра түсіп шәкірттердің теориялық білімдерін жетілдіре отыр ұстаз міндетті, әдебиет сабақтарының басты мақсаттарының бірі 5-сыныпта оқу жылы бойына өтілетін көркем туындыларлына орый 20 әдеби теориялық ұғымдарға түсінік беру және олар жайлы оқушылардың алғашқы теориялық ұғымдарын қалыптастыру міндеттеледі. Атап өтсек әдебиет берілген ұғымдар: 1) пейзаж (188 бетте), портрет (169-бетте), кейіптеу (148-бетте) мысалдыр (133-бетте), әдеби ертегілер (125-бетте), шешендік сөздер (104-бетте), аңыз-әңгімелер (90-бетте), кейіпкер туралы (74-бетте), ертегілер (25-бетте), жұмбақтар 23-бетте), мақал-мәтелдер (16-бетте), тұрмыс-салт жырлары (6-бетте), халық ауыз әдебиеті туралы түсінік оқулықтың 5-бетінде берілген. Аталған 13 теориялық ұғым 5-сынып оқулығында берліген. Қалған 7 теориялық ұғым меторфора, эпитет, теңдеу, шумақ, тармақ, ырғақ, ұйқас бағдарламада оқушыларға таныстыру нұсқалынды.
Демеке, осы орайда мектеп мұғалімі теориялық ұғымдарда бір жүйеге келтіріп оқушыларға танытуда М. Жанпейісованың [7, 9] модульдік оқыту технологиясын негізге ала отырып төмендегідей жүйелеуге болады.
- блок
1. 2 блок
- блок
Бірінші болк негізінде әдеби теориялық ұғым, бағдарламада көрсетілген «халық ауыз әдебиеті» бөлігін тұтас қабылдаумен сәйкес келеді. Алдымен халық ауыз әдебиеті туралы түсінікті оқушылар ұғымына тұрақтандыру мақсатында ойларында қалған бөлімдерін топтастыру қажет.
Мектептің бастауыш сатысында қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі өте зор. [8, 5] .
Фольклорлық шығармалардан халықтың дүниетанымы, өмірге көзқарасы көрінеді, халықтың ұғымы мен түсінігі байқалады. Халық ауыз әдебиетін халықтың ауызша шығарған, ауызекі айту түрінде таратқан көркем шығармаларды қарайды. Халық фольклорының ішінде қазақ балалар фольклорының өзіндік орны мен маңызы зор.
Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік беруге 5-сынып оқулық бағдарламасында 6 сағат бөлінген. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің, тұрмыс-салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі жан-жануарларға және наурызға байланысты жырлар; мақал-мәтелдер; ерекшеліктерін аңғарту; мақал-мәтелдердің тура мағынасы, ауыспалы мағынасы, жұмбақтар, олардың мәні, жұмбақтардың ой шапшаңдығын тәрбиелейтін өзіндік ерекшеліктер, ертегілер, ертегінің жанрлық ерекшелігі, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздерге теориялық түсінік беру қамтылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz