ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАРЫСЫНДА СПОРТТЫҚ МАШЫҚТАНУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ. ҚАЗАҚ КҮРЕСІН ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 СПОРТШЫЛАРДЫҢ АРНАЙЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУ . . . 5
1. 1 Қазақша күрес техникасының негіздері . . . 5
1. 2 Күрес тәсілдерінің классификациясы . . . 11
1. 3 Қазақша күрестің тактикасы . . . 15
2 ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАРЫСЫНДА СПОРТТЫҚ МАШЫҚТАНУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ . . . 30
2. 1 Зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу әдістері . . . 30
2. 2 Спортшының оқу - машықтану процесін жоспарлау және өткізу . . . 33
2. 3 Спортшының дене кабілеттерін дамытуға арналған
дене шынықтыру жаттығулары . . . 43
3 ҚАЗАҚ КҮРЕСІН ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 47
3. 1 Қазақша күресті жетілдіру үшін жарыс ұйымдастыру . . . 47
3. 2 Жаттығу гигиенасы және жарақаттанудың алдын алу . . . 51
3. 2 Төрешілік ету ережелері . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 59
КІРІСПЕ
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, тағы басқа спорт түрлері баяғы заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келеді. Күні бүгін де олар өздерінің мән -мазмұнын жойған жоқ.
Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы I спартакиадаға дайындық кезеңі үлкен серпіліс тудырды. Оған әрбір облыс, тіпті әрбір аудан атсалысып, спартакиаданың табысты өтуіне өз үлестерін қосты. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің бірі - қазақша күрес. Көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрестің түрі. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етілген. Мұнда белбеуден қос-қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден, қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.
Қазақша күрес- халқымыздың ежелгі спорттарының бірі. Онда, грек - рим, самбо күрестерінің айла-тәсілдері кездеседі. Күрестің бұл түрінен жарыстар 1938 жылдан бастап өткізіліп келеді. Алғашқы спартакиадалық жарысқа 1938 жылы барлық салмақ категориялары қатысты.
Республиканың алғашқы жеңімпаздары Құрманбаев, Досқалиевтер (Алматы) болды. 1940 жылы 5 салмақ категориясы анықталды, 1944 жылдан бері қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өткізіліп келеді. Ал 1973 жылдан бері қарай Орта Азия мен Қазақстан біріншілігінің өтуі дәстүрге айналып келеді. 1973 жылдан бері екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ж. Қуанышбаев атындағы жүлде үшін осы күрес түрінен дәстүрлі жарыс өткізілуде. Қазақша күрес ережелері мен айла тәсілдерінің бекіп, дамуына әйгілі спорт шебері, атақты палуан Әбілсейіт Айтханов зор еңбек сіңірді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы П. Матущак пен М. Болғанбаев қазақша күрес туралы оқулық жазып шығарды[1] .
Қазақ күресінің даму тарихында қалған есімдер: Орта азиялық және қазақстандық жарыстардың бес дүркін чемпионы Әлімшайқы Сламбаев, орта азиялық және қазақстандық жарыстардың екі дүркін чемпионы Қарағанды шахта бөлімінің орынбасары Клан Бакажанов, республиканың абсолюттік чемпионы Семейлік Нариман Сәдуақасов. Белгілі күресшілер Ахметжан Қазымбетов, Әбілсейіт Айханов, Қабден Байдосов, Аманжол Бұғыбаев өздерінің спорттық жолдарын осы қазақша күрестен бастады. Диплом жұмысымда қазақша күрестің пайда болуы, дамуы, жаттығу ережелері, техникасы мен тактикасы және күреске қатысушыларға оқыту жайлы мәліметтері көрсетілді.
Қазақша күрес те айқасудан басталады. Сондықтан күресушілер қозғалған кезде тепе-теңдікті сақтау заңдылықтарын ескерулері қажет.
Күрес үстінде шабуылдағанда күресушінің бірі екіншісін тепе-теңдіктен шығаруға, ал екіншісі жығылып қалмау үшін тепе-теңдігін сақтап, сондай жағдайда қарсыласын түсіруге тырысады. Бірақ қарсыласын тепе-теңдіктен шығарғанда палуанның өзі де тепе-теңдікті сақтай алмайды. өйткені ондай қимылдарды бір орында тұрып орындау мүмкін емес. Сөйтіп күрес кезінде екі жақ та ұдайы тепе-теңдігінен айырылып және оны сақтап тұрады.
Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табанымен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанның жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады, әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, палуанның берік тұратындығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлық орталығына түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық орталыгының түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор[2] .
Әдебиетті оқып, зерттеу палуанның спорттық күресті жақсы меңгеріп кетуіне көмектесетін әдістердің бірі болып табылады. Теориялық мәліметтерді оқып-үйрену палуанның дүниетанымын кеңейтіп, спортпен одан әрі айналысуға қажетті білім алуға мүмкіндік береді.
Өзектілігі: Спортшыларды дайындаудың отандық жүйесінің алға
басушылығы мамандардың кәсіби дәрежесі деңгейімен, дарынды
спортшылар мен жаттықтырушылар санымен мамандардың ғылыми
әлеуеттілігімен, яғни спорттық нәтижелердің одан әрі өсуі үшін барынша
келешегі бар болып табылатын бағыттағы технология мен әдістемені ұсынуға
қабілетті мамандардың ғылыми потенциалын қамтамасыз ету.
Зерттеудің мақсаты: Машықтану процесінде техника - тактикалық
элеметтеріне үйрету және
жетілдіру барысында дұрыс, қолайлы оқыту әдістемелерін таңдап алуларына
ықпал тигізу.
Зерттеудің міндеттері: Палуанның арнайы дене жаттығулары арқылы денсаулықты нығайту, адамгершілік, жігерілік қасиеттерін қалыптастыру, күрес жайында арнайы білім беру, күрестің техникалық және тактикалық элементтерін меңгерту, кимыл ептілігі мен дағдысын меңгерту.
Зерттеу объектісі: Оқу - машықтану сабағында айналысушыларды, еңбек етуге қабілетті жас ұрпақты даярлау.
Зерттеу пәні: Палуандардың жас ерекшеліктеріне байланысты тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруді қадағалау және жүзеге асыру.
Дипломдық жұмысқа қолданған зерттеу әдістері: анализ, синтез, тарихи монографиялық, индукция, дедукциялық әдістер.
Зерттеудің теориялық және методологиялық базасы.
Философиялық принциптерді таңу, жүйелік, бірізділікті камтамасыз ету.
Ғылыми жаңалығы: Қазақ күресі пәні жоғарғы оқу орындарында тереңірек оқытылып, талданады және қазақ күресін әлемге айгілі спорт түрі ретінде таныту.
Практикалық маңыздылығы: Оқу - машықтану сабағында қолданылған жалпы және арнайы жаттығулар жас ұрпаққа келешекте кажетті кезде практика жүзінде қолдана алуына мүмкіндік туғызады.
Диплом жұмысының кұрылымы: Кіріспе, 3 бөлімнен түрады. қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер
1 СПОРТШЫЛАРДЫҢ АРНАЙЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУ
- Қазақша күрес техникасының негіздері
Техникалық дайындық. Палуан шеберлігінің негізі - техника болып табылады. Жаттығудың барысында палуанның өзінің жақсы игерген, жарыстарда қолданатын калыптасқан техникалық әрекеттері болады.
Қазақша күресте оннан астам негізгі тәсілдер тобы бар («Қазақша күрес техникасы» деген бөлімді қараңыз) . Оларды палуан жарыстарда орындай алатын болса, бұл спортшының жан-жақты техникалық дайындығы бар екендігін көрсетеді Бірақ әдістерді жарыс кезіндегі айқастарда тактикамен байланыстырмай табыспен орындауға болады деп есептеудің өзі қиын. Сондықтан қай палуан болмасын оның тактика жөнінде білімі, шеберлігі және дағдысы болуы тиіс.
Егер палуан спорттық жоғары нәтижеге жетем дейтін болса, оның техникасы бір деңгейде қалуы керек. Күрестің ерекшелігі қарсыластардың бір-бірінің шабуылдағанда қолданатын тәсілдерін тез біліп алып, одан жақсы қорғана алатындығында. Сондықтан ол әдістердің, қарсы амалдардың және қорғанудың ұтымды варианттарын үдейы игеріп отыру қажет.
Палуанның техникалық дайындығын жаттықтырушы мынадай бағытта жетілдіре алады:
- қателіктерін түзетіп, әдістер, қарсы амалдар және қорғану құрылымының үтымдылығын арттыру арқылы;
- техникалық әрекеттерді әр түрлі қарсыластарымен және түрліше қимыл-қозғалыс үстінде орындауға шеберлендіру арқылы;
- ұнамды әдістерді орындауға көбірек керек болатын күш, шыдамдылық, иілгіштік сияқты т. б. жан-жақты дайындықты дамыту арқылы;
- ерік күшін (табандылығын, батылдығын және өзіне деген сенімін) тәрбиелөу арқылы.
Палуанның техникасы оның жеке басының ерекшеліктеріне неғүрлым сай келсе, соғұрлым үтымды болады. Сондықтан жаттықтырушы әдіс құрылымын дұрыс орындауға үйретумен қатар палуанның қандай екендігіне де (бойы, дене бітімі, жан-жақты дайындығы, мінез-құлық ерекшеліктері т. с. с. ) көңіл бөлуі тиіс. Сондай-ақ оқушысының әдіс орындауға өзгеріс енгізу жөніндегі үсыныстарына да оның сергек қарағаны жөн.
Техниканы жетілдіру жолдары. Қазақша күрестің оқу - жаттығу сабақтарын жүргізу үшін мынадай жолдарды пайдалануға болады.
Кайталау. Бүл бір техникалық немесе тактикалық әрекетті сан қайталап орындауға саяды. Сонда палуан оны жақсы игеріп, қандай жағдай болса да мүлтіксіз орындайтын дәрежеге жетеді.
Жағдайды өзгерту. Жаттығу кезіндө осы амалды пайдаланғанда палуан жарыстағы қандай да болмасын жаңылдыратын факторларға төтеп береді, өйткені бұған дейін ол өзгеріп тұратын жағдайда жаттыққанды.
Бұл үшін мынадай амалдар қолданылады:
а) сыртқы жағдайларды (жабдықтарды және сабақ өтетін орынды) өзгерту, сабақты далада немесе бөлмеде, жұмсақ, қатты немесе көлемі әр түрлі кілемде өткізу;
б) жаттығулардың түрлерін өзгерту: арнайы, еліктеу жаттығулары, арнайы жаттығуларды екінші спортшымен орындау, әр түрлі сипаттағы, яғни оқу, оқу - жаттығу, жаттығу, жарыс айқастары. Әдістерді бойы, салмағы, техникалық және тактикалық, жан - жақты дайындығы (шапшаң, баяу қимылдайтын, күшті немесе әлсіз, икемді немесе қолапайсыз), еркі (батыл, табанды, жасқаншақ) әр түрлі спортшылармен бірлесіп орындау;
в) жаттығудағы қарсыласына әр түрлі тапсырма беру; бұл жағдайда палуан оның алдағы жарыста белдесетін қарсыласындай болуын көздей алады;
г) әрекеттерді психологиялық күйі және организмнің жағдайы әр түрлі кезде орындау. Палуан әдісті тың кезінде немесе шаршағанда орындап үйренеді.
Қазақша күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әрі түрлі әрекеттер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табьлады.
Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады. Сөйтіп, кебінесе қарсыластарының бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе күші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уақыт жағынан ұтады.
Күрес техникасын анықтау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.
Ең қарапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке булшық ет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте оның қысу немесе тарту күші, тарту узақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:
салмақ күші;
бұлшық еттің тарту күші;
дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.
Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әр түрлі жағдайға түседі, оның жеке бөліктерін рычаг ретінде қарастыру ыңғайлы.
Қазақша күрестегі техникалық тәсілдері. Күрес жеке - жеке қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас (бүтін) әрекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады, ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте шартты түрде қозғалыстар бы-лайша бөлінеді:
қолдардың қозғалысы - ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу, т. с. с.
аяқтардың қозғалысы - қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу, іліп шалу, қағу, үстіне салу, итеру, т. с. с.
дененің қозғалысы - еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құла-ту, т. с. с.
Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады. Барлық әдістерді шартты түрде қарапайым қозғалыс және қозғалу фазасы деп бөлуге болады [3] .
Күресушінің негізгі жағдайы және қозғалыстары, олардың биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық орталығы.
Қазақша күрес те айқасудан басталады. Сондықтан күресушілер қозғалған көзде тепе-теңдікті сақтау заңдылықтарын ескерулері қажет.
Күрес үстінде шабуылдағанда күресушінің бірі екіншісін тепе-теңдіктен шығаруға, ал екіншісі жығылып қалмау үшін тепе-теңдігін сақтап, сондай жағдайда қарсыласын түсіруге тырысады. Бірақ қарсыласын тепе-теңдіктен шығарғанда палуанның өзі де тепе-теңдікті сақтай алмайды. Өйткені ондай қимылдарды бір орында турып орындау мүмкін емес. Сөйтіп, күрес кезінде екі жаң та удайы тепе-теңдігінен айырылып және оны сақтап турады.
Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанның жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғурлым үлкен болса, палуанның берік туратындығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлық орталыққа түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық орталығының түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жаңын болуының маңызы зор.
Палуан денесінің белгілі бір бағыттағы орнықтылығы орнықтылық бұрышы бойынша сипатталады. Орныңтылық бұрышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрін тіреу алаңының шетімен (дененің орныңтылық дәрежесі аныңталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бурыш. Орнықтылық бұрышы (X) дененің ауырлық центрі төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын және ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауына қарай үлкейе береді. Айқас кезінде аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ қойып иемесе көбірек бүгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады.
Тепе-теңдікті сақтау өнері мынаған саяды: тіреу алаңын тез езгертіп, «қауіпті бағытта» орнықтылық бұрышын арттыратын қимылдар жасау; қарсыластың жұмсаған күшін бейтараптау немесе кері серпу үшін тиісті бұлшық еттерін қатайту немесе босату.
Осындай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай: аяқтары иығынан сәл алшақтау, бір аяғы (сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшық еттері бос, кез келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, ал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған. Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарынын, арасында) болуы тиіс.
Орнықтылық бұрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуан өзінің турған күйін сақтайтындай етіп, ал қауіпті бағыт қарсы жақта қалатындай етіп тағы да кейін қою арқылы арттыруға болады.
Тұрған күйінде қозғалтудың алғашқы сәті, әдетте ауырлық центрі вертикалын (тік сызығын) тіреу алаңының алғы шетінен асырып, тепе-теңдіктен шығумен байланысты. Алайда тепе- теңдіктен сәл айырылудың өзін қарсыласы шабуылдау үшін пайдаланып кетуге әзір тұрған жағдайда (яғни айқасу кезеңінде) ауырлық центрін тіреу алаңынан шығарғанда аса сақ болған дұрыс. Аяқты аттағанда (егер бұл шабуылдауға байланысты болмаса) мына ережені сақтау керек, әр уақытта әуелі қозғалу бағытына жақын турған аяқты аттау керек және оған салмағын бірден түсірмеуі қажет. Салмағы әуелі орнындағы аяғына түсуі, содан кейін барып аттаған аяғына түсуі тиіс. Бұдан соң арттағы аяғын ыңғайлы туру қалпына келетіндей к, а-шықтыққа қоюы керек. Аяқтарын осылай қозғағанда қозғалатын бағытта орнықтылық бұрышын арттыру мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепе- теңдігін тез қалпына келтіруіне болады.
Қандай жағдайда да бір аяғын екінші аяғына жақын қоюға немесе айқастыруға болмайды. Өйткені бұлай қозғалғанда салмағы басқан жаққа денесі ауып, палуан тепе - теңдігінен айырылады да қайтадан тік тұрып кету қиынға түседі.
Күресуші дұрыс тұрып, қозғалатын болса, қорғанғанда қатты қарсылық көрсетіп, шабуылдауына да ыңғайлы болады.
Шабуылды бастарда, әдетте, спортшы оны тактикалық әрекеттермен дайындап алады. Егер палуан дұрыс тұратын болса, шабуылдаушының әрекет етуі қиындайды, ал шабуылға ұшыраған спортшының тепе - теңдігін сақтап қалуы оңай. Қарсыласы шабуылдаған палуан мынадай жолдармен тік тұрған қалпын сақтайды:
бұлшық еттеріне күш түсіреді және денесін алғашқы күйінде қатайта үстайды;
денесін қарсыласынын, жұлқыған немесе итерген жағынан қарсы жаққа қозғалтады
Оның осылайша белсенді қарсылық көрсетуіне салмағы да көмектеседі. Кейбір жағдайларда қарсыласының жұмсаған күшін дененің кей жерін босаңсыту (қолдарын, кеудесін) арқылы да бейтараптауға болады.
Кеудесін дұрыс ұстап, аяқтарын жақсы тіреп тұрса, осы әрекетттерді орындау үшін қолайлы жағдай жасалады.
Шабуылдаушы күрескен кезде қарсыласының тепе - теңдігінен айырылатын және оны сақтайтын сәттерін ескеруі қажет. Көптеген амалдар шабуылдаушынын, өзінің тепе - теңдігінен айрылып қалуына да байланысты. Осылайша тепе - теңдіктен айрылу тәсілді орындау бағытында қатты қозғалыс жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бұл кезде қарсыластың орнықтылық дәрежесін міндетті түрде ескеріп, оны орнынан тайдырып жығу бағытында әдіс қолдану қажет. Қорғану мақсатында жасалатын қи-мылдар да көбінесе қарсыласты тепе-теңдіктен шығаруға негізделеді. Мұндай жағдайда шабуылға ұшыраған палуан қорғана тұрып, шабуыл бағытында (қарсы жаққа тепе-теңдігін жоғалту есебінен) шабуылдаушы тойтара алмайтындай орнықтылық бұрышын жасайды.
Сонымен: «қауіпті бағытта» орнықтылық дәрежесін арттыра тұрып, денесінің күиін тез өзгерте алу жене карсыласының әрекеттеріне белсенді табандылық көрсетіп, ауырлық центрін тіреу алаңы ортасынан барынша аз ауытқытып қозғалу - күрес кезінде тепе- теңдікті сақтаудың негізі;
қарсыласының да, өзінің де тепе-теңдіктен айрылуын шабуылды, ңарсы шабуылды күшейтіп, жақсы қорғану мақсатына пайдалана алу - күрестегі жоғары техникалық әрекеттер негізі.
Күрес тәсілдерінің құрылымы дегеніміз - жекелеген қарапайым қозғалыстарды бірінен соң бірін үзіліс жасамай бір мезгілде бір әрекет сияқты етіп орындап шығу. Күрес . техникасында құрылымның негізі және оның варианттары деп бөледі. Негізі - құрылыстардың өзгермейтін тұрақты белігі (негізгі қарапайым қозғалыстардың жиынтығы), варианттары - құрылым негізіне басқа да қарапайым қозғалыстар қосылуы және ондай қозғалыстардың қосылу, уақыт пен күш жұмсап орындалу әдістері.
Классикалық күрес техникасында қазіргі уақытта амалдар құрылымының ең тұрақты бөлігі денені қозғалту болып табылады. Дененің жеке қарастырылатын түрлі қимылдары (еңкею, иілу, бұрылу) палуандардың қарапайым қимылдары болып есептеледі. Классикалық және еркін күреспен айналысатын палуандардың қимыл ерекшеліктеріне қарай дене бұлшық еттері аса жақсы жетіледі,
Дененің ерекше (әр күреске тән) қимылдарына қолдың (үстау) және аяқтың (аттау, қою) көп орындалатын қозғалыстары қосылғанда амал құрылымының негізі шығады. Бұдан әрі дене қозғалысына аяқ пен қол қимылдарының әр уақытта (аз, көп) және әр қалай күш жұмсап (аз, көп) орындалатын түрлері қосылғанда осы топтағы амалдардың жаңа құрылымы пайда болады[4] .
Тәсіл түрлерінің құрылымы. Бір әдістің өзі қозғалыс формасы, қарапайым қозғалыстар саны бойынша, яғни құрылымы жағынан әр түрлі болып орындалуы мүмкін, Ол әдіске жаңа қосымша элемент косылғандықтан да, сондай - ақ элементтердің орындалу әдісі бойынша да өзгеше болады, сонымен қатар бір әдістің өзі уақыты, бағыты, жылдамдығы және жұм-салатын күші жағынан да әр түрлі орындалады; бір элементтер бір мезгілде, басқалары бірінен соң бірі және бұлшық ет күші түрліше дәрежеде жұмсалып орындалуы мүмкін. Осылайша негізгі тәсілдердің түрлері шығады. Бірақ тәсіл түрлерінің осылайша көп болу мүмкіндігіне қарамастан жеке-жеке әдістердің құрылымының қажеттілігінде орындалу формасында ортақ жалпы заңдылықтар болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz