Қазақ күресін үйрету және жетілдіру


Мазмұндама
Кіріспе . . . 3 б.
I -тарау. Қазақ күресіне түсініктеме . . . 5 б.
1. 1. Қазақша күрестің пайда болуы, дамуы . . . 5-11 б. б.
1. 2. Күрес тәсілдерінің классификациясы . . . 12-18 б. б.
1. 3. Қазақша күрестің техникасы . . . 19-25 б. б.
1. 4. Қазақша күрестің тактикасы . . . 26-45 б. б.
I I - тарау . Қазақ күресін үйрету және жетілдіру . . . 46 б.
2. 1. Қазақша күресті оқыту процесі . . . 46-54 б. б.
2. 2. Қазақша күресті жетілдіру үшін жарыс ұйымдастыру . . . 55-61 б. б.
I I I -тарау. Қазақ күресін өткізу . . . 62 б.
3. 1. Жаттығу гигиенасы және жарақаттанудың алдын алу . . . 62-65 б. б.
3. 2. Төрешілік ету ережелері . . . 66-67 б. б.
Қорытынды . . . 68-69 б. б.
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 70-71 б. б.
Сілтемелер . . . 72 б. б.
Кіріспе.
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, тағы басқа спорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келеді. Күні бүгін де олар өздерінің мән -мазмұнын жойған жоқ.
Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы I спартакиадаға дайындық кезеңі үлкен серпіліс тудырды. Оған әрбір облыс, тіпті әрбір аудан атсалысып, спартакиаданың табысты өтуіне өз үлестерін қосты. әрбір ауданда жарысты өткізу ережелері жасалып бекітілді. бұлардың бәрі бәрі өз жұмысын берді де. Соған орай республика ауқымында жыл сайын жарыс өткізіп тұру кәдімгідей дәстүрге айналды. әрбір колхоз- совхозда, мектептер мен училищелерде үйірмелермен секциялар ұйымдастырылып, олардың қорытындылары шопан тойларында, егін орағының соңында шығарылып отырады.
Қазақша күрес - көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі. Мұнда белбеуден қос-қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден, қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.
Қазақша күрес- халқымыздың ежелгі спорттарының бірі. Онда, грек, рим, самбо күрестерінің айла-тәсілдері кездеседі. Күрестің бұл түрінен жарыстар 1938 жылдан бастап өткізіліп келеді. Алғашқы спартакиадалық жарысқа 1938 жылы барлық салмақ категориялары қатысты.
Республиканың алғашқы жеңімпаздары Құрманбаев, Досқалиевтер (Алматы) болды. 1940 жылы 5 салмақ категориясы анықталды, 1944 жылдан бері қазақша күрестен Қазақстан чемпионы өткізіліп келеді. Ал 1973 жылдан бері қарай Орта Азия мен Қазақстан біріншілігінің өтуі дәстүрге айналып келеді. 1973 жылдан бері екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ж. Қуанышбаев атындағы жүлде үшін осы күрес түрінен дәстүрлі жарыс өткізілуде. Қазақша күрес ережелері мен айла тәсілдерінің бекіп, дамуына әйгілі спорт шебері, атақты палуан Әбілсейіт Айтханов зор еңбек сіңірді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы П. Матущақ пен М. Болғанбаев қазақша күрес туралы оқулық жазып шығарды.
Қазақ күресінің дамуында тарихта қалған есімдер: Ортаазиялық және қазақстандық жарыстардың бес дүркін чемпионы Әлімшайқы Сламбаев, ортаазиялық және қазақстандық жарыстардың екі дүркін чемпионы Қарағанды шахта бөлімінің орынбасары Клан Бакажанов, республиканың абсолюттік чемпионы Семейлік Нариман Сәдуақасов. Белгілі күресшілер Ахметжан Қазымбетов, Әбілсейіт Айханов, Қабден Байдосов, Аманжол Бұғыбаев өздерінің спорттық жолдарын осы қазақша күрестен бастады. Мен өзімнің осы дипломдық жұмысымда қазақша күрестің пайда болуы, дамуы, жаттығу ережелері, техникасы мен тактикасы және күреске қатысушыларға оқыту жайлы мәліметтерді көрсетемін.
I -тарау. Қазақ күресіне түсініктеме.
1. 1. Қазақша күрестің дамуы.
1928 жылға дейін күрестің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетін палуандардың салмағы ескерілмеді. Сондықтан көбінесе қарсыласынан күші ғана емес, салмағы да артық палуандар жеңіске жетіп келді. Жарыс жергілікті жерде ежелден қабылданған немесе алдын ала келісілген шартқа сәйкес ереже бойынша өткізілді. 1928 жылы қазақша күреске тән бүкіл әдіс, тәсілдерді түгелдей қамтылған бірыңғай ереже жарияланды. Ал 1938 жылы Қазақстанда спорттық ірі жарыстар өткізіле бастады. Республика Астанасы Алматы қаласында өткізілген колхозшылардың 1 республикалық спартакиадасында қазақша күрестен алғаш рет салмақ категориясы бойынша (жеңіл салмақ - 65 килограмм, орта салмақ -76 және ауыр салмақ-76 килограмнан жоғары) жарыс өтті. «Республика чемпионы» деген құрметті атақты салмақ категориялары бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов жеңіп алды.
1939 жылы республика біріншілігінен бұрын облыстарда біріншілік өткізілді. Онда жеңіп шыққандар «Қазақстан чемпионы» атағы үшін күресу правосына ие болды. Содан соң Семей қаласында Қазақстан біріншілігі өткізіліп, бұл жарысқа Алматы, Павлодар, Семей, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының палуандары қатысты. 1938 жылы Семей облысының өкілдері үш салмақ категориясы бойынша да бірінші орын алған болса, бұл жолы «республика чемпионы» деген атақты Құрманбаев (Алматы облысы), Досқалиев (Батыс Қазақстан), Мусин (Павлодар облысы) жеңіп алды. Табанды күрес үстінде Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев барлық қарсыласын жеңіп, «республиканың абсолюттік чемпионы» деген атаққа ие болды. 1940 жылы бес салмақ категориясы бойынша республика біріншілігі өтті. Ол салмақ категориялары: аса жеңіл, орта, жеңіл, жартылай ауыр және ауыр салмақ. Республиканың чемпионы атағын осы салмақ категориялары бойынша Байдаулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мохманов, және Жұмабаев жеңіп алды.
Ұлы Отан соғысына байланысты дене шынықтыру жолындағы қозғалыс тежеліп, Қазақстанда бұқаралық спорт жұмысы уақытша тоқтап қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ дене шынықтыру ұйымдарының қызметі түгелдей Отан қорғау ісіне бағытталды. Олар жаппай оқу орындарына халықты әскери- дене шынықтыру дайындығынан өткізуге, Қызыл Армияның жауынгерлік резервін даярлауға көмектесуге тиісті болды, дене шынықтыру ұйымдарының мүшелерімен спортшылар әскери- оқу пункттерінде жауынгерлерді қолма- қол ұрысқа үйретіп, граната лақтырушыларды, шаңғышыларды т. б. даярлады.
Қазақстанның мыңдаған спортшысы мен дене шынықтыру саласының қызметкері тылдағы жанқиярлық еңбегімен ұрыстарға тікелей қатысу арқылы жаумен күресуге елеулі үлес қосты.
1944 жылы қазақ халқы азамат соғысының батыры Амангелді Имановтың юбилейін өткізді. Батырды еске алу ретінде спорттың ұлттық түрлерінен, соның ішінде қазақша күрестен де жаппай жарыс өткізілді.
Фашистік Германия тізе бүккеннен кейін еліміз қираған шаруашылықты қалпына келтіруге кірісті. Бұған бүкіл халық болып жұмылды. Сонымен қатар партия мен үкімет елімізде спортты дамытуға үлкен көңіл бөлді. Әрбір мерекені, әрбір тойды қазақ халқы да ұлттық ойындар өткізе отырып қарсы алды. Фашистік Германияны жеңу бүкіл халықтық мереке еді. Соған орай соғыстың аяқталған құрметіне 1945 жылы майда Қазақстанның колхоздары мен совхоздарында қазақша күрестен жаппай жарыстар өткізілді.
1945 жыл республиканың спорттық өмірінде спорттың ұлттық түрлерімен айналысу жөніндегі жұмыстардың кеңінен өріс алған жылы болды. Спартакиада программасына ұлттық қазақша күрес те енгізілді. Мысалы, 1946 жылғы Жамбыл Жабаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған спартакиадаға ұлттық күрес кірді. Ұлы ақын атындағы арнайы жүлделерді Медібаев, Күнібаев, Аманбаев жеңіп алды.
1948 жылы ВКП (б) Орталық Комитетінің «Партия мен үкіметтің елімізде дене шынықтыру қызметін жаппай дамыту және совет спортшыларының шеберлігін арттыру жөніндегі дерективалық нұсқаулары дене шынықтыру мен спорт ісі жөніндегі комитеттің орындау барысы туралы» тарихи қаулысы жарияланды. Ол қаулыда ВКП (б) Орталық Комитеті елімізде дене шынықтыру мен спортты дамытудағы негізгі кемшіліктердің бетін ашып, одақтас республикаларда дене шынықтыру жолындағы қозғалыстың өнерлей түсуіне ықпал етті.
1952 жылы Түркіменстан астанасы Ашхабатта Орта Азия республикалары мен Қазақстанның кезекті спартакиадасы өткізілді. Оның бағдарламасында ұлттық күрестен жарыс өткізу де көзделді. Бес респуликаның ұлттық күрес жөніндегі жарысы ережелерінің негізіне күрестің классикалық түрлерінің ережелеріне жақын тұрғандықтан, қазақша күрес ережелері алынды. Жарыс сегіз салмақ категориясы бойынша өткізілді. Семей облысынан Байбатыров (жеңіл салмақ), Бақижанов (орта салмақ), Қарағандылық Сәлімбаев спартакиада чемпионы атанды.
ВКП(б) Орталық Комитетінің жоғарыда аталған тарихы қаулысының негізінде республикалық және облыстық спорт комитеттері спорттың қлттық түрлерін дамытуға үлкен көңіл бөлді. Мысалы, 1953-1954 жылдары қазақша күрестен өткізілген жарыстарды талдау бұқаралығы жағынан да, техникалық жарақтандырылуы мен тактикасы жағынан да оның күрестің классикалық түрлеріне жақындағанын көрсетеді. 1955 жылы қазақша күреске сегіз салмақ категориясы енгізіліп, алғаш рет одан өткізілетін жарыстың ережелері жарияланды. Алғашқы ресми ережелердің авторы қазақша күресті дамытудың жанашыры Музафар Рахымқұлов болды.
1959 жылы СССР халықтарының екінші спартакиадасы өтті. Сол кезде Москвада ұлттық күрес түрлері жаттықтырушылары мен спортшыларының Бүкілодақтың семинары болды. Оған одақтық және автономиялық республикалардың күрес жөніндегі жиырмадан астам өкілі қатысты. Онда басқа ұлттық күреспен қатар қазақша күрес ережелері де талқыланды.
1964 жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамы Орталық Советінің қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жеке командалық біріншілігі өткізілді. Жарыстарға көптеген адамдар қатысты. Сегіз салмақ категориясы бойынша чемпион атағы сарапқа салынды. 52 килограмға дейінгі салмақта еркін күрес шеберіне кандидат Орынбеков (Шымкент) чемпион болды. Ол төрт кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. Семейлік Р. Берікболовтың да жұлдызы жанып, 57 килограмға дейінгі салмақта чемпион атанды. Қалған орындар былайша бөлінді: 52 килограмға дейінгі салмақта Бөкенаев (Қарағанды) жеңіске жетті, бұрын аты шықпаған семейлік Сақаев 67 килограмға дейінгі салмақта ең биік тұғырға көтерілді. Ол еркін күрестің шебері А. Қазымбетов және самбодан СССР спорт шебері Д. Биткөзов сияқты белгілі палуандарды ұтты. 73 килограмға дейінгі салмақта оралдық Бисенов, 79 килограмға дейінгі салмақта семейлік Арғынов жеңіске жетті. Шымкент қаласының намысын қорғаған Қонақбаев 87 килограмға дейінгі салмақта чемпион атанды. Қажымұқан атындағы бас жүлдені қазақтың белгілі палуаны, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, еркін күрестен СССР чемпионы Әбілсейіт Айханов жеңіп алды. Командалық есепте бірінші орынға Семей (16 ұпай) екінші орынға Шымкент (22 ұпай), үшінші орынға Қарағанды (29 ұпай) облыстары шықты.
1965 жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының Орталық кеңесі Шымкент облысының Темірлан селосында тағы да біріншілік өткізді. Бұл жолы бірінші орынды алматылықтар жеңіп алды. Табан тірескен бәсекеде екінші орынға өткен жылғы чемпиондар, үшінші орынға тағы да қарағандылықтар шықты. Салмақ категориялары бойынша Керібаев, Ұртбаев (Семей), Айберов, Непинов (Шымкент), Рахимов, Алдырбаев, Еркінов және Райымбеков (бәрі де Алматы) чемпион атанды. 1968 жылдың жеке- командалық біріншілігі «Қайрат» ерікті спорт қоғамы Орталық Кеңесі 3 спартакиадасының бағдарламасы бойынша өтті. Жарысқа сол кездегі 14 облыстан жүзден астам спортшы қатысты. Салмақ категориялары бойынша Керібаев (Семей), Смағұлов (Алматы), Изотов (Семей), Сейсенбаев (Семей), Қалдарбеков (Шымкент), Еркінов (Алматы), Зиновьев (Шығыс Қазақстан) чемпион атанды. Сол 1968 жылы қазақша күрес Көкшетау облысының Қызылту поселкісінде өткізілген колхоздар мен совхоздардың бүкілқазақстандық ойынының бағдарламасына енгізілді. Жарысқа облыстардың 15 командасы қатысты. Сонымен қатар Қазақ ССР-ның 50-жылдығы мен В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне барлық облыстар мен аудандарда спорттың ұлттық түрлерінен жарыстар өткізілді.
«Қайрат» ерікті спорт қоғамының Орталық Кеңесі 1970 жылдың сәуірінде қазақша күрестің жаттықтырушылары мен мамандарының семинарын өткізді. Оның бағдарламасына жаттықтыру мен үйрету әдістемесін, оқу- жаттығу процесін жоспарлау мәселелері енгізілді, сондай-ақ жаңа ережелер талқыланды.
Қазақтың әйгілі палуандары Сәлімбаев, Бақижанов, Татиев (Қарағанды), Сәдуақасов (Семей), Бәшіров (Алматы), Досқалиев (Шығыс Қазақстан, Құлжанов (Талдықорған), қазақша күресті жетік білетін жаттықтырушылар М. Рахымқұлов, Ж. Әкенов, В. Корпец, Р. Ильматов күрестің техникасы мен тактикасына, қазақтың ұлттық күресін кеңінен таратуға үлкен үлес қосты. Әсіресе, СССР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы П. Ф. Матущак қазақша күрестің қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді.
1970 жылы Қазақстанның 50 жылдығына арналған мерекелік спартакиада бағдарламасына қазақша күрес те кірді. Жарыс Семей қаласында да өткізілді, оған республиканың 15 облысының және Алматы қаласының командалары қатысты. Жарыс екі кіші топ бойынша өткізілді. Әр кіші топқа 8 команда кірді. Салмақ категориялары бойынша Сарбаев, Омарбаев, Ысқақов (үшеуі де Алматы), Мүсіпов (Семей), Шалқыбеков(Қарағанды), Рахбиев (Гурьев), Шақаманов (Қарағанды), Ширанов (Алматы) чемпион атанды.
Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы фискультура және спорт комитеті коллегиясының 1971 жылы 27 қаңтардағы қаулысы бойынша қазақша күрестен «Қазақ ССР спорт шебері» деген атақ енгізіліп, куәлік және «Қазақ ССР спорт шебері» деген значок берілетін болды. Мұның да спорттың көпшілік ұнататын түрінің дамуына елеулі ықпалы тиді.
Қазақша күресті одан әрі дамытып, кеңінен тарату ісінде Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы фискультура және спорт комитеті коллегиясының 1972 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысыныңалатын орны ерекше. Ол қаулыда коллегия халық депутаттарының облыстық, қалалық және аудандық Кеңестерінің жанындағы дене шынықтыру және спорт комитеттерінің, Ерікті спорт қоғамының аудандық кеңестерінің назарын спорттың ұлттық түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстардың қанағаттанғысыз жүргізіліп келе жатқандығына аударды. Ол республикада бұл жұмысты жақсартудың нақты шараларын жасап, жүзеге асыруды ұсынды. Коллегия республикалық ерікті спорт қоғамдарының Орталық Кеңестерін және ведомстволарды, облыстық спорт комитеттерін жыл сайын жергілікті жерлерде спорттың ұлттық түрлерінен жарыстар өткізіп отыруды және республикалық жарыстар мен спартакиядаларға қатынасып отыруды міндеттеді.
Қазақ ССР-лерМинистрлер Кеңесінің жанындағы дене шынықтыру және спорт комитетінің спорттың қолданбалы түрлері жөніндегі бөліміне Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Қайрат» ерікті спорт қоғамының Орталық Кеңесімен бірлесе отырып, спорттың ұлттық түрлерін жергілікті жерлерде насихаттап тарату жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері жайлы жиындар, семинарлар өткізіп отыру ұсынылды. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық комитеттерге де облыстық ерікті спорт қоғамдарымен бірлесе отырып осындай жиындар мен семинарларды дайындап өткізу тапсырылды. Мұнымен қоса Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің жанындағы дене шынықтыру және спорт комитеті ерікті спорт қоғамдарының республикалық кеңестерін, «Қайрат» ерікті спорт қоғамының Орталық Кеңесін, облыстық және аудандық кеңестерін тиісті жарыстарды жүйелі түрде өткізіп отыруға спорт секцияларын ашып, жаттықтырушылармен төрешілерді даярлауға, республика біріншілігінде жеңіске жеткендерге «Спорт шебері» деген құрметті атақ беруге міндеттеді.
1970 жылы қазақша күрестің жарыс ережелері жарыққа шықты. Авторлар М. Тәнекеев, П. Матущак, С. Сатыбалдиев қазақша күреске маманданып жүрген физкультура институтының студенттері үшін бағдарлама жазып жариялады. 1973 жылы Ө. Жолымбетовтың редакциялануымен қазақ тілінде «Қазақша күрес» атты оқулық шығарылды. Қазақ физкультура институтының тақырыптық жоспарларында қазақша күрестің оқу және жаттығу процестерін жетілдіру туралы мақалалары жарияланды. 1978 жылы Қазақ физкультура институтында «Қазақша күрестен жарыс өткізу» (П. Ф. Матущак, М. Х. Болғамбаев) деген оқулық жарыққа шықты. 1980 жылы қазақтың ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін жарыстың ережелері (авторы М. Х. Болғамбаев) жарияланды, онда спорттың басқа түрлерімен қоса қазақша күрестің ережелері де берілген. Ол ережелерді Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің жанындағы физкультура және спорт комитеті бекіткен.
1. 2. Күрес тәсілдерінің классификациясы.
Классификациялау, жүйелеу және күрес терминалогиясы.
Күрес тәсілдерін квалификациялау барлық белгілі әдістерді ортақ белгілеріне қарай топқа бөлуге саяды.
Жүйелеу- тәсілдерінің әртүрлі топтарының арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді тауып, оларды қиындық дәрежесіне, құрылымның күрделігіне, т. с. с. белгілеріне қарай бірінен соң бірін орналастыру (жүйе) .
Терминология- педагогикалық және спорттық жұмыс кезінде пайдаланылатын қазақша күреске тән атаулар (терминдер) .
Классификациялау, жүйелеу, және терминалогия оқытушыларға педагогикалық процесті тәртіпке келтіруге көмектеседі.
Жүйелеу- классификациялау негізінде жүргізіледі. Ол жаттықтырушының күрес техникасы, топтар мен адамдар арасындағы өзара байланыс жөнінде жаттықтырушыларға түсінік беруіне көмектеседі. Бұл талондарды дәйекті түрде және дұрыс оқытуға мүмкіндік береді.
Қазақша күресті классификациялау негізіне қарсыласпен күрескен кезде қолданылатын және жарысу ережелеріне рұқсат етілген амалдар алынған.
Қазақша күрес техникасында кейбір түсініктерді анықтау. Күрес техникасы дегеніміз палуанның жеңіске жетуі үшін қолданатын және әрекет ету ережелерінде рұқсат етілген адамдар жиынтығы.
Түрегеліп күресу техникасы- тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.
Ұстасу- қолмен орындалатын әрекеттер, палуан шабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатына қарсыласының киімінің бір жерінен ұстай алады.
Бір жақты ұстау- оң қолымен қарсыласының оң қолынан (сол қолынан) ұстау.
әр жақты ұстау- оң қолымен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан ) ұстау.
Ырғақ- білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап, ілмектеп, құлыптап, бір-бірімен ұстастырады.
Шалу- аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесіне төмен қойып сырттан шалады.
Ілу- аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, немесе бір жағына қарай тартады. Аяқты бүгіп тұрып, жіліншікпен немесе табанымен орындалады.
Орау-аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншігімен және табанымен аяғынан іледі.
Қағу- аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.
Көтере қағу- аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан немесе екі аяғынан бірдей артқа көтере қағады.
Тізеден қағу- аяқ қимылы. Палуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.
Көтере итеру- аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.
Адымын айқастыру- қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен палуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.
Еңкею- денені тік тұрған күйінен горизонталь күйге қозғалту.
Тікею- денені горизонталь күйден тік күйге келтіріп қозғалу.
Шалқаю- денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.
Айналу- артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы: палуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетіндей болып айналады.
Жұлқу- палуан қарсыласын қатты тартып қалады. (жұлқиды) .
Итеру - палуан қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді.
әдіс- палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу немесе оны жеңу амалы.
Қорғану- қарсыласының шабуылын палуанның тойтаруына мүмкіндік беретін әрекеттері.
Қарсы әдіс (амал) - қарсыласының әдісіне қарсы қолданылатын әдіс (амал) .
Лақтыру- қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретінәдістер.
Жығу- түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріпалмай-ақ кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер.
Арқадан асыра лақтыру- қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң еңкейіп немесе алға қарай құлау арқылы орындалады. Айнала берген кезде еңкейе қалу бұл әдістің негізгі элементі болып табылады.
Шалқайып (төспен) лақтыру- шалқаю арқылы орындалады. Бұл әдістің негізгі элементі- денені артқа қарай доғаша иіп шалқайту.
Еңкейіп лақтыру- кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты кілемнен көтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны кілемге түсіру жолымен орындалады.
Ілу-түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады немесе лақтырады.
Сүріндіру- лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған өзінің аяғынан қарсыласын өткізе сүріндіріп лақтыру.
Иықтан асырып лақтыру- палуан арқасын беріп денесін айналдырыпбарып, қарсыласын иығынан асырып лақтырады.
Орау- түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуықан өз аяғымен (жіліншігімен және табанымен бір мезгілде) орап алып жығады немесе лақтырады.
Тактикалық даярлық амалдары- палуанның шабуылдау немесе қарсы шабуылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттері.
Барлау- палуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекеттері.
Бүркемелеу- палуанның қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекеттері.
Қауіп төндіру- палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz