Дәстүрлі қазақ мәдениеті. XVIII ғ. орта түсі мен XX ғ бас кезенінің қазақ мәдениеті


Жоспар
Кіріспе . . . 2
I. Мәдениет адамзат әлемінің айнасы . . . . . . 3-5 1. 1. Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы . . . 6-21
1. 2. Тіл және мәдениет . . . . . . 22-28
1. 3. Мәдениет түрлері . . . 29-33
1. 4. Мәдениет сухбатының табиғаты . . . 34-45
II . Дәстүрлі қазақ мәдениеті . . . . . . 46-48
2. 1. XVIII ғ орта тусы мен XX ғ бас кезенінің қазақ мәдениеті…… . . . 49-51
III. Ұлттық мәдениет өркендеу және даму мәселелері . . . 52-59
- Мәдениет және өркениет аясындағы ұлттық тәрбие . . . 60-65
- Қазақстандық қоғамының мәдени-ұлттық өзгешелігі . . . 66-68
- Дін және мәдениет өзара байланысы . . . 69-71
- Тарихи мұра . . . 72-75
Қорытынды . . . 76-77
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 78
Кіріспе.
ХХ ғасырлардың аяғы мен енді ғана табалдырығын аттаған жаңа ғасыр бастауында мәдениеттің ғаламдық сипаты одан әрі айқындала түсуде, өйткені өзінің мәдени-тарихи мәнділігі жағынан адамзат баласының рухани ой-өрісін кеңейте түсуде. Тағдыр мәденеттің өзіне жазып қойған сияқты. Олай болса, адамзат баласының ғасырлар бойғы тарихының мәдени бет-бейнесін жан-жақты ашып көрсетіп, ұрпақтар жалғастығы мен мұрагерлігінде ерекше белсенділік танытатын ұлы да, құпия күш болып табылатын мәдениет атауларының сырларын ашып, бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналдыру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып табылады. Шығыс пен Батыс - әлемдік екі бастама, екі рух, екі дене, екі жаратылыс дүниесі. Сондықтанда өзімдікі мен өзгенікі пиғылына мүлде бас ұрлау, мәдениеттің бұл ағымдарын бір арнаға түсіру, дүние жүзілік мәденеттің өзгісін кеңейту. Бұл жайында орыс ойшылы П. Я. Чаодаев тарих сахнасына алғашқы болып шыққан Шығыс өзінің дүниетанымдық, пайымдаушылық тұңғиығынан түсірген сәулесімен жер бетін нұрландырса. Өз кезегінде Батыста, өзінің жан-жақты белсенді қызметімен әлемді мәнті етті - деп жазса, белгілі ғалым Гессе. Даналық тұрғысынан алсақ Шығыспен Батыстың сан-сапалы мәдени өмірін жаугершілік жағдайындағы қақтығыстарға ғана толы шым-шытырдың әлем деп біржақты қарастыруға болмайды, онда біз бұл өркениеттердің арасындағы мәдени сабақтастықты жоғалтып аламыз деп толғанды. Өз ерекшеліктері бар, ең бастысы - Шығыс - Солтүстік мәдениеті адамның табиғатқа жақындығымен ерекшеленеді.
I. Мәдениет адамзат әлемінің айнасы.
Әл-Фараби айтқандай, адам-хайуани-мадани: яғни, мәдениетті жан. Адам табиғат туындысы, қажеттілік болып табылады.
И. Гердердің тілімен айтқанда, адам табиғаттың бірінші азаматтық алған пендесі. Ғасырлар адамның мәдени дамуының куәсі. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім-мәдени антропология. Оның негізін салушы Э. Уилсон ХХ ғ. мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына экологиялық мәдениет ілімін тудырады. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Мәдениеттің құпиясы адамдағы «мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр-азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып тұр. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым. Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды.
1. Адамдарды қалыптастыру қызметі - адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанын білеміз. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті», маугли - көркем бейне (естеріңе түсіріңдер, жануарлар арасында өскен, мәдениеттен жұрдай) . Адамға ең қиыны - адам болу. Жеке тұлға да өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар (информация) салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, тіл, дін және өнер, білім т. б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
2. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызметінің сан алуан қыры бар. Мәдениет пен білімнің арақатынасы. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам өркендеуіндегі «шайриф» қазіргі өркениеттегі «интелегенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интелегенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. (адамдық қарым-қатынас, жаппай компьютерге көшу емес мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу керек) . Білімділік пен мәдениеттіліктің маңыздылығы шартты болғанымен, елеулі айырмашылық белгілі алшақтық, тіпті қайшылықта бар.
Егер біз ғылым арқылышындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз ал моральдық таным арқылы жақсылық пен жамандықты айырамыз.
- Кеңес Одағында, кітаптар, мәдениетті ғылыми жолмен басқару атты сөз тіркесі кең етек алғанды. Мәдениетті басқару мүмкін емес тоталитарлық жүйедегі айланы, кемшілікті көреміз. Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, үлгіге көбірек көңіл бөлеміз. Мысалы «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол білім ғылым деңгейіне, киім сол кезде көп тараған, Сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам.
- Қоғамдағы негізге қызметтерінің бірі. Қарым-қатынасы әлеуметтік шындықтың басым көрнісі. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтінің еміп, оныңәлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Адам тұрмайтын үй бос қаңырап тұрады, отарда жүрмейтін темір жол жай темірмен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап шаң басып жатқан қағаз. Мәдени болмыстық тірегі деп қарым - қатынасты айтамыз. Жаңа дәуірден бастап ХІХ ғасырдың соңына дейін мәдениеттегі тілге көп көңіл бөлінген жоқ. Тіл сананың, ойдың, рухтың құралы ретінде ғана, қосалқы бөлшек есебінде қарастырылып келеді. Тек ХІХ ғасырдың басында ғана фил-да мәдениеттануда тілге деген бетбұрыс байқалды. ХІХ ғасырдың басында п/а б/н батыс лингвистикасы (тіл туралы ілімі) дыбыстың тілге көп көңіл бөледі, өйткені жазбаша тілді олар дыбыстың тілдің бейнеленуі деп есептеді. Сөйтіп о баста лингвистика фанология (дыбыс туралы ілім) жүйесінде дамыды. ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап тілдің мәніне деген көзқарас күрт өзгерді. Тілдің негізі және алғашқы түрі - жазу, жазбаша тіл деген түсінік фанологияны ығыстыра бастады. Адам тілге ие болу үшін, тілде болмыс құру үшін оған бірінші жазу идеясымен таныс болу керек. Осыған өз үлесін қосқан философтарды атап өтетін болсақ, олар: Мишель Фуко, Роллан Барт, Жак Деррида.
Бұлардың концепциясы бойынша тілдің негізін жазудан немесе таға белгіден іздеу керек. Жак Дарриданың айтуынша, түсінікті сөз ретінде ауыздан шықпай тұрып ақ, тіл жазбаша түрде немесе таза белгі, таңба ретінде тіршілік еткен, болмыс құрған. (1)
1. Б. Нұржанов культурология А, - 1994 ж.
1. 1. Мәдениет үғымының тарихи ңалыптасуы.
«Медениет дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап беру үшін бүл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі үғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бүл термин арабтың «маданият» - қала, қалалық деген сөзінен енген. Бүл ортағасырлардағы мүсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қальштасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бүл жерде алдымен көзге түсетіні - мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне замавда «культура» деген үғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б. э. д. 45 ж. ) бүл сөздің мағынасы тереңцеп, «жанды жетілдіру» деген үғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «қүрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж. т. б. ; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, қүқық мәдениеті ж. т. б. ) ; в) агромәдениет (дөнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж. т. б. ) . Ал осы үғымдардың ішінде мөдениеттану пәніне алғашқы екі үғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет үғымы тарихи қалыптасудың үзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми түрғыдан анықтауға үмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни Ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты қүндылық - адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» үғьшын талдауды. Көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бүл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет» үғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарас-тырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» үғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонаукөне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, еңцеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бүлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «қүрмет түту, сыйлау, қүрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішівдегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да қүдайлар қоршауыңца болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де қүдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Қүдайлар қалаларда түрды, қала зардары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар, белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз - шағын ғана халқы бар қала, ал қала түрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жүмыстарына және т. б. қатысу) мүлтіксіз орын-дап отырды. Мүндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бүл процесті «пайдейя» (бала) деген үғьш арқылы берген. Бүл термин тәрбиелеу, оқыту деген үғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана байланыс-тары жайындағы идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау көне тасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бүл жөнінде В. Йегер былай деп тамаша айтьш кеткен болатьш: «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді»(2) . Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер) жатыр. Ақсүйектік қасиеттермен қатар, «адамзаттық» қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар жол - білім жолы болды. Г. Е. Жураковский бы-лай деп жазды: «Көп жыддық Афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты - оқушыларға афин қоғамының толық қүқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады»(3) . Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка сабақтары бай-ланыстырыдды, өйткені көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап үл балалар палестраға барды, гимнасгакамен айналысты. Жастар тындаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бүл айтылған жағдайлардың бәрі көне «пайдейяның» гуманитарлық қызметімен қатар, көне мәдениетгің да-муына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін бір жай, мүндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғам-дық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талап-тарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бүларды гректер «даналық табыстар» - нома (заңдар) деп атады. Демек мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып
пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Бүл жағдайда көне заман адамы өзінің табиғатпен байланысын еш уақытта жоғалтқан емес ол үшін табиғат ерекше ыстық та, жа-қын да болды. Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз
2. (Г. В. Драч. Культурология. Ростов-на-Дону, 1995, с. 26) .
3. Г. Е. Жураковский. Очерки по истории античной педагогики. Москва, 1940, с. 42.
тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек «пайдейясының» идеалдары
бүзыла бастады. Әлеуметтік түрақсыздық пен бей-берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке
нүқсан кедді. Білім берудің және тағы да басқа мәдени қүндылықтардың
дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мүндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізіңде дамыған ортағасырлық мөдениет пүтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге монотеимзді, натурализмге - руханилықты, геодонизмге (сүйсініп - рақаттану табынушылығы) аскеттік идеадды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға. Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін - кітаби білімді қарама-қарсы қойды. Өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз түлғасының қайталанбайтындығын, ерекшелігін, түңғиық екендігін байқады. Ал бүл жағдай политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды. Ол қүпиялы аспан мен жүлдыздар әлемі, таулар мен өзендер, ал қүдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. Ортағасырларда мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқал-ды. Рационалдық ізденісті адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын мәдениеттің көне түсінігі түйыққа тірелді. Адамның заттық-аспандық дүниеден, оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше лөззат алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойы-нан тәуелсіз зандылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, овда жоғарғы «ақыл-ой» мен ең жоғарғы әділетгіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін «жетілдіру», оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда «табиғи» бүзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды «жетілдіру» түрғысынан адамзат баласының алдында түрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, қүпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдылық қана емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер - махаббат, үміт, сенім және т. б. жаңа сатща көтерідді. Адам өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Қүдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес, Қүдайды тануда. Адамның бакы-ты мен бостандығы оның тәуелсіздігінде емес, оның Құдайта-ғаланың ыкдалында болуы мен онымен рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне, осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениетті тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатгалады. Жаңа заманда (XVII-XIX ғ. ) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық түрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі - буржуазиялық қайта қүруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бүл дәуірдің
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz